Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс моделі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
3-5

2. Негізгі бөлім:

2.1. Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс моделі мен әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесінің дамуы. 5-12

2.2. Әлеуметтік жұмыстағы білім беру бағдарламасы мен
әлеуметтік қызметкерді даярлаудың шетелдік
негізгі бағыттары.
12-16

2.3. Достастық елдеріндегі әлеуметтік жағдайлар. 17-18

3. Қорытынды
19-20

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
21

Кіріспе.

Әлеуметтік жұмыстың пайда болуының алғашқы кезеңі - XIX ғасырдың 40-
жылдары қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікке, өмір
сұранысына байланысты пайда болды. Әлеуметтік жұмыстың дамуы, шығу түп
тамыры көне заманға ұласады.
Әлеуметтік жұмыс негізгі 4 кезеңге бөлінеді:

1. Әлеуметтік жұмыс – XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20-
30 жылдары арасында. Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыс философиядан бөлініп
шығып, қоғамды зерттеген. Бірнеше мемлекеттер бағыттары мен ілімдері
қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыстың қолданбалы саласы қалыптаса
бастады.
2. Қолданбалы әлеуметтік жұмыс –XX ғасыр 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл
кезеңге әлеуметтік жұмыстың әдістемелік және әдістік ақпараттарын
дайындау басталды.
3. XX ғасырдың 60-90 жылдары. Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыстың өткен
кезіндегі теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдамаларын өмірде қолдана
бастады.
4. Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмыс әлемдік шеңберде жүйелі білімге
айналды. Мұнда әлеуметтік жұмыс ғылымға алуан түрлі тұжырымдамалар,
көптеген теориялар пайда болды.

Әлеуметтік жұмыс тарихына келетін болсақ, мыңдаған жылдар бұрын грек
ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель т.б. әлеуметтік жұмысқа қатысты
мәселелермен айналысқанын байқаймыз.
Б.э.д. XV-XVII ғасырларда Ежелгі Мысырдың діни ғимараттарында
салттық көмек көрсету жүргізілді. Бұл аш адамдарға тегін нан таратып
беру.
Әлеуметтік жұмыс әрбір тарихи мәдениетпен белгілі, әлеуметтік жұмыс
туралы алғашқы мағыналар б.з.д. 1750 жылы Вавилонда кездеседі. Бұл кезде
халық арасында Әділдік код деп аталатын, адамдарды сүйіспеншілікке,
кедейлерге қамқорлық жасауға шақыратын азаматтық акті ұйымдастырылды.
Ежелгі Грецияда әлеуметтік жұмыс филантропия түрінде белгілі болды.
Грек тілінен аударғанда филантропия – адамдарға сүйіспеншілік білдіру
дегенді білдірді. 438 жылы Федосий императоры Византияда кедейшілікке
тыйым салу кодексін қабылдады. X- ғасырдың аяғына дейін христиан діні
мемлекеттік деп танылғаннан бастап Шығыс Славяндар арасында өзара
жәрдемнің архаикалық кезеңіне, шіркеу монастрлық, қайырымдылық кезеңіне
өту байқалды. XV-XVII ғасырлары Батыста мемлекеттің рөлі жоғарылауымен
қатар христиандық шіркеудің белсенділігінің төмендеуіне байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасты.
Кедейлерге көмек көрсету жөнінде –
1529 жылы Германияда Гамбург уставы;
1531 жылы Англияда заң;
1642 жылы Францияда қайырымдылық бюросы;
1878 жылы Ұлыбританияда құтқару армиясы;
1877 жылы АҚШ-та қайырымдылық қоғамы;
1864 жылы Ресейде Земство мекемелерінің жүйесі ұйымдастырылды.
XIX-XX ғасырларда қоғамдық және жеке қайырымдылық жалдандырылып,
әлеуметтік оқулар әлеуметтік марксизм, анархизм пайда болды. XX- ғасырда
әлеуметтік көмек көрсету ісінің жолға қойылуына айтарлықтай жаңалықтар
енгізілді. XIX-XX ғасырларда Батыста әлеуметтік жұмыс кезеңіне өту заманы
болды.Көмектің 2 негізгі әдісі қлыптасты:
1. Американдық
2. Европалық
Американдық әдіс - әлеуметтік көмек пен қолдауды қалыптастыратын және
жүзеге асыратын мемлекеттің көпшілік ықпалын бейнелейді.
Европалық әдіс - қалалық немесе ауылдық өзін-өзі басқару шеңберінен
шықпайтын көмек рөлін бейнелеу. Осы кезеңде әлеуметтік жұмысшылар кадрларын
дайындау басталды.

2.1. Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс моделі мен әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесінің дамуы.

Әлемнің дамыған елдеріндегі кедейшілік шегіне дейінгі табысты
қолдау формасындағы әлеуметтік көмек жүйесі көптеген жылдар бойы
қалыптасқан. Алайда, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдіру халыққа көмек көрсетудің осы формасының сандық
және сапалық критерийлеріне әсер етеді.
Әлем елдеріндегі көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығы
критерийлері арасында жергілікті бюджеттерде мыналар бар:
• Сандық – табыс деңгейі кедейшілік шегінен төмен және үй шаруашылықтарының
жан басына шаққандағы табысын арттыратын активтердің болмауы;
• Сапалы – мұндай жәрдемақы алушының әлеуметтік-статистикалық портреті, бұл
жәрдемақылардың нақты әлеуметтік топтарға бағытталғандығы жайлы қорытынды
жасауға мүмкіндік береді.
Табысқа қолдау көрсету бағдарламасын талдай отырып, әрбір ел
әлеуметтік топтарды анықтау жұмыстарын жүргізеді. Бұл мемлекетпен
жұмсалатын қаражаттардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалау
үшін маңызды.Экономикасы дамыған Жапония, Швеция, АҚШ, Германия, Қытай
елдерінде және басқа да дамушы елдердегі еңбеккке жарамсыз халықты
әлеуметтік қамсыздандыру тәжірибесіне тоқталайық.
Жапонияда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі күрделі ұйымдастыру
құрылымымен сипатталады. Бұған қоғамдық көмек, әлеуметтік қызмет көрсету,
әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық денсаулық жатады. Бұл жүйенің басты
құрамы болып әлеуметтік қамсыздандыру саналады. Оның міндеті уақытша және
түпкілікті еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан адамдарға қолдау көрсету.
Мұндай қолдау алдын-ала құрылған әлеуметтік қорғау арқылы іске асырылған.
Қорлар жұмыс берушілердің әлеуметтік төлемдерімен, сондай-ақ мемлекеттік
қаржылардан қалыптастырылған.
Жапонияда әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің
шеңберінде халықты қамсыздандыру принциптеріне негізделген бірнеше
зейнетақы жүйесі қолданылады. Бұлардың көпшілігі жалдамалы жұмыскерлерді
олардың жұмыс орындары бойынша қамтиды. Сондықтан қамсыздандыруға
жұмсалатын қаржыларды тек қана жұмыскерлер емес, жұмыс берушілер төлеп
отырады. Ал, мемлекет жұмыс беруші ретінде қатыспайтын болса, зейнетақыға
үстеме төлемдер белгіленіп отырылады.
Бұлардың ішінде ең ірісі халықтың әл-ахуалын көтеруге негізделген
зейнетақы жүйесі қамсыздандыру қорын жалақының 11,3% және 11,6% -дан
алынған қаржылар құрайды. Бұлардың жартысын жұмыскерлер 5,10%, қалған
жартысын жұмыс берушілер төлеп отырады. Мемлекет зейнетақының жалпы
соммасына 20-25% төлейді.
Жапонияда әлеуметтік көмектің егде адамдарға, ауруларға және
мүгедектерге шоғырлануы орын алады:
• Көмек алушылардың 47,1%-ы егде адамдар, оның 41,3%-ы жалғыз бастылар;
• Ауруына байланысты жәрдемақы алатындар – 27,8%;
• Мүгедектігіне байланысты көмек алушылар – 10.7%;
• Көмек алушылардың 8,2%-ы – жалғыз басты ата-аналар.
Әлеуметтік жұмыстың жапондық моделінің өз алдына бөлінуі осы
мемлекетке тән рухани тұрмыс тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайының ерекшелігімен түсіндіріледі. Көптеген зертеушілер Жапонияны
әлемдік өркендеу мемлекеті деп есептеді. Себебі, әлеуметтік сала бойынша
әлеуметтік көмек көрсету мен қолдау мәселелері жақсы қолға алынған.
Жапондық әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қоғауда отбасы салт-дәстүрі мен
корпоративтік фирмалық компоненттермен ерекшеленеді. Сондықтан мұны
корпоративті-дәстүрлі модель деп атауға болады. Бұл модель төмендегідей
ерекшеліктерімен сипатталады:
• әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттің күшті позициясын сақтауда
сақтандыру механизмдерінің маңыздылығы;
• корпоративтік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ие болуы (фирмалық
қайырымдылық шаралары);
• әлеуметтік көмек көрсету мен қолдау саласында отбасы дәстүрлі
факторларының ерекше рөлі;
Жапонияда әлеуметтік салада сақтандыру принципі мемлекеттік қолдаумен
толықтырылып отырады. Бұл қоғамдық жүйеде зейнетақымен қамсыздандыру. Бір
жағынан бала тууы қысқартылса, екінші жағынан жапондықтардың өмірі ұзарады.
Қазіргі кезде жапондықтардың өмір сүруінің орташа жасы 82 жас. Кейбір
болжамдар бойынша 20 жылдардан соң Жапонияда зейнеткерлер саны жұмысшылар
санымен теңеседі деген болжам бар.
Жапонияда жеке меншік зейнетақы қорлары бар. Оған жұмысшылар өз
еркімен зейнетақы қорларына аударып отырады. Кейбір жапондықтар кәрілік
шағына қор жинау мақсатында банктерде депозит ашып, өз ақшаларын жинайды.
Жапонияда мемлекет тарапынан жұмыссыздарға көмек көрсетуде қаржылай көмек
беру басты рөл атқарады. Жапон заңдылықтары бойынша егер жұмысшы 18 ай
жұмыссыздықтан кейін өзінің жеке жұмысын ашатын болса, оған жәрдемақы
төленеді. Жапондық әлеуметтік жұмыстың моделі әлеуметтік қамсыздандырудың
корпоративтік компоненті фирмалық қайырымдылық іс-шараларымен сипатталады.
Ол өзіне төмендегідей шараларды қамтиды:
1. жұмысшының тұрғын үй мәселесін шешуде фирмалар мен корпорациялар көмек
көрсетеді;
2. фирма өз қызметкерлерінің дәрігерлік көмек көрсетулеріне қатысады;
3. жұмысшы бос уақыты мен демалыстарын ұйымдастырумен айналысу;
4. фирма табысынан қызметкерлердің үлесі;
5. жұмысшылар балаларын оқытуда стипендиялар бөлу және т.б. іс-шаралары
болып табылады.
Швецияда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттік және жергілікті
салықтардан, әскерлердің, еңбеккерлердің қамсыздандыру төлемдерін пайыздар
бойынша есептелген табыстарынан және әрбір қорлардың капиталдан шегерілген
алымдары арқылы қаржыландырылады.
Швецияда әлеуметтік көмек алушылар ересек жас адамдар, әйел немесе
еркек, жергілікті тұрғын немесе эмигрант.
40-49 жас аралығында жергілікті тұрғынға қарағанда осы жастағы
шетелдік тұрғынның әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі 5 есе жоғары.
Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шет елде туылған азаматтар
орта есеппен күнтізбелік жылда әлеуметтік көмекті анағұрлым ұзақ және
қордағы ақшалай қаражаттардың басым бөлігін алады.
Жұмыссыз адамның жасы мен оның әлеуметтік көмек алушылардың қатарына
қосылу ықтималдығы арасында өте тығыз байланыс бар. 15 пен 24 жас
аралығындағы еркек жұмыссыздардың 53%-ы әлеуметтік көмек алушылар қатарына
жатқызылса, 55-тен жоғары жастағы адамдар тобында бұл көрсеткіш 12% -ды
құрады.
АҚШ-тағы қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі 2 негізгі
түрден тұрады:
1. әлеуметтік қамсыздандыру;
2. мемлекеттік көмек көрсету.
Олар бір-бірінен қаржыландыру көздері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік
қамсыздандыру бойынша төлемдер қамсыздандыруға салынған салықтар есебінен
құрылған қамсыздандыру қорларынан төленеді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлерінде жасы бойынша,
асыраушысынан айрылуына байланысты, еңбекке қабілетсіздігі мен жұмысынан
айрылуына байланысты Жалпы феодалдық бағдарламалар аттары біріктірілген.
Сондай-ақ, соғыс ардагерлері және әскери адамдар үшін әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді.
Көптеген жағдайларда табысы аз отбасыларына арналған әлеуметтік
бағдарламалардың американдық тәжірибесі, мекен-жайы бойынша аз табысты
адамдарға көрсетілетін қолдауды жергілікті деңгейді келесідей атқаратын
қызметтері бойынша бөлуге болады:
1. Ресурстардың жеткілікті принципі. Жергілікті бюджет қаржыларын тек қана
әлеуметтік нысандарды қаржыландыру кепілдігі.
2. Кешендік принцип – халықтың табиғи өсу цикілі бойынша адамды әлеуметтік
қамтамасыз ету және қорғауға бағытталды.
3. Көп субъективті принцип - әлеуметтік жұмысты регионалдық және қоғамдық
бірлестіктердің халыққа қолдау көрсетіп, көмек беретін қорлардың және
жеке құрылымдарды жүргізуге негізделген.
4. Әлеуметтік жұмыстың төменгі деңгейін анықтау принципі - әлеуметтік
мәселелердің деңгейі жоғары болса, соғұрлым оның тиімділігі жоғары
болады. Бұл жағдайда жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаратын қоғамдық
ұйымдардың рөлі арта түседі.
Адам ресурстары қазіргі бәсекелестік артықшылықтарға жетуде басты
орынға шығып отыр: әлемдегі жетекші елдердің экономикалық өрлеуінің негізі
табиғат байлықтары емес, ол – жинақталған білім, ақпарат және тәжірибе.
Егер 1890 жылы АҚШ-тың ЖІӨ-нің 50%-ын шикізат ресурстары, минералды,
энергетикалық және тамақ өнеркәсіптерін қоса алғанда құраса, 1990 жылы
олардың үлесі 10%-дан асқан жоқ, ал адам капиталымен байланысты факторлар
жетекші орынды иеленді. Кейбір мәліметтерге сәйкес 3-4 жыл ішінде
ақпараттың ескіруі 50%-ға дейін жетеді. Соған байланысты бүгінгі күн білім
экономикалық және әлеуметтік құқықтар жөніндегі халықаралық құжаттардың
барлығында адамның басты құқығы ретінде белгіленген. Білім берудің жоғары
деңгейі дамыған елдің әлеуметтік стандарттарының ең беделдісі болып
табылады. Қазіргі кездегі түсінік бойынша білім белгілі бір жастық топқа
арналған құқық ретінде емес, әрбір адамның әр түрлі нысанында жүзеге асуы
мүмкін өмірлік құқығы ретінде қарастырылады.
АҚШ-та үздіксіз оқу жүйесімен 20 миллиондай адам қамтылған, әрбір
маман 10 жыл жұмыс ішінде 500 күнде біліктілігін арттырудан өтеді. Басқаша
айтқанда, АҚШ-та қайта оқытумен 50 миллиондай халық қамтылған (65%).
Жұмыстан тыс уақытта, әсіресе, жоғары білімді мамандар оқиды: 1995 жылы
12,2 млн.адам үлкендерге арналған білім беру формаларының әр түрлерімен
қамтылған. Бұл жоғары білікті мамандардың жалпы санының 73%-ы, техниктердің
69%-ы, сонымен бірге, 26-дан 43-ке дейін біліктілік деңгейіне байланысты
жұмысшылар.
Германияда көмек алушылар құрылымында толық емес балалы жанұялардың
үлесі басым. Табысты қолдау бойынша әлеуметтік көмекті әрбір типтегі 100 үй
шаруашылығының:
• толық емес балалы жанұялар - 23,5 үй шаруашылығы;
• жалғыз басты еркектер – 5,1 үй шаруашылығы;
• үйленбеген балалары бар жастар (бұл жастарда отау құрғанда берілетін
салық жеңілдіктері жоқ) – 4,8 үй шаруашылығы;
• жалғыз басты әйелдер – 4 үй шаруашылығы.
Дамыған елдерде азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіп тауарларына халық
жалақысының 25-30%-ын, салық төлемдеріне-25-35%,тұрғын үй төлемі мен
коммуналдық қызметтерге - 20-30%, жинақтаушы зейнетақы қорларына - 5%,
медициналық сақтандыруға - 5%-ын жұмсайды. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу
Германияда бір адамға 40 шаршы метрді, Данияда -50 шаршы метр, АҚШ-та 65
шаршы метрді, ал Ресейде -19 шаршы метрді, Қазақстанда -16,3 шаршы метрді
құрайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудың қытайлық жүйесінде әлеуметтік
сақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл мемлекетте отбасылық қамқорлық
таныту басым рөлді атқарады, яғни ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
мәдени дәстүр болып саналады. Сонымен қатар, Қытайда ұжымдық көмек
көрсетуде маңызды сипатқа ие. Қытайда отбасы, балалар тәрбиесі, кемтар,
қарт адамдарды қамқорлыққа алуда дәстүлі болып есептеледі. Бұл мемлекетте
қарт адамдарға балалары қамқорлық жасайды. Себебі, мұнда көптеген қарт
адамдар зейнетақымен қамсыздандырылмаған. Әсіресе, ауылдық жерлердегі
зейнеткерлік жастағы қарт адамдар зейнетақы алмайды да. Мұнда мемлекеттік
көмек көрсету 90 жылдары әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа құрылымында
қарастырылған. Ол 4 деңгейден тұрады:
1. – деңгей. Кедей адамдарға және олардың отбасына әлеуметтік көмек
көрсету.
2. – деңгей. Әлеуметтік сақтандыру: зейнетақы, жұмыссыздық, бала дүниеге
келгенде берілетін жәрдемақы, мүгедектер және ауру адамдарға әлеуметтік
көмек көрсету.
3. – деңгей. Қытай халықтарының білім алуына, тұрғын үй мәселелерін
жақсартуға бағытталған.
4. – деңгей. Әлеуметтік қамқорлыққа алу: әскери қызметкерлер және олардың
отбасыларын қамқорлыққа алу.
Кедейлер отбасына минималды өмірлік қажеттіліктерін қамсыздандыру
үшін Қытайда мемлекеттік көмек көрсету қарастырылған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Батыстағы әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Әлеуметтік саясат туралы
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Кітапхананы автоматтандыру процесі
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен талдауы
Сақтандыру жүйесі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Адам өмірін қамтамасыз ету шарттары
Пәндер