Тұрғын халықтың демографиялық ахуалын талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Демографиялық құрылымды жоспарлау.

1.1 Демографиялық даму түсінігі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Қоғамның демографиялық құрылымын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ..

2. Қазақстан Республикасының демографиялық даму жағдайын талдау.

2.1 Тұрғын халықтың демографиялық ахуалын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...

2.2 Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының күшті және әлсіз
жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуын жетілдіру жолдары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Мемлекет негізі ұлтты сақтау үшін құрылады. Ұлт жоқ жерде мемлекет
жоқ. Ал ұлттың негізгі мақсаты – өзін-өзі сақтау, жойылмауға тырысу, ұлтты
дамыту, демографияны күшейту. Шын мәнінде ұлттық
тарихтағы өткен жылдар қазақ халқы үшін өте ауыр жылдар болып саналады.
Дәл осы жылдар қазақтың қазақ болып қалу үшін күресіп, басына талай нәубет
орнап, ұлтымыздың саны күрт кеміп кеткен кездері болып есептеледі.
Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет екенін
басшылыққа алып, біз осы бағытқа баса назар аударуымыз керек.
Қазақстан үшiн демографиялық ахуал қашанда бiрiншi орында тұратыны
хақ. Неше түрлi нәубеттердi бастан кешiрген қазақ халқы өзiнiң санын үнемi
азайтумен болды.. Мың өлiп, мың тiрiлдiк десек те болатындай.
Қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың
жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор.
Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас
бауырларымыз атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
Президентміздің Қазақстан 2030 Стратегиялық бағдарламасында
көрсетілгендей тұрғын халық стратегиясының негізгі мақсаты - Халық санының
елдің әлеуметтiк дамуының деңгейiне сәйкес өсуi. Соған сәйкес Мемлекет
алдағы 2015 жылы елiмiздегi тұрғындардың санын 20 миллионға дейiн
жеткiземiз деп мақсат қойып отыр. Бұл күнде Қазақстандағы демографиялық
жағдай түзелiп келедi.
Елдiң тұрақты даму мақсатындағы демографиялық мүдделерiне прогрессивтi
жыныс-жас құрылымымен сипатталатын халықтың үдей өсу типiн қалыптастыру
сәйкес келедi. Халықтың санын көбейтуде, көшi-қонның терiс сальдосын
төмендетуге бiр мезгiлде ұмтыла отырып, халықтың табиғи өсiмiне басты рөл
берiлетiн болады.

1. Демографиялық құрылымды жоспарлау.

1. Демографиялық даму түсінігі мен мазмұны

Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді.
Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің demos
-халық, gzafo- жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.
Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді.
Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет,
қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін,
көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын
қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу,
миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу,
өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы
әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын
және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның
ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми
экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.
Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік
тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп-өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы,
оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму
заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның
материалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізгі қозғаушы
күші бола алмайды. Сонымен,демография халықтың алуан түрлі ерекшелік
сипаттамаларын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, қаншаадам белгілі бір
мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей-дәрежеде білімі бар; екінші
жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы,
белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы
әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі-нақтылы
адам. Оның өмір-тіршілігінде физиологиялық ерекшелікткрі, әсіресе, оның
тұрғын орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық
жағдайы, білімі, тілдерді білу, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке
адамдардың сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын
көбейтіп, бойдақтардың саны кемітеді. Жеке адамдардың мекен-тұрағын
ауыстыруы – яғни миграция-халықтың құрамына,санына әсер ететін үлкен
фактор. Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық
заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылысын
ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады.
Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір
ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп
есептеп, бір-бірімен шатастырады. Бірақ, демография лық ұғымның мазмұны
анағұрлым кең; оның өзіне міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі
саласындағы байланысты, заңдылықтықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі
қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс.
Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен
қамтамасыз етеді.
Ал, демографиялық статистика (Халық статистикасы) – белгілі бір
халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс –қозғаласын немесе оның
жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және
талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Демографиялық
статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге
қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөнінде
ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында
халықтың саны, оның таптық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы
есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы
жөніндегі деректер АХАЖ (ЗАГС) органындарында, ал, халықтың қоныс
аударғандарын милиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды,
демографиядық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу
мен жүргізуді ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын
шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын
талдайды, халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім- жітімінің,
халық өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін
есептеудің тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді.
Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің
келешегін зерттеуде маңызы зор.

1.2 Қоғамның демографиялық құрылымын жоспарлау

Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай
бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін,
араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін әсерін ескерген
жөн.
Нақтылы өмірде халық деген ұғымның екі мағынасы бар:1) оның
біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын
ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және
топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретіін
таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері
дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді.
Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы,митериалдық және
рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі
өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа
шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін
реакцияшыл әлеуметтанудың қате пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта
әшкерлеп отырды.
Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм
тұжырымдамасы болды.
Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр
түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі қоғамда
әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып
жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады.
Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы
мүмкін емес. Мысалы,адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд,
Негройд). Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан.
Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары
аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк
халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.
Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін.
Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары
ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың
жиынтығын айтуға болады.
Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ,
өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні
бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ
халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды
зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-
азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік
репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б.
Йә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі
уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына
көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір
куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз
(оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
Халық санының көбеюiнде менталитеттiң, бала сүюге деген iшкi тiлектiң
шешушi рөл атқаратынын еш уақытта естен шығармаған абзал. Ең бiрiншi
кезекте халықтың өсiп-өнуге деген құлқы болуы керек. Мысалы, он жерден
экономикалық жағдай жақсы болса да кейбiр елдерде өсудiң орнына өшiп бара
жатқанын көзiмiз көрiп отыр. Мысалы, Еуропадағы халық санының кемуi бiздiң
сөзiмiзге айқын дәлел бола алады. Сондықтан ұрпақ көбейту мәселесiне
экономиканы қатыстырудың қажетi жоқ. Ал оның жанама әсер ететiнiн жоққа
шығармаймыз.
Елiмiздегi адам санының артуына белгiлi көлемде мемлекеттiк саясат та
әсер етуде. Президент әр жылдағы Жолдауында Қазақстан халқын көбейту
мәселесiне айрықша мән берiп жүр. Үкiмет дүниеге келген әр нәрестеге 15 мың
теңге көлемiнде жөргекпұл берудi дәстүрге айналдырғаны белгiлi. Қала
тұрғындары үшiн 15 мың теңге соншалықты көп ақша емес шығар. Ал ауылдағылар
бұл ақшаны бiраз қажетiне жарататыны анық.

Алдағы уақытта Үкiмет жұмыс iстеп жүрiп нәрестелi болған аналарға төленетiн
декреттiк төлемдердi қалпына келтiрудi көздеп отыр. Декреттiк төлем айына
бiр рет 3 мың теңгеден берiлiп тұрмақшы. Кейбiреулер 3 мың теңге де ақша
ма? деп мұрын шүйiруi мүмкiн. Мемлекеттiң халық өсiмiне хал-қадiрiнше
көмек қолын созуын құптауымыз керек. Мемлекеттiң экономикалық әл-ауқаты
артқан сайын, мұндай әлеуметтiк көмектердiң мөлшерi арта түсетiнi анық.

2. Қазақстан Республикасының демографиялық даму жағдайын талдау.

2.1 Тұрғын халықтың демографиялық ахуалын талдау

Еліміздің белгілі демографы М.Тәтімов өзінің Қазақ әлемі (Қазақтың
саны қанша? Алмат, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны,
қазақ ру-тайпалары, олардың сандары, орналасыу туралы қызықты деректерді
келтірген. М.Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан республикасында 7млн, 777 мың
777 (ылғи 7) қазақтар тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында 1 млн.
505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан
аймағында – 3млн 587 мың қазақтар орналасқан, ал, шетелдерде – 4 млн. 244
мың (35%)қазақтар тұрады екен. Қазақтың жалпы саны 12 млннан. Астам. Онан
әрі қазақ үш жүзден, олардан тараған 20 тайпа, 300 ру, 3 аталық, 33 мың
әулеттер, 3 млн. отбасы бар екен.
Бұл жерде үш деген санның қазақта киелі (қасиетті) сан екенін
аңғартады. Осыған орай тағы бір айта кететін жайт, кейбір ру, тайпалар
белгілі бір объективтік жағдай себептерге байланысты өзге елдердің ұлыс
құрасына сіңіп кеткен. Мысалы, бұған жататындар: Қият, Қатаған, Құрама,
Барулас, т.б. ру-тайпалар. Бүгінде олар қазақтың үш жүзінің құрамында жоқ.
1995-ші жылғы респуьликадағы сараптамалық бағалау бойынша, қазақтар
еліміздің барлық облыс, аймақтарын мекен еткен. Осылардың ішінде
қазақтардың көп орналасқан облыс-аймақтары: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Қызыл-Орда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған Батыс Қазақстан
облыстары.
Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы аймақтарға бөлгенде қазақтардың Батыс
Қазақстан аймағында саны 1млн. 505 мың(65%), Солтүстік Қазақстан аймағында
2 млн. 685 мың (30%), Оңтүстік Қазақстанда 3 млн. 587 мың (55%).
Жалпы тайпалар бойынша қазақтың саны 1917 ж. 5 млн.360 мың, оның
ішінде:
Ұлы жүз тайпалары: Орта жүз тайпалары:
Дулат – 490 мың Арғын – 900 мың
Қаңлы – 200 мың Найман – 620ың
Жалайыр – 150мың Қоңырат -230 мың
Албан – 110мың Керей -200мың
Шапырашты – 90мың Қыпшақ – 180мың
Ошақты -70 мың Уақ – 90мың
Сіргелі – 70мың
Суан – 60мың Кіші жүз тайпалары:
Ысты – 60мың Байұлы – 890мың
Шанышқылы – мәлімет жоқ Әлімұлы -550мың
Сары үйсін – 20 мың. Жетіру -310мың.

Алыс шетелдердегі қазақтың жалпы саны 1 млн. 723 мың. Құрлықтық
аймақтар бойынша:
1. Шығыс Азия елдерінде-1млн.600мың.
2. Қиыр Шығыс елдерінде -77,7мың
3. Батыс Еуропа елдерінде -22,4мың
4. Солтүстік Америка елдерінде -22мың
5. Басқа елдерде-1,9.
ТМД елдерінде 2 млн. 477 мың қазақ тұрады. Қазақтар Өзбекстанда көп
қоныстанған – 1млн.500мың.
Қытайда – 1млн.500мың
Ресей Федерациясында – 740 мың.
40 шет мемлекеттерде қазақ диаспорлары бар.   
1999 жылғы халық санағының нәтижесi бойынша, Қазақстан халқының жалпы
саны 14,95 млн. адамды құрады. Сонымен, соңғы 10 жылда ол 1,2 миллионнан
астам адамға кемiдi   Тұтас алғанда республика үшiн, негiзiнен, туудың
төмендеуi есебiнен табиғи өсiм қарқынының төмендеуi, көшi-қонның терiс
сальдосы (1991-2000 жылдары Қазақстаннан 2,5 миллионға жуық адам көшiп
кеттi, осы кезеңде көшiп келушiлердiң жиынтық саны небәрi 0,87 млн. ғана
адамды құрады), ауыл халқы үлесiнiң бiртiндеп төмендеуi, аумақ бойынша
орнығудың бiркелкi еместiгi, халық тығыздығының төмен көрсеткiштерi тән
болып отыр.
   Халықтың қартаю үрдiсi байқалуда: 1999 жылғы халық санағының
деректерi бойынша, 65 жас пен одан үлкен жас тобындағы адамдар халықтың
жалпы санының 6,7%-ын құрады (2-қосымшаны қараңыз). Халықтың едәуiр жылдам
қартаю себептерiнiң бiрi, негiзiнен еңбекке жарамды жастағы адамдардың
көшiп кетуi, ал республикада егде, зейнет жасындағы адамдардың қалуы болып
табылады.
БҰҰ-ның қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас пен одан үлкендердiң үлесi:
•        4%-дан төмен болса - жас халық;
•        4-7% - қартаю табалдырығында тұрған халық;
•        7% және одан да жоғары - қартаң халық.;
   Сондай-ақ өсiп-өну денсаулығының статусын нашарлататын факторлардың
күшейе түскенiн атап өткен жөн. 60%-дан астам әйелдер анемиямен ауырады,
жүктi әйелдердiң қаны аздық дертiне шалдығуы соңғы он жылда он есе өстi.
Сүт безiнiң қатерлi ісігіне шалдығудың өсе түсуi айрықша алаңдатушылық
туғызады.

Тәуелсiздiк жылдарында елде әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау саласында белгiлi бiр прогреске қол жеттi. Мемлекет
тарапынан саяси және экономикалық қызмет салаларында нақты теңдiкке қол
жеткiзу жолындағы кедергiлердi жоюға ықпал ететiн оң қадамдар жасалды.

2000-ыншы жылғы 1-маусымда Қазақстан Республикалық Статистика
агенттігінің №3 журналында жарияланған деректеріне қарағанда, еліміздегі
жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9%
– қала, 6.570,6 мыңы-44,1% –ы ауыл тұрғындары.
2000-ыншы жылдың қаңтар-мамырында халықтың табиғи өсімі-26,3мың(1999
жылдың қаңтар-мамырында-21,7 мың) адам. Алайда, аймақтарда халықтың ұдайы
өсіп-өнуіне байланысты кему процесі әлі жалғасып отыр. Ақмола (18 ),
қарағанды (706), Қостанай (585), павлодар (39), Солтүстік Қазақстан (832)
және Шығыс Қазақстан (1236 адам) облыстарында өлгендер саны туғандар
санынан артық.
Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер
байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық
аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Тудың ең аз деңгейі (1000 адамға –
10,7) –Қостанай облысында , ең жоғары деңгейі (1000 адамға-23,9) Оңтүстік
Қазақстан облысында кездесті.
2000-жылдың бес айында республика өлімінің өсуі байқалған. Тіркелген
өлімдер саны-1999 жылдың қаңтар-мамырында 64,6 мың адам болса, 2000 жылдың
осы кезеңінде-67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы
коэффициенті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың
қаңтар-мамырында-10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен
13,8-ге дейін) Қарағанды, шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан
облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффициентін әрбір 1000 адамға
шаққанда қалалық мекемелерде-12,2 селолық жерлерде-9,3 адам болған.
Статистикалық мәлiметтер 2005 жылы туу 200 мыңға жеткенiн көрсетiп
отыр. Үстiмiздегi жылдың соңына дейiн бұл сан 300 мыңға дейiн көтерiледi
деген болжам бар. Бұл жорамалдарды 2005 жылдың соңғы тоқсанындағы
көрсеткiшке сүйене отырып, сөз етудемiз. Мәселен, 2005 жылдың соңғы үш
айында туу 15 пайызған артқан.
Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп,
барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.
Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды
бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объектитік
факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын
жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты
жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын
ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау,
мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.

Қазақстанда өлім мөлшері жоғары, туу көрсеткішінің төмен екенін еш
жасыра алмаймыз. Үдере көшу азайса да, жыл сайын 130 мыңдай адам қоныс
аударып жатыр. Ал өз қандастарымызды әкелуге қиындықтар кедергі болуда. Біз
ойлануымыз керек. Шаңырақ дер шағында көтеріліп, өмірге бала өз уақытында
келуі тиіс. Студиядағы қатысушылардың бірқатары еуропалықтар сияқты 1-2
баламен шектелу біздің ұлтымызға тән емес дегенді айтты. Ұлттық
өркениеттің басы көп балалы болумен ерекшеленетін. Әзімбай Ғали мырза
айтқандай, сапаны ойлап, келе алмай жатқан оралманға иек сүйеп отыра беруге
болмайды. Біз ешкімнен кем емеспіз, кей жағдайда, кей салада еліміздің
көрсеткіші де, мүмкіндігі де басқа елдерге қарағанда анағұрлым артық. Өткен
жолы Түркия сапарынан түйіп қайтқан ойым, біздің ең үлкен кемшілігіміз де,
қалың сорымыз да – халқымыздың санының аздығында екен. Бір Стамбулдың
өзінде 15 млн. адам тұрады. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы бір қалаға
шоғырланған. Жыл сайын 1 млн. бала дүниеге келеді. Халықтың тең жартысынан
астамы – жастар. Ал Қазақстанда ше? Әзімбай ғали дұрыс айтады, жастарда
масылдық көзқарас қалыптасқан. Жігерсіздіктері сондай, отбасын асырамақ
түгілі, өз басын асыраудан қорқады. Егер осы жағдай жалғаса берсе, 2050
жылы Қазақстан халқы 14 миллион болады, ал өзіміздей өзбек дәл қазір 25
миллион халық болса, 2025 жылы 34 млн., ал 2050 жылы 40 млн.
болады.Үндістан 1 млрд.-тан 1 лмрд.628 млн адамға, АҚШ 284 млн.-нан 413
млн.-ға көтерілмек. Осыдан соң Қазақстанда демографиялық оппа болмайды
дегенге иланбай көріңіз. Келешегін ойлаған ел қазірден бастап дамыл таппай,
дабыл қағып, шараларын қарастырып жатыр. Ал бірлі-жарым адам болмаса, біз
үндемейміз. Демографиялық мәселені экономикалық, саяси жағдайлармен қатар
алып қарастырмай, әр адамның санасы осыған жетпей, осыны түсінбей, жанымен
сезбейінше, азшылықта қалғанымыз - қалған.
Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттімейтін
әлеуметтік-эконмикалық көкейтесті мәселелерді тез тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Демографиялық күрт өсу
Əлеуметтік статистика индикаторы
Әлем халқының ұдайы өсуі. Халықтың өсу заңдылықтары
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Халық санағын жүргізудің басты ерекшеліктері
Көші-қон саясаты
Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау
Пәндер