Кәсіпкерлік қызметтегі арнайы салық режимін қолдану


ЖОСПАР
Кіріспе3
1 Кәсіпкерлік қызметтегі арнайы салық режимін қолдану3
1. 1 Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимі3
1. 2 Патент негізіндегі және оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі7
Қорытынды10
Қолданылған әдебиеттер11
Кіріспе
Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет.
Берілген курстық жұмыста жаңа мемлекеттік саясатқа және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым қатынастың жаңа идеологиясына алып баратын өтпелі кезең ретінде қаралып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну. Ашық заңдық негіздер құру, әкімшілдік тосқауылдарды жою, кәсіпорындар мен акционерлік ұйымдардың кәсіби емес іс-қызметтерін нарықтық ортаға, ең бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру, инфрақұрылымдық жүйе құру, кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету шараларын іске асыру қарастырылған.
1 Кәсіпкерлік қызметтегі арнайы салық режимін қолдану
1. 1 Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимі
Арнайы салық режімі әлеуметтік және корпоротивтік немесе жеке табыс салықтары (жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталатын табыс салығынан басқа), сондай-ақ салық жүктемесін кемітуге бағытталған жеңілдік ставкалары мен басқа да тетіктер бойынша салық есеп беруін есептеу, төлеу және берудің оңайтылған тәртібін көздейді.
Арнайы салық режімі немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін таңдау кәсіпкерлердің еркімен жүргізіледі.
Арнайы салық режімі шегінде кәсіпкерлік қызметі нысананың көп түрлілігін ескеріп, шағын бизнес субъектісі үшін бөджетпен есеп айырысудың үш тәсілі ұсынылады:
- егер кәсіпкерлік қызметі мезеттік сипатта болса, бір жолғы талон негізінде;
- егер кәсіпкерде шағын кіріс болса және жеке кәсіпкер нысанында өз қызметін жүзеге асырса, онда ол патент негізінде бюджетпен есеп айырысуға құқылы;
- егер жалдамалы еңбекті тартумен бірге әртүрлі жоспарлы қызметі бар кәсіпкер оңайлатылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысады.
Бюджетпен есеп айырысудың аталған нысандары шектерінде салық салудың мұндай тетігі кәсіпкерлік қызметі дамуының әртүрлі деңгейін ескеруге мүмкіндік береді, бұдан басқа салық сауаттылығы дағдысын кәсіпкерге біртіндеп енгізеді, салмақты бизнеске біртіндеп көшуге мүмкіндік береді.
Қызметтің мынандай түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арнайы салық режімін қолдана алмайды.
1) акцизделген өнім шығару
2) кеңестік, қаржы бухгалтерлік қызмет көрсетулер
3) мұнай өнімдерін сату
4) шыны ыдысты сату және жинау
5) жер қойнауын пайдалану
Мыналарды қоспағанда лицензияланатындар («Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңының 9-II-I баптарын қарауы) :
- медициналық, дәрігерлік және ветеринарлық;
- тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру бойынша өндіріс, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
- күзет, өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау, монтаждау, орнату мен техникалық қызмет көрсету;
- өртке қарсы техниканы, өртке қарсы қорғау жабдығы мен құралдарды шығару мен сату;
- жолаушылар лифтерін монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету;
- дезинфекция, дератизация құралдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетудің түрлерін дайындау, шығару, ұқсату және көтеме сату,
- жолаушылар мен автомобиль көлігінен жүктерді халықаралық тасымалдау;
- дәрілік заттарды дайындау және сату;
- құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығару бойынша жобалық іздестіру;
- сараптық, құрылыс-монтаждық жұмыстар;
- алкоголь өнімін бөлшек сату.
2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметтің мына түрлерімен толықтырылады:
1) Почта байланысы мен теле коммуникациялар саласындағы өндіріс пен қызмет көрсету, байланыстың жалпы республикалық магистральдық халықаралық желілерін жобалау, салу, пайдалану және радиожүйелік спектерін пайдалану;
2) Жолаушыларды және жүктерді өзен көлігімен тасымалдау;
3) Жерге орналастыру, топография - геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу мен топографиялық - геодезиялық және картографиялық өнімдерін сату, өлшем құралдарын тексеру, өндіру және жөндеу, археология және тарих пен мәденит ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары;
4) Жол қозалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану;
5) Іздестіру - құтқару, тау - кен құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар;
6) Улы химикаттарды пайдалану қызметі;
7) Жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім; кәсіптік бастауыш білім; оның ішінде кәсіпкер бойынша; кәсіптік орта, кәсіптік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сондай - ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметі;
8) Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;
9) Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар, оқу - әдістемелік кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетін басып шығару жөніндегі қызмет;
10) Әуежайларда, азаматтық әуе кемелерде жолаушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
11) Электр және жылу қуаттарын өндіру, беру және бөлу, жарылу-өртену қаупі бар және тау-кен өнеркәсібі өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтар, сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, салу және пайдалану;
12) Химиялық, бұрғылау, мұнай - газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын жарылыстан қорғалған электро техникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгі беру аппаратуралары мен жүйелерін, көтергіш құрылғыларды, сондай - ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтарды, сауыттар мен өткізгіш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
13) Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;
14) Әуежай, әуе аймақ, аэро навигацияны ұстау, жөндеу, пайдалану;
15) Темір жолдың жылжымалы составын, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді дайындау және жөндеу;
16) Қолма - қол шетел валютасына бөлшек сауда жасау және қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның ішінде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардың, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтіру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистік күтім жасау жөніндегі қызметтің барлық түрлері.
Бір сөзбен айтқанда, аталған түрлері бойынша лицензияланған қызметтің лицензияланған қызметті жүзеге асырушылар арнайы салық режимін қолдана алады.
Бұдан басқа мыналар:
- филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
- филиалдардың, өкілдіктердің өздері;
- заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
- әртүрлі елді мекендердегі өзге оқшауланған құрылымдық, бөлімшедері бар салық төлеушілер арнайы салық режимін қолдануға құқылы емес.
Бір жолғы талон кезіндегі арнайы салық режимі қызметі мезеттік, сипаттағылар үшін көзделген. Мұндай қызмет деп бір жылда жалпы алғанда 90 күннен астам емес жүзеге асырылатын қызмет түсініледі. Бір жолғы талонды қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін алған мұнадай кәсіпкерлер бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.
Мысалы, жеке тұлға бір жолғы талон негізінде газеттер мен журналдар-ды сатумен айналысады. Бұл ретте, бір жыл ішінд олар жалпы алғанда 80 күнге (мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге және тамызда 10 күнге) бір жылғы талондарды сатып алды. Осындай жолмен, онда енді 10 күнге жыл соңына дейін бір жолғы талон бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Егер де жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға ниеттенсе және ол бір жыл ішінде бір жылғы талон бойынша 90 күн жұмыс істесе онда оған салық органында жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту және салық салудың басқа режиміне көшу керек.
Бір жылғы талондар негізінде қызметін мезеттік сипатта жүзеге асыра-тын жеке тұлғалар әлеуметтік салықты төлемейді және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады. Олар сондай - ақ бақылау - кассалық аппараттарын қолданудан босатылады, оларға қойлатын жалғыз талап - қолдарында бір жолғы талонның бар болуы. Бір жолғы талон қызметте жүзеге асыру басталғанға дейін алынады.
Қызмет түлерінің тізбегі, бір жолғы талондарды сатып алу мүмкінлігі және оларды беру тәртібін өкілетті мемлекеттік органдар белгілейді. Бүгінгі таңда мұндай орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Салық комитеті. Бір жолғы талондардың құны қызмет түрлеріне байланысты, белгілі жердегі нақты жағдайдан шыға отырып, жергілікті өкілдік органдардың (мәслихаттар) шешімімен белгіленеді.
Бір жолғы талон бір күнге де, бірнеше күнге де алынады. Бұл ретте. Бір жолғы талон құны қызметті жүзеге асыру күндерінің санына көбейтіледі.
1. 2 Патент негізіндегі және оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі
Бизнесі тұрақты сипат алатын жеке кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп айырысудың патенттік нысаны көзделген. Оны жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жылына 2 млн тенгеден астам емес кіріс алатын жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер пайдалана алады. Патент нысанының бюджетпен есеп айырысудағы мәні қызметін жүзеге асырғанға дейінгі көрсетілген болжанатын кірісінен 3% мөлшерінде төлеу болып тұжырымдалған. Басқаша айтқанда, салықтарды кәсіпкер өзі болжанатын кіріске (3%-ке тең) бір тұтас ставканы қолдану жолымен, қандай да бір есеп айырысуларды жүзеге асырусыз есептейді. Алынатын сома жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар түрінде тең үлестермен бюджетке кәсіпкер төлеуі тиіс патент құны болып табылады. Салық міндеттемелерін айқындаудың мұндай тетігі кәсіпкер үшін қиындық тудырмайды.
Мысалы, 80 мың теңгедегі жеке кәсіпкердің болжанатын кірісі кезінде патент құны 2400 теңге құрайды (80 мың теңге3% ) . Патент құны жеке табыс салығы 1200 теңге мен әлеуметтік салыққа 1200 теңге бөлінеді. (2400 теңге /2=1200 теңге) жек бюджетке аударуға жатады. Жеке кәсіпкерге патентті патент құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке төлеуді растайтын құжаттарды бергеннен кейін, бір күнтізбелік жыл ішіндегі кем дегенде бір ай мерзімге береді.
Патент алу үшін жеке кәсіпкер өкіметті мемлекеттік орган белгіленген форма бойынша қызмет түрі көрсетілген өтініш, мемлекттік тіркеу туралы куәлігін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына тапсырады. Қызметтің лизенцияланатын түрін жүзеге асыру кезінде, қызметті жүзеге асыруға құқығы бар лицензияны көрсетуі тиіс. Бұл ретте, лицензияның қызмет ету мерзімінен аспайтын мерзімге патент беріледі.
Нақты алынған кіріске байланысты ұлғаю жағына да, кему жағына да патент құнын қайта есептеуді жүргізуді мүмкіндік беретін норманың Салық кодексінде көзделгеніне назар аудару қажет.
Көрсетілген кірістен нақты кірістің алуы кезінде салық төлеуші өсу сомасын 5 жұмыс күні ішінде көрсетуі және осы сомадан салықтарды төлеуі жүргізуі қажет. Егер патентті алу кезінде көрсетілген кірістен нақты кіріс төмен болған жағдайда, онда артық төленген соманы қайтару салық органы жүргізген хрононетраждық зерттеу өткіуден кейін салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, осы режимде норма енгізілгеніне салық төлеушіні назар аударуы қажет, оған сәйкес кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініш қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына беру қажет. (Қазақсатн Республикасы Салық кодексінің 374-ші бабындағы 5-ші тармақ) .
Мұндай өтініш болмаған жағдайда, салық органдарына жалпы белгіленген тәртіпте есеп айырысуды осы салық төлеуші жүргізеді деп санауға құқық береді.
Егер салық төлеуші қызметін жүзеге асыру үшін патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алмайтын жағдай туып жатса (жалдамалы қызметкерлерді тарту қажеттілігі немесе кірісі 2 млн теңгеден асса) өтініші бойынша азайтылған декларация негізінде арнай салық режиміне немесе салық төлеу мен есептеудің жалпы белгіленген тәртібіне көшеді. Мұндай өтініш патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алмайтын жағдай туындаған сәтте беріледі.
Шағын бизнес субъектілері үшін бюджетте есеп айырысудың негізгі нысаны оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимі болып табылады.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық салу режимі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салмағын азайтуға бағытталған салықта есептеумен төлеудің оңайтылған тәртібін, жеңілдік ставкалары мен басқа да механизмдерді қарастырады. Мұндай нысан жалдамалы жұмысшы еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлер үшін жасалған.
Егер орташа тізімді сан кәсіпкердің өзін қоса есептегенде, жалдамалы жұмысшы саны 15 адамнан және тоқсан үшін кірісі 4, 5млн теңгеден аспаса, жеке кәсіпкер оңайтылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысуға құқы бар. Шағын бизнес субъектілері- заңды тұлғалар үшін мынандай шекті мөлшері белгіленген: тоқсан сайынғы кірісте 25 адам және 9 млн теңге.
Салық салудың мұндай режиміне көшу үшін салық төлеуші тоқсан басынад қызметті жүзеге асыру орнындағы салық органына белгіленген нысандағы өтініш беру қажет. Егер салық төлеуші әртүрлі аймақтық-әкімшілік бірліктердің аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын болса, онда өтініш беру үшін салық органын өз бетінше айқындау құқығы беріледі.
Осы режим мыналармен ерекшеленеді:
- біріншіден, салық міндеттемелерін есептеу нақты алынған кіріс бойынша тоқсан аяқталған соң жүргізіледі;
-екіншіден, оңайтылған декларация негізінде салықтарды есептеу, шығыстарды ескерусіз біріңғай ставка бойынша есептеледі. Яғни, корпоративтік немесе жеке табыс салығын және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін шығыстар есебін жүргізу қажет емес.
Қосылған құн салығы шегеріміне тоқсан үшін жалпы алынған кіріске салықтарды есептеу кезінде күрделі-прогрессивтік ставкалардың шәкілі қолданылады: үш дәрежелі жеке кәсіпкерлер үшін және төрт жәрежелі заңды тұлғалар үшін.
Оңайлатылған декларация бойынша салықтар саласын есептеуді салық төлушілер тоқсан аяқталған соң, есепті тоқсанда нақты алынған кіріске сәйкес шкалалардың ставкасы бойынша, өз бетінше жүгізіледі, жеке кәсіпкерлердің кірісіне қарай түрленбелі 3%-тен 7%-ке дейін, заңды тұлғалардан 4%-тен 9%-ке дейін.
1-кесте - 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап салық ставкалары кестесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz