Салық төлеушілер


Жоспар
- Кіріспе
- Көлік құралдарына салынатын салық туралы (Қазақстан Республикасының Заңы)
- Жалпы ережелері
- Қорытынды
Кіріспе
Бұл жұмыс Қазақстанға, оның салық жүйесіне, қалыптасқан салықтық ахуал мен салық жүйесінің келелі мәселелері мен қиындықтарына, негізгі салықтық көрсеткіштерге және салықтың елдегі экономикалық ықпалына арналады.
Салық салу кез келген мемлекеттің қалыптасуының, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы бірден-бір негіздемесі. Салық - қоғамның таптарға бөлінуіне және мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты,
Қоғам дамуының тарихында көз салар болсақ, ешқандай мемлекет салықсыз өмір сүрмеген, себебі, ұжымдық сұранысты қанағаттандыру үшін белгілі ақшалай сома қажет. Ал, бұл сома - салықтың көмегімен жиналады.
Бұл жұмыстың мақсаты - салық салу жүйесінің теориялық негізін саралап, оның Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі арқылы жүзеге асырылу барысын бақылау болып табылады.
Салық жүйесі - реформаланып жатқан экономиканың ең жанды жері десе де болады. Ол Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлшегі. Бүгінде салық қоғам алдында тұрған келелі міндеттерді шешуге бағытталған кешенді жүйелік реформалардың ажырамас бөлігі болуы керек. Салық саясатының негізін жасақтай отырып, республика үкіметі төтенше күрделі мәселені шешу қажеттілігіне кезікті. Оның негізі сол, бірденнен көптеген жағдайлар мен факторларды ескеру қажет: салық саясаты мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің табыс бөлігін кепілді қамтамасыз етуі керек; экономика дамуын ынталандыру үшін аударылатын қаржылардың ставкалары барынша төмен болуы, ал салық салу тетігі барынша қарапайым болуы керек.
Салық жүйесінің кемшіліктері де жоқ емес, олар - салық санының көптігі, ставканың шектен тыс болуы, тағысын-тағы. Осынау проблемаларды шешу үшін, салық кодексі, нормативтік құжаттарына өзгертулер, толықтырулар енгізіліп, салық салу жүйесіне қатысушылардың мүмкіндіктерін жеңілдетуге, мемлекет қазынасына мол қаржы түсімін ұйымдастыруға жағдайлар жасалынуда және реформаланып отырған экономиканың келелі мәселелерін шешуге салық саясатының қосар үлесі арттырылуда.
Қазақстан Республикасының Заңы
Көлік құралдарына салынатын салық туралы
1-бап. Салық төлеушілер
Көлік құралдарына салынатын салық төлеушілер:
- Заңды тұлға мәртебесі бар-жоқтығына;
- Ұйымдық-құқықтық нысандарына;
- Қызмет түрлеріне;
- Тиесілігі мен меншік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілер, Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ( мұнан былай «жеке тұлғалар»деп аталатындар) әрі мемлекеттік есепте тұратын көлік құралдары барлар болып табылады.
2-бап. Салық алу объектілері
Қазақстан Республикасының аумағындағы төлеушілердің меншігінде тұрған, 3-бапта аталып өткен көлік құралдарының барлық түрлері салынатын объектілер болып табылады.
3-бап. Салық төлеу мөлшерлері
Көлік құралдарының иелері салықты жыл сайын төлейді және көлік құралдары қуатының әрбір қуатының әрбір киловатынан төлем кезінде қолданылып жүрген заңдармен белгіленген ең төменгі жалақыға процент есебімен мынадай төлем мөлшері бойынша есептеледі:
Салық
мөлшері
(қуаттың әрбір киловатынан ең төменгі жалақыға процент есебімен)
Жеңіл автомобильдер, автобустар 4, 0
Мотоциклдер мен мотороллерлер 0, 5
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар және
мотошаналар 2, 0
Яхталар 4, 0
Жұмсақ табанды жүк автомобильдері және
басқа да өздігінен жүретін машиналар мен
механизмдер, шынжыр табанды машиналар мен
механизмдерден басқасы 2, 0
4-бап. Салық бойынша жеңілдіктер
көлік құралдарына салынатын салық төлуден мыналар босатылады:
- Реттелетін баға бойынша қала ішілік (поселкілік) жолаушы тасымалын жүзеге асыратын жалпы пайдаланымдағы автоэлектр көлігі кәсіпорындары;
- Мамандандырылған ауылшаруашылық техникасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өңдірушілер. Мамандандырылған ауылшаруашылық техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі белгілейді;
- Жұмсақ табанды карьерлік авосамосвалдарды, өздігінен жүретін кенқазғыш мәшинелер мен механизмдерді пайдаланатын кәсіпорындар, аталған көлік құралдары бойынша;
- Бюджетте тұратын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер;
- Меншігінде мотоарбалар және автомобильдер бар мүгедектер халықты әлеуметтік қорғау органдарының медициналық сараптама комиссияларының қорытындылары болған жағдайда - бір автокөлік құралы бойынша;
- Кеңес Одағының Батырлары мен Социалисттік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» - атағы берілген. Даңқ орденінің ²²² дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, интернационалист - жауынгерлер, «Алтын алқа» мен «Ардақты ана» атағы берілген көп балалы аналар;
- Қазақ мүгедектер ерікті қоғамның, Қазақ зағиптар қоғамы мен Қазақ саңыраулар қоғамының кәсіпорындары, мекемелері, бірлестіктері, Қызыл Крест пен Қызыл Айшық қоғамының қайырымдылық ұйымдары;
- Ұлы Отан сағысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар - бір автокөлік құралы бойынша.
5-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
- Көлік құралдарына салынатын салықтың есебін салық төлеу мөлшерін ескере ортырып, көлік құралдарының жиынтық қуаты мен түрлерін негізге ала келіп, төлеушілер дербес айқындады.
- Көлік құралдарының иелері салықты бірінші қыркүйекке дейін төлейді, ал көлік құралдырын тіркеуден немесе жыл сайынғы техникалық текскруден өткізген жағдайда аталған іс-әректті жасағанға дейін төлейді. Иесінің мекен-жайын өзгертуіне байланысты көлік құралы қайта тіркелген жағдайда салық төленбейді.
- Жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу немесе жыл сайынғы техникалық текскруден өткізу кезінде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік автоинспекция органдары немесе басқа органдар көлік құралдары иелерінен салықтың төленгені туралы квитанциялар талап етуге міндетті. Квитанция болмаған жағдайда тіркеу, қайта тіркеу және техникалық тексеруден өткізу жасалмайды.
- Жыл ішінде көлік құралы иеліктен кетіп қалған жағдайда төлеуші енгізген салық сомасы қайтарылуға жатпайды.
- Жыл ішінде жеңілдік құқығы пайда болған жағдайда салықты қайта есептеу сол құқық берілген айдан бастап жүргізіледі.
- Салықтың артық төленген сомасы келесі төлем есебіне жатқызылады немесе төлеушінің жазбаша өтініші бойынша өтініш түскеннен бастап бес күн ішінде салық органдары оны қайтарады.
- Төлеушілерді есепке алуды салық органдары жүргізеді.
- Салық сомасы республика бюджетінің кірісіне түседі.
6-бап. Төлеушінің жауапкершілігі
- Салықты дұрыс есептеу және уақытылы төлеу жауапкершілігі төлеушіге жүктеледі.
- Осы заңның қалыптарын бұзғаны үшін төлеушілерге «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген қаржы санкциялары қолданылады.
7-бап. Көлік құралдарына салынатын салық төлеуді бақылау
Көлік құралдарына салынатын салықты дұрыс есептеуге және уақытылы төлеуге бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары және мемлекеттік автоинспекция жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Алматы, Парламент үйі,
1994 жылғы желтоқсанның 28-і.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы
«Көлік құралдарына салынатын салық туралы»
Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:
- «Көлік құралдарына салынатын салық туралы » Қазақстан Республикасы Заңы жарияланған кезден бастап үш айдан соң күшіне енгізілсін.
- Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдерін осы заңға сәкес келтірсін.
Салық кодексі, 13-бөлім. Көлік құралдары салығы
57-тарау. Жалпы ережелер
345-бап. Салық төлеушілер
- Меншік құқығында салық алу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері ( бұдан әрі - заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
- Мыналар:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін белгілейтін мамандандырылған ауыл шаруашыдық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер;
- Мемлекеттік бюджет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар;
- Салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралдары бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңістірілетін адамдар;
- Салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотокаляскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
- Салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық хаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен нагрдталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
- Ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
346-бап. Салық салу объектілері
- Уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жататын және ( немесе) есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.
- Мыналар:
- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
- мамандандырылған медициналық көлік құралдыры салық салу объектілері болып табылмайды.
58-тарау. Салық ставкалары
- салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
- Двигатель көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше, см) :
1100-ге дейін қоса алғанда
1100-ден жоғары- 1500-ді қоса
1500-ден жоғары - 2000-ды қоса
2000-нан жоғары - 2500-ді қоса
2500-ден жоғары - 3000-ды қоса
3000-нан жоғары - 4000-ды қоса
4000-нан жоғары
- Жүк көтергіштігі мынадай жүк таситын, арнаулы автомобильдер (тіркемелерді есептемегенде) :
1 тоннаға дейін қоса алғанда
1 тоннадан жоғары * 1, 5 тоннаны қоса
1, 5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса
5 тоннадан жоғары
- Шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизмдер
- Автобустар:
12 отыратын орынға дейін қоса алғанда
12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса
25 отыратын орынан жоғары
- Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошиналар, көлемі шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан кем)
- Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар(двигателінің қуаты мынадай ат күшіне тең) :
160-қа дейін қоса алғанда
160-тан жоғары - 500-ді қоса
500-ден жоғары - 1000-ды қоса
1000-нан жоғары
7. Ұшу аппараттары
4, 0
6, 0
7, 0
10, 0
17, 0
22, 0
117, 0
6, 0
9, 0
12, 0
15, 0
3, 0
9, 0
14, 0
20, 0
1, 0
6, 0
18, 0
32, 0
55, 0
әрбір киловатт қуаттан айлық есептік көрсеткіштің 4, 0 процент
- Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, 10 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрде қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
- Салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану мерзімі 6 жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффиценттері қолданылады:
ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:
6 жылдан- 15 жылға дейін қоса алғанда - 0, 3;
15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0, 2;
25 жылдан жоғары - 0, 1;
двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:
3000 текше см-ге дейін қоса алғанда - 0, 5;
3000-нан жоғары - 4000 текше см-ді қоса - 0, 7;
4000-нан жоғары - 1, 0.
- Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі 7 жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
7 жылдан - 14 жылға қоса алғанда - 0, 5;
14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0, 3;
20 жылдан жоғары - 0, 1.
- Пайдалану мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған ұшу аппараттарына;
пайдалану мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1, 0
пайдалану мерзімі 5 ж-дан жоғары - 15 ж-ды қоса - 2, 0
пайдалану мерзімі 15 ж-дан жоғары - 3, 0
1999 ж-ғы 1 сәуірге дейін сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдалану мерзімі 5 ж-ға дейін қоса алғанда - 1, 0
пайдалану мерзімі 5 ж-дан жоғары - 15 ж-ды қоса - 0, 5;
пайдалану мерзімі 15 жыл - 0, 3.
- Көлік құралының пайдалану мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған көлік құралы негізге алына отырып есептеледі.
- Кеменің пайдалану мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
5 ж-ға дейін қоса алғанда - 1, 0
5 ж-дан жоғары - 10 ж-ды қоса алғанда - 0, 5
10 ж-дан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0, 3
20 ж-дан жоғары - 30 ж-ды қоса алғанда - 0, 2
30 ж-дан жоғары - 0, 1.
59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
348-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
- Салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық сомасын дербес есептейді.
- Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 1 шілдесіндесінен кешіктірілмей жүргізіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz