Өсу қарқыны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе

Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік және оның түрлері

  1. Негізгі бөлімНақты шамалар және қатысты шамалар туралы түсінікӨсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері, Өсу қарқыны және өсім қарны туралы түсінік
  2. Қорытынды
  3. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы, өндірілген көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және тағы басқа көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына0ой5ан басты міндеттерінің бірі - республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны өсіңкілік қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өсіңкілік қатарлар деп статистикалық көрсеткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақөытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық өсіңкілік қатарлардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, омы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндеші құбылыстардың даму, процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекетіміздің басқару органдарына өсіңкілік қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттелінеді.

Өсіңкілік қатарлар негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі - қатардың дәрежесі, екінші - уақыт көрсеткіші, белгісі.

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбәр сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.

Құбылыстар мен процесттер болып өткен уақыттың мерзіміне қарай, өсіңкілік қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екі түрге бөлінеді.

Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік және оның түрлері

Бір мезгілді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды. Мысалы, әр айдың басындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны төменгідей адам санымен дейік:

I / I I / II I / III I / IV

2180 2190 2198 2178

Бұл берілген көрсеткіштер бір мезгілді өсіңкілік қатар болып саналады және осы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болмайды. Себебі әр айдың бірінші жұлдызындағы көрсеткіштер тек сол күнгі жағдайды ғана көрсетеді де, ал келесі күндері ол санның шамасы өзгертіп келеді. Сондықтан мезгілдік қатардың көрсеткіштерін бір - біріне өзара қосуға болмайды, ал егер қосатын болсақ, онда оның ешқандай да экономикалық мәні болмайды. Егер осы көрсеткіштерді бір - бірінен алатын болсақ, онда қалдықтың әр айдың аяғына азайғандығын немесе көбейгендігін көрсететін белгілі бір экономикалық мәні бар сандық көрсеткіштер алынады. Мысалы, екі ай аралығында, яғни қаңтар мен ақпан айларындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны 10 адамға көбейген ( 2190 - 2180 = 10 ) .

Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оған мысалы мына кестедегі көрсеткіштерді салыстырайық:

11. 1 - кесте

Қазақстан бойынша мұнай өндіру, мың тонна

Жылдар
1996
1997
1998
1999
2000
2001
Жылдар:

Өндірілген

мұнай

1996: 27230
1997: 29852
1998: 30540
1999: 33600
2000: 36250
2001: 40900

Уақыт аралықта өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір - біріне қосып, ұзақ уақыт аралығында қорытынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статистикада жинақталған жиынтық деп аталады.

Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық өсіңкілік қатарға жатқызылынады. Бұған мысал ретінде 11. 1 алдыңғыда келтірілген кестеде келтірілген көрсеткіштерді алуға болады.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онды оны толық емес өсіңкілік қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде 11. 2 - кестедегі 1995 - 2000 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді айтуға болады.

Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты ( абсолютті ) , қатысты және орташа шамалармен сипатталады.

Нақты ( абсолютті ) шамалар өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді. Нақты шамалы өсіңкілік қатарға мысал ретіндегі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді алуға болады.

Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір - бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды. Ал ол өсу, кему қарқыны ретінде процентпен өлшенеді. Қатысты шамалы өсіңкілік қатарды көрсету үшін 11. 2 - кестенің көрсеткіштерін келтірейік:

11. 2 - кесте

Алматы облысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру

Жылдыр
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
Жылдыр: Өнеркәсіп өнімдері( 1995 - жылмен салыстырғанда, % есебімен)
1995: 100
1996: 124, 8
1997: 123, 8
1998: 102, 0
1999: 92, 0
2000: 79, 0
2001: 71, 0

Берілген көрсеткіштерден соңғы жылдары Алматы облысы

бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірудің күрт төмендеп кеткендігі жөнінде қысқаша қорытынды жасауға болады. Себебі шикізаттар мен құрал - жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігіне, электр қуатының қымбаттауына, тағы да сол сияқты көптеген жағдайларға байланысты бірталай өнеркәсіп орындары толығымен жұмысын тоқтатқан, я болмаса аз мөлшерде өнім шығаруға көшкен.

Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады. Бұған мысал ретінде республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері туралы көрсеткіштерді алуға болады.

11. 3 - кесте

Республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері

Жылдар
1995
1996
1997
1998
1999
2000
Жылдар: Бір сиырдан орташа сауылған сүт, кг есебімен
1995: 3733
1996: 3896
1997: 47254
1998: 49650
1999: 55360
2000: 50250

Демек, осы берілген көрсеткіштерді біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің осы уақыт ішіндегі барлық бірліктерге тән орташа мөлшері деп түсінейік, ал бұл мәліметтер түрлі себептерге байланысты әрқашан өзгеріп отырады.

Өсіңкілік қатарларды зерттеу және талдау кезінде оның дұрыс құрылғандығын, сандық көрсеткіштерінің дәлдікті, нақтылықты көрсеткіштерінің білу кейбір шарттардың орындалуын талап етеді. Уақыт аралықта өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір - біріне қосып, ұзақ уақыт аралығында қорытынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статистикада жинақталған жиынтық деп аталады.

Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық өсіңкілік қатарға жатқызылынады. Бұған мысал ретінде 11. 1 алдыңғыда келтірілген кестеде келтірілген көрсеткіштерді алуға болады.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онды оны толық емес өсіңкілік қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде 11. 2 - кестедегі 1995 - 2000 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді айтуға болады.

Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты ( абсолютті ) , қатысты және орташа шамалармен сипатталады.

Соның ішіндегі ең негізгісі болып санатыны - өсіңкілік қатарлар дәрежелерінің бір - бірімен салыстырмалы болуы. Себебі өсіңкілік қатарларды қарастырған кезде ұзақ уақыт аралығындағы көрсеткіштер алыналды және оларға әр түрлі себептердің әсер етуіне байланысты көптеген өзгерістердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерінің бір - бірімен салыстыруға келмейді. Ал оның себептері мыналар: Аумақтың өзгеруі, әр түрлі өлшем бірліктерінің қолданылуы, зерттелінетін зерзат көлемдерінің, мөлшерінің қамтылу дәрежелерінің әр түрлі болуы, есептеу әдістемелерін қолданылуға өзгешіліктер және тағы басқа.

Аумақтың өзгеруіне байланысты өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін бір - бірімен салыстыруға болмайды. Олардың салыстырмалы болуы үшін алдыңғы, яғни базалық уақыттағы қатарлар дәрежесі аумақтың өзгергеннен кейінгі жаңа шекарасы бойынша қайта есептелініп, бір жүйеге келтірілуі тиіс. Мысалы, бір облыстан екінші облысқа аудан немесе елді мекен берілетін болса, онда екі облыстың барлық статистикалық көрсеткіштері жаңа шекара бойынша қайта есептелінеді.

Кейбір жағдайда біртектес өсіңкілік қатарлардың дәрежесі әр түрлі өлшем бірліктермен берілуіне байланысты, олардың көрсеткіштерін бір - бірімен салыстыруға келмейді. Мысалы, бір сиырдан орташа сауылған сүт бірде литрмен, бірде киломен беріледі делік. Мұндай жағдайда барлық уақыттағы қатарлар дәрежесін қайта есептиеу арқылы салыстыруға келетіндей етіп, бір өлшем бірлігіне айналдырылады.

Өсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері

Әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау барысында бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың көпшілігі нақты ( абсолютті ) немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрстекіштер арқылы белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.

Статистикада өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты ( абсолютті ) өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің қарқыны ( абсолюттік ) мәні . Бұлардың барлығын есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір - бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Ол үшін ағымдағы кезеңнің нақты ( абсолютті ) шамасын салыстыратын бір тұрақты уақыттың немесе өткен жылғы уақыттың көрсеткіштері алынуы тиіс.

Осыған орай салыстырылынатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал онымен салыстырылынатын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Базалық дәрежеге ағымдағы уақыттың алдында тұрған қатардың шамасы немесе сол қатардағы бастапқы бір тұрақты мәні алынады.

Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды. Осы көрсетілген тәсілдердің қайсысын қолдану керек екендігін анықтау алдағы тұрған талдаудың міндетімен тығыз байланысты болады. Олай болса, осы айтылғандарымызды толық дәлелдеу үшін Қазақстан бойынша көмір өндірудің өсіңкілік қатарына талдау жасайық және оның көрсеткіштері 11. 5 - кестеде шартты түрде көрсетейік:

11. 5 - кесте

Қазақстан бойынша көмр өндіру, млн. тонна

Жылдар
1993
1994
1995
1996
1997
1998
Жылдар:

өндірілген

көмір

1993: 148, 0
1994: 151, 0
1995: 154, 0
1996: 162, 0
1997: 168, 0
1998: 199, 0

Енді осы берілген мысал бойынша жоғарыда айтылған өсіңкіліктің негізі көрсеткіштерін екі тәсіл арқылы есептейік.

Нақты ( абсолютті ) өсім . Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі болып саналады. Мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсетткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты ( абсолютті ) өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептелінеді. Нақты ( абсолюттік ) өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң немесе теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін.

Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегеретін болсақ, онда нақты ( абсолюттік ) өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ал ол мына формула бойынша табылады:

Δн = Уі - Уо,

Мұнда Δн - нақта ( абсолютті ) өсім;

Уо - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;

Уі - ағымдағы уақыттың дәрежесі;

І - қатардың реттік нөмері.

Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесін шегеретін болсақ, онда тізбекті тәсілмен есептелген нақты ( абсолютті ) өсім анықталады және оған мына формуланы қолданамыз:

Δн = Уі - Уі-1,

Егер осы келтірілген формулаларды қолдана отырып, жоғарыдағы мысалдан нақты ( абсолюттік ) өсімнің екі тәсілмен есептегенде төмендегідей көрсеткіштері алынады:

а) тұрақты тәсіл, млн тонна б) тізбектелген тәсіл, млн тонна

1991 ж. 142, 2 - 138, 0 = 4, 0 1991 ж. 142, 2 - 138, 0 = 4, 0

1992 ж. 146, 0 - 138, 0 = 8, 0 1992 ж. 146, 0 - 142, 0 = 4, 0

1993 ж. 148, 0 - 138, 0 = 10, 0 1993 ж. 148, 0 - 146, 0 = 2, 0

1994 ж. 151, 0 - 138, 0 = 13, 0 1994 ж. 151, 0 - 148, 0 = 3, 0

1995 ж. 154, 0 - 138, 0 = 16, 0 1995 ж. 154, 0 - 151, 0 = 3, 0

Осы келтірілген уақыт ішіндегі нақты ( абсолютті ) өсімнің шамасы соңғы уақыт дәрежесінен бастапқы уақыт дәрежесін шегергенге тең болады, ал егер нақты ( абсолютті ) өсім тізбектелген тәсілмен есептелсе, онда ол осы барлық уақыттағы өсімнің қосындысына тең болады:

Δн = Σ Δн = 4 + 4 + 2 + 3 + 3 = 16 млн тонна.

Сонымен нақты ( абсолюттік ) өсім өсіңкілік қатарлар дәрежесінің әрбір кейінгі уақыттың алдыңғы уақыттан сандық шамасы бойынша қаншаға азайғанын немесе көбейгенін көрсетеді.

Өсіңкілік дәрежелерін зерттеу кезінде нақты ( абсолюттік ) өсімнен басқа қорытындылаушы көрсеткіш ретінде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеру жылдамдығын сипаттайтын салыстырмалы шамалар да қолданылады. Оған жататындар: өсу мен өсім қарқыны .

Өсу қарқыны . Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір - біріне қатысты шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді.

Нақты ( абсолютті ) өсім сияқты өсу қарқыны да тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептелінеді. Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мынадай формула арқылы есептелінеді:

Кө = Уі / Уо,

Мұнда Кө - өсу қарқының коэффициенті;

Уо - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;

Уі - ағымдағы уақыттың дәрежесі.

Егер өсіңкілік қатардың әрбір уақыттағы дәрежесінің өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқынының коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және оны мына формула бойынша есептелінеді:

Кө = Уі / Уі-1

Сонымен, жоғарыда келтірілген мысалдың мәліметтері қолданыла отырып өсу қарқыны екі тәсілмен есептелінеді және ол төмендегідей болып келеді:

а) тұрақты тәсіл б) тізбектелген тәсіл

1991 ж. 142 / 138 = 1, 029 1991 ж. 142, 2 / 138, 0 = 1, 029

1992 ж. 146 / 138 = 1, 058 1992 ж. 146, 0 / 142, 0 = 1, 028

1993 ж. 148, 0 / 138, 0 = 1, 072 1993 ж. 148, 0 / 146, 0 = 1, 014

1994 ж. 151, 0 / 138, 0 = 1, 094 1994 ж. 151, 0 / 148, 0 = 1, 020

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт қатарының талдауы мен болжамдары
Статистикалық динамикалық қатарлар
Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері
Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштері
Динамикалық қатарлардың теориялық негіздері
Мәліметтерді талдау және модельдеудегі Шампан түріндегі шарапты талдау әдісі
ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Динамикалық қатардың түрлері
Экономикалық өсу теориясы туралы
Экономикалық - математикалық модель құру және оның қолданылу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz