Қазақстан Республикасының аумағына кетуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 5
2.1 Есептеу тәртібі, төлеу тәртібі 5
2.2 Алымның 13 түріне анықтама беру. 11
2.3 Салық декларациясын есептеу және төлеу тәртібі 21
Қорытынды 24
Қолданған әдебиеттер 25

Кіріспе

Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе
осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік органдар көрсететін
қызмет үшін олардың міндетті төлемдері алымдар , баждар және
төлемдер болып табылады.
Осы төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттің табысына түседі
немесе белгіленген үлесте бюджетке және сәйкес ұйымға қосылады,
олардың қызметін дамыту, ілгерлету, шығындарын бөлшектеп немесе толығымен
өтеу үшін қызмет көрсететін ұйымның, мекеменің қарауына толығымен
түседі.
Республиканың бюджетінің табысына түскен бағалы қағаздарды
эмиссиялағаны үшін алымдар ерекшеленген тәртіпке жатады.
Төлемдерді өтеу қаржылық тұрғылары және жергілікті
бюджеттерге есептелінетін, сонымен бірге мүліктік құқықты техникалық
процедураларды және тіркеулерді, объектінің қызметтің белгілі бір
жағдайын бекітуді қосатын қызметтердің кең аумағында жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасында алынатын келесі алымдарды бөліп
көрсетуге болады;
- аукциондық сатулардан алынатын алымдар, мемлекеттік тіркеулердің
алымы: заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, қозғалмайтын мүлікке құқын
және олармен байланысты келісімдерді, көлік құралдарын, әуедегі және
теңіздегі кемелерді, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті
жабдықтарды, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқына лицензиялық
алымдары.
Алымдарды төлеу қажеттілігі әкелетін қызмет түрлерінің әртүрлілігі
таза қаржылық шекарадан шығарып, сәйкес қызметтерге аралық сипат
береді. Нарықтық қатынастардың жағдайына, тіпті мемлекеттік органдар
арқылы қызмет көрсету ауысып, қарастырылған операциялар қаржылықтан
тауарлық – ақшалайға ауысқан кезде осы төлемдердің фискалдық және
тарифтік бағалы сипатының бірігуі айрықша дамыды. Осыдан ақылы
қызметтің шеңберінің құрамына, мысалы, жол полицияларының алымдары,
өлшемдермен өлшеу приборларын таңбалау және тексерумен өлшеу т.б
кіреді. Ереже бойынша осы алымдардың сомасын Үкімет белгілейді.
Кейбір төлемдер үшін есептеу ресурс көлемінен (су, ағаш) немесе қызметтен
(аукциондағы алым), басқа сандық параметрлер көлемінен жүргізіледі.
Осы тұрғыда алымдар мен төлемдердің салық объектісінің базасы
мүлдем әр түрлі, әлеуметтік және мөлшері қолданылады.

Негізгі бөлім

2.1 Есептеу тәртібі, төлеу тәртібі

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
ставкалары бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті
құжаттарды бергенге дейін төленеді. Алым сомасы салық төлеуші
ретіндегі алым төлеушінің мемлекеттік тіркеу орны бойынша бюджетке
енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды
бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда,
төленген алым сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті
тіркеу органы берген, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған
құжаттарды төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру
мен олардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу (соның ішінде
заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), қайта
тіркеу кезінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу
ставкалары:
- заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерін төменде
аталғандарды, сондай–ақ 2 және 3 тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда
7 600 теңгені ;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды
тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерін 2 280 теңгені;
- саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен
15960 теңгені құрайды;
2. Бюджет қаражатынан мекемелерді, қазыналық кәсіпорындар және
үй–жай иелері кооперативтерін, олардың филиалдарымен өкілдіктерін
мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары:
- құруды мемлекеттік тіркеу кезінде алым төленген күнге
қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті;
- мемлекеттік қайта тіркеу кезінде алым төленген күнге
қолданылатын бір айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;
- қызметі тоқтатылған кезде алым төленген күнге қолданылатын бір
айлық есептік көрсеткішті құрайды;
3. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай–ақ
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін республикалық және өңірлік ұлттық – мәдени қоғамдық
бірлестіктер филиалдарын мемлкеттік тіркеу үшін алым төлеу
ставкалары :
- құруды мемлекеттік тіркеу кезінде – алым төленген күнге
қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті;
- мемлекеттік қайта тіркеу кезінде - алым төленген күнге
қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;
- қызметі тоқтатылған кезде - алым төленген күнге қолданылатын
бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
4. Заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын берген кезде заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкасы 50 теңгені
құрайды.
Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар
бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге
дейін төленеді.Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша
бюджетке енгізіледі. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы
берген, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған
тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен
кейін қайтарылады.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары :
1) жеке кәсіпкерлер ретінде Қазақстан Республикасының аумағында
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген төрт
еселік көрсеткішті құрайды;
2) мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын
алған кезде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген төрт еселік
айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес пайызын құрайды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым (бұдан әрі –
алым ) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін
құру мен қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, оларды қайта
тіркеу, сондай–ақ олардан мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
дубликатын қабылдауы кезінде алынады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген
тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
заң актісіне сәйкес тіркелуге тиіс заңды тұлғалар, сондай–ақ олардың
филиалдары мен өкілдіктері алым төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелуге тиіс
жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Шаруа қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектерге алым
төлеушілер болып табылмайды.
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым жылжымайтын мүлікке және онымен
жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеген кезінде
алынады.
Тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлікпен іс – қимылды жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген
адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Асыраушысы жоқ зейнеткерлер;
4) Қазақстан Республикасының заңдық актісімен қарастырылған
жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектілері алым төлеушілер болып
табылмайды.
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым радиоэлектрондық құралдар мен жоғары
жиіліктегі құрылғыларды тіркеу кезінде алынады.
Тіркелушінің мүдделері көзделетін жеке және заңды
тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік мекемелер алым төлеушілер болмайды.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу
кезінде де алым алынады.
Тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді
пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым оларды тіркеу кезінде алынады.
Тіркеуге жататын кемелері бар заң және жеке тұлғалар алым
төлеушілер болып табылады.
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым азаматтық әуе
кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде алынады.
Тіркеуге жататын азаматтық әуе кемелері бар заңды және жеке тұлғалар
алым төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарын
пайдаланғаны үшін алым :
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді
тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағына кетуі;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды
жүзеге асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы
аумағына келуі (кетуі), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
транзиті;
3) ірі көлемді және ауыр салмақты отандық және шетелдік
автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
жүруі;
4) отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша
жүруі үшін өндіріп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының
жүруі және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан
Республикасының үкіметі белгілейді.
Аукциондардан алынатын алым аукциондарда мүлікті (оның ішінде
мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.
Аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға
шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып
табылады.
Мүлік (мүліктік құқықтарды) сатудың аукцион өткізу
нәтижелері бойынша белгіленген құны алым алу объектісі болып
табылады.
Салынатын мүлік ( мүліктік құқықтар ) құнына қарай:
1) мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша уәкілетті
мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;
2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп
орындату бойынша атқарушы іс жүргізу органдары өткізетін
аукциондардан;
3) салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті сату
жөніндегі;
4) соттардың атқарушы құжаттарының негізінде мемлекет кірісіне
тәркіленген мүлікті сату жөніндегі;
5) банкрот кәсіпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі
аукциондардан алым алынбайды;
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық
алым.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға
тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия беру
кезінде алынады.
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым
төлеушілер болып табылады.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым
жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған
кезде алынады .
Алым төлеушілер – ҚР–ның заң актісіне сәйкес тіркелуге
тиісті жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалар.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу үшін алым тіркеген кезде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотека шартын
жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілері болып
табылады.
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды ,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу үшін алым – сондай – ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде
алынады.
Жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады, тіркеуші
орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.

2.2 Алымның 13 түріне анықтама беру.

I. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Заңды тұлғаларда мемлекеттік тіркегені үшін алым заңды
тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен
қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, оларды қайта тіркеу,
сондай–ақ олардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын
алуы кезінде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң
актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды
тұлғалар, сондай–ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері алым
төлеушілер болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке
кәсіпкерлер ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға
құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу кезінде , сондай – ақ олар мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.Тіркеуді
Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жеке
тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Алым төлеуден босатылады:
шаруа қожалықтары;
I , II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға
құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын оралмандар.
3. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге
құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым – жылжымайтын мүлікке және онымен
жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай
– ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын
алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң
актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін ,
жылжымайтын мүлікпен іс – қимылды жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Алым төлеуден босатылады:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген
адамдар;
- І және ІІ топтағы мүгедектер;
- бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін
оралмандар;
- кадрларды даярлау мен оқытумен шұғылданатын шағын
кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл
ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін төлемнен
босатылады.
3.1 Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым -
жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу кезінде , сондай – ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған
кезде төленеді. Ал енді тіркеуді Қазақстан Республикасының заң
актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті
орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін
жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады.
Алымды төлеуден босатылады:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген
адамдар;
- І және ІІ топтағы мүгедектер;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін
оралмандар;
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жоғарғы жиіліктегі
құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі
құрылғыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың көші-қоны туралы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Қазақстан республикасы шетел азаматтарының құқықтарының қорғалуы
Алымдар және оларды есептеу мен төлеу тәртібі
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардан қорғау
Конституция құрылымы
Азаматтықтың халықаралық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ереже
Пәндер