Инженерлік басқару еңбегі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Әртүрлі басқару стилінің қолданылуы»
Тексерген: оқытушы
Қалиолла Дәрмен
Орындаған:студент
Магзумова Ш. К.
ЭМ - 02 - 01
Алматы 2005
ЖОСПАР:
1. Кіріспе3
2. 1 Инженерлік басқару еңбегі4
2. 2 Басшылық стильдер және олардың түрлері6
3. Қорытынды10
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:12
1. Кіріспе
«Инженер» сөзі француздың латындық түбірінен бастау алатын, «жасау», «ендіру», «құрастыру» деген мағынаны білдіреді. Ф. А. Брокгауз бен И. А. Ефронның энциклопедиялық сөздігіне сүйене отырып, И. С. Мангутов: «алғашында соғыс машиналарын басқарған адамды инженер, ал кейіннен ол негізінен құрылыста істеген азаматтарды осылай атаған» - деп жазады. Осы жағдайда ол бірінші рет Голландияда пайда болып, XVI ғасырдан бастап көпір, жол, және басқаларды архитектурадан бөліп қарастырды. Ал Англияда гидротехникалық құрылыстармен, кейін теміржол құрылысымен айналысатын мамандарды - инженерлер деп атайды. «Құрылысшы ғалым ретіндегі «инженер» түсінігі қалыптасты», - деп жазады.
Техникалық объктілерді жасауда ғылыми білімді қолдануда еңбектің түрі ретінде инженерлік іс-әрекет белгілі бір тарихи кезеңдермен айшықталып, қоғам дамуының негізгі кезеңдерімен анықталады.
Инженерлік қызметтің пайда болуына ұзақ уақыт техникалық іс-әрекеттің болуы әсер етті. Ал ежелгі уақытта ол қарапайым құралдарды дайындауда көрінді. Жоғары деңгейдегі техникалық мәселелерді шешу - құл иеленушілік қоғамдағы адамдардың қолынан ғана келді. Шіркеулер мен басқа ірі қоғамдық ғимараттарды көтеру, жол құрылысы, әскери машина жасау - міне осының бәрі құрылыс тұрғызу, адамдардың бірлесіп еңбек етуін ұйымдастыру, техникалық іс-әрекеттің қандай дәрежеде екеніне куә.
Ғасырлар бойы арнаулы білім алмаған, тек өзінің тәжірибесі мен түйсігіне, ақыл-қабілетіне сүйенген шеберлер - техникалық еңбекпен шұғылданды. Олар үшін теория мен практиканың бірлігі ыңғайлы сипатта болды. Қолөнер мен мануфактура өндірісі басым жағдайда, қоғамның инженерлерге деген «қажеттілігі» - осы жұмысшылардың саны мен сапасының қатынысынан қанағаттандырылды. Біртіндеп, ғылымға сүйене бастаған техникалық әрекет - инженерлік-техникалық мән-мағына менсипатқа ауыса бастады.
XVIII ғ. аяғы- XIXғ. басындағы өндірістік революция - инженерлік іс-әрекеттің қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Ол капиталистік қоғамның материалдық-техникалық базасының қалыптасу процесіне әкелді. Жаңа, күрделі машина, механизм, басқа да техникалық құралдардың жасалуы - еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келді. Сонымен қатар, қиын да күрделі конструкторлық және технологиялық есептерді шешетін, өндірісті ұйымдастыра алатын жұмысшыларға, қызметкерлерге деген сұранысты туғызды.
2. 1 Инженерлік басқару еңбегі
Инженерлік-техникалық қызметтің құрылымында басқару қызметтерін орындау маңызды роль атқарады. Инженерлік еңбектің осы сферасы көп әлеуметтік мазмұнмен сиппаталады. Басқару қызметтерінің шеңбері өнеркәсіптік өндірісте өте кең, олар әртүрлі деңгейде жүзеге асады.
Кибернетика көрсеткендей, басқару мәселесі - жан-жақты құбылыс. Кез келген басқаруға - жоғары ұйымдасқан техникалық, биологиялық, әлеуметтік жүйелер тән. Бұл мағынадағы басқару, ерекше күрделі жүйе. Ол реттеу, сақтау мен ұйымдастыруды және тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қоғамда басқаруды - жоспарланған әлеуметтік нәтижеге аз энергия, аз уақыт, аз жұмыс күшімен жетуді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған, нысаналы, үйлестірілген шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Басқарудың әлеуметтік феномен ретіндегі жалпылығы, оның әрекеті кез келген қоғамның - экономикалық, әлеуметтік, рухани, саяси, техникалық сфераларының тұрақтылығы мен дамуында көрінеді. Басқару теориясының маңызды категориялары: басқарушылық қабылдау және басқарушылық ұғымдары болып саналады. Олар басқару роцесінің нақты субъективті және объективті жақтарын бейнелейді. ҒТР жағдаййныдағы қоғамдық дамудың жалпы тенденциясы әлеуметтік организмнің өзара бйланыс пен өзара әрекетттесу элементтерінің, лоардың саны мен динамикасының өсіп келе жатқан күрделілігі болып табылады. Осыған байланысты оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау - қиындық туғызады. Сондықтан, сындарлы жүйелілік тұрғысынан келіп, әдістерді жақсартып, басқару мәселесінің техникасы мен принциптерін жетілдіре түсу қажет болады.
Кең мағынада алынған басқару ұғымы тек тікелей өндірісті басқару аймағымен шектелмейді. Оған өндірісті дайындау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талқылау және жоспарлау кіреді. Кәсіпорындағы басқару процесі өзінің бастауын жобалау-конструкторлық бюрода, технологиялық бөлімшелерден алады. Олардың өнімдері цехтарға барады. Бұл көзқарас бойынша өндірушілердің тікелей қызметтерін ұйымдастыруға құрал ретінде, сызба немесе технологиялық карта көмектеседі. Егер басқару процесін кешенді қарастырсақ, онда оның екі жағын көрсетуге болады: 1) өндірістік процестерді басқару; 2) оған қатысушы адамдарды басқару.
Бірінші жағдайда инженер, басқа мамандар өзінің техника-технологиялық қызметін жүзеге асырса, ал екіншілер - әкімшілік орындау қызметін орындайды.
Басқару аппаратындағы инженерлер мен басқа мамандар еңбегінде бірнеше талаптар қойылады:
- инженерлік басқару жұмысында еңбектің жоғары өнімділігіне жеткізетін үнемшілік;
- жеделдік-өндірістік процесстерді жүзеге асыруға байланысты жылдам шешім қабылдау;
- ақпарат алудағы қателіктерді толығымен жоятын сенімділік;
- оңтайлық (оптимальность) - өндірістік мәселелерді шешуде ең ұтымды экономикалық техникалық және ұйымдастырушылық шешім қабылдап іске асыру;
- қабылданған шешімдердің әлеуметтік салдарларын есепке алу.
Басқару кезінде, яғни шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру барысында орындалатын қызметтерге байланысты басқарушылар, мамандар және көмекші құрам топтарына бөлінеді. Біріншілері, басқарудың маңызды мәселелері бойынша шешім қабылдайды; екіншілері - шешімдерді тиянақтап дайындауды жүзеге асырады; үшіншілері - басқару аппаратын ақпаратпен қамтамасыз етеді - ақпарат алу, өңдеу, сақтау және беру ісімен шұғылданады.
Еңбек ұжымының құрамына қарай басшыларды сызықтық (линиядық) және функционалдық деп бөледі. Алғашқыға - өндірістің бөлімше ұжымының басшылары жатса, функционалдыға - қызмет басшылары (бөлімшелер, бюро, лаборатория, т. б. ) мен орынбасарлары кіреді.
Әдетте, ИТҚ құрамындағы басқарушылардың саны 35-50% арасында ауытқиды.
Өндірістегі орта звеноның линиялық басқарушылары жетекші лауазым иелері - цех бастықтары мен олардың орынбасарлары.
Цех бастығы бүкіл кәсіпорындағы өндірістің технологиялық процесі мен техникасын жақсы білуі қажет. Оның құзырында өндірісті тез жоспарлау мәселелері, техника құралдарын толық пайдалану, жаңа техниканы игеру, технологиялық тәртіпті, қауіпсіздік техникасын бақылап, учаскелерді (бригадаларды) керекті материалдармен, т. б. қамтамасыз етеді. Цех бастығы қызметтерді жүзеге асыруға ерекше мән береді. Өйткені, оның қол астында үлкен өндірістік ұжым бар, екіншіден, басқару аппараты өзінің әлеуметтік реттеулер жүргізу үшін өзіндік әдіс-амалдарды пайдалаунды қажет етеді.
Цех бастығының статусы мен оның қызметіне қойылатын негізгі талаптар: бұл қызметті жоғары техникалық немесе инженерлік-экономикалық білімі бар қызметкерлер атқару керек екендігін айқындайды. Сонымен қатар, жоғары саяси мәдениет, биік парасат иесін, қабілетті ұйымдастырушы болуы да аса маңызды. Нарық жағдайында оның құқық негіздерін, мененджмент пен маркетингті жақсы меңгеруі тиіс.
Енді өнеркәсіптік өндірістің функционалдық бөлімшілерін басқарушылардың еңбектеріндегі ерекшеліктерді қарастырайық. Олардың линиялық басқарушылар еңбегінен айырмашылығы мынадан көрнеді: егер соңғылар жұмысшылар ұжымын басқарса, функционалдық бөлімдер басшылары қызметкерлер мен завод бөлімшелеріндегі қызметшілерді басқарады. Мұнда линиялық басқару жағдайында басымдылық көрсететін әкімшілік-басқару әдістері кейінге шегінеді де, білім беделіне, басқарушының кәсіби жауапкершілігі мен эрудициясына сүйенентін басқару тәсілдері алдыға шығады. Өндірісті басқару - педагогикалық талаптар есебінен құрылған ақпараттық процесс, еңбекшілерді тәрбиелеу құралы болып табылады.
2. 2 Басшылық стильдер және олардың түрлері
Өндірістік бөлімшені басқару сеніп тапсырылған әрбір инженер, өзінің қызметтік міндетін белгілі бір стильде атқарады. Стильге әрқашан адамдар арасындағы қатынаста маңызды мән беріледі. Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж. Бюффон «стиль - ол адамның өзі» деген. Басқару стиліне пікір әбден сәйкес келеді. Басқару стилін «басқару функцияларын тиімді орындау мақсатында, басқарушының қол астындағыларға әсер етіп, ықпал жасауының біршама тұрақты қалыптасқан әдіс-амалдарынының жиынтығы деп қарауға болады. Басқарушының жұмыс стилі - басқарушының функцияларын жүзеге асыру барысында қолданылатын типтік міндеттер мен проблемаларды шешуге арналған тұрақты әдіс-амалдар жиынтығы».
Басқару стилінің бір-бірімен байланысты объективті және субъективті жақтары көп. Біріншісі - басқарушы қызмет атқарып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан туындайтын талаптардың жиынтығы. Екіншісі - басқарушыға тән жүре пайда болған, жеке қасиеттер жиынтығы, яғни кәсіби, интеллектуалдық, психологиялық, өнегелік, т. б. сапалар. Басқарушының жұртпен араласу қабілетіне де көп мән береді, өйткені оның қол астындағылардың өтініштеріне зейін қоя білуі маңызды.
Басқарушы қызметінің аталған екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты. Және оның дара, өзіне тән стилін құрайды. Басқарушы - өндірістік ұжым тәжірибесінде қалыптасқан басқару тәсілі мен басқару әдістерін қолдана отырып, оларды өз ой-өрісі, сезімі, дүниетанымы арқылы сүзгіден өткізеді. Сөйтіп барып, өзіне тән басқару стилін қалыптастырады. Алайда стильдің субьективті - кісілік жағы объективті әлеуметтік мәнге ие болады, себебі ол басқарылушы, еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық климатына және қызметтің нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді (осы климат оның әрекетін - 80%-ға дейін тәуелді деп есептеледі) .
Басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынаста қолданылатын әдіс-амалдардың арасалмағына байланысты басқарудың үш түрлі стилі қалыптасқан: авторитарлық, демократиялық және либералдық.
Авторитарлық стиль (ол автократиялық, директивті деп те аталады) - басқарушының өзінің қол астындағыларды әкімшілік әдіс-амалдар арқылы қатаң, жалғыз басқаруға талпынуы. Басқарушы ресми бағдарларды ұстанып, формальды емес байланыстардан қашқақтайды. Ол билік пен жаупкершіліктің тұтастығын толық пайдаланып, өзі қабылдаған шешімдердің орындалуын өзі ғана бақылауға алады. Қол астындағылармен қатынасы бұйрық арқылы жүреді. Олардың ақыл-кеңесін есепке алмайды. Мұндай типтегі басқарушылар өздерінің мүмкіндігі мен қабілеттерін тым шектен асырып жібереді. Бұрынғы кездерде өнеркәсіпте мұндай басқарушылар көп болған. Өнеркәсіптік тапсырмаларды қайткен күнде де «жоспар орындау» формуласы арқылы диктаторлық ыңғаймен орындаған. Сондықтан болар, кеңес экономикасы - командалық-әкімшілік деп сипатталған болатын.
Демократиялық (алқалық) стиль - басқарудың қол астындағылардың кеңесін, шығармашылығы мен бастамасын кеңінен қолдай отырып, олардың әкімшілік әдістермен ұштасуы. Ол бағыныштыларға - өндірістік тапсырмаларды дербес шешуге және орындауға мүмкіндік береді. Басқарушы қол астындағылардың әрбір қадамын бақыламай, әрбір іске араласпайды, олардың қызметінің жалпы бағыты мен нәтижелерін ғана қадағалап отырады. Авторитарлық типтегі басқарушыға қарағанда, демократ өз қол астындағылармен тек ресми ғана емес, сондай-ақ формальды емес қатынастарға да сүйенеді. Ал мәселені шешкенде, солардың ақыл-пікірімен санасады. Кәсіпорын алдында тұрған мәселелерді, жағдайды еңбеккерлердің біліп отырғанын қалайды. Өндіріске пайда келтіретін және топ мүдделеріне қызмет ететін сындарды қабылдап, ымыраға келуге дайын тұрады. Мұндай басқарушы - еңбеккерлерді марапаттағанда не жазалағанда олардың көзін жеткізіп, сендіру әдісін пайдаланады. Тек реттеудің басқа да талпыныстары нәтижесіз болса ғана, санкция қолдануға жүгінеді. Сөйте тұра, демократия жеке басқару, жеке жауапкершілік принциптермен айнымайды. Сендіру мен үйретуді қолданады. Қазіргі жағдайда, Қазақстан қоғамын реформалау барысында ірі демократиялық басқару стилінің қалыптасуы - заман талабына айналып отыр.
Либералдық стиль (оны кейде енжарлық, бейжалылық деп те атайды) басқарушы ұжым алдында тұрған мәселелерді жалпы түрде көрсетіп, өзінің өкілеттілігін қол асытандағыларға сеніп тапсырады. Ол шешімдерді қабылдауда, өзінің қызметіне сенімсіз болғандықтан, жоғарыдан келетін нұсқаулар мен тапсырмаларды тосып, күту саясатын жүргізеді.
Мұндай басқарушы, қол астындағылардың пікірлері мен сындарын тындауға дайын, бірақ олардың кеңестерін тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеті жоқ. Ол үшін ең бастысы - атақ-даңқын жоғалтпау, қол астындағыларға өте мейірімді қарау. Мұндай стильде көрінетін енжарлық - ұжым жұмысының.
Әрине, басқарудың ең дұрысы - демократиялық стиль. Онда қабылданатын мәселелерге ұжым белсенді түрде қатысады. Басқарудың авторитарлық стилі мұндай жағдайларды жоққа шығарады. Авторитарлық типтің басқарушылары ақыр аяғында ұжымды жарға тіреп, өзі басшылықтан кетуге мәжбүр болады. Алайда, басқарушылар көбінесе бұл стильді тосын жағдайларда, әскери кезеңде, т. б. қолданады.
Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, авторитарлық стильге қарағанда, либералдық стиль - ұжымға бостандық, қалыпты моральды - психологиялық климат, ұжым еңбегінің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Стильді таңдау - көптеген объективті және субъективті факторлармен анықталып, белгілі-бір деңгейде жоспарсыз, индуитивті түрде жаслады. Бірақ біріншіден, әрқашан еңбек ұжымының ерекшеліктері мен дәстүрлеріне мән беріледі. Екіншіден, басқарушының бұрын ерте жинақталған пратикалық тәжірибесіндегі өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне баға беру ескеріледі.
Өндіріс орныдарындағы басқарудың бір ерекшелігі - басқарушының қайшылықты жағадайы: ол «екі мырзаның қызметшісіне ұқсас». Біріншіден, ол жоғары тұрған әкімшілік-шаруашылық мекемесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі керек; екіншіден, ол ұжымға тәуелді, оның мүшелерінің өздерінің заңды еңбектік құқығы мен міндеттерін табысты жүзеге асыруын қамтаасыз етуі тиіс. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, жоғары тұрған әкімшілік органдары мен ұжымның мүдделері сва й келе бермейді. Соның нәтижесінде басқарушы, өзіндік ішкі келісімге келмеу жағдайында болады. Екі жақты да қанағаттандыру үшін, ол (ымыраның) парасат жолын іздеуі керек. Сөйтіп, басқарушыға, әсіресе жоғарғы звено басшысы үшін, дипломатиялық қабілет артық болмайды.
Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында Батыста америкалық экономист, әрі әлеуметтанушы Джеймс Бэрнхэм жариялаған менеджериальдық (басқарушылық) деп аталатын революция басталды. Бэрнхемнің пікірі бойынша, бұл революция шағын менеджер-мамандар тобының күшімен жүзеге асады, олардың функцияларына фирмада (кәсіпорында) бақылауды жүзеге асыру және жоспарлау, басқару, ұйымдастыру кіреді.
Менеджердің қызметінде өндірістің барлық қызметкерлерінің - жұмысшылардың, инженер-техникалық құрамының, ғалымдардың жұмыстары тоғысып жатады. Осы еңбеккерлердің жұмысын ұйымдастыру, қисындастыру, келісімдеу - менеджердің міндеті. Бэрнхем сонымен қатар, менеджменттің үлкен америкалық теоретиктері П. Друкер, экономист Дж. Гэлбрейт, нақты мысалдарда кәсіпорындар мен фирмаларды басқарушылардың алдыңғы рөлін көрсетеді. Мысалы, Бэрнхем былай деп жазды: «ең білікті жұмысшылар, инженерлер, ғалымдар менеджерлердің ұйымдастырушылық және үйлестірушілік қызметтерінсіз автомобильді де өндіре алмайды». Менеджерлердің көпшілігі жоғары элиталық инженерлер қатарынан шыққан. Олар американың жоғары оқу орындарында білім алған және басқару қызметінде небір қиындықтарды шешуге қабілеттері жетеді. Алайда, менеджмент теоретиктері басқару қызметтерінің инженерлік еңбекпен араласып кетуіне қарсы. Басқару қызметін олар - кәсіби қызметтің жеке аймағы деп қарастырады. Осында оның инженерлік-техникалық қызметтегі айырмашылығы көрсетіледі. Ол осы өндірістің спецификасымен тығыз байланысты, ал басқару қызметінің принциптері - өндіріс спецификасынан тәуелсіз, яғни оларды әртүрлі ұйымдарда қолдануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz