Жеке тұлғаның құрылымы күрделі
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 2
1. Тұлға ұғымы және әлеуметтанудағы тұлға туралы түciнiк 3
2. Қазақ халқының өзiндiк санасында тұлға идеясының қалыптасуы 4
3. Қазiргi заманғы әлеуметтанудағы тұлғаның негiзгi концепциялары 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12
Дүниенi өзгерту үшiн бiз
өзiмiз өзгеруiмiз қажет.
Махатма Ганди.
КIРIСПЕ
Питирим Сорокиннен әлеуметтану объектiсiне қысқаша сипаттама беруiн
cұpaғaн кезде, ол былайша жауап берген екен: Әлеуметтану бiр жағынан
адамдардың бiр-бiрiмен өзара әрекеттесу құбылысын, ал екiншi жағынан осы
өзара әрекеттен пайда болған құбылыстарды зерттейдi.
Әлеуметтанудың зерттеу объектiсi мен әлеуметтану пәнiн шектейтiн
көзқарас боларын алдын-ала сезгендей П.Сорокин: Бiздiң әлеуметтану - homo
- әлеуметтану. Ол тек адамдық өзара қатынастарды түсiндiредi, өйткенi бiр
ғaнa өзара әрекет құбылыстарына сүйену әлеуметтану зерттейтiн дүниенi
айқындауға жеткiлiксiз, бұл өзара әрекет адам аралық өзара әрекет болуы
тиiс, - деп көрсетедi.
Әлеуметтанудағы тұлғаға қатысты библиографиялық тiзiмнiң ауқымдылығына
қарамастан - бұл мәселе аз зерттелген тақырып. Бұл тақырып бoйынша
И.С.Конның Тұлға социологиясы атты монографиясы 1967 жылы жарыққа шықты.
И.С.Конның монографиясы маркстiк-лениндiк түсiнiктердiң тар құрсауынан
шығып, жаңашылдығымен философиялық ортада қызу пiкiр-талас тудырды. 1989
жылы Красноярск қаласында В.Г.Немировскийдiң Тұлға социологиясы: теория
және зерттеу тәжiрибесі атты шaғын еңбегi жарық көрдi.
1. Тұлға ұғымы және әлеуметтанудағы тұлға туралы түciнiк
Бүгiнгi таңда тұлғаны өзiндiк ерекше қасиеттерге ие құбылыс, қоғамдық
қатынастардың субъектiсi мен объектici, жүйенiң қызметтiк-рөлдiк
жүйелерi ретiнде өзiндiк реттеуге, адамшьлық-эстетикалық саяси және
дуниетанымдьқ таңдауға саналы және epкін түрде қабiлеттi тұлғаны жан-жақты
зерттеудiң өмiрлiк қажеттiлiгi қазiргi уақытта қоғамтану және адамтану
ғылымдары үшiн өте өзектi болып отыр.
Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтанудың да осы мәселеге қосар, өзiндiк үлесi
бар. Өйткенi әлеуметтану ушiн тұлғаның қалыптасуы мен оның гуманистiк
айқындалуы және дамуын айқындау өте-мөте маңызды.
Тұлғасыздық, алғыmұлғалық және бейmұлғалықтың толыққанды
әлеуметтiк, гуманистiк тұлғаға, ақыл-парасат пен биiк адамгершiлiкке ие
субъектiге, жалпыадамзаттың қасиеттермен бiрге, тек өзiне тән ерекше
қасиеттер мен өзгешелiктерi бар тұлғаға айналуы мүмкін бе? Қандай
жағдайларда индивидтiң (жеке адамның) үстемдiк етушi ортадан, ыдыраңқы
дамушы (реальды және бұлдырлы) жалпылықтан, айқынсыздықтан, араласты
(диффузды) тұтастықтан оқшаулану, бөлiнуi басталып, жүруi, аяқталуы мүмкін?
Қалыптасушы тұлғаның сана-сезiмiнiң қалыптасуын, мiнез-құлқының бағдарын
айқындаушы сыртқы және iшкi күштер, объективтi және субъективтi факторлар,
тұлға iс-әрекетiнiң стимулдары (дем берушiлерi) мен түрткілеpi, бұл
процестiң барысы мен нәтижесi қандай?
Ақыл-парасатты және aқылсыз, өнегелi және өнегесiз, жауапты және
жауапсыз, жетiлген және жетiлмеген, толық (тұтас) және жартыкеш (толымсыз),
үйлесiмдi және үйлесiмсiз тұлғаның типологиялық және сипаттамалық
айырмашылықтары неде?
Ic-әрекеттің дiни және дiни емес жүйелерiнiң негiзделу механизмдерi,
мүдделерi мен қажеттiлiктердiң стимулдау мен шектеу тәсiлдерi, дiнге
сенушiлер мен дiнге сенбеушiлердiң дүниетанымдық және құндылықтың
бағдарының айырмашылықтары қандай?
Әр түрлi тарихи жағдайларда тұлғаның персондалу (жекелiк қасиеттердi
адамда биiкке көтеру) және деперсондалу (тұлғасыздану), әлеуметтiк-мәдени
ортаға бейiмделу және бейiмделмеушiлiк, индивидуалдану (жеке кісілік
қасиеттерге ие болу) және ерекше қасиеттерден айырылуы қалай жүредi?
Тiршiлiк ету жағдайы мен құралдарына ие болу мен олардан жаттану
(шеттeтiлу), iзгiлендiру мен iзгiленусiздік процестерi бiр-бiрiмен қалай
өзара әрекетке түспек?
Бiздiңше, барлық гуманитарлық бiлiм салалары бұл сауалдарды толық
елемеуден және көңiлге қонымды, дәлелдi жауап беруге тырысудан бас тарта
алмайды.
Тұлға ұғымы әлеуметтiк бiлiм құрылысында маңызды роль атқарады,
сонымен қатар нелiктен адам әлемi басқа табиғат әлемiнен ерекшеленедi және
нелiктен ол адамдар арасындағы тек жеке кiсiлiк өзгешелiк байлығын сақтау
негiзiнде адамдық келбетiне ие болуын ұғынуға көмектеседi.
Тұлға әлеуметтануына философиялық концепциялары және психологиялық
теориялар елеулi ықпал етедi.
Егер, философияда кең мағынада адам ұғымы, оның биологиялық,
ментальдық, мәдени табиғаты бiрлiкте қолданса, ал психология адамдардың
темпераментi, мiнезi, жүрiс-тұрыс және бағалау ерекшелiктерi тәрiздi
айырьқша айырмашылықтарына, адамдардың бiр-бiрiнен өзгешелену себептерiне
назар аударса, онда әлеумеmmанушылар ең алдымен адамдардың бiрлесе қатар
өмip cүpyi процестерiнiң тiкелей жемiсi ретiнде адамдарда қалыптасатын
әлеуметтiк сапаларды есепке алады.
Әлеуметтанушы үшiн тұлға - бұл адамдарды бiр-бiрiне ұқсатушы ұғым,
яғни адамдардағы әлеуметтiк типтiлiктi атап көрсетедi.
Сонымен, адам-тұлға-жеке адам (индивид) тiзбегiнде философ, психолог,
социолог еңбегiнiң өзiне тән бөлiну ерекшелiгi бейнеленген, алайда олардың,
әрқайсысы осы терминдердiң кез-келгенiн қолдана алады.
2. Қазақ халқының өзiндiк санасында тұлға идеясының қалыптасуы
Қоғамдық санада тұлға идеясының қалыптасуы мен генезисi туралы сөз
қозғасақ, ұлттық өзiндiк санада айшықталатын адам проблемасы мен қазақ
ойшылдарының адам мәселесiне қатысты ой-толғаныстарын қарастыра кету парыз.
Жалпы, шетел ғалымдары мен зерттеушілері қазақ халқы мен қазақ
мәдениеті, өмір салты, шаруашылығы, салт-дәстүрі туралы еңбектерін
қалдырғандығы белгілі.
ХХ ғасырдың басында Орталық Қазақстанда жұмыс істеген ағылшын инженері
Дж. Уорделл қазақ халқы жайлы: Қазақтар ержүрек те, еркіндікті сүйетін
халық, бірақ өзге де көшпелілер сияқты елгезектеу. Олар достарына ақкөңіл
де қонақжай, жолаушыға қайырымды, алайда жауларына аяушылықты білмейді.
Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Балаларын
шексіз сүйеді, ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышты сезіне білу
тән, - деп тұжырымдайды.
Қазақ халқының өзіндік санасы дамуындағы маңызды кезең: Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев сынды қазақ
ағартушыларының ардақты есімдерімен байланысты.
Қазақ ағартушыларының шығармалары мен дүниетанымдық ізденістерінде
ұлт тағдыры мен тұған халқының болашағы, елдік болмыстың рухани негіздері
үшін терең ойлану мен ұлтжандылық сезімі айрықша көрінеді.
Қазақ ағартушылығының негізін қалаушы, еуропалық үлгіде жан-жақты
білім алған, аққан жұлдыздай жарқырап өткен, елі үшін аянбай еңбек еткен
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) артына мол мұра қалдырды. Саяхатшы,
этнограф, шығыстанушы, энциклопедист-ғалым және қоғам қайраткері Шоқан
Уәлиханов қазақ даласында еуропалық білім үлгісін насихаттаумен бірге тұлға
мәселесіне елеулі үлес қосты.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, наным-сенімін, ауыз әдебиеті үлгілерін,
өмір салтын жан-жақты зерттеген Шоқан қазақ қоғамын қайта жаңғыртуға
қатысты реформаторлық жобасын жасады. Шоқанның ізгі ниеті мен арман-аңсары
сол уақытта жүзеге аспады. Өйткені патшалық Ресей отарындағы қазақ
қоғамының тыныс-тіршілігі тарылып, жікшілдік пен экономикалық, саяси және
рухани жағдайдың шиеленісуімен сай келеді. Солнымен қатар, реформалық
өзгерістерді іске асыру үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар пісіп
жетілмеген еді.
Қазақ ағартушылығының көрнектi өкiлi, педагог-ұстаз Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889) ұлттық қоғамдық ой тарихында өзіндік iз қалдырды. Ы.Алтынсарин
қазақ жерiнде халық ағарту iciн ұйымдастырушы, қазақи дiл мен ой мәнepiнe
сәйкес оқу бағдарламалары мен оқулықтың авторы ретiнде қазақ топырағында
демократтық-ағартушылық идеяларын тарату жолында аянбай еңбек eттi. Ол жас
жеткiншектердiң бойында имандылық, iзгiлiк, бiлiмге құштарлық, еңбек
сүйгiштiк, ізденiмпаздық, елжандылық сынды абзал қасиеттердi тәрбиелеудi
мақсат еттi. Ы.Алтынсариннiң адам туралы iлiмiнiң мәнi - оқу мен еңбектi,
бiлiм мен бiлiктi, имандылық пен белсендiлiктi ұштастыру арқылы iлгерiлеу.
Ағартушы-ұстаз тұлғаның әлеуметтену процесiнде oқy-бiлiм мен еңбектiң орны
мен үйлесiмдiлiгiне айрықша көңiл бөледi.
Ы.Алтынсарин қазақ халқының жарқын тамаша қасиеттерi, бiтiм-болмысы
туралы: Бiздi – өзгелер табиғатынан ақылды, icкep халық деп ойлайды.
Оcының шындығын ic жүзiнде көрсетуiмiз керек... Қазақ табиғатынан aқын
жанды, дарынды халық - деп мақтанышпен жазады.
Абай Құнанбаевтың көп салалы бай шығармашылық мұрасы қазақ халқының
мәдениетiмен қатар әлемдiк мәдениеттiң, алтын қоры. Абайдың ер салалы,
терең мазмұнды шығармалары бүкiл адамзатқа ортақ.
Абай шығармаларының өзегi – тәлiм-тәрбиелiк пен имандылық мaқcaт-
мұpаттap, жан-жақты жетiлген толық адам, яки нағыз тұлға тәрбиелеу туралы
ой-толғаулар.
Адам деген ардақты атты көкке көтерер көркем мiнез және бiлiм деп ұққан
Абай: Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселерден
озады - деп өсиет айтты. Абай шығармалары дидактикалық қанатты сөздерге
аса бай.
Адам баласын заман өсiредi, кiмде-кiм жаман болса замандасының бәрi
виноват! - деп замана мен адам, жеке адам мен ортаның өзара байланысы
туралы дөп басып айтады.
Адам бойындағы абзал моральдық қасиеттерді қалыптастыру мен дерттi,
жағымсыз мiнездерден сақтандыру ұлы ойшыл-ақынның межесi болды: Адамның
адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы
ұстаздан,- деп жазады ақын. Абай адамды кepi тартар epci қылыктардың
iшiндегi надандық, жалқаулық, зұлымдықты бөле-жара көpceтeдi: Күллi адам
баласын қор қылатын үш нәрсе бар, әуелі-надандық, екінші-еріншектк, үшінші
- залымдық-надандық-білім... ғылымның жоқтығы... білімсіздік, хайуандық...
еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны; талапсыздық, жiгерсiздiк,
ұятсыздық, кедейлiк – бәрi осыдан шығады. Залымдық адам баласының дұшпаны,
адам баласына дұшпан болса, aдaмнaн бөлiнедi. Бiр жыртқыш хайуан есебiне
қосылады.
Ұлы Абайдың көзқарастарын толықтыра, сабақтастыра, жалғастыра отырып,
адамның ар-ұжданы, рух пен жан туралы ар iлiмiн жасаған Шәкәрім
Құдайбердiұлы болды. Оның шығармашылығында адам өмірінің мән-мағынасы, адам-
табиғат қарым-қатынасы, адам мен адам қатынасы, адамның жан дүниесiнiң
байлығы мен имандылық мәceлeci ерекше орын алады.
Шәкәрiмнiң Үш анық атты еңбегiнде жан мен тән, ажал мен ажалсыздық
мәселесiн зерттеуге арналған. Шәкәрiмнiң ар iліміндe адам баласындағы
ұждандылықты құрайтын - ынсап, әдiлет, мейiрiм – үштігi болып табылады.
Ақынның пiкiрiнше имандылық тәрбиеге шешушi мән беру жолымен - адамды
тәрбиелеу, адамды қадipлеу-қоғамның жаңғыруына жол ашады.
Шәкәрім еңбектерiнде адами қасиеттерге сыни көзбен қарап, дағдылары мен
мiнез құлқының кемшi тұстарын түзey, адам аралық қатынас мәдениетін
жетiлдiру, тәубешiлдiк, қырағылық, iзденімпаздық, ұстамдылық, кісілік,
инабаттылық, бауырмалдылық, имандылық, iзгілiк тұлғалық қасиеттер болыл
табылады.
Шәкәрiм өз дүииетанымдық және шығармaшылық ізденістерiнiң орталығына -
адам мәселесiн қойып, өзі өмip сүрген уақыт ағымына сәйкес адам
концепциясын жасады.
Шәкәрімнің адам болмысы мен тұлғалық қасиеттер туралы ойлары жастарды
гуманистiк мұраттар негiзiнде тәрбиелеуде берерi мол қазына.
3. Қазiргi заманғы әлеуметтанудағы тұлғаның негiзгi концепциялары
Адамның күрделi ұйымдасқан табиғаты, оның әлеуметтiк байланыстapы мен
қатынастарының кеңдiгi мен ер алуандығы осы феномендi түсінудегi теориялық
ыңғайлар мен позициялардың әр алуандығын, қазiргi заманғы әлеуметтанудағы
тұлғаның түрлi бейнелерi мен модельдерiнiң көптігін айқындайды.
Тұлғаның рөлдiк концепциясы
Тұлғаның рөлдiк концепциясы ХХ ғасырдың 30-жылдарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz