Салық салу тәртібі


Жоспар
Кіріспе
I-Тарау Қазақстанда салытатын салықтардың түрлері
- Салықтардың сипаттамасы
1. 2 Резидент еместердің табысына арналған салық туралы
1. 3 Резиденттер мен резидент еместер
1. 4 Резидент еместің тұрақты мекемесі
II - Тарау Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
2. 1 Салық салу тәртібі
2. 2 Салық есептілін табыс ету
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Кіріспе
Салық - Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық- бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.
Үкімет 2003 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтық әкімгерудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда 14-15 процентке өсіруді көздеп отыр: салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту, салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру, салық қызметтерін компьютерлеу, салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, кеден және Салық комитеттері арасындағы ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру, кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім- шарттарда салықтық сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субъектілеріне кешенді салықтық тексерулер жүргізу жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Сонымен қатар қазіргі таңда Интеграцилық комитет шеңберінде « арналған орны» дәйегі бойынша өзара суда-саттықта қосалқы салықтарды алуға көшу жөнінде мәселелер жасақталынуда, бұл дегеніміз- Кедендік одаққа мүше қайсыбір мемлекеттің ұлттық заңдары тағайындалған экспорт кезінде нөльдік мөлшерлемені пайдалануды, импорт кезінде іс- қимылдағы мөлшерлеме бойынша салық салуды білдіреді.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркенд Pеспублика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл -ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Егеменді еліміздің салық саясаты жөнінде әртүрлі пікірлер бар. әрине, бұл түсінікті де. Өмірге жаңа құрылымдар келді, кәсіпкерлердің түрі көбейді, меншіктің алуан түрлілігі пайда болды. Осының бәрі салық саясатына ұдайы өзгерістер енгізіп отыруды алға тартары сөзсіз.
Қалай дегенде де қазір қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес салықтарды толық көлемде уақытылы жинау басты міндет.
Президентіміздің «Қазақстан -2030» деп аталатын халқымызға арнаған Жолдауы сондай құжаттардың санатына жатады. Онда алдағы 33 жылда қоғамымызды мемлекеттік саяси және әлеуметтік- экономикалық дамуының стратегиялық бағыттары айқындалған. Өйткені бұл Қазақстанның ерекшеліктерін ескере және әлемдік тәжірибеге сүйене мемлекетіміздің дамуының бүгінгі болашағына терең барлау жасаған құжат. 1
Бұл курстық жұмыс резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін қарастырады.
I-Тарау Қазақстанда салытатын салықтардың түрлері
- Салықтардың сипаттамасы
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатусышылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа даа мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық - қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан - салықты бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан - түрлі саланы бюджеттен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Қазақстан Республикасындағы салық салуды құқықтық реттеу өз дамуында үш кезеңнен өтті.
Салық реформасының бірінші кезең» (1992 жылдан 1995 жылдың маусымы аралығында)
Республикада салықтың 40- тан астам түрі әрекет етті;
- Жалпымемлекеттік салықтар
- Жалпыға міндетті жергілікті салықтар
- Жергілікті салықтар
Салық реформасының ekінші кезеңі «1995 жылдың шілдесінен 1999 жыл арлығында)
Бұл кезеңде салықтар саны 11-ге дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлшектенді. 1996 жылдан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына 30 дн астам өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Салықтар мен жиындардың саны 18 түрге дейін өсті.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан осы уақытқа дейінгі аралықта) . Жаңа Салық Кодексі салық жобасының әзірленуі. Заңның қабылдануына жобаның ғалымдармен, салық органдары мен салық төлеушілердің өзімен талқылануы бойынша үлкен жұмыс әсер етті.
1 кезең
Қазақстанның салық жүйесін құүруға өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, көбінде көрші мемлекеттер тәжірибесі, бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» тәжірибелік заңы Ресей заңының көшірілген нұсқасы ретінде саналды. Нәтижесінде, Қазақстанда федерациялық мемлекетке тән үш фазалы салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобынан тұрды;
- Жалпы мемлекеттік
- Жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен жиындар
- Жергілікті салықтар мен жиындар
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму тарихында 1994 жыл ерекше орын алады.
Дәл осы жылы салық жүйесін реформалау жолында алғашқы нақты қадам басылды. Екі ірі салық; жеке адамдардан алынатын табыс салығына және кәсіпорын пайдасының салығына өзгерістер енді.
K Р Президентінің заң күші бар «Жеке тұлғалар табысына салық салу туралы» және «Заңды тұлғалар пайдасы мен кірісі салығы туралы» Жарлықтары қабылданды. Көрсетілген заң шығару актілерінің қабылдануымен екі негізге салықты есептеу радикалдық өзгерістер қалыптасты.
Заңды тұлғалар бөлігінің келесі аспектілерінде өзгерістер болды; пайда салығы ставкасының дифференциасының жойылып, 30 процент барлық заңды тұлғалар үшін және 45 процент банктер мен сақтандыру ұйымдары үшін екі ставка бекітілді. Алғаш рет салық төлеушілер құрамына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бөлігіндегі бюджеттік ұйымдар кірді, жеңілдіктер ретке келтірілді және т. б.
1994 жылы Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінде болған өзгерістерді талдау, олардың фискалды сипатының нәтижесін ашуға мүмкіндік туғызады. Сонда да, іскерлік шаралар қолданылмаған, ВВп -ғы салық түсімдерінің үлес салмағы 1993 жылдың 14, 8 % -нан 1994 жылы 8, 4% төмендеді.
Салық ставкалары жоғары бола тұра, салық салу базасының қысқаруы кәсіпорын бөлігінің жасырын бизнеске кетуі нәтижесінде, олардан түскен түсімнің төмендеуінен, қатаң салық саясаты «салық қақпанына» әкеп соқты. Осыдан келіп, салық реформасының негізгі идеялары Қазақстан Республикасында келесі кезеңдер өсе бастады.
- Нарықтық қатынастарды ынталандыру, дәлірек айтқанда;
- кәсіпкерлікті белсенді қолдау
- жеке салық төлеушілерді алған табысын кәсіпкерлік қызметке салуға ынталандыру
- салық салуға кең заң шығару базасын белгілеу
- табысқа екі рет, үш рет салық салудан сақтау механизмін құру
- Салық салуда белгілі әділеттілікке қол жеткізу, дәлірек айтқанда;
- жағдайы нашарларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
- табыс көзінен тыс салық салудың біртұтас шақаласын құру
- мемлекеттің ұлттық және территориялық мүддeнсін есептеу
- салық салу жүйесін құрудың әлемдік тәжірибесін творчестволық пайдалануға ұмтылу
Осы мақсаттарға сай Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесін өзгерту және оны әлемдік стандарттарға жақындату туралы әрекет жасалды.
2 кезең
Кезеңнің міндеттері; салық ауыртпалығын төмендету, салық санын қысқарту, Қазақстанның салық жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату. Бұл талаптарға көбінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы жауап берді.
1999 жылдың 1 қантарынан бастап жалпымемлекеттік салықтар мен жиындарға; жол салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік қамсыздандыру үшін алынатын жиын мен автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы территориясына кіру үшін алынатын жиын кірді. Бұрын бұл төлемдер бюджеттен тыс қордың көзі ретінде саналды, кейін жол салығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жиыны жойылды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №440-1 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар « Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы Қазақстан Республикасының Заңы статусын иеленді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жоғарыда көрсетілген құжатқа сәйкес келесі салықтар, жиындар мен басқа да міндетті төлемдер кіреді;
-Заңды және тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған кқнға салық, акциздер
-Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу жиыны және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бағалы қағаздар
-Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемі мен салығы
-Әлеуметтік салық
-Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жол құру жиыны, жер салығы, заңды және жеке тұлғалар мүлігінің салығы, көлік құралдрына салынатын салық, біртұтас жер салығы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеу жиыны
-Қызметтің жеке түрімен айналысу құқығының лицензиялық жиыны
-Аукциондық сату жиыны, нарықта тауар өткізу құқығының жиыны
-Заңды және жеке тұлғалардың фирмалық атау, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде Алматы қаласының символиксын пайдалану үшін алынатын салық
-Заңды (мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мен коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың фирма атауында, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде «Қазақстан», «Республика», »Ұлттық» сөздерін пайдалануы үшін жиын
- кезең
Үшінші кезеңнің негізгі міндеті- бюджетке қатынасы бар мемлекеттік органдар мен фискалды органдардың және салық төлеушілердің арасындағы өзара қатынастың құқықтық аспектілерін күшейту болып табылады. Жалpы, 1995 жылғы салық құрылымы барынша оңтайлы.
Дегенмен 1995 жылғы салықө реформасын жүргізгеннен кейінгі ел экономикасында болған өзгерістер, елдегі салық қатынастарын реттейтін салық жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу және өзіндік қорғау мен жауапкершілікті нығайту мақсатында салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қатынасын заңды регламенттеу қажеттілігі есебінде әрекеттегі салық заңы базасында Салық кодексін әзірлеу қажеттігін көрсетті.
- Резидент еместердің табысына арналған салық туралы
ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі салық төлеушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қазақстандық көздерден табыс алатын резидент еместердің табысынан салық есептеу мәселесі бойынша бірнеше рет өтініш жазуларына байланысты мынаны хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңы 36- бабының 1- тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемемен байланысты емес табысына, егер табыс көзі Қазақстан Республикасында брлса, жиынтық табысы бойынша төлем көзінде шегеріс жасамай, осы Заңның 33- бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынуы керек.
Төлем кезінде табыс салығын есептеу резидент еместің тұрақты мекемемен байланысы жоқ, салықты ескеру жолымен айқындалған табысының сомасына салық ставкасын қолдану жолымен жүргізіледі.
Мәселен, егер резидент еместің қазақстандық кәсіпорынға көрсеткен қызметінен алынған табысы 100 шартты бірлікті құраса, онда 20 процент ставка бойынша есептелген табыс салығы 20 ш. б. құрайды.
Оны резидент табыс сомасынан ұстап қалады, яғни резидент емеске (100-20) =80 ш. б. мөлшеріндегі сома төленеді. Егер төлем көзіндегі табыс салығын резидент емеске табыс төлеуші резидент ұстап қалмаса және төлемесе, яғни 20 ш. б. мөлшеріндегі салық сомасы бюджетке резиденттің таза табысы есебінен аударылса, онда салық сомасы шегерімге жатпайды. .
Бұл ретте екі жағдайда да, егер ол Заңның 14- бабының қағидаларына сәйкес келсе, 100 ш. б. мөлшерінде есептелген табыс сомасы шегерімге жатады.
Резидент еместің табысынан алынатын салық ҚР резидентінің таза табысынан төленген жағдайда, резидент еместің табыс салығын қайтару жөнінде өтініш беруі заңсыз болып табылады, өйткені резидент емеске толықтай төленген, ал табыс салығы резиденттің таза табысы есебінен аударылған.
1. 3 Резиденттер мен резидент ем естер
Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан Салық Кодексінің 4 тармағында аталған жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңіне аяқталатын кез келген уздіксіз он екі айлық кезенде кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер ағымдағы салық кезеңінде және өткен екі салық кезеңінде Қазақстан Республикасында болған күндердің санына мынадай:
Ағымдағы салық кезеңінде болған күндердің санына -1,
өткен бірінші салық кезеңінде болған күндердің санына -1/3
өткен екінші салық кезеңінде болған күндердің санына -1/6 коэффициенттерін әрбір салық кезеңіне қолдана отырып анықталған күндердің саны кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңі үшін қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында отыз күттізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Қазақстан республикасында болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күннен кейінгі кезең резидент емес ретінде қаралады.
Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:
- жеке тұлға қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты болса.
- Жеке тұлғаның отбасы және жақын туыстары қазақстан Республикасында тұрса
- Кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін оған және оның отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш немесе Қазақстан республикасының азаматтығын қабылдай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғалар:
- мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жібергендер, оның ішінде дипломатиялық консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай- ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері
- тұрақты халықаралық тасымалдары жүзеге асыратын заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері.
Қазақстан республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері
Қазақстан республикасының шегінен тыс тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншігі немесе Қазақстан Республикасының субъектілері болып табылатын объектілерде жұмыс істейтіндер;
Оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан етудің бүкіл кезеңінде;
Сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады. Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны деп танылады.
1. 4 Резидент еместің тұрақты мекемесі
Кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде уәкілетті тұлға арқылы асырылатын қызметті толық немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда бұл қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап- буумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын.
Қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, резидент еместің кез келген басқару орны, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы, кеңсесі, офисі, кабинеті, агенттігі, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкені, қоймасы. Қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, көмірсүтектерін өндіру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын; шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, карьер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары.
Қызмет көрсету мерзімдеріне қарамастан, ойын автоматтарын компьютерлік желілер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп танылады.
Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектісі, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан тұрақты мекеме құрады.
Бұл ретте, атап айқанда, жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу және немесе қайта жаңарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, оның ішінде үйлер, ғимараттар салу және монтаждау жұмыстарын жүргізу, көпірлер, жолдар, каналдар салу және қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы деп түсініледі.
Құрылыс алаңы пайдалануға берілген объектіні қабылдау туралы актіге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейінгі күннен бастап өзінің іс- әрекетін тоқтатады.
Резидент емес, сондай- ақ, егер
- уәкілетті арқылы Қазақстан Республикасында сақтандыру сыйлықтарын жинауды жүргізсе және сақтандыру және қайта сақтандыру тәуекелін жүзеге асырса
- Қазақстан Республикасының аумағында қызметшілер немесе осы мақсаттар үшін жалданған қызметкер арқылы осы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үзіліссіз он екі айлық кезеңде үздіксіз күнтізбелік тоқсан күннен астам қызмет көрсетсе
- Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес құрылған және Қазақстан республикасының аумағында жұмыс істейтін жай серіктестікке қатысушы болып табылса
Қазақстан Республикасында ақылы негізде және тауарлар сатуды іске асыратын көрме өткізсе, резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негізінде Қазақстан Республикасында оның мүддесін білдіруге, іс- әрекет жүргізуге немесе оның атынан келісім- шарт жасасуға құқық берсе, ҚР тұрақты мекеме құрады.
177 бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезіндегі уақытша немесе маусымдық үзілістер тұрақты мекемені таратуға әкеп соқпайды.
Осы резидент еместің атынан келісім- шартқа қол қоюға уәкілеттік берілмеген тәуелсіз делдал арқылы ҚР кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретінде қарастырылмайды.
Өзінің әдеттегі қызметі аясында әрекет ететін және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсіз болып табылатын тұлға тәуелсіз делдал деп түсініледі.
ҚР заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы, егер еншілес және негізгі ұйымдардың арасында ережелеріне сай келетін қатынастар туындамаса, өзінің негізгі ұйымының тұрақты мекемесі ретінде қарастырылады.
Резидент еместің қызметі оның салық органында тіркеу есебіне тұрыуына немесе тұрмауына қарамастан сәйкес тұрақты мекеме құрады.
II - Тарау Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
2. 1 салық салу тәртібі
Резидент емес заңды тұлғаның 178 бабында белгіленген, ҚР тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген ставкалар бойынша шегерімді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуға тиіс.
Қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, тауарлар, мүлік беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету табысты төлеу деп түсініледі.
Төлем көзінен салық салуға мыналар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz