Карьер көлігі жұмыстарының қауіпсіздік техникасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Геологиялық бөлім

1. 1 Жалпы мағлұматтар

1. 2 Кен орнының гелогиялық сипаттамасы

1. 3 Орталық алаңның барлау жұмыстары

1. 4 Кен орнының гидрогелогиялық сипаттамасы

1. 5 Пайдаланудың кентехникалық шарттары

1. 6 Кен орнының қорлары

1. 7 Кондиция қорының есебі

2. Тау-кен бөлімі

2. 1 Карьердің негізгі параметрлерін анықтау және карьер алаңдарын нұсқаулау

2. 2 Кенішті ашу

2. 3 Техника экономикалық салыстыру варианттары

2. 4 Қазу жүйесі жиынтық

2. 5 Кен жыныстары қазуға дайындау

2. 6 Бұрғылау аттыру жұмыстарын өндірудегі қауіпсіздік ережес

ережесі

2. 7 Қазу -тиеу жұмыстары

2. 8 Қазу -тиеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік техникасы

2. 9 Кен жұмыстарын тасымалдау

2. 10 Карьер көлігі жұмыстарының қауіпсіздік техникасы

2. 11 Үйінді жұмыстары

2. 12 Үйінді жұмыстарын жүргізу процесінің қауіпсіздік

техникасы

2. 13 Ашық-тау кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына

келтіру

3. Карьер аэрологиясы

3. 1 Ауданның микроклиматы

3. 1. 2 Карьерді табиғи түрде жеделдету

3. 2 Каьердің атмосферасының ластау көздері және шаңбасу

әдістері

4. Еңбек қорғау бөлімі

4. 1 Еңбек жағдайларының және өндірістегі қауіп-

қатер мен ауруға себебі болатын зиянды факторларының

сипаттамасы

4. 2 Шаралар

4. 2. 1 Техникалық шаралар

5. Экономикалық бөлім

5. 1 Рудниктегі жұмыс істеу тәртібі

5. 2 Рудниктің құрамына жұмсалатын қаржылар

5. 3 Салқтар

6. Геодезиялық бөлім

6. 1 Триангуляция

6. 1. 1 Рекогноцировка

6. 1. 5 Полигонометриясы

6. 2 3-іші және 4-ші кластағы нивеллирлеу

6. 6 Топографиялық түсіріс

6. 6. 1 Мензулалық түсіріс

7. Маркшейдрлік бөлім

7. 1 Маркшейдірлік тірек және түсіріс жүйесі

7. 2 Пландық құру негіздемелерін құру әдістері

7. 3 Биіктік негіздемесін жасау

7. 4 Карьердегі маркшейдрлік түсірістер

7. 5 Карьерді жобалау және жасау

7. 6 Ашық тау-кен жұмыстарының процесстері

8. Арнайы бөлім

8. 1 Пайдалы қазындылардың жоғалымы мен құнарсыздануын

анықтау

8. 2 Ашық кенің қазу және енгізу шараларының жоғалымы мен

құнарсыздануы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тау-кен өндіу өнеркәсібі үлкен капиталдық салымды қажет ететін, ең көп еңбек сіңіретін салалардың бірі болып табылады.

Өндіріске жаңа технологияны және заманға сай құрал-жабдықтарды, сонымен қатар автоматизацияның негізгі және қосымша процесін енгізу арқылы кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға болады. Өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды қолдану, өнім өндірудің көлемін арттырып, пайдалы қазындыларды жер қойнауынан тегіс алуға жағдай жасайды, Жұмысшылардың еңбек өнімділігін жоғарлатып, әр түрлі техникалық процестер кезінде жұмыс қауіпсіздігімен қамтамасыз етеді.

Негізгі өндірістік процестердің ашу әдісі, өңдеу жүйесі, енгізу технологиясы болуы мүмкін варианттардың техника-экономика-

лық салыстыруы негізінде жасалады, бұл еңбек өнімділігі мен товар өнімділігінің өзіндік құнына әсер ететін факторларды мұқият қарастыруға мүмкіндік жасайды.

1. Гелогиялық бөлім

1. 1. Жалпы мағлұматтар

Ақжол кен орны Қарағанды облысының шет ауданында орналасқан. Кен орнының солтүстік-шығыс бөлігінде Ақшатау кеніші орналасқан. Қарағанды, Балхаш далалық жол желістері бар. Географиялық жағдайына келсек, кен орны бірнеше бөлікке бөлінген кішігірім шоқы тәріздес ала тізбек. Қыраттар бір-бірінен

терең емес ойпаттармен бөлінген, шатқал секілді шоқылар сирек кездеседі. Шоқының батыс бөлігінде қорғасын кен орны Ақсерген III орналасқан. Осыдан бұл шатқалға Ақжол-Ақсерген аты берілген. Шатқал ендік бағытта 50км-ге созылған, ені 10км-ге дейін барады. Шатқалдың жоғрғы белгісі шығыстан-батысқа қарай бірте-бірте ұлғаяды. Салыстырмалы шектен шығу 30-40м шамасында тербеледі. Шығыстан шатқал Чумек өзені үнемі ақпайды, тек көктемде қар ерігенде өте қысқа мерзімге оянады. Жәмші өзенінің аллювиалды тасқын суы Ақжол кен орнын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Территорияда климат континентальды, жазы ыстық, құрғақ, қысы қатаң және ұзаққа созылады. Анағұрлым суық айлары желтоқсан, қаңтар ыстық айлары шілде, тамыз. Қаңтар айында ең жоғарғы температура -33 0 С, жаз айында +31 0 С. Тоңазылған жердің тереңдігі 1, 5м -ге жетеді.

1. 2. Кен орнының гелогиялық сипаттамасы.

Ақжол полиметалды кен орны Ақжол-Ақсоран түйісуі зоналарының шығыс бөлігінде орналасқан, төменгі турненің корбанатты-терригендік шөгінділерінің ендігі бойынша сызылған, майдаланған жерлерімен қатар орналасқан. Кентас даласын құрайтын жыныстар интрузия, гранит, порфиритті диорит және диабазды порфириттерімен бөлінген. Негізгі руда түзетін жыныстар аумақты әк шөгіндісі, ол балшықты әкпен қамтылған. Бұл жыныстар Ақжол антикликалының негізгі бөлігін құрайды. Кен орны Ақжол антикликалының майдаланған жерінің негізгі бөлігімен ұштастырылған, ендік созылымының кентасты жерімен шамалас шоғырланған. Кентас жер қндіріс құрал-жабдықтарымен, жер бетіндегі ұзындығы 4400м-ге дейін бақыланған, ал төменгі бөлігіне қарай 550м тереңдікке дейін зерттелген. Кентастың қалыңдығы 40-50м-ге дейін өзгереді, жеке қиылыстарда 60-70м-ге дейін барады. Орташа есеппен алғанда 15-20м. Кен орнының кентасты жері шартты түрде -Батыс, Орталық және Шығыс үш алаңдарға бөлінген. Орталық алаңның кентасты жерінің созылым ұзындығы 3600мбені 5м-ден 50м-ге дейін өзгеріп отырады. Орталық және Батыс алаңдары 500м тереңдікке дейін зерттелген, шығыс 150-200м-ге. Кентасты жердің ішкі құрылымы өзінің күрделі қилысымен және бірыңғай еместігімен ерекшелінеді. Полиметалдық құрлымының өзі ұсақ өзек және өзекшелердің түрінен, мензуя, бағана қабатталған кеннен тұрады. Кентас денесінің формасы мен жату элементтері күрделі және тұрақсыз. Ұлғаю және төменденуіне қарай олар бағыттарын тез өзгертеді, шөгеді немесе мүлдем түсіп қалып кеңістік жасап қайта бірігеді.

Кентасты жердің тура барлау қиылысында баланс қиылыстарын ашады. Жобада берілген руда денелері сол жердің өндірістік құрал-жабдықтарының толық көрінісін береді. Кен орнының тік жері жоқ, жоғарғы және төменгі горизонты қорғасын-мырыш кентастарымен күрделі болып келеді. Орталық алаңда көбіне кентас қорғасын-мырышты, бірақ батыс алаңда қорғасынның құрамы 10%, орталық бөліктен шығысқа қарай қорғасынның құрамы 1, 0-1, 5% және одан да жоғары көрсеткішке дейін жетеді. Кентасты жердің қарама-қайшы ендігінде жабдықтау өте айқын берілген, анағұрлым кентастың бай қоры жердің ішкі жанында. Кентасты жердің орталық алаңында негізінен көп таралған жолақты кентастар. Кентас қалыңдығынан қорғасын-мырыштың құрамының белгілі тәуелділігі анықталған жоқ. Орталық карьердің жобалау контурында аралас және сульфитті рудалар бөлінген. Тотығу зонасы нашар қаралған. Сульфитті рудалардың негізгі минералы галонитпен, сфалерит болып табылады.

1. 3. Орталық алаңның барлау жұмыстары.

Орталық алаңда барлау тік параллельді қиылыс тәсілімен орындалған. Алаңда олардың саны 81, бір-бірінен ара қашықтығы 20-70м жерде орналасқан. Сызықтығы ұңғырлардың арасы 20-40м. Барлау торларының өңдеу жұмыстарының ақы төлеу кепілдемесінің нұсқау беру ережелеріне өзгерістер енгізілгені үшін барлау жұмыстарының біркелкі емес жүйелері қалыптасты. Кен орны 1948 жылдан бастап түбегейлі барланды. Барлау тау-кен өңдеулері аралас кентастар аймағынан шыққан жоқ. Барлау алаңында ұңғырлардың ең үлкен тереңдігі шамамен 550 м. Түбегейлі барлаудың объектісі рудалы зона болды.

Өңдеу бойынша олардың ішінен балансты және алдын-ала балансталған кентасты интервалдар бөлініп шықты. Тура барлау қабатында мұндай кентасты интервалдың 20-25-і бөлінді, сондықтан өз бетімен кентасты денелерге оңай үйлестіріліп отырды. Барлау жүйелеріндегі өңдеулер тығыздығының қорға тигізетін әсері кен орнындағы қорда 16 блогін салыстыру арқылы тексерілген. Бұл блоктардың профильдер арасындағы ара қашықтығын салыстырғанда 40-80м болды. Блоктардың жиынтық қорларын салыстыру профиль жүйесінің анағұрлым сиректігі кентас қорының 2, 5%, қорғасынның 8, 5%, мырыштың 8, 6% өсетінін көрсетті. Бірақ жеке блоктарда кентас пен металл қоры 98%-ке жетеді. Бұл өндірісті жабдықты бөлудің жеке қабаттағы кентас денелерінің бөліну схемаларының күрделі өзгешелігін айқындай түседі. Кен орны күрделілігі жағынан үшінші топқа жатады. Пайдалы қазындылардың баланстық қорлары белгіленген тәртіп бойынша ара қатысы 4:1 секілді С1-С2 категориясы бойынша болу керек. Орталық карьерде барлық баланстық қорлар В және С категориясы бойынша барланған. Қордың 3, 5%-і ғана С 2 категориясы бойынша барланған, бұл көрсеткіш жобалу обьектісінің жоғарғы дәрежеде барланғанын айқындайды.

1. 4. Кен орнының гидрогелогиялық сипаты.

Жоғарыда айтылған аудандағы жер асты суларының негізгі қоректену қайнар көзі атмосфералық қалдық болып табылады. Олардың мөлшері өте аз, жылына 143, 9-164, 7мм және динамикалық қорлардың деформациялану мүмкіндігін жояды. Кен орнындағы жыныстарға судың негізгі бөлігі стстистикалық қорларға тарайды. Кен орнының маңайында карьерге келетін жер асты суын толықтырып отыратын гидрологиялық жүйе жоқ. Көктемдегі қар еру кезінде жер асты суы толасып отырады. Әк балшықтарында карстық белгілері бар, бұны жер бетінен 4-5 тереңдікте табылған аумағы 1м- ден асатын карс қуыстары дәлелдеп отыр. Карс қуыстары көбіне қызыл саз балшықпен толтырылған, 50м төменде көбіне жер асты суын жинайтын сызат жарықшалары бар. Кен орнының жыныстары жарықшақты болып келеді. Жарықшақтар әртүрлі, көбіне ашық және жақсы сақталған болады. Жыныстардың жарықшақтығын бақылағанда, олардың 100м тереңдікке жайылатынын, одан төмен болса кілт жойылатыны. Соған байланысты оның су өткізгіштігінің азаятынын көрсетеді. Бұлардың үлкен тереңдікте болатын және сол аймақта айналымға түсетін суларға еш қатысы жоқ. Жер асты сулары жер бетінен 14-17м жерлерде барлық барлау ұңғыларында кездеседі. Негізгі сумен таласатын кез көктем мезгілі.

1. 5. Пайдаланудың кентехникалық шарттары

Тау жыныстар аумағы әк балшықтармен скарндалған диорит және диабаз порфириттермен берілген. Кентастар мен жыныстардың қаттылық коэффициенті Протодъяконов шкаласы бойында 6-дан 20-ға дейінгі шамада тербеледі. Ең жоғарғы қаттылық коэффициенті скарындалған әк балшықтарында және порфириттерде 15-20.

Балансты сульфиті кентастың көлемдік салмағы 3, 0т/м3, есептелмес кетастікі 2, 7т/м3. Кентастың ылғалдылығы орта есеппен алғанда 0, 87%, қопсу коэффициеті -1, 5. Кентастың кремнезем мөлшері -2, 3%, карьерге ағып келетін бір жылдағы су мөлшері-400м3/сағ.

1. 6. Кен орнының қорлары

1964-1971 жылдары ПГО “Центрказгелогиясы” кен орнын түбегейлі барлауды жалғастырды. 1981-1987 жылдары Ақшатау ГРП кен орнына барлау жүргізілді. Өндіріс балансындағы қордың өсуі соған сәйкес қойылып белгіленді.

1. 7. Кондиция қорының есебі

1. Есептеу блогы бойынша қорғасынның ең өндірістік мөлшері:сульфитті кентаста -1, 7%, аралас кентаста -1, 8%.

2. Қорғасынға аударылатын коэффициент -1, 0; мырыш-0, 44; күміс-12, 5.

3. Аралас кентастар құрамында -2%, тотыққан мырышы бар кентастар жатады. Аралас кентастағы мырышты есепке алу керек

4. Сульффитті кентастардағы баланстық қорларды белгілеу үшін сынамдағы пайдалы компоненттердің мөлшері -0, 7%, нел жалпы саны Db и Zn-1, 0%, мырыш-2, 0%, аралас кентаста қорғасын -0, 9%.

5. Баланстық қорларды белгілеу үшін сынамдағы пайдалы компоненттердің мөлшері:

а) Сульфитті контастарда Pb-0, 4%;

б) Аралас кентастастарда Pb-0, 5%-тен артық емес.

6. Қорлар есебіне кіретін кентас денелерінің ең аз шамадағы:

а) өңдеудің ашық әдісі үнсін-3м;

б) жер асты өңдеу әдісі үнсін-1м.

2. Тау-кен бөлімі

2. 1. Карьердің негізгі параметрлерін анықтау және карьер алаңдарын нұсқаулау

Карьер параметрлерін анықтаудың маңызы зор, өйткені пайдалы қазындылардың өндірістік қорының көлемі және карьердің өндіру мерзімі мен пайдалы қазындылардың өнімділігін анықтау соларға байланысты болады.

Ақжол карьерінің негізгі параметрі ретінде еліиіздегі жұмыс істеп жатқан ашық кен орындарының параметрлеріне сәйкес төмендегі шамалар алынды:

Ақжол карьерінің треңдігі H к =300м;

Кемер беткесі бұрышы α=60 0 ;

Кентас қалыңдығы М=60м;

Кентас созылым ұзындығы L c =3400м;

Кемер биіктігі h к =10м;

Пайдаланған қазынды тығыздығы =3т/м 3 ;

Карьер ернеуінің беткей бұрышы мына формула арқылы анықталады.

, градус (1)

мұндағы, -кемелердің сақтандыру бермаларымен көлік бермаларымен табандарының ені, м.

=arctg0, 767263427

=40 0

Шектік аршу коэффициенті мына формула арқылы анықталады:

К ш =(С n -C 0 ) /C a , м 3 3 , (2)

Мұндағы С n -осы кендегі пайдалы қазындыны жер асты әдісімен қазу құны, тг/ м 3 ; C 0 -тек өндіру жұмыстарына жұмсалатын қаражат, тг/ м 3 .

К ш =(900-187) /88=8, 1, м 3 3 .

Карьер алаңның жер бетіндегі ұзындығы мына формула арқылы анықталады.

a) Карьердің жер бетіндегі ені мына формуламен анықталады:

Ln=Lт+2*H k *ctg , м, (3)

мұндағы, Lт-карьер түбінің ұзындығы, м

Ln=3400+2*300* ctg40 0 =4225м

б) Карьердің жер бетіндегі ені мына формуламен анықталады:

Bn=Bg+Hk(ctg +ctg ), м, (4)

мұндағы Bg -карьер түбінің ені, м; , -карьер жағдауының қиябет

бұрыштары сілемнің төнбе бүйір, жату бүйір жағындағы, град = = , себебі тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері.

Bn=50+300(ctg40 0 +40 0 ) =961м

Карьердегі тау - кен қазындылар көлемі мына формула арқылы анықталады:

V т. к. қ =1/3(Bg*Lc+ +Ln*Bn) *H k , м 3 . (5)

V т. к. қ =1/3(50*3400+ +4225*961) *300=

430, 500 млн. м 3 .

Карьер контурындағы пайдалы қазындылар көлемі мына формула арқылы анықталады:

V т. п. . қ =М*(H k -h ш ) * Lc, м 3 , (6)

мұндағы, h ш -шөгінді жыныстардың қалдығы, м.

V т. п. . қ =50*(300-20) *3400=47, 600 млн. м 3 .

Аршыма тау жыныстарының көлемі мына формуламен анықталады:

V a = V т. к. қ - V т. п. . қ , м 3 . (7)

V a =430, 500-47, 600=382, 900 млн. м 3 .

Орташа аршу коэффициент мына формуламен анықталады.

К ор =V a / V т. п. . қ , м 3 3 , (8)

К ор =(382, 900) /47, 600=8, 0 м 3 3 .

К ор ш , осы жобаланып отырған кен орнын ашық әдіспен қазу тиімді.

Бір жылдағы жұмысшылардың жұмыс күні мына формула арқылы анықталады.

N=N’-B-n, күн, (9)

мұндағы, N’-бір жылдағы күннің саны, күн; B-бір жылдағы жұмысшылардың демалыс саны, күн; n-бір жылдағы мерекелер саны, күн.

N=365-52-8=305 күн.

Бір тәуліктегі жұмыс ауысымдылығы n=3 ауысым.

Ауысым үзақтығы Т=8 сағ.

Карьердегі пайдалы қазыналар өндірудегі жылдық өнімділігі мына формула арқылы анықталады.

А=h i *S i ((1-r) /(1- Equation. 3 ) ) * Equation. 3, м 3 /жыл (10)

мұндағы, h i -тау-кен жұмыстарының төмендеу жылдамдығы, м; S i i периодындағы жұмыс аймағының шекарасындағы пайдалы қазындылар ауданы, м 3 ; r-пайдалы қазындылар жоғалымы, -пайдалы қазындылардың құнарсыздығы.

S i =М*Lc, м 2 (11)

S i =50*3400=17 м 2

А=8*17((1-0, 04) /(1-0, 05) ) *3=4, 100млн м 3 /жыл.

Карьердегі тау жыныстардың аршу өнімділігі мына формула арқылы анықталады.

А а =(А/ ) * К ор , м 3 /жыл (12)

А а =(4, 100/3) *8, 0=11млн м 3 /жыл

Карьдегі тау -кен қазындыларын өнлірудегі жылдық өнімділігі мына формула арқылы анықталады.

А т. к. қ =А/ (1+ К ор ), м 3 /жыл (13)

А т. к. қ = (4, 100) / (1+8, 0) =11 млн м 3 /жыл .

Карьердің тәуліктік өнімділігі мына формуламен анықталады: аршуда А а. тәу =A/N, м 3 /жыл, (14)

А а. тәу =11млн/305=36065 м 3 /тәу.

кенде А к. тәу к /N, м 3 /тәу, (15)

А к. тәу =4, 100/305=1442 м 3 /тәу

Карьердің ауысымдылық өнімділігі мына формуламен анықталады:аршуда А а. ауыс = А а. тәу /n (16)

А а. ауыс =36065/3=12021 м 3 /ауыс.

кенде А к. ауыс = А к. тәу /n, м 3 / ауыс. (17)

А к. ауыс =13443/3=4480 м 3 / ауыс

Карьердің қызмет ету мерзімі мына формуламен анықталады: Т к =t қ +(V к. п. қ * ) /А+t ө , жыл (18)

мұндағы, t қ -карьер құрылысының мерзімі, жыл.

Т к =3+(47, 600*3/4, 100) +2=36 жыл.

2. 2. Кенішті ашу

Кен қазудың ашық тәсілін қолданғанда, не болмаса оның карьер алаңында жатқан бөлігін ашудағы басты мақсат кенжарды және осы жерден қазылған пайдалы қазынды төгілетін сондай-ақ аршудан алынған тау жыныстар үйілетін жермен жалғастыру. Ашық кен қазуда кен сілеміне жету үшін арнаулы кен қазбалары, оржолдар жүргізіледі. Пайдалы қазындылардың карьер алаңынан тысқары және ішінде орналасуына байланысты ашу оржолдары ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

2. 3. Техника экономикалық салыстыру

варианттары.

I. вариант. Ішкі оржолдар арқылы ашу

П=С+К*Е, теңге (19)

мұндағы, С-тасымалдауға кеткен шығын, тг; К-оржолдар

құрылысына кеткен шығын, тг; Е-экономиканы тиімділетудегі мөлшерлеме коэффициент.

С=[V арш (l+l 1 ) +V k (l+l 2 ) *q], тг, (20)

мұндағы, l-жер бетімен карьер центірінің ара қашықтығы, м; l 1 -шығатын оржолдар мен үйінділер ара қашықтығы, м; l 2 -шығатын оржолдар мен байыту фабрикаларының ара қашықтығы, м.

С=392, 900(3+4) +47, 600(3+6) *0, 05=15545000тг.

К= V ор а , тг (21)

мұндағы, V ор -оржолдар көлемі, м 3 ; С а -аршу құны, тг.

V ор =[(H 2 k. ор /i ) *( /2+H k. ор /tg ) *h k ], м 3 , (22)

мұндағы, H k. ор -оржолдар ені, м; -оржолдар ұзындығы, м; i-созылым еңкіштігі.

H k. ор =R a +0, 5в++0, 5a+C, м; (23)

мұндағы, R a - автосамосвалдардың радиусы, м; а, в- автосамосвалдардың ені мен ұзындығы, м; С-оржардың жағдауымен автосамосвал ара қашықтығы.

H k. ор =8, 5+00, 5*100, 9+00, 5*30, 42+2=18 м;

= H k. ор * 2*һ к *ctg , м; (24)

=18*2*10* ctg60 0 =261 м;

V ор =18*18/0, 08(261/2+18/ ctg60 0 ) *6=108380, 89 м 3 ;

К=108380, 89*2, 8=303466, 50тг;

П=155435000-303466, 50*0, 1=15 млн. тг.

II-вариант. Сыртқы оржалдар арқылы ашу.

(Бұл кезде l 1 ара қашықтығы азаяды)

С=[V арш (l1-l2) +V k (l1-l2) q], тг; (25)

C =382, 900(3+3) +47600(3+6) *0. 05=13629 тг.

К= V ор. с а , тг, мұндағы, V ор. с - сыртқы оржолдың көлемі, м 3 .

V ор. с =(n k *H k. ор ) 2 /i+(В к. гр /2+n k *H k. ор /3tgL ) +(n k -1) 2 *H 2 k. ор * *В к. гр /2*i) +(n k -2) 2 *H 2 k. ор к. гр /2*i+) +(n k -3) 2 *H 2 k. ор * *В к. гр /2*i+) +(n k - 4) 2 *H 2 k. ор к. гр /2*i+ H 2 k. ор к. гр /2*i;

V ор. с =(6*18) 2 /0, 08+(261/2+6*18/3ctg60 0 ) +(6-1) 2 -18*18*261/0, 08*2+ +(6-2) 2 *18*18*261/2*0, 08+(6-3 ) 2 *18*18*261/2* 0, 08+(6-4) 2 *18* *18*261/2*0, 08+18*18*261/2*0, 08=32880122; м 3 ;

К=32880122*2, 8=92064343тг;

П=13629+92064343*0, 1=22млн. тг;

Техника экономикалық салыстыруда I-ші вариант арқылы ашуға кеткен шығын II-ші вариантпен салыстырғанда аз, сондықтан кен орны ішкі оржолдар арқылы ашылады.

Тілік оржолдардың көлденең қимасының ауданы мына формула арқылы анықталады.

S т. ор к (H k. ор +h k *ctg ) , м 2 (26)

S т. ор =10*(18+10*ctg60 0 ) =255 м 2

Трассаның теориялық ұзындығы мына формула арқылы анықталады:

т. т =(H б *H c /i т ) *1000, м, (27)

мұндағы, H б , H c -трассаның соңғы және бастапқы белгілері, м; i т -трассаның көтерме шамасы, %.

т. т =300*1000/80=3750м .

Трассаның нақты ұзындығы мына формула арқылы анықталады:

T. H = т. т *R y , м (28)

мұндағы, R y -трассаның ұзару коэффициенті

T. H =3750*1, 2=4500 м.

Тілік оржардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

V т. ор =S т. ор * T. H , м 3 (29)

V т. ор =255*4500=1147500 м 3

2. 4. Қазу жүйесі жиынтық

Кен орнын ашық қазу жүйесінде тау кен қазындыларын қазуға дайындау, аршу өңдеу жұмыстары орындалады. Қазу жүйесі карьер жағдайына байланысты алынды. Алынған қазу жүйесі қауіпсіздікті экономиканы және қоршаған ортаны сақтай отырып, пайдалы қазындының сапалы қорын көп мөлшерде алуға міндетті. Ал, карьерді тау кен жиынтықтары, яғни көліктер, ұсатқыш жабдықтар және көмекші жабдықтар және көмекші жабдықтар кенжардағы алуға және үйіндіге тасымалдауға, пайдалы қазындыны складқа немесе тұтқынушыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұлар карьердің жиынтық механизациясының құрылымын құрады. Кен орнын қазу жүйесі мен жиынтық механизациясының құрылымы өзара байланысты болады.

Ақжол кен орнының геологиялық жағдайымен, кеннің жату жағдайын есептей келе үлкен тереңдіктегі тақта тәріздес формадағы сілемге академик В. В. Ржевскийдің классификациясы бойынша кеннің созылым бойымен бір жағдаулы бір бағыттағы қазу жүйесі қабылданды.

Аошу өндіру кемерлерінің биіктігі академик Н. В. Мельниковтың формуласы бойынша анықталады.

H к =0, 7*a Equation. 3, м, (30)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карьер жолдарының құрылысы
Кен орнының қорлары
Автосамосвалды тиеу әдісі
Бұрғылау және жару жұмыстары
Теміржол көлігін қолданғандағы қазу жүйелері
Тірек аралық станциялар
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар
Қарағанды облысының Саран қаласындағы көмір өндіру кәсіпорны
Ашу тәсілін таңдау және көлденең және жазық құлама қазу жүйесінің негізгі өндірістік үдірістерін есептеу
Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі айналымды бұрғылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz