БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ5

1. 1 Ауданның географиялық -экономикалық жағдаиы. 5

1. 2 Жүргізілген жұмыстарды талдау және бағалау. 6

1. 3 Геофизикалық зерттеулер7

1. 4 Геохимиялық зерттеулер7

2 КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. 9

2. 1 Стратиграфиясы9

2. 2 Тектоникасы12

3 ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ. 12

3. 1 Бұрын жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарына талдау. 12

3. 2 Тиянақты барлау жұмыстарының негіздемесі13

3. 3 Бұрғылау жұмыстары. 13

3. 4 Үлгі тастарды сынамалау. 15

3. 5 Геофизикалық зерттеулер18

3. 6 Зертханалық зерттеулер. 18

3. 7 Кен қорын есептеу19

4 БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ. 21

4. 1 Бұрғылау мақсаты және техникалық жағдайлары. 21

4. 2 Бұрғылау тәсілін анықтау21

4. 3. Ұңғының конструкциясын жобалау24

4. 3. Жобалы ұнғыларды бұрғылау технологиясы25

4. 3. 1. Жыныс талқандаушы аспаптарды таңдау25

4. 3. 1. Бұрғылау тәртібінің технологиялық параметрлерін есептеу. 27

4. 5. Тексеруші есптеулер31

4. 5. 1 Гидравликалық есептеулер31

4. 5. 2 Шырайналма жүйесі қысымының жоғалуы33

4. 5. 3 Дөңгелек қимылы саңылаудағы қысымның жоғалуы35

4. 5. 4 Бұрғы құбырының беріктігін анықтау37

4. 6 Бұрғылау кезінде аварияны болдырмау шаралары46

4. 7. Бұрғыланған ұңғыларды жою47

5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау47

5. 1 Ұңғының жүретін кен орынының табиғи-географиялық, метрологиялық жағдайы48

5. 2 Қиратылатын жер үстіндегі және жер астындағы жер қыртыстарының физика-механикалық қасиеттері49

5. 3 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі50

Қолданылған әдебиеттер:65

АҢДАТПА

Негізгі сөздер: ұңғы, коронка, синтетикалы алмастар, технология, жуу сұйығының жұтылуы, бұрғыланған тау жыныстары негізіндегі табиғи ерітінділер, химиялық реагенттер.

Ұсынылып отырған дипломдық жоба “Волковгеология” АҚ-ның №55 геологиялық барлау экспедициясы ”Ақжар” фосфорит кен орнын тиянақты барлауға бағытталған бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін құрастырылады. Бұрғылау өзі жүретін УКБ-200/300С бұрғы қондырғысымен жүргізіледі. Керн шығымын жоғарлату үшін ЭКС-А-73 эжекторлы снаряд сайманын қолданамыз. Жарықшақты жыныстарда жуу сұйығының жұтылуын болдырмау үшін жобада бұрғыланған карбонатты жыныстар негізіндегі табиғи ерітінділерді қолдану шарасы ұсынылады. Ерітіндіге арнайы химиялық реагенттер қосылады.

Тексеруші есептер ЭЕМ қолдану арқылы орындалады.

Жобада еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелрі қамтылған. Біздің жоба бойынша таңдап алынған жұмыс жабдықтары әрбір процестердің орындалуын 65-90% механикаландырып жұмыс өндірісі бойынша 80%-ке жеткізіліп жұмыс жағдайларын жоғарғы ретте жеңілдетіп еңбек қорғау мәселелерін шешуді ықтималдайды. Экономикалық бөлімде жобаланған жұмыстарды орындаудың сметалық есептеулері келтірілген. Сметалық есептеулер жобаның құнын азайтып, қаржылық шығынды төмендетуді көздейді.

АННОТАЦИЯ

Ключевые слова: скважина, коронка, сентитеческие алмазы, технология, поглощение промывочной жидкости, естественные растворы на основе выбранных пород, химические реагенты.

Данный дипломный проект составлен для ведения буровых работ по детальной разведке месторождения фосфоритов “Акжар” акционерного общества “Волковгеология” №55 геолого-разведочной экспедиции.

Бурение будет выполнятся самоходной установкой УКБ-200/300С.

Для обеспечения представительного выхода керна применяем эжекторные снаряды ЭКС-73. С целью предупреждения осложнений и борьбы с поглощениями в трещиноватых породах в проекте предложено использование естественных буровых растворов на основе выбуренных пород корбнатного состава с добавочными ПАВ и структура-образователей.

Все проверочные расчеты выпоолнены с применеием ЭВМ.

В проекте также освящены вопросы охраны труда и окружающей среды.

В экономической части приведены смежные расчеты для выполнения проектных работ.

КІРІСПЕ

Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін минералды шикізат қорын анықтау жұмыстарын жүргізу керек. Халық шаруашылығына машина жасау, түсті және қара металлургия, құрылысты шикізаттармен қамтамасыз ету қажет.

Осыған байланысты геологиялық барлау жұмыстарына көңіл бөліп, бұл өндірісті дамытып жетілдіруге ғылыми тұрғыдан қарастырып, жүргізілген жұмыстар эконоомикалық тиімділігін жоғарлату болып отыр.

Соңғы кезде көп айтылып жүрген еліміздің экологиялық жағдайын да кейінгі жолға қалдырмай, жүргізілетін жұмыстардың тигізетін зиянды әсерлерін азайтып мүмкіндігінше жою жұмыстарын алдыңғы қатарға қою керек.

Қазақстан Республикасында көптеген пайдалы қазындылардың қоры бар; оның өмірдегі маңызы өте зор. Еліміз кен орындарын игеруде дүниежүзі бойынша жетекші орын алады. Осы байлықты дұрыс игеруге жаңа техникалар мен технолгияларды өндіріске ендіруді тез арада қолға алып, өндірістің дамуын тоқтатпау керек.

Сонымен қатар еліміздің пайдалы қазбаларын шет ел компаниялары өндіріп, оның нарыққа шығарғандағы табысының басым бөлігін өздері көріп, елімізге тек салық арқылы пайда түседі. Сондықтан Қазақстан территориясындағы шикізат көздерін өндіруді еліміздің өндірушілері игеруі қажет. Осы тұрғыдан қарағанда біздің дипломдық жобамыз аз болса да кен игеруге өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

Жобаны жасау барысында кең көлемді арнайы әдебиеттер пайдаланылды. Жоба анализ, синтез, математикалық салыстырмалы және басқа да зерттеу әдістерін қолдану арқылы жазылды.

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. 1 Ауданның географиялық -экономикалық жағдаиы.

Ақжар фосфорит кен орны Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданының шекарасында орналасқан. Облыстардың шекарасы Құрттыбұлақ өзенінің бойымен өтеді.

Кен орнының рельефі параллельді созылған кіші бөктерлі болып келеді. Абсолюттік биіктік белгісі 480 (Құртыбұлақ өзенінің деңгейі) -нен 650 м-ге дейін (оңтүстік -шығыс бөлігі), биіктіктің салыстырмалы өзгеруі 60-115 м дейін. Ауданның ашылуы қанағаттанарлық, сейсмикалығы төмен, сырғымалар мен опырылу белгілері жоқ. Карстық өзгерістер мен опырылумен айқындалады, дәлел ретінде оңтүстік-шығыс Қотыртас участігіндегі ұзындығы 6м, қимасы 1, 85 м 2 үңгірді айтуға болады. Ауданның климаты күрт континентальді жаз айлары ыстық, құрғақ; қысы суық, қар аз түседі; наурыз, сәуір айлары жаңбырлы болып келеді. Маусым, шілде, тамыз айлары өте ыстық 35 0 -40 0 С. Температураның жылдық ауытқуы 86 0 С-ге дейін. Ауданның өсімдік өсу жағдайы өте нашар, кей жерлерде ғана бұталар мен шөптер өскен. Өсімдік қабаты аз, жері құрғақ. Өсімдіктер маусым айына дейін өсіп, кейін күннің ыстығынан күйіп, жер беті сұрғылт-сарғыш түске боялады. (1) Бұлақтар мен өзендердің төңіректерінде жусан, жыңғыл, баялысы, кей жерлерде ағаштар өседі. Ауданның бөлік өтімділігі қанағаттанарлық. Жан-жануарлар әлемі көбінесе ауыл-шаруашылық мал-жандар. Киіктер мен арқарлар үйірлері де кездеседі. Көп тарағаны тасбақалар, әр түрлі жыландар, қасқырлар мен қорқау қасқырлар. Энцефалиттік қауіптілік жоқ.

Гидрогеологиялық жағдайы Үшбас өзені, Құрлыбұлақ өзені мен бұлағы және басқа да кіші бұлақтармен байланысты. Жұмыс учаскелерін сумен қамтамасыз ету үшін бұлақтарды қолданады.

Ірі және жақын елді-мекен Жаңатас қаласы (50 мың адам тұрады) . Жаңатас Г. Б. Э-нан кен орнының оңтүстік-шығыс бөлігінен 90 км аралықта Қаратау үгіту-сұрыптау және байыту комплексі орналасқан.

Жаңатас қаласын және фосфорит кенішін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін Жамбыл ГРЭС-нен екі параллель желі тартылған.

Байланыс жолдары: Ақжар кен орны Жаңатас қаласы және экспедиция базасымен 6 км қара жолмен және 14 км 1-класс асфальт жолмен байланысқан. Жаңатас, Қаратау, Жамбыл, Сарысу аудан орталығымен асфальт және темір жолдарымен байланысқан. (1)

1. 2 Жүргізілген жұмыстарды талдау және бағалау.

1936 жылы ЦНИГРИ лабораториясының жүргізілген зерттеулерінен бұл кен орнында фосфориттер бар екені анықталып, Кіші Қаратау кен орны ашылды. 1937 жылы Қаратау ауағында Қаратау экспедициясы Безруковтың жетекшілігімен іздеу жұмыстары жүргізіліп 45-тен артық кіші және артық ірі фосфориттер кен орындары анықталды, осының ішінде Ақжар кен орны да бар. 1957 жылы фосфорит кен орындарын анықтауға жалпы-іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. (1)

Осы кезде 4 канава және 2 колонкалы бұрғылау ұңғысы қазылды.

1968-1973 жылдары ауданның 1:5000 масштабы геологиялық картасы түсірілді, жүргізілген канавалардың жалпы көлемі 2835 м 3 .

1985-1986 жылдары іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

Жер бетіне шығып жатқан фосфорит қабаттарын бағалауда 48 канава, жалпы көлемі 4334 м 3 , ал тереңдігі қабаттарды ашу үшін 44 ұңғы, жалпы көлемі 11340 м 3 жүргізілді.

Кеннің қорын бағалау С 2 категориясымен және ресурсы Р 1 анықталды. Кеннің технологиялық қасиеттерін анықтау үшін Ақжар кен орнында 5 сынама (үшеуі канавадан, 2-і ұңғыдан) алынды. Екі технологиялық сынама лабораторияның электротермиялық өңдеуге жіберілді. 1985 жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша геологиялық материалдар негізінде Жаңатас ГБЭ кен орны бойынша ТЭД (технико-экономикалық доклад) жазылды.

1. 3 Геофизикалық зерттеулер

1951 жылы Волков экспедициясының Жоңғар партиясы 1:5 масштабы аэрорадияметриялық іздеу жұмыстары жүргізілді.

Геофизикалық жұмыстар комплексі: 1958 жылы Геофизтрестің Турлан экспедициясы гамма, эманациялық, металлометриялық түсіру және судағы аудан мөлшеріне зерттеу жүргізді.

1958 жылы бұрғыланатын ұңғыларды жыныстардың радиоактивтігін анықтау мақсатымен фосфориттер кен орындарына геофизикалық жұмыстар басталды. Ұңғылардағы жүргізілген гамма-каротаж нәтижелері бойынша фосфорит қабаттары жақсы айқындалып, олардың радиоактивтігі жоғары екені анықталды. Радиоактивтігі төмен болған жағдайда фосфорит кені көрінбейді. Осыған байланысты бұл әдіс кең орын алмайды.

ГКЗ кеңесі бойынша ядролық-физикалық каротаж комплексі жүргізіліп алынған нәтижелерінің сапасына байланысты осы әдісті негізгі етіп қабылдайды.

Қолдану әдісі қарастырылғаннан кейін Кіші Қаратау бассейіндегі фосфориттің құрамындағы компоненттерді анықтау жұмысы жүргізіледі.

1. 4 Геохимиялық зерттеулер

1973-1974 жылдары Қаратау бассейінің солтүстік-батыс бөлігінде геохимиялық жұмыстар жүргізіліп, микроэлементтердің таралу заңдылықтары мен литологиялық өзгешеліктері анықталады.

Қаратау типті фосфорит кен орындарының геохимиялық зерттеулердің нәтижелерін жақсарту мақсатымен Ақжар, Бүркітті, Түйесай кен орындарында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алынған нәтижелер алдыңғы кезде Қаратау фосфорит бассейнінің солтүстік-батыс бөлігінің нәтижелерімен салыстырды.

Екінші мақсат-Қаратау бассейнінің жекелеген аудандарында геолого-геохимиялық алдын-ала ізденіс жұмыстары 1:5, 1:1 масштаб бойынша жүргізу болды.

2 КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ.

2. 1 Стратиграфиясы

Өте көне 5 төменгі вонд (v, mR) қабаттары Құрттыбұлақ көздерінің аймағында кездеседі. Литологиялық жағынан алқызыл және жасыл-сұр құмтастар мен кейде саз тастар қабаттарынан тұрады. Төменгі кембрий Шолақтау свитасының (t, cht) қабаттары литологиялық құрамына байланысты (төменнен жоғары қарай) горизонттарға бөлінген.

Төменгі доломиттер :

фосфатты-кремнийлі жыныстар (1)

фосфориттер (төменгі горизонт)

фосфатты-кремнийлі жыныстар (2)

фосфориттер (орталық горизонт)

фосфатты-кремнийлі жыныстар (3)

фосфориттер (жоғарғы горизонт)

фосфатты-кремнийлі жыныстар (4)

карбонатты-темірлі-марганецті горизонт.

Төменгі доломиттер горизонтына қарай сериясының қабатында үзілусіз линза тәрізді кремнимен араласып жайғасқан. Фосфаттану мөлшері аз, P 2 О 5 мөлшері 0, 5−3%, қабат қалыңдығы 6−18м дейін.

Кремнилі горизонт-жайғасу және құлау бұрышына байланысты орталық бөлігінде тұрақты, басқа бөліктерінде диагональ және көлденең жарықшалармен кесілген. Литологиялық жағынан фосфатты кремнийлі сұры, қызғыш-сұры, қара түске боялған, құрылысы жасырын түйіршікті, тұтас, кейде тақталы текстуралы, әртүрлі түсті жарықшалы.

Горизонттың фосфаттануы аз шамада, P 2 О 5 2−3%, ал горизонттың жоғарғы бөлігінде 4-7%, Горизонттың қалыңдығы 3, 4−27, 7 м дейін, орташа қалыңдығы 6−14 м.

Фосфатты-кремнийлі жыныстар (1)

Фосфорит кремний, кремнийлі карбонат және басқа да фосфаттанған жыныстар қабаттарымен ауыспалы орналасқан. P 2 О 5 мөлшері 10% дейін ауытқып тұрады. Қабат қалыңдығы 4 м.

Төменгі фосфоритті горизонт ең бір өнім литологиялық және қалыңдығы жағынан өзгермелі қабат. Сұр, қоңыр-сұр және қара түсті фосфориттер, тұтас кейде тақта тәрізді ұсақ түйіршікті болып келеді.

Қалыңдығы 1, 5-4, 5м аралығында ауытқиды. Фосфатты кремнилі жыныстар (2) фосфориттер, фосфатты кремнилер және газды кремнилер ретсіз ауыспалы орналасқан Р 2 О 5 мөлшері 5-15% аралығында ауытқиды, кейде одан жоғары болады. Қабаттың қалыңдығы 8, 5-24, 5м дейін орналасады.

Орталық фосфоритті горизонт - бұл қабатта литологиясы, сапасы және қалыңдығы бойынша өзгермелі. Жұқа фосфатты-кремнийлі сланец қабатшалары кездеседі. Қабаттың қалыңдығы 6-8м дейін, бар кен орны бойынша созылған.

Фосфатты- кремнилі жыныстар (3)

2-горизонттың сипаттамаларымен бірдей болып келеді. Қабат қалыңдығы 3, 5-10м дейін.

Жоғарғы фосфаритті горизонт-барлық кен орны бойынша жақсы тұрақталған қабат. Көлемді кейде плитка тәрізді түйіршікті қоңыр-сұр және қара түсті фосфориттер, фосфатты кремнийлі жұқа қабатшалар кездеседі. Қабаттың қалыңдығы 3-12м дейін.

Фосфатты-кремнийлі жыныстар (4)

Жұқа карбонатты кремнилі жыныстармен фосфариттер ретсіз ауысқан қабат. Қалыңдығы 0-6м дейін. Карбонатты-темірлі-марганецті горизонтты доломиттер және доломиттенген әктастар марганецпен темірмен қышқылданған белгілері бар әктастардан құралған қабат. Қабаттар толқын тәрізді орналасқан, кейде линза тәрізді фосфориттер кездеседі. Р 2 О 5 мөлшері 0, 5-14 %. Қабат қалыңдығы 4 м.

Орта кембрий, амга ярусы Е 2 аm. Шолақтау свитасының жоғарғы бетінде қалың біртекті амга ярусының бетінде карбонат қабаты орналасқан. Алдыңғы жылдары жүргізілген зерттеулерге байланысты амга ярусы 4 горизонтқа бөлшектенген.

а) Доломиттер және доломиттенген әктастар, сұр түсті, кіші түйіршікті фосфариттер немесе карбонатты-темірлі-марганецті қабаттардан жоғары жайғасқан горизонт құрамында Р 2 О 5 бар пачканың қалыңдығы 12-16м.

б) Доломиттер, ашық-сұр және сұр түсті, кіші түйіршікті, көлемді жайғасқан, пачканың қалыңдығы 60-120м аралығында.

в) Доломиттер, қоңыр-сұр түсті, кіші түйіршікті қалың плиткалы, арасында кремний линзалары кездесетін пачка, қабат қалыңдығы 30-40м.

г) Доломиттер, қоңыр түсті, майда түйіршікті, жұқа плиткалы құрылған пачка, қабат қалыңдығы 30-50м.

Май ярусы (t 2 m)

Амга ярусының жыныстарының үстінен жоғары бөлшектенген плиткаланған, ұсақ түйіршік әктастар орналасқан, кейде кремний линза тәрізді қабатшалар кездеседі. Горизонттың қалыңдығы 350-550м.

Жоғарғы кембрий (t 3 )

Май ярусының жыныстарының үстінде жоғарғы кембрий жыныстары жайғасқан. Қабат сұр, ақшыл-сұр түсті доломиттерден және доломиттенген әктастардан құралған. Жыныстар ұсақ түйіршікті, қалың плиткалы, қабаттың қалыңдығы 250-350м.

Төменгі ордовик (О 1 )

Сұр және қоңыр-сұр түсті доломиттер мен доломиттенген әктастар, көлемі әртүрлі түйіршікті плиткалы қабат горизонт қалыңдығы 300-400м.

Орта ордовик (О 2 )

Ақшыл сұр, сұр және қоңыр-сұр түсті доломиттер мен әктастар, түйіршектенуі әртүрлі. Қабаттың қалыңдығы 500-600м. Төменгі және жоғарғы ордовик қабаттары кен орнының оңтүстік-шығыс Қоңыртас участігінде ғана болады.

Төрттік қабат (Q) .

Төрттік жүйенің тау жыныстары кен орнының сай-салалары және тектоникалық жарылыстарды даму аймақтарында кездеседі. Төрттік қабаттың төменгі бөлігі малтатастар және құмдардан, ал жоғарғы бөлігі малтатастармен карбонатты саздақтардан ауысуымен және қатты жыныстардың сынықтарымен көрсетілген қабаттың қалыңдығы 0, 1-20м дейін өзгереді (1)

.

2. 2 Тектоникасы

Ақжар фосфорит кен орны кіші қара-ой структурасына кіріп, структураның солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Кен орны құрылымына қарай синклиналды, солтүстік қанаты белгілі дәрежеде тектоникалық өзгерген, жарылыстар диагональ және көлденең бағытталған.

Кен орнының оңтүстік-батыс бөлігінде ең ірі кіші қараой жылжымасы Арқалысай участігінің және Шолақтау свитасының жыныстарын кесіп орналасқан. Жылжыманың ауытқуы 1, 5-2, 5м арасында.

Екінші ірі жылжу Ақжар кен орнының солтүстік бөлігінде 100-300м ауытқыған, Арқалысай Жартал синклинасындағы Көкеу кен орнының жағдайына қатысты 2 км ағысқан.

Үшінші ірі жылжу Орталық және Қотыртас участігінде кембрий және ордовик жыныстарын кесіп жатыр. Жылжыма ауытқуы анықталмаған жобалау бойынша 1-2 км.

3 ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ.

3. 1 Бұрын жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарына талдау.

Ақжар фосфорит кен орнының стратиграфиясын, кенді қабаттың таралу аймағын, қалыңдығын, пайдалы кеннің сапасын және негізгі құрамдас элементтердің түрлерімен құрамдық мөлшерін анықтау мақсатында алдын-ала барлау жұмыстары жүргізілді. Кен орнының жоғарғы бөлігі толығымен зерттеліп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде алынған мәліметтер бойынша 1:1 және 1:5000 масштабты геологиялық карта жасалды. Кен орнының төменгі қабаттарын анықтап және пайдалы кеннің қорын есептеу мақсатымен кеннің төменгі шегіне дейін терең ұңғылар бұрғыланады. Жүргізілген жұмыс мәліметтері бойынша 1:2000 және 1:1000 масштабты геологиялық карта жасалып, фосфорит кеннің қоры С 1 категориясы бойынша есептелінеді, бұрғылау жұмыстарының торы бойынша көлбеу 14 ұнғылар бұрғыланған, торы 100 х 80 м.

Бұл жүргізілген барлау жұмыстарынан алынған мәліметтер кен орнының аймағын, кен денесінің ерекшеліктерін, құрамдас жыныстардың түрлерін анықтауға жеткілікті.

Алдын-ала барлау жұмыстарын жүргізуде алынған мәліметтердің негізінде тиянақты барлау учаскелері анықталып, техника-экономикалық доклад (ТЭД) жазылды (1) .

3. 2 Тиянақты барлау жұмыстарының негіздемесі

Кен орны геологиялық-экономикалық нәтижелері бойынша өндірістік баға берілгеннен кейін тиянақты барлау жұмыстарының мақсаты кен орнын пайдалануға (игеруге) дайындау. Бұл кезеңде кен денесіне және құрамдас жыныстарға нақтылы анықтама беріп, игеруге қажетті геологиялық, физика-химиялық, технологиялық қасиеттерін анықтайды. Бұл мәліметтер игеру кезінде қолданылатын техника мен технологияның жобалауға және қаржыландыруға қажет. Жобаланған жұмыстарды жүзеге асыру үшін жалпы көлемі 1660 м 8 қосымша оқпандар торы 100х40, тереңдігі 150-300 м. Барлау жұмысы біткенен кейін, техникалық-экономикалық ақпар жазылып, фосфорит кенінің қоры В категориясы бойынша есепеледі.

3. 3 Бұрғылау жұмыстары.

Ақжар фосфорит кен орнын тиянақты барлау жұмысы негізінен ұңғы бұрғылау арқылы жүргізіледі. Барлама жұмыстары 2 профиль бойынша, барлығы бұрғылауда қосымша оқпандар жалпы көлемі 8. Сынамалар кенді денеден 1034 м, ал құрамдас жыныстардан 3-5 м сайын алынады, соның ішінде руда бойынша 273 м, сиятын жыныстарда 761 м.

Ұңғының диаметрі жобаланған тереңдікке 76 мм болып қабылданады. Себебі алдынғы жүргізілген бұрғылау жұмыстарының мәліметтері бойынша фосфорит кені өте майда жарықшақты болғандықтан кіші диаметр (59 мм) кезінде керннің шығыны азайып, сапасы нашарлайды.

Осыған қоса каротаж жұмыстарын жүргізу үшін ұнғының диаметрі 76 мм кем болмауы тиіс.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізу негізінде Жаңатас ГБЭ-сы жыныстардың бұрғыланғыш категориясын анықтауда хронометриялық жұмыстар жүргізді.

1986 ж. САИГИМС Ақжар кен орнының жыныстарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жыныстардың тектоникалық үгілуге ұшырап, белгілі дәрежеде өзгеріп қайта кварц -корбонат цементінде құрылған шөгінді жыныстардың комплексі деген анықтама берді.

Ақжар кен орнының геологиялық қимасындағы жыныстардың ауысуы төменде көрсетілген:

  1. Саз тастар.
  2. Доломиттер мен кремни кесектері.
  3. Кремнилі доломиттер.
  4. Кремниленген доломиттер.
  5. Кремниленген әк тастар.
  6. Кремнилі әк тастар.
  7. Кремнилі фосфориттер.
  8. Фосфатты-кремнилі сланецтер.
  9. Көлемді кремни.
  10. Кремни.
  11. Кремни линзалары кездесетін доламиттер.
  12. Кремнилі сазды сланецтер.
  13. Кварцты құмтастар және кварцты -корбонатты құмтастар.

Бұрғылаудың орташа тереңдігін 210 м, ал жыныстардың орташа бұрғыланғыш категориясы 9, 09. Ұңғы бұрғылаудың негізгі көлемі бұрғылау күрделігіне байланысты 3-ші топқа кіреді. Керн сапасымен мөлшері мәліметтер алуға жеткілікті болу үшін ұңғының диаметрі 76 мм болып қабылданады. Ұңғыны бұрғылау УКБ-500С қондырғысымен жүргізіледі. Бұрғылау бұлқыны НБ-3 120/40. Барлық ұнғылар тік бағытта бұрғыланады.

3. 4 Үлгі тастарды сынамалау.

Сыннан өткізу деп ұнғыдан алынған пайдалы қазынды мен жыныстардың заттық құрамын зерттеу. Барлау ұнғы барлау арқылы жүргізіледі, алынған керн материалдары сыннан өткізіледі. Сыннан өткізілген түрі инструкциялық талапқа сай керн орнының зерттелуіне және алдынғы жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне байланысты етіп алады. Керн сынамалары кенқабатынан, кендіқабат аймағынан және құрамдас жыныстардан алынады. Өзінің тағамдалу мақсаты және сипатына байланысты сынау төмендегідей бөлінеді:

  1. Геохимиялық сынау.
  2. Бос жыныстарды сынау.
  3. Пайдалы және құрамдас жыныстарды сынау.
  4. Техникалық-технологиялық және заттық сынау.

Сынама барлық бұрғылау көлемі бойынша алынады. Кенді қабаттан сынама әр бір метр сайын, 240 м - 240 сынама. Құрамдас қабаттардан 1440 м - 288 сынама. Біртекті қабаттардың қалыңдығының өзгеруіне байланысты сынаманың ұзындығы 0, 5 м - 3 м өзгеріп отырады, орташа ұзындығы 2 м қалыңдығы өзгермелі қабаттар ең үлкен және ең кіші сынамалары жеке-жеке қарастырылады. Сынаманың ұзындықтарын жеке қарастыру, фосфорит пачкасының қорын анықтаудың дәлдігін, кеннің таралуын шектеуге жеңіл. Алынған шамаларды өңдеу Жаңатас ГБЭ ұсаттқыш цехінде механикалық тәсілмен жүргізіледі. Сынаманың өңдеу схемасы 3. 1 суретте көрсетілген (8) .

Сынаманы зерттеу үшін керн осі бойынша 1/2 бөлікке кесіледі. Сынаманың сапасын, құрамын анықтау үшін керннің теориялық қажетті салмағы анықталады.

Q=1/2 ∗ Пd 2 /4 ∗ l ∗ d 1 =1/2 ∗ 3, 14 ∗0, 06 2 /4 ∗2∗2, 6=0, 0075=7, 3 кг. (1)

Мұндағы, d-керннің диаметрі, м.

l -керннің ұзындығы, м

d 1 -кеннің көлемдік массасы, т/м 3

Сынаманың бастапқы салмағы

Q баст ≥ 2kd 2 , (2)

Сенімді қажетті салмақ

Q=2∗0, 1∗20 2 =80 кг

Осыдан кейін үгіту дәрежесімен ұсату кезеңдерін анықтаймыз:

S=d соңғы /d , баст =0, 1\20=1\200=1\2∗1\4∗1\5∗ 1\5, (3)

Шыққан есептеуге байланысты санаманы ұсату 4 кезеңде жүргізіледі.

1 кезең 20∗1/2=10мм

  1. кезең 10∗1/4=2, 5мм
  2. кезең 2, 5 ∗1/5=0, 5мм
  3. кезең 0, 5∗1/5=0, 1мм.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенорындарды бағалау мен барлау әдістері мен техникалық құралдары
Демал алаңынан оңтүстік шығысы
Стратиграфия
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары
Тау жыныстары мен кендердегі метасоматикалық өзгерістер
Оңтүстік Матин мұнайы
Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу
Азнагүл алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және мұнай мен газ шоғырларын іздестіру жобасы
Аджип ҚКО компаниясы туралы
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz