Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1-тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі7

1. 1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары7

1. 2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары20

1. 3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде30

2-тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі39

2. 1. Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері40

2. 2. Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерден түсетін салықтық түсімдер және олардың бюджет кірістерін құрудағы атқаратын рөлі52

З-тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары66

Қорытынды75

Қолданылған әдебиеттер81

Кіріспе

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбастылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т. б. )

Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.

Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.

Тауарлар мен қызметті көбейтуге мүмкіндік беретін және осы негізден орталықтандырылған қаражылық ресурстары қорларын құруға, оның ішінде мемлекттік бюджеттік қалыптастыру құралы болып табылатын мемлекеттің салық саясаты кәсіпккерлікте негізгі роль отқаратыны сөзсіз. Нарықтық экономика кезінде салық саясаты шаруашылық жүргізудің тиімді нысандарын ынталандырып отыру қажет және өндіріс деңгейін көтеруге, оның пайдалылығын жоғарылатуға жағдай жасауы шарт.

Салық жүйесі салықтық қатынастар жиынтығынан және оны реттйтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалыпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Мемлекет салық жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, өзінің ішкі сыртқы қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмсалады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық экономикалық құрлымын қалыптастьыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әеуметтік бағдарламаларды жү зеге асыруға, мемлекеттік басқару апараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қар жыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті тақаруға жұмсалады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтарда, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.

Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық енгізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар ашралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің үлесі 90 процент.

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөл мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны жалпы ұлттық өнімнің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқаыс ретінде жана сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының қролану процесіне айтарлдықтай әсер етеді.

Салық арқылы ерттеу әдістері салалардың бәсеклестігін ынталандыруға, капиталдың қорланыуна қолайлы жағдай жасауға, корапарациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта түрлі салық жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күтшерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және тағы басқалары айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, соынмен қатар барлық шаруашылық коньюктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салдудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвистицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазіргі кезде нарық тық экономиканың белсенді қатысушылары кәсіпкерлер, іскер адамдар немесе бизнесмендер.

Кәсіпкерлік туралы көзқарас мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми техникалық прогресстің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет.

Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.

Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік ққызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуы қажет.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері деген актуалды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне баға беру.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылады:

1. Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары;

2. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму жағдайы;

3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тетігі ретіндегі салық жүйесінің атқаратын рөлі;

4. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында щағын және орта кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі;

5. Кәсіпкерлерден түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірісіндегі алатын орны;

6. Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары;

Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыруда ең бірінші салықтық заңдық нормативтік актілер, содан кейін көптеген классик экономистердің, отандық ғалымдардың, экономика саласындағы қызметкерлердің ғылыми еңбектері, оқу құралдары, оқулықтары және түрлі мақалалары қолданылып отыр.

1-тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі

1. 1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин, одан да бұрынғы «антрепренер» («антрепренер» француз сөзі «делдалдық» дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында «кәсіпкерлік» мәселелеріне назар аудару 18 ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантильонаның, А. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж. Сэйдің есімдерімен байланыстырады. «Кәсіпкер» терминының атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильон. Ол «кәсіпкер» деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі олардың субъектісі мен объектісін анықтау.

Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі - ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акциөнерлік қоғам кооперативтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы шығады:

Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байлданысты), ұжымдық жеке дара.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.

Номиналдық кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы - капитарл иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін құрып дамыта алады.

Кәсіпкерліктің объектісі - адамның бергілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы - әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мақсаты.

Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберіне шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.

Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын үйлестіру.

Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқығын береді. Материалдық ресурстармен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты - барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.

Барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар өздеріне тиімді өзгерістер яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу киын. Жаңа идеялармен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,

Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.

Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлық кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе, екіншісі тағдырын анықтайды .

Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал -жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды - өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акциөнерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен толық қанды өкілі - менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ. Кәсіпкерлікті өркедетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті), мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, оның ішінде заң шығаратын, орындаушы - сот үкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.

Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз - бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күреске әзір болуын, нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің «артығын» қиып түсетіндігінен әзір болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.

Нарықтық экономика үшін күрделі «ауруға» бірден қарсы тұра алмайды- монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күш - қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет ретеудің формалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті «дәрілері» қажет болды.

Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы, шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан тоқтататын саясатсыз мүмкін емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға раласуының басты белгілері осындай. Бұл шеңбер рыноктық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге жеткілікті.

Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономикаға жібергеннен артық шығарса, онда ол қандай да ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктық процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.

Ерте ме кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің белсенді араласуынан шыйғуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде 4 шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкер қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту. Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я ерте) шаруашылық түбірлі өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.

Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңыз зор. Жекешелендіру-объектілерді белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып жеке меншікке беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін «жаулап алу», немесе жаңа мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру кіреді.

70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүниежүзінің 80 елі - Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай 1979 жылы Маргарет Тэтчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді. Ол шаруашылық жұымысның көрсеткіштеріне игі әсер етті, Мысалы, «БритишСтиль» мемлекеттік бола отырып жылына 1 млн. стерлинг шығынға ұшырады, ал кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.

Біздің жағдайымызда жекешелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет қолында жоғары шоғырландыру мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралар мен де байланысты.

Национализациялануға қарағанда жекешелендірудің ерекшелігі процесі бір сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнес субъектілерінің қызметіне салық салу
Орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектлері
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу режимі
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу ставкалары
Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz