Геологиялық жұмыстардың қауіпсіздігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ12
1 АУДАННЫҢ ГЕОГРАФИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ13
СИПАТТАМАСЫ13
2 БҰРЫН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРҒА15
ШОЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ15
3. АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ20
3. 1 Стратиграфия20
3. 2. Магматизмі22
3. 3 Тектоника25
3. 4 Пайдалы қазбалары28
3. 5 Гидрогеология29
3. 6. Геоморфология33
4 КЕНОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫ36
4. 1 Кендердің заттық құрамы және морфологиясы43
5 ЖОБАДАҒА ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ47
ЖӘНЕ КӨЛЕМДЕРІ47
5. 1 Шешуге тиісті геологиялық мәселелер47
5. 2 Барлау жүйесі мен барлау торабы пішіндерін, тығыздығын негіздеу47
5. 3 Тау-кен жұмыстары48
5. 3. 1 Шахта қазу48
5. 4 Бұрғылау жұмыстары49
5. 5 Ұңғымаларда жүргізілетін геофизикалық жұмыстар68
5. 6. Гидрогеологиялық жұмыстар69
5. 7 Сынамалау жұмыстары70
5. 7. 1 Сынаманы өңдеу72
5. 8. Лабораториялық зерттеу жұмыстары75
5. 8. 1. Минералогиялық зерттеулер77
5. 8. 2. Технологиялық зерттеулер78
5. 8. 3. Гидрогеологиялық зерттеулер78
5. 9. Камералдық жұмыстар78
6. КҮТУДЕГІ ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ79
7. АРНАЙЫ БӨЛІМ86
7. 1 Архарлы кенорныныдағы алтын құрамды минералдардың морфологиясы86
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ89
8. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау89
8. 2 Жалпы ұйымдастыру шаралары90
8. 2. 1 Камералдық зертханаларды жасанды жарықтандыру91
8. 2. 2 Өндірістік санитария92
8. 2. 3 Өндірістік шаң93
8. 2. 4 Камералдық зертханалардың дыбысизоляциясы93
8. 3 Қауіпсіздік техникасы94
8. 3. 1 Көліктік жұмыстардың қауіпсіздігі95
8. 3. 2 Электр қауіпсіздігі95
8. 3. 3 Қуат қадамы98
8. 3. 4 Геологиялық жұмыстардың қауіпсіздігі99
8. 4 Өрт профилактикасы101
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ103
10 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ104
11 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУІНЕ СМЕТАСЫ110
ҚОРЫТЫНДЫ113
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ114
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ИНСТИТУТЫ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІРУ, ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН ІЗДЕУ ЖӘНЕ БАРЛАУ КАФЕДРАСЫ
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
геол. -минерал. ғылымдарының
докторы, профессор
Н. С. Сейітов
«» 2004ж.
Дипломдық жобаның
ЖАЗБАША ТҮСІНДІРМЕСІ
Кеңесшілер:
Аға оқытушы
Отарбаев Қ. Т.
«» 2004ж.
Геол. -минерал. ғылым. канд., доцент
Жүнісов А. А.
«» 2004ж.
Профессор
Мұсанов А. М.
«» 2004ж.
Техн. ғылым. докт., профессор
Өтепов Е. Б.
«» 2004ж.
Оқытушы
Хамимульдинов С. Ж.
«» 2004ж.
Пікір жазушы
«» 2004ж.
Жетекші
Геол. -минерал. ғылым. докторы, профессор Бакенов М. М.
«» 2004ж.
Студент
Ұлтарақов Б. Б.
Мамандығы 1801
Тобы ГРС-99-1қ
Стандарттау кеңесшісі геол. -минерал. ғылымдарының докторы, профессор
Жилинский Р. Г.
«» 2004ж.
Алматы 2004ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ИНСТИТУТЫ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІРУ, ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН ІЗДЕУ ЖӘНЕ БАРЛАУ КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
геол. -минерал. ғылымдарының
докторы, профессор
Н. С. Сейітов
«» 2004ж.
Дипломдық жоба жасауға
ТАПСЫРМА
2. «» 2004 жылғы ЖОО бұйрығымен бекітілген.
Дайын жобаны тапсыру мерзімі
4. Қарастырылатын мәселелердің тізімі:
Кіріспе
1 Жұмыс ауданының экономикалық географиялық сипаттамасы
2 Алдынала жүргізілген жұмыстарға шолу және оларды талдау мен бағалау
3 Ауданның геологиялық сипаттамасы
4 Жұмыс нысанасының сипаттамасы
5 Жобадағы жұмыстардың әдістемесі
6 арнайы бөлім
7 Күтудегі қорларды есептеу
8 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
9 Қоршаған ортаны қорғау
10 геологиялық барлау жұмыстарын жобалаудың ерекшеліктері
11 геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуіне сметасы
Қорытынды
5. Сызба материалдарының тізімі (міндетті түрде қажет екендерін атап өту)
1 Ауданның геологиялық картасы
2 Кенорынның геологиялық картасы
3 Орталық белдемнің сынамалау планы
4 Геологиялық қималар
5 Қорларды есептеу сызбасы
6 Техникалық сызбалар
6. Дипломдық жобаның кеңесшілері мен оларға тән жобаның бөлімдері
Қ. Т. Отарбаев
ГТ және ПҚКІБ
Е. Б. Өтепов
ЕҚжҚО
7. Тапсырма берілді
Кафедра меңгерушісі
Тапсырма қабылдаған
«» 2004ж.
«» 2004ж.
Сейітов Н. С.
Ұлтарақов Б. Б.
КҮНТІЗБЕЛІ ЖОСПАР
№№
реті
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Кіріспе. Жұмыс ауданының экономикалық-географиялық сипаттамасы. Бұрын жүргізілген зерттеулерге шолу және оларды талдау мен бағалау
Ауданның геологиялық құрылысы (Ауданның геологиялық картасы
м 1:50 000)
Кенорынның геологиялық құрлысы. (Кенорынның геол. картасы., геол. қимасы)
Жобадағы жұмыстардың әдістемесі
Арнайы бөлім. Күтудегі қорларды есептеу.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қажет сметасы. Геологиялық барлау жұмыстарын жобалаудың ерекшеліктері.
Қорытынды
01. 03-07. 03. 2004ж.
07. 03- 20. 03. 2004ж.
20. 03- 01. 04. 2004ж.
01. 04- 01. 05. 2004ж.
01. 05-11. 05. 2004ж.
11. 05- 18. 05. 2004ж.
18. 05- 25. 05. 2004ж.
Студент-дипломшы
Жобаның жетекшісі
Ұлтарақов Б. Б.
Бакенов М. М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ИНСТИТУТЫ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІРУ, ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН ІЗДЕУ ЖӘНЕ БАРЛАУ КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
геол. -минерал. ғылымдарының
докторы, профессор
Н. С. Сейітов
«» 2004ж.
Пайдалы қазба
Нысана аты
Кездестірілген жері
Алтын
Архарлы
Қазақстан Республикасы Алматы облысы
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА
Геологиялық тапсырма берудің негізі. Өндірістік практикадан жинап әкелінген геологиялық материалдар
1. Жұмыстардың мақсаты, нысананың кеңістіктегі шекарасы, бағалаудың негізгі көрсеткіштері.
Кенорынның 100-350м тереңдікке дейінгі өнеркәсіптік маңызын айқындау, С 1 , С 2 категориясы бойынша қорды есептеу.
2. Геологиялық мәселелер, оларды шешу тәртібі мен негізгі әдістері.
1) Ұңғымаларды бұрғылау арқылы жалпы түрде кенді дененің ішкі құрылысын және жатыс жағдайын анықтау.
2) Пайдалы қазбаның сапасын жалпы түрде зерттеу.
3) Аз көлемді технологиялық сынамалар алу арқылы жалпы түрде кендердің технологиялық қасиеттерін зерттеу.
4) Жалпы түрде грунт суларының деңгейін және жер асты суларының химиялық құрамын зерттеу.
5) Кенорнының перспективасы жайлы техника-экономикалық пікірін (ТЭТ) құрастыру.
3. Жұмыстарды орындау мерзімі мен болашақ нәтижелері (есеп беру құжаттардың түрлерін көрсету қажет) .
Жұмыстардың нәтижесінде С 1 , С 2 категориясы бойынша қорлар есептеледі және есепнама құрастырылады.
Бас геолог (дипломдық жобаның жетекшісі)
Күні «» 2004ж. Бакенов М. М.
АНДАТПА
Алтын-күмісті Архарлы кенорнын 1955 жылы геолог С. Е. Майрин ашқан. Кенорын Алматы облысы, Кербұлақ ауданында орналасқан, оның өндірістік мәні біршама жеткілікті анықталған.
Дипломдық жоба кенорынның өнеркәсіптік маңызын және кенденуін анықтауға арналған.
Жобаланып отырған алдын-ала барлау жұмыстары кенорынның технико-экономикалық негіздеуге және дәлдікті барлауды жүргізуге негіз бола алатынын айқындау.
АННОТАЦИЯ
Золото-серебряное месторождение Архарлы открыто геологом С. Е. Майриным в 1955 году в Кербулакском районе Алматинской области, практическое значение которого выяснено вполне достаточно.
Дипломный проект посвящен установлению промышленной значимости месторождения и рудопроявлений, находящихся в непосредственной близости от него.
Проектируемая предварительная разведка позволят составить технико-экономическое обоснование для дальнейшего проведения детальной разведки.
КІРІСПЕ
Архарлы кенорны 1955 жылы масштабы 1:2 болатын геологиялық түсіру барысында ашылған. Майрин С. Е. және басқа геологтар ашқан.
1962-67 жылдар аралығында Архарлы геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кенорынның орталық және Солтүстік-Шығыс бөлікшелерінде ТБК «Алтайзолото» артелі игеру жұмыстарын жүргізді.
Архарлы кенорнындаға алтын мен күмістің өнеркәсіптік қоры біршама жоғары. Іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижесі бойынша кенорын геологиялық-экономикалық жағынан перспективті деп бағаланды. Сондықтан Архарлы кенішіндегі шикізат базасын кеңейту үшін Солтүстік-Шығыс бөлікшесіне алдын-ала барлау жұмыстары жобаланып отыр.
Дипломдық жобаға қажет геологиялық мәліметтер 2-ші өндірістік тәжірибе барысында жиналды. Жобаның негізгі мақсаты Архарлы кенорнының Солтүстік-Шығыс бөлікшесінде 150-400м тереңдікке дейін өнеркәсіптік маңызын айқындап С 1 , С 2 категориялары бойынша қорын есептеу болып келеді.
Дипломдық жобаның көлемі 116 жазба беттен және 6 сызба материалдардан, 20 кестеден және 5 суреттен тұрады.
1 АУДАННЫҢ ГЕОГРАФИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Архарлы алтын кенорны Алматы обылысы, Кербұлақ ауданында орналасқан. Келісімшартта қаралған аудан Сарыөзек теміржол бекетінен оңтүстікке қарай 23км жерде орналасқан. Оның географиялық координаттары ортасы 44 0 11 ' СЕ, - 77 0 54 ' ШБ. Территорияның ауданы 49км 2 , бұрыштарының координаттары:
- 44014'СЕ-77052'ШБ
- 44014'СЕ-77057'ШБ
- 44010'СЕ-77052'ШБ
- 44010'СЕ-77052'ШБ
Ауданның климаты континентті. Сондықтан оның қысы біршама суық, ал жазы әжептеуір ыстық. Ыстық айдың орташа температурасы +35 0 С максимумінде -23 0 С-ге сәйкес келеді. Топырақ қабатының қату тереңдігі -1 -1, 5м. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400мм-ден сирек асады. Желдердің соғуы жиі, негізінен батыс және солтүстік-шығыс бағытты.
Құрғақ жазымен және суық қысымен сипатталады және солтүстік-шығысқа бағытталған сирек болып тұратын желдерімен сипатталады. Қар қарашаның аяғында түседі, ал наурыз- сәуір айларында тоқтайды. Түскен қардың қалыңдығы орта есеппен 20см болады. Ауданның орташа жылдық температурасы - +6 0 , +7 0 , үш жаз айының орташа температурасы - +21 0 С. Ал үш қыс айларының орташа температурасы - 10 0 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 200-250мм және бұлар негізінен күз және көктемге тиесілі болып келеді.
Ауданның жергілікті жер бедері таулы, жиі кездесетін майда арналар және төбешіктермен сипатталады. Жер бедерінің ең биік шыңдары 1100-1400м-ге дейін жетеді. Өсімдіктер әлемі жұтаң, олар шөлейт-далалы түрлерімен сипатталады. Топырақ қабатының түріне қарай аудан шөлейтке жатады.
Бөлікшеден жақын жерде Алматы-Семей темір жолы өтеді, сонымен қатар Алматы-Өскемен автомагистралі орналасқан.
Өсімдік әлемі жұтаңдау. Өзен аңғарларында жиде өседі, барбарис және эфедра кездеседі. Жануарлар әлемі де өте кедей болып келеді. Тауларда текелер, архарлар, еліктер мекендейді. Сонымен қатар кекіліктер, бұлдұрықтар, қырғауылдар және жабайы көгершіндер кездеседі. Кемірушілерден суырлар мен дала тышқандары және дала бүркіттері кездеседі. Архарлы кенорны үшін ең жақын ауылды мекен Сарыөзек станциясы (20 км) болып келеді. Ауданда мал бағатын қыстаулар мен фермалар өте көп кездеседі.
2 БҰРЫН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРҒА
ШОЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ
Кенорынды 1955 жылы масштабы 1:2 геологиялық түсіру кезеңінде геолог С. Е. Майрин ашқан. Осы уақыттан бастап кенорын ауданында геологиялық зерттеулер басталды - масштабы 1:5-1:1 болатын ірі геологиялық түсірулер және масштабы 1:1000-1:15000 дәлдікті іздеу геолого-геофизикалық жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде жоғары палеозойдың стратиграфиясы құрастырылды, жыныстардың негізгі магмалық кешендері бөлінді.
Ауданның аймақтық және жергілікті жарылымды және пликативті құрылымдары карталанған, Архарлы кенорнынан басқа жаңа алтынның білінімдері айқындалды.
Архарлы кенорнында геологиялық барлау жұмыстары 1962-1967 жылдар аралығында жүргізілген. Есептелген қорлар мен дәлдікті барлау туралы есеп және кенорынды өндіріске қосу 1967 жылы болды. Есептелген минералдық қоры, рудникті 15 жылға дейін жұмыспен қамтамасыз еткен.
Барлау жұмыстарымен қатар 1964 жылы тәжірбиелі-өндірістік кенорынды игеру жұмыстары басталды. Ол жұмыстарды ашық әдіспен «Алтайзолото» партиясы игерді. Орталық және біршама Солтүстік-Шығыс бөлікшелердің кенді денелері игерілді.
Кенорынды өткізгеннен кейін 1995 жылға дейін кенді жерасты қазылымдармен игеру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар біршама қоры жағынан бай Солтүстік-Шығыс бөлікшесіне қойылған. Шығыс I және II бөлікшелерінде өндірістік кенді денелерді каръерлі және штольнялармен игеру жұмыстары жүргізілген. «Орталық» бөлікшенің 3, 60, 6, Каръерная тағы басқа желілерінде каръерлік жұмыстардың ауқымды көлемі атқарылды.
1955ж L-43-XXXVI бет көлемінде Севастьян В. Г., Майрин С. Е. және Тихонов П. П. стратиграфия, магматизмі және пайдалы қазбалары бойынша кешенді геологиялық зерттеулер жұмысын жүргізді. Осы жұмыс нәтижесінде Архарлы тауында алтынның және Ұзын-Бұлақ және Малайсары тауларында мыстың кен көздері табылды. Архарлы кенорнының ашылуы Оңтүстік Жоңғарияда алтынға іздеу жұмыстары жүргізілуіне себеп болды.
1957 жылы іздеу жұмыстарымен кешенді түрде Оңтүстік Жоңғарияда 1:5 масштабты кондициялық геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізу басталды. Тихонов П. П. (1957-1960ж) Биже-Көксай ауданында және Желдіқора тауларында геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізді (L-44-121-А, Б, В, Г-солтүстік жартысы, L-43-132-Б-Г беттері) Азбель К. А. (1961-64ж) Малайсары, Көкшеел, Ащудасты тауларында және Капшағай шатқалында түсіру жұмыстарын жүргізді (L-43-131-Б, В, Г; L-43-132-А, В; L-43-142 - Б, Г; L-43-143-В беттері) . Ал Науменко В. В. (1959-1961ж) Дегерес, Матай, Алтын-Емел тауларында түсіру жұмыстарын жүргізді (L-44-133-А, Б, В, Г; К-44-1-А беттері) Ткаченко К. Н. (961-62ж) Архарлы тауларында түсіру жұмыстарын жүргізді (L-43-144-А, Б) . Дүйсеков А. Н. (1960ж) Шолақ тауларында Понаморева К. Н. (1962ж) Қалқан тауларында, Фремд Г. М. (1962ж) Қатутау тауларында түсіру жұмыстарын жүргізді (L-43-144-В, Г; К-44-1-Б; К-44-2-А; L-44-134-Б, Г; L-44-135-А, В беттері) . Бұл жұмыстар сәл ерте жасалған болатын, себебі бұл уақыттарда 1:2 масштабты геологиялық түсіру жұмыстары әлі де бітпеген еді. Сонымен қатар стратиграфиялық сұлбалар өңделмеген және 1:5 масштабты карталардың шартты белгілері дайын емес болатын. Нәтижесінде көптеген карталар қазіргі уақытта кондициялы емес деп табылды. Бірақ, бұл карталар өз рольдерін атқарды. Ең алғаш алтынның және полиметаллдардың көптеген кен көздері мен минералдану нүктелері ашылып, соларға сипаттамалар берілді (Батыс Малайсары, Өтеген, Ергезен, Тайғақ, Манаубай, Водораздельное және т. б. ) . Геофизикалық зерттеу әдістері түсіру жұмыстарымен бірге кешенді түрде жүргізілді: магнитті барлау, электр барлау (ЕН, КП, ИЖ), металлометрия. Сонымен қатар геофизика көмегімен тектоникалық белдемдер, интрузивті массивтер анықталып зерттеледі және борпылдақ түзілімдердің қалыңдықтары анықталды. Электрлік зондылау нәтижелері бұрғылаулармен тексеріліп нақтыланып отырды. Кейінірек Желдіқора кен көзі (Дегтерев Р. А. ) ашылды. Кейінгі жылдары Оңтүстік батыс Жонғария территориясында дәлдікті іздеу жұмыстары және бұрын табылған алтын кенін, сонымен қатар полиметалды кен көздерін (Өтеген, Батыс Малайсары, Малайсары-II, Игілік және т. б. ) бағалау жұмыстары жүргізілді. 1960 жылдан бастап Жоңғар экспедициясының Архарлы партиясымен Архарлы кенорнын барлау жұмыстары басталды (Левин Г. Б. -1961ж; Яренский О. Е. -1961-1964 ж; Сушков П. А. -1964-1965ж) . 1965 жылы Архарлы партиясы қайта құрылған Оңтүстік Қазақстан алтын-кенді экспедициясына берілді.
1965 жылдан 1968 жылға дейін (Семененко Н. Н., Попов А. С., Қошмағамбетов Ю. А. ) Архарлы кенорнын және Игілік, Далабай кен көздерін барлау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Оңтүстік-Батысты, Ащудасты, Көкшеел, Игілік 1-7, Қоралы, Манаубай, Биже II кен көздерін бағалау жұмыстары аяқталды. Бетбастау кен көзінде бағалау жұмыстары басталды.
Кейінгі жылдары Архарлы партиясымен Шолақ тауының кен көздері бағаланды, Сарыөзек, Матай, Керімбек бөлікшелерінде іздеу жұмыстары жүргізілді.
Осы жылдары Архарлы кенді алаңында алтынның шашырауының алғашқы ореолдарын зерттеу мақсатында кенді денелердің қалыңдықтарын анықтау және Архарлы типті кенорындардың тереңдікті геохимиялық іздеулер мүмкіндіктерін бекіту мақсатында геохимиялық жұмыстар жүргізілді (Чербянов В. Е. ) . Оңтүстік-батыс Жоңғария көлемінде Архарлы кенді алаңымен Биже-Көксай жақсы зерттелді. Көптеген зерттеушілер (Браженцева А. Ф., Водопьянова В. И. ) таужыныстардың петрографиясын, кендердің минералогиясын және гидротермалды өзгерген жыныстардың минералогиясын зерттеумен, алтынды кенденудің минералогиялық және құрылымдық бақылауын, кенорындардың белдемділігін және кенді бағаналардың жинақталуы жағдайын анықтаумен (Гражданцев Н. Г:, Нарсеев В. А. ), алтынды кенденудің орналасу заңдылықтарын (Гребенчиков А. М. ; Лоскутов В. О. ; Чудинов Ю. В. ) зерттеумен айналысты.
Геологиялық зерттеулермен бірге геофизикалық жұмыстар жүргізілді. Волков экспедициясы 1951-65 жылдар аралығында аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізді (Сомов Н. М., Бобров Н. А., Кисельгов Ю. И. ) . Бұл жұмыстар уран кенорындарын іздеу және геологиялық карталауға көмектесу мақсатында орындалды.
1956-59 жылы рудалы кенорындарды іздеу мақсатында 1:5 және геологиялық карталауға көмек ретінде 1:1 масштабты аэрогеофизикалық түсірулер жүргізілді. (Ерусалимский Н. Н., Косой М. Г., Никонаров С. Р. ) . Жұмыстар нәтижесінде алдын ала негізгі құрылымдардың сұлбасы құрастырылған, бірнеше тереңдікті интрузивті массивтер бөлінген, жарылымдар белдемі сағаланды.
1958 жылы Іле экспедициясы ең алғаш 1:5 масштабты гравиметрлі жұмыстар жүргізді. (Грачук Л. А., Суханов) . Гравибарлаумен бірге кешенді түрде электробарлау және сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде палеозой жыныстарының жабынының тереңдігі анықталды.
1963-68 жылдары сол аудандарда қайталанып гравиметрлі жұмыстар кешенді түрде электробарлау магнитті барлаумен бірге жүгізілді. (Шнейдер И. Ю., Лютый А. Г., Бородаев Н. Д. ) . Алынған мәліметтермен Оңтүстік Қазақстанның құрлысының блокты сипаты нақтыланды.
Сонымен қатар алтын-полиметаллды кенденуге перспективті бөлікшелер бөлінді. Бірнеше жылдар бойы бөлінген кен көздерінде Алматы геофизикалық партиясы геофизикалық жұмыстар жүргізді. (Алексеев В. А., Цимбалей Ю. М., Битюцкий В. И. ) . Бұл жұмыстар электр барлау, магнитті барлау және металлометриямен кешенді түрде жүргізілді. Жиі борпылдақ түзілімдермен жабылған кенді белдемдер сағаланды, алтынмен бірге кездесетін элементтердің шашырауының кешенді ореолдары бөлінді. Авторлармен мынандай қортындылар шығарылған: қалайы, висмут, мышьяк, сүрме және т. б. сирек элементтерге талдаулар жасағанда талдаулардың сезгіштігін артттырғанда индикаторлы элементтердің шеңберін кеңейтуге және алтын-кенді кенорындарды іздеудің эффективтілігін арттыруға болар еді.
Соңғы жылдары L-44-121, 122, L-43-144-Г, L-44-133-В, К-43-12-Г, К-44-1-А беттерінің ауданында 1:5 масштабта қайталап түсіру жұмыстары жүргізілді.
3. АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Геолгия - құрылымдық жағынан аудан Сыртқы және Іле-Балқаш маңы құрылымдық-формациялық белдемі көлемінде орналасқан. Геологиялық құрылысының қалыптасуына силурдан бастап осы күнге шейінгі әртүрлі жыныстар кешені үлкен үлес қосқан.
3. 1 Стратиграфия
Дегерес свитасы (С 2-3 dg) территорияның солтүстік батыс бөлігінде таралып, бесқайнар свитасының вулканиттер астынан кішігірім (200х300 м) терезе ретінде түзілімдері айқындалып тұр. Свитада андезит-базальтты, кейде андезитті, трахи-андезитті немесе аралас құрамды, жасылдау-сұр, қою қоңыр түсті лавалар негізгі орын алады. Бөлек туфты белдемдердің қалыңдығы 20-50м, лавалар 3-12м-ге дейін жетеді. Свита қалыңдығы > 40м, шөгінді жыныстар 10% аз. Түзілімдердің жасы олардың қимадағы орналасу жағдайымен анықталады: олар орта таскөмір үстінде жатады және жоғарғы таскөмір - төменгі пермь шайылымдарымен шектелген.
Құлғалы свитасы (С 2 -Р 1 kg) ауданның орталығында таралып, жанартау-күмбезді құрылымдарының ядролық бөлігінде ашылған. Свитаның түбінде конгломераттар, кейде жасылдау-сұр құмтастар, гравелиттер, туфтар қабатшасы бар конгломераттардың қалың (400м) будасы ерекшеленіп тұр. Жоғарғы жақта қоңырлау, күлгін-қанық қызыл туфтар, туфты лавалар, дацит және липарит құрамды игнимбириттер қабатшасы орналасқан. Түзілімдер қалыңдығы >116 м. Соңғы таскөмір-ерте пермьді көнелік олардың қимадағы орналасуымен анықталады, кейде өсімдіктер қалдықтарымен Ullmania sp. Voltzia sp. Elatocladus sp. және басқалармен сипатталады. Осы уақыттың субвулканды интрузиялары липаритті порфирлердің жұмырланған денелерімен сипатталады.
Бесқайнар свитасы (Р 1 bk) свитасының түзілімдері зерттеліп отырған ауданда кеңінен таралған. Ол жанартау текті андезитті, сирек андезит-дацитті құрамды жыныстармен күрделеніп, құғалы свитасының үстінде үйлесімді жатыр. Стратотипті қимадағы Арқалық тауларының солтүстік бөктерінің төменгі жағында андезит-дацитті игнимбриттер (80м) орналасқан. Қиманың жоғарғы жағында қабатшаланған лавалармен және андезит, андезит-базальтті агглютиниттер құрамымен сипатталады. Жалпы қалыңдығы >736м. Свитаның құрамы, құрылысы және қалыңдығы әркелкі өзгеріп тұрады. Кейбір жағдайларда қалыңдығы жоғарғы қималар (1000м) қалыптасады. Жанартау-шөгінді жыныстар-туфиттер, туфты құмтастар кейде туфтардың толығымен қабатты кешенінен құрылған, эфузивтер мүлдем жоқ қиманың құрамынан белгілі. Сирек өсімдік қалдықтары пермь жасына сәйкес келеді. Осы уақыттың экструзивті күмбездері, лакколиттері, силлалары және дайкалары құрамы жағынан стратификацияланған вулканиттерге ұқсас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz