Қосылған құн салығы бойынша декларация толтыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе1

1 Қосылған құн салығы қызмет етуiнiң теориялық негiздерi3

1. 1 Қосылған құн салығын алу тәртiбiн реттейтiн нормативтi -құқықтық актiлер3

1. 2 ҚР аумағына енгiзiлетiн тауардардың шығу тегiн анықтау тәртiбiнiң негiзгi Ережелерi19

2. Дамыған елдердегi және Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын алуға талдау35

2. 1 Дамыған елдердегi жанама салық салу жүйесi35

2. 2 Қосылған қүн салығының қызмет етуiнiң негiздерi49

3. Қазақстан Республикасының бюджетiне қосылған құн салығы түсiмдерiнiң жағдайына талдау61

3. 1 Қазақстан Республикасы аумағына енгiзiлетiн тауарларына қосылған құн салығы66

3. 2 Қазiргi жағдайдағы ҚҚС қызметiн ету механизмiн жетiлдiрудiң негiзiгi бағыттары69

Қорытынды80

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi83

Кiрiспе

Салык салу механизмi кез келген экономикалық жүйедегi күрделi мәселенiң бiрi. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды әдiсi болып табылады және оның тиiмдi жүргiзiлуiнен әлеуметтiк-экономикалық саясаттың табыстылығы байланысты болады.

Жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негiзiнде мемлекет арқылы алынатын ерiксiз немесе мiндеттi алымдарды салықтар деп атады.

Заңмен бекiтiлген салықтар, алымдар кеден баждары мен басқа да төлемдердiң жиынтығы нақты критерийлер, белгiлер және ерекше құрамдары бойынша жiктiледi.

Салықтардың тiкiлей және жанама деп бөлiнуi тауалар мен кызметтердi тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесiн бағалау үшiн қолданылады. Салықтардың тiкелей және жанама деп бөлiнуi туралы қазiргi көзқарас көп ғасырлық дамудың нәтижесiнде қалыптасты.

Салықтардың тiкiлей және жанама түрлерiне бөлiну принциптерi туралы көзқарастардың тарихи эволюциясын қарастырайық. Салықтардың аударылуы тек айырбас үрдiсiндi ғана жасалуы мүмкiн. Оның нәтижесiнде бағалар қалыптасады. Заң арқылы аяқталған айырбас және бөлу үрдестерiнiң нәтижесiнде, салық төлеушi салықтық ауыртпалықты басқа салыққа жауапты тулғаға аудару мүмкiндiгiне ие болады.

Басқа сөзбен айтқанда салық төлеу мiндетi жүктiлген тұлға және салықты нақты төлеушi тұлға мiндеттi түрде бiр тұлға болуы керек емес.

Қазiргi кезде бiздiң республикамызда 2002 жылдың 1-шi қантардан күшiне енген жаңа салық кодексiне орай салық механизмi экономиканы мемлекеттiк реттеудiң әкiмшiлiк-бөлiнгiштiк сипатын көрсетедi. Бұрынғы әрекет өйткенi салық жүйесiмен салыстырғанда, шаруашылық субъектiлерiне деген салық ауыртпалығы ( пресс) бiршама әлсiреген.

Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi-жанама салықтар, тiкелей салықтарға қарағанда, кәсiпорын салығы болып табылмайтындығында. Олар тұтынушыға салынатын салықтар. Ал кәсiпорындар тек оларды жинаушы болып табылады. Жанама салықтардың барлық ауыртпалылығы толығымен соңғы тұтынушыға, яғни тұрғындарға түседi.

Содан да, оларды қолдануда, әлеуметтiк қорғалмаған тұрғындар бөлiгi зиян шекпеуi үшiн, салық салу механизмi нақты қалыптасуы қажет.

Жұмыс мақсаты- Қазақстан Республикасында және бiрқатар нарықтық экономиканы дамыған елдердегi жанама салықтар жүйесiн құрудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерiн зерттеу болып табылады.

Жұмыстың мiндеттерi төмендегiдей:

  • жанама салықтардың экономикалық мәнi мен мазмұнын ашу;
  • мемлекеттiк бюджет табысындағы олардың үлес салмағын таңдау;
  • ҚҚС, акция, кеден баждарын өндiрiп алу механизмiн қарастыру;
  • дамыған елдердегi жанама салықтарды салуға қысқаша талдау жасау.

Кеңестiк кезеңде жанама салықтар түрлерiмен бiздiң елiмiзде айналымға және сатуға салынатын салық әрекет еттi, ал нарықтық қатынас жағдайында олар ҚҚС-пен және акциздермен ауыстырылды. Оның себебi, айналымға және сатуға салынатын салықтар өнiмдi өткiзудiң соңғы кезеңiнде ғана бюджетке өндiрiп алынды, ал бұл салықтарды өндiрiп алу механизмiнiң әрекетiн баяулатты.

ҚҚС-ты өндiрiп алу өндiрiс және айналымның әрбiр кезеңiнде жүзеге асырылады. ҚҚС сомасы сату және сатып алу кезеңде өндiрiлiп алынатын салықтар айырмасына тең. Осылайша, бұл салықтар тауларды сатумен байланысты кез келген өнiмге салынады, және де қосылған құн салығын төлеушi болып (заңда көрсетiлген ерекше жағдайлардан басқа) барлық кәсiпорындар мен тұлғалар табылады.

Көптеген мемлекеттерде ежелгi уақыттан берi акциз салығы қолданылады. Акциздер мемлекет анықтаған тауарларға салынады. Негiзiнен бұл тауарлар екiншi реттi мәнi бар заттар.

Кеден заңында мемлекеттiң елтаңбасы, ту, ақша бiрлiгiмен бiрдей дәрежедегi кез келген мемлекеттiң атрибуты. Кеден заңдылығы тек мемлекеттiк қазына пайдасына ғана емес, оның территориясында орналысқан барлық шаруашылық субъектiлерiнiң үлесiне қызмет, яғни отандық өндiрiс пен шетелдiк инвестицияға тосқауыл болмай, жұмыс атқаруы керек.

Сондықтан да, салық жүйелерi көптеген 10-жылдықтар бойы дамудан өткен, экономикалық дамыған елдердiң тәжiрибесiнiң маңызы зор. Соңғы кезде Франция, Италия сияқты табысты елдерде жанама салықтар мемлекеттiк бюджет табысының негiзгi қайнар көзiне айналуда. Жапония, Германия және Ұлыбританияда олардың үлесiнен өсу қарқыны байқалады.

Дипломдық жұмысты жазудың әдiснамалық негiзi болып Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексi және осы тақырыпқа қатысты Мемлекеттiк салық комитетiнiң материалдары, мемлекеттiк кеден комитетiнiң материалдары, отандық және шетел баспалар материалдары табылады.

1 Қосылған құн салығы қызмет етуiнiң теориялық негiздерi

1. 1 Қосылған құн салығын алу тәртiбiн реттейтiн нормативтi -құқықтық актiлер

Қосылған құнға салық тауарлардың өндiрiсi мен айналысы үрдiсiнде қосылған, өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бюджетке аударылуы және ҚР-сы территориясына импорты кезiндегi аударымдарды бiлдiредi.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуi тиiс қосылған құн салығы өткiзiлген тауаларға (жұмыстар, қызметтер) төленуi тиiс қосылған құн салығы арасындағы айырмашылық арқылы анықталады.

ҚҚС-ның салық салу объектiлерiне бөлiнедi:

  1. салық санайтын айналым
  2. салық салынатын импорт жатады.

Қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға мiндеттi тұлғалар болып табылады.

Тауарлар импортты кезiндегi қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы территориясына осы тауарларды импорттайтын тұлғалар болып табылады.

Өткiзу бойынша айналымды анықтауда, салықтан босатылатын өткiзу бойынша айналым, сонымен бiрге кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмайтын жеке тұлғаның мүмкiн өткiзу бойынша айналым ескерiлмейдi (есепке алынбайды) .

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда, өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы тұлғаның айналымдарды есепке алу арқылы анықталады.

Өкiлеттi мемлекеттiң орган қосылған құн салығын төлеүшінiң өтiнiшiне орай, оның құрылымдық бөлiмшелерiн, дербес ҚҚС-н төлеушiлер ретiнде қарыстыра алады.

Тұлға кез келген кезең (12 айдан көп емес) бiткеннен кейiн 15 күн тiзбелiк күннен аспайтын мерзiм iшiнде, салық органына ҚҚС-ы бойынша есепке қою туралы өтiнiш тапсыруға мiндеттi. Кезең қорытындысында тауарлар өткiзу бойынша айналым минимумынан кезеңнiң 1 еселенген шамасы құрайды.

Тұлға өзi тапсыруға мiндеттi болған немесе қосылған құн салық бойынша есепке қоюға еркiн түрден өтiнiшiн берген айдан кейiнгi айдын алғашқы күнi ҚҚС-н төлеушi болып табылады.

Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күйiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:

тулғаның атауы және оның деректемелерi;

салық төлеүшінiң тiркеу нөмiрi;

тұлға қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.

Қосылған құн салығы бойынша есепке құю туралы көлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру кiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.

Салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң оны беру тәртiбiн Салық Кодексiне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегi куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады. Салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуы тиiс.

Егер құн салығы төлеүшінiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым моншерiнен аспаса, ол тiркiлген жерiндегi салық органына өзiнiң ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.

Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы есепке қойған кезден бастап кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.

Егер қосылған кұн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байлынысты кызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдын аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.

Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын әрекетсiз заңды тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкiлеттi жүргiзедi.

Қосылған құн салығы төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тулға Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiмiнен алып тастаған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.

Тұлға қосылған құн салығы бойынша өзiн есептен шығару туралы өтiнiш берген кезiңнен кейiнгi салық кезiңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.

Тексерiс жүргiзгенде, салық салынатын айналым ҚҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда, ҚҚС-н төлеушi арқылы жасалатын тауарларды жұмыс, қызмет өткiзу бойынша айналым ретiнде анықталады.

Қазақстан Республиканың кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе тауарлар (қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

Тауарды өткiзу орны болып:

егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тулға тасымалдайтын (жiберетiн), болса, тауарды тасымалдаубастаған орын;

басқа жағдайларда -тауарды алушыға беру орны танылады.

Жұмыстарды, қызметтердiң өткiзу орны болып :

егер жұмыстар, қызметтердi жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;

егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын жерi;

егер қызметтер мәдениет, өнер, бiлiм, дене шынықтыру немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң аясы көрсетiлетiн орны;

жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады:

- санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi;

- консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгартерлiк, адвакаттық, жарнамалы, қызмет көрсетулерге сондай-ақ ақпаратты өндеу жөнiндегi қызмет көрсетулерге;

қызметкердi беру жөнiндегi;

жылжымалы мүмкiндiктi (көлiк ұмдарының көлiк құрамдарынан басқа) жанға беру жөнiндегi қызметке;

туризмдi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерге қатысты қолдаланады;

Тауаларды тиып жөнету күнi тауар өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. Егер тауарды тиеп жөнелту жүзiге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау кунi болып табылыды.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша салық салынанын айналым жасау күнi төменде аталған шарттарды бiрi бiрiншi болып орылданған:

Жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жасалган,

Жұмыстар орындалған, қызмт көрсетулер корсетiлген жағдайда басталады.

Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлген болса, онда:

қосылған құн салығы көсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң;

әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.

Қызметкелерге жалақы есетiнен тауар береген, жұмыстар орындалған, қызметтер корсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындалған немесе қызметтер корсетiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы төлеушi болып тыбылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күнi айналым жасау күнi болып табылады.

Салық салынатын айналым мен Салық салынатын импорт молшерiн анықтау.

Трансферттiк бағаларды қолдану кезеңдегi мемлекеттiк бакылау мәселелерi бойынша Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым айналым молшерi оған қосылған құн салығын енгезбей жасалған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады. ( 1- сурет)

Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге беруден алынған заем қаражатының сомасы негiзге ала отырып анықталады.

Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.

Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiлiнетiн импорталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарлар импорты кезеңдегi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндiттi төлемдер сомалары енгiзiледi. Салық салынатын импорт Қазақстан Республикамыздың территориясына әкелiнетiн немесе әкелінген тауарлар болып табылады. ( 2 сурет)

Салық салынатын айналым мөлшелерiн

Өткiзiлген тауар түзетудің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.

Салық төлеүшінiң салық салынатын айналым мөлшiлерi түзету:

А) тауалар толық немесе iшiнара қайтарылған;

Б) мәмiленiң шарттары өзгерген;

В) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін баға, отем озгерген;

Д) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған жағдайда жүргiзiледi.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар.

Тауар экспорты Қазақстан Республиканың кеден заңдылығына сәйкес жүзеге асырылатын, ҚР кедендiк территориясынан тауарларды әкету болып табылады.

Түстi және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда, экспорт тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.

Тауарлар экспортын растайтын құжаттар:

экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт ( келiсм -шарт) ;

тауар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асырған кеден органының белгiсi соғылған кедендiқ жүк декларациясы болып табылады. Магистральдық құбыр жүйелерiмен немесе электр қарату желiсiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмдерiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда кедендiк рәсiмдеудi жүргiзген кедендiк жүк декларациясы экспортты растауға қолданалады;

Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi соғылған тауардың экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Магистралдық құбыр жүйелерiмен немесе электр тарату желiсiмен экспорт режимiнде тауарлар әкетiлген жағдайда тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмесiнiң орнына тауарлары қабылдап алу-өткiзу актiсi табыс етiледi.

Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт.

Жерге және қорындағы ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру мыналарды:

А) тұрғын үй қорының салынған ғимараттар (ғимараттың бiр бөлiгiн) бiрiншi рет өткiзудi;

Б) Қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзу және немесе жалға берудi;

В) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Ғимаратқа құны бастапқы құнының кемiнде 50 процентi болатын қайта жаңғырту (жөндеу) жасалып, егер осы ғимарат қайта жаңғыртудан кейiн тұрғын үй мақсатында пайдаланылатын болса, бұл ғимарат тұрғын үй қорының салынған ғимаратына жатады.

Қаржылық қызмет көрсетулер.

Қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар қосылған құн салығынаң босатылады.

Қосылған құн салығынан босатылытын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы негiзiндегi жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары;

депозиттердi қабылдау, және заңды тұғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;

банктер мен банк операциясынның жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу жүргiзу;

осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетiлген жеке және заңды тұғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу

аударым операциялары: жеке және заңды тұғалардың ақшаны аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;

заем операциялары:ақшалай нысанда кредиттер беру;

факторинтiк және форфейтингтiк операциялар;

жеке және заңды тұғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуын жүзеге асыру;

сенiмгерлiк (траст) операциялары: сенiм бiлдiрүшінiң мүддесi үшiн және тапсырмасы бойынша ақшаны тазартылған қымбат металлдар мен бағалы қағаздардың басқару;

клирингтiк операциялар: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке алынуын жүргiзу және клирингке қатусышылардың позицияларын айқындау;

ломбард операциялар: депозиттелетiн тез сатылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiктiң кепiлi бойынша қысқы мерзiмдi несиелер беру;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру және басқалары.

Қаржы лизингiне берiлген мүлiк .

Мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгенде қосылған құн салығынан босатылады.

Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындығы қызмет көрсетулер, жұмыстар.

Мәдениет ғылым және бiлiм беру саласындығы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мындай:

А) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi;

Б) мектепке дейiнгi мен оқыту бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;

В) мемлекеттiк тапсырыс шеңберенде жүзеге асыралатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

Г) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;

Д) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтардың сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарын жататын болса, қосылған құн салығынын босатылады.

Медициналық және мал дәргерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер.

Медициналық және мал дәргерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтi) өткiзу бойынша айналымдар:

Кез келген нысандағы дәрi-дәргерлiк заттар, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

Медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк -ортопедиялық бұйымдар мен дәрiгерлiк (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

Косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.

Қосылған құн салығынан босатылатын импорт.

Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:

Ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;

жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларды әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;

акцизделетiн тауарларды қоспағанда ҚР-ң Үкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;

акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық мақсатында әкеленген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдемi көрсету;

Шет елдердiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдектерiнiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге түратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлдiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және ҚР-сы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорт;

Салық төлеуден босатудан белгiлейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорт;

Дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәргер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифпотехникалық және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттығы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинтақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бүйымдар импорты.

Жоғарыда атаған тауалар ҚР-ң Үкiметiмен бекiтiледi.

пошта маркаларының (коллекциялық маркаларды басқа) импорты;

ақша белiлерi өндiрiсi үшiн ҚР-ң Ұлттық Банк және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорт;

төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар импорты;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық салу және заңды тұлғалардың салықтық есебі
Қосылған құн салығы туралы
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
«АЗИЯ МАГИСТРАЛЬ»-ДЫҢ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Францияның салық жүйесінің өзіндік ерекшелігі
Салықтың бухгалтерлік есебі және аудиті
Қазақстан Республикасында жүргізілетін салық есебінің мәні мен принциптері
ЖШС бухгалтерлік салық саясаты
Жанама салық жүйесінің түбегейлі талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz