Экономикалық социология және оның функциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 2
1. Экономикалық социология және оның функциялары 2
2. Жұмыссыздық және әлеуметтік құлық 7
3. Ұйымның (еңбек ұжымының) социологиясы 9
4. Менеджмент социологиясы: менеджердің мәртебесі мен функциясы 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымның қарастыру
аймағында бұрыннан еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып
табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу процесінде пайда болды,
қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды.
Еңбек туралы ғылым жүйесінде, ең алдымен, қоғамдық еңбек және табиғат
пен қоғамның өзара әрекетінің біртұтас процесі ретінде тұлғаның әлеуметтік
мәнінің өзара байланысын зерттейтін философия туралы айтуға болады.
Еңбек психологиясы адамның еңбек қызметінің психологиялық
ерекшеліктерін зерттейді, кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу әдістерін
әзірелйді.
Еңбек гигиенасы ғылымының басты қарастыру аясында тиімді қоршаған
ортаны жасау, адам ағзасына арналған шарттар мен өзара әрекет ету мәселесі
тұрады; эргономика адамның техникалық жүйелермен өзара әрекетін зерттейді.
Еңбек экономикасы өндірістік қатынастармен бірге өндірістік күштердің
бірлігін: еңбекті бөлу мен ұйымдастыруды, оны нормалауды зерттейді.

Негізгі бөлім

1. Экономикалық социология және оның функциялары

Экономикалық социология қоғам өмірінің мынадай екі негізгі саласын
зерттейді: экономикалық және әлеуметтік, қызметкердің өндірістік аядағы
мінез-құлқы, субъектінің өндірістің әлеуметтік тиімділігін арттырудағы
ролі, сондай-ақ экономикалық мәдениет пен экономикалық мінез-құлық. Оның
қарастыру аясында экономиканы әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмдері,
адамның еңбекке деген қарым-қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы,
жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық тұр.
Экономикалық саланың әр түрлі екендігі негізінде әлеуметтік
проблематика саласы да бөлек, экономикалық социологияның да ғылым ретінде
өзінің құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады.
Олардың негізгілері мыналар болып табылады:
- еңбек социологиясы, кәсіптер мен істер;
- бөлгіштік, мүліктік қатынастар социологиясы;
- ұйымдастыру социологиясы;
- басқару социологиясы.
Адамның өмір сүруінің негізгі шарты – еңбек, бұл – адамзат қоғамының
негізгі тіршілік ету формасы. Қоғамдық еңбектің генезисі адамзат қоғамының
алғы кезеңінде-ақ адамның ата-бабалары сыртқы табиғат заттарын құрал
ретінде қолдану жөнінде бейімделу қызметін атқарған кезде басталған. Әлі
нақты мақсатты ұстанбаған осы бейімделу қызметі адамның қолдарын және бүкіл
тәндік қасиеттерін жетілдірді (бастағы мидың функциясының сапалық
өзгерістері процестері жүрді, мысалы). Адамдар еңбек құралы ретінде
бастапқыда өздерінің қолын, содан кейін таяқтарды пайдаланды, кейінірек
құралдар мен қаруларды жасай бастады, осы кезде ғана адамзат өркениетінің
дамуы басталған. Табиғаттың сыртқы келбетін қайта өзгерте отырып, адам
өзінің де ішкі табиғатын қайта жасады. Табиғаттың сыртқы пішімін өзгерту
бірінші кезекте заттарды адамның қажеттеліктеріне икемдеуден басталды. Адам
еңбегінің бастаулары мен пайда болуы еңбек құралдарының өндіріс заттары
болуында жатыр (К. Маркс).
Еңбек мынадай қарапайым сәттерден тұрады:
1) мақсатты қызмет, немесе еңбектің өзі;
2) еңбек мәні;
3) еңбек құралдары;
4) еңбек нәтижесі.
Еңбек табиғатты қайта түрлендіру ретінде оның қарапайым сәттері дайын
күйінде берілмей, өздігінен еңбек арқылы жасалған кезде ғана жетіледі.
Бұдан шығатын қорытынды, адам еңбегі белгілі бір қоғамдық топтардың
шеңберінде жүретін саналы және мақсатты қызметті білдіреді. Еңбек – жүзеге
асу процесінде қоғамдық мәні бар белгілі бір материалдық және рухани
құндылықтар жасалатын қызмет.
Социология еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде
қарастырады. Еңбектің субъектісі тек қана адам (машина, жануарлар емес)
болады, еңбек барасында адам өзін жоғары жаратылыс екендігін көрсетеді.
Еңбек қоғамдық сипатқа ие болады. Әрбір адам өзіне ғана пайдалы емес,
басқалар үшін де пайдалы нақты формада жасайды. Өз кезегінде ол өзінің жеке
қажеттіліктерін өнімдермен басқа адамдардың еңбегі өзіне ғана емес, сонымен
бірге басқаларға да арналған нақты еңбегі кірігіп кететін формада
қамтамасыз етеді. Өндірушілер сондықтан да басқалардың қажеттеліктерін
қанағаттандыра отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген
мүмкіндік алады.
Қоғамдық еңбектің құрылымы мыналарды құрады:
1. Өндірістік күштер, бұған жекелік элементтер, яғни еңбектің өзі
(ойлап табуды және орындаудан тұрады) және заттық құрамдас бөліктер (еңбек
мәні мен еңбек құралдары) кіреді.
2. Мақсат. Еңбек мақсатты қызмет болып табылғандықтан, қоғамдық еңбек
құрылымы міндетті түрде мақсаттың жалғастырушылары болып табылатын
(мақсатың жалғастырушылары әрқашан еңбекті жасаған адам болып табылады)
элементтерден тұрады.
Маңызды категориялардың біріне қоғамдық еңбек функциясы жатады.
Функция (лат. functio – жасау, орындау) – бұл құбылыстың қолданыстағы мәні.

Қоғамдық еңбектің функциясы мен құрылымы еңбектің біртұтас мәнінің әр
түрлі аспектілерін көрсетеді:
1) еңбек адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілі ретінде (бұл адамның
қоғамдық тұрмысы басталатын еңбектің бірінші және маңызды функциясы);
2) еңбек қоғамдық байлықты жасаушы ретінде (адам сол арқылы өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз ішінде және табиғатпен зат
алмасуды реттеуге және бақылауға бағытталған қызмет);
3) еңбек қоғамды тудырушы және қоғамдық прогресс факторы ретінде
(адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра және байлықты жасай отыра еңбек
барлық қоғамдық дамудың негізі болады);
4) еңбек адамның жасаушысы ретінде (адамзат тұрмысының құндылықтарын
жасай отырып, қоғамдық даму субъектісі ретінде еңбекте жалпы қоғамның өзі
дами отырып адам өзін-өзі дамытады);
5) еңбек адамзатқа еркіндік жолын беруші күш ретінде (адамдарға
өздерінің әрекетінің алдын ала барынша қашықтағы табиғи және қоғамдық
салдарларын ескеруге мүмкіндік беруші, бұл функция барлық алдыңғыларды
түсіндіреді, міне, тап осы еңбекте қоғам еңбек арқылы өздерінің даму
заңдылықтарын және табиғат заңдылықтарын танып біледі; сондықтан басқа
функциялар еңбек функциясын “дайындағандай болады” және еркін шығармашылық
функциясын жүзеге асырады, бұл – адам дамуының шексіз функциясы).
Еңбектің қолданылып жүрген мәнін аталып өткен функцияларының жиынтығы
ретінде қарастыру “адамның ... өз тұрмысы арқылы”, яғни “жеке еңбек нәтижесі
ретіндегі адамды” түсінуге мүмкіндік береді.
Еңбек қосарлы сипатқа ие болады. Ол адам мен табиғат арасындағы зат
алмасу құралын және өндіріс барысында адамдар арасында қарым-қатынас жасау
құралы ретінде түсіндіріріледі. Сондықтан еңбек мазмұнының сипаттамасы үшін
мынадай екі аспекті шешуші мәнге ие: техникалық-ұйымдастырушылық және
әлеуметтік-экономикалық.
Еңбектің техникалық-ұйымдастырушылық мазмұны техникамен,
технологиямен, өндірісті ұйымдастырумен, еңбек мәнімен және жұмысшының
шеберлігімен қалыптасатын еңбек функцияларының сандық және сапалық
анықтылығынан айқындалады. Ол еңбек процесінің өндірістік күштерін және
өндірістің тұлғалық және заттық элементтерін біріктіру тәсілдерінің
техникалық аспектісін сипаттайды.
Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мазмұны индивидтің еңбегі мен бүкіл
қоғам еңбегі арасындағы байланыстарды және қатынастарды көрсетеді және
еңбек жасалатын қоғамдық қатынастарға тән белгілерді сипаттайды.
Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді: а) еңбекке деген қатынас және
еңбекпен қанағаттану; б) еңбекке деген қызығушылық дәрежесі; в) кадрлардың
тұрақсыздығы, еңбек өнімділігінің деңгейі.
Еңбектің мазмұны оның техникалық-функционалдық жағын, ал еңбектің
мазмұндылығы – оның әлеуметтік-психологиялық құрылымын көрсетеді (еңбек
ынтандырғышы, еңбек мотиві, құндылықтар және құндықтық бағдарлар: еңбек
қызметіндегі құлықтық нормалар).
Еңбек мазмұны еңбек процесіне қатысушылардың қандай білімді игеруі
тиіс екендігін анықтайды. Болашақтағы өндіргіш күштер сипаттамаларының бір
сәті болатын кәсіпті бөлшектеу қоғамдық еңбек бөлінісінің техникалық-
ұйымдастырушылық мазмұнының пайда болуының нақты формасы болып табылады.
Кәсіп қоғам ішінде еңбек бөлінісінің әсерінен пайда болады. Қызметкер
өз кәсібінің күшіне қарай физикалық немесе ақыл-ой еңбегіне, өнеркәсіп
немесе ауыл шарауашылығы, атқарушы немесе басқарушы еңбегіне жатады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы еңбектің кәсіптік бөлінісінің дамуында
көрінеді.
Кәсіп белгілі бір теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап
ететін барынша ауқымды және тұрақты қызмет түрін білдіреді. М. Вебер
кәсіпті бір адамның белгілі бір функцияны өзін қамтамасыз етуші немесе
жалақы алуына негіз ретінде тұрақты орындауы ретінде анықтайды.
Кәсіп негізінде даралық еңбек бөлінісі құрайтын мамандықтарға
бөлінеді. Мамандық қызметтің барынша тар және тұрақтылығы шамалы түрін
білдіреді.
Өндірістің бөлінісін тереңдетумен қоса жүретін ғылыми-техникалық
прогресс өзімен бірге кәсіптік еңбек бөлінісін тереңдете түседі. Кәсіптің
саны барған сайын арта түсуде. Мамандар қазіргі кезде біздің елімізде
шамамен 7000 кәсіпті атайды. Кәсіпті жіктеудің халықаралық стандартына 1998
жылы 9333 кәсіп енгізілді.
Өнірістік күштердің қарқынды әсерімен жаңа кәсіптер пайда болатын
кәсіптердің мамандануы ғана жүріп отырған жоқ, сонымен бірге
мамандандырылған қызмет түрлерінің бірыңғай еңбек процесіне бірігу процесі
жүруде, бұл бір кәсіптің жоғалып, басқасының пайда болуына әкеледі.
Мамандардың айтуынша, адам өз өмірінде 5 рет кәсібін өзгертеді.
Кәсіп – бұл кез келген еңбек қызметі емес, белгілі бір белгілері бар
қызмет қана. Кәсіптің көпшілік анықтамалары оның бес сипаттамасынан тұрады.
Біріншіден, кәсіп белгілі бір жұмысты қысқа емес, салыстырмалы түрде
ұзақ уақыт орындайтын қызмет түрін білдіреді.
Екіншіден, бұл арнайы білім мен икемді талап ететін қызмет.
Үшіншіден, кәсіби қызмет белгілі бір кәсіптің шеңберінде де, сол
сияқты оның сыртында да белгілі бір кәсіби мінез-құлыққа алып келеді
(тануға болатын көзқарас, милиционер, мұғалім бет-әлпетінің ерекшелігі және
с.с.).
Төртіншіден, кәсіби қызметті орындау кәсіби бірігу және белгілі бір
кәсіп өкілдерінің ұйғарымы арқылы жиі жүзеге асатын кәсіби мүддені
қалыптастыруға алып келеді (осының негізінде және кәсіби мораль мен
салттардың нормалары пайда болады).
Бесіншіден, бір кәсіп өкілдерінің басқа кәсіп өкілдеріне қатысты ұйым
мәнінде, сол сияқты қоғамдық мәнде ерекше мәртебеге ұмтылуы индивидтің өзі
жататын кәсіпке бірегейленуіне алып келеді.
Кәсіпті осы сипаттамалардың бәрі анықтайды. Егер осы сипаттамлардың
қандай да біреуі жеткіліксіз көрсетілсе, онда қарастырылып отырған
қызметтің жеткіліксіз кәсібилендірілгенін айғақтайды.
Постиндустралдық қоғамның өзіне тән сипаттарының бірі – кәсіби
қызметтің кеңірек таралуы. Американ социологы Н. Смелзердің анықтамасы
бойынша, “профессинал” термині адамның өз ісін жақсы білетіндігін және
сүйетіндігін білдіреді.
Әлеуметтік стратификацияланған қоғамда білімнің жалпы деңгейінің
көтерілуі әлеуметтік айырманы жоймайды, бірақ оларды экономикалықтан кәсіби
деңгейге көшіреді: әр түрлі білім деңгейі бар адамдар арасындағы
айырмашылық.
Кәсіпке қатысты мүдделер, ұстанымдар, құндылықтар бағдары индивидтерде
отбасының, мектептердің, шағын топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының
ықпалымен әлеуметтену процесінде қалыптасады. Индивидтің санасында
тартымдылығына байланысты кәсіптер сатылары (иерархия); оның әлеуметтік
шығу тегіне, тәрбиелену шарттарына, тұрған жерінің типіне және басқаларына
байланысты дифференцияланған басымдықтар шкаласы құралады.
Кәсіп таңдау өмірден үзіп алынған бір сәттік акті, эпизод немесе өмір
бөлшегі емес, бұл тұлғаның балалық шағынан бастап еңбек ғасырын аяқтағанға
дейінгі жүйелі дамуының нәтижесі.
Бұл – күрделі процесс, ол тұтасымен бүкіл тұлғаны қамтиды. К. Маркс
адамның кәсіп таңдауы оның басқа тірі өмір сүрушілер арасындағы үлкен
артықшылығы, бірақ ол сонымен бір мезгілде бүкіл өмірді жоятын, оның бүкіл
жоспарларын быт-шыт қылатын, оны бақытсыздыққа душар ететін процесс
екендігін айтты.
Кәсіп таңдау процесінде индивидтің мүдделері, жеке жоспарлары,
қабілеттері мен соның салдарынан индивидтің жеке жоспарлары өзгеретін оған
қатысты сыртқы ахуалдар арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Кәсіп таңдау
кезінде сыртқы шектеулер әлеуметтік қатынастардың және әлеуметтік
икемділіктің, демографиялық ахуалдың сипатына, өндіруші күштер мен білім
беру жүйесінің деңгейіне қарай қалыптасуы мүмкін. Қоғамның кәсіби кадрларға
деген объективті сұранысы сәйкес келмесе, оларды дайындау жүйесіндегі
қалыптасқан құрылым мен индивидтің субъективті жоспарлары кәсіби
диспропорцияны, “дипломдар тапшылығын” тудырады. Бұл жағдай КСРО
күйрегенннен кейін 1991 жылы техникалық мамандықтар дипломдарында орын алды
(әскери-өнеркәсіп кешенінің сұраныстарына сәйкес жоғары оқу орындары жыл
сайын 34 мың инженер дайындады: бұл АҚШ-пен салыстырғанда төрт есе көп). Әр
түрлі саладағы мыңдаған инженер өздерінің ҒЗИ-ғы, КБ-дағы, әскери
зауыттардағы жұмыс орындарын тастап, қайта мамандануға, кәсіби жағынан
басқа салаларға икемделуге мәжбүр болды. Бұл олардың белгілі бір бөлігінің
экономика саласында жаңа орындар табуына, өздеріне жаңа мамандықтар
(заңгер, қаржыгер, менеджер және басқалары) игеруіне мүмкіндік берді.
Кәсіби икемділік көп жағдайда білім беру секілді әлеуметтік айналыс
арнасының тиімді әрекет етуінің есебінен жүзеге асырылды. Жаппай сипат
иеленген орта және жалпы білім маңызды кәсіби дайындықтың алғышарты болып
табылады, ал орташа және тіпті жоғары арнайы білім ықшамды қоғамның орта
табында мықтап бекіп қалуға нақты мүмкіндік береді. Орта тап қоғамдық
келісімнің механизмдерін жасаудың тұрақтылық кепілі болады.
Ресей баспасөзінің деректері бойынша, қазіргі уақытта ең жақсы
сатылатын кәсіпке мынадай белгілі екі вакансия кіреді: қаржыгер (оның кез
келген түрі) және программист. Екінші орында менеджерлер, өткізу жөніндегі
менеджер, сауда өкілдері және жарнама агенттері тұрады. Белгілілігі жағынан
хатшылар менеджерлерден кем түспейді, тіпті ол жылдан жылға білімдірек
болып барады және қазіргі кезде олардың қандай да бір жоғары оқу орнының
бітірушісі, шет тілін білуі және кеңсе техникаларымен жұмыс істей алуы тиіс
болып отыр. Бір қызығы, осы тізімге барынша көп қажет етілетін кәсіп
ретінде мамандардың пікірінше, болашақ кәсібі кіріп отыр. Бұл жерде әңгіме
химик-технологтер, тамақ саласындағы мамандар туралы болып отыр. Қазіргі
уақытта барынша мәртебелі (жоғары ақы төленетін) кәсіпке сондай-ақ аудитор,
аудармашы, дипломат, заңгер, гувернер, дизайнер, логистик (көлік тасымалына
жауап береді) кіреді.
Қазір кәсіпті негізінен, мәртебесіне және жалақасына қарап таңдайды.
“Қайнар” университетінде оның ректоры академик Е.С. Омаровтың тапсырмасы
бойынша жүргізілген социологиялық зерттеу барысында бітіруші курс
студенттерден сұрақ алынды. Оқуға түсу кезінде болашақ мамандығын таңдауға
не себеп болды деген сауалға студенттердің жартысынан астамы оның
мәртебелілік факторын атаған. Сауалнама нәтижесі бойынша барлық бітіруші-
респонденттер үшін болашақ жұысына байланысты мынадай жақтар барынша
маңыздырақ болды (кейбіреулері бірқатар позицияларды белгіледі):
- кәсіби және қызметтік өсу перспективасы (65,8 процент);
- өзін-өзі көрсету мүмкіндігі (34,7 процент);
- жалақы мөлшері (23,3 процент).
Жас мамандар үшін барынша маңызы азы болашақта жұмыс істесетін ұжымы,
болашақ басшысының жұмыс істеу стилі және әлеуметтік жеңілдік беруі болды.
Зерттеу проценттерінде анықталғанындай, жұмыс берушілер қазіргі кезде
жас маманның практикалық дайындығын, оның міндет қоя алудағы икемін және
оны шешу жолдарын таба білуін, сондай-ақ дербес шешім қабылдау қабілетін
(орташа 4,5), аралас мамандықты игеруін (шет тілі, кеңсе техникаларымен
жұмыс істей білуі – 4,3 балл) айрықша жоғары бағалайды. Көрсетілген
іскерлік мінездемелерден басқа тиянақтылық, жауапкершілік, тәртіптілік,
зиялылық, жалпы эрудиция және басқа қасиеттер де белгіленді.

2. Жұмыссыздық және әлеуметтік құлық

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, соған сай (24-бабының 1-
тармағы) әрбір адам еңбек еркіндігіне, қызмет түрі мен мамандықты еркін
таңдауға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мәжбүрлі
еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлі еңбекке тек сот үкімі бойынша не төтенше
немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” 2000 жылғы 1 қаңтарда күшіне
енген жаңа Заңына сай қызметкер басқа құқықтармен бірге тең ақы төленуге,
қандай да бір қанаусыз тең еңбек етуге; өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге
және басқаларына құқылы. Жұмыс беруші басқа құқықтармен бірге өз бастамасы
бойынша жеке еңбек шартын бұзуға құқылы (жаңа заң бойынша – оннан тоғыз
жағдайларда).
Бәсеке және жұмыс орындарының тапшылығы жағдайындағы құбылыстарға
тоқталсақ, кез келген кәсіп өкілдер: жұмыссыздықпен бетпе-бет келеді.
Қоғамның барлық еңбекке жарамды мүшелері толық еңбекпен қамтылғанда
ғана толық жұмыспен қамтылды деп есептеледі (белсенді халықтың жалпы
санының 5-8 процентінің еңбекпен қамтылмауы жол беруге болатын шама деп
саналады). Әр түрлі елде жұмыспен қамтылу деңгейі әр түрлі, бірақ оның
бәрінде де жұмыссыздық бар.
БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына сәйкес
кез келген жұмыс істемейтін адам жұмыссыздар қатарына жатқызылуы керек
болса, керемет болар еді. Қажетті шарттарға жас мөлшері (16 жастан жоғары),
жұмыс табу ниеті және оны белсенді түрде іздестіру жатады, сондай-ақ
жұмыссыздарға уақытша жұмыс істемейтіндердің және онымен формалды түрде
байланысы жоқтардың жұмыссыздар қатарына жатқызылатыны түсініксіз.
Егер осы ережеге сүйенетін болсақ, онда осындай жұмыссыздар
Қазақстанда соңғы кезде жүргізілген толық ауқымды зерттеулер бойынша 5,9
процент болған. Мұнда, сонымен бірге жұмысы жоқ және зерттеушілер атап
көрсеткендей, оны табуды қаламайтын және үміті үзілген адамдардың (17,7
процент) қомақты көлемін ескеру керек. Бұдан балаларымен үйде отырған 6,4
процент аналарды шегереміз, 5,9 процентті қосамыз да, сөйтіп еліміздегі
жұмысқа жарамды ересек халықтың нақты түрде жұмыссыз деп аталуға құқықты
17,2 процентін аламыз. Бұдан шығатын қорытынды елдегі жұмыссыздар саны
айтарлықтай көп - 1 миллион. Бұлардың ішінде тек экономикалық ахуалдарға
байланысты емес саналы түрде осындай өмір салтын, тәрбиені, өмірлік
коллизияны қалап алғандардың бар екендігі де рас.
Ресейде 2 миллион жұмыссыз адам тіркелген. Мамандардың бағалауы
бойынша, тіркелмегендердің саны шамамен төрт есе көп. мұның үстіне 5
миллион адам жартылай аптада жұмыс істейді немесе еріксіз кезекті еңбек
демалысында отыр. Егер бұған өз ісімен айналыспауға мәжбүр болып
отырғандарды (мысалы, ғылым кандидаты балконды шынылайды) қосатын болсақ,
онда "таразыланған" жағдай 20 миллион болады.
1998 жылғы 17 тамыздағы дағдарыстан кейін бірінші кезекте жұмыссыз
қалғандар банк саласының қызметкерлері, брокерлер, трейдерлер және жарнама
агенттіктерінің қызметкерлері болды. Сарапшылардың бағалауы бойынша,
олардың саны бүкіл ел бойынша жарты миллионнан астам болды. Барлық "ақ
жағалылардың" 95 проценті Ресейдің ірі қалалары: Мәскеуде, Санк-
Петербургте, Екатеринбургте, Новосибирскіде және т.б. шоғырланған.
Сарапшылар бір "ақ жағалылының" 6-8 жұмыс орнын жасайтынын (қызмет көрсету
үшін) атап көрсетеді. Мұның салдарларының біріне кәсіпорындардың жаппай
банкротқа ұшырауы жатады.
Жұмыссыздықтың себептері мен ұзақтығына қарай оның мынадай түрлері
бөліп көрсетіледі: ағымдағы (уақытша), латентті (жасырын), стагнативті,
фрикционды (созылмайтын), құрылымды, кезеңді және ерікті. Сонымен қатар,
жыныстық жас ерекшеліктері бойынша да (әйелдер, жастар және с.с) бөлінетін
жұмыссыздық түрлері бар.
Жұмыссыздық кәсіптің жаңа, басқа түрін таңдауға әр түрлі әсер етеді:
кейбіреуі қоғамдық жұмыстар орындауға, ауруларды күтуге дайын, алайда
посткеңестік кеңістіктегі көптеген адамдар өз мамандығындағы қандай-да бір
өзгерістен гөрі немесе қызмет көрсету саласын ауыстырғаннан гөрі ең алдымен
толық емес жұмыс аптасын, жарты жұмыс күнін қолай көреді (соңғысы көбіне
осы саланың дамымауы, салық жүйесі және басқалары кедергі жасаса да).
Экономикалық шешімдер алда күтетіндерге негізделеді. Адамдар жұмысқа
тұруға шешім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық социологиясы мен саяси социология мәселелері
Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Жоғары білім беруді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Эмпирикалық және теориялық социология
Пәндер