Кәсіпкерлік істі салықтық реттеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

І БӨЛІМ. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан бақылау5

1. 1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан бақылаудың маңызы мен мәні5

1. 2. Кәсіпкерліктің дамуы мен негізі7

1. 3. Кәсіпкерлік істі салықтық реттеу12

1. 4. Жеке мемлекеттердегі салық салу мәселесі17

ІІ БӨЛІМ. Кәсіптік іс-әрекеттегі салық салу тәжірибесінде қолданылатын талдау (Түрксіб ауданы бойынша) 19

2. 1. Кәсіптік іс-әрекеттегі салық салуда қолданылатын тәжірибе19

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ31

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз халқына жолдауында республикалық реформа экономикалық бағыттың негізгі бастамаларын анықтады.

Бұл бағыттың ішіндегі ең маңыздыларының бірі Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлікті дамытудың сан алуандығын, жұмыс орындарын қалыптастыру, сауда орталықтарына тауарлар мен қызмет көрсету жағынан қамтамасыз ету, бәсекелестікті қалыптастыру, қоғамдағы орташа шаруашылықты жүйеге келтіру сияқты анықтамалармен кең көлемде түсіндіруге болады. Дамыған мемлекеттердің экономикасында кәсіпкерліктің рөл жоғары бағаланады. Оның дамуы мен экономиканың өсуі ғылыми-техникалық прогресстің жедел дамуы, ең керекті құрал-жабдықтармен сауда орталықтарының толықтырылуы және көптеген жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік жасалынады, яғни бұл экономикалық, әлеуметтік маңызды мәселелердің шешілуіне жол ашады. Сол себептен экономикасы күшті дамыған мемлекеттерде жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, оның дами түсуіне жағдай жасалынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2003 жылдардағы бағдарламасында кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге арналған реформа жасалынды. Осыған орай республикамызда кәсіпкерлікті дамытудың жалпылама механизімін қалыптастыру жүзеге асырылып отыр. Бұл механизмнің негізгі элементінің бірі - салықты ретке келтіру. Негізінде республикадағы рыноктың экономиканың дамуына әсер ететін тиімді салық жүйесін қалыптастыру елдегі кәсіпкерлікті дамытудағы мүмкіндігін тигізеді. Бұл жағдайда кәсіпкерлік қозғалысқа байланысты салық жүйесінің фискалдық және тәртіпке келтіру функциясын қалыптастыру негізгі мәселе болып табылады.

Ескере кететін жай кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны - экономикалық дамудың негізгі, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуы мемлкеттік қолдау көрсету механизмі мемлекет тарапынан толықтай танылған жоқ. Құқық базасы, институттанған кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деңгейі және т. б.

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері 1990 ж. ж. құрыла бастады. Бизнестің бұл түрінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін реттеуге бағытталған заңдар, заң шығарушылық және өзге де нормативті - құқықтық актілер қабылданып, жүзеге асырылды .

Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе, шағын және орта бизнеске кең “шағын кәсіпкерліктің дамуын жеделдету мен мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы” Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласы ретінде есептелініп қарастырылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу сәйкесінше басқару тетігіне сүйенеді. Осындай бірден-бір тетік ретінде салық шығады. Салықтық реттеу шаруашылық субъектілерден немесе жеке тұтынушылардан оның қолындағы жататын құн бөлігін алу жолымен іске асырылатын, яғни, оның өндірістік немесе өндірістік емес тұтыну мүмкіндігін төмендету жолымен әсер ету.

Кәсіпкерлік қызметте салықтық реттеуді оңтайландыру бюджет пен шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық қатынасты ұйымдастыруда өзекті мәселе болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі салықтық реттеу ұлттық экономиканы ынталандыруға бағытталуымен нарықталады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметіндегі салықтық реттеудің негізгі аспектілерін және оның ел экономикасы үшін маңыздылығын қарастыру.

Жұмыстың мақсатын орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

Жекелеген елдердегі салық салу ісін, кәсіпкерлік қызметтегі салықтық реттеудің теориялық негіздеріне талдау жасау .

Кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеудің теориялық негіздеріне сараптама жасау.

Қазақстандағы салықты тәртіпке келтірудің жолымен жақсарту амалдарына сараптама.

Жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмыс тақырыптың маңызы мен мақсатын ашатын кіріспеден тұрады. Жұмыстың үш бөлімінде қойылған сұрақтар талқыланады. Барлық пайдаланылған әдебиеттер мен жұмыстың түйіні қорытындыда қарастырылады. Диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасының құқықтық-норматив базасы пайдаланылды. Сонымен қатар экономика ғалымдары Н. К. Мамыров, Ж. Ихданов, Э. О. Нұрсейтов және тағы басқалардың ғылыми еңбектері қолданылды.

Осыған қарап республикамыздағы кәсіпкерлікке байланысты салық жүйесін тәртіпке келтіру маңызды іс екенін анықтаймыз .

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке басқа қатысты қауіп-қатері мол, жауапкершілікті, жеке және заңды тұлғаларға байланысты кіріс көздері мен табыс табуға негізделген кәсіпкерлік қарқынды даму үстінде.

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жол ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық негізі - сауда экономикасының тиімді болуына, халықтың өндірістік ресурстары мен қаржылық дамуына; ғылыми-техникалық прогресс пен сауда шаруашылығының жетілуіне қолайлы болуымен маңызды.

Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық және динамиканың жетістіктері көп жағдайда мына алғы шарттармен анықталады: құқықтық базасы, институттанған кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және т. б.

І БӨЛІМ. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан бақылау

1. 1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан бақылаудың маңызы мен мәні

Мемлекет бақылауындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесінің аумақтық маңызы, әсіресе өнеркәсіп саласының экономикасы төмендеп кеткен жағрафиялық аймақтарда кездеседі. Мұндағы аумақтық кәсіпкерлік сектордың кеңеюі халықты жұмыспен қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді жолы болып табылады.

Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасында бағдарлама жасау әдісімен бірге статистикалық көрсеткіштер сараптамасы және анкеталық сұраулар негізінде импорт тауарлар мен қызметтерді пайдалану құрылымы бекітіліп, әртүрлі тауар және қызмет өндіруде кәсіпкерлік қызметті дамытуда көптеген артықшылықтар жасалуда.

Жалпы кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан бақылау республикада жағдайлар туғызу мақсатында нормативті базаны жетілдіру, кәсіпкерліктің дамуы мен өсуі, сонымен қатар бақылаушы және инспекциялық мекемелер жағынан артық салық жинауды алып тастау және кәсіпкерлік қызметтің дамуы мен қолдауына құқықтық жағдайлар жасалуда.

Кәсіпкерлікті қаржы-инвестициялық және өндірістік технологиялық дамуында қаржы-несиелік жүйе негізінде арнайы қорлар мен басқа да қаржы институттарының қатысуымен инвестициялық жағдай туғызу мақсатында арнайы шаралар қарастырылады.

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан бақылауда ҚР Үкіметінің өркендейтін іс-шаралары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын бизнес субъектілері санының өсуіне ықпал етеді және отандық өнім еншісінің өсуіне жағдайлар жасалады.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқару кәсіпкердің құқықтық міндеті мен жауапкершілігімен тығыз байланысты.

Кәсіпкер мемлекет және қызметтері алдында Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келісілген шарттарды орындамау, басқа субъектілердің жеке меншік құқығын бұзу, салықтық тәртіпті, өнім сапасына деген талапты орындамау, қоршаған ортаны ластау, антимонополистік заңның бұзылуы, қауіпсіз еңбек жағдайларын орындамау, денсаулыққа зиян келтіретін өнім сату сияқты іс-шаралары үшін жауапқа тартылады.

Жауапкершілікітің жалпы формасы “Шаруашылық қызмет және кәсіпкерлік дамуының еркіндігі туралы” Заңда қарастырылады. Мұндай шараларға : ақшалай штрафтар, лицензия немесе патенттен айыру, кәсіпкерлік қызметті тоқтату жатады.

Салық төлеу республикада экономика және кәсіпкерліктің дамуын қолдауда мемлекеттік басқару мен бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Мұнда мемлекеттік бақылау мен басқару және кәсіпкерлікті қолдау бір-бірімен байланысты элементтерден тұратын кез-келген жүйе секілді жасалады. Кәсіпкерлікті салықтық бақылау бұл жүйе де маңызды орын алады. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуында салық төлеу мен байланысты мәселені шешу күрделі де, маңызды болып табылады.

Республика дамуындағы бұл экономикалық механизм элементі сынға ұшырауда, және дискуссиялар мен талқылаулардың негізі ретінде қызмет етеді.

1. 2. Кәсіпкерліктің дамуы мен негізі

Қазақстанда кәсіпкерлік туралы 1990 жылдар басында, қайта құру кезеңінде сөз етіле бастады. Бұл кезеңде жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық орталық негізінде комсомол белсенділерінің бастауымен комсомолдық кәсіпорындар құрыла бастады. Неше алу шарттары жеңілдетілді. Тіпті инфляцияның жоғарлауына қарамастан осы кәсіпкерліктің алғаш негізін салушылар өз кәсіпорындарын сақтап қана қалмай, бірнеше жоғары пайызбен беріліп, аз пайызбен қайтарылғандықтан олар алғаш қорларын жинап қалды.

Кәсіпкерлікті заңдастыру туралы алғашқы заң сонау 1917 жылы Кеңес Үкіметі кезінде қабылданған. Ол 1987 жылы “СССР азаматтарының жеке еңбек (кәсіпкерлікпен) айналысуы” туралы заң. 1988 жылы “Кооперация туралы заң” қабылданды. Жаппай кооперативтер мен кәсіподақтар (бірлестіктер) құрыла бастады. Алайда нарықтық инфрақұрылымның жоқтығынан санаулы ғана кооперативтер сақталып қалды.

1988-1991 жылдары қабылданған жаңа заңдар жалға беру, ортақ кәсіпорындар, банктік іс-әрекеттер туралы заңдар экономикалық жағдайларды біршама жақсартты. Жалпылай алғанда, жеке меншіктің көбі мемлекеттік болып қалды, тек жалға беру заңы ғана кәсіпкерлік белсенділікті біршама арттырды.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірсыпыра заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына мынадай заңдар түрткі болды: “Қазақстанда шаруашылық іскерлік бостандығы және кәсіпкерліктің дамуы” (1991) . “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау” заңы (1992) . 1994 жылы Жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңға жетті, ал кәсіпорындағы жұмысшылар саны 164 мың адамды құрады. 1998 жылы 10 қазанындаа шағын кәсіпорындар саны 307 мыңды құраса, жұмысшылар саны 1, 2 млн жетті.

Кәсіпорынды дамытушы, алға жылжытушы күш, кәсіпорынның негізін қалаған, фирманың басшысы - кәсіпкер.

Есепке алуға тиіс тағы бір маңызды фактор, кәсіпкер тұрақсыз, қараша-қайшылыққа толы, болашағы белгісіз әлемде өмір сүреді. Сондықтанда кәсіпкерлік процесс-менеджмент, маркетинг, технология салаларында болатын өзгеріс процесі, қателіктер мен сәтсіздіктерден кейін дұрыс инвестициялық шешімдер іздеу процесі.

1999 жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 111885 мыңды құрады.

кесте

1999 жылы жеке меншіктің көлемі мен формасына байланысты тіркелген заңды тұлғалар саны

:
Барлығы: Барлығы
Жеке меншік түріне байланысты: Жеке меншік түріне байланысты
: мемлекеттік
Барлығы: Жеке меншік
Жеке меншік түріне байланысты: Олардың ішінде
Шетелдік
: Мемлекеттің қатысуымен
Барлығы: Шет, кәсіп. қатысуым.
: Қазақстан Республик.
Барлығы: 111885
Жеке меншік түріне байланысты: 20925
88867
1814
2486
2093
: Шағын
Барлығы: 98053
Жеке меншік түріне байланысты: 14321
81709
826
2269
2023
: Орта
Барлығы: 11090
Жеке меншік түріне байланысты: 5700
5344
669
154
46

Қазақстан территориясында шағын кәсіпорындар тең дәрежеде дамымағандығын байқаймыз. (1. 2 кесте) . Ең көп тіркелген шағын кәсіпорындар Алматы қаласында байқалады, онда 2000 жылы тіркелген 28870-ден 22373 немесе 77, 5% шағын бизнес субъектер жұмыс атқарады.

1. 2 Кесте.

2001 жылғы 1 қаңтар Қазақстан Республикасы территориясындағы шағын кәсіпкерліктер саны (заңды тұлғалар)

Аймақтар: Аймақтар
Тіркелген заңды тұлғалар: Тіркелген заңды тұлғалар
саны: саны
Тіркелгендерден %: Тіркелгендерден %
Жеке кәсіпкерлер: Жеке кәсіпкерлер
Шағын бизнес субъектері: Шағын бизнес субъектері
Аймақтар: 1. Ақмола
Тіркелген заңды тұлғалар: 4070
саны: 3073
Тіркелгендерден %: 75, 5
Жеке кәсіпкерлер: 10083
Шағын бизнес субъектері: 14153
Аймақтар: 2. Ақтөбе
Тіркелген заңды тұлғалар: 4577
саны: 3569
Тіркелгендерден %: 78, 0
Жеке кәсіпкерлер: 17146
Шағын бизнес субъектері: 21726
Аймақтар: 3. Алматы
Тіркелген заңды тұлғалар: 4743
саны: 2872
Тіркелгендерден %: 60, 6
Жеке кәсіпкерлер: 31905
Шағын бизнес субъектері: 36648
Аймақтар: 4. Атырау
Тіркелген заңды тұлғалар: 2568
саны: 1675
Тіркелгендерден %: 65, 2
Жеке кәсіпкерлер: 8932
Шағын бизнес субъектері: 11503
Аймақтар: 5. Шығыс Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 14387
саны: 4660
Тіркелгендерден %: 32, 4
Жеке кәсіпкерлер: 75581
Шағын бизнес субъектері: 37968
Аймақтар: 6. Жамбыл
Тіркелген заңды тұлғалар: 4550
саны: 1743
Тіркелгендерден %: 38, 3
Жеке кәсіпкерлер: 16780
Шағын бизнес субъектері: 21330
Аймақтар: 7. Батыс Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 3734
саны: 2240
Тіркелгендерден %: 60, 0
Жеке кәсіпкерлер: 10430
Шағын бизнес субъектері: 14214
Аймақтар: 8. Қарағанды
Тіркелген заңды тұлғалар: 12897
саны: 3238
Тіркелгендерден %: 75, 1
Жеке кәсіпкерлер: 14698
Шағын бизнес субъектері: 27595
Аймақтар: 9. Қызылорда
Тіркелген заңды тұлғалар: 1668
саны: 1456
Тіркелгендерден %: 87, 0
Жеке кәсіпкерлер: 7497
Шағын бизнес субъектері: 9807
Аймақтар: 10. Қостанай
Тіркелген заңды тұлғалар: 3437
саны: 2782
Тіркелгендерден %: 78, 6
Жеке кәсіпкерлер: 17028
Шағын бизнес субъектері: 20465
Аймақтар: 11. Манғыстау
Тіркелген заңды тұлғалар: 4059
саны: 2264
Тіркелгендерден %: 55, 8
Жеке кәсіпкерлер: 2651
Шағын бизнес субъектері: 6710
Аймақтар: 12. Павлодар
Тіркелген заңды тұлғалар: 5121
саны: 4173
Тіркелгендерден %: 81, 5
Жеке кәсіпкерлер: 18852
Шағын бизнес субъектері: 23973
Аймақтар: 13. Солтүстік Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 2636
саны: 1646
Тіркелгендерден %: 62, 4
Жеке кәсіпкерлер: 9842
Шағын бизнес субъектері: 12478
Аймақтар: 14. Оңтүстік Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 7679
саны: 5330
Тіркелгендерден %: 69, 4
Жеке кәсіпкерлер: 50571
Шағын бизнес субъектері: 58240
Аймақтар: 15. Алматы қаласы
Тіркелген заңды тұлғалар: 28283
саны: 22373
Тіркелгендерден %: 77, 5
Жеке кәсіпкерлер: 16656
Шағын бизнес субъектері: 45526
Аймақтар: 16. Астана қаласы
Тіркелген заңды тұлғалар: 4860
саны: 3664
Тіркелгендерден %: 71, 3
Жеке кәсіпкерлер: 5299
Шағын бизнес субъектері: 10159
Аймақтар: Республика бойынша
Тіркелген заңды тұлғалар: 109861
саны: 66478
Тіркелгендерден %: 60, 5
Жеке кәсіпкерлер: 262636
Шағын бизнес субъектері: 372497

2001 жылы 10 қазан күнгі санақ бойынша Алматы қаласында 36113 кәсіпкерлің тіркелген (нарықтық тауар өндірісі мен ақысыз қызмет көрсету), ал жұмысшылар саны 50 адамнан аспайды, оның ішінде шағын бизнес субъектілері 89, 5% (32325 кәсіпорынды) құрайды.

Кесте

01. 10. 2001 жылғы аймақ бойынша шағын бизнес кәсіпорындар саны

Аймақ: Аймақ
Тіркелген заңды тұлғалар: Тіркелген заңды тұлғалар
:
Есептік көрсеткіштер: Есептік көрсеткіштер
Аймақ: Жұмысшылар саны (млн)
Тіркелген заңды тұлғалар: зат өндіруден түскен пайда мөлшері (млн)
Аймақ: РК
Тіркелген заңды тұлғалар: 98300
: 75925
Есептік көрсеткіштер: 40259
429, 5
Аймақ: Ақмола
Тіркелген заңды тұлғалар: 3289
: 2799
Есептік көрсеткіштер: 2330
15, 1
Аймақ: Ақтөбе
Тіркелген заңды тұлғалар: 3910
: 2527
Есептік көрсеткіштер: 1403
21, 5
Аймақ: Алматы
Тіркелген заңды тұлғалар: 4491
: 3972
Есептік көрсеткіштер: 1918
23, 5
Аймақ: Атырау
Тіркелген заңды тұлғалар: 2053
: 1650
Есептік көрсеткіштер: 585
11, 3
Аймақ: Шығыс-Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 7190
: 5557
Есептік көрсеткіштер: 3597
39, 2
Аймақ: Жамбыл
Тіркелген заңды тұлғалар: 3437
: 2685
Есептік көрсеткіштер: 1025
16, 7
Аймақ: Батыс Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 2082
: 1752
Есептік көрсеткіштер: 980
17, 1
Аймақ: Қарағанды
Тіркелген заңды тұлғалар: 6955
: 5752
Есептік көрсеткіштер: 2930
37, 6
Аймақ: Қостанай
Тіркелген заңды тұлғалар: 4561
: 3193
Есептік көрсеткіштер: 1919
20, 9
Аймақ: Қызылорда
Тіркелген заңды тұлғалар: 2063
: 2009
Есептік көрсеткіштер: 1564
8, 8
Аймақ: Маңғыстау
Тіркелген заңды тұлғалар: 2496
: 2117
Есептік көрсеткіштер: 1028
12, 7
Аймақ: Павлодар
Тіркелген заңды тұлғалар: 5248
: 4220
Есептік көрсеткіштер: 2204
20, 1
Аймақ: Солтүстік Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 2447
: 2073
Есептік көрсеткіштер: 1230
19, 9
Аймақ: Оңтүстік Қазақстан
Тіркелген заңды тұлғалар: 9282
: 7385
Есептік көрсеткіштер: 2697
32, 2
Аймақ: Астана қ-сы
Тіркелген заңды тұлғалар: 6471
: 5378
Есептік көрсеткіштер: 3090
26, 2
Аймақ: Алматы қ-сы
Тіркелген заңды тұлғалар: 32325
: 22856
Есептік көрсеткіштер: 11739
106, 7

1. 3. Кәсіпкерлік істі салықтық реттеу

Экономикадағы мемлекеттік реттеу басқарудың сәйкес рычагына келіп тіреледі. Сондай рычагтардың бірі болып салықтық реттеу болып танылады. Бұл дегеніміз экономикалық өмірге араласу кәсіпкерлік істі жүргізу ережелерін анықтайтын мемлекеттік нормативтік актілердің басылымын ғана қажет етпейді, сонымен қатар шаруашылық етуші субъектілерден салалар мен әлеуметтік тұстарды ығыстыра отырып, шаруашылыққа қайтару мақсатында қолында бар мүлік пен құралдарының бір бөлігін алумен түсіндіріледі. Осылайша, салық ВВП-ны және ұлттық кірісті қайта бөлу үдерісінде маңызды роль атқарады. ВВП-ны бөлу және қайта бөлу барысында салықтық фискальдық және реттеуші функциялары жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің кірісін қалыптастырады және экономикаға тікелей бағытталған түрде ықпал етеді.

Ресурстармен қамтамасыз етуді басшылыққа ала отырып, мемлекет салық құралы арқылы қаржылық мүмкіндігінше максималды көлемін мобилизациялауға тырысады.

Салықтық реттеу шаруашылық етуден немесе жеке тұтынушылардан пайда бөлігін алу жолымен, яғни олардың өндірістік және бейөндірістік тұтыну мүмкіндіктерін азайту жолымен жүзеге асырылатын әрекет ретінде танылады.

Салықтық реттеуді екі тұрғыдан қарастыруға болады: көтермелеуші және шектеуші. Салық төлеудің көтермелеуші жағы ең алдымен салықтық жеңілдік механизмі арқылы төлеуші салық заңымен қарастырылған әрекеттерді атқара отырып төлеуге тиісті затының өзіне алып қалу мүмкіндігіне ие болады. Шектеулі жағы, керісінше, төлеушіге алдындағы әрекетті істейтін болса, төлемнің бір бөлігін өзіне алып қалуға немесе мүлде төлемеуге жағдай жасайды. Салықтық реттеудің бұл 2 жағы да өзара бір-бірін толықтырып отырады. Мысалы, төленбейтін минимум мен төленбейтін кіріс механизмін қолдану, бір жағынан шектеу болып табылса, екінші жағынан осы шектеудегі сома салықпен төленбейтіндіктен белгілі бір дәрежеде көтермелеу болып табылады.

Мемлекет салықтың фискальдық функциясын қолдануды көздеуі оның құрылымдық өзгеруіне әкелетіндіктен салықтық реттеуді макродеңгейге көтереді.

Салық саясатын шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту аумағында жетілдіру мақсатында кодексте айрықша салық тәртібі қарастырылған.

Шағын бизнестің арнайы салықтық тәртібі кіріс бойынша белгіленген критерийлерге, жұмысшы санына, қызметтің түріне қарай заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге тарайды да, бюджетпен жеңілдетілген есептеудің үш түрін, талап негізінде, патент және жеңілдетілген декларацияны қарастырады.

Салық төлеу тәртібін жеңілдету үш аспектіге қатысты: есепті, салықты шығаруды және салықтық есеп беруді құруды жеңілдету.

Егер де, салық төлеу тәртібі жүзеге асып жатқанда салық төленетін базаны анықтау үшін кәсіпкер кірістің де, шығыстың да есебін енгізу керек, ал бұған сәйкес арнайы тәртіп бойынша салықты шығару үшін кірісті қалыптастыру ғана қажет, ал кірісті шығарып алуға қатысты шығынды есептеуді кәсіпкер өзіне қолайлы түрде енгізе алады.

Қазіргі кезде шағын бизнес субъектілердің салық төлеуден құтылу мақсатында оларда қанша аудамның жұмыс істейтіндігін жасырып отырғаны құпия емес. Жұмыспен қамтамасыз етуді легализациялауды көтеру және жұмыс берушілердің жаңа жұмыс орнын ашуға қызығушылығын арттыру үшін берілген тәртіпте жеңілдетілген декларация бойынша әрбір жұмысшыға 1, 5%, жалданатын жұмысшылар санын және олардың айлығының орташа мөлшерін есептемегендегі шығарылған соманы азайтуға мүмкіндік беретін норма негізделген.

Кодекс бойынша мұндай өзгерту енгізу егерде орташа айлық ақы үш ең төменгі айлық ақыны құрамайтын жағдайда болса ғана азайтуға жол беріледі. Менің көзқарасым бойынша, берілген шара жаңа жұмыс орнын ашуды арттырып қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде жалданушы жұмысшылардың еңбекақысын көтеру есебінен толықтай тұрғындардың тіршілік ету деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Салықтық реттеудің құрылымдық құралы болып мыналар табылады: салық мөлшері, салықтық төлеушілер, салықтық ақылар және жеңілдіктер, тартып алыну механизмі, салық бойынша есеп беру және салықтық әрі жинақтық уақытылы және толық түрде бюджетке түсіп отыруын қадағалау.

Жүргізілген сараптау әрбір кәсіпкерлік салық пен жинақтың орта есеппен 7-9 түрін төлейтінін көрсетеді. Бұған қоса әрқайсысына есептеудің бөлек әдістемесі бар, салық төлеуші базасы, төлеудің тәртібі мен мерзімі, реквизит пен есеп беру формасы бар.

Салық төлеу механизмдерінің негізгі салықтарын қарастырамыз (заңды тұлғалардың кіріс салығы, қосылған баға салығы) .

Заңды тұлғалардың салық салушы базасы қызметін салықтық жылда алынған кірістің барлық түрін қосатын жылдық кіріс табысы атқарады.

Кіріс салығының салым объектісі болып жылдық кіріс арасындағы айырмашылықты белгілейтін және заңдастырылған есептеулердің салықтық кірісі табылады. СГД-дан көптеген кәсіпкерлік кірісті алумен байланысты шаруашылық шығын да есептеуге рұқсат беріледі. Мұнда болашақтағы кіріс есебінен жабуға кәсіпкерлік қызметтен алынған субъектілерді ауыстыру құқығы беріледі.

Корпоративті салықты бақылаудың негізгі құралы болып белгіленген ақы тәртіп және салық төленетін мерзім, жеңілдіктер табылды.

Кіші және орта мекемелер үшін коммерциялық емес мекемелерге берілген мүлік пен ақшаны СГД сомасының жеңілдік ретінде таратылуынан басқа ешқандай жеңілдіктер берілмейді. Осыдан кіріс салығының механизмінде әлемдік тәжірбиеде тараған жеңілдіктер, мысалы, салықтық демалыс, салықтық жеңілдік, салақтық несие сияқты шаралар қарастырылмайды.

Салықты реттеу кезінде салықтық мөлшерлеме маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда корпоративті салықтық мөлшерлемесі республикамызда жағдай көтерерліктей. Салық мөлшерлемесінің жоғарлылығы жайында кәсіпкерлердің айтылған ойы мынадай, сұралғандардың 30 пайызы қосылған құн салығының мөлшері тым жоғары десе, 18, 5 пайызы әлеуметтік, ал 17, 5% корпоративті салығының жоғары екенін айтады. Ары қарай тұлғалардан алынатын кіріс салығы (93%), көлікке қатысты салық (9%), жер салығы (72%), мүлікке қатысты салық (45%) және акцизалар (4%) кетеді /20/. Осыған байланысты орта және шағын бизнес кәсіпкерлеріне қатысты жеке экономистердің заңды тұлғалардың белгілі бір уақыт аралығында кіріс салығының мөлшерлемесін азайту, сонымен қатар салықтық тыныстамасы жеңілдігімен қамтамасыз ету ұсынысын қолдауға болады .

Кіріс салығы төлемдерінің тәртібі мен мерзімі шағын және орта кәсіпкерлердің қаржылық жағдайына әсер ететінін атап айта кету керек. 1997 жылдың қаңтарынан бастап республикамызда аванстық төлем енгізілді, ал осы маусым айынан бастап жылдың кассалық әдістен ақша есептеу әдісіне көшу іске қосылды.

Аванстық төлем механизмінің анализі мынандай қорытынды шығаруға көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
ҚР-ғы кәсіпкерлік қызметі
Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Мамандықтың пәндер каталогы
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке
Кәсіпкерлік туралы ұғым
Шағын бизнестің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы мәні мен маңызы
Кәсіпкерлік қызметті басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі орта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz