Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу.

Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция

1. 2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

1. 3. Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері

2 Тарау ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін

қазақ топтарында оқытудың әдістемесі.

2. 1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін

оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

2. 2. Ағылшын тілінің мекенұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін игерудің

қиындықтарына байланысты әдістемелік типология мен қателер

мәселесі.

2. 3. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға аргналған

жаттығулар.

3Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін

қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік

сипаттамасы.

3. 1. Эксперименталды тәжірибелік оқытудың сипатамасы, эксперимент алды тексеру

3. 2. Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру.

3. 3. Тәжірибелік оқыту, оның нәтижелері.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша.

ЖОСПАР

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін3

тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу. 3

1. 2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері. 10

1. 3. Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері. 19

2 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқыту әдістемесі. 25

2. 1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. 25

2. 3. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған32

жаттығулар32

3 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы42

Қорытынды47

Қолданылған әдебиеттер тізімі48

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін

тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу

Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция.

Шет тілінде оытуды тиімділігін арттыру және ол тілді игеру прцессінің ерекшелктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырға тіл мен ана тілінің бір -біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет. Жалпы шет тілін игерудің ерекшеліктерін қарастырудың бірнеше жолы белгілі. Салыстырмалы анализ әдісі сол жолдардың ішінде ең алғаш пайда болған және де кең қолданыс тапқан жолдардың бірі. Шет тілін игерудің ерекшеліктерін зерттеудің тағы бір тиімді жолдарының бірі қателер анализі деп аталатын әдіс. Бұл әдіс салыстырмалы анализ әдісінің негізінде пайда болған. Аталған әдістердің екеуі де лингвистикада түрлі мақсаттармен өте жиі қолданылады. Біз болсақ бұл әдістерді шет тілін игеру барысында орын алатын ана тілі мен шет тілдерінің бір - біріне әсер ету процессінің ерекшеліктерін айқындау мақсатында қолданбақпыз. Осы бағытта бүгінгі күнге дейін бірталай зерттеу жұмыстары жүргізіліп келген. Біз ол жұмыстардың нәтижелерімен таныса отырып, келесідей қорытындыларға келеміз: қарастырылып отырған тілдер арасындағы түрлі айырмашылықтарға байланысты ана тілін игеру процессі мен ана тілін игеру процесстері өзгеше жолдармен жүзеге асады; шет тілін оқыту барысында ана тілі мен шет тілдерінің тілдік жүйелеріне салыстырмалы анализ жүргзу қажет, ол қарастырылып отырған тілдердің ұқсаастықтарымен айырмашылықтарын және шет тілін игеруде ана тілінің әсерінен болатын қиындықтардың түрлерін, сол қиындықтардың салдарынан оқушылардың сөйлеу процессінде жіберетін қателерін анықтауға кәмектеседі.

Салыстырмалы анализге тән тілдік тасымал, шет тілін игерудегі ана тілінің рөлі, ана тілі мен шет тілдерінің бір - біріне әсері нәтижесінде пайда болатын қателер, ана тілінің теріс ықпалы салдарынан болатын интерференция сияқты неізгі ұғымдарды қарастыра отырып, тілдік тасымал құбылысының мәнін ашуға және интерференция орын алатын нақты жағдайлармен нақ сол кездегі оқушылардың білім деңгейлерін айқындауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар шет тілін игеру процессінің ана тілін игеру прцессімен ұқсастықтарының да бар екенін естен шығармаған жөн. Яғни шет тілін игеру барысында ана тілі тек қана тежеуші әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оқушыларды тиімді тасымал негіздерімен қамтамасыз етеді, ана тілін игеру барысында қалыптасқан білім, біліктілік пен дағдылар дұрыс пайдаланылған жағдайда шет тілін игеру поцессін біршама жеңілдетуге де көмектеседі.

Жалпы шет тілін оқытудағы ана тілінің рөлі мәселесі көптеген ғалымдардың назарын аударған көне мәселелердің бірі болып таабыллады. Ана тілінің шет тілін оқытудағы маңызды рәлін кезінде академик Л. Б. Щерба да атап өткен: "Сабақ үстінде тек шет тілінде ғана жаттықтырулар жасау арқылы сабақтан ана тілін аластатуға болғанмен оны оқушылардың санасынан аластатуға мүмкін емес " [2; 52] Осы пікірді ұстана отырып шет тілін оқытудағы ана тілінің мәні жөнінде А. Е. Карлинский келесідей пікір білдірген : "шет тілін игеру процессі тәуелсіз емес, ол ана тілімен тығыз қарым - қатынаста жүзеге асады. Кез келген өзге іс - әрекетті орындауға көшкен кездегідей адам игерген дағдыларын басқа ұқсас іс - әрекеттерді меңгеру мақсатында қолданады. " [3; 29]

Шет тілін оқыту кезінде ана тілі шет тілімен байланысқа түсетіні сөзсіз және де сол байланыс шет тілін игеруге қандай да болсын әсер етеді, ол әсер жағымды да, жағымсыз да қасиетке ие болуы мүмкін. Дағдының теріс қолданылуы немесе инт-ерференция оқушылардың ана тілдерінде кездеспейтін тілдік бірліктері мен ережелерінің орнына өз тілінің тілдік бірліктері мен ережелерін қолдануларына байланысты болады.

Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан тілдік саясат бойынша қос тілділік және көп тілділікті қалыптастыру мәселелерінің өзекті екені белгілі және де сол көп тілділіктің негізгі де міндетті компоненттерінің бірі ағылшын тілі болып табылады. Бұл мәселелер ерекше маңызды болғанымен әлі де аз зерттелген. Ағылшын және қазақ тілдерінің тілдік бірліктерін түрлі деңгейлерде салыстырмалы түрде қарастыратын бірталай еңбектер бар болғанымен, аталған тілдердің бір - бірлеріне әсерлері, оның салдары жіне интерференция құбылыстарын сипаттайтын еңбектер санаулы ғана. Сондықтан да қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту, оқушылардың ол тілде сөйлей алу қабілеттерін қалыптастыру және дамытудың тиімді жолдарын іздестіру өте өзекті мәселелердің бірі екені сөзсіз. Және де бұл мәселе ағылшын және қазақ тілдерінің бір - біріне әсері, тілдік интерференция мәселелерімен тығыз байланысты. Яғни аталған мәселені шешу үшін алдымен міндетті түрде ағылшын - қазақ интерференцияын қарастырған жөн. Ол үшін алдымен жалпы инерфереция мәселесіне тоқтала кету қажет.

Түрлі тілдердегі интерференция түрлерін сипаттайтын көптеген ғалымдардың еңбектерімен таныса отырып, интерференцияның барлық түрлерінің ішіндегі ең күрделісі лексика - семантикалық интерференция екенін көруге болады. Бұл жөнінде орыс тілі мен қазақ тілдері арасындағы интерференция мәселелерін қарастырған З. К. Ахметжанова және Г. К. Кулибаевалардың еңбектері бойынша ең күрделі, сол себепті түзетуге және алдын алуға қиын соғатын қателердің бір түрі - көптеген факторларға байланысты пайда болатын лексика - семантикалы қателер. Ол қателерді тудыратын факторлар қазақ және орыс тілдерінің семантикалық көлемдлері жақтарынан сәйкес келмеулері, ұлттық сөздер (реалий), ұқсас ұғым беретін, алайда ұлттық мәдени - семантикаллық бөлшектері (Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаровтар ұсынған термин) жағынан ерекшеленетін сөздер де жатады. Интерференцияның бұл түрінің қиыншылығы, оны айқындау өте қиынға соғады, ол қазақ тілін игерушілердің ол тілдің иелерінің мәдениетін, тұрмыс ерекшеліктерін, психологиясын, географиялық ортасын нашар білулеріне байланысты пайда болады. Сонымен қатар бұл лексика - семантикалық интерференция орыс тілінің иалеріне ғана емес, ана тілін нашар игерген қазақ оқушыларының сөйлеу кездерінде де кездеседі. Мысалға, кейбір қазақ тілінің иелері үшін "золотая осень" тіркесінің - алтын күз деген аудармасы ешқандай ішкі қарсылық тудырмайды, тек қана тіл маманы мұндай тіркестің анайы екенін байқап, сөз тіркесінің қоңыр күз деген қажет баламасын таба алады. (пофессор Т. Сайрамбаеваның мысалы) " [4; 78] . Біздің ойымызша бұл құбылыс барлықтай дерлік тілдерге ортақ бола алады, сондықтан да біз өз зерттеу жұмысымызда интерференцияның осы түрін қарастырмақпыз, алайда бұл мәселені қарастырмас бұрын жалпы интерференция құбылысына тоқтала кетуді дұрыс деп анаймыз. Интерференция ұғымының психолгия және лингвистика сияқты біршама ғылымдарда қолданылатыны баршаға белгілі.

Психологиялық көзқарас бойынша, адамның кез - келген басқа іс - әрекеті тәрізді, сөйлеу әрекеті де білім, біліктілік және дағды сияқты үш психологиялық негіздің белсендендірілуінің арқасында жүзеге асады.

Аталған механизмдердің қалыптасуында оқыту процессі маңызды рөл атқарады. Ал бұл механизмдердің өздері жағынан өзгеше болып келеді. Жалпы дағдылар мен біліктіліктердің белсендендіріле түсу ерекшеліктері олардың бір - біріне әсері мен араларындағы қарым - қатынастардың түрлеріне байланысты болып табылады. Егер де бір біліктілік немесе дағдының негізінде жүзеге асатын операция, басқа бір біліктілік немесе дағдының негізінде орындалатын операцияға ұқсас болатын болса ондай құбылыс психологияда дағды жіне біліктілік интерференциясы (немесе транспозициясы) деп аталады. Дағды мен біліктілік интерференциясы ол дағдылар мен біліктіліктер тұрақтылық катеориясы бойынша бір - біріне қарама - қарсы қойылған күнде ғана байқалады. Дағдылар мен біліктіліктер бірдей тұрақты блған жағдайда интерференция байқалмайды. Интерференция тек қана дағдылар мен бліктіліктер тұрақтылық жағынан сәйкес келмеген жағдайда пайда болады. Мұндай кезде белгілі бір іс - әрекетті орындау мақсатында тұрақтылығы басым дағды мен біліктіліктер басқа тұрақтылығы әлсіз біліктілік пен дағдылардың орнына қоданылуы мүмкін. Мысалға, егер де оқушы үнемі ана тілінде сөйлейтін болса немесе оның шет тіліндегі біліктіліктері мен дағдылары ана тіліндегілерге қарағанда кейінірек қалыптасқан болса, ана тіліндегі біліктері мен дағдылары кейіннен игерілген тілдегілерге қарағанда әлдеқайда тұрақты болып келеді. Сол себепті шет тілін оқытқан кезде оқушылар ол тілде қажетті деңгейде қарым - қатынасқа түсе алулары үшін олардың бойларында сәйкес біліктіліктер мен дағдылар қалыптастырылу қажет. Және де қалыптастырылған біліктіліктер мен дағдылардың тұрақтылықтары жағынан ана тіліндегілермен бірдей болуларын қамтамасыз етуге тырысу қажет. Яғни, ол дағдылар мен біліктіліктерді автоматтандыру арқылы ана тіліндегі біліктіліктермен дағдылардың тұрақтылық деңгейіне жеткізу керек деген сөз.

Жоғарыда айтып кеткендей психологияда қалыптасқан бұл заңдылықтар адамның кез - келген іс - әрекетіне қатысты, ал сөйлеу әрекетінен ерекше көрініс табады. Сондықтан да шет тілінде сөйлеуге оқытқан кезде ана тілінің әсерінен болатын интерференцияға жол бермеу мақсатында оқушылардың бойларында тұрақтылықтары жағынан әр - түрлі деңгейде қалыптасқан және де түрлі тілдерде кезек сөйлеу әректін қамтамасыз ететін біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру қажет, іөйткені ол біліктіліктер мен дағдылардың араларында интерференция құбылысының орын алуы мүмкін емес. Алайда мұның психологиялық жағы мәтінге әсер етіп, лингвистикалық талқылауды қажет етуі мүмкін. Ал лингвистикалық зерттеулер бойынша, оқушылардың сөйлеу әрекетін жүзеге асыру кезінде орын алатын интерференция бірден көзге түсетін және тілдік нормаларды бұзатын қателерден байқалады.

В. Корнев интерференцияның келесідей түрлерін атап өткен: "тілдік, графикалық, орфографиялы, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, фразеологииялық, грамматикалық; тілдік - стилистикалық, нормативтік, қолданыс ерекшелігіне байланысты ; коммуникативтік - тақырыпқа байланысты, қолданыс жағдайына (ситуациясына) байланысты ; экстралингвистикалық - ұлттық сөздер (реалий), ым тілі - іc - әрекет, идеология. Сонымен қатар интерференцияның келесідей түрлері кездеседі: тікелей, теріс (обратная), екі жақты, импрессивті (рецептивті), тілішілік және тіл аралық, айқын және жасырынды, бірінші, екінші т. б. тіл интерференциясы. " [5; 36]

Шет тілін игерудің бастапқы кезеңінде оқушылар сөзінде фонетикалық, лексика - грамматикалық және орфографиялық интерференциялар айқын байқалады. Ортаншы кезеңде сәйлеудің кез келген түрінде (ауызша, жазбаша), интерференцияның барлықтай дерлік түрлері кездеседі деуге болады. Ал соңғы кезеңде болса нтерференция көбінесе фразеология мен статистикаға байланысты болып келеді. [6; 48]

Тіл мен сөйлеудің этнолингвистикалық және елтану сияқты копонентттерінің өзектілігіне байланысты соңғы кезде елтану интерференциясы ұғымы пайда болған. Болгар ғалымы К. Бобев ұсынған бұл ұғым "өзге ұлт оқушыларының шет тілінде сөйлеу барысында қателері тіден тыс фактоларға, яғни ұлттық мәдениет туралы бастапқы білімдерінің болмауы немесе ол жөнінде ұғымының жеткілікті деңгейде қалыптаспауына байланысты " деген мағына береді. [7; 57]

А. А Залевская интерференцияның тағы бір ерекше түрін атайды. Ол оқушылардың шет тілінде сөйлеген кездерінде сол тілдегі кейбір тілдік бірліктерді қолданбауға тырысуларына байлашнысты пайда болатын интерференция. Ол кісінің ң-пікірінше интерференция көбінесе ана тілі мен шет тіліндегі құбылыстар мүлдем өзгеше болған жағдайда емес, керісінше ұқсас болып келген жағдайда байқалады. Сонымен қатар оқушылардың шет тілінде сөйлеу кезінде жіберетін барлық қателері дағды интерференциясына байланысты деуге де болдмайды, себебеі ана тілінің шет тілін игеруге әсері түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін.

Мысалға:

Кей кезде дағды интерференциясының орнына оқушылардың ана тілінде баламасы жоқ шет тілінің ережелерін елемеулеріне байланысты пайда боатын қателер орын алады.

Салысытырылып отырған тілдердегі тілдік бірліктердің қолданысына байланысты кейбір тыйымдар тек қана белгілі бір жағдайларда ұстану қажет етеді.

Кей кезде шет тілінде сөйлеу барысында оқушылар тіл байлықтарының жеткіліксіз болуына байланысты коммуникативтік қыйыншылықтарға кездеседі де, ол қиыншылықтарды жеңу мақсатында ана тіліндегі сөздік қорларына жүгінеді, яғнишет тілінде білмеген сөздерінің орындарын ана тіліндегі тілдік бірліктермен толтыруға тырысады. [8; 52]

Тараудың басында айтып кеткендей түрлі тілдердегі интерференция мәселесі жан-жақты, лингвистикалық, психологиялық, социологиялық, әдістемелік тұрғыдан қарастырып келген еңбектер өте көп. Алайда, бұл мәселенің толықтай зерттелмеген жақтары әлі де жеткілікті.

Қазіргі кезде интерференция мәселесі көбінесе келесдей екі бағытта қарастырылып жүр: бірінші бағыт бойынша түрлі тілдер бір-біріне қарама - қарсы қойылып, олардың бір - біріне әсерлері сипатталады, екінші бағыт бойынша интерференция мәселесі белгілі бір тілді оқыту мәселесәмен тығыз байланыста, көбінесе оқушылардың шет тілін нашар игерулерінің себептерін анықтау, әсіресе ана тілінің шет тілін игеруге ықпалы мәселелері тұрғысынан жиі қарастырылады. Алғашқы бағыт тіл білімі ғылымының аясында жүзеге асады да, көбінесе қос тілділік мәселесімен тығыз - байланыста қарастырылады. У. Вайнрайх және т. б. ғалымдардың пікірлерінше қос тілділік мәселесін лингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда, ең алдымен бір - бірімен қарым-қатынасқа түсетін тілдік жүйелерді сипаттай отырып, оларды қатар игеруге қиындық келтіретін айырмашылықтарды айқындау керек, солай ете отыра қарастырылып отырған тілдердің бір-біріне әсері нәтижесінде пайда болатуы мүмкін интерференция түрлерін айқындау қажет және де ос тілді игерген адамның сөйлеу кезінде сол тілердің нормаларын бұзуы мүмкін жағдайларды алдын ала ескеруге тырысу керек. [9; 153] Біз де осы пікірді қостаймыз, алайда біздің ойымызша кез - келген қос тілділік жағдайында бір тіл екінші тілге қарағанда басым болады, яғни сөйлеуші сол тілді жиірек қоданады және психологиялық жағынан тиімдірек сезінеді. Мұндай рөлге көбінесе адам қай тілді бірінші игеріп, жастайынан үйренсе сол тіл атқарады, және де артынан ол тіл көбінесе екінші тілде сөйлеуге теріс ықпал етеді.

Біз өз жұмысымызда қазақ студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу кезінде орын алуы мүмкін лексика - семантикалық интерференцияны зерттемекпіз. Мұндай зерттеу жұмыстардыынң нәтижелері біріншіден, қазақ топтарында ағылшын тілін оқыту теориясы мен практикасы үшін, екіншіден тілдердің қарым - қатынас теориясы мен қазіргі кезде осы теория ішінде жеке бағыт ретінде қалыптасқан интерференция туралы ілім үшін өте маңызды болып табылады. Қазақ студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу барысында орын алатын лексика-семантикалық интерференцияның түрлерін анықтап, сипаттау үшін біз бұрыннан белгілі, М. М. Копыленко, А. Е. Карлинский т. б. ғалымдардың бірталай зерттеулерінде қолданылған әдістерді қоданбақпыз. Ол әдістер бойынша алдымен қарастырып отырған құбылыстарды ана тілі және шет тілі тұрғыларынан сипаттау арқылы айырмашылықтарын айқындау және сол айырмашылықтарға салдарынан орын алуы мүмкін интерференция түрлерін болжау, ол интерференциялық қателерді жеңу және олардың алдын алу жолддарын қарастырмақпыз. Зерттеу жұмысымызда қарастырылып отырған тілдердің тілдік бірліктерін жекеленген түрде емес тілдік жүйе қалпында қарастырмақпыз, яғни ағылшын жіне қазақ тілднріндегі мекен - қалып етістіктері жеке лексемалар күйінде емес, мекен - қалып етістіктерінің лексика - семантикалық тобы деңгейінде қарастырылады. Бұл жерде біз В. Ю. Розенцвейгтің келесі пікірін басшылыққа аламыз: "Интерференция және конвергенция құбылыстарын лингвистикалық тұрғыдан салыстырған кезде қарым - қатынасқа түсетін тілдердің тілдік бірліктерні саалыстыру жолдары мәселесін шешу қажеттілігі туады. Ал түрлі тілдердің бір - бірірне толықтай сәйкес келетін тілдік біірліктер тілдік бірліктер өте аз болып табылатындықтан, жеке фонема, сөз және формаларды тікелей салыстыру тек қана олардың бір - біріне сәйкес еместігін дәлелдейді. Сондықтан фонема, морфема немесе лексиканы тікелей салыстыруға қарағанда, олардың ерекшеліктерін белгілі бір жүйе құрамында қарастырған жөн. " [10; 253] . Жалпы тілдік салаға байланысты интерференция (фонетикалық, лексика - семантикалық, граматикалық) түрлерінің ішіндегі ең күрделі болып табылатыны лексика-семантикалық интерференция, себебі бұл тілдік саланың өзі өте күрделі болып табылады және де оның тілдік бірліктері арасындағы қарым-қатынастар да толықтай зерттелмеген. Сонымен қатар көптеген ғалымдардың пікірінше лексика-семантикалық интерференция түсіну процессі үшін өте маңызды. Ол туралы А. Е. Карлинский былай деген : " қос тілді игерген адамның екінші тілдік ортадағы тек сол тілді ғана білетін адаммен қарым - қатынасында интерференццияның кез келген түрі белгілі әсенрін тиізері сөзсі, алайда түрлі интерференциялардың қарым - қатынасқа әсер ету деңгейлері де әр - түрлі. Интерференцияны тілдік салаларға байланысты бөлген кезде, қарым - қатынасқа ең көп теріс әсер ететіні лексика-семантикалық интерференцитя екені анықталады. " [11; 95]

Біздің зерттеу жұмысымыз үшін интерференцияның тіл ішілік және тіл аралық болып бөлінуі де маңызды. Себебі Ю. Ю. Дмитриев [12] И. С. Ровдо [13] Б. Н. Сүлейменовалар атап өткендей "… оқушылар шет тілінде сөйлегенде ана тілінің теріс әсері нәтижесінде пайд болатын қателермен қоса қарастырылып отырған тілдің тілдік бірліктерінің игеруге қиындылығына байланысты болатын қателер де кездеседі. Бұлардың алдыңғысы тіл аралық интерференцияны тудыратын болса, соңғысы тілішілік интерференцияның пайда болуына себеп болады. " [14; 124]

Сондықтан да интерференцияны анықтау мақсатында ана тілі мен шет тілінің тілдік материалын салыстырмалы түрде сипаттау мен қатар, тілішілік салыстыру да жүргізілуі қажет. Яғни салыстыру әдісі басты әдіс болып табылады. Бұл жөнінде С. Е. Исабеков былай деген: " тілді, бір тіл ішіндегі, түрлі тілдер арасындағы құбылыстар мен фактілерді тіл білімі методологиясының негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын салыс тыру әдісінің категориалды жііне операционалды аппаратынсыз зерттеу мүмкін емес. " [15; 233]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі өлшем бірліктеріне қатысты лексикалық қабат
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Реалияның аудармасы
Септік категориясының мағыналары
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Ақ» – «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz