Жерге салығын шет мемлекеттермен салыстыру
Жоспар
Кіріспе 3
І тарау: Жер салығының пайда болуы, мәні, мазмұны және шет мемлекеттермен
салыстыру мәселелері 6
1.1 Салық салудың тарихи дамуы 6
1.2 Жер салығының экономикалық маңызы 10
1.3 Жерге салығын шет мемлекеттермен салыстыру 14
ІІ тарау: Заңды тұлғаларға салынатын жер салығының ерекшеліктері. 25
2.1 Салықты төлеушілер, объектісі, мөлшерлемелері 25
2.2 Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері 45
2.3 Салық кезеңі және салық декларациясы (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ
ауданының салық комитеті бойынша) 49
ІІІ тарау: Бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы жер салығының алатын
орны мен жетілдіру жолдары. 62
3.1 Жер салығының қазіргі кездегі маңыздылығы 62
3.2 Жер салығын жетілдіру жолдары 67
Қорытынды 71
Қолданылған әдебиеттер 74
Кіріспе
Барлық деңгейдегі - мемлекеттік, республикалық, жергілікті
бюджеттердің қаржылық қамтамасыз етілуі мемлекеттің әртүрлі кірістері
есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің кірістерінің негізгі түрі болып бізге
белгілідей салықтар табылады, өйткені олар мемлекеттік қазынаға түсетін
ақша қаражаттарының көп бөлігін құрайды. Нарық экономикасының барлық
елдерінде салық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып
табылады. Осыған қоса олар экономикаға мемлекеттің әсер етуші тұтқасы
ретінде болады.
Кез-келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын, әсіресе
экономиканың жақымсыз реттеушісі ретінде кеңінен пайдалануды болжайды.
Нарыққа көшу жағдайында экономикалық реформалардың негізгі міндеттерінің
бірі - әр деңгейдегі бюджеттің ұлғаюы мен жекелеген субъектілердің ықпал
етуі және экономикалық жалпы дамуы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін
тиімді салық механизмін қалыптастыру.
Салықтар өздеріне тән ерекше әдістермен әсер етуді іске асырады.
Мемлекет салық мөлшерін көтеріп, жеңілдіктерді тарылтып болашағы жоқ
өндірістердің қызметін шектей алады.
Қазақстан Республикасының салық саясатын салықтық реттеудің құралы
ретінде пайдалану барған сайын ашық саяси және әлеуметтік сипатқа ие
болуда. Оның дұрыс және тиімді қызмет етуінен тек экономикалық сипаттағы
мәселелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тыныштықтарының сақталуы,
саяси тұрақтылық, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы да
тәуелді болады.
Салық реформаларын республика халқының тұрмысын жақсарту
перспективалары, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына нарыққа көшу
кезеңі кезіндегі қиындықтармен байланысқан қандай болмасын қақтығыстарды
жоятын жағдай жасаумен байланысты.
Халықтың меншігіне салынатын салықтар жергілікті, тура нақты
салықтарға жатады.
Тақырыптың маңыздылығы. Жер және жер ресурстары экономикада өз
мағынасы бойынша терең тамыр мен үлкен мәнге ие.
Жер кез келген мемлекеттің негізгі байлығы, ал Қазақстан Республикасы
жағдайында ол ерекше орын алады. Жерді ақысыз пайдалану оның ауыл
шаруашылығында, өнеркәсіп пен құрылыста тиімсіз пайдаланудың бірден бір
себебі болуда.
Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және
пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына,
жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды
жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала
шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой.
Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі
ретінде қарастыруға негізделеді.
Осыған қоса оған төлем немесе оны меншікке беру бұл тек жалғыз бір
құқықтық жүйеміздің осалдығын ғана білдірмейді. Сондықтан бұл мәселені
тәжірибе жүзінде салық заңдылығы тұрғысынан қарастыру қызықты болып отыр.
Жер ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы. Онсыз азық-түлік пен
шикізат ресурстарын өндіру процесі саласын жүргізу мүмкін емес. Осылайша ол
қоғамның материалдық құндылықтарының негізгі көздерінің бірі ретінде
көрінеді.
Жер салығының ауыл шаруашылығында негізгі мәні ретінде болуы оның
тікелей өндіріс құралы ретінде пайдалануымен байланысты, басқа салаларда ол
тек экономикалық белсенділік болып жатқан кеңістік ретінде ғана болады.
Жерге салық салу мәселесінің әртүрлі жақтарын қарастыру оның рента
теориясында айырмашылығында, өйткені жер салығы теориясының негізі жер
рентасы болып табылады. Сондықтан қазіргі Қазақстан Республикасында жерге
салық салу мәселелері ең алдымен оның теориялық әзірлемелерімен байланысты.
өзімізге белгілі болатындай жер- ол кәсіпкерлер, мемлекет, ірі фирмаларға
тапшы өндірістік факторы және одан жалпы экономиканың, әр адамның әлемдік
және ұлттық экономикада күн көруі тәуелді болатын өндіріс факторы .
Егер жер өндіріс факторы ретінде пайдаланылмаса онда қайта өндіру
кестесі және осы арқылы өмір сүретін экономика өз қызметін тоқтатады. Міне
не үшін бізге жерді тиімді пайдаланып, оны қорғап және оны пайдаланғаны
үшін ақы алу керек. Жерге төлемнің тәртібі қандай екенін осы жұмыста
қарастыру керек.
Диплом жұмысының мақсаты – жалпы жер салығының мәні, оның ішінде
заңды тұлғаларға салынатын жер салығының жергілікті бюджетті
қалыптастырудағы маңызы мен рөлін кеңінен қарастыру, осыған қоса оның
теория және тәжірибе жүзіндегі дамуын бөліп айту.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді қарастырып өтеміз:
1. Жерге салық салудың пайда болуы мен Қазақстан және жақын
шетелдердегі қазіргі жағдайы.
2. Жер салығының нормативті, құқықтық базасы.
3. Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары.

салыстыру мәселелері
1.1 Салық салудың тарихи дамуы
Салықтар адамзаттың пайда болуынан бері дамып, өсіп келеді. Олардың
пайда болуы ең бірінші қоғамдық қажеттіліктермен байланысты болды. Салық
жүйесі мемлекетпен бірге дамып келеді. Мемлекеттік ұйымдардың алғашқы
сатыларында салық салудың түрі болып құрбандық шалу табылды. Ол әр кезде
еркін бастамада болмады. Құрбандық шалу жазылмаған заң болды, осылайша ол
міндеттеуші төлем немесе алым болды. Сонымен қатар жердегі өсетін
өсімдіктер, ағаштар, жемістер, мал-жай осылардың барлықынан десятина (оброк-
барлық табыстардың 10% көлемінде) салығы салынды.
Мемлекеттің дамуымен қатар “святая десятина” пайда болды. Ол билігі
бар князъдар пайдасына шіркеулікпен қатар алынып отырды. Осы тәжірибе
әртүрлі елдерде көптеген жылдар бойы жүзеге асырылды: Ежелгі Мысыр мен
Ортағасырлық Еуропаға шейін. Осылайша Ежелгі Грецияда б.з.д. 7-6 ғасырларда
мемлекеттің негізін қалаған шонжар өкілдері барлық табыстарға 110 немесе
120 көлемінде салықтарды енгізген. Бұл мемлекетке жалданушы әскерді
асырауға кеткен шығындарын жабуға және оны шоғырландыруға, қала-
мемлекеттердің айналасына бекіністер, жолдар, су құбырларын, храмдар
салуға, мереке өткізуге, кедейлерді азық-түлікпен, ақшамен жабдықтауға және
басқа да қоғамдық мақсаттарға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Ежелгі әлемде салық салуға едәуір басым қарама-қарсы
әрекеттер де болды. Мысалы: Афиныда бостандығы бар адамдар салық төлеуге
міндетті еместігімен ерекшеленеді деп есептеген. өз еркімен құрбандық шалу
ол өзіне бөлек. Бірақ ірі шығындар алда тұрғанда кеңес немесе қалалық
халық жиналысы табыстардан пайыздық төлемдерін белгілеген.
Қазіргі заманғы мемлекеттердің көптеген жақтарының қайнар көзі Ежелгі
Римнен бастау алады. Сондағы салық жүйесіне шолу жасап көрелік. Алғашқы
уақытта барлық мемлекет Рим қаласынан және оған қосылатын қосымша жерлерден
тұрды. Бейбітшілік кезінде салықтар болмады. Мемлекет пен қаланы басқаруға
кететін шығындар минималды болды, өйткені сайланған магистраттар өз
міндеттерін қайтарусыз атқарды, кейде олар тіпті өз қаражаттарын да
мемлекет ісіне арнап отырды, ал ол өз кезегінде олардың атағын көтерді.
Шығындардың негізгі бөлігін қоғамдық ғимараттар салуға жұмсалатын. Мұндай
шығындарды, әдетте, қоғамдық жерлерді жалға беру арқылы жауып отырды. Бірақ
соғыс қимылдары кезінде Рим азаматтарына өз жетістіктеріне қарай салық
салынды.
Б.з.д. 5-3 ғасырларда Рим мемлекеті өсіп өркендеді, жаңа қала-
колониялар жауланып алынды немесе қаланды. Салық жүйесінде де өзгерістер
болды. Колонияларда коммуналды (жергілікті) салықтар мен борыштар
енгізілді. Римдегі сияқты олардың көлемі азаматтардың жағдайларының
мөлшеріне байланысты болды.
Салық сомаларын анықтау әр бес жылда бір рет болып отырды. Римнің
сыртында тұратын Рим азаматтары мемлекеттік пен қоса жергілікті салықтарды
да төлеуге мәжбүр болды. Жеңіспен аяқталған соғыстардан кейін салықтар
төмендетілді, кейде мемлекеттік салық мүлдем алынып тасталынды. Қажетті
шығындар жаулап алынған жерлердің контрибуциясымен қамтамасыз етілді.
Коммуналдық салықтар болса Римнен тыс жерлерде тұратындардан әрқашан алынып
отырды.
Мемлекет өмірлік қызметтің әр саласында қоғамның мүдделерін мәнерлей
келе сәйкесінше- экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және
басқа да саясаттарды жасап шығарып, жүзеге асырады. Мұны жүргізуде
әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің өзара әсер ету
құралының объектісі мен субъектісі ретінде қаржы-несиелік және баға
механизмі қолданынылады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе өзіне бюджеттің және бюджеттен тыс
қаржылардың мемлекеттің қаржылық қалыптасуымен пайдалануы бойынша
қатынастарын кіргізеді. Ол мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, қорғаныс
және тағы басқа функцияларын тиімді жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қан тамыры болып салықтар табылады.
Осылайша салықтар тауар өндірісін, қоғамдық тапшылыққа бөлінген,
әскер, және басқа да қажеттіліктерге қаржылар керек болатын мемлекеттің
пайда болуымен бірге дүниеге келді. Салықтарда мемлекеттің экономикалық іс-
әрекеті көрсетілген, - деп К.Маркс айтып кеткен.
Капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңіндегі
салықтардың маңызы өсе түсті: Жаңа территорияларды алуға - дайын өнімді
өткізу мен шикізат нарығын қамтамасыз ететін әскер мен флот үшін қазынаға
қосымша қаражаттар керек болды. Осы тұрғыда салықтар қажет қаржының негізгі
бөлігін құрады.
Сексенінші жылдардың аяғына таман басталған нарықтық қатынастарға көшу
экономиканың барлық салаларына, соның ішінде салық жүйесіне де өзгертулер
алып келді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде елдегі салық
жүйесінің трансформациясы 3 бағытта жүргізілді: тікелей, жанама салықтар
енгізілді және әртүрлі қорларға қосымша салымдар мен төлемдер жүйесі
құрылды. Экономикалық қатынастардағы қайта бағытталу едәуір басым құнды
қайта бөлудің нормаларынан салықтарға көшуге алып келді. Бұл жағдайда салық
менеджментінің маңыздылығы өсті, өйткені одан экономикалық субъектілердің
коммерциялық қызметтері мен өндірушілердің қаржылық тұрақтылығы және осыған
сәйкес мемлекеттің хал-ахуалы байланысты болды. Сонымен қатар нақты
негіздік қағидалардың болмауы көптеген салықтар мен алымдардың пайда
болуына алып келді, бұларды енгізу салық жүйесінде қайшылықтар туғызған заң
актілеріне негізделді. Бұл кейін ҚР және басқа да ТМД елдерінің өз ұлттық
жүйелерін құруға негіз болған 1991 жылдың 1 қаңтарынан КСРО “Кәсіпорындар,
бірлестіктер және ұйымдардан алынатын салықтар туралы” заңын енгізуге шарт
болды.
Біріккен мемлекеттердің тарауынан кейінгі нарықтық байланыстардың
үзілуі: өндірістік-шаруашылық қызметтің шикізаттық бағытта қызмет еткен
республикалардың барлық кәсіпорындарының өндірістік құлдырауына; банкрот
болған, тоқтап қалған кәсіпорындардың көбеюіне; қарқынды инфляцияға
себепкер болды.
Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шарт болатын
қалыптасуларға түрткі болды. Республика алдында: меншік түрінің
көптүрлілігінің қалыптасуы, мемлекеттің және экономика субъектілерінің,
азаматтар мен кәсіпорындар арасындағы құқық пен жауапкершіліктің бөлінуі,
тұрақты әлеуметтік бағытталған экономика құру сияқты мәселелер тұрды. Осы
мәселелерді шешу Қазақстандық салық жүйесін қалыптастырудың кардиналды
шарты болды. Ал оларды шешу субъективті себептермен қиындатылды, яғни нарық
жағдайында қызмет өз салық жүйесін құрауға қандай болмасын тәжірибенің,
экономика субъектілерінен мемлекет қазынасына ағатын қаржыларды
ұйымдастыратын және теоретика – әдістемелік, тәжірибелік мәселелерді
шешетін мамандандырылған кадрлардың жоқтығы.
Бұл мәселелерді шешу салықтық менеджменттің экономикаға
мемлекеттің араласуының мақсаты мен дәрежесін мемлекеттік салықтардың
саясатының дұрыс шешім және негіз болатын стратегиясымен байланысты
сәйкесінше мұндай жағдайда салық жүйесінің стратегиялық мақсаты салық салу
субъектілерінің капиталдандырылған құндарын өсіруді ынталандыру жолымен
бюджеттің кіріс бөлігін максималдау болады. Осы мақсатқа жету үшін:
- қаржы көздерін анықтау;
- салық салу базасын кеңейту
- бюджет қаржыларын пайдалану мен салық салу базасын жасау қажет.
Бірінші бағыт шегінде қайдан және қай мөлшерде құралдарды алу мен
көздердің дұрыс құрылымы қайдан болуы керек екендігі анықталады.
Екінші және үшінші бағыттарда бір-бірімен байланысты және өндіріс
қатынастарының дамуына тәуелді болады.
Қазақстанда жер қатынастарының даму тарихын 3 сатыға бөлуге болады,
және сәйкесінше республикада жер заңдылықтары олардың нарықтық экономикаға
көшу жағдайындағы құқықтық реттеу мен жерге жеке меншік институтын енгізу
қажеттіліне қарай дамып, қазіргі заманға сай бола бастаған.
Жер реформасының бастапқы сатысында (1990-1993 жылдар) қабылданған
“Жер кодексі”, “Жер реформасы туралы”, “Шаруа қожалықтары туралы”, “Жер
салығы туралы” және тағы басқа заңдар – сөзсіз азаматтар мен заңды
тұлғалардың жерге деген құқықтарын бекітуге, жерде жаңа шаруашылық түрлерін
құруда үлкен роль атқарды.
Бірақ халық шаруашылығының барлық салаларына нарық қатынастарын
енгізумен және жеке кәсіпкерліктің дамуымен жерге деген мемлекеттің ерекше
меншігі бұл процестерді тежейтін фактор болды.
Жер қатынастарының екінші сатысы (1994-1995 жылдар) жер
заңдылықтарының нарық жағдайына бейімделуімен байланысты болды. Қазақстан
Республикасының Президенті жерге мемлекеттік меншіктің конституциялық
негіздерін сақтай отырып, сатып алу – сату институттарын енгізу арқылы
жерді нарық қатынастарында жерді пайдаланушыларға ықпал ететін жер
қатынастарын реттейтін және оларды жақсарту мәселелері бойынша бірқатар
жарлықтар қабылдады.
Бұл жарлықтар республикада жаңа жер қатынастарының дамуына алғашқы
алғышарттарды тудырды. Көрсетілген процестердің логикалық жалғасының дамуы
жерге жеке меншік институтын енгізу болды.
1.2 Жер салығының экономикалық маңызы
Мемлекеттің қоғамдық пайдасына Жалпы Ішкі өнімнің (ЖІө)
белгіленген жарғы түрінде алуы салықтың мәнін құрайды.
Жарналарды ЖІӨ-ң негізгі қатысушылары іске асырады:
1. Материалды және материалды емес құндылықтарды өз еңбегін өндіретін
және осыдан белгілі табыс алатын жұмыскерлер.
2. Кәсіпкерлік салада қызмет ететін шаруашылық субъектілері, капитал
иелері.
Салық жарналары, алымдар, баждар және басқа да төлемдерден
мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасады. Салықтардың экономикалық мазмұны,
бір жақынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жақынан
мемлекеттік қаржыларының қалыптасуы бойынша мемлекетпен өзара қатынасында.
Салықтар заңды түрде белгіленген мөлшерлеме бойынша азаматтар мен
шаруашылық субъектілерін мемлекет алатын міндетті алымдар. Мемлекет пайда
болғаннан бері салықтар экономикалық қатынастардың қажетті звеносы болып
табылады. Мемлекеттің құрылым түрлерінің дамуы мен өзгеруі ылғи да салық
жүйесінде жаңартуларға алғышарт болады. Қазіргі өркениетті қоғамда салықтар
- мемлекеттік табыстардың негізгі түрі болып табылады. Бұл өте-мөте
қаржылық функциясынан басқа салық механизмі қоғамдық өндіріске, оның
динамикасы мен құрылымына, ғылыми Техникалық Прогресстің жағдайына
мемлекеттің әсер етуі үшін де пайдаланылады.
Енді, осы салықтардың ішіндегі жер салығына тоқталайық. Жер салығы -
жер рентасы төлемдерінің бір түрі 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасыр бойы дамып
келе жатқан саяси экономияның өкілдері жер меншігі уақыт өте табыс әкеле
алатыны мүмкін болса, онда ол жалпы мемлекеттің байлықтарының негізі болып
табылады деп тұжырымдаған. Елді басқару үшін керек мемлекеттік табыстар осы
байлық көзіне салық салу жолымен, яғни жерге салық салудан алынады.
Бұл салық жер учаскелерін нақты пайдалануды есептеу табысына
негізделеді. Жер салығын енгізумен байланысты мәселелер ерекше
қиыншылықтарға, ең алдымен, өйткені оны белгілеуге әдістемелік тәжірибенің
бір тұтас жүйеге көшу тұрғысынан туып отыр.
Жер салығын енгізу ең алдымен жерді және басқа да ресурстарды
неғұрлым рационалды пайдалану есебінен ауыл шаруашылық өнімдерінің
тиімділігін көтеру қажеттіліктерін, нақты антишығындық механизмді құрумен
туып отыр.
Рентаны төлеу жер үлесін пайдалану үшін төлем емес, ол артықшылыққа,
ең жақсы жер учаскелерін ұстаудың ерекше пайдалануына монополдік иелік ету
үшін төлем. Бұл дегеніміз жерге деген азаматтардың құқықтарын теңестіру
құралы.
ТМД мемлекеттері мен дамыған елдерде қолданылатын жер салықтарының
түрін зерттеу негізінде Н.Зенец оның жекелеген элементтерінің нақты әртүрлі
мемлекеттерде болатын әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың есебін келесі
сыныптамадан ұсынады:
- жер салығының функциялары - жер салығының кәсіпорындарға, фермерлік
шаруашылықтарға нақты әсер ету нысан деңгейі (фискалдық, реттеуші);
- салық төлеушілердің қайнар көздері - салық төлеушілердің
шаруашылық табыстарының ана немесе басқа бөлігі;
- салық көлемін белгілеу-салық салу ауыртпалықтарын анықтау әдістері;
- салық салу объектілері-салық салуға жататын жерлердің құрамы;
- салық салуды анықтау үшін база-мысалы: баға, рента көлемі, жердің
бағалық баллы;
- салықты алушылар - қай бюджетке (республикалық, жергілікті) бұл
салықтың түсетіндігі;
- басқа салықтармен өзара байланысы - салық салудың жалпы жүйесінде
жер салығының және басқа салықтардың функцияларын өзара бөлу;
- жер салығын төлеушілер категориясы-кооперативтік кәсіпорындар,
акционерлік қоғамдар және тағы басқалары;
1-Кесте
Жер салығы жүйелерінің талдауы[1]
Жер салығын сипаттайтын элементтер ТМД елдері Европалық
сыныптамасы Одақ
1. Салықтың функциясы + -
2. Салықтың қайнар көздері + -
3. Салық көлемін белгілеу + -
4. Салық объектілері + +
5. Салықты анықтау базасы - +
6. Салықты алушылар - -
7. Басқа салықтармен байланысы + -
8. Жер салығын төлеушілер категориясы + +
Біріншіден, жер салығының функциясы және оны төлеудің қайнар
көздерінің өзара байланысы ТМД елдерінің барлығында жерді рационалды
пайдалану функциясы арнайы болып келеді. Сондықтан жер салығын төлеудің
қайнар көзі ретінде жер рентасы шығады деп болжануда. Европалық Одақта бұл
функция жақсы атқарылатын ауыл шаруашылығы кәсіпкерліктің жанұялық
жүйесіндегі жеке меншік жағдайында арнайы ынталандыруды талап етпейді.
Екіншіден, жер салығы функциясын салық салу жүйесіндегі басқада
элементтерінің арасында өзара байланыс бар. Жер салығы жалғыз болған
жағдайда, ал қайта бөлуді де қоса алғандағы барлық функцияны орындайтын
еді.
Үшіншіден, жер салығының мөлшерлемелерін анықтау үшін база оның
функцияларын және оның жерді ақылы пайдалану жүйесінің дамығандығына
байланысты. Жердің бағасы жоқ болғанда салық мөлшерлемері бағалық жер
баллымен немесе ренталық көлемімен байланыстырылады.
Жер салығының жергілікті бюджетке түсуінің маңызы. Жер салығы түрінде
алынған қаржылардың қандай басқару деңгейінде жинақталуындағы мәселе
маңызды методологиялық мағынаға ие болады. Теориялық көзқарастар бұл
мәселеде екі нұсқа болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Біріншісі, олардың тікелей мемлекеттік бюджетке түсуі және
әртүрлі, ауыл шаруашылығымен тікелей байланысы жоқ мақсаттарға жұмсалуы.
Осыған байлпанысты Н.Суханов: Едәуір демократиялық елдердің өзінде жер
рентасын “қазынаға беру” келешектегі жалпы мемлекеттік бюджеттің құраушы
бөлігіне жер рентасының мемлекеттік жер салығына ауысуы міндетті емес- деп
жазған. Бұл тағы да айтып өтетін жәйт, ол “қоғамның қажеттіліктеріне
әлеуметтік салымдардың жолымен жер рентасының айналымы” формуласына сай
нәтиже болмай отырғандығында.
Екінші нұсқасы, жер салығы түріндегі жиналған қаражаттардың көп
бөлігін жергілікті бюджетке қалдыруы. Келешектегі ренталық салым жүйесі
негізінде рентаның неғұрлым көп бөлігі жергілікті жерде қалу принципі
жатыр. Осы нұсқаның бірқатар себептер бойынша едәуір ыңғайлы екенін атап
өту қажет.
Біріншіден, ренталық табыстар, жер салықтары жергілікті бюджеттің
тұрақталуына әсер етеді, жекелеген территорияларда өзін-өзі басқару
процестерінің дамуына маңызды қаржылық тіректі құрайды. Екіншіден, рентаның
аймақтық бюджетке түсуі жер салығының негізделу деңгейін анықтауға маңызды
құрал болады, өйткені жергілікті жерлерде шаруашылық жағдайының бар
айырмашылықтарын жақсы бағалауға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, жер салығы түріндегі жинақталған қаражаттар тікелей сол
берілген аймақ шегінде жалпы мемлекеттік қазыналардың жоғалып кетпеуіне,
яғни ренталарды алу осы аймақ қажеттіліктеріне жұмсалуы маңызды.
Осыдан жергілікті бюджетке жер салығы түріндегі түсетін қаражаттар
негізінде ауыл шаруашылық өндірісі қажеттіліктеріне шығындалуы керек деген
тұжырым жасауға болады. Бірінші кезекте бұған жататындар: жерлердің
құнарлылығын, олардың мелиорациясын көтеру, ауылдық жерлерде әлеуметтік
және өндірістік инфрақұрылымның дамуы бойынша шараларды жүргізу.
Соңғы нәтижеде жер салығы түрінде алынған қаржылар халықтың өмірлік
деңгейін көтеру, ауыр аграрлық дағдарысты бастан кешіруді қамтамасыз етуі
қажет. Н.Суханов осыған байланысты: “Ренталық салу қоғамның және
мемлекеттің міндеттерінің бірі, елдің бар халқына жер рентасын тең бөлікпен
бөлуді мақсат етуі қажет” - деп белгілеген. Ал тәжірибе жүзінде бұл
дегеніміз, жер салығы орталық бюджеттің толықтырылуына кетпей толығымен
жергілікті билік органдарының бюджетіне аударылуы қажет дегенді білдіреді.
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”
кодексінде жер үшін төлемді белгілеу тәртібі мен алуы белгіленген осыған
сәйкес жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың
шаруашылық қызметіне байланысты болмай, жыл сайын жер көлемінің бірлігіне
бекітілген төлемдер арқылы белгіленеді.
1.3 Жерге салығын шет мемлекеттермен салыстыру
Ауыл шаруашылығы ресурстары жүйесінде жер ресурстарының алатын
орны зор. Жер ауыл шаруашылығы өндірісінде негізгі өндіріс құралы болып
табылады.
Жер өндіріс құралы ретінде төмендегілерден тұратын спецификалық
ерекшеліктерге ие:
Біріншіден, жерден басқа өндіріс құралдары адамның еңбегінің
нәтижесі, ал жер болса – табиғат өнімі, сондай-ақ еңбек өнімі болып жердің
жоғарғы қабаты-топырақтың құнарлы бөлігі ғана табылады.
Жерді дұрыс пайдаланғанда тозбайды керісінше өз қабілетін арттыра
түседі, ал басқа өндіріс құралдары еңбек процесі барысында моральді және
материалды ескіріп, тозады.
Екішіден, жердің территориялық шектеулілігі және оның қайта
өндірілмейтіндігі, жер кеңістік жақынан шектелген сондықтан оның жер
қабатын үлкейтуге болмайды. Бірақ бұл оның өндіріске жарамды қорларының
барлығы бітеді дегенді білдірмейді.
Үшіншіден, жер ауыстырылмайды оны басқа өндіріс құралымен ауыстыруға
болмайды, онсыз ауыл шаруашылығында әсіресе жер ісінде ешқандай өндіріс
процесі жүзеге аспайды. Мысалы: бір трактор тозуы жетсе немесе сынып қалса
оны жаңа өнімдірегіне, сондай-ақ жатканы комбайнға ауыстыруға болатын
сияқты жерді ешқандай өндіріс құралы ауыстырмайды.
Төртіншіден, жерді өндіріс құралы ретінде пайдалану оның орнының
тұрақтылығымен байланысты, сондықтан ауыл шаруашылық өндірісі оған сай жер
бар жерде ғана жүргізіледі, ал басқа өндіріс құралдарын орнынан жылжытуға
немесе қозғалтуға болады.
Бесіншіден, жер учаскелері бір-бірінен оның құнарлылығы, қыртысы,
орналасқан жері бойынша ерекшеленеді, мұны ауыл шаруашылық өндірісін
орналастыру және жоспарлағанда сондай-ақ жер бағасы, салығы, жалға бергенде
ескеру қажет.
Экономикалық ғылымда үш негізгі топырақтың құнарлылығы бар. Олар:
табиғи, жасанды, экономикалық. Табиғи құнарлылық, ол уақыт өте келе
топырақ қалыптасу процесінің нәтижесі. Ал жасанды құнарлылық адамның
қосымша салымдарды жүзеге асырудың және активті қызметтердің нәтижесі.
Сонымен қатар топырақтың экономикалық құнарлылығы, яғни табиғи құнарлылық
пен жасанды құнарлылықты іс–әрекеттердің жиынтығынан тұрады. Осыған қоса
бұл айтылып кеткен іс-әрекеттер жерді тек ауыл шаруашылық мақсаттарда ғана
пайдалану процесінде ғана жүзеге асырылатынын айта кету қажет.
Жерге салық салу ерекшеліктері оның байланысты ерекшеліктермен
анықталады, өйткені оның негізі жер рентасы болып табылады:
Рента теориясының екі негізі бар. Оның біреуі, К.Маркс негізін салған
- рентаның марксистік теориясы, ал екіншісі – рентаның неоклассикалық
теориясы.
Екі теория 18-ғасырдағы экономистер тұжырымдаған-экономикалық
рентаның классикалык теориясында үйлеседі.
Классикалық теорияның жақтаушылары жерді өндірістік мүмкіндіктермен
жер учаскелері орналасуының артықшылықтары шегінде қарастырылған. Олар
неғұрлым құнарлы жер учаскелері жер рентасы түрінде табыс алып келеді деп
есептеген. Жер рентасын қарастыра келе олар жерді жалпы ұсыну мүлдем
икемсіз және дәнді дағылдар егуге арналған жерлерді басқа ешқандай
мақсаттарға пайдалануға болмайды деп болжаған.
Жерге жеке меншіктің болуы оның иесіне жалға берілген жер учаскелері
үшін оның сапасына қарамастан шексіз рента алуға мүмкіндік береді.
Еңбек теориясына сүйене келе рентаның маркстік теориясы бөлу
теориясында радикалды шараларға бағытталады. Ол шексіз рентаның жоюлуына
алып келетін жердің ұлттандырылуын болжайды, ал екі түрдің
дифференцациаланған рентасы жағдайын қалыптастыру оны бөлудегі мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді. 1-дифференцациаланған рентаны мемлекет жалпы қоғам
пайдасы үшін алып отырады. 2-дифференцациаланған рента неғұрлым қосымша
өндірістік шығындар нәижесі ретінде жер иеленушіге қалады.
Маркстік теорияның негізгі мақсаты, ол жаңа құн құрудың көзі- жұмыс
күші екенін дәлелдеу, сондықтанда рентада құн заңы көмегімен түсіндіретіні
осыда. Бірақта қандайда бір факторларды ерекшелендіріп қарастыру баға
қалыптастырудың қиын механизміне дұрыс көрініс бере алмайды. Бұл еңбектен
басқа факторларды көзге ілмеу немесе оларды дұрыс бағаламау, тиімді
өндіріске кері әсерін тигізеді.
өндіріс барлық факторлардың үйлесімді біргуінің негізінде ғана мүмкін
болады да, құн қандай да болмасын біреуімен емес, барлығының өзара әсерінен
құрылады. Ереже ретінде өндіріс факторларының үш тобын бөліп көрсетеді:
еңбек, капитал, табиғи ресурстар. өндіріс әдістерін таңдау сәйкес ресурстар
бағасына байланысты болады. Сұраныс пен ұсыныс теориясы тауар нарықтарында
қандай ресурстарға да солай қолданылады. Мысалы: өнімді тек еңбексіз ғана,
жер, сонымен қатар техника мен құрал-жабдықтарға салынған капиталсыз да
алуға болмайды. Дән ресурстарының әрқайсысының ресурстар нарықтарында өз
бағасы бар. Жекелеген фирма мен өндіріс салымдарының сұранымынан өндірістің
қандайда бір факторларына жиынтық сұраныс құралады. Нақты өндіріс
факторларының сұранымы қисығы мен оның ұсынысының қисығының қиылысуы осы
факторлардың нарықтағы бағасын көрсетеді. Рентаның неоклассикалық теориясы
жерді өндіріс факторларының бірі ретінде қарастыра келе рента теориясын
қарапайым түрде: сұраныс пен ұсыныс және тепе-теңдік бағаның қозғалысы
арқылы түсіндіреді. Осындай жолмен нарықтық экономика жағдайында әртүрлі
факторлардың иелері арасындағы бөлінетін табыстың мөлшері анықталынады.
өндіріс факторларының бағасын анықтау, атап айтқанда жерге және басқа
ресурстарға рента, еңбекақы, пайдаға және капиталдың активтерге пайыздық
мөлшері, “тауарды кім үшін өндіру керек және оны қалай бөлу керек деген”
мәселені шешумен байланысты, өйткенмен де әлеуметтік әділеттік қағидасы бұл
жағдайда ұсталынбайды. Кім осы факторлардың иесі соған табыс та тиесілі
болады. Бірақ мемлекет сәйкес салық саясаты арқылы бұл байланысты бөлудегі
теңсіздікті төмендете алады.
Рентаның неоклассикалық теориялары мен оның нұсқалары әлі толық
жетілді деу қиын: беделді мамандар ішінде рента түрінде алынатын табыстарды
қарастыруға қатысты әртүрлі анықтатамалар, түсіндірмелер мен шешімдер бар.
Бұл айтқандардағы ортақ нәрсе ол, мынау: “Ұзақ мерзімді уақыттық
кезеңдердегі мүлдем икемсіз ұсыныста сипатталатын қандай болмасын өнімді
өндірістік факторлардың арқасында алынған табысты таза экономикалық рента
деп айтылады. Бұл түсінік өзіне “таза” деген анықтаманы кіргізеді, өйткені
экономикалық жүйеде жұмыс істейтін факторлардың барлық жиынтығы тұрғысынан
қарастырып отырған нақты процестің басқа құны жоқ сондықтан ол алып келетін
кез келген табыс экономикалық рента болып табылады”.
Осындай ресурстардың классикалық мысалы-жер және жер ресурстары жер
учаскелерінің көлемдері белгіленген. Мұның салынған жердің ұсынысы мүлдем
икемсіз болады, бұл вертикалды көлемін ұсыныс қисығының графикалық
түсіндіреді. Басқа жағынан алып қарағанда, ақша түріндегі шекті өнімнің
көлемімен мәжбүрленетін жерге сұраныс, кері қисығы бар графикалық сұраныс
қисығы болып табылады. Осы қисықтың қиылысуы тепе-тең таза экономикалық
рентаның деңгейін көрсетеді.
Таза экономикалық рента жер учаскелерін пайдалану мен тәжірибелі
шаруашылық өмір әдістерінен абстракцияланады. Тәжірибеде әртүрлі жер
учаскелерінің құнарлылық деңгейінің әртүрлілігі байқалады. Сондықтан
рентадағы айырмашылық, жердің сапалық біркелкіліксіздігімен шартталады,
экономикалық теорияда оны дифференцациалық рента деп атау қалыптасқан.
Капитал, еңбек және басқа да өзара байланысты ресурстардың тепе-теңдік
мөлшерінің үйлесуі жағдайында жердің өнімділігі немесе неғұрлым нақты бөлу
үшін, әр жер учаскесінің ақша көрінісіндегі шекті өнімділігі осы жер
учаскесіне сұраныс қисығынан көрінеді.
Жер ұсынысы мүлдем икемсіз болғандықтан, сұраныс жер рентасын
анықтайтын жалғыз жүзеге асырылатын фактор болып табылады. Осылайша,
рентаны құн заңының көмегі арқылы түсіндіретін маркстік теорияға қарағанда,
экономикалық теория оны шекті өнім теорияларының қағидаларына сай ұсыныс
пен сұраныстың қозғалуы арқылы түсіндіреді.
Бірақта рентаның экономикалық теориясының, рентаның классикалық
теориясының жердің бағасының жоғары болуы, астықтың қымбат болуымен
түсіндіретін әртүрлі ойларына негізделген әртүрлі нұсқалары бар.
Осыны негізге ала отырып кейбір экономистер рентаны, жердің жиынтық
ұсынысы белгіленген болғандықтан ол ешқандай елеулі қызмет атқармайды және
ол шығындар құрамына кірмейді деп тұжырымдайды.
Бұл тұрғының тұжырымдау жақынан қосылуы “бірыңғай жер салығының”
жақтаушылары қозғалысын тудырады. Мұны алғаш ойлаған Генри Джордж болған.
Бұл реформалық қозғалыс экономикалық рента 100%-қ салық салуға ерекше көңіл
бөледі, өйткені рента артықшылық болып табылады, яғни ол экономикада жердің
жоқ екенін көрсететіндігі жақынан міндетті емес төлем болып табылады деген.
Жер табысының ақысыз сыйы және ол оның өндірісіне ешқандай шығынды талап
етпейді.
Сондықтан “бірыңғай жер салығының” жақтаушылары тұрғысынан жер
рентасы – еңбектеніп тапқан табыс емес және де осы жер учаскелері үшін
салық ауыртпалықтарын жер иеленушіге артқан әділетті болады. Осы жағдайда
тиімділік түсінігі тұрғысынан жер салығы ресурстарды бөлудегі өзгерістерге
алып келмейді деген.
Жер рентасын социализациалау айналып келгенде еңбектің құндық
теориясына негізделген. Біріншіден, экономикалық теория, өндіріс тек
факторлардың органикалық бірігуі негізінде ғана мүмкін екендігін дәлелдеді.
Жердің құнарлылығы өндірістік қызмет арқылы жақсарады, сондықтан
экономикалық рентаны капиталды ұлғайтуға салымнан бөлу және берілген
табыстың қандай бөлігін рента құрайтынын анықтау мүмкін емес. Екіншіден,
рента шығындар құрамына кірмейді және ешқандай елеулі функция атқармайды
деген шешім, кейбір жекелеген адамдардың жалпы түсінікте жаңылуымен
байланысты қате болып табылады.
Рента баға қалыптастыратын фактор болып табылама жоқ па ол оны біз
қай тұрғыдан қарастыратынымызға байланысты. Қоғам тұрғысынан жерді
пайдалануды ауыстыратын қоғамнан басқа ешнәрсе жоқ. Сондықтан қоғамға рента
– ол шығын емес артықшылық. Бірақ жерді пайдаланудың басқа да нұсқалары бар
болғандықтан, жүгері өндіретін фермалардың немесе басқада жеке пайдаланудың
ренталық төлемдері шығын болып табылады, мұндай төлемдер жерді басқалай
пайдалануды болдырмау үшін қажет.
Рентаны жойып немесе бөліп тастау қадамдары біздің кейбір отандық
экономистермен жасалуда. Ренталық төлемдер мөлшерлемерін есептеудің әртүрлі
әдістемелері ұсынылуда, бірақ олар жердің жалпы экономикалық бағалануына
негізделген. Потенциалды құнарлылықты есептеу арқылы жер салығын анықтаудың
басқадай нұсқалары ұсынылған болатын.
Экономикалық теория жер рентасы – теоретикалық өлшем, нақты
шындылықта сәйкес рентаның көлемін есептеу мүмкін емес деген фактіден
шығады.
Ең дұрыс жалғыз шешім ол жердің нарықтық бағасын сұраныс пен
ұсыныстың қозғалысы процесінде анықтау болып табылады, өйткені шаруашылық
тәжірибесіндегі жалдық төлем ретіндегі жер бағасы мен рентаның арасында
өзара байланыс бар. Ақшалы рента (R) шекті өнім тоериясы қағидасына сай
шекті жағдайда белгісіз алыс келешекке кетеді. Неге десеңіз шаруашылық
тәжірибесіндегі рентаның ақшалай көрінісі (R) жыл сайынғы жалдық ақының
бірліктерінде көрінеді, ал жер учаскелерінің нарықтық бағасы (Бж) рентаның
капиталданған белгісі болып табылады, яғни осы жер алып келеді деп
күтілетін барлық келешектегі жалдық ақы төлемдерінің сомаланған мөлшері.
Жер бағасына пайыздар мен есептелген жер салығы жер рентасына
пропорционалды болады және оның нақты қозғалысын неғұрлым айқын көрсетеді.
Қазіргі салық заңдылығына сай жеке және заңды тұлғалардың
меншігіндегі жыл сайын салық салынып отырады. Жер салығы жыл сайын тиянақты
нақтыланып отыратын жер кадастрінің болуын болжайды. Топырақтың сапалық
талдауы жоқ жерде жер сапасының эксперттік бағасы қажет. Ауыл шаруашылық
жерлерді екі негізгі типке бөліп қарастырады, оның әрқайсысы топырақтың
сапасына байланысты 101-топқа жіктеледі. Бұл екі типінің және екіншісіне
қолданылатын салықтардың максималды мөлшерлемелерінің жалпы көрінісі
бойынша бұл жерлерді жыртылатын және жыртылмайтын деп сипаттауға болады.
Осылайша жер салықтарының құрылымы едәуір күрделі болып келеді. Ал
жергілікті органдардың салықтар мөлшерлемелерін өсіру немесе төмендету
құқығы билікті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі жер
кадастрінің толық дамымағанының куәсі болады. Бұдан басқа ол салық
қызметкерлеріне қосымша міндеттерді артады.
Жерді дұрыс пайдалану Республиканың жер кодексімен және “жер туралы”
заңымен реттеледі. Бұл жерде жерге меншік туралы заңдылықтар, жердің
құрамы, жер иеленудің және жер пайдаланудың негіздері, жерге жалдық ақыны
және жер салықтарын анықтау тәртіптері, жер иеленушілердің құқықтары мен
жауапкершіліктері көрсетілген.
Жер учаскелері өздерінің табиғи құнарлылығы, орналасуы, пайдалану
үдемелілігі бойынша тиімділігіне қарай ерекшеленеді.
Бұл ерекшеліктерді баға қалыптастыруды, салық салуды және мемлекеттік
басқаруды реттегенде ескеру қажет. Осы мәселелердің шешілуі келесі
бөлімдерден тұратын жер кадастрін жасап шығаруға және қолдануға мүмкіндік
береді:
- жерді пайдалануды мемлекеттік тіркеу;
- жердің сандық және сапалық есебі;
- топырақты бонитеттеу;
- жерлерді экономикалық бағалау;
Жерлерді есепке алу мен жер иеленушілерді мемлекеттік тіркеу заңды
және жеке тұлғалардың жерге иелік немесе жерді пайдалану туралы акт
негізінде жүзеге асырылады. Жерді пайдаланғаны үшін жалдық ақы жақтардың
жал келісімі бойынша белгіленеді. Жалдық ақының мөлшері ағымдағы жылдың
өнімділігі, келер жылдың өнімділік болжамы, ауыл шаруашылық өнім бағасының
болжамы, өндіріс шығындарын және қазіргі банк пайызын есептей келе
анықталады.
Осылайша, жалдық ақы жалға алынған жерді пайдалану кезіндегі
болжалынатын табысқа байланысты болады. Қазақстанда және Ресейде жалға
алудың едәуір көп таралған түрі, ол ішкі шаруашылық жалға алу болып
табылады. Бұл түрде ферма немесе бригада ұжымы жалға жер учаскесін,
трактор, ауыл шаруашылық машиналарын және тағы басқаларды жалға алып, осы
жерде нақты бір өнім өндіруге және шаруашылыққа нарықтық бағадан едәуір
төмен болатын келісілген есеп айырысу бағасымен сатуға міндеттенеді.
Қазақстан Республикасында жер жалын шаруа қожалықтарының 15,2%-ы
қолданады. Біздің, жалдық қатынастар енді қалыптасып келе жатқан жағдайда
заттық төлемде болатын және көп тараған түрі ол үлестік жалға алу дұрыс
болар еді. Шетел тәжірибесінде соңғы өнімдегі үлестік қатынастар (жер
иеленуші-жер пайдаланушы) астық фермаларында 50:50, сүт фермаларында 30:70
және аралас фермаларда 40:60 құрайды, яғни ферманың түріне байланысты жалға
алушы өнім немесе табыстың 50, 30, 40%-н төлейді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей жерді жалға алу нарық экономикасы
дамыған елдерде де көп тараған, және бұл жерде ауыл шаруашылықтың
тиімділігі жерді жеке меншікке алумен мүлдем байланысты емес. Осылайша,
Голландияда жер мемлекеттік меншікте, ал ауыл шаруашылығы бұл елде әлемдегі
ең жоғары дамығандардың бірі болып табылады.
Израильде барлық дерлік жер ұлттандырылған, ал АҚШ-та 60% жуық жерлер
мемлекет меншігінде. Әлемнің көп елдерінде мемлекет жеке сектордың жерлерді
сатып алу-сатуды, пайдалануды оның ішінде жалдық қатынастардың да
процестерін реттеп отырады, бірақ айта кететін жайт – ол мемлекет
қатысуының әртүрлілігінде. Сонымен, Германия, Ұлыбритания, Грецияда келісім
жасаудың еркіндік қағидасы басым түседі, ал Франция, Бельгия, Италия,
Испания, Португалияда мемлекет жалдық қатынастарды реттеуде белсенді тіпті
қатаң араласады.
Бұл елдердің заңдарында жалдық қатынастардың минималды мерзімдері
көрсетілген. Сондай-ақ олар жалға алудың объектісіне қарай
дифференцациаланады: жерлер мемлекет немесе шаруа қожалықтарының меншігінде
болғанына қарай. Мысалға: Италияда кейбір таулы аймақтардағы жерлерді жалға
алудың мерзімі минималды, келісім мерзімі 6 жыл, ал шаруашылықтарды
толықымен алғанда – 15 жылға шейін жалға береді.
Әр елде жердің базасын және оған жалдық ақы мөлшерін реттеу саясаты
да әртүрлі. Ұлыбритания, Ирландияда жалдық ақы мөлшері сол туралы жақтардың
арасындағы еркін келісім жүйесі арқылы жасалады, ал Германия мен Испанияда
бұл төлем биліктің қатаң бақылауында болады да оның органдарымен
белгіленеді.
Нарық экономикасы дамыған елдерде жерді фермерлердің алған
несиелерінің қайтарылу құралы ретінде пайдалану тәжірибесі қолданылады. Бұл
мақсатта несиенің кепілдігі ретінде қозғалмайтын мүлік ипотекасы сай
келеді. Ипотеканы жазу заим берушіге несиені қайтару уақыты өтіп кеткен
жағдайда ипотекалық мүлікті займдық құқық негізінде өз талаптарын
қанағаттандыруға тартуға мүмкіндік береді.
Жердің ауыл шаруашылық өндіріс құралы ретіндегі мәні келесіде
көрінеді. Біріншіден, ол егістік, фирмалар, құрылыстар, жолдар және тағы
басқаларды орналастыру үшін кеңістіктік негіз, базис болып табылады.
Екіншіден, ол еңбек құралы ретінде көрініс табады. Ол негізінен адамның
топыраққа ауыл шаруашылық дағылдарына жағдай жасау мақсатындағы әсерінен
көрінеді. Үшіншіден, жер өндіріс процесінің ақымында еңбек құралы
қызметімен қатар еңбек қаруы рөлін де атқарады. Мұны адамның топырақты
өсімдік өсіру мен дамуы үшін пайдалануынан көруге болады. Осымен тек ауыл
шаруашылығында ғана жер ең маңызды рольді атқарады.
Барлық жеке меншіктегі жер учаскелері мемлекеттік меншік болып
табылады. Жерге жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды
тұлғалар меншігі түрінде көрінеді.
Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жеке меншігіндегі жер
учаскелері өндірістік және өндірістік емес құрылыстар, оның ішінде тұрғын
ғимараттар, құрылғылар және олардың кешендері, сәйкес арналулары бойынша
қызмет ететін құрылыстар мен ғимараттар түрінде мүмкін болады.
Төмендегідей жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды:
1. Ауыл шарушылық жерлер, көрсетілген жекелеген жағдайлардан басқа;
2. Қорғаныс жерлері;
3. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар;
4. Орман және су қоры жерлері;
5. Елді мекендер жеріндегі жалпы пайдаланудағы жерлер.
“Жер туралы” заңда көрсетілген жер учаскелері шетел азаматтарының жеке
меншігінде бола алмайды.
Осылайша жердің құқықтық статусы жерге салық салу қызметі мен
нұсқауларын қалыптастырады. Сонымен қатар жерге салық салу бюджет табысының
маңызды бөлігі және салық қызметкерлерінің ерекше көңіл бөлу түрі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы территориясында жер салығы мен жалдық ақы
төлеушілер болып жер иелікке, пайдалануға немесе жалға берілген ұйымдар
(олар өздерінің құрылу негіздері және меншік түрі мен ұйымдастырушылық-
құқықтық түріне байланыссыз халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен
кәсіпорындар, мекемелер) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
қатысуымен біріккен кәсіпорындар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар табылады. Қысқаша
айтқанда, заң арқылы Қазақстан Республикасының жер салықтарынан толық
босатылған немесе жеңілдік алған тұлғалардан басқа барлық жер иелері мен
жалға алушылары, жер иеленушілермен жер пайдаланушылар жер салығын төлейді.
Жер салығын салу мен жалдық ақыны алу объектісі болып заңды тұлғалар
мен жеке азаматтарға иелік етуге немесе пайдалануға, соның ішінде жалға
берілген барлық жер учаскелері, жер учаскелерінің бөліктері, жер үлестері
(жер учаскелері жалпы Үлестік меншік жағдайында болғанда) табылады.
Жер салығы жалдық есептегі көлем бірлігі үшін тұрақты төлем түрінде
белгіленгендіктен, оның көлемі жер учаскесінің ауданы, сомасы, және
орналасуына байланысты болады.
Жалдық төлемнің ақшалай және заттай түріндегі төлемінің мөлшері,
шарттары және мерзімдері тек жалға алушы мен беруші арасындағы келісім
арқылы ғана анықталады.
Мемлекеттік және муниципалды жерлерді жалға алғанда атқарушы биліктің
сәйкес органдары жердің пайдалануы мен жалға алушылардың категориялары
бойынша жалдық төлемнің базалық мөлшерін белгілейді.
Сыныптамаға сай жер салығы нақты салық болып табылады және оның
мөлшері жер учаскесінің сапасы, орналасуы мен сумен қамтамасыз етілуіне
қарай анықталады да жер иеленушінің және жер пайдаланушының шаруашылық
немесе басқада қызметтерінің нәтижесіне байланысты болмайды. Жер салығы жер
ауданының бірлігіне жыл сайынғы белгіленген төлем түрінде болады. Жер
салығының ерекшелігі - ол оның мөлшерлемелерінің балл-бонитетке байланысты
болуы. Балл-бонитет - ол жер салығының бағасы.
Топырақты бонитеттеу агротехникалық және жерді үдемелі пайдаланудың
салыстырмалы жағдайында топырақтың құнарлылығы бойынша сыныпталатын,
салыстырмалы сипатын көрсетеді. Бонитеттеу қандайда болмасын дағылды
өсіруге неғұрлым қолайлы жерлерді анықтауға, мүмкіндік береді және бірдей
өңдеу жағдайындағы дағылдардың “дұрыс өнімділігін, жерлердің агрономдық
бағасын” береді.
Жердің экономикалық бағалануы жалпы жердің өндіріс құралы ретіндегі
экономикалық, шаруашылық құнын сипаттайды. Ол өте маңызды халық шаруашылық
мәнге ие, ауыл шаруашылық мақсаттарға арналмаған жерлерді негізді бөлу
үшін, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырғанда, ауыл шаруашылық
өнімдерінің тиімділігін анықтауда, кәсіпорынның негізгі және айналым
құралдарын пайдалану тиімділігін бағалағанда және тағы басқаларға керек.
Облыс немесе аймақтық жерлердің экономикалық бағалауының негізгі көзі
- ауыл шаруашылық жерлердің 1 гектарға шаққандағы бірыңғай бағадағы жалпы
ауыл шаруашылық өнімнің құны.
Жерлерді бағалауға 1 гектар жалпы өніммен бірге, шаруашылықта
алынған таза табыс пен шығындардың өтелінуі (жалпы өнім құнының 1 теңгеге
шаққандағы шығыны) қолданылады.
Экономикалық бағалау балдармен де ақшалай түрде де жүре береді. Соңғы
айтылып кеткен жерлердің құрылысқа, гидротехникалық құрылғыларға, пайдалы
қазбалардың ашық түрлерін пайдаланғандағы негіздеріне бөлінуіндегі бағалау
нәтижелерін анықтауға неғұрлым қолайлы.
Осылайша, жерді экономикалық бағалау: ауыл шаруашылық мақсаттарға
арналмаған жерлерді бөлуде ауыл шаруашылығы жоғалтқан шығындарын және оның
ауыл шаруашылық өнімдері өндірісіне пайдаланудың тиімділігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Осындай бағалау негізінде “жер бағасы” және оны пайдаланғаны үшін
ренталық төлемдер жүйесі белгіленеді. Ауыл шаруашылық жерге төлем екі: жер
салығы және жалдық төлем түрінде көрінеді. Жер салығының мақсаты-
аймақтардың әлеуметтік қажеттіліктері үшін бюджетті қалыптастыру мен оны
рационалды пайдалануды қамтамасыз ету. Салық мөлшерлемесі 1 гектарға
есептеу бойынша белгіленеді және балл-бонитеттеріне байланысты жердің
сапасы мен орналасуы бойынша дифференцациаланады.
ІІ тарау: Заңды тұлғаларға салынатын жер салығының ерекшеліктері.
2.1 Салықты төлеушілер, объектісі, мөлшерлемелері
Жалпыға мәлім болатындай Қазақстан Республикасының Конституциясына
сай жер мемлекеттік меншік болып табылады. Осыған байланысты біздің елде
жер учаскелерін жекелікке өткізу ақылы түрде жүргізіледі. Алғашқы кезде
Қазақстанда жер қатынастарын реттейтін негізгі нормативті құжаттар болып,
Қазақстан Республикасы Президентінің №2717, заң күші бар “жер туралы” 1995
жылдың 22 желтоқсанындағы жарлығы табылады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген 1995 жылдың 27 мамырынан
(өзгертулер мен толықтырулары бар) №34 “Жер салығын есептеу мен төлеу
тәртібі туралы” нұсқама болды. Осы берілген құжаттарға сай жерді тұрақты
пайдалану құқығы келесілерге берілген болатын:
а) шаруа-фермерлік қожалықтарына;
б) шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқығында ғимараттар
мен құрылыстарға ие тұлғаларға;
в) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүргізетін
мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
г) заңда көрсетілген басқа да жағдайларда.
Заңның соңғы тармақының мәліметтері бойынша жер бойынша мемлекеттік
комитетке көптеген жер пайдаланушыларға жерді тұрақты пайдалану туралы акт
беру құқығы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер туралы”
жарлығының 122 тармағын іске арттырғаннан кейін, жерге деген құқықтар
өзгерді, оны не меншікке сатып алу, не жалға алуға қайта ресімдеу керек
болды, яғни уақытша пайдалануға берілді. Бұл жерде жалдық ақы мөлшері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы №566 қаулысында
келісілген шектен аспауы керек. Жалдық ақы бойынша мәселелерді бір жақынан
мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушы, екінші жағынан жер
пайдаланушының арасындағы арнайы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz