Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі 5
1.1. Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері 7
1.2 Әлеуметтік экономикалық статистикалық көрсеткіштер жүйесі 13
1.3. ҚР Білім беру туралы статистикалық көрсеткіштердің мазмұны мен мәні
16
2. ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ 26
ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 26
2.1 Білім туралы мәліметтердің статистикалық есебін ұйымдастыру 26
2.2 Мемлекеттік статистика органындағы статистикалық жұмыстардың
ұйымдастырылуы 32
2.3. Білім туралы көрсеткіштерді есепке алу және оны компьютерлік
техниканы қолдану жолдары 42
3. Халыққа білім беру көрсеткіштерін статистикалық талдау 48
3.1. Халыққа білім беру көрсеткіштерінің динамикасын талдау 48
3.2 Халықтың білім дәрежесінің өзгеруіне әсерін тигізетін факторларды
талдау 69
Қорытынды 71
Қолданылған әдебиеттер 72

КІРІСПЕ

Білім – бүгінгі күні жалғыз шынайы капитал.
Халықтың білім беруді дамыту – капитал құрудың
ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны,
олардың білімдерінің сапасы және осы
білімдерін қолдануы –елдің байлық өндіру
қабілетінің ең маңызды көрсеткіші.
Питер Друкер.

Білім – жалпы кез-келген ел үшін адам капиталын дамытудың маңызды
элементі. Тек әлеуметтік қалыптасру мен аналитикалық қабілеттерін дамытуды
қамтамасыз ететін тиісті дайындық алған азаматтар ғана ұлттық экономиканы
алға жылжытады, балаларды оқытады, азаматтық қоғамның тірегі болады, орта
буынды қалыптастырады, тиімді жұмыс істейтін үкіметті басқарады және барлық
қоғам өміріне әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдайды.
Сапалы білімге қол жеткізілуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекетіміз
өз азаматтарын білім алуға деген ата-заң құқықтарын қамтамасыз ете алды.
Еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет дәрежесіне ие болуы, қазақ тілінің
мемлекеттік статус алуы, тұңғыш ата-заңымыз конститутцияның қабылдануы
білім беру заңы мен тұжырымдамаларының қайта қаралуы ұрпақ тәрбиесіне деген
көз-қарасты түбегейлі өзгертіп, жаңаша жұмыс істеу, оқыту мен тәрбиелеу
процесін жаңаша құру, қазіргі заман талаптарына сай білім мазмұнын
жаңартуды қажет етіп отыр.
ҚР орта білім туралы тұжырымдамасында орта білімнің жүйелік
реформасына шарттылықтар құрсауын бұзуға көмектесіп, барлық жаңалықтар мен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым-қатынас, жаңа тактика
қажет екені айтылған. Ғасырлар тоғысында дәстүрлі білім жүйесі айтарлықтай
нәтижелігіне қарамастан, қоғамның даму барысындағы білімдегі дағдарыстың
шиеленіскен жағдайларында пайда болатын білім беру міндеттерін атқара
алмайтыны айқындалып отыр. Осыны ұғыну туындап отырған проблемаларды шешу
жолдарын, білім беру жүйелерін дамытудың жаңа бағыттарын іздестіруге алып
келді.
Қазақстан -2030 стратегиясындағы, негізгі бағыттардың бірі ретінде
білімі мен білігі жағынан шетелдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін,
отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу міндеті
қойылды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы жобасында ұсынылған білім берудің мақсат міндеттерімен
мазмұны, басты стратегиялық бағыттары мемлекетіміздің білім беру саясатының
негізін айқындайды.
Мемлекеттің Елбасшысының Қазақстан халқына 2005 жылға арналған
Жолдауы Бәсекеге қабілетті халық, ең алдымен, оның білімділік деңгейімен
анықталады деп акцент жасалды. Бүгін қазақстандық халықтың білімділігіне
жету жоғарғы әлемдік жетістіктер мен үлкен отандық тәжірибеге сәйкес жағдай
жасауды талап етеді. Жоғары кәсіби кадрлар, кәзіргі заманғы материалды-
техникалық база, білім мекемелерінің дамыған инфрақұрылымы, тұрғындардың
кең жігін қатысуымен тиімді басқару, қаражатты есепке алу және ашық қолдану
уақыттың өзекті талабы болып, бәсекелестікке қабілетті ұлтты қалыптастыруға
жағдай жасайды.
Білім мәдениеті жүйесіндегі Кеңес дәуіріне тең дағдарыс
республикалардың саяси егемендік алуымен өтіп кете қоймай, шиеленісе түсіп,
өзінше түрленіп тың көріністерге ие болды. Қазақстанда бұл үрдістен тыс
қалған жоқ. Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім беру жүйелерінің кәзіргі
жағдайында өркениеттіліктің халықаралық стандартына жету, балалар мен
оқушыжастарды әлемдегі көркемдік, философиялық, ғылыми-теориялық, рухани
мәдениетке, ең алдымен, өз халқының мәдениетіне баулу арқылы білім беруді
әмбебаптандыру алда тұрған басты мәселе. Жан-жақты білімді тұлға тәрбиелеу
қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты ретінде білім беру жүйесінің қалыптасу
кезеңдегі басты тактикалық мақсаты болу керек.
Білім – адамның әлеуметтенуінің негізгі факторы, оның тұлғаға айналу
жолы. Білім мен оның институттарының (мектепке дейінгі білім беру
мекемелері, мектеп институт және т.б.) міндеті бір жағынан баланы
әлеуметтендіру, яғни оны қоғамда өмір сүруіне негіз болатын ниетіне,
мұратына, сенімі мен ұстанымына әсер ету. Шын мәнінде бұл қоғамның өз
мүшесіне Бәрі сияқты бол деген талабы, ал екінші жағынан білім беру мен
тәрбиелеудің міндеті – тұлғаны жан-жақты дамыту, яғни оның толық өзін-өзі
айқындауына, көрсете білуіне қол жеткізу. Тұлғаның өз абырой-беделін көтере
білу әлеуметтік-тарихи қолайлы жағдайларға және тәрбиеге байланысты, яғни
бұл өзіңдігіңді жоғалтпа деген талап.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Білім туралы заңының 8 бапта
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау - деп атап көрсетілген.
Дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым Қазақстан халқының білім беру
жүйесін және де Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін
мектептер, арнаулы оқу орындары, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік білім беру динамикасына талдау жасап өз білімімді дамыту.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Төменде әр тарауға жеке тоқталамыз.

1. ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі

Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның
танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көз-қарасын жетілдіру процессі. Ұлттық
білім беру адам дамуына елеулі әсер етеді. Қалыптасқан білім беру жүйесінде
өз бейнесін тапқан оқыту ережелері мен негізгі ұстанымдар ұлттық
сауаттылықты ашықтап, ғылыми техникалық процеске әсер етеді және де ұлттық
экономиканың дамуына маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесі
жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 10 жыл бойы білім беру жүйесін реформалау
үрдісінде бөліп қарауға болады.
- 1991-1993 жылдар: Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесінің құқықтық
базасының құрылу кезеңі.
- 1993-1995 жылдар: білім берудің мазмұнын концептуалды тұрғыда қайта
қарау.
- 1995-1997 жылдар: білім беру мазмұнын концептуалды тұрғыда өзгерту
жұмысын жалғастыру. Стратегиялық негізде жаңа оқулықтар мен білім
жүйесін ақпараттандыру бағыттарындағы ұзақ мерзімді мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асыруды бастау.
Осы кезеңде білім жүйесін басқаруды орталықтандыру меен қаржыландыру
үрдісі, оқу орындарының типтері мен олардың жеке меншіктілігін
диверсификациялау іске қосылды.
- 1998-2000 жылдар: стратегиялық сипаттағы орта мерзімді және ұзақ
мерзімді перспективадағы білім беруді дамытудың негізгі
приоритеттерін анықтайтын құжаттары
- Білім туралы Заңды (1999), Білім мемлекеттік бағдарламасын
(2000) Білім берудің 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы (2001)
құру мен бекіту.
- 2004 жыл:
2004 жылдың 24 ақпанында 2015 жылға дейінгі Қазақстандық білім жүйесін
реформалаудың негізі болатын 2015 жылға дейінгі Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін дамытудың Тұжырымдамасы
қабылданды.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы құрылып, бекітілді.
Білім беру жүйесін реформалауда осы саладағы қызмет етіп жатқан
құқықтық қағидалар қайта қарауды қажет ететіндіктен жүйені басқару
мәселесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде білім беру аясындағы мемлекеттік
саясатты анықтауға жауапты мемлекеттік органдарды анықтау мәселесі тұрды.
ҚР-ң Білім туралы заңына сәйкес білім беру аясындағы мемлекеттік саясатты
жүзеге асыруға жауапты басқару органдарын сызба түрінде қарастыруға болады.

1 сурет. Білім беру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты
басқару органдарының сызбасы.

ҮКІМЕТ


Білім және Ғылым министрлігі білім беру
аясындағы орталық атқарушы орган



Жергілікті атқарушы Білім беруді басқарудың жергілікті
органдар (әкімшіліктер) органдары (облыстық, қалалық,
республикалық мағынадағы қалалар мен
астаналық, аудандық білім беру
бөлімдері)

ҚР. Президенті ҚР ғылым және білім беру қызметкерлерінің III
съезінде: Қазақстан өмірдің барлық салаларындағы көптеген мәселелерді шешу
мүмкіндігі туып тұрғанда жаңа даму кезеңіне өтті, сонымен қоса, білім мен
ғылым саласында да. Ел экономикасының өсуі тек қана қаржылық инвестицияны
қажет етпейді. Көп деңгейде адамдық себепкер мортпен, интелектуалдық
салымдармен қамтамасыз етіледі.

1.1. Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері.
Статистика жалпылама құбылыстарды зерттейтіндіктен, стат-көрсеткіш –
бұл белгілі бір жиынтықтың, топтың жалпы сипаттамасы. Осынысымен ол
жекелеген мәндерден белгілерден ерекшеленеді.
Мысалы, тұлғалардың өмірінің күтілетін ұзақтығы – стат.көрсеткіш.
Нақты бір адамның өмір ұзақтығы –белгі. Әрдайым стат.көрсеткіш сандық дерек
болып табылмайды. Ол абстрактілі және дерексіз де болуы мүмкін. Бұл
жағдайда процент, прошиль және с.с. бірліктер үлесінде беріледі. Деректі,
атаулы сандар болып абсолюттік стат.көрсеткіш табылады.
Көрсеткіш – бүтіндей алғанда топтың немесе жиынтықтың бірліктерінің
сипаттамасы. Оны құру стат. Зерттеу мен өнертапқыштың мақсатына байланысты.
Фирманың жұмысшыларының немесе қала тұрғындарының орташа жасы – бұл
белгіленген топтың жасын беретін стат.көрсеткіш стат.зерттеудің объектісі
әртүрлі құбылыстар мен процестер болуы мүмкін. Сондықтан стат.көрсеткіштің
де түрі де көп болып келеді. Аталмыш бөлімде стат.көрсеткіштің жалпы
сыныпталуы қарастырылады (1 кесте). Оның нақты түрлері мен нысандары
оқулықтарда, математикалық, әлеуметтік экономиканың және стат. пәндердің
салаларында берілген.

1 кесте
Стат. көрсеткіш сыныптамасы
Көрсеткіштің сапасы Көрсеткіштің саны бойыншаСипаттайтын қасиетіне
бойынша қатынасы бойынша
Нақты объекттердің Абсолюттік Тура
қасиетінің көрсеткіштері
Кез-келген жалпы Қатысты Кері
құбылыстар мен
процестердің стат-қ
қасиетінің көрсеткіштері

Зерттелуші объектің нақты қасиетінің көрсеткіштері – бұл, мысалға
бұған дейін айтылған ко-ң жұмысшыларының орташа жасы, ко-н өткізген өнім
көлемі, мемлекеттің ЖІӨ-мі, фермадағы бір сиырға шаққандағы сауылатын сүт,
автопаркпен тасымалданатын жүк көлемі, туу, өлім-жітім, халықтың тауар және
қызметпен қамтылуы, Ұлттық бпйлық, елдің жан басына шаққандағы табысы және
т.б. Бұл көрсеткіштердің ерекшелігі тек қана статистикамен ғана
құрылмауында. Бұл көрсеткіштерді құруда олардың сапалық мазмұнымен нақты
ғылым негізінде анықталады: туу көрсеткіші – демографиямен, жіө көрсеткіші
– экономиканың теориямен, мал өнімділігі – ауыл шаруашылықтармен.
Статистика осы көрсеткіштердің нысаны мен сандық есептеуінің әдісіне жауап
береді.
Көптеген құбылыстар мен процестердің кез-келгенінің стат. қасиеті
көрсеткіштері бұл құбылыстың нақты мазмұнынан тәуелді болмағандықтан жағдай
басқаша болады. Бұндай стат. көрсеткіштерге: орташа шама, вариация
көрсеткіштері, белгілердің байланыс көрсеткіштері, таралудың құрылымы мен
сипаттамасының көрсеткіштері, өзгерудің темпі және жылдамдығы көрсеткіші,
динамика және ауытқу көрсеткіші, кез-келген нақты стат.көрсеткіштің
сенімділігі мен нақтылық дәрежесін стат. бақылау;
Бұл көрсеткіштердің сандық, сапалық жағына, оларды құруға, талдап
түсіндіру мен қолдануда басқа ғылым емес статистиканың өзі жауап береді.
Бұндай көрсеткіштердің жүйесі стат. әдістердің дамуы барысында құрылады
және жетілдіріледі, сондықтан алдымызда осы көрсеткіштерді құру, олардың
қасиеті мен қолданылуы туралы қарастырамыз. Теориялық стат. жалпы түрде осы
көрсеткіштердің мазмұнын, нысанын, есептеу әдісін жетілдіреді және
зерделейді: орташа арифметикалық шама, вариация коэффициенті, динамика
қатарларының трендтік тегістеу деген не саны қарастырады.
Картоптың өнімділігі – жалпы түсімнің себілетін алаңға қатынасы,
елдегі қала халқының үлесі – қала халқының елдегі барлық халық санына
қатынасы.
Қатысты шамалардың негізгі түрлері дерексіз сандар түрінде беріледі,
сонымен бірге деректі де болуы мүмкін. Бұлардың құрылуы стат-ң әртүрлі
әдістерін қолданумен байланысты.
Қатысты шамаларды құру – стат-ң әдістемеліктің жалпы заңдылығын және
объект қасиетін нақты білудің үйлесімін талап ететін міндеттеме. Қатысты
көрсеткіштерді құрудың жалпы логика –стат-ң принциптеріне тоқталайық.
Бірінші принцип. Қатысты шама 2 объективті байланысты абсолюттікті
шаманы салыстыру сияқты, біздің қалауымызға тәуелді болмауы тиіс. Егер бұл
шарт орындалмаса, Бақшада бадам бар, Киевте ағам бар деп отырамыз. Бадам
мен ағамды математикалық байланыстыруға, бір санды бір санға бөлуге болады,
бірақ ешқашанда бұдан қатысты шаманы құра алмаймыз. Салыстырылатын
көрсеткіштер арасындағы мағынасына қарай үйлесімдікті алуымыз керек.
Мысалы, халықтың сауаттылығының деңгейін сипаттайтын қатысты көрсеткіштер
құрғымыз келді. Сауаттылар санын барлық халық санына бөлуге болады, бірақ
бұл жақсы көрсеткіш емес, себебі, 6 жасқа дейінгі балалар, бала кезінен
мүгедектер, рухани аурулар білімді, дені сау адамдармен тең тұра алмайды.
Қатысты шаманы құру барысында адамдардың бұл категорияларын шегеруге тура
келеді.
Екінші принцип. Қатысты статистикалық көрсеткіш құруда салыстырудағы
шамалар тек бір атрибутпен ерекшеленуі мүмкін не болмаса белгі түрімен
(бірдей объектте, уақыт аралығында, көрсеткіштердің жоспарлы немесе нақты
сипатында), немесе уақытпен, не болмаса көрсеткіштің жоспарлы, нақты немесе
мөлшерлі сипатымен. Екі немесе одан да көп атрибутта салыстыруға болмайды.
Айталық, АҚШ-ң 2000 жылғы көмірден түскен түсімі мен Ресей Федерациясының
2002 жылғы болат қорытуы.
Егер осы көрсеткіштердің кез-келгені белгілі бір объект, белгі, уақыт
аралығына есептелсе, онда бұл нақты көрсеткіш болып табылады. Статистикалық
көрсеткіштер абсолютті және қатысты болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер болып, объектің бірліктерінің жалпы саны,
жалпы қасиеті табылады. Мысалға, оңтүстіктегі шаруа қожалығының 2003 ж. 1
қаңтарына берілген саны, аудандағы картоп себетін алаң, нақ бір айға немесе
жылға тұтынуға кеткен қаржы сомасы, және т.б.
Абсолютті көрсеткіштер натуралды бірлікпен өлшенетін шама тонна,
дана, сағат, ампер және тағы басқалармен.
Шартты өлшем бірліктері: отын, ауысым мөлшері, т.б. Не болмаса
ақшалай бірліктер де: тенге, доллар, рубль. Бұлар объекттің бастапқы
белгілерінің мазмұны сапасы сипаттайды.
Ғылым объекттің жекелеген қасиеттерін ғана сипаттаумен
шектелмейтіндігі баршаға түсінікті. Сондықтан статистика абсолютті
көрсеткіштермен шектелмейді. Ол әртүрлі абсолюттік шамалардың арақатынасын,
уақытқа қарай өзгеруін, өзара қатынасын және қоршаған ортамен байланысын
өлшейді және сипаттайды. Статистика басқа да ғылымдардай салыстыру, талдау
түсіндіру, жинақтау сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданады.
Қатысты көрсеткіштер болып, абсолюттік немесе қатысты көрсеткіштердің
кеңістікте, уақыт бойынша немесе зерттеуші объекттің әртүрлі қасиетін
салыстыру табылады.
Абсолюттік шамаларды салыстыру барысында алынған қатысты стат.
көрсеткіштер – бірінші реттік қатысты көрсеткіштер деп аталады, ал қатысты
шамаларды салыстыру барысында алынғандары – жоғарғы (2,3-ші) ретті
көрсеткіштер.
Төртінші реттен жоғарғы көрсеткіштер талдау қиыншылығына байланысты
қолданыла бермейді.
Статистика қатысты көрсеткіштер абсолюттік шамалар арасындағы
байланысты көрсетеді.
Статистиканың қоғам дамуында, қоршаған ортаны ғылыми тануда және
кәсіпорын, мекемелерді басқарудағы мәні мен ролі бұған дейін айтылған
болатын. Енді осы сұрақтарды стат.көрсеткіштер түрлері мен жүйесіне
қолдануды нақтылаймыз.
Стат көрсеткіш пен оның жүйесінің негізгі қызметі болып танымдық
ақпараттық қызметі табылады. Стат. ақпаратсыз табиғи және әлеуметтік
құбылыстардың заңдылығын, олардың болашағын білу мүмкін емес. Сол сияқты
но, шаруа қожалығын, қала немесе аудандық, мемлекеттік немесе мемлекет
аралық деңгейде басқару мүмкін емес.
Жеке адам немесе жанұя, орташа айда немесе жылда тамақ өнімдеріне,
киім және аяқ киімге, коммуналдық төлемдерге шығынды есептемей, өз бюджетін
жоспарлап, қаржысын ұтымды жұмсай алмайды.
Фермерге өз жерінің бірнеше жылдардағы орташа өнімділігін, ауа-райына
байланысты өнімділіктің тұрақтылығы мен ауытқуын, орташа тыңайтқыштың
бағасын, машина бөлшектерінің орташа сыну бөлшегін және т.б.
Стат. көрсеткіштің танымдық-ақпараттық қызметі арасында мониторинг
қызметі ерекшеленеді –есептелетін көрсеткіштің тұрақтысымен тұрақты бақылау
жүріп отыруы. Мысалы, Ресей орталық банкінің коммерциялық банктер қызметіне
мониторингі бар. Сонымен қатар көрсеткіштер әлеуметтік кернеуді білдіре
отырып, сигналдар жүйесінің ролін атқарады. Бұл қызметімен көрсеткіштер
елдің экономикалық қауіпсіздігін, елдің территориясы бойынша инновацияның
орталықтардың теңдей таратылуын көрсетеді.
Стат. көрсеткіштің ақпараттық танымдық қызметін орындау шарты болып
олардың ғылыми негізі және жеткілікті де сенімді, сонымен бірге сандық
анықтамасы табылады.
Бонжалдық қызметі, яғни стат. көрсеткіштің болашақты анықтау ролі
ақпараттық қызметімен тығыз байланысты. Әрине, бұл қызметті барлық стат.
көрсеткіштерге тән деп айта алмаймыз, тек жалпы процестердің моделін
жасағанда қолданылады.
Бағалау қызметінің маңызы осының негізінде адам, қоғам, мемлекет но,
ұйым, үкімет, еңбек және шығармашылық ұжымның қызметін бағалайды.
Жарнамалық-насихат қызметі. Жарнама бір жағынан – бұл нарықтық
экономиканың ажырамас бөлігі. Әрине стат.көрсеткіштерді фирмалардың қолдану
себебі адамдардың сөз емес сандарға сенім білдіретіндігінде. Бұл жерде
нақты санды жоспарлықпен ауыстыру (яғни қалауы бойынша) қаупі бар. Өйткені
нақты сандар жарнама көздеген мақсатқа жеткізбейді.
Үшінші принцип. Қатысты шаманың п.б. шекараларын білу қажет. Мысалға,
вариацияның қатысты шамалары мәнін жоғалтады және оның бөлімі – белгінің
орташасы – нөлге жақын болғанда қолданылмайды, себебі бөлімі нөльге
ұмтылғанда, қатысты шама шексіздікке ұмтылады. Егер ағымдағы және базистік
кезеңдегі бастапқы көрсеткіштер әртүрлі белгілерге ие болса, онда мағынасы
кетеді және де динамиканың қатысты шамасы -өсу қарқыны қолданылмайды. Егер
нл 2000 жылы 150 млн тг. зардап шексе, 2001 жылы 300 млн тг табыс тапса,
қаржылық нәтиже 2-есеге өсті деп айта алмаймыз. + 300 150 деп -2-ге өсті
демейміз. Кей белгінің шекті шамаға жуықтау шамасын өлшейтін қатысты
шамалар көбею шегінде 1-ге ұмтылуға, ал екінші шекте 0-ге ұмтылуы тиіс.
Осылайша белгілердің тығыздығын, ресурстарды тиімді пайдалану дәрежесін
есептейтін коэффициенттер құрылады.
Өндірістік процестердің экономиканың, әлеуметтік және экологиялық
тиімділігін сипаттауда бұндай тиімділіктің қатысты шамаларын құрастыруға
тура келеді.
Зерттелуші стат. объектердің (процес жиынтықтары) белгілері,
қасиеттері бөлектенбеген, олар өзара байланысты. Сондықтанда бұл
қасиеттердің көрсеткіштері аз не көп толық жүйені құрады. Өзара байланысты
көрсеткіштер саны 2-3 тен жүзге дейін жетеді.
Абсолюттік көрсеткіштер
1. Негізгі өндірістік қор құны –
2. Өнеркәсіптік -өндіріс жұмысшылары саны –
3. Өнеркәсіп өнімінің көлемі -
Қатысты көрсеткіштер
1. Қормен жұмысшылардың жарақтануы:
2. Қор қайтарымдылығы
3. Еңбек өнімділігі
Бұл жүйенің әрбір көрсеткіші қалған көрсеткіштер бойынша есептелінеді.
Бұл көрсеткіштер жүйесінің қатаң детерминациясының арифметикалық тексеруге
жүгіндіреді. Мысалы, еңбек өнімділігі қормен жарақтану мен қор
қайтарымдылығының көбейтіндісіне тең болу керек. Өнеркәсіп өнімінің көлемі
3 көрсеткіштер көбейтіндісіне тең: жұмысшы саны, қормен жарақталуы, қор
қайтарымдылығы.

1.2 Әлеуметтік экономикалық статистикалық көрсеткіштер жүйесі

Статистиканың жалпы теориясы – қоғамдық құбылыстар мен процестерді
статистикалық әдістер арқылы бақылап жалпы принциптерін өңдейді.

Статисканың жалпы теориясы



Экономикалық статистика Әлеуметтік статистика




Экономикалық статистика – бұл ұлттық экономикалық жағдайын көрсететін,
өндірістік күштердің шоғырлану ерекшеліктерін көрсететін қаржы және еңбек
ресурстарын қолдану деңгейінің көрсеткіштерін синтетикалық өңдейді және
анализ жасайды.
Экономикалық статистиканың салалары – (промышленности) - өнеркәсіп
статистика, ауыл шаоуашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, еңбек, табиғи
ресурстар, қоршаған ортаны қорғау және т.с.с. Олардың міндеттері –
статистиканың көрсеткіштерге өңдеп анализ жасау және соған сәйкес
салалардың дамуы.
Ірі салалық статистика кіші статистикалық салаларға бөлінуі мүмкін.
Мысалы, өндірістік статистикасы – машина жасау, металлургии, химия. Ал ауыл
шаруашылығы статистикасы – жер өңдеу және мал шаруашылығы статистикасын
жатқызамыз.
Әлеуметтік статистика – халықтың өмір сүру деңгейінің және т.б.
әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін мінездейді. Оның салалары: халық
статистикасы, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, құқық және
т.с.с.
Халық статистикасы көрсеткіштері – халықтың саны және оның
географиялық орналасуы. Сонымен қатар түрлі белгілері бойынша оның
құралының көрсеткіштері жатады.
Яғни – 1) халықтың саын оның ішінде қала, ауыл халқы.
- еркектер мен әйелдер саны
- халықтың ұлттық құрамы
2) Халықтың қозғалысы нәтижесі ретінде халықтың ұдайы өсуін қарайды.
Халықтың табиғи көрсеткіштері: оған – туу, өлу көрсеткіштерінің саны,
некелескендер мен ажырасқандар саны.
3) Халықтың механикалық көрсеткіштері.
- эмигранттар саны
- импергранттар саны.
Мәдениет статистикасы – көрсеткіштері.
- театрлар,
- кітапханалар
- мұражайлар.
Денсаулық сақтау статистикалық көрсеткіштеріне медициналық мекемелер
жүйесі, қызметі және кадрлары, аурудың жекелеген түрлері, түрлі деректер
көрсетіледі.
- дәрігерлер саны
- орта медициналық қызметкерлер саны.
- Дәрігерлік мекемелер саны
- Ауру-сырқаулық деңгейі
- Мүгедектер саны.
Құқық (статистикасы) бұзушылық статистикасы көрсеткіштері. ҚР Бас
прокуратурасының құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінің
қылмыстық жағдайы туралы.
- қылмыстық
- тіркелген қылмыс
- жеке адамға қарсы қылмыс.
- Ауыл қылмыс.
- Экономикалық қылмыс
- Кәмілетке толмағандар қылмыстығы
- Сотталғандар саны.
Білім берудің статистикалық көрсеткіштері.
- мектепке дейінгі тұрақты мекемелердің саны, оның ішінде қалалық
мектептерде, селолық жерлерде, ондағы балалардың саны.
- күндізгі жалпы білім беретін мекемелер саны соның ішінде түрлі
пәндерді тереңдетіп оқитын мектептер, гимназиялар мен лицейлер саны.
- Оқушылар мен мұғалімдер саны. Жалпы білім беретін мектептерді
бітіргендердің саны оның ішінде күндізгі, кешкі, ауысқандар саны.
- кәсіптік-техникалық мектептер мен онда білім алатын оқушылар саны.
- колледждер. Оқу орындарының саны, онда қабылданған оқушылар,
бітірген мамандар саны.
- жоғарғы оқу орындарының саны, ондағы білім алатын, қабылданған,
бітіргендер саны. Соның ішінде бөлімдерде оқығандар: күндізгі, кешкі,
сырттай.
- аспиранттар саны, қабылданғандары және бітіргендері.
Білім берудің статистикалық көрсеткіштері туралы толығырақ келесі
бөлімде көрсетіледі.

1.3. ҚР Білім беру туралы статистикалық көрсеткіштердің мазмұны мен мәні

Білім статистикасы – мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру.
Мекемелері, кәсіптік мектептер, орта және жоғарғы мамандандырылған оқу
орындары туралы қызметтердің іске асырылуын оқытады.
1. Білім беру жүйесінің сандық көрсеткіштері.
- мектепке дейінгі мекемелер
- жалпы білім беру мекемелері
- кәсіптік мектептер
- орта және мамандандырылған оқу орындары.
ҚР Білім жүйесінің сандық көрсеткіштерін 3 суретте көрсетілген.
3 сурет
ҚР Білім беру мекемелері

↓ ↓
↓ ↓
Мектепке Жалпы орта Кәсіптік Жоғарғы оқу
дейінгі білім беру мектептер орындары
мекемелер мекемелері

Тұрақты мектепке дейінгі мекемелер (жылына кем дегенде 10 ай жұмыс
істейтін) бір жастан алты жеті жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, олардың дене және психикалық денсаулығын
қорғауды және нығайтуды, дамуында ауытқуы бар балалардың жеке қабілеттерін
дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.
Бала бақша – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемесі. Одан
кейін күндізгі жалпы орта білім беретін мекемелердің оқушыларына бастауыш,
негізгі, орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, ақыл-ой және дене
дамуында кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде оқитындар жатады.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын
жүзеге асыратын, оқушыларды олардың бейімділігімен, қабілетіне сәйкес
тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін
оқу орны.
Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру базасын іске асыратын,
жоғарғы сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы
білім беретін оқу орны.
Колледждер – орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау білім беру
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Кәсіптік мектептер – жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімінің білім
беру бағдарламаның іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары
бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етеді.
Кәсіптік лицей – жалпы орта, кәсіптік бастауыш бөлімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша
білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны.
Жоғарғы оқу орындары – азаматтардың білімін одан әрі толықтырып,
жоғарғы дәрежеде мамандар даярлау мекемелері. Олардың қатарына –
университеттерді, институттарды, академияларды т.б. жатқызамыз.
Институт – кәсіптік жоғары білімінің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын
жоғарғы оқу орны.
Ал университет дегеніміз – мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғарғы
кәсіптік және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беу
бағдарламаларын іске асыратын: жоғарғы кәсіптік білімі бар мамандарды,
ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерді қайта даярлауды немесе олардың
біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеулерді жүргізетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және
әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғарғы оқу орны.
Академия – жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндірістік, ғылыми және
ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік
білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір
саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны.
2. Білім жүйесінің сапалық көрсеткіштері. Халықтың сауаттылық деңгейі
(халық санағының қорытындысы бойынша).
Көрсеткіштер жүйесінде – білім саласындағы сандық және сапалық
өзгерістерін көрсеткіштерін қарастырады. Мұнда, білім алушылардың санын,
мамандарды қабылдау және шығару, білім беретін мекемелердің саны бойынша
мәліметтерді алуға болады. Сонымен қатар, материалдық-техникалық
жабдықталуы және мұғалімдердің сандық және сапалық туралы мінездеме
беріледі.
Статистикалық бақылау кезінде төмендегідей негізгі түсініктер
қолданылады:
1. Мектепке дейінгі мекемелер – бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі,
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, олардың дене және
психикалық денсаулығын қорғауды және нығайтуды, дамуында ауытқуы бар
балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті
түзету жасауды жүзеге асырады. Мектепке дейінгі мекемелер қатарына – бала
бақша, арнаулы бала тәрбиелеу мекемелері т.б. жатқызылады. Бала бақша
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемесі.
Тұрғылықты қатысатын мектепке дейінгі балалар саны – жыл соңына
дейінгі мектепке дейінгі мекемеге тіркелген кезде тұрған балалар саны,
сонымен қатар сол мекемедегі 1 класс жоспарымен оқитындар саны.
Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды орынмен қамтамасыздандыру.
(100 орынға шаққандағы балалар саны). Мектепке дейінгі мекемелердегі
балалар санын орын санға қатынасымен анықталады.
Мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамту – мектепке дейінгі және
ондағы 1-6 (7) жасқа дейінгі статистикалық демографиялық мәліметтердегі
көрсеткіштерді қатынасымен анықталады.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп жасына дейінгі балаларды қамту.
(бір орынға 1000 баладан шаққанда). Бұл көрсеткіш мектеп жасына дейінгі
мекемелердегі орын санын 1-6 (7) жастағы балалар сонымен қатынасымен
есептеледі. Статистикалық демографияда осы қатынаспен анықтайды.
2. Жалпы орта білім беру мекемелері – жалпы білім беру мекемелерінде
бастауыш білім беру, негізгі және жалпы орта білім берумен айналысады.
Жалпы білім беру мекемелері – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі звено
және Қазақстан азаматтары ақысыз мемлекеттік стандартта жалпы білім алуға
құқығы бар және міндетті және оған кепілдігі бар. Жалпы білім беру
мекемелері мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Мемлекеттік
жалпы білім беру мекемелері – типтік жағдаймен жарлық бойынша басқарылады.
Статистикалық есеп беруде жалпы білім беру мекемелері мынадай түрлері
бойынша топтастырылады: бастауыш, негізгі, орта, интернат-мектеп,
қабілеттілігі төмен балаларға арналған мектеп, түрлі пәндер бойынша
тереңдетіліп оқитын мектептер, гимназия, лицей, кешкі (аралас). Жалпы білім
беретін мекемелер және т.б.
Жалпы білім беру деңгейінің бағдарламасы – 3 деңгейден тұрады.
Бастауыш – (1 - 4 кластар).
Негізгі – (5 - 9 кластар)
Жоғары – (10-1112 кластар).
Кәсіптік мектептер – жалпы орта кәсіптік бастауыш білімінің білім беру
бағдарламасын іске асыратын (оқу орны) және еңбек қызметінің түрлі
бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етеді.
Орта кәсіптік білім беру мекемелері (колледж, училище). Орта кәсіптік
білім беру мекемелерінің филиалдары болады, бөлімшелері, даярлау курстары,
оқу бөлмелері және лабораториялары, т.б. құрылымдық бөлімшелері болады.
Орта кәсіптік білім беру мекемелері мамандарды даярлауда, негізгі орта
мектеп базасы бойынша және орта мектеп базасы негізінде жүргізіледі. Орта
кәсіптік білім беру мекемелері күндізгі, кешкі, сырттай түрде болады.
Жоғары білім беру мекемелері (ВУЗ) – мамандарды даярлайтын мекемелер.
Жоғары оқу орындарына мынадар жатады: университеттер, академии, институттар
және соған сәйкес (жоғары училищелер, консерваториялар). Жоғары оқу
орындарында филиалдары, факультеттері, бөлімшелері, кафедралары, даярлау
бөлімшелері, аспирантура, лаборатория, библиотекасы, клиникалары, есептеу
орталықтары, баспасы, типографиясы, мәдени орталықтары т.б. болады. Жоғары
оқу орындары мынадай түрде оқу бөлінеді: күндізгі, өндірістен қол үзіп
оқитын, кешкі және сырттай оқу-өндірістен қол үзбей оқитындар. Жоғары оқу
орындары мемлекеттік және мемлекеттік емес түрде болады.
Кешкі жалпы білім беру мекемелері – кез-келген жастағы (жұмыс істейтін
және жұмыс істемейтін) негізгі және орта білім алуға мүмкіндігі бар
қазақстан азаматтарына білім береді. Білім беру мекемелерінің түрі: кешкі
(ауыспалы) білім беру мекемесі, ашық (ауыспалы) білім беру мекемесі, білім
беру орталығы, еңбекпен түзету мекемелеріне және тәрбиелеу колонияларына
білім беру. Жалпы білім беру бағдарламалары күндізгі, сырттай, жанұялық
білім беру, экстериота түрде болады.
Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары – қандайда мемлекеттік органның
бақылауында емес оқу орны. Мұнда мемлекеттік мекемелерден қаржыландырылуы
мүмкін және қаржыландырылуы мүмкін емес.
Білім беру мекемелеріндегі оқитындар саны (студенттер). Статистикалық
есепте оқитындар саны (студенттер) курсы, жынысы, жасы, мамандық және т.б.
көрсеткіштері арқылы жүргізіледі.
Білім беру деңгейі (цииз). ҚР Заңына сәйкес Білім беруде деңгейі
орнатылған: бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру, бастауыш кәсіптік
білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғары мамандандырылған мекемелер,
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Оқу орындарына қабылдау – берілген осы оқу жылындағы оқуға қабылдаған
сандық көрсеткіштер. Бекітілген ережелерге сәйкес іске асырылады.
Қабылданғандар қатарына екінші жылға қалғандардың саны қосылмайды.
Оқу орындарының түлектері – оқу орнында оқу курсын толық аяқтап және
соған сәйкес маманданғандар саны.
Аспирантура, докторантура – аспирантурасы, докторантурасы бар ғылыми
мекеме жоғары ғылыми квалификациялы, ғылыми педагогикалық кадрларды
дайындау.
Білім беру мәліметтерді статистикалық талдауда төмендегідей есептеу
көрсеткіштері қолданылады:
- жалпы қамту көрсеткіші.
- Таза қамту көрсеткіштері
- Орта және бастауыш кәсіптік және жоғары оқу орындарындағы
студенттердің саны (10 мың адамға шаққанда), яғни 0 -90 жас
арасындағы барлық халықтың санына бөлеміз.
- Жоғары және бастауыш кәсіптік оқу орындарындағы маман түлектері (10
мың адамға шаққанда) сол жылдағы түлектер санын орташа жылдық халық
санның қатынасымен анықталады.
- Оқу орындарының саны
- Оқытушылар мен мұғалімдер саны.
Халыққа білім беру статистикасының маңызды көрсеткіші – білім сапасы
мен сауаттылығы болып табылады.
Білім беру сапасы мен сауаттылық.
Сауаттылық түсінігінің мазмұнды толтырылуы қоғамдық талаптарымен
бірге өзгереді, ұзақ мезгіл бойы, сөз сауаттылық жөнінде болғанда,
негізінен, жазу мен оқи білу есептеліп келді.
Ал кәзіргі заман түсінігі бойынша сауатты адам, бұл - өзгермелі
жағдайларға бейімделу үшін ақпаратты өз бетінше тауып және қолдануға дайын
тұлға. Басқаша сөзбен айтқанда, сауаттылықтың жаңа түсінігі. Өзінде
қызметтік сауаттылықты, кәсіби құзырлылықты, тәжірибелі және жалпы мәдени
білім мен біліктілікті үйлестіретін адамның интегралды сипатын білдіреді.
Қазақстан халқының сауаттылығына тоқталсақ – төмендеу. Енді білім сапасының
төмен болу себептерін қарастырамыз.
Білім сапасының төмендеп бара жатқаны. Бұл соңғы 25-30 жыл уақыт
ішіндегі мұғалімдер қауымы еңбегінің нәтижесі болып отыр. Бұл нәтиже білім
беру ісін ұйымдастыруда жіберілген қателіктердің салдары дер едік. Әдетте,
біз қандай да болсын кемшілікті жою үшін шаралар жасап, жоспарлар құрып,
жел диірменмен шайқасқан Сервантестің кейіпкеріне ұқсап, күресіп жатамыз.
Бұл әрекетіміз көбіне оң нәтиже бермей жатса, ол біздің салдармен
күрескеніміздің белгісі. Ал, сол салдарды туындататын себептер бар ғой. Ол
себептерді жоймай, нәтиже түзелмесі белгілі.
Білім сапасының және тек сапа емес, жалпы білім беру ісінің нашарлап
бара жатқан себептерін ашып көрелік.
Бұл жерде жалпы білім беру ісінің нашарлап бара жатқаны деуімнің
себебі бар. Білім сапасы дегенде, әдетте, жоғары және орта оқу орындарында
түсуге талаптанғандардың білім деңгейі әңгіме болады да, алға қарай
ұмтылмай, үйінде отырып қалған немесе 9-сыныпты бітіргеннен кейін кәсіптік
мектептерге барған оқушылардың білім сапасы жаңағылардың тасасында қалып,
мүлдем айтылмайды. Міне жүктің ауыр бір бөлігі осы жерде жатыр.
Сонымен, білім сапасының төмен болу себептері:
Бірінші себеп - бастауыш сыныптардың толымдылығы өте жоғары. Соның
салдарынан бастауыш сынып мұғалімдері сабақ үстінде тек жақсы және орташа
қабылдайтын лқушылармен ғана жұмыс жасап үлгере алады, ал, баяу қабылдайтын
оқушылар бірте-бірте мүлдем елеусіз қалады. Жылдар өте келе ондай оқушылар
тыңдамауға, оқымауға, жазбауға дағдыланады. Содан барып олар үшін күнбе-күн
мектепке бару да аса міндетті болудан қалады. Мектеп те оны жоқтай
қоймайды. Ал, мұғалім оларды сыныптан сыныпқа көшіруге мәжбүр. Осындай
оқушылар төртінші, бесінші сыныптардан бастап ерекшелене бастайды, ал,
есейген сайын мектеп пен ата-ананың ырқынан мүлде кетеді. Олар мектепке
келгісі келсе келеді, келгісі келмесе келмейді. Келседе бірқатар сабаққа
қатыспайды. Мұндай оқушылар жасырын жұмыссыздар секілді, мектепке
бармайтын оқушылар есебінде болмайды.
Адамға қажетті білім негізі мектепте қалыптасады десек, өз кезегінде
мектептегі білімнің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланатыны баршаға аян.
Екінші себеп – көрсеткіш қуалау. Соңғы 25-30 жыл уақыт ішінде
мұғалімнің жұмысын һәм мектептің жұмысын көрсеткіштермен бағалау үрдісі
алып кетті. Ал, мұның өзі мұғалімді, мектепті көрсеткіш қуалауға әкеліп
ұрындырады. Оның нәтижесін көріп отырмыз.
Әйткенмен, өмір көрсетіп отырғандай, мұғалімнің мектептің, оқушының
білім көрсеткіші (аттестаттағы) нақты білім деңгейін сипаттай алмайды. Бұл
– мұғалім, мектеп, оқушы болып үшеуі де жоғары нәтиже емес, жоғарғы
көрсеткішке жетуді мақсат етіп кетуінің белгісі. Көрсеткіш қағазда тұрады,
ал, нәтиже баланың басында тұрады. Міне, гәп қайда жатыр!
Білмейтін бала жоқ, білдіре алмайтын мұғалім бар деген қағида
білімсіз баланы сыныптан сыныпқа кідіріссіз көшіре беруге мәжбірледі. Яғни
мұғалімнен оқушыны білдіруді талап еткенмен, оқушыдан білуді талап ете
алатын негіз жоқ. Сөйтіп, мұғалім сабақ оқымайтын немесе тәртіп бұзғыш
оқушылардың алдында дәрменсіз күйге түсті.
Үшінші себеп – Білім сапасының төмендеуінің бір факторы-мұғалімдік
жұмыстын қадірі кеткені дер едік. Өндіріс орындарында жұмыс істейтін
күзетші мұғалімге қарағанда әлде қайда жақсы жалақы алатыны көпке аян.
Мұғалімде де маман, бірақ, басқа мамандардан ерекшелігі, ол – үйретуші
маман. Жақсыны да, жаманды да бала мұғалімнен үйренеді.
Пендешілік тұрғыда қарасақ, еңбек адамның жұмысы бірінші ретте
еңбекақысымен бағаланады. Қазіргі еңбекақының мөлшері мұғалімдердің
көпшілігін уақытпен санаспай, жан-тәнімен еңбек етуге құлшындырмайды.
Демек, мұғалімнің беделін сонау кездердегідей деңгейге көтереміз
десек, сонда мұғалім ештеңеден мұқтаждық көрмей, еш нәрсеге алаңдамай, бар
уақытын бала тәрбиесіне арнар еді.
Төртінші себеп – мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің төмендігінде деп
ойлаймын. Қандайда болсын, әйтеуір бір жоғары оқу орнын бітіруді ғана
мақсат тұтқан жастардың бір тобы мамандық түрін таңдап жатпастан, қай жерге
қолы жетсе, соған ілігіп жатыр. Әрине, мұндай жастардың бірқатары
педагогика мамандыққа да келеді. Ал, жаппай университетке айналған
педагогикалық институттар мұғалімдер дайындау ісіндегі бұрынғы
тәжірибелерінен айырылып қалғандай. Бұған куә - болашақ мұғалім, қазіргі
студенттердің сапа құрамы, жас мамандардың кәсіби шеберлік деңгейі.
Бесінші себеп – оқушыға терең білім беруге қажетті басты шарттың бірі
– мектептің материалдық базасы және оқушы саны болмақ. Осы тұрғыдан алғанда
көптеген мектептердің безендірілуінің өзі сын көтергісіз, ал, табиғи-
математикалық цикл пәндерінің практикалық сабақтарын өткізетін
мүмкіндіктері жоқ. Мектептің негізгі байлығы кітапхана болар еді. Ол
жөнінде де мақтана алмаймыз.
Жалпы материалдық базасы кедей, ал өзі 2-3 ауысыммен оқитын мектептен
білім сапасын талап етудің өзі қаншалықты орынды болар екен.
Өткен тарихи жолымызда жеткен жетістіктерімізді әлемдік үрдістегі озық
тәжірибемен ұштастыруға тырыстық. Демек, білім берудің Кіру сәтіндегі
реттелуінен Шығу сәтіндегі реттелуге бір қадам басқандай болдық. Ол –
берілетін білім мазмұнының, оқу жүктеменің көлемін анықтап қоймай, сонымен
бірге мектептің әр сатысын бітірген кездегі оқушының оқу нәтижелерін
нақтылау. Әрине, қазіргі таңда бұл мәселені шет елдің озық
тәжірибесіндегідей толық мағынадағы әрекеттік сипатта бердік деп айту қиын.
Өйткені алған білімін өмірде пайдалануға бейімдейтін, әр түрлі білімді
біріктіре отырып кезкелге өмірлік жағдаяттарды шешуге бағыттайтын әрекеттік
сипаттағы нәтижелерден гөрі жеке пәндік мазмұндағы білім мен білікті тізіп
көрсетуден арыла алмай отырмыз. Оған себеп кеңестік дәуірден келе жатқан
біріңғайлық құбылысының салдары. Дәлірек айтсақ, барлық балаға бірдей
көлемде білім беріп, бірдей деңгейде игерту, бірдей ойлауға, бірдей
Қимылдауға үйреніп қалғанбыз. Осының кесірінен біздің түлек, біріншіден,
мектептен алған білімін өмірде пайдалана алмай Өлі капиталғып көтеріп
жүреді, екіншіден, күнделікті тіршілікте өзінің таңдау құқын (ойын айту,
мәселені шешу, өз бетімен әрекеттену, өмірлік ұстанымын таңдау, тағы басқа)
пайдалана алмайды.
Әрбір сатыда нақтыланған оқу нәтижелері оқушы үшін мақсат. Бұған жету
үшін оқушыға мемлекет, мектеп, мұғалім таңдау мүмкіндігін беру керек.
Сондықтан базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын мазмұнымен қоса баланың
таңдауына мүмкіндік беретін жылжымалы бөлік нақтыланған. Әр мектеп ұжымы өз
оқушыларының сұранысына сай сол жылжымалы бөлікті анықтап толтырады.
Мұғалім өзінің шығармашылықпен жұмыс істеу құқын пайдалана отырып балаға
білімді көбірек беруден гөрі аздан көп жасайтын, жоқтан бар жасайтын
әрекетке үйрету керек.

2. ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ

ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Білім туралы мәліметтердің статистикалық есебін ұйымдастыру

Білім беру статистикалық заңнамасы Қазақстан Республикасының 1997
жылы 7 мамыр № 98.1. Мемлекеттік статистика туралы заңға сәйкес
жүргізіледі.
Жинақтаудың негізгі принциптері, статистикалық мәліметтерді өңдеу,
осы заңмен анықталады. Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік саясаты Халықаралық стандартқа және ғылыми әдістемеге
бағытталған. Статистикадағы негізгі саясат алғашқы мәліметтер жүйесінің
бірегейлік қағидасын ұстанады. Мемлекеттік статистикалық бақылаудың саны
және статистикалық жоспардың орындалғаны Қазақстан Республикасының
Үкіметімен бақыланады.
Білім беру статистикасы - мемлекеттік және ведомствалық, Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі Агенттігімен және Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен, басқа да атқарушы
органдармен іске асырылады.
Білім беру жөніндегі статистикалық бақылаудың формалары мынадай:
- жалпы мемлекеттік есеп беру;
- ведомствалық-статистикалық есеп беру;
- арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау;
- анкеталар, декларациялар, корреспонденттік және инспекциялық
бақылау, есепке тұрғызу немесе тізімге алу.

Жалпы мемлекеттік статистикалық есеп беру

Жалпы мемлекеттік статистикалық есепте статистикалық бақылаудың барлық
түрлері кіреді (бақылау, кезеңдік есеп беру, бір күндік есеп, санақ
түрлері, ішінара бақылау, сұрақ-жауап, корреспонденттік және инспекциялық
т.б. бақылаулар). Бағдарламалар мен форма түрлері және оларды толтырылу
ережелері Қазақстан Республикасының Статистика Агенствосымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңына сәйкес, Мемлекеттік білім
беру бағдарламасы негізінде үздіксіз (үзіліссіз) және жалғастырушылық білім
жоспары 4 деңгейден тұрады:
- мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту (1-6 жасқа дейінгі
балалар);
- орта білім беру (жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік
білім беру органдары);
- жоғарғы мамандандырылған оқу орындары (ВУЗ);
- жоғарғы орыннан кейінгі білім.
Білім беру заңына сәйкес қазіргі мемлекеттік білім беру жүйесіндегі
статистикалық бақылау ҚР статистика агенттігі арқылы жүргізіледі.

Ведомствалық статистикалық есеп беру

Облыстарға ведомствалық статистикалық іс-әрекетінің қорытындысы Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі деңгейімен анықталады. Білім
беру статистикасындағы ведомствалық есептің мәнді есептеу көрсеткіші
болып табылады. Қазіргі кездегі ведомствалық талдау мыналарды сипаттайды:
мұнда жиналған мәліметтер өзінің көрсеткіштерін толық сипаттай алады,
есептерді шешеді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі ведомствалық есеп
беру формасымен статистикалық ақпараттарды жинақтап және өңдеу жүргізеді.
Білім беру туралы мәліметтер арқылы - білім жүйесінің сандық және сапалық
жағдайын мінездемелейді. Осы жинақталған мәліметтер арқылы білім беру
саласының мәліметтерін, деңгейі бойынша білім беру, мекемелерінің санын,
қабылдаған. Білім алушылардың санын, аяқтаушылар саны, оқу процессінің
ішкі тиімділігін, оқытушылардың сандық және сапалық мінездемесін, білім
беру мекемелерінің материалдық- техникалық базасын біліумізге, сонымен
қатар есеп беру формасы арқылы да білім беру есебін ұйымдастыруға болады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың есеп беруі

Мемлекеттік статистикалық есеп Мектепке дейінгі ұйымдастыру есебі № 85
К формасы бойынша жүргізіледі. Есептің формасы Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 30 С
бұйрығымен бекітілген. № 85 К форма бойынша статистикалық есепті жылына
ең кемінде 10-ай жұмыс істейтін мектепке дейінгі тұрақты ұйым (бала
бақша, мектеп-бала бақша, бөбекжай-бақша және бөбекжай) ведомствалық
иелігі мен меншік нысанына қарамастан жасайды.

Аталған нысан бойынша статистикалық есепті, сондай-ақ жыл ортасында
немесе жыл алдында ашылған және осыған байланысты өткен күнтізбелік жылда
он айдан аз уақыт жұмыс істеген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Фредрик Уинслоу Тейлордың шығармашылығына сипаттама
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Модельдеу,дискретті,теориялық.Case технологиялар
Мотивация мен сапа менеджменті жүйесі
Пәндер