Қазақстандағы салық жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
І тарау. Қазақстандағы салық жүйесі 4
1.1. Салық түрлері 4
1.2. Салық түрлерінің жіктемелері 6
Қорытынды 8
Әдебиеттер тізімі 9

Кіріспе

Бұл жұмыс Қазақстанға, оның салық жүйесіне, қалыптасқан салықтық
ахуал мен салық жүйесінің келелі мәселелері мен қиындықтарына, негізгі
салықтық көрсеткіштерге және салықтың елдегі экономикалық ықпалына
арналады.
Салық салу кез келген мемлекеттің қалыптасуының, қоғамның экономикалық
және әлеуметтік даму жолындағы бірден-бір негіздемесі. Салық – қоғамның
класстарға бөлінуіне және мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты,
Қоғам дамуының тарихында көз салар болсақ, ешқандай мемлекет салықсыз
өмір сүрмеген, себебі, ұжымдық сұранысты қанағаттандыру үшін белгілі
ақшалай сома қажет. Ал, бұл сома – салықтың көмегімен жиналады.
Бұл жұмыстың мақсаты - салық салу жүйесінің теориялық негізін саралап,
оның Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі арқылы жүзеге асырылу
барысын бақылау болып табылады.
Салық жүйесі – реформаланып жатқан экономиканың ең жанды жері десе де
болады. Ол Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлшегі.
Бүгінде салық қоғам алдында тұрған келелі міндеттерді шешуге бағытталған
кешенді жүйелік реформалардың ажырамас бөлігі болуы керек. Салық саясатының
негізін жасақтай отырып, республика үкіметі төтенше күрделі мәселені шешу
қажеттілігіне кезікті. Оның негізі сол, бірденнен көптеген жағдайлар мен
факторларды ескеру қажет: салық саясаты мемлекеттік және жергілікті
бюджеттердің табыс бөлігін кепілді қамтамасыз етуі керек; экономика дамуын
ынталандыру үшін аударылатын қаржылардың ставкалары барынша төмен болуы,
ал салық салу тетігі барынша қарапайым болуы керек.
Салық жүйесінің кемшіліктері де жоқ емес, олар - салық санының
көптігі, ставканың шектен тыс болуы, тағысын-тағы. Осынау проблемаларды
шешу үшін, салық кодексі, нормативтік құжаттарына өзгертулер,
толықтырулар енгізіліп, салық салу жүйесіне қатысушылардың мүмкіндіктерін
жеңілдетуге, мемлекет қазынасына мол қаржы түсімін ұйымдастыруға жағдайлар
жасалынуда және реформаланып отырған экономиканың келелі мәселелерін шешуге
салық саясатының қосар үлесі арттырылуда.

І тарау. Қазақстандағы салық жүйесі

1.1. Салық түрлері

Қазақстанның салық жүйесін Мемлекеттік салық комитетін басқарады. Ал,
оның өзі Қазақстанның Қаржы министрлігіне қарайды және Елбасы мен
Үкіметке бағынады, бұл ведомствоны қазір Марлен Ысқақов басқарады.
Салық комитетінің бүгінгі күндегі басты міндеті - салық туралы
заңнаманың орындалуын, мемлекет қазынасына салықтар мен басқа да
төлемдердің дер кезінде түсуін қадағалау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мемлекет
алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалу барысын қадағалайтын және
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке салықтық
түсімдер мен басқа міндетті түсімдерді қамтамасыз ету саласындағы
басшылықты және саларалық үйлестіруді, міндетті зейнетақы жарналарының
дер кезінде және толық аударылуын бақылайтын ведомство болып табылады.
Комитеттің аймақтық органдары бар: оларға аймақаралық салық
комитеттері, облыстар бойынша, Астана мен Алматыда қалалары бойынша
салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, арнайы экономикалық
аймақтардың салық комитеттері бар.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін салықтар екіге:
тіке және жанама салықтар болып жіктеледі
Тіке салықтар дегеніміз - табыстан немесе салық төлеушінің мүлігінен
төленетін салықтар. Тіке салықтар мемлекеттік нақты және белгілі көлемде
салық береді. Бұл салықтарды төлеген кезде мемлекет салық төлеушімен
тікелей байланысқа түсіп, азамат ретіндегі оның міндетін анық нақтылай
алады. Тіке салықтар көп жағдайда кейбір экономикалық құбылыстардың қарқыны
мен спецификасын көрсете алмайды. Сондықтан да жанама салықтардың
көмегімен бірқатар мемлекеттік тиімділіктер қамтамасыз етіледі.
Жанама салықтар дегеніміз - бағаға немесе тарифке қойылған
тауарлар мен қызметтер салығы және оның салық төлеушінің табысымен
немесе мүлігімен еш байланысы жоқ.
Ал, салық кодексінде қарастырылған салықтар түріне тоқталар
болсақ, Қазақстанда мемлекеттік қазынаның көзін үйлестіруші болып
табылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтың мәні, функциясы, түсінігі
Пайдаға салынатын салық
Қазақстандағы кәсіпкерлік сферасындағы салықтық жүктеменің жағдайы
Салық салудың міндеттілігі принципі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
ХІХ Ғ. 60 - 90 - ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ
Салық салу жүйесінің бейтараптылығы
Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері
Пәндер