Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру



БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын" қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз қшықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және кастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін өрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
Екінші топқа азаматтыша байланысты мен бостандықтар жатады. Бұлар — адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
Үшінші топқа — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар — адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының" ережелері негізінде қабылданды. Оларды

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылу талаптары.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясын" қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел
мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері
түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш
топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз
қшықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы,
құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан
пешенесіне жазылған, қасиетті және кастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға
қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе
оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға
тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін өрекеттерге, оның тұрғын
орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
Екінші топқа азаматтыша байланысты мен бостандықтар жатады. Бұлар —
адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге
отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу;
мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
Үшінші топқа — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады.
Бұлар — адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы
алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің
жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар
туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар "Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясының" ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың
кемшіліктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын
арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің
өкілдері сайланатын болды. Оған қаты-сушылар мемлекет ретінде адам
құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен
бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын
өз тарапынан тексеріп отырады.
Комитет адам құқықтарының қорғалу деңгейін, біріншіден, мүше
мемлекеттің өз органдарының баяндауларына қарап; екіншіден, өз тексеруінің
нәтижелері бойынша; үшіншіден, адам құқықтарының бұзылуын хабарлап, шағым
білдірген азаматтар мен ұйымдардың мәлімдеулерін ескере отырып бағалайды.
Мемлекеттік органдардын жұмысын мемлекеттік лауазымды адамдар жүзеге
асырады. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын нақты және толық
пайдалануы едәуір дәрежеде соларға тәуелді. Егер мемлекеттік органдардың
жауапты қызметкерлері, лауазымды тұлғалар өз істерінің кәсіпқой маманы
болуымен қатар, қоғам мүшелері алдындағы өз борыштарын түсінетін, оларды
жауапкершілікпен атқаратын болса, өздерінің міндеттерін адал орындаса, онда
азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын шын мәнінде пайдалана алады.
Президенттік институт. Президенттік басқаруға ауысу.
Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын
функциясы.
Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында
енгізілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі
сессиясының ұйғаруымен Қазақ жүйесіндегі президенттің орнын анықтады.
Алғашқыда президенттің өкілеттігі біршама шектеулі болды. Билік, негізінен,
Жоғарғы Кеңестің қолында болды. Жоғарғы Кеңес барлық мәселелер бойынша заң
қабылдады, президентті қайта сайлай алатын болды. Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде президенттің
өкілеттігі күшейтілді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясы елімізді президенттік басқару формасындағы
мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп
жариялады. Дүние жүзі елдерінің көпшілігінде қабылданғандай, біздің
республикамызда да мемлекеттік билік шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды. Президенттік осы
тармақтардың ешқайсысына жатпайды, солай болса да, Президент
мемлекеттік биліктің барлық тармақ жөн тарымен тығыз байланыста
болады.
Президент Парламент қабылдаған заңға қол қояды.

Президенттің ерекше өмір тыйым құқығы (вето) бар. Ол
құқық бойынша Президент заңды кабылдамай, әлі
інізді жетілдіріп, пысықтай түсу үшін
Парламентке қайтара алады. Президент өзіне белгілі бір мерзімге арнап заң
Президенттің халықаралық келіссөздер жүргізетін және халықаралық шарттарға
қол қоятын құқығы бар. Ол шарттар Парламент бекіткеннен кейін заң күшіне
енеді. Бұл халықаралық шарттарға заңды күш беру (ратификация) деп аталады.
Парламенттің қызметіне Президент, Президенттің қызметіне Парламент әсер
етіп отырады.
Сенат және Мәжіліс, олардың құрамы, сайлану үрдісі. Депутаттар және
олардың өкілеттіті, тәуелсіздігі, топтарда жұмыс істеуі. Депутат әдебі.
Парламенттің жұмыс тәртібі. Заң жобаларының дайындалуы және
қабылдануы.
Парламент және оның құрамы. Қазақстан Республикасының Парламенті —
Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары
өкілді орган. Ол екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.
Парламенттің екі палаталы жене бір палаталы құрылымдары болуы мүмкін.
Әдетте, құрылымы федерациялық нысандағы мемлекеттер екі палаталы парламент
құрады. Төменгі палаталар және бір палаталы парламенттер төте дауыс
берумен сайланады.
Сенат және оның құрамы. Сенат — Қазақстан Республикасы Парламентінің
жоғарғы палатасы.
Сенат патрицийлер тұқымынан шыққан ақсақалдар кеңесінен бастау алады.
Қазір көптеген елдер парламенттерінің жоғарғы палаталары осылай аталады.
Сенат кейбір елдерде төте (АҚШ, Италия) немесе көп сатылы (Франция) дауыс
берумен сайланады. Кейбір елдерде Сенаттың құрамын жартылай немесе
тұтасымен мемлекет басшысы тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады.
Оның біріншісі — әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және
республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан; екіншісі —
Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған жеті
депутаттан тұрады.
Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл стажы бар, тиісті облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының аумағында
кемінде үш жыл тұрақты тұрған азамат Сенатқа депутат бола алады.
Мәжілістің қазіргі құрамы бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен
сайланатын 67 депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10
депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма беске толған республика азаматы
депутат бола алады.
Парламент депутаты бір мезгілде қатарынан екі палатаның немесе
жергілікті өкілді органнық депутаты бола алмайды. Оның оқытушылық, ғылыми
немесе өзге бір шығармашылық қызметтен басқа ақылы лауазым атқаруға,
көсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялык ұйымдардың басшылық
органына немесе байқаушы кеңесіне кіруге қақысы жоқ. Депутаттар үнемі
Парламентте жұмыс істеуі және тәуелсіз болуы шарт.
Парламенттің алғашқы сессиясында палаталардың бірлескен отырысында
депутаттар Қазақстан халқына ант береді.
Үкімет: құрамы мен қызметі, заң шығару бастамасы. Басқару және
жауаптылық. Үкіметтің Президентпен және Парламентпен қатынасы. Үкіметтің
жұмыс тәртібі. Қазақстан Республикасының үкіметі. Үкімет— атқарушы
биліктің жоғары органы. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдар
жүйесін басқарады, солардың қызметіне басшылық етеді. Үкіметті Президент
құрады, құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы
мен Президентіне ант береді. Атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне
Республика министрліктері мен комитеттері, жергілікті — облыстық, аудандық
қалалық және қалалық-аудандық әкімшіліктер кіреді.
Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке кең өкілеттіктер
берілген. Олар ҚР Конституциясында және Президенттің 1995 жылғы "Қазақстан
Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заң күші бар жарлығыңда
бекітілген. Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының
негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық
бағдарларын айқындайды; экономикалық бағдарламаларды әзірлейді,
республикалық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз етеді; республиканың
қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды белгілеп, жүзеге асырады.
Әлеуметтік салада Үкімет еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік
жағынан қорғау, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру саясатын жүзеге
асырады; аймақтардың әлеуметтік даму мәселелерінің шешілуін қамтамасыз
етеді; жастар, дене тәрбиесі мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік
проблемаларының шешілуіне ықпал етеді.
Ғылым, техника, білім және мөдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық
даму жоспарларын жасап, жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениетті,
білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты
анықтап, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативтік кеңесшілік
органдарды құрады және таратады; министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
олардың Президент пен Үкімет заңдарын, актілерін орындауына бақылау
жасайды; министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және одан
босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері
жөніндегі қызметіне басшылық жасайды, олардың заңдарды атқаруын бақылайды.
Үкімет Президенттің және Үкіметтің өзінің шығарған заңдары мен
актілерінің орындалуын бақылайды, министрліктер, мемлекеттік комитеттер
және Үкіметке кірмейтін орталық органдар туралы ережелерді, олардың
құрылымын, орталық аппараттары мен жергілікті органдарын ұстауға
республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемін бекітеді.
Бұған жатпайтын тек Қаржы салымы комитеті ғана. Ол Үкіметке кірмейді.
Оның мәртебесін Үкімет емес, заң қабылдау жолымен Парламент анықтайды.
Мұндай ерекшелік экономиканы еркендетудегі қаржы салымының айрықша
маңызымен және қаржыны бір органның қолында шоғырландыру қажеттігімен
байланысты.
Атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің Конституция ережелеріне,
Президенттің, Үкіметтің заңдарына, актілеріне сәйкес келмейтіндігі туралы.
Бас прокурор ұсыныс енгізсе, Үкімет министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердін, Үкіметке кірмейтін орталық атқарушы органдар актілерінің
күшін түгелдей не ішінара жояды немесе тоқтатып қоя алады.
Министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден және Үкіметке кірмейтін
орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады. Олар
ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын,
өкілеттігін және жауапкершілігін айқындайтын нормативтік актілер
қабылдайды: ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін
қаржының мөлшерін анықтайды; ведомстволардың басшыларын лауазымға
тағайындайды және одан босатады.
Заңдылық пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы
Дуальды оқыту туралы шарт
Қылмыстық процестiң қағидалары
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Құқықтық мемлекет белгілері
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер