Экономикалық құбылыстардың индексі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Индекстер туралы жалпы түсінік

1. 2 Кәсіпорын статистикасында жеке индекстерді есептеу

1. 3 Статистикада жалпы индекстерді есептеу

1. 4 Экономикалық құбылыстардың индексі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақта, қатысты, орташа шамалар немесе коэффиценттнр мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады.

Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның «индекс» терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда «көрсеткіш, белгі, тізім» деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жеке уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп атайды. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи - заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне - бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т. б жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көсеткіштердің белглі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы индекс арқылы есептеуге болады.

1) салыстыруға келмейтін және қосуға болмайтын күрделі экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайд.

2) құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды.

3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.

Олардың ішінде ең негізгісі - қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін себептерді анықтау. Демек, қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне қандай себептердің қалай әсер ететіндігін талдау жасай білуіміз керек. Міне, осыны анықтау үшін индекстік әдіс қолданамыз.

Индекстер туралы жалпы түсінік

Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жұмыстарын жүргізу үшін екі уақыт кезеңінің нақта сандық көрсеткіштері алынады. Оның біреуін, яғни салыстырылатын уақыт уақыт шамасын есепті немесе ағымдағы кезең деп айтады. Ол статистикалық зерттеу жұмыстарының негізгі көзі болып саналады.

Бұл көрсеткіштер әрқашанда индекстік қатынастың алымында беріледі және " I " деген таңбамен белгіленеді. Ал онымен салыстыратын мезгілдің шамасын өткен уақыт немесе базалық кезең дейді және оны «0» таңбамен белгіленеді. Бұл көрсеткіштер есепті уақытта немесе ағымдағы кезеңде болған экономикалық құбылыстардың өзгеруіне баға беру үшін қолданылады.

Сондықтан, бұл жерде ең бастысы - салыстыратын мезгілді ғылыми негізде дұрыс ала білу. Себебі дұрыс алынбаған базалық уақыт ағымдағы кезеңнің шамасын, яғни оның өскендегі немесе кемігендегі бұрмалауы мүмкін.

Индекстік әдіспен есептелген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-ге көбейту арқылы процентпен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1 - ден немесе 100 - ден көп болатын болса, онда құбылыстың өскенін, көбейгенін, ал керісінше, 1 -ден немесе 100 - ден аз болатын болса, онда оның кемігенін, яғни азайғанын көрсетеді.

Халықаралық тәжірибеде индекстік әдісті қолдану кезінде көрсеткіштер төмендегі берілген латын әріптері мен белгіленеді:

"q" - сандық көрсеткіш, яғни өнімнің көлемі, мөлшері;"p" -- бір дана өнімнің, заттың бағасы;"z" - бір дана өнімнің, заттың өзіндік құны;"t" - бір дана өнімді, заттық өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының шамасы;"w"- еңбек өнімділігі және т. б.:

"q" - сандық көрсеткіш, яғни өнімнің көлемі, мөлшері;

"p" -- бір дана өнімнің, заттың бағасы;

"z" - бір дана өнімнің, заттың өзіндік құны;

"t" - бір дана өнімді, заттық өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының шамасы;

"w"- еңбек өнімділігі және т. б.

Осы келтірілген белгілерді қолдану арқылы әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестерді жекелеген белгілері бойынша немесе сол берілген жалпы жиынтыұ бірліктерінің сандық және сапалық мәндерін қоса ала отырып, уақытқа қарай өзгеруін индекстік әдәс бойынша есептеуге болады.

Бірінші топқа - өнім көемінің жалпы индекстері жатады. Мысалы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, тауар айналымының және т. б. көлемі алынады. Бірақ, осы көрсетілген индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты баға бойынша бағаланады.

Екінші топқа - сапалық индекстер, яғна бағаның, өзіндік құнының, еңбек өнімділігінің, түсімділіктің және т. б. индекстері жатқызылады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз, тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.

Индекстердің мұндай екі топқа бөлінуінің маңызы өте жоғары және есептеу кезінде түрлі тәсілдерді қолдануға толық мүмкіндік туады. Осыған орай, жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жалпы немесе жинақты болып екіге бөлінеді. Енді осы индекстерді есептеу тәсілдерін дұрыс ұғыну үшін, алдағы бөлімдерде осы мәселені жеке қарастырамыз.

Кәсіпорын статистикасында жеке индекстердің есептелуі

Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасын жеке индекстер деп атайды. Мысалы: ағымдағы жеке базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын және т. с. с. салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.

Статистикада жеке индекстер латынның кіші «і» әрпімен белгіленеді. Зерттеу белгісіне қарай, яғни нені зерттейтіндігіне байланысты индекстік белгінің оң жағына оның таңбасын і, і, і, және т. с. с. қатар жазылады. Мәселен, бағаның жеке индексін есептеу үшін, сол заттың, тауардың есепті уақыттағы немесе ағымдағы кезеңдегі баға сын (р) өткен уақыттағы немесе базалық кезеңдегі бағасына (р) бөлу керек. Демек, ол мына формуланы i=P/P қолдану арқылы есептелінеді. Сол сияқты басқа да жеке индекстер төменде берілген формулалар бойынша есептелінеді:

А) өнім көлемінің жеке индексі i=q/q мұнда q және q өнімнің ағымындағы жеке базалық мезгілдегі көлемі:

Ә) өнімнің өзіндік құнының жеке индекісі: i=z/z мұндағы z, және z, - өнімнің ағымдағы жеке базалық мезгілдегі өзіндік құны;

Б) еңбек өнімділігінің жеке индексі: i=t/t мұндағы t, және t, бір дана өнімді, затты өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері:

Енді осы берілген формулаларды қолдану арқылы жеке индекстерді есептеу үшін, яғни оны есептеу тәсілдерін ұйрену үшін нақты мысал келтірейік:

1 - кесте.

Өнім

түрлері

Базалық мезгіл
Ағымдағы мезгіл
өндірілген өнімнің көлемі, дана
өнімнің өзіндік құны, теңге
Өндірілген өнімнің көлемі, дана
өнімнің өзіндік құны, теңге
Өнімтүрлері:

А

Б

Базалық мезгіл:

6000

4000

Ағымдағы мезгіл:

100, 0

105, 0

5500

5000

90, 0

120, 0

Осы берілген көрсеткіштер бойынша өндірілген өнімнің әрбір түрінің көлнмі мен өзіндік құнының екі уақыт мерзіміндегі өзгерісін жеке индекстер арқылы есептейміз.

Өндірілген өнімнің көлемі бойынша:

"A" өні үшін i = q/q = 5500 / 6000 = 0, 917 немесе 91, 7%"Б" өні үшін i = q/q = 5000 / 4000 = 1, 25 немесе 125, 0%:

"A" өні үшін i = q/q = 5500 / 6000 = 0, 917 немесе 91, 7%

"Б" өні үшін i = q/q = 5000 / 4000 = 1, 25 немесе 125, 0%

Есептелінген көрсеткіштер арқылы өткен жылға қарағанда есепті жылы «А» өнімнің 8, 3 процентке кемігенін, ал «Б» өнімнің 25, 0 процентке артық өндірілгенін байқаймыз.

Енді өндірілген өнімнің өзіндік құнының жеке индексін есептейік;

"A" өні үшін i = z/z = 90, 0 / 100, 0 = 0, 90 немесе 90, 0%"Б" өні үшін i = z/z = 120, 0 / 105, 0= 1, 143 немесе 114, 3%:

"A" өні үшін i = z/z = 90, 0 / 100, 0 = 0, 90 немесе 90, 0%

"Б" өні үшін i = z/z = 120, 0 / 105, 0= 1, 143 немесе 114, 3%

Демек, ағымдағы жылғы өндірілген өнімнің өзіндік құны, өткен жылмен салыстырғанда «А» өнім үшін 10, 0 прцентке төмендеген болса, «Б» өнімі үшін 14, 3 процентке өскенін көреміз.

Жеке индекстер статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер ретінде іс жүзінде жиі қолданылады. Себебі жеке индекстер қатысты шамалар сияқты біртектес құбылыстың екі кезеңінде өзгеру дәрежесіне көрсететіндіктен, мұнда салыстырылатын уақыттың дәрежесін, онымен салыстырылатын уақыттың мәніне бөлу керек.

Егер қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнен тұрып, ал олардың ағымдық мезгілдегі әрбір дәрежесі оның алдыңғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылған болса, онда оны өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп атайды және ол статистикада былай жазылады:

I = q/q; q/q ; q/q ; және т. с. с.: I = q/q; q/q ; q/q ; және т. с. с.

Егер қатардың әрбір дәрежесін белгілі бір тұрақты базалық кезеңнің мәнімен салыстыратын болсақ, онда оны базалық индекстер деп атайды және оны былай жазуға болады:

I = q/q; q/q ; q/q ; және т. с. с.: I = q/q; q/q ; q/q ; және т. с. с.

Осы аталған индекстер іс жүзінде есептеу үшін мысал ретінде Қазақыстанда өндірілген мұнай өнімдері туралы соңғы жылдардағы көрсеткіштерді көрсетейік:

Қазақыстан бойынша 1990 - 1995 жылдар арасындағы мұнай өнімдерін өндіру. 2 - кесте.

Өнім аттары
1990
1991
1992
1993
1994
1995
Өнім аттары:

Өндірілген мұнай

Базалық индекстер

Тізбекті индекстер

1990:

22839

1, 000

1, 000

1991:

23648

1, 037

1, 037

1992:

24461

1, 071

1, 033

1993:

25556

1, 119

1, 045

1994:

25388

1, 112

0, 993

1995:

25220

1, 104

0, 993

Экономикалық талдау базалық және тізбекті индекстердің өздеріне тән мәні мен мағынасы бар. Мәселен, базалық индекстер құбылыстың ұзақ уақыт аралығында болған өзгерістерін тұрақты бір кезең мен салыстыру арқылы есептеледі. Ал ағымдағы кезең мен салыстыру сол уақытта болған құбылыстардың өзгерістерін айқындайды. Бұл индекстердің қайсы түрін және қандай жағдайда қолдану керек екендігін айқындау зерттеудің алдына қойған мақсатына байланысты.

Егер базалық немесе тізбекті индекстер бір мезгілде құбылыстарды қарастыратын болса, онда олар бір- бірімен өзара байланысты болады. Сол байланыстылықты көрсету үшін мынадай белгілер енгізейік: 1990- жылғы өндірілген мұнайдың көлемі - q, 1991 - жылғы - q, 1992- жылды - q, 1993 - жылды - q, 1994 - жылды - q, 1995-жылды - q, белгілейміз. Онда осы белгілер арасындағы байланыстылық мынадый түрде жазылады;

мұндағы q/q, q/q және т. б. тізбекті индекстер, ал q/q базалық индекіс.

i=q/q · q/q · q/q · q/q · q/q = q/q: i=q/q · q/q · q/q · q/q · q/q = q/q

Статистикада жалпы индекстерді есептеу

Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элнменттерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін жалпы индекстер деп атайды. Осы құбылыстардың өзгеруіне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады. Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін есептеу үшін жиналған астықтың мөлшеріне апарып мал ьасын қосуға болмайды. Оны есептеу үшін осы өнімдердің әр бөлігіне өздеріне тән бағаны немесе өзіндік құнды қолдау арқылы оладың жалпы құндық көрсеткіштерін ақша есебінде есептейміз. Сонымен, өнімнің жалпы мөлшерін есептеу үшін бағаны немесе өзіндік құнды негіз етіп алып, барлық көрсеткіштер бір өлшем біллігіне келтіріледі және ақша түрінде көрсетеді.

Статистикада жалпы индекстерді латынның үлкен «І» әрпімен белгілейді және нені зертейтіндігіне байланысты осы белгінің төменгі оң жағына оның таңбасы бірге қосылып жазылыды.

Есептеу әдісі мен байланысты жалпы немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа индекстерге бөлінеді.

Агрегатық индекстер. Агрегатты деген сөз латынның «агрего» терминінен шыққан, қазақша аударғанда «қосамыз» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең. Мысалы: жалпы өндірілген немесе сатылған өнімнің құнын табу үшін, оның санын өзінің бағасына көбейтіп шыққан сандық мәндерді бір - біріне қосамыз. Осы дәлелдеу үшін нақты келтірілген мысалды есептеп көрейік.

3 - кесте.

Тауарлардың

түрлері

Сатылғаны, кг.

1 кг. Тауардың

Бағасы.

Сатылған тауарлардың

Құны, теңге.

Базалық

кезең

Ағымда-

ғы кезең

Базалық

кезең

Ағымда-

ғы кезең

Базалық

кезең

Ағымда-

ғы кезең

Ағымда-

ғы кезең нің бағасы бойынша

Базалық

кезеңнің бағасы бойынша

Ағымда-

ғы кезең нің бағасы бойынша

Базалық

кезеңнің бағасы бойынша

Тауарлардыңтүрлері:
Сатылғаны, кг.: qq
1 кг. ТауардыңБағасы.: q
Сатылған тауарлардыңҚұны, теңге.: р
р
рq
рq
рq
рq
Тауарлардыңтүрлері:

Ет

Қаймақ

Қияр

Сатылғаны, кг.:

450

300

460

1 кг. ТауардыңБағасы.:

500

350

400

Сатылған тауарлардыңҚұны, теңге.:

100

150

40

130

200

35

58500

6

16100

45000

45000

18400

65000

7

14000

5

52500

16000

Тауарлардыңтүрлері: Барлығы
Сатылғаны, кг.:
1 кг. ТауардыңБағасы.:
Сатылған тауарлардыңҚұны, теңге.:
134600
108400
149000
118500

Экономикалық құбылыстардың индексі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индекстер туралы жалпы ұғым
Кейбір экономикалық құбылыстардың индексі
Индекстік әдіс
Орташа индекстерді есептеу
Экономикалық индекстер
Индекстер туралы жалпы түсінік
«Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
Статистика
Экономика-статистикалық құбылыстардың өзара байланысы
Статистикалық бақылау зерзаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz