Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Мемлекеттік тіркеу және есепке қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі ... ... 6
Салық салу режимін тандау құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Бір жолғы талон негізіндегі арнайы салық режимі ... ... ... ... 9
Патент негізіндегі арнайы салық режимі ... ... ... ... ... ... ... .11
Оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық
режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
Салық есеп беру мен салық есеп беруін тапсыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 9
Салықтарды төлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Арнайы салық режиміне көшу мен қайту тәртібі ... ... ... ... .21
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою тәртібінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .22
Қазыналық жадуалы бар бақылау- касса машиналарын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Салық және бухгалтерлік есепті жүргізу ... ... ... ... ... ... ... 24
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе.

Қазақстанда кәсіпкерлік қозғалысын дамытуды және шағын бизнестің өсуін
қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу рәсімін оңайлатуға бағытталған
біркатар шараларды көздейді.
Жекелеген салықтарды есептеу мен төлеудің ерекше (оңайлатылған) тәртібін
қолдануға, сондай-ақ олар бойынша салық есеп беруін беруге қатысты "Салык
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) негізгі ережелері "Арнайы салық
режимі" 15-бөлімінің "Жалпы ережелер" 63-ші және "Шағын бизнес субъектілері
үшін арнайы салық режимі" 64-тарауларында біріктірілген.
Бұл ретте, арнайы салық режимін қолданатын занды тұлғалар - шағын бизнес
субъектілері үшін осы тарауларда корпоративтік табыс және әлеуметгік
салықтар бойынша, ал жеке кәсіпкерлер үшін - жеке табыс және әлеуметтік
салықтар бойынша оңайлатылған ережелер көзделген.
Сонымен қатар, Салық кодексінің басқа да бөлімдерінде бюджетпен уақтылы
және толық көлемде есептесуге тырысатын шағын бизнес субъектілері үшін
қызығушылык тудыратын ережелер бар. Бұл режимдер осындай салық төлеушілерге
көмек керсетуге арналған.

Мемлекеттік тіркеу және есепке қою.

Жаңа бастаған кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін тіркелу
қажет.
Шағын бизнес субъекгілері - заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан
Республикасының әділет органдарында жүзеге асырылады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 42-бабындағы және Қазақстан
Республикасының Салық кодексінің 398-400 баптарындағы үзінділерді
қараумызға болады).
Занды тұлғаны тіркеу үшін кәсіпкер тіркеуші органға өтініш береді және
құрылтай қүжаттары, сондай-ак мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеуді
растайтын күжат та қоса беріледі. Әділет органдарында шағын кәсіпкерлік
субъектілерін мемлекеттік тіркеу 3 жүмыс күні ішінде жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлерді міндетті мемлекеттік тіркеу егер ол жалдамалы
қызметкерлердің еңбегін пайдаланған және оның жылдық жиынтық кірісі
Қазақстан Республикасының заң актілерімен жеке түлғалар үшін белгіленген
жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшерінен асқан жағдайларда
кәсіпкердің тұратын жері бойынша салық органында жүзеге асырылады. Салық
салынбайтын салықпен жылдық жиынтық кіріс бір жыл үшін айлық есептік
көрсеткіштер (АЕК) сомасы ретінде айқындалады, 2001 жылы бұл сома 9300
теңге құрайды (775 теңге х 12 ай) ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 9-10-баптарынан үзінділер).
Мемлекетгік тіркеу үшін салық органына жүгінуден бұрын кәсіпкер мемлекеттік
тіркеу үшін алымды төлеуі қажет (Қазақстан Республикасы Салық кодексінін.
401-403-баптарынан үзінділер).
Шаруа (фермер) қожалықтары, барлық санаттағы мүгедектер, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға кұрмастан
кәсіпкерлік қызметімен айналысатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеуден
босатылады.
Алымды төлегеннен кейін кәсіпкерге белгіленген нысандағы өтінішті,
мемлекеттік тіркеу үшін алым туралы қүжатты (түбіртек) салық органына беру
қажет. Көрсетілген құжаттар барлығының кезінде салық органы құжаттарды беру
күніне кәсіпкерді мемлекетгік тіркеуді жүргізеді.
Егер жеке кәсіпкер көрсеткен өтініште кызметті жүзеге асыру мерзімі
көрсетілмесе, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі.
Он жұмыс күнінің ішінде шағын кәсіпкерлік субъекгілер - занды тұлғалар
мемлекетгік тіркеуден өткеннен кейін салық органына қою және салық
төлеушінің тіркеу нөмірін алу (СТН) үшін салық органына жүгінуге міндетті.
Жеке кәсіпкерлер егер жоқ болса, СТН-да алуы тиіс. Бұл үшін олар салық
органына өтініш беруі кажет. Салық телеушінің өтінішті беруінен кейін екі
жұмыс күнінің ішінде салык, органы оған СТН мен Салық телеушінің куәлігін
береді (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 520-525-баптарынан
үзінділер).
Салық төлеушінің куәлігін алып және салық органында есепке тұрып,
кәсіпкерге бюджетпен есеп айырысудың тәртібін тандау қажет. Салық
заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектісіне жалпы белгіленген тәртіпте
немесе арнайы салық режимі бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүргізуге қүқық
беріледі. Осы курстық жұмыста шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық
салу режимі көрсетілген.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі

Арнайы салық режимінің мәні

Арнайы салық режимі әлеуметгік және корпоративтік немесе жеке табыс
салықтары (жалдамалы кызметкерлердің еңбекақысынан ұсталатын табыс
салығынан басқа), сондай-ак, салык жүктемесін кемітуге бағытталған жеңілдік
ставкалары мен басқа да тетіктер бойынша салық есеп беруін есептеу, төлеу
және берудің оңайлатылған тәртібін көздейді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданудың өлшемдері.
"Шағьн кәсіпкерлікті мемлекетгік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес заңды тұлға құрмай жеке тұлғалар және қызметкерлердің орташа
жылдық саны 50 адамнан аспайтын және алпыс мың еселік есептік көрсеткіштен
аспайтын бір жыл үшін орташа активтердің жалпы құнымен (2001 жылы - 46,5
млн теңге) кәсіпкерлік қызметімен айналысатын занды тұлғалар шағын
кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Тек салық мақсаттарында, яғни шағын бизнес субъекгілері үшін арнайы салық
режимін колдану үшін Салық кодексінде "шағын бизнес субъектілері" термині
пайдаланылады, оған сәйкес қызмеггің кіріс, саны және түрлері бойынша
шектеулер белгіленеді.
Мысалы, "шағын бизнес субъектілері" түсінігіне мыналар түседі:
жеке көсіпкердің өзін қоса қызметкерлердін саны 15 адамнан аспайтын, ал
тоқсандық кірісі 4,5 млн теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер (занды тұлға
құрмай кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке түлғалар);
тоқсан үшін қызметкерлерінің саны 25 адамнан аспайтын, тоқсандық кірісі 9
млн теңгеден аспайтын заңды тұлғалар.
Бұдан басқа, қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыратын занды тұлғалар мен
жеке кәсіпкерлер арнайы салық режимін қолдана алмайды:
1) акцизделген өнім шығару;
2) кеңестік, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсетулер;
3) мұнай өнімдерін сату;
4) шыны ыдысты сату;
5) жер қойнауын пайдалану;
6) мыналарды коспағанда лицензияланатындар ("Лицензиялау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 9-11-1-баптарынан үзіндіні қараңыз):
6.1 медициналық, дәрігерлік және ветеринарлық;
6.2 тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объекгілерді газдандыру бойынша
өндіріс, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
6.3 күзет, өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құраддарын жобалау,
монтаждау, орнату мен техникалық қызмет көрсету;
6.4 өртке қарсы техниканы, өртке қарсы қорғау жабдығы мен қүралдарды шығару
мен сату;
6.5 жолаушылар лифтерін монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету;
6.6 дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен аспаптарын, сондай-
ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетудін түрлерін
дайындау, шығару, ұқсату және көтерме сату;
6.7 жолаушылар мен автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдау;
6.8 дәрілік затгарды дайындау және сату;
6.9 қүрылыс материалдарын, бүйымдар мен конструкцияларды шығару бойынша
жобалық-іздестіру, сараптық, құрылыс-монтаждық жұмыстар;
6.10 алкоголь өнімін бөлшек сату.
Басқаша айтқанда, қызметгің лицензияланатын түрлері 6.1-6-10-тармақ-
шаларында керсетілгендерді жүзеге асырушы тұлғалар шағын бизнес
субъектілері үшін арнайы салық режимін қолдана алады.
Мысалы, кәсіпкердің шагын дукені және тіскебасарымен бірге май құю
станциясы бар. Бул жағдайда, арнайы салық режимін қолдана алмайды, өйткені
осы режим мұнай өнімдерін сатуга таралмайды.
Бүдан басқа, мыналар:
филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлгалар;
филиалдардьң, өкілдіктердің өздері;
занды тұлғалардың елшілес ұйымдары мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
әртүрлі елді мекендердегі өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық
төлеушілер арнайы салық режимін қолдануға құқылы емес.
Мысалы, заңды тұлга арнайы салық режимін қолданудың негізгі шарттарына
(кіріс, қызметкерлердің саны мен қызмет түрлері бойынша) сәйкес келеді,
алайда онда филиал бар. Бұл жағдайда, осы заңды тұлга мен оның филиалы
арнайы салық режимін қолдануға құқылы емес.

Салық салу режимін таңдау құқығы.

Арнайы салық режимін немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін
тандауды кәсіпкер ерікті негізде жүргізеді. Бұл ретте, шағын бизнес
субъектісі бюджетпен есеп айырысудың бір нысанын ғана таңдауға құқылы.
Арнайы салық режимі шегінде кәсіпкерлік қызметі нысанының көптүрлілігін
ескеріп шағын бизнес субъектісі үшін бюджетпен есеп айырысудың үш тәсілі
үсынылады." Егер кәсіпкерлік қызметі мезеттік сипатта болса бір жолғы талон
(1-кестені қараңыз) негізінде. Егер кәсіпкерде шағын кіріс болса және жеке
кәсіпкер нысаныңда өз қызметін жүзеге асырса, онда ол патент негізінде (2-
кестені қараңыз) бюджетпен есеп айырысуға құқылы. Жалдамалы еңбекті
тартумен бірге әртүрлі жоспарлы қызметі бар кәсіпкер үшін оңайлатылған
декларация негізінде - бюджетаен есеп айырысудын, үшінші нысаны (3-кестені
қараңыз) ұсынылады.
Бюджетпен есеп айырысудың аталған нысандары шектерінде салық салудың мүндай
тетігі кәсіпкерлік қызметі дамуының әртүрлі деңгейін ескеруге мүмкіндік
береді, бүдан басқа салық сауаттылығы дағдысын кәсіпкерге біртіндеп
енгізеді, салмақты бизнеске біртіндеп көшуге мүмкіндік береді.

Бір жолғы талон негізіндегі арнайы салық режимі.

Бір жолғы талондар қызмет мезетгік, түрақты емес сипаттағы жеке тұлғалар
үшін көзделген. Мұндай қызмет деп бір жылда жалпы алғанда 90 күннен астам
емес жүзеге асырылатын қызмет түсініледі. Бүл ретте, жеке тұлға жеке
көсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылған.
Мысалы, жеке тұлга бір жолғы талон негізінде газеттер мен журналдарды
сатумен айналысады. Бул ретте, бір жыл ішінде олар жалпы алганда 80 күнге
(мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге және тамызда 10
күнге) бір жолғы талондарды сатып алды. Осындай жолмен, онда енді он күнге
жыл соңына дейін бір жолғы талон бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Егер де жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға ниеттенсе және ол бір
жыл ішінде бір жолғы талон бойынша 90 күн жумыс істесе, онда оған салык,
органында жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту және салық
салудың басқа режиміне көшу керек.
Бір жолғы талондар негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке
тұлғалар да бақылау-кассалық аппараттарын қодданудан босатылған және оларға
қойылатын жалгыз талап - колдарында бір жолғы талонның бар болуы. Бір жолғы
талон қызметгі жүзеге асыру басталғанға дейін алынады.
Бір жолғы талондарды сатып алу жолымен бюджетке есеп айырысуды жүргізу
рүқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілейді. Бір жолғы талондардың қүнына
қатысты болса, онда мұндай қүқық белгілі жердегі нақты жағдайдан шыға
отырып талондардың құнын белгілеу кезінде бағдарланатын жергілікті өкілдік
органдарына (мослихаттарға) берілген.
Бір жолғы талон 1 күнге де, бірнеше күнге де алынады. Бұл ретте, бір жолғы
талон қүны қызметті жүзеге асыру күндерінің санына көбейтіледі.
Мысалы, бір күнге газеттер мен журналдарды сату бойынша қызметтің түрімен
айналысуға бір жолғы талон құны 40 теңге қурайды. 6 күн ішінде күнсайын
қызметтің осы түрімен айналысуды болжайтын жеке тұлғаға бір жолғы талон 240
теңгедегі соманы төлеу кезінде осы кезеңге беріледі, яғни 40 теңге х 6 күн
= 240 теңге.

Патент негізіндегі арнайы салық режимі.

Бизнесі тұрақты сипат алатын жеке кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп
айырысудың патенттік нысаны көзделген. Оны жалдамалы қызметкерлердің
еңбегін пайдаланбайтын және жылына 1,5 млн теңгеден астам емес кіріс алатын
жеке косіпкерлік нысанындағы қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер
пайдалана алады. Есеп айырысудың Мұндай нысаны шағын айналымы бар жаңа
бастаған көсіпкерлер үшін ыңғайлы.
Мысалы, орташа айлық кірісі 30 мың теңге құрайтын, өз бетінше қолөнер
кәсібімен айналысатын аяк,-киім жөндеу жөніндегі шебер, яғни орташа бір жыл
үшін 360 мың теңге (30 мың теңге х 12 ай = 360 мың теңге).
Патент алу үшін кәсіпкерге қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық
органына болжанатын кірісті көрсете отырып патент алуға өтініш және Жеке
кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куөлік, сондай-ақ қызметтің
лицензияланатын түрін жүзеге асыру кезінде лицензияны беру қажет. Бұл
ретте, лицензияның қызмет ету мерзімінен аспайтын мерзімге патент беріледі.
Патент бойынша салықтар сомасы салық төлеушіні көрсетілген болжанатын
кірісінен 3 процент мөлшерінде белгіленген. Басқаша айтқанда, салықтарды
кәсіпкер өзі болжататын кіріске біртұтас ставканы қолдану жолымен (3
процентке тең) қаңдайда бір есеп айырысуларды жүзеге асырусыз есептейді.
Алынған сома жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар түрінде тең
үлестермен бюджетке кәсіпкер төлеуі тиіс патент кұны болып табылады. Салық
міндетгемелерін айқындаудың мүндай тетігі кәсіпкер үшін қиындық тудырмайды.
Мысалы, 60,0 мың теңгедегі жеке кәсіпкердің болжанатын кірісі кезінде
патент қуны 1800 теңге құрайды (60,0 мың теңге х 3 %). Патент құны жеке
табыс салығы (900 теңге) мен әлеуметтік салыққа (900 теңге) бөлінеді (1800
: 2 = 900 теңге) және бюджетке аударуға жатады.
'' Патентті салық органдары патент қүны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына
міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке төлеуді растайтын құжаттарды салық
телеуші бергеннен кейін береді.
Нақты алынған кіріске байланысты үлғаю жағына да, кему жағына да патент
күнын қайта есептеуді жүргізуге мүмкіндік беретін норманың Салық кодексінде
көзделгеніне Сіздің назарыңызды аударамыз.
Көрсетілген кірістен нақты кірістің асуы кезінде салық телеушіге асу
сомасын 5 жүмыс күні ішінде керсетуі және осы сомадан салықтарды төлеуді
жүргізуі кажет.
Мысалы:
Кәсіпкердің көрсетілген сомасы патент алу кезінде 50,0 мың теңге қурады,
нақты 80,0 мың теңге алды. Асу сомасы 30,0 мың теңге құрайды. Бұл жағдайда,
оған 450 теңгедегі жеке табыс салығын, 450 теңгедегі әлеуметтік салығын 900
теңгеде (30,0 мың теңге х 3 %) қоса төлеу қажет.
Егер патенті алу кезінде көрсетілген кірістен нақты кіріс төмен болған
жағдайда, онда артық төленген соманы қайтару салық органы жүргізген
хронометраждық зертгеу өткізуден кейін салық төлеушінің өтініші негізінде
жүргізіледі.
Патентті жеке көсіпкердің ниеті бойынша салык органы бір айға да, бірнеше
айға да, бірак. бір жылдан астам мерзімге беруі мүмкін. Сондай-ақ осы
режимде норма енгізілгеніне салық төлеушінің назар аударғанын калар едік,
оған сойкес кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтату жағдайында патент
негізіндегі бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерге кәсіпкерлік
қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініш қызметгі жүзеге асыру орны
бойынша салық органына беру қажет (Қазақстан Республикасы Салык, кодексінің
374-бабындағы 5-тармак,).
Мұндай өтініш жоқ болған жағдайда салық органдарына жалпы белгіленген
тәртіпте бюджетаен есеп айырысуды осы салық төлеуші жүргізеді деп санауға
құқық береді. Жеке кәсіпкерге қызметін жүзеге асыру үшін жалдамалы
қызметкерлерді тарту кезінде немесе кірісінің 1,5 млн теңгеден асуы кезінде
оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режиміне немесе салық
салудың жалпы белгіленген тәртібіне көшу қажет.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі.

Шағын бизнес субъектілері үшін бюджетпен есеп айырысудың негізгі нысаны
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі болып табылады. Бұл
нысан жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлерге
арналған.
Салық төлеушіге салық салудың осы режиміне көшу үшін тоқсан басталғанға
дейін белгіленген нысандағы өтінішті қызметті жүзеге асыру орны бойынша
салық органына беру қажет. Кәсіпкердің әртүрлі аумақтық-әкімшілік
бірліктердегі қызметін жүзеге асыруы кезінде оған өтініш беру үшін салық
органын өз бетінше айқындау құқығы беріледі.
Осы режим мыналармен ерекшеленеді:
біріншіден - салық міндетгемелерін есептеу нақты алынған кіріс бойынша
тоқсанньң аяқталуы негізінде жүргізіледі;
екіншіден - оңайлатылған декларация негізінде есептелетін салықтар
шығыстарды ескерусіз бірынғай ставка бойынша есептеледі. Яғни,
Корпоративтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнеске салық салу режимі
Арнаулы салық режимдері туралы
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ_
Арнаулы салық режимдері
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу тәртібі
Салық режимі
Жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу ставкалары
Қазақстан Республикасының арнайы салық режимдері
Пәндер