Қазақтың ұлттық киімдері туралы ақпарат



Киізден жасалатын киімдер
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо.қай); Шоңқайма.
Жүннен жасалатын киімдер
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ . жаулықтың, қара . қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім.кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күй-рек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың ұлттық киімдері
Рухыңды көтеріп, ізгілікке тәрбиелейді

Киізден жасалатын киімдер
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.
Жүннен жасалатын киімдер
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн
далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара –
қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол
түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады.
Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған
киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: Киімің күй-рек, жаның берік болсын! деген тілек
айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы
болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да
былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған.
Халық нанымында: Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды,
Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп,
жолын ашу ырымын жасайды.
Екіқабат әйел ұл табамын десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан
басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің
көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға
болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып жол
ашу ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып
отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап
болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса,
еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан
қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін
сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін
сыйлауға да болмайды.
Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас
кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен
Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ
астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.

3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі,
үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге
бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында
Қызай тақия бар.
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді.
Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып
басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән –
салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік
төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың
бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ;
дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра
терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді,
оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт
тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал
терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт
сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус
тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды.
Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас
баскиімдер. Күлә парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие.
Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай.
Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер
башлық деп атаған.
Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар
баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі
баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал,
қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі.
Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес
келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып,
сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың үкі-дей үлбіреген,
тотыдай таранған деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ,
асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім.
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман
болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған
терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа
бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш
бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік,
сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан
төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ,
сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан
сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі
ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен
безендіріледі. Қазақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық киімдердің түрлері
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазақтың ұлттық киімдерін оқушыларға таныстыру
Төбетей - теріден тігілген матадан тігілген кішкентай бас киім
Қазақ мемл
Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты
Костюм өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттау
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Пәндер