Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары


ЖОСПАР
Кіріспе3
І-тарау. Жер салығының экономикалық маңызы5
1. 1 Жер салығының мәні5
ІІ-тарау. Заңды және жеке тұлғаларға салынатын жер салығының ерекшеліктері9
2. 1 Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні9
2. 2 Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері24
ІІІ-тарау. Бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы жер салығының алатын орны мен жетілдіру жолдары27
3. 1 Жер салығын жетілдіру жолдары27
Қорытынды30
Қолданылған әдебиеттер32
Кіріспе
Барлық деңгейдегі - мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің қаржылық қамтамасыз етілуі мемлекеттің әртүрлі кірістері есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің кірістерінің негізгі түрі болып бізге белгілідей салықтар табылады, өйткені олар мемлекеттік қазынаға түсетін ақша қаражаттарының көп бөлігін құрайды. Нарық экономикасының барлық елдерінде салық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Осыған қоса олар экономикаға мемлекеттің әсер етуші тұтқасы ретінде болады.
Кез-келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын, әсіресе экономиканың жақымсыз реттеушісі ретінде кеңінен пайдалануды болжайды. Нарыққа көшу жағдайында экономикалық реформалардың негізгі міндеттерінің бірі - әр деңгейдегі бюджеттің ұлғаюы мен жекелеген субъектілердің ықпал етуі және экономикалық жалпы дамуы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін тиімді салық механизмін қалыптастыру.
Салықтар өздеріне тән ерекше әдістермен әсер етуді іске асырады. Мемлекет салық мөлшерін көтеріп, жеңілдіктерді тарылтып болашағы жоқ өндірістердің қызметін шектей алады.
Қазақстан Республикасының салық саясатын салықтық реттеудің құралы ретінде пайдалану барған сайын ашық саяси және әлеуметтік сипатқа ие болуда. Оның дұрыс және тиімді қызмет етуінен тек экономикалық сипаттағы мәселелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тыныштықтарының сақталуы, саяси тұрақтылық, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы да тәуелді болады.
Салық реформаларын республика халқының тұрмысын жақсарту перспективалары, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына нарыққа көшу кезеңі кезіндегі қиындықтармен байланысқан қандай болмасын қақтығыстарды жоятын жағдай жасаумен байланысты.
Халықтың меншігіне салынатын салықтар жергілікті, тура нақты салықтарға жатады.
Тақырыптың маңыздылығы. Жер және жер ресурстары экономикада өз мағынасы бойынша терең тамыр мен үлкен мәнге ие.
Жер кез келген мемлекеттің негізгі байлығы, ал Қазақстан Республикасы жағдайында ол ерекше орын алады. Жерді ақысыз пайдалану оның ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен құрылыста тиімсіз пайдаланудың бірден бір себебі болуда.
Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.
Осыған қоса оған төлем немесе оны меншікке беру бұл тек жалғыз бір құқықтық жүйеміздің осалдығын ғана білдірмейді. Сондықтан бұл мәселені тәжірибе жүзінде салық заңдылығы тұрғысынан қарастыру қызықты болып отыр.
Жер ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы. Онсыз азық-түлік пен шикізат ресурстарын өндіру процесі саласын жүргізу мүмкін емес. Осылайша ол қоғамның материалдық құндылықтарының негізгі көздерінің бірі ретінде көрінеді.
Жер салығының ауыл шаруашылығында негізгі мәні ретінде болуы оның тікелей өндіріс құралы ретінде пайдалануымен байланысты, басқа салаларда ол тек экономикалық белсенділік болып жатқан кеңістік ретінде ғана болады.
Жерге салық салу мәселесінің әртүрлі жақтарын қарастыру оның рента теориясында айырмашылығында, өйткені жер салығы теориясының негізі жер рентасы болып табылады. Сондықтан қазіргі Қазақстан Республикасында жерге салық салу мәселелері ең алдымен оның теориялық әзірлемелерімен байланысты. өзімізге белгілі болатындай жер - ол кәсіпкерлер, мемлекет, ірі фирмаларға тапшы өндірістік факторы және одан жалпы экономиканың, әр адамның әлемдік және ұлттық экономикада күн көруі тәуелді болатын өндіріс факторы .
Егер жер өндіріс факторы ретінде пайдаланылмаса онда қайта өндіру кестесі және осы арқылы өмір сүретін экономика өз қызметін тоқтатады. Міне не үшін бізге жерді тиімді пайдаланып, оны қорғап және оны пайдаланғаны үшін ақы алу керек. Жерге төлемнің тәртібі қандай екенін осы жұмыста қарастыру керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - жалпы жер салығының мәні, оның ішінде заңды тұлғаларға салынатын жер салығының жергілікті бюджетті қалыптастырудағы маңызы мен рөлін кеңінен қарастыру, осыған қоса оның теория және тәжірибе жүзіндегі дамуын бөліп айту.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді қарастырып өтеміз:
1. Жерге салық салудың пайда болуы мен Қазақстан және жақын шетелдердегі қазіргі жағдайы.
2. Жер салығының нормативті, құқықтық базасы.
3. Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары.
І-тарау. Жер салығының экономикалық маңызы
1. 1 Жер салығының мәні
Мемлекеттің қоғамдық пайдасына Жалпы Ішкі өнімнің (ЖІө) белгіленген жарғы түрінде алуы салықтың мәнін құрайды.
Жарналарды ЖІӨ-ң негізгі қатысушылары іске асырады:
1. Материалды және материалды емес құндылықтарды өз еңбегін өндіретін және осыдан белгілі табыс алатын жұмыскерлер.
2. Кәсіпкерлік салада қызмет ететін шаруашылық субъектілері, капитал иелері.
Салық жарналары, алымдар, баждар және басқа да төлемдерден мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасады. Салықтардың экономикалық мазмұны, бір жақынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жақынан мемлекеттік қаржыларының қалыптасуы бойынша мемлекетпен өзара қатынасында.
Салықтар заңды түрде белгіленген мөлшерлеме бойынша азаматтар мен шаруашылық субъектілерін мемлекет алатын міндетті алымдар. Мемлекет пайда болғаннан бері салықтар экономикалық қатынастардың қажетті звеносы болып табылады. Мемлекеттің құрылым түрлерінің дамуы мен өзгеруі ылғи да салық жүйесінде жаңартуларға алғышарт болады. Қазіргі өркениетті қоғамда салықтар - мемлекеттік табыстардың негізгі түрі болып табылады. Бұл өте-мөте қаржылық функциясынан басқа салық механизмі қоғамдық өндіріске, оның динамикасы мен құрылымына, ғылыми Техникалық Прогресстің жағдайына мемлекеттің әсер етуі үшін де пайдаланылады.
Енді, осы салықтардың ішіндегі жер салығына тоқталайық. Жер салығы - жер рентасы төлемдерінің бір түрі XVIII-ғасырдың аяғы мен XIX-ғасыр бойы дамып келе жатқан саяси экономияның өкілдері жер меншігі уақыт өте табыс әкеле алатыны мүмкін болса, онда ол жалпы мемлекеттің байлықтарының негізі болып табылады деп тұжырымдаған. Елді басқару үшін керек мемлекеттік табыстар осы байлық көзіне салық салу жолымен, яғни жерге салық салудан алынады.
Бұл салық жер учаскелерін нақты пайдалануды есептеу табысына негізделеді. Жер салығын енгізумен байланысты мәселелер ерекше қиыншылықтарға, ең алдымен, өйткені оны белгілеуге әдістемелік тәжірибенің бір тұтас жүйеге көшу тұрғысынан туып отыр.
Жер салығын енгізу ең алдымен жерді және басқа да ресурстарды неғұрлым рационалды пайдалану есебінен ауыл шаруашылық өнімдерінің тиімділігін көтеру қажеттіліктерін, нақты антишығындық механизмді құрумен туып отыр.
Рентаны төлеу жер үлесін пайдалану үшін төлем емес, ол артықшылыққа, ең жақсы жер учаскелерін ұстаудың ерекше пайдалануына монополдік иелік ету үшін төлем. Бұл дегеніміз жерге деген азаматтардың құқықтарын теңестіру құралы.
ТМД мемлекеттері мен дамыған елдерде қолданылатын жер салықтарының түрін зерттеу негізінде Н. Зенец оның жекелеген элементтерінің нақты әртүрлі мемлекеттерде болатын әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың есебін келесі сыныптамадан ұсынады:
- жер салығының функциялары - жер салығының кәсіпорындарға, фермерлік шаруашылықтарға нақты әсер ету нысан деңгейі (фискалдық, реттеуші) ;
- салық төлеушілердің қайнар көздері - салық төлеушілердің шаруашылық табыстарының ана немесе басқа бөлігі;
- салық көлемін белгілеу-салық салу ауыртпалықтарын анықтау әдістері;
- салық салу объектілері-салық салуға жататын жерлердің құрамы;
- салық салуды анықтау үшін база-мысалы: баға, рента көлемі, жердің бағалық баллы;
- салықты алушылар - қай бюджетке (республикалық, жергілікті) бұл салықтың түсетіндігі;
- басқа салықтармен өзара байланысы - салық салудың жалпы жүйесінде жер салығының және басқа салықтардың функцияларын өзара бөлу;
- жер салығын төлеушілер категориясы-кооперативтік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және тағы басқалары;
1-Кесте
Жер салығы жүйелерінің талдауы1
Біріншіден, жер салығының функциясы және оны төлеудің қайнар көздерінің өзара байланысы ТМД елдерінің барлығында жерді рационалды пайдалану функциясы арнайы болып келеді. Сондықтан жер салығын төлеудің қайнар көзі ретінде жер рентасы шығады деп болжануда. Европалық Одақта бұл функция жақсы атқарылатын ауыл шаруашылығы кәсіпкерліктің жанұялық жүйесіндегі жеке меншік жағдайында арнайы ынталандыруды талап етпейді.
Екіншіден, жер салығы функциясын салық салу жүйесіндегі басқада элементтерінің арасында өзара байланыс бар. Жер салығы жалғыз болған жағдайда, ал қайта бөлуді де қоса алғандағы барлық функцияны орындайтын еді.
Үшіншіден, жер салығының мөлшерлемелерін анықтау үшін база оның функцияларын және оның жерді ақылы пайдалану жүйесінің дамығандығына байланысты. Жердің бағасы жоқ болғанда салық мөлшерлемері бағалық жер баллымен немесе ренталық көлемімен байланыстырылады.
Жер салығының жергілікті бюджетке түсуінің маңызы . Жер салығы түрінде алынған қаржылардың қандай басқару деңгейінде жинақталуындағы мәселе маңызды методологиялық мағынаға ие болады. Теориялық көзқарастар бұл мәселеде екі нұсқа болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Біріншісі, олардың тікелей мемлекеттік бюджетке түсуі және әртүрлі, ауыл шаруашылығымен тікелей байланысы жоқ мақсаттарға жұмсалуы. Осыған байлпанысты Н. Суханов: Едәуір демократиялық елдердің өзінде жер рентасын “қазынаға беру” келешектегі жалпы мемлекеттік бюджеттің құраушы бөлігіне жер рентасының мемлекеттік жер салығына ауысуы міндетті емес - деп жазған. Бұл тағы да айтып өтетін жәйт, ол “қоғамның қажеттіліктеріне әлеуметтік салымдардың жолымен жер рентасының айналымы” формуласына сай нәтиже болмай отырғандығында.
Екінші нұсқасы, жер салығы түріндегі жиналған қаражаттардың көп бөлігін жергілікті бюджетке қалдыруы. Келешектегі ренталық салым жүйесі негізінде рентаның неғұрлым көп бөлігі жергілікті жерде қалу принципі жатыр. Осы нұсқаның бірқатар себептер бойынша едәуір ыңғайлы екенін атап өту қажет.
Біріншіден, ренталық табыстар, жер салықтары жергілікті бюджеттің тұрақталуына әсер етеді, жекелеген территорияларда өзін-өзі басқару процестерінің дамуына маңызды қаржылық тіректі құрайды. Екіншіден, рентаның аймақтық бюджетке түсуі жер салығының негізделу деңгейін анықтауға маңызды құрал болады, өйткені жергілікті жерлерде шаруашылық жағдайының бар айырмашылықтарын жақсы бағалауға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, жер салығы түріндегі жинақталған қаражаттар тікелей сол берілген аймақ шегінде жалпы мемлекеттік қазыналардың жоғалып кетпеуіне, яғни ренталарды алу осы аймақ қажеттіліктеріне жұмсалуы маңызды.
Осыдан жергілікті бюджетке жер салығы түріндегі түсетін қаражаттар негізінде ауыл шаруашылық өндірісі қажеттіліктеріне шығындалуы керек деген тұжырым жасауға болады. Бірінші кезекте бұған жататындар: жерлердің құнарлылығын, олардың мелиорациясын көтеру, ауылдық жерлерде әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның дамуы бойынша шараларды жүргізу.
Соңғы нәтижеде жер салығы түрінде алынған қаржылар халықтың өмірлік деңгейін көтеру, ауыр аграрлық дағдарысты бастан кешіруді қамтамасыз етуі қажет. Н. Суханов осыған байланысты: “Ренталық салу қоғамның және мемлекеттің міндеттерінің бірі, елдің бар халқына жер рентасын тең бөлікпен бөлуді мақсат етуі қажет” - деп белгілеген. Ал тәжірибе жүзінде бұл дегеніміз, жер салығы орталық бюджеттің толықтырылуына кетпей толығымен жергілікті билік органдарының бюджетіне аударылуы қажет дегенді білдіреді.
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексінде жер үшін төлемді белгілеу тәртібі мен алуы белгіленген осыған сәйкес жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне байланысты болмай, жыл сайын жер көлемінің бірлігіне бекітілген төлемдер арқылы белгіленеді.
ІІ-тарау. Заңды және жеке тұлғаларға салынатын жер салығының ерекшеліктері
2. 1 Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні
Жалпыға мәлім болатындай Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жер мемлекеттік меншік болып табылады. Осыған байланысты біздің елде жер учаскелерін жекелікке өткізу ақылы түрде жүргізіледі. Алғашқы кезде Қазақстанда жер қатынастарын реттейтін негізгі нормативті құжаттар болып, Қазақстан Республикасы Президентінің №2717, заң күші бар “жер туралы” 1995 жылдың 22 желтоқсанындағы жарлығы табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген 1995 жылдың 27 мамырынан (өзгертулер мен толықтырулары бар) №34 “Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі туралы” нұсқама болды. Осы берілген құжаттарға сай жерді тұрақты пайдалану құқығы келесілерге берілген болатын:
а) шаруа-фермерлік қожалықтарына;
б) шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқығында ғимараттар мен құрылыстарға ие тұлғаларға;
в) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүргізетін мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
г) заңда көрсетілген басқа да жағдайларда.
Заңның соңғы тармақының мәліметтері бойынша жер бойынша мемлекеттік комитетке көптеген жер пайдаланушыларға жерді тұрақты пайдалану туралы акт беру құқығы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер туралы” жарлығының 122 тармағын іске арттырғаннан кейін, жерге деген құқықтар өзгерді, оны не меншікке сатып алу, не жалға алуға қайта ресімдеу керек болды, яғни уақытша пайдалануға берілді. Бұл жерде жалдық ақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы №566 қаулысында келісілген шектен аспауы керек. Жалдық ақы бойынша мәселелерді бір жақынан мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушы, екінші жағынан жер пайдаланушының арасындағы арнайы келісімде тіркеу керек болды. Бұл жерде жалдық ақының жоғарғы (жер салығының 80%) және төменгі (жер салығының 120%) шектері бар.
2001 жылдың 24 қаңтарынан №152-2 Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңы енгізілді.
Қазіргі кезде жерді пайдалану бойынша мәселелерді шешу жауапкершілігі жер ресурстарын басқару бойынша комитетке және оның жергілікті орындардағы органдарына жүктеледі.
Комитеттің жергілікті органдары әртүрлі жағдайларға байланысты өз қалаулары бойынша мемлекет жеке меншікке берген жерге төлем мөлшерлемесін 2 есеге дейін көтеріп немесе төмендетуге құқық берілген құзырға ие.
1996 жылдың 8 мамырынан Қазақстан Республикасының Үкіметі “Мемлекет жерді жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға берген кездегі жерге төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы” №576 қаулысын қабылдады. Ал 1999 жылдың 12 мамырында осы құжатқа №566 қаулы бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Онда нақты жер учаскесінің құнын анықтаудың ерекшеліктері түпкілікті көрсетілген.
Сонымен қатар №1 қосымшада мемлекет жерлерді сатқандағы жер үшін төлем мөлшерлемелері берілген. Жекелеп айтсақ, Алматы қаласы бойынша 2000 жылы 1 шаршы метрге төлем мөлшерлемесі 727 теңгені құраған. Бұдан басқа сатып алу құнын жоғарылату немесе төмендету мәселелерін келістіру мақсатында, “жерлердің арнайы бағалау кестесі” деп аталатын жер ресурстарын басқару бойынша комитет пен архитектура және қала салу департаменті арасында келісім жасалады. Ол өз кезегінде Алматы қаласының әкімімен, ал одан кейін Алматы қалалық мәслихатымен бекітілуі керек.
Қазақстан барлық ТМД елдері сияқты жаңа қоғамдық-экономикалық және саяси формацияға аяқ басты, нарық экономикасының дамуына және реформаларды, оның ішінде жер реформасын өткізуге бағыт алды.
Қазақстан Республикасында - ТМД мемлекеттері ішінде ең біріншілердің бірі болып жерге жеке меншік конституциялық қолдау тапты.
Елдің негізгі заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылдың 22 желтоқсанындағы жарлығында белгіленген шарттар мен шектерде, және осының негізінде жер мемлекеттік пен бірге жеке меншікте де бола алады.
Ал үшінші саты Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 24 қаңтарынан №152-2 “Жер туралы” қабылдаумен сипатталады.
Алдыңғы заңдар сияқты соңғы “Жер туралы” заңы Қазақстан Республикасының жер қорын жеті категорияға бөліп қарастырады:
- Ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлер;
- Елді мекендер алып жатқан жерлер;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және тағы басқа ауыл шаруашылық мақсаттағы емес жерлер;
- Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жерлері, емдеу, рекреациялық және тарихи- мәдени мақсаттағы жерлер;
- Орман қоры жерлері;
- Су қоры жерлері;
- Запастағы жерлер.
Жерді белгілі бір категорияға жатқызу оның мақсатты пайдаланылуын анықтайды. Мақсатты пайдалануы мен категориялық жатуынан шыға келе оларды пайдаланудың құқықтық режимі қорғауы мен нарықтық айналымы белгіленеді.
Төменде 2-Кестеде жер қатынастарының институттары заң негіздерінің өзгеруіне қарай категория бойынша бөлінуі көрсетілген: Қазақ ССР Жер Кодексі - 1990 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар “Жер туралы” жарлығы - 1995 жыл және Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңы - 2001 жыл.
2-Кесте.
1998 - 2003 жылдар арасында жерлерді категориялар бойынша бөлудің динамикасы2.
Барлық жерлер
Оның ішінде:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
Елді мекендердің
өнеркәсіп, көліктің
Ерекше қорғалатын территориялар
Орман қоры
Запастағы, су қоры
271, 6
220, 7
2, 1
19, 8
0, 8
9, 9
0, 8
17, 5
100
81, 3
0, 8
7, 3
0, 3
3, 6
0, 3
6, 4
272, 1
194, 8
19, 2
17, 4
0, 9
10, 9
0, 9
28, 0
100
71, 6
7, 1
6, 4
6, 3
4, 0
0, 3
10, 3
270, 1
93, 6
20, 2
11, 1
1, 2
22, 2
3, 6
118, 7
100
34, 5
7, 5
4, 1
0, 4
8, 2
1, 3
44, 0
-1, 5
-127, 6
+18, 1
-8, 7
+0, 4
+12, 3
+2, 8
+101, 2
99, 4
-2, 4
9, 6
-1, 8
1, 5
2, 2
4, 5
6, 8
2-Кестеде берілген көрсеткіштерден едәуір өзгерістерді ауыл шаруашылығы жерлері басынан кешіргенін көреміз. Олардың ауданы 127, 6 миллион гектарға немесе 2, 4 есе азайған, ал жалпы жер қорындағы үлес салмағы 81, 3 пайыздан 34, 5 пайызға қысқарған. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық мақсаттағы емес мақсаттағы жерлер ауданы 1, 8 есе азайған. Айта кетсек, жерді қайтарымды пайдалану құқығындағы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар артық жерлерінен бас тартқан.
Ауыл шаруашылық жер пайдаланушылар үшін, шаруашылық айналымнан жерге төлемнен басқа, жерлерді шығарудың маңызды себебі, егістік алқаптардың аудандары мен өсімдік өсіру және мал өсіру өнімінің өндіріс көлемін қысқарту еді, ол өз кезегінде жерден алынатын өнімге сұраныстың қысқаруынан болды.
1990 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы 16 миллион гектардан аса жерлер халықтың меншігіндегі малды жайылымдармен және азаматтардың жеке қосымша, үй шаруашылығын кеңейтуіне мүмкіндіктерді берумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендер жерлері категориясына көшірілді.
Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері бойынша халық шаруашылығында елде бар ірі қара малдың 85 пайызы, 80 қой мен ешкі, 82 пайыз жылқы болды.
Көптеген, әсіресе шөлді және шөлейтті аймақтардағы шаруашылық субъектілерінің өздеріне жайылым ретінде берілген жерлерін қайтарып беруден кейін 12, 3 миллион гектар жерлер ұзақ мерзімді пайдаланатын орман қоры жерлеріне енгізіліп және 100 миллион гектарға жуық жерлер запас жерлер құрамына енгізілді. Нәтижеде олардың ауданы 6, 8 есеге ұлғайды. Бұл жерлер жергілікті басқару органдарының құзырында, жерге экономикалық-мақсаттық пен қажеттілік пайда бола қалғанда олар меншікке немесе жер пайдалануға ауыл шаруашылығы және басқада қажеттіліктер үшін берілуі мүмкін.
Осылайша жер категориялары арсындағы өзара ара қатынастың жер пайдаланудың нарықтық институты - жер үшін төлемді енгізу мен жерді қайтарымды пайдаланудың байланысы айдан анық болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz