Салық салынатын табыс ставкаға салық сомасы
Жоспар:
КIРIСПЕ 3
1-тарау. Жеке табыс салығының экономикалық мәнi және қызмет ету ерекшелiгi
7
Табыс салығының экономикалық мәні мен маңызы 7
1.2 Жеке табыс салығының шығу тарихы, дамуы және оның шет мемлекеттердегi
алатын орны 15
2-тарау: Қазақстан Республикасында жеке табыс салығының қызмет ету
механизмi. 38
2.1 Төлем көзiнен салық салынатын табыстар 38
2.2. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар 59
2.3. Жеке табыс салығы бойынша декларация 67
2.4 Жеке тұлғаның резиденттiгiн анықтау ерекшелiктерi 70
2.5. Резидент емес жеке тұлғалардың табысына салық салу тәртiбi 75
3-тарау: Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн құраудағы жеке табыс
салығының алатын орны. 83
3.1 Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн құраудағы жеке табыс салығының алатын орны. 83
3.2 Жеке табыс салығын алудың жетiлдiру жолдары 90
Қорытынды 96
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi: 99
КIРIСПЕ
Салықтар барлық кезеңде де мемлекеттiк қаржының ең бiр маңызды санатын
құрап келедi. Олар мемлекеттiң пайда болуымен қатар қалыптасты және
мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзгi көзi болып табылады.
Мемлекеттiң нарықтық дамуы салық саясатының маңызды тұрақтандырушысы
ретiнде қолданылады. Әр елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, салық және салық
жүйесi экономиканы басқаруда ұтқыр қаржы институты болып табылады.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында салық
жүйесiнiң оңтайлы құрылуы шаруашылық субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметiне
және сондай-ақ азаматтардың өмiр сүру деңгейiне қарсы әсерiн тигiзбейдi.
Қазақстан Республикасында салық мәселесi тәжiрибе жүзiнде жүргiзiлген
реформалардың iшiндегi ең бiр күрделiсi. Салық жүйесi ел экономикасында
талқылауды қажет ететiн сын, пiкiр-сайыс сияқты проблемалардың алдыңғы
қатарында тұр. Салық субъектiлерiнiң бюджетпен қарым-қатынасын
ұйымдастыруда салықтың фискалды және реттеушi функцияларын атқаратын
шаруашылық субъектiлерi қызметiнiң салықтық реттеуiн тиiмдi ету негiзгi
проблема болып табылады.
Экономикалық өсудiң стратегиясын iске асыру үшiн, Қазақстан
Республикасы нарықтық қатынастарға тән салық жүйесiн қарастыру керек.
1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өзiнiң салық жүйесiн
қалыптастыра бастады. Қазақстан Республикасында iске асатын барлық салықтар
мен алымдардың iшiнде табыс салығына аса үлкен мән берiледi. Бiздiң елде
табыс салығы ортақ, бiрақ қолайлы болуы үшiн оны салық субъектiсiне
байланысты корпорациялық салық және жеке табыс салығы деп екiге бөледi.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында табыс салығы жүйесiн
кешендi зерттеу және салық субъектiлерi мен мемлекет арасындағы тиiмдi
салық қатынастарының қалыптасуы бойынша негiзделген ұсыныс шығару
көкейтестi проблемалардың бiрi болып табылады.
Салық салуға және салыққа деген қызығушылық ешқашан әлсiреген емес.
Адамзат тарихына қанша жыл болса,салық тарихына да сонша жыл. Басқа
ғылымдармен салыстырғанда салық салуда қайшылықты салық ой-пiкiрлерi көптеп
кездеседi. Кейбiр тарихшылардың айтуынша, ежелгi тайпалардың құрбан шалуы
салық салудың өзiндiк көрiнiсi болған. Бұл дегенiмiз тәңiрге табыну арқылы
тыныштық сақтау дегендi бiлдiредi. Бiрақ та салық салу теориясының тұрақты
негiзi XVIII ғасырда пайда болды.
Кеңес қаржы ғылымы тәжiрибе түрiнде салық салуға, оның жеке табыс
салығына мән бермедi. Бұл бұқара салық төлеушiлердiң негiзгi материалды
жағдайына әсер етпедi. Көптеген жұмысшылардың төменгi жалақы мөлшерi бiрдей
деңгейде болғандықтан, салық төлеуде қиындықтар туғызбады.
Жеке табыс салығының деңгейiне қатаң шек қоюдан көшу, жалақы түрiндегi
сондай-ақ, кәсiпкерлiк қызмет саласындағы азаматтардың табыс көлемi мен
табыс көздерiн салықтық реттеуде маңызды рөл атқарады. Жеке табыс салығы
халықтың өмiр сүру деңгейiн реттеуге әсер етедi және жеңiлдiктер жүйесi
арқылы халықтың қорғалмаған бөлiгiне әлеуметтiк қорғау iсi ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, бұл жеке кәсiпкерлiк қызметтi ынталандырады сонымен қатар,
халықтың төлем қабiлеттi бөлiгiнен жоғары салықтар есебiнен бюджет
кiрiсiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
Осы жағдайларда, жеке тұлғалардың табысына салық салудың әлеуметтiк-
нарықтық механизмiн тиiмдi етудiң теориялық негiздерiн жетiлдiру – аса
маңызды болып табылады.
1-тарау. Жеке табыс салығының экономикалық мәнi және қызмет ету
ерекшелiгi
Табыс салығының экономикалық мәні мен маңызы
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – заңды белгiленген ретпен
тұрғындардан, кәсiпорындар мен мекемелерден алынатын мiндеттi төлемдер
жүйесi. Табыстардың әр түрлi нысандарынан салық көздерi болып мыналар
табылады: пайда, жалақы, дивиденд, рента т.б. Салықтардың мәжбүр ету
сипатынан басқа ерекше қасиетi – олардың салықты өндiрiп алу ретiмен
төленген сомасының мөлшерi мен салық төлеушiлердiң мемлекеттен алатын
қызметтерi құнының арасындағы сәйкессiздiк болып табылады. Салық салудың
мынадай негiзгi принциптерi бар:
а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игiлiктерге пропорционалды
төлеу керек;
б) салықтар табыстың мөлшерiнен, салық төлеушiлердiң жұмыс халiнiң
дәрежесiнен тәуелдi болу керек .
Нарық жағдайында салықтар үш қызмет атқарады: фискалды (мемлекеттiк
табыстарды жинау); қайта бөлу, реттеушi. Салықтардың фискалды қызметi –
мемлекеттiң салық саясаты тұтқаларының көмегiмен нарық конъюнктурасының
жағдайына әсер етуде, экономикалық өсудi тұрақтандыру және ынталандыруға
тырысуда. Бiр сөзбен айтканда, салық түсiмi арқылы алынатын қаражаттар,
мемлекеттiң саяси шаруашылық қызметiн атқарудың қаржы негiзi болып
табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық дамуды
ынталандыру, прогрессивтi технология мен өнiм түрлерiн игеру, экономикада
құрылымдық өзгерiстер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру,
әлеуметтiк саланың объектiлерiн ұстау үшiн белсендi түрде пайдаланылады.
Салықтың қайта бөлу қызметi салық механизмi арқылы мемлекеттiк
бюджетке жалпы ұлттық өнiмнiң едәуiр бөлiгiн жұмылдыруда. Батыста және
бiздiң елiмiзде мемлекеттiк бюджет арқылы жалпы ұлттық өнiмнiң 30 пайыздан
50 пайызға дейiнгi бөлiгi қайта бөлiнедi. Салық түсiмi есебiнен мемлекет
әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа айтарлықтай қаржы ағарту
саласына, денсаулық сақтау, ғылымға, басқару аппараттарын ұстауға,
экологияға, зейнетақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының мұндай мақсаттарға
жұмсалуы, әлеуметтiк саладағы мезгiл-мезгiл шиеленiсiп тұратын
қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесiн ескере отырып
жеке табыстарды барынша бiркелкi бөлуге мүмкiндiк бередi.
Сонымен бiрге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтiн маңызды
құралдардың бiрi болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбiнесе дағдарыстың
құбылыстарын тезiрек жоюға нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы
тұрақтандыруға пайдаланылады.
Нарықтық экономика жағдайында көптеген дамыған елдердiң салық жүйесi
көбiне жеке табыс салығына сүйенедi.
Жеке табыс салығы бұл – мемлекет бюджетi түсiмдерiнiң аса маңызды
көздерi болып табылады. Бұл салықтың, басқа салықтардан гөрi адам өмiрiне
тигiзетiн әсерi мол.
Жеке табыс салығының ең бiр негiзгi принциптерiнiң бiрi - әдiлеттiлiк
принципi. Бұл принцип жеке табыс салығынын салған жағдайда аса маңызды
болып табылады. Әдiлеттiлiктiң екi түсiнiгi бар: деңгейлес және сатылас
теңдiктер. Егер, азаматтар барлық жағынан тең, әрi бәрiне бiрдей салық
салынса, онда салық жүйесi деңгейлес болып табылады. Деңгейлес принципi
әрбiр мемлекет үшiн аса қажеттi. Тұжырым дұрыс, бiрақ барлық жағынан
бiрдей, тең жеке тұлғалар жоқ, мұны дәлелдейтiн мысалдар өте көп. Толық
және түзетiлген табыстар арасында айырмашылықтар бар. Табыс бұл - әрбiр
адамның кез-келген кезеңдегi әлуеттi (потенциальное) тұтынуының қаншама
ұлғайғанын көрсетедi. Егер, үй қызметкерiнiң еңбегiн алсақ, онда оның
еңбегiне ештеңе төленбейдi, бiрақ әлуеттi тұтыну өседi, сондықтан үй
қызметкерiнiң ақшалай еңбегi жиынтық табысқа кiруi керек, бiрақ ол
кiрмейдi. Сатылас теңдiкте кейбiр адамдар жағдайына байланысты өте үлкен
көлемде салық төлейдi, яғни неғұрлым табыс көп болса, соғұрлым салық та
жоғары болады.
Бiрақ, бұл қағида әр уақытта дұрыс емес. Салық төлеу мүмкiндiгi де,
экономиканың тұрмысы да “әдiл” салық салу қағидасы болып табылмайды деген
ой кең таралған.
Кейнсиандық үлгi бойынша салықтың қысқартылуы үй шаруашылығының
белгiленген табысын ұлғайтады және тұтыну сұранысын ынталандыруы мүмкiн.
Табыстың кездейсоқ ұлғаюы, жинақ ретiнде жинақталады, егер,
материалдық жағдайы төмендесе, онда осы жинақты жанұяның тұрмыс деңгейiн
көтеруге бағыттайды. Франко Модильянның айтуынша, адамдар өздерiнiң
табыстарын бiр күндiк қажеттiлiкке емес, бүкiл өмiрлiк қаржылық жағдайына
бөлудi жоспарлайды.
Қазақстан Республикасы территориясында жеке тұлғалардың банк
шоттарындағы жинақтарына табыс салығы салынбайды, бiрақ бұл жеке тұлғаның
әлуеттi табысы болғандықтан пайыздар жиынтық табысқа қосылуы және салық
салынуы керек. Егер, жеке тұлға өзiнiң айлық жалақысын 10420,8 теңгенi
банкiге 15%-бен бiр жылға салса, бiр айдан соң оның табысы 1%-ға өседi.
Жеке тұлғаның табысы да, жинақтан алынатын пайызға да салық салынбайды. Бұл
азаматтардың өздерiнiң банк шоттарындағы ақшалай жинақтарын сақтауға
ынталандырады.
Әрбiр жеке тұлғаға салық заңдылығын тиiмдi етiп жасау мүмкiн емес.
Сонымен қатар, әрбiр ереже экономикалық өзгерiске әкеледi.
Салық жылында табысы барлар жеке табыс салығының төлеушiлерi болып
табылады.
Жеке табыс салығын өндiрiп алу тәжiрибесiнiң талдауы көрсеткендей,
көптеген елдерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бұл салықтың
объектiсi болып қаржы жылындағы ақшалай және натуралды түрдегi жеке
қазыналық (фискальная) субъектiнiң жиынтық табысы жатқызылады. Қаржы
(салық) жылы Қазақстан Республикасындағы сияқты кейбiр елдерде де
күнтiзбелiк жылмен сәйкес келедi, бiрақ кейбiр елдерде айырмашылықтар да
болуы мүмкiн. Мысалы, Ұлыбританияда салық жылы 6 сәуiрден басталып, келесi
күнтiзбелiк жылдың 5-шi сәуiрiне дейiнгi аралық. АҚШ-тың федералды үкiметi
қазыналық жылды қолданады, ол 30-шы қыркүйекте аяқталады, ал батыс
Верджиния штатында қаржы жылы 30-шы маусымда аяқталады. Қаржы жылы қандай
кезеңдi қамтыса да, ол 12 айдан тұруы керек.
Мысалы, Швейцарияда жұмыс берушiлер мен жалгерлiк жұмысты атқарушылар
үшiн салық базасы болып алдыңғы екi жыл iшiндегi орташа табысы жатқызылады.
Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысы –
еңбек ақы түрiнде алынған, зейнетақы түрiнде төленген, жеке тұлғаның
мүлiктiк табысы және кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыс белгiленген.
Жеке табыс салығын өндiрiп алу механизмiн, яғни тiкелей төлем көзiнен
алынатын жеке табыс салығының механизмiн қарастырсақ.
Салық сомасын анықтасақ, жылдық жиынтық табыс (түзету енгiзiлген) –
шегерiс = салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс * ставкаға = салық
сомасы. Төлем көзiнен өндiрiп алынатын жеке табыс салығын есептегенде,
табыс қай кезеңде алынғанын анықтап алған жөн. Осыған байланысты: кезеңдiк
(ай, екi ай,...он екi ай) – шегерiс (сол кезеңге) = салық салынатын табыс.
Жеке табыс салығын есептеу жолдары осы салықтың негiзгi
проблемаларының бiрi болып табылады.
Халыққа жеке табыс салығын салу кезiнде негiзгi мәселе болып салық
жүйесi сол қоғамның деңгейiн және әлеуметтiк әдiлдiгiн ұйғаруы керек. Ең
алдымен мәселе екi негiзгi принциптiң сақталуында:
алынған табысқа төленетiн салық үйлесiмдi болуы керек;
салық табыс көлемiне сай болуы керек.
Қазақстан Республикасының салық Кодексiне сәйкес жеке тұлғалар негiзгi
жұмыс орнынан шегерiс алуға құқылы. Әмбебап шегерiс болып салық салынбайтын
минимум жатқызылады.
Теория жүзiнде салық салынбайтын табыс бұл – салық салудан толық
босатылатын салық объектiсiнiң ең кiшi бөлiгi болып табылады.
Кесте 1.
1997-2002 жылдарда Қазақстан Республикасындағы айлық есептiк
көрсеткiштiң (АЕК) өсу серпiнiнiң мөлшерi.
Тоқсан 1997 1998 1999 2000 2001 2002
I-тоқсан 550 630 660 725 775 823
II-тоқсан 565 640 715 725 775 823
III-тоқсан 585 650 715 725 775 823
IV-тоқсан 620 660 725 725 775 823
Жылдық 6960 7740 8445 8700 9300 9876
____________
“1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002 жылдарға арналған Республикалық
бюджет туралы” ҚР-ның Заңы.
1 кестеде көрсетiлгендей айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерi өте төмен
және республикада бiр адамның ең төменгi өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ете
алмайды. Сондықтан 2001 жылдың айлық есептiк көрсеткiшi мөлшерiндегi табыс
көлемiне салықтың таралмауы кейбiр жеке азаматтардың тұрмыс-деңгейiне аса
жеңiлдiк әкелмейдi.
Айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерi жыл сайын “Республика бюджетi
туралы” заңда бекiтiледi.
Салық салынбайтын минимумнан басқа, жеке тұлға әрбiр асырауындағы жан
үшiн салық салынатын табыстан айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде шегерiс
алуға құқылы.
Қандай салық болмасын оның негiзi салық ставкасында. Жеке табыс салығы
үшiн үдемелi салық салу шкаласы қолданылады. Табыстың өсуiне байланысты
пайыз алу да өседi немесе егер, табыс өсуiне қарай орта салық ставкасы
өссе, онда салық жүйесi үдемелi деген сөз. Төлем көзiнен өндiрiлiп алынатын
жеке табыс салығы үнемi өзгерiс үстiнде.
Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығының салық нарқы, салық
төлеушiлердiң тапқан табысына, тұрмыс халiне тiкелей тәуелдi. Мұны бiз жеке
тұлғаларға салынатын салықтың үдемелi салық нарқы мен салық төлеушiлердiң
мүлiктiк табысына салынатын табыс салығынан көре аламыз.
Азаматтардың тұрмыс халi жоғарылап, тапқан табыстары көп болған сайын
төлейтiн салық мөлшерi де көбейе түседi, ал табысы төмен азаматтар табысына
байланысты аз көлемде салық төлейдi.
Бұл қай жағынан алып қарасақ та әдiлеттi. Сондай-ақ табыс салығында
көптеген шегерiстер мен жеңiлдiктер қолданылады, азаматтардың әлеуметтiк
жағынан аз қорғалған топтар, мүгедектер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен соларға теңестiрiлген азаматтар көптеген жеңiлдiктердi пайдаланады.
Осы мәселенi қорыта айтсақ, салық ставкалары жоғары болған сайын жалпы
халықтың еңбек ету белсендiлiгiнiң төмендеу қаупi туындайтынын үнемi есте
сақтау керек.
1.2 Жеке табыс салығының шығу тарихы, дамуы және оның шет
мемлекеттердегi алатын орны
Табыс салығы классикалық салықтардың бiрi болып табылады. Тарихта
табыс салығын өндiрiп алудың екi жүйесi белгiлi, олар:
бөлектемелi (шедулалық) табыс салығы;
ғаламдық (глобальная) табыс салығы.
Жалпы салықтар мемлекеттiң шығуымен байланысты, яғни мемлекетке қанша
жыл болса, салық жүйесiне де сонша жыл, тiптi салықтар сонау ертеде, ежелгi
Римде пайда болған деген тұжырымдар көптеп кездеседi. Салықтар сонымен
қатар қандай дiн болмасын, сол дiнге сенушi мемлекеттiң дiни кiтабында
табыс салығын төлеу жөнiнде арнайы бөлiмде қарастырылған, яғни дiндi
уағыздау арқылы мемлекет өзiнiң салық саясатын қоса жүргiзген. Әрине, бұл
әрбiр мемлекет өзiнiң ата заңында қандай мемлекет екендiгi, қандай жолды
таңдағандығына байланысты болады.
Осыған байланысты 1842 жылы Англияның Қаржы Министрлiгi табыс салығын
енгiздi, ол 1973 жылға дейiн қолданылды және де 5 санаттан (шедуладан)
тұрды. Олар ағылшын алфавитiнiң бастапқы әрiптерiмен белгiлендi: А, В, С, D
және Е.
1973 жылдың сәуiр айынан бастап Ұлыбритания салық салудың ғаламдық
жүйесiне көштi, бiрақ та шедулалар сақталынып, толықтырыла түстi, қосымша F-
шедуласы енгiзiлдi.
А – шедуласы бойынша жылжымайтын мүлiктен түскен табысқа,
В – шедуласы бойынша коммерциялық мақсатта ормандардан түскен табысқа,
С – шедуласы бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздардан түскен табысқа,
D – шедуласы бойынша сауда-өнеркәсiптiк пайдадан және еркiн кәсiптен
түскен табысқа,
Е – шедуласы бойынша жалақы, зейнетақы және шағымдар,
F – шедуласы бойынша дивиденд түрiндегi табыстарға салық салынады.
XIX-ғасырда Англияда табыс салығы бойынша жалпы түсiм – 6% болса, ал
1910 жылы реформадан соң бұл көрсеткiш 25%-ға өстi. Англияда табыс салығын
тұрақты салық көзiне айналдыру 40 жылда (1798-1842) iске асырылды.
Өз кезеңiнде Қазақстанда бөлектемелi жүйеге ұқсас жүйе қолданылып
келдi. 1990 жылы 10 желтоқсанда “Қазақстан Республикасы азаматтары, шетел
азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалдардың табыс салығы туралы” Қазақстан
Републикасының Заңына сәйкес салық салудың 6-түрi белгiлендi:
еңбек мiндеттемелерiн орындаған азаматтардың алатын жалақы сомалары
және соған теңестiрiлген табыстарына салынатын салық салулар;
бiржолғы жұмыстарды орындағаннан және басқа да негiгi емес жұмыс орны
бойынша төлемдерден түскен табыстарға салынатын салық салулар;
ғылым, өнер және әдеби шығармалар үшiн авторлық сыйақылар, сондай-ақ
жаңалық ашу, өнертабыс және өнеркәсiптiк үлгiдегi авторлық сыйақылар
сомаларына салынатын салық салулар;
кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыс және азаматтардың басқа да еңбек
мiндеттемелерiн орындауға қатысы жоқ табыстарына салынатын салық салулар;
шаруа қожалықтары және жалгерлiк шаруашылықты (ауыл шаруашылығында)
жүргiзуден түскен азаматтардың табысына салынатын салық салулар;
басқа да табыстарға салынатын салық салулар.
Ғаламдық жүйеде төлем көзi және алу әдiсiне тәуелсiз салық төлеушiнiң
жиынтық табысынан салық өндiрiлiп алынады. Ең алғаш мұндай жүйе Пруссияда
енгiзiлген.
Сол кездерi ағылшын жүйесi бойынша салық төлеушi табысының белгiлi бiр
бөлiгiне ғана салық салынса, ал пруссия жүйесi бойынша салық төлеушiнiң
түгелдей барлық табысынан салық салу ұйғарылады. Осыған байланысты
декларацияның маңызы зор.
Табыс салығының таралу деңгейiн айтар болсақ, XIX-ғасырдың 40-шы
жылдарынан бастап Еуропа, Америка, Австрия (отарларын қосқанда) елдерiнде
кең қолданысқа ие болды.
XX-ғасырдың 20-шы жылдарының аяқ кезiнде табыс салығы көптеген
елдердiң салық түсiмдерiнiң елеулi табыс көзi болды. XX-ғасырдың басында
барлық елдерде әр түрлi үдерiс (прогресс) кезiнде жеке табыс салығының
жүйесi қолданыла бастады. Орта есеппен өнеркәсiбi дамыған елдер бойынша бұл
салық 20%-дан 50%-ға дейiнгi барлық бюджет түсiмдерiн құрады.
АҚШ пен Францияны мысалға ала отырып, батыс елдердегi жеке табыс
салығын төлеу механизмiн қарастыруға болады. Францияда жеке табыс салығы
бұл – салық салынатын бiрлiк ретiнде бүкiл отбасының барлық табысы
сомасынан өндiрiлiп алынатын ортақ әрi үдемелi салық болып табылады. Салық
ай сайын немесе жылына үш рет төленедi, содан соң отағасы, сондай-ақ отбасы
мүшелерiнiң қосымша табыстарын қосқандағы жыл бойғы алған жиынтық табысы
туралы мәлiметтi қамтитын декларация толтырылады. Сондай-ақ, егер салық
төлеушi бойдақ немесе үйленбеген жағдайда бiр адамнан тұратын отбасы
ретiнде есептеледi. Салық он сегiз жасқа толған азаматтардан бастап
төленедi.
Салық салу төлем көзiнен емес, жиынтық табыс түрiнде алдыңғы жылдағы
табысы бойынша жылына бiр рет салық төлеушiнiң өзi толтыратын декларация
арқылы жүргiзiледi. Отбасының табысына салынатын салық арқылы мемлекет
тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу шараларын жүргiзедi және олардың өсуiн
ынталандырады. Осындай салық тәртiбi Қазақстан Республикасында қолданылуға
ыңғайлы деп ойлаймын.
Францияда табыс түрлi жетi санатқа бөлiнгендiктен, азаматтардың жеке
табыс салығында шедулалық элемент қарастырылған. Бұл санаттардың әр
қайсысында таза табысты анықтаудың өзiндiк әдiстерi бар. Таза табысты жалпы
шегеру шарттары арқылы анықтау бұл – табысты алумен байланысты барлық
өндiрiстiк шығындарды шегеру болып табылады. Сондай-ақ қартайған ата-анаға
көмектесуге байланысты шығындар шегерiске жатқызылады және қайырымдылық
мақсаттарға да шегерiстер жүргiзiледi.
Алынған таза табыс заңмен белгiленген тәртiппен үдемелi ставка арқылы
салық салуға жатқызылады.
Есептелген салық мөлшерi балаларды мектепке дейiнгi балалар
ұйымдарында асырау, қарт адамдарға көмек көрсету, несиеге пайыз төлеу,
акцияларды сатып алу және т.б. үшiн шығындар сомасы есебiнде 25%-ға
қысқартылуы мүмкiн.
АҚШ-тың федералды бюджетiнiң табыс бөлiгiнiң құрылымын қарастыра
отырып мынандай қорытынды жасауға болады: федералды бюджеттi құраушы
салықтардың ең үлкен үлесi халықтан алынатын табыс салығына тиедi, ол – 41%-
ды құрайды. АҚШ-та, жалпы халықтан алымдар алу 1944-1945 жылдардан бастау
алады. Бұған дейiн салықтарды тек бай адамдар ғана төлеген. Соғыс уақытында
мемлекеттi қаржыландыру мақсатында алғаш рет салық төлеушiлердiң саны
анағұрлым өстi. Осы кезеңнен бастап, АҚШ-тың бiрталай азаматтары декларация
толтырып, мемлекетке салық төлей бастады.
Федералды жеке салықты АҚШ-тың барлық харекетшiл халқы төледi. Бұл
салық салуға iс жүзiнде халықтың барлық алған табыстарының түрлерi
енгiзiлдi, олар: жалақы, жеке кәсiпкерлiк қызметтен түскен пайда,
жұмыссыздыққа төленетiн жәрдемақы және т.б.
Жеке табыс салығының объектiсi болып корпорациялық бизнестен басқа
жеке табыстар жатқызылады. Салық үдемелi шкала бойынша өндiрiлiп алынады.
Ең төменгi салық салынбайтын табыс пен бiрнеше салық ставкалары бар болады.
Салық отбасы немесе жеке адамға салынады. Отбасыға салық салынған жағдайда
отбасы мүшелерiнiң барлық табыс түрлерi қосылып есептеледi.
Федералды деңгейде осы салықты есептеу келесi тәртiпте жүргiзiледi:
жеке азаматтың салық комитетiне ұсынған декларациясы арқылы оның жиынтық
табысы анықталады, жиынтық табысқа жалақы (айлық), шайпұл, дивиденд пен
пайыздардан табыс, жалгерлiктен табыс, фермадан түсетiн табыс, капитал
табысы жатқызылады. Содан соң жеке зейнетақы қорына, медициналық сақтандыру
(өз мүддесiне жұмыс жасайтындар үшiн) және алименттер үшiн жиынтық табыс
сомаларынан жарналар алынып тасталады. Нәтижесiнде азаматтың реттелген
табыс көлемi (AGI-ағылшынша) анықталады. Содан соң азаматтардың реттелген
табыс (AGI) көлемiнен кейбiр шығарулар (шегерулер) рұқсат етiледi, олар:
жылына 7,5% табыс құрайтын медициналық шығындар; тұрғын үй үшiн алынған
несиеге пайыз түрiндегi төлемдер; жұмысшылар ұстау шығындары; меншiкке
салық; жергiлiктi және штаттық табыс салығы, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң
декларацияны қандай түрде ұсынуына байланысты стандартты шығарулар
(шегерiстер).
Менiң ойымша, медициналық шығындарды, баласының оқу орнына төлейтiн
соманы жеке тұлғалардың салық салынатын табысынан қысқартуды бiздiң, яғни
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың салық салу механизмiне енгiзу
қажеттi болар едi.
АҚШ-та 1986 жылғы реформадан соң, жеке табыс салығының ең жоғарғы
ставкасы 33%-дан 39,6%-ға және қосымша 31% және 36%-дық ставкалар
енгiзiлдi. Жалпы салықтың өсуiне қарай, салық жүйесi өзгердi.
Тiкелей салықтардың iшiнде салыстырмалы түрде штаттар мен жергiлiктi
басқару органдарынан алынатын жеке табыс салығы кең өрiс алды.
Штаттарда халықтан алынатын табыс салығы бiркелкi кесте түрiнде
жүргiзiледi, бiрақ ставкалар мен жеңiлдiктер мөлшерi штатта әр түрлi. Ең
төменгi ставкалар орта есеппен 2% - 4%, ал ең жоғарғы ставка (Гавай,
Орталық Дакотада) – 10% - 12%, орташа ставка – 6% - 7%.
Әрбiр штатта әрбiр салық төлеушiге салық салынбайтын минимум
қолданылады, сондай-ақ егер отағасына салық салынатын болса, онда оның
сомасы екiге көбейтiледi, салық салынбайтын минимум әрбiр асырауындағы
адамға қолданылады. Салық салынбайтын минимум мөлшерi жалғыз басты салық
төлеушiлер үшiн әрбiр штатқа байланысты 900 доллардан (Нью-Йорк штатында)
6000 долларға (Миссисипи штатында) дейiн.
Шет елдердегi жеке табыс салығы жүйесiнiң тәжiрибесiне талдау жасай
көрсеткендей, қорыта айтсақ, бұл салық – тұрақты, теңгерiмдi
(сбалансированный) экономика жағдайында мақсаттарға жетуге бағытталған
пәрмендi (действенный) және тиiмдi механизм болып табылады. Ол инвестицияны
ынталандыру, өндiрiстiң техникалық дамуы және ғылыми-техникалық зерттеулер
бойынша салық саласындағы қызмет болып табылады. Жеке табыс салығын өндiрiп
алу механизмi бұл елдердегi халықтан алынатын салықтың әдiл екенiн
көрсетедi.
Әлеуметтiк-нарықтық экономикасы дамыған елдерде қазiргi жеке табыс
салығы жүйесiнiң талдауын келесi негiзгi сипаттамадан көруге болады:
тұрақтылық және сәуегөйлiк (предсказуемость), яғни бiрнеше жылдар бойы
салықты өндiрiп алудың жалпы шарттарының өзгермеуi;
реттеу қызметтерiнiң жоғары дәрежедегi дамуы;
құрылымды-ұдайы өндiрiстiк тепе-теңдiктi қолдау үшiн мемлекеттiң
тұрақты бағдарлануы;
салық салу объектiлерiнiң және табыстың құрылуының өзгерiстерiне
өзгермелiлiк, “сезiмталдық”;
қоғам дамуының саяси-әлеуметтiк талаптарының өзгеруiне қабылдағыштық;
инфляцияға қарсы бағыттың тұрақтылығы;
ақша айналысы жағдайына байланысты салық түрлерi мен ставкаларының
икемдiлiгi;
салықтың “жалпы қамтушылығы”, яғни барлық ақшалай, мүлiктiк, тiптi
заттай меншiк түрлерi салық салу объектiлерi болып табылады.
Менiң ойымша, өнеркәсiбi дамыған елдердiң тәжiрибесi толықтай
қарастырылмаған және Қазақстан Республикасында бұл тиiстi емес дәрежеде
қолданылған. Негiзгi iс табыс салығының фискалды мүмкiндiктерiмен танысу
және iске асыру жұмыстарында жүргiзiледi, сондай-ақ реттеу тұтқасы ретiнде
салықты қолдану тәжiрибесi iс жүзiнде елемеушiлiкте болады. Бiрақ та,
дамыған елдер тәжiрибесi көрсеткендей, мемлекеттiң экономикалық саясатын
iске асыру жағдайында салықтық реттеу аса жиi қолданылуда. Көптеген
мәселелердi Қазақстан Республикасының салық жүйесiн реформалауда
қарастыруға болар едi.
80-шi жылдардың ортасында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымы ОЭСР) елдерiнде салық салудың бiрдей құрылымы жасалынды, олар: табыс
салығы, корпорация салығы, жанама салықтар (акциз), тұтыну салығы,
әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру жарнасы, және басқа алымдар.
Қазақстан Республикасының ең алғашқы заңы болып, “Қазақ ССР-нiң
азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар туралы” Қазақ ССР-
нiң табыс салығы туралы заң қабылданды.
1995 жылғы 24-шi сәуiрдегi “Салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер туралы” салық заңының №2235 Жарлығы бойынша заңды және
жеке тұлғаларға ортақ табыс салығы белгiлендi.
Табыс салығын қолдана отырып, мемлекет өзiнiң негiзгi мақсаттарын iске
асыруға тырысады:
Экономиканың тұрақты өсу жетiстiгiне жету;
Еңбек етуге қабiлеттi жастағы халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету;
Халықты ең төменгi белгiленген табыс деңгейiмен қамтамасыз ету;
Азаматтарды әлеуметтiк қорғау жүйесiн қалыптастыру;
Байлық пен табысты қайта бөлу.
Экономикалық санаттың мәнi ретiнде басқа салықтар сияқты табыс
салығының да өзiндiк белгiлерi бар, олар:
салық экономикалық нақтылықтан туындаған мiндеттi ақшалай төлем болып
табылады, бiрақ та қатаң өктемдi;
салықтарда азаматтардың барлық жергiлiктi табыстары көрсетiлген;
салық мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмнiң анықтылығын (қаржы
ресурстарының көлемi мен мерзiмi жөнiнен) қамтамасыз етедi;
Үдемелi салық салу мәселесiн қарастыруда американ қаржы мектебi едәуiр
үлес қосты. Оның сiңiрген еңбегi мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс көзi
ретiнде үдемелi табыс салығын енгiзу қажеттiлiгi болып табылады, яғни осы
мәселе жөнiнде айрықша еңбек сiңiрген американ қаржыгерi Э.Селигман.
Ол табыс салығын екi типтi табыс салығына бөлген:
Жалпы табыстық – салық төлеушiнiң барлық табыс түрлерiнiң сомаларынан
тұтастай салық есептелiнедi;
Ұсақталған, бөлектелген (парцелярный) табыс салығы - әрбiр табыс түрi
жеке есептелiнедi және әрқайсысына жеке, бөлек салық салынады.
Оның ойы бойынша мiнсiз құрастырылған салық болып – жалпы табыстық
салық болып табылады. Өйткенi, мұнда күнкөрiс минимумы, үдемелiлiк және
т.б. қалай көрiнуi мүмкiн. Сонымен қатар, ол табыс салығы салық
әдiлеттiлiгi туралы жаңа идеаларға жауап бередi деп тұжырымдады. Ол кейбiр
уақыт аралығында ортақ табыс салығы болуы үшiн барлық тiкелей салықтар өз
күшiн жояды деп ойлады.
Табыс салығының артықшылығын К.Эйсберг те айтып кеткен. Ол: “Өзiнiң
маңызы жағынан табыс салығы басқа салықтардан басым және тек осы салық
салық төлеушiнiң төлем қабiлетi жөнiндегi жеке мүмкiндiктерiн ескередi”.
Табыс барлық салық төлемдерiнiң көзi болып табылса, М.Н. Соболевтiң
айтуы бойынша, табыс салығы салық салудың жетiлген формасы болып табылады.
Табыс салығының тәжiрибесi оның құрылуымен, прогрессивтi салық салу
ставкаларының белгiленуiмен байланысты болады. Айта кету керек, прогрессия
кейбiр салықтарға тән емес, мысалы жанама салықтарға.
Қаржы тәжiрибесiнде прогрессия формалары орын алды, ал қаржы ғылымы
сыни талдау жасай отырып, сол және басқа формалардың артықшылықтарын
көрсете отырып, прогрессия ставкаларына өзiнiң өзгертулерiн енгiздi. XX-
ғасырдың 20-шы жылдарында жай разрядталған және салыстырмалы разрядталған
прогрессия формалары орын алды. Жай разрядталған прогрессияда табыстар
разрядтар мен таптарға бөлiнедi. Әрбiр разряд пен тапта табыстың жоғары
және төмен сомалары көрсетiледi және әрбiр разрядқа белгiлi бiр қатаң салық
сомасы бекiтiледi. Осындай форма 1916 жылғы орыстың табыс салығының
прогрессиясына тән.
Салыстырмалы разрядталған прогрессияда да табыстар разрядтар мен
таптарға бөлiнедi, бiрақ та әрбiр разрядқа анықталмаған сома енгiзiлген,
тек салық салу пайызы ғана бекiтiледi. Бұл прогрессияның түрi өте күрделi,
сондықтан да ол әрбiр салық төлеушiнiң салық салынатын табысының сомасын
нақты анықтауды қажет етедi.
Англияда 1914-1918 жылдардағы соғысқа дейiн әрбiр фунт стерлингтен 14-
16 пенса өндiрiп алынған, ал соғыстан соң, негiзгi табыс салығының ставкасы
6 шиллингке дейiн өстi. 1910 жылдан бастап бұл үйлесiмдi салық 2000 фунттан
астам табысы барларға қосымша салықпен толықтырылды. Бұл табыстар
разрядтарға бөлiнедi (2-ден 2,5 мың, 2,5 мыңнан 3 мың және т.с.с.). Әрбiр
кезектi разряд өсу прогрессиясымен 7,5%-дан 30%-ға дейiнгi мөлшермен салық
салынады.
20-шы жылдары жоғары сатыдағы жалақыға салық салу үшiн Кеңестiк заңмен
күрделi прогрессияның анағұрлым тиiмдi түрi қабылданды. Прогрессияның
күрделi жүйесiнде бiр сатыдан келесi сатыға көшуде келесiдей жүйе
қабылданды, осы секiрмелiлiктi болдырмау үшiн әрбiр келесi сатыдағы салық
салынуды негiзгi және қосымша болып бөлуге тура келдi. Негiзгi салық салу
әрбiр саты үшiн алдыңғы сатының шектi салық салу сомасынан, ал қосымша
салық салу тек келесi сатының табысынан асқан сомадан ғана есептелiнедi.
Осы күрделi прогрессия формасы бойынша бiр разрядтан келесi разрядқа өтуде
ешқандай секiрмелiлiк болмайды.
АҚШ-та iрi табыстар үшiн табыс салығы 1913 жылы енгiзiлдi. Ол екiге
бөлiндi: қалыпты және қосымша. Бiрiншiсi, табыстың 8% көлемiнде, екiншiсi,
прогрессивтi өсу деңгейiнде: табыс 6-10 мың долларда – 1%, 10-12 мың
долларда – 2%, 200 мың доллардан асқанда – 50% салық өндiрiлiп алынды.
Прогрессивтi салық салудың күрделi жүйесiнiң принциптерi қазiргi кезде
де өнеркәсiбi дамыған елдерде қолданылады, тек салықтың берiлген рөлiне,
варианттарына байланысты.
1922 жылы СССР территориясында табыс салығы енгiзiлдi, оның негiзi
прусс жүйесiне негiзделген. Табыс салығын салуға өткен алты айдың жиынтық
табысы жатқызылды. Жарты жылдық кезеңдi салық салу сол кездегi жағдайда:
валюта бағамының төмендеуi, табыс көздерiнiң тұрақсыздығы және т.б. сол
сияқты шарттардың әсерiне байланысты болды.
Қандай мемлекет болмасын, өз қызметiн салық салу жүйесiнiң нақты
механизмi арқылы құрастырады, яғни мемлекеттiк қазынаға салықтың түсуi,
халық тұрмысының деңгейiн жоғарылату үшiн қоғам өмiрiн жан-жақты дамыту,
жалпы ел экономикасының тұрақты өсуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы егемендiгiн алғаннан соң, ел алдында өзiнiң
салық жүйесi мен салық саясатын қалыптастыру басты мәселелердiң бiрi болып
шықты.
Ұзақ уақыт республикамызда салық қатынастарының болмауы, iс жүзiнде
салық жүйесiн қайта құрастыруға әкелiп соқтырды.
Бiздiң елде салық жүйесi бұрын соңды болмағандықтан, көптеген
өзгерiстер мен толықтыруларды бастан кешiрдi. Салық жүйесiнiң дамуы
келесiдей кезеңдерден тұрады:
1991 жылдың желтоқсаны – 1995 жылдың шiлде айына дейiн;
1 шiлде 1995 жылдан – 12 маусым 2001 жыл;
12 маусым 2001 жыл – қазiргi кезге дейiн.
Салық – мемлекет егемендiлiгiнiң бiр сипаты болып табылады. Оның
қарыздар мен мемлекет мүлiктерiнен түсетiн табыстардан айырмашылығы осында.
Тиын соғу және әдiл сот енгiзу сияқты салықтарды өндiрiп алу да, егемендiк
құқықтың бiр белгiсi болып табылады. Осыған байланысты салықтар бiр жақты
тәртiпте орын алады. Бiрақ та, салықты белгiлеу мен мәжбүрлi түрде өндiрiп
алу тек сыртқы қайшылық екенiн ескеру керек. Салықты белгiлеу үшiн рұқсатты
Парламент және барлық ұлт өкiлдерi жүргiзедi. Осыған орай, салықтар өзiнiң
жаратылысы жөнiнен демократиялы. Нақты оның демократиялылығы халықтың
экономикалық бостандығында. Мұндай еркiндiк болмаса, онда салық режимi
басқару әкiмшiлiгiнiң мүддесiне сай жасалғандықта болып табылады. Нақты
салықтың негiзi мәжбүрлеп өндiруге негiзделсе, ол оны либералды сипатынан
айырмайды.
“Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы”
Жарлыққа сай заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы
ортақ құрастырылған. Бiрақ та, олардың сапалы айырмашылықтары, яғни салық
салу субъектiсi, табыс түрi және өндiрiп алу әдiсi жөнiнен бiрталай
айырмашықтарына қарамастан бұл салықтарды бiрiктiрiп жiберген. Бұл салық
салу режимiн сәйкестендiруге, сондай-ақ салықтарды өндiрiп алуды
жеңiлдетуге бағытталғандай және де бұл революциялық бағыт болып табылады.
Көптеген елдерде салықтар жеке-жеке бөлектелген, яғни АҚШ-та корпорациялық
салық және жеке табыс салығы деп екiге бөлiнген.
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде де жеке табыс салығы және
корпорациялық табыс салығы деп бөлек-бөлек қарастырылған.
Тәжiрибеде жеке табыс салығы прогрессивтi салық салу ставкаларын
белгiлеу, құрастырумен байланысты.
Прогрессия формалары қаржы тәжiрибесiнде қалыптасқан. Ғылым оны талдай
келе осы және басқа формалардың артықшылықтарын ашып, прогрессия
ставкаларына керектi түзетулер енгiздi.
Қазiргi кезде де прогрессия дамыған елдерде кең көлемде қолданылып
келуде.
Кейнстiк реттеу үлгiсiнде салықтың прогрессивтi түрi мәндi болса,
консервативтiк үлгiде прогрессия төмендеу, себебi, салық жүйесiнде
бейтараптық принцип iске асырылады.
Кейнсиандық және консервативтiк үлгiдегi реттеулерде прогрессивтiлiктi
АҚШ-тың консерваторларының салық реформасын (1981-1986 жылдардағы)
жүргiзуге байланысты жеке табыс салығының мысалы ретiнде ашып қарастыруға
болады. Барлық ставкалар 23%-ға төмендетiлдi. Ең жоғарғы ставка 70%-дан 50%-
ға төмендедi, ал ең төменгi – 14%-дан 11%-ға түстi. Осының нәтижесiнде 80-
шi жылдардың I-шi жартысында көптеген санаттағы салық төлеушiлерге осы
салықтың нақты ставкалары төмендегенi байқалады.
Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығына келер болсақ, ол
көптеген өзгерiстерге ұшырады. Қазақстан
Республикасының жеке табыс салығы ставкаларының өзгерiс серпiнiн
келесi кестеден көруге болады:
Кесте 2.
Қазақстан Республикасында 1996-2002 жылдардағы жеке табыс салығы
бойынша салық ставкаларының өзгеруi.
Табыс (жылдық Салық ставкасы, %
есептiк көрсеткiш )
1996ж. 1997ж. 1998ж 1999ж 2000ж 2001ж 2002ж.
10-еселенген 5 5 - - - - -
15-еселенген - - 5 5 5 5 5
20-еселенген 10 10 - - - - -
30-еселенген 15 15 10 10 10 10 -
40-еселенген 20 20 - - - - 10
50-еселенген 30 30 - - - - -
65-еселенген 40 - 15 20 20 20 -
130-еселенген - - 20 30 30 30 -
350-еселенген - - 25 - - - -
400-еселенген - - 30 - - - -
600-еселенген - - - - - - 20
600-еселенген және - - - - - - 30
одан жоғары
____________
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ҚР-
ның Салық заңы, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы” ҚР-ның Салық кодексі 54-бет, Алматы, 2001ж.
Кестеде көрсетiлгендей, 1998 жылдан бастап, ең төменгi ставка 5%-ды
қолдану шекарасы өсiп, 15-еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiнгiден
басталады.
Жеке табыс салығы бойынша Салық кодексiне көптеген жеңiлдiктер
енгiзiлдi. Атап айтқанда, алдыңғы 2001 жылмен салыстырсақ, 2002 жылы 15-
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен 40-еселенген жылдық есептiк
көрсеткiшке дейiн 10%, ал 40-еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен 600-
еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 20%, 600-еселенген жылдық
есептiк көрсеткiштен жоғары табыс сомаларына 30% мөлшерiнде салық салыну
көзделген.
1994 жылдың 12-шi ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
“Табыс және пайдаға салық салу туралы” Жарлығына сәйкес салық объектiсi
болып табыс пен пайда қатар жүрдi.
1995 жылы 24-шi сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығына, кейiннен 1999 жылы 1-шi шiлдедегi Қазақстан Республикасы “Салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” заңына сәйкес
табысқа салық салу – салық салынатын табыс деген ұғымдар енгiзiлдi.
“Табыс” деген ұғым теорияда қарапайым болғанымен, тәжiрибеде табыс
ұғымының анықтамасы өте күрделi болып табылады.
Бүкiл әлемде табыс пен пайдадан салық өндiрiп алмайтын мемлекет жоқ
шығар. Осы экономикалық ұғымдардың анықтамасы, әсiресе олар салық салу
объектiсi ретiнде қолданылғанда әр түрлi көрiнiс табады. Жалпы, пайда
дегенiмiз табыстан шығынды алып тастау, ал табыс дегенiмiз шаруашылық
субъектiсi өз тауарларын (жұмыстары мен қызмет көрсетулерiн) сатқаннан
түскен ақшалай түсiмiн айтамыз. Сондықтан “пайда” ұғымынан гөрi “табыс”
ұғымының түсiнiгi кеңiрек.
Дамыған елдердiң салық жүйесi экономикалық, саяси және әлеуметтiк
шарттар әсерi негiзiнде құрастырылады. Салық жүйесi салық түрлерiне ,
құрылымына, өндiрiп алу әдiсiне, билiктiң әр түрлi деңгейiнiң фискалды
өкiлеттiлiгiне, салықтардың әрекет ету саласына байланысты бiр-бiрiнен
бөлектенедi. Бiрақ та, салық жүйесiне тән ортақ белгiлерi бар, олар:
мемлекеттiң салықтық табыстарын ұлғайту жолдарын iздестiру;
жалпы белгiленген теңдiк, әдiлеттiлiк және тиiмдiлiк принциптерi
негiзiндегi салық жүйесiн құрастыру.
Салық жүйесiнiң принциптерi тұтастай бiр жақты емес, көбiне ол
үкiметтiң қандай экономиканы таңдағанына байланысты болып келедi.
Көптеген әлем елдерiнде екi ауытқу байқалады. Бiрiншiсi, АҚШ пен
Канада елдерiне тән. Осы екi елде де жеке табыс салығының жоғары үлесiнде
жалпы салық түсiмдерiнiң тұтынуға кеткен салық үлесi шамаланған. АҚШ-та ҚҚС-
ғы жоқ, ал Канадада 2000 жылы салықтардан түскен барлық салық түсiмдерiнiң
7% осы ҚҚС-ғы құраған. Екiншi ауытқу Франция мен Греция елдерiне тән. Мұнда
негiзгi фискалды күш тұтыну салығына түседi, ал жеке табыс салығы аса
маңызды орын алады.
Кесте 3.
ОЭСР елдерiндегi жеке табыс салығының деңгейi.
Ел Жеке табыс салығы бойынша
ең жоғары салық ставкасы, %
Австралия 48
Австрия 50
Бельгия 55
Ұлыбритания 40
Венгрия 48
Греция 45
Дания 46,5
Ирландия 48
Исландия 41,94
Испания 56
Италия 51
Канада 29
Люксембург 50
Мексика 55
Нидерланды 60
Жаңа Зеландия 33
Норвегия 41,7
Польша 45
Португалия 40
АҚШ 39,6
Түркия 55
Финляндия 61
Франция 56,8
Чехия 40
Швейцария 11,5
Швеция 57
Жапония 50
ОЭСР елдерiнiң мәлiметтерiн 46,68
орташа алғанда
_____________
И.Г.Русакова, В.А.Кашин “Налоги и налогообложение” Москва, 2001г.
104стр.
Кестеде көрсетiлгендей түбегейлi неоконсервативтi салық реформаларына
қарамастан, экономикасы дамыған елдердiң салық салу деңгейiнде бiрталай
айырмашылықтар бар. Мысалы, жеке табыс салығы бойынша Финляндия мен
Швейцария елдерiн алып қарасақ, айырмашылық – 49,5%-ға тең.
Әрине, мұндай үйлесiмсiздiк А.Смиттiң айтуынша елдегi капитал мен
еңбек ресурстарын басқа, салық жүйесi халыққа тиiмдi елге ауысады деп
дәлелдеген. Бұл өз кезегiнде экономиканы көтеруге керi әсерiн тигiзетiнi
сөзсiз.

механизмi.
2.1 Төлем көзiнен салық салынатын табыстар
“Жеке табыс салығы” Салық кодексiнiң арнайы 6-шы бөлiмiнде
қарастырылған және бұл бөлiмге 141-174 баптар кiредi.

салық заңының 2-шi бөлiмiнде заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан
бөлiмге қатысты жекелеген баптарды қолдануда көптеген қиындықтар алынатын
табыс салықтары туралы ережелер бiрiктiрiлiп жазылған, бұл осы, бұл осы
бөлiмге қатысты жекелеген баптарды қолдануда көптеген қиындықтар туғызады.
Салық кодексiнiң 143-шi бабына сәйкес жеке тұлғалардың салық салу
объектiсi салық салу әдiсiне байланысты екi топқа бөлiнедi:
төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар;
Салық кодексiнде салық салу объектiсiн осындай тәртiпте екiге бөлу
салық заңымен салыстырғанда елеулi айырмашылықтар бар екенiн көрсетедi.

салық заңында табыс салығының салық салу объектiсi, яғни салық салынатын
табыс (ССТ) болып жылдық жиынтық табыстан (ЖЖТ) шегерiмдердi (Ш) алып
тастағанда шығатын табысты (ЖЖТ-Ш=ССТ) жатқызады.
Салық кодексiнiң 144-шi бабында салық салынуға жатқызылмайтын жеке
тұлғалардың табысының тiзiмi берiлген. Осы баптың 1-шi тармағында салық
салынбайтын табыстың барлық 37 түрi көрсетiлген.
Қазiргi жағдайда жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарын 34-шi
бап – “жеңiлдiктер” арқылы анықтауға болады.
Салық кодексiнiң 144-шi бабына кiретiн табыстар тiзiмiн қарастырсақ,
салық салынудан босатылатын жеке тұлғалар табысының сомасына бұрын
жұмысшылардың шығындары болып есептелген өндiрiстiк қажеттiлiк туындатқан
және жұмысшылардың табысы ретiнде қарастырылмаған шығындар жатқызылады.
Мұндай табыстарға келесiдей төлемдер кiредi:
тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн
төлемдер;
қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан немесе орын
ауыстырған (көшкен) кездегi жол жүруi, үй-жайды жалға алу бойынша құжатпен
расталған шығындардың өтемдерi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала
жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру
жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;
Жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс
объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен
ауысымаралық(междусменный) демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың
тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және Салық
кодексiнiң 93-шi бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға
арналған шығыстары;
Қызметтiк iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;
Қазақтан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша
берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және
алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру
құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға
арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;
өз қызметкерлерiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi
төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;
Салық кодексiнiң 161-шi бабында, яғни жинақтаушы сақтандыру
шарттарында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiндегi
сақтандырудың кез-келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру оқиғасына
байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;
Барлық көрсетiлген төлемдер мен шығындар сомалары еңбектiң аса ерекше
шарттарының өтемдерi болып табылады.
Бұдан басқа жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарына: лоторея
бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар; қор биржасының “А”
және “В” ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды өткiзу кезiнде құн
өсiмiнен алынатын табысы; Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және
оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz