Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ
ТЕКСЕРГЕН: ДАУТ ДОС
ОРЫНДАҒАН: ИМЕРОВА МАЛИКА
АЛМАТЫ-2007
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841—1889) болды.
Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақтаған қазақ қоғамын
мейлінше жетік білетін ол: "Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір,
кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру,
қалай дегенмен, аса қажет болып отыр", — деп, қазақтардың неге мұқтаж болып
отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин осы міндеттерді дұрыс шешу
арқылы ғана қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл
сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды
шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің етек
алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім
алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін
жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады қазақ
балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар жазды.
Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер
училищелерін аштырды. Өйткені Ы. Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын
тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен байланыстырған. Сондықтан да ол:
"Мектеп — қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз -
қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана" деп жазған
болатын. Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда
қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда,
мұғалімдерге аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға — мұғалім деп
есептеген. Мектептің материалдық-техникалық базасы мықты болғанымен,
бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген. Сол үшін де ол:
"Халық мектептері үшін ең керектісі — оқытушы. Тамаша педагогика құралдары
да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілген инспектор
бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды. Соңдықтан да жақсы оқытушыны
дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін", деген болатын. Ол мектепке
қажетті мұғалімдер даярлау мәселесін, олардың кәсіби білім деңгейінің заман
талабына сай болуын, тұрмыстық жағдайларының жақсы болуын көкейкесті
проблемалар қатарына жатқызып, бұлардың оңды шешілуін талап етті, олардан
оқытушының беделін, қоғамдағы рөлі мен статусын жоғары көтеретін
факторларды көрді. Мектепте оқушының бойында қоғамға керекті тұлғалық
сапаларды негізінен қалыптастыратын, тиянақты білім беретін тек жақсы
оқытушы ғана қызмет істеу керек деген корытынды жасайды. Ы.Алтынсарин осы
идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның ұсынысы бойынша Ор
қаласында мұғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы ағартушы казақ
жастарына кәсіптік білім беретін, қолонер, ауылшаруашылығы училищелерін
ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ халқының экономикалық
өркендеуіне зор үлес қосады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда
қолөнер училищесін іске қосты.
Ы.Алтынсарин сол мектептердің шаруашылық істеріне де ерекше көңіл бөліп
отырған. Бұл жөнінде ол: "Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның
ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары
да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді", — деп жазды. Бұдан жүз жыл
бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдылығын
жоғалтпай келеді.
Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мектептердің материалдық-
техникалық базасын нығайту реформаның маңызды шараларының бірі болып отыр.
Ыбырай қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған алғашқы мектептердің
негізін қалаушылардың бірі болды. Осы өзі ашқан мектептер мен онда дәріс
алатын шәкірттерге арнап оқу құралдары мен әдістемелік нұсқау-кеңес
еңбектерін жазып, білім беру мен тәрбиені жүйелі жүргізетін мектепті
маңызды қоғамдық институтқа балап, педагогикалық әлеуметтанудың іргетасын
елімізде қалаған ағартушы. Оның жазған кітаптары білім беру тарихында
алғашқы қазақ оқулықтары ретінде әділ бағасын алды. "Мақтубат", "Қазақ
хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" атты төл
шығармалары - бүгінде қолға алынып, жарықка шығып жатқан ұлттық оқулықтарды
қалыптастырудың үлгісі болатын құнды туындылар.
Өзінің осы оқу кітаптарында танымдық, тәрбиелік мәні зор көптеген
өлендер мен әңгімелер жазып қалдырды. Ы.Алтынсарин өз шығармаларында
мектептегі білім беру ісі мен тәрбие жұмысын біртұтас процесс ретінде
көрсетіп, олардың қоғамда аткаратын функцияларына тоқталды және мектептің
проблемаларын жүйелі әрі кешенді шешіп отыруды үйретті.
Ол ағартушы-демократ ретінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына,
жергілікті өкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық танытты. Қазақ
халқының қамын жеп, мүддесін қорғады.
Көшпелі қазақ елін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz