Тұтынушылармен байланысты үрдістер


ЖОСПАР
КІРІСПЕ .
- Тақырып бойынша ақпараттық шолу. . Қант саласының жағдайы туралы мәлімет. Өндірістердегі сапа менеджменті және сапа мәселелері……. .
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ Нормативтік құжаттар Әдістемелер мен материалдар . . «Алматы-қант» ААҚ сипаттамасы . . Сапа жүйесін енгізу және құрастыру әдістері «Алматы-қант» ААҚ қант өндіру технологиясы . .
- Экономикалық тиімділік .
- Қортынды және ұсыныстар
- Еңбек қорғау
- Қолданылған әдебиеттер тізімі . .
- Қосымшалар.
Кіріспе
Қант адам тамақтану рационында маңызды орынға ие. Адам өзінен бөліп шығаратын тең жарты энергия көміртегімен толтырылады, соның 1/3 бөлігін қант құрайды. Қант өндіретін өндірістердің негізгі шикізаты қант қызылшасы және қамыс қанты. Бүкіл әлем бойынша 1 жылда өндірілетін 120-124 млн. т қанттың 40% пайызын қант қызылшасы, 60% пайызын қамыс қанты құрайды.
Қазақстандағы қант өнеркісіптері Куба, Австралия Филипина және Тайланд мемлекеттерінен әкелінген қамыс қантының шикізатын 1 жылда 3-4 млн. т өңдейді.
Импортталған қант шикізатының негізгі мөлшерін мезгіларалық кезеңде 80-85% пайызын қант зауыты қалған 15-20% жыл бойы Жамбыл қазіргі Таразда орналасқан шақпақ-қант зауыты өңдейді.
Қамыс қантын өңдеу барысында қант зауытының қуаттылығы және өндірістің технико-экономикалық көрсеткіштері жоғарылап жыл бойы жұмыскерлер жұмыспен шұғылданып отырады.
Алдыңғы қатарлы қант зауыттарында қамыс қантының 96-96, 5% пайызын өндеп қант шикізатын алады құрамында сахароза болған жағдайда шикізат 98% пайызды құрайды.
Соңғы жылдардағы қамыс қантын өндеу барысында технико-экономикалық талдау көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша кант зауыттары, қамыс қантын жеткілікті тиімсіз өңдеуде. Бұл дегеніміз отандық қант өнеркәсіптерінің қамыс қантын сапасыз өңдеуде. Оған зауыттардағы қондырғылардың сапасыз жұмыс атқаруы, қант шикізатын қабылдап алу және сақтау талаптарының орындалмауы кері ықпал келтіреді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Алматы-қанты» ААҚ КО стандарт жобасын халақаралық ИСО 9000 стандарты бойынша құрастыру.
Ол үшін келесі мәселелер қарастырылды: Тағам өнімдерін стандарттау және сертификаттау сұрақтарды, канттың технологиясы мен сапасы аумағындағы нормативтік құжаттарды талдау, Қазақстан Республикасында өндірілетін қанттың органолептикалық, физика-химиялық, микробиологилық көрсеткіштерін анықтау, қантқа бақылау жүргізу, қантты бақылау шешіміне экономикалық тиімділік беру.
- Тақырып бойынша ақпараттық шолу
Қазіргі кезде техникалық деңгей және көптеген өнімдер сапасы бүгінгі күн талаптарына сәйкес емес. Ескі төменгі сапалы өнімдер- техникалық озықтылық қарқындылығын және өндіріс тиімділігін төмендетеді. Өнім сапасы- қажетті табиғат ресурстарының шектеуі және адамдардың демографиялық өсуі болып келеді. Үлкен мүкіншіліктер дәрежесімен мыналарды бекітуге болады: сапа қоғамға белгілі бір түрдегі бағалылық, шаруашылыққа-тиімділік.
ХХ ғ. соңында TQM (Total Qualіty Management) таңбасымен өткізіледі (таралады) бұл Жалпы сапа тирминіне балама ретінде қолданылады. Бұл әдістің тиімділігін алдағы қатарлы бүкіл әлем өнеркәсіптері TQM халықаралық ой деп хабарлады.
Бүкіл ел экономикасы үшін TQM қызметі мен маңызын бағалау қиынға түсуде. Бірақ Қазақстан Республикасына TQM принциптері, әдісі және жүйесі өте қажетті.
Бұл аспектіде мынандай күрделі және қиын міндеттер бар:
- қазіргі кезде сұранысы жоғарғы сапалы өнім шығарып үйрену;
- өндіру сапасының дәрежесін үстап тұруды және оны жақсартуды үйрену;
- шығындарды азайтуды үйрену;
- өндірістің өндіру үрдісін жоғарлату.
Қазіргі шарттардың негізгі маңыздылығы өндірілетін өнімнің сапасын бақылау. Өнімнің сапалылығы, бәсекелестік күресінің маңызды құралы болып табылады. Сондықтан фирмалар өндіріс үрдісінің әрбір бөлігін, яғни шикізат сапасын бақылау, материялдар, жартылай фабрикаттарды қадағалаудан бастап шығарылатын өнімнің бақылау кезіндегі ғана емес пайдаланылған кездегі көрестеткіштердің техникалық мінездемеге сәйкестігін қадағалау барысында неғұрлым сапалы өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Сондықтан өнімнің сапасын бақылау өндіру үрдісінің негізгі бөліге болып отыр.
Қант өндірудің техникалық үрдістерін және дайын өнімнің сапасын бақылауды сапа басшылығы бойынша зерттеледі.
- Қант саласының жағдайы туралы мәлімет
Әлемде 1500 қамыс қантын және 1000 қант қызылшасын өңдейтін зауыт жұмыс атқарады, соның 800 жуық зауыттар Европада орналасқан. Зауыттар саны әрдайым өзгерісте болып тұрады. Көлемі жағынан кішкентай және ескірген өндірістер жұмысын тоқтатып орнына жаңа зауыттар салынуда. Мысалға бұрынғы ГДМ өндірістілігі тәулігіне 1, 7 мың. т кішігірім 42 зауыттың орнына, өндірістілігі тәулігіне 7, 2 мың. т 9 жаңа зауыт салынды.
18 ғ. басына жуық паравоз машиналары пайда болғаннан бастап, қант өндірістілігі жоғарлай бастады. Мысалы бірінші вакуум аппарат 1813 ж., қаптық сүзгіш 1824 ж., булау аппараттары және сүзгі фильтірі 1850 ж., диффузиялық батарея 1864 ж., центрифуга 1867 ж., кант кептіргіштері 1878ж., буып-тую машиналары 1891 ж. жасалған.
1747 ж неміс химигі Андреас Сигизмунд Маргграф Прусс білім академиясында қызылшаның құрамынан кант тапқанын жария етті. Сол кездердегі қызылшаның сахаристоты 1, 5% пайыздан аспау салдарынан тәжірибелік зерттеуге жетпеді. Неміс химигі Маргграф қайтыс болған соң оның оқушысы Франц Карл Ахард 1784 жылы азықтық ақ қызылшаны зерттеп бастап, одан алғаш 1799 жылы қант алды. 1799 жылы 11 қаңтарда Франц Карл зерттеу нәтижесінде алынған қанттың үлгісін Фридрих Вильгельмге ұсынады. Фридрих Вильгельм берген ақыға Карл Ахард Нижней Силезииде әлемде бірінші қант зауытын салды. 1802 жылдың науырызында 1801 жылғы жиылған 250 т. қызылшаны өңдеуге кірісті. Қызылшаны ең алдымен ағаштан жасалған тор жәшіктерде жуып, сосын үккіштерде ұнтақтады. Алынған ботқаның шырынын сығып алып оны күкірт қышқылымен тазартты. 1807 жылы өрт салдарынан зауыт толығымен жойылып кетті.
Тарихтағы деректерге сүйенсек Заморск тауырларын тасмалдаушыларынан алғаш рет 1273 жылы қант кристалын тапқан.
Алғаш қант өндірілген жылдары қант тек дәріханаларда күміс құнымен бағаланып сатылған. Оған әр бір тұтынушының қолы жете бермеген.
18 ғ. аяғына таман Ресей халқы шай сусынын тұтына бастағаннан бастап қантқа деген сұраныс жоғарлай бастады. 1718 жылы саудагер Павел Вестов қамыс қантын өңдеуге арналған зауыт салуғы Петр 1 рұқсатын алды. Петр 1 Павел Вестовқа қант сапасы шетелдерде өндірілетін қаныттың сапасынан төмен болмау керек және бағасы нарық бағасынан аспау керек деген шарттар қойды.
1719 жылы Санкт- Петербургте бірінші зауыт жұмыс атқара бастады. Осы жылы 600 пуд шақпақ-қант өндірілді (1 пуд=16, 38 кг) 1779 жылы Санкт-Петербургтің 5 қант зауыты 77150 пуд ақ қант өндірді. 18 ғ. аяғында Санкт-Петербургте, Москвада және осы аймақта ондаған қант зауыттары жұмыс істеді. Бірақ бұл зауыттарға шетелден қамыс қант шикізатын әкелінуге кеткен қаражат мемлекеттік бюджет қорынан алынып отырды. Сондықтан Ресей Федерациясы аудандарынан қызылша егуге жаппай жерлер қарастырылды. 1786 жылы басылымға «Описание растений Российского государства с их описаниемң деген алғаш нұсқау кітапшалары жарық көрді. Ақ қызылша Ресей тұрғындарына бақшалық және азықтық мәдениет ретінде танылған еді.
1792 жылы Москва университетінің фармацевтика кафедрасының профессоры Иоген Биндгейм кітап жазып шығарды, онда спирт көмегімен қызылшадан бірнеше грамм кристалды қант алған еңбегі туралы жазған. 1798 жылы Москва өңірінде егілген қызылшаның көп мөлшері алынды. 1799 жылы көктемде Иоген Биндгейм өзі өндірген қант үлгісін: қант басы түрінде, ақ құмшекер және қант шикізатын қосымша хатпен Павел 1 жолдады.
Осы жылы медициналық мамандар Иоган Бендгеймнен тәуелсіз, қызылшадан қант алудың тиімді жолдарын табу мақсатында «Способ заменить иностранный сахар домашними произведениямиң атты кітабін шығарып бүкіл Ресей губерниясына тараты.
1800 жылы кыркүйекте Ресейдің оңтүстігін еркімен қызылша егушілерге босату туралы бұйрық шықты. Осы амалдың арқасында шикізат өндіру қарқынды дами бастады.
Ресейде қызылша өңдеу технологиясына Яков Есипов Степан зор үлесін қосты. 1799-1801 ж. ж Москва губерниясы Подольск аумағында Никольск ауылында қызылша өңдеудің ерекше амалын ойлап тапты. Ол қызылша шырын әкпен тазалау арқылы қант алуға болатынын жариялады.
1802 жылдың басында Яков Есип қызылшаны өңдеп 250 кг қант шикізатынан 82 кг ақ қант алған.
1802 жылы қарашада Есипов Е. И Бланкеннагель қатысуымен Тульск губерниясы Чернск уездінің Алябьев ауылында бірінші қант қызылшалы-спирт заводын салды.
1802-1803 жылдары он бір егістіктен жиналған қызылшадан өндірістік зауытта 4, 9 т қант шикізаты алынды. Қант шикізатының тазалығы 85% пайызды құрайды. Қант өнеркәсібінің қалған қалдықтарынан этил спиртін өңдеді. 1807 жылдан бастап қант зауыттарында шақпақ-қант бөлімі жұмыс істей бастады.
1803 жылы күзде Некольск ауылында Есипов екінші ірі қант жауытын салды онда 1803 - 1804 жылдары тек қант емес спирт, ликер өндіре бастады. Ал олардан қалған қалдықтар мал азығына жіберіліп отырды. Есиповтың болжаған есебі бойынша қызылша мөлшері қант шикізатының 3, 1% пайызын құрайды.
1809 жылы Орловск губерниясының Брянск уезінде И. А Мальцев үшінші қант шикізатын өңдеуге арналған қант зауытын салды. Өнеркәсіп Брянск машинақұрылыс зауытында өндірілген отандық қондырғылармен жабдықтандырылды. Осы зауыттан өңделген шикізат Альбьевск зауытына шақпақ-қант жасауға жіберіліп отырылды. Мальцев жыл бойғы өзінің жетістіктерін жариялап қант өндіру өнеркәсібінің тиімділігін жоғарлатып отырды.
Ресей білім академиясының академигі Т. Е Ловиц бірінші отандық қант зауытында, қызылша шырынын әкпен тазартып сахарозаның су ертінділерінде жоғарғы температурада барынша берік болатынын ғылыми зерттеулер жүргізіп, анықтады.
Ф. К Ардом қызылша шырынын қышқылмен тазарту амалдарын Европа және солтүстік Америка қант зауыттары қолданып үлкен шығындарға тап болды. Күкірт қышқылы ықпал еткен сахарозаның едәуір бөлігі жойылып кетеді. Қызылша шырынын қышқылмен тазарту барысында алынған қант сатылымға аз мөлшерде жіберіледі. Қызылша шырынын қышқылмен тазарту амалы 19 ғ. 30-шы жылдары болған.
1786 жылы академик Т. Е Ловиц қант сұйықтығының құрамындағы кристалды заттардың мөлшері жоғары болуы салдарынан, көмірдің адсорбциялық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік алды.
Өндірістік орталарға жақын Ресейдің аудандарында бірінші қант зауыттары салынса, уақыт өте Украинаның қызылша егістігіне климаттық-құнарлылығы жоғары Чернозем ауданына бет бұра бастады.
1825 жылы Ресейде жеті қант зауыты жылына 240 т. қант өндірсе, ал 1860 жылы 380 зауыт 64 мың. т жоғары қант өндіре бастады. Бұлардың барлығы күшті өнеркәсіптер болды. Олардың саны жылдан жылға азайып, орнына технологиясы мен техникасы сапалы дамыған өнеркәсіптер бой көтере бастады.
Алғашқыда қызылша тамырын бумен ұнтақтап винтовый престерінде оның шырынын сығып алған болса 1834 жылы Д. А Давыдов қызылшаның ұнтағын суық суға матыру амалын ашты. 1841 жылдың басында Н. П Шишков қызылшаның ұнтағын ыстық суға матырып, престеу жолымен шырын алу тәсілін диффузиялық тәсілмен шырын алуға ауыстырды.
1864 жылы Роберт. Ю үздіксіз жұмыс істейтін диффузиялық батарея ойлап шығарды. Ол 1866 жылы Ресейде сыналды.
1850 жылы орыс академигі Г. Гесс деффектелінген шырыннан қалған әкті тұндыру үшін көмір қышқылын пайдаланды, ал 1863 жылы М. А Толпыгин көмір қышқылымен диффузиялық шырынына екі сатылы сатурациялауды ұсынды.
1851 жылы А. И Федосеев пен И. А Фоменко Бакалеевск қант зауытында әлемде бірінші рет вакуум аппаратында қант сұйықтығын ерітіп кристалл қант алды. Баяу суу барысында сұйықтық өздігінен қант кристалына айналды. Ұсақ кристалды сұйықтық төменгі құбырмен ағып формаға құйылады. Қантты және кристаларалық сұйықтығын формадан алып престегі сүлгіден өткізіп кристалдардан бөліп алды. Алынған қант шикізатын шақпақтауға дайындау: шәрбәт болғанша еріту, қант емес заттарды белсенді көмірмен тазарту, кристалдау қажет.
Өндірістік кезең бірнеше аптаға созылды. 1850 жылы зауыттар центрофугамен жұмыс істей бастады.
1854 жылы инженер М. А Толпыгин технологияны жеңілдетуге және жалпы алынған қант шикізатын шақпақтау кезеңін жоюға талпынып, бірінші сұйықтықты центрифугілеу кезінде қант кристалын бумен ағартып ақ қант алды. Бұл тәсілді Европада «русское паравой пробелкойң деп атады.
Сұйық кристалдан ақ қант алу үшін, қант кристалын бумен ағарту және центрифугілеу технологиясы тиімді тәсіл болып есептелді.
Ресейде тазартылған шырын сульфитациясын 1873 жылы қолдана бастады.
1897 жылдың аяғына таман К. Ф Абрагам, В. В Ярошевский және К. Р Закс вакуум аппаратта суыту кезінде шайқау кристализаторындағы кристалл сұйықтықты қанытсыздандыру технологиясын ойлап тапты.
1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы жылдарында Ресей аумағында 235 қант зауыты жұмыс істеген. Бұл зауыттар тәулігіне 137 мың. т дейін қызылша өңдеген. Бір зауыт жарты тәулікте 0, 57 мың. т қант қызылшасын өңдеген. 1914-1915 жылдары бұл қант зауыттары 1, 71 млн. т қант өндірген.
Бірінші дүниежүзілік соғыс және азаматтық соғыс кездерінде көптеген қант зауыттары қирап, 1921-1922 жылдары қант өндіру 51 мың. т төмендеді.
1922 жылдың аяғында кант өндіру жоғарлап көптеп қант зауыттары бой көтере бастады. 1930 жылы қант өнеркәсіптерінің өнімі екі есе жоғарлады. 1930 -1931 бір мезгілде 1, 78 млн. т құмшекер өндірілді.
1940 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы жылдарында отандық қант өнеркәсіптерінде 2, 17 млн. т қант өндірілді. Соғыс жылдары көптеген шығындар мемлекетке зиянды әсерін тигізді. 1950 жылдарға таман Кеңес үкіметі шекараларындағы қант зауыттары толығымен қайта салынып жұмысқа кірісті.
1991 жылы Кеңес үкіметінде тәулігіне 840 мың. т қызылша өңдейтін 318 қант зауыты жұмыс істеді. 1990-1991 жылдары 12, 3 млн. т қант өндірілді, оның 3, 8 қамыс қант шикізатынан өндірілген.
Қазіргі кезде Ресей Федерациясында 95 қант зауыттары жұмыс атқарады. Бір зауыт тәулігіне орта есеппен 2, 84 мың. т қызылша өңдейді. Қызылша егістік жерлері 1, 5 млн. га азайып қалды.
Алғашқы да айтылғандай Ресейде 18 ғ. шақпақ-қант өндіру зауыты шетелден әкелінетін қамыс қантын өңдесе соңғы жылдары өнеркәсіптер қант қызылшасын өңдеп, шақпақ-қант өндіреді. Бірінші қант зауыты тәулігіне 0, 5 т шақпақ-қант өндіреді. 1938 жылы құйылған шақпақ-қант сапасына сәйкес, тығыздалған шақпақ-қант алу тәсілдері қарастырылды.
Қазіргі кезде Ресейде арнайы үш шақпақ-қант өндіру зауыты, қант қызылшасы зауытында 8 шақпақ-қант өндіру бөлімшелері жұмыс атқарады.
Шетелде қызылша өсірудің үздік технологиясы енгізу, тұрақты өнім алу және көлік қатынасы саласын дамыту барысында қызылша өңдеу, бірлік қуаттылығы бойынша тәулігіне 6-12 мың. т өңделеді.
Төменде 1993 жылғы ЕЭС елдерінде қант өндіру өнеркәсіптерінің ( мың. т/ тәу) орта өндірістіліг мөлшері көрсетілген.
1 кесте
Франциядағы ``Connatre`` қызылша өңдейтін әлемдегі ең үлкен зауыты. Ол тәулігіне 25 мың. т қызылша өңдейді. ФРМ ``Plattlіng`` қант зауытының өндірістік қуаттылығы тәулігіне 15 мың. т. 1992 жылы Тайланд мемлекетіне өндірістік қуаттылығы тәулігіне 26 мың. т қамыс қанттын өңдейтін ``Super Fabrіk`` зауыты пайдалануға берілді. Мұнда 12 мың адам екі кезекпен 10 сағат жұмыс атқарады
1. 2 Өндірістегі сапа менеджменті және сапа мәселелері
Сапа менеджмент жүйесін құру үшін, өндірістің жоғарғы басшылығының стратегиялық шешімі қажет етіледі. Өндірісте сапа менеджмент жүйесін әзірлеуге және енгізуге өндірістің өзгерген қажеттіліктері, нақты мақсаттары, өндірілген өнім, қолданылатын үрдістер, көлемдер және құрылым әсер етеді. Осы стандарт сапа менеджментінің сегіз принципіне негізделеді. Бірақ ол сапа менеджменті жүйесінің құрылымдағы біркелкілікті немесе құжаттамадағы біркелкілікті ұсынбайды.
Өндірістің мақсаттары:
- өзінің тұтынушыларының және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың (өндірістің қызметкерлері, жеткізушілер, иелер, қоғамдар) қажеттіліктері мен күтүлерін анықтау және қанағаттандыру, бәсекелік кұресте артықшылықты қамтамасыз ету және осыны нәтижелі және тиімді жүзеге асыру;
- өндірістің жалпы тиімділігі мен мүмкіншіліктерін жету деңгейінде ұстау және көтеру.
Сапа менеджменті принциптерін қолдану, тікелей пайданы қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге шығындар мен тәуекелдер менеджментіне маңызды салым енгізеді. Пайдамен шығындар және тәуекел менеджментімен пайдалы ойлар өндіріс, оның тұтынушылары және басқада қызығушы тараптар үшін маңызды. Өнеркәсіптің жалпы тиімділігіне қатысты ойлар:
- тұтынушылар ықыластылығына;
- қайталама іскерлік қарым-қатынастар мен үндеулерге;
- кіріс және нарықтағы үлес сияқты жұмыс нәтижелері;
- нарық мүмкіншіліктеріне икемді және тез әсер ету;
- шығындар мен ресурстарды оңтайландыру арқылы, сондай-ақ нарық өзгерістеріне бейімділік және бірдей әсер ету арқасында өндіріс үшін, құндылық құру мүмкіншілігіне әсер ете алады.
Өндірістің жетістіктерін жетекшілік және басшылық жүйелі және ашық менеджментті талап етеді. Жетістікке жету үшін қызығушы тараптардың қажеттіктерін есепке алып өндірістің нәтижелелегі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін енгізу және үнемі жұмысшы қалыпта ұстау керек.
Сапаның стандарттарын ұстап тұру маңызды бәлсенділік туғызып отыр. Сапаға деген қызығушылық барысында сатып алу сұрағына ұжымдық көзқарастар пайда болды.
Сапа мәселесі экономикалық, социалдық және экологиялық қауіпсіздіктің маңызды шарты. Қазіргі заман әдебиеттерінде және тәжірибеде сапа түсінігіне әртүрлі тұжырымдар берілген. Стандартау жөніндегі халықаралық мекеме өнімнің барлық қасиеттерін және мінездемесін немесе ұсынылған және келісілген талаптардың қанағаттандырылуын анықтайды. Бұл стандарт сапа қамтамасыздандырылуы, сапа басқару деген түсініктерді жүргізді.
Өнеркәсіп сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, құжаттау, енгізуі, жұмысшы жағдайында ұстауы және осы стандар талаптарына сәйкес оның нәтижелілігін ұдайы жақсартып отыруы керек.
Өндіріс:
- сапа менеджментінің жүйесіне қажетті үрдісті анықтауы және оларды барлық өдірісте қолдануы;
- осы үрдістің бірізділігін және өзара әрекетін анықтау;
- осы үрдістерді жүзеге асыруда, сондай-ақ басқаруда нәтижелілікті қамтамасыз етуге қажетті критериилер мен әдістерді анықтау;
- жоспарланған нәтижелерге жету және осы үрдістерді үнемі жетілдіру үшін қажетті шараларды қабылдауы керек.
Өнеркәсіп осы стандарттың талаптарына сәйкес осы үрдістердің менеджментін жүзеге асыруы керек.
Егер өнеркәсіп өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін қандайда болсын үрдістерді орындауды басқа өнеркәсіптерге беруді шешсе, ол өз тарапынан осы үрдістерге бақылауды қамтамасыз етуі керек. Оларды басқару сапа менеджментінің жүйесінде анықталуы керек.
Жоғарғы басшылыққа:
- нақты түсінікті болатын, нәтижелілігі мен тиімділігі тұрғысынан менеджментке салынған және жетілдірілген жүйелер үрдістерді анықтау;
- үрдістерді нәтижелі және тиімді орындау және басқару, сондай-ақ ұйымның қанағаттандырарлық әрекетін анықтау үшін көрсеткіштер және деректермен қамтамасыз ету арқылы тұтынушыға бағдарланған өндірісті құруы керек.
Тұтынушыға бейімделген өндірісті құру жөніндегі қызмет мысалдары:
- өндіріс қызметін жақсартуға жеткізетін үрдістерді анықтау және көтеру;
- үнемі үрдістер туралы деректер мен ақпараттарды жинақтау және пайдалану;
- үнемі жақсарту бағытында даму;
- өзін өзі бағалау және басшылық тарапынан талдау сияқты үрдістерді жетілдіруді бағалау үшін қажетті әдістерді қолдану болып табылады.
Өндіріске сапа менеджментінің принциптерін пайдалану.
Өндірісті жемісті жетекшілік ету үшін менеджменті жүйелі және ашық жүзеге асыру керек. Осы стандартта ұсынылатын ұйымға жетекшілік ету үшін ұсыныстар сапа менеджментінің сегіз принципіне негізделген.
Бұл принциптер өндіріс қызметін жақсарту мақсатымен жоғарғы басшылықпен қолдану үшін әзірленеді. Олар осы стандарттың мазмұнына енгізілген. Олар:
- Тұтынушыға бейімделу
Өндірістер өздерінің тұтынушыларына мүдделі, сондықтан олардың ағымдағы және келешектегі түсінуі, олардың талаптарын орындауы және олардың күтүлерінен асып түсуге ұмтылу керек.
- Басшылық жетекшілігі
Басшылық өндіріс қызметінің мақсат және бағыт бірліктерін қамтамасыз етеді. Олар өндіріс қызметкерлері міндеттерін шешуде толықтай тарту үшін ішкі орган құрып демеу жасау керек.
- Қызметкерлерді тарту
Барлық деңгейдегі қызметкерлер өндірістің негізін құрайды, және олардың толықтай тартылуы өндіріске олардың мүмкіншіліктерін барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
- Үрдістік келісім
Қызмет және қажет ресурстармен үрдіс ретінде басқарған жағдайда қажетті нәтижеге тиімді жетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz