Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде


МАЗМҰНЫ
Кіріспе4
Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Е. Исмаилов7
Е. Исмаилов әдебиет тарихын зерттеуші және әдебиет сыншысы28
Қорытынды46
Пайдаланылған әдебиеттер50
Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар бойы туып, жетіліп, қалыптасып келген әдеби- мәдени мұрасын В. Радлов, И. Березин, Г. Потанин, Н. Ильминский, А. Алекторов, П. Мелиоранский, В. Катаринский, Ә. Диваев секілді шығыстанушы ғалымдар жинап, зерттеген болса, бұл іске ХХ ғасырдың бас кезінде Мұхамад- Сәлім Қашимов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ысқақ Шүшленбаев, Асылқожа Құрманбаев, Әкірәм Ғалимов, Ишанғали Арабаев, Қалжан Қоңыратбаев, Мұстақым Малдыбаев, Маннан Тұрғынбаев басқада көптеген қазақ зиялыларының қосқан үлестері аз емес. Кеңестік идеология ықпалымен айтылған ойлар, пікірлерді кейінгі ұрпақ қайта қарады, зерттеді, тыным таппай еңбек етті. Атқарылған істер рухани өміріміздегі «ақтаңдақтардың» ашылып, әділеттің орнына келуі. Әдебиет ұлттық арнаға бет бұрды. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабайұлы, Халел Досмұхамедұлы, С. Садуақасұлы, С. Қожанұлы, Нәзір Төреқұлұлы секілді әдебиет, қоғам қайраткерлерінің есімдері, әдеби мұралары қайта оралды. Жапа шеккен жандар еңбегі жедел жинақталып, жарық көрді, зерттеулер жүргізілді.
Ғасырларға созылған отаршылдық зардабынан мәңгүрттеніп кетпей, бостандық, егемендік күніне ұлттық сананы сақтап жеткеніміз үшін, әр буын ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге күш салған- әдебиеттанушы ғалымдарға көп қарыздармыз.
Отызыншы жылдардағы жағдай елуінші жылдарға дейін ұласты. Е. Исмаилов, Қ. Жұмалиев жиырма бес жылға сотталды. М. Әуезов, Б. Кенжебаев КОКП қатарынан шығарылды, қызметінен қуылды. Заңсыз қуғын- сүргінді Т. Нұртазин, М. Бөжеев, Қ. Мұхаметханов, К. Шәменов, Е. Жақыпов, Б. Ысқақов сынды әдебиетшілер де басынан кешірді.
Әдебиетімізге отызыншы жылдары келіп, түрлі саяси қысымдарды басынан өткізген жанның бірі- әдебиетші ғалым Есмағамбет Самұратұлы Исмаилов.
Ол саналы ғұмырын әдебиетке арнаған жан. Ғалым қаламынан күн сайын, жыл сайын зерттеу еңбектер туып, ол еңбектер кейде сыналып, жабылып қалып жатса, кейде тиісті бағасын алып жатты. Ғалым еңбектері жөніндегі пікірді былай жүйелеуге болады:
Ғалым еңбектеріне берілген Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, В. И. Жирмунский, М. Ғабдуллин, А. Жұбановтардың пікірлері сақталған [1] . Жарық көрген еңбектеріне баспасөзде жарияланған М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Ә. Тәжібеав, Б. Кенжебаев, Г. Серебряникова, А. Нұрқатов, Б. Ысқақов секілді ғалым, жазушылардың мақалалары бар [2] .
«Қазақ әдебиеті тарихы» аталатын кітапта Е. Исмаилов шығармашылығына арналған шолу бар [3, 264] .
Т. Кәкішев ұстазының көзі тірісінде мақала жазуы өз алдына, Есмағамбет Исмаилов дүниеден өткен соң, академик С. Мұқановпен бірге ғалым мұрасының бес томдық жинағының жобасын жасап, «Анықтамасын» жазған [1, 1, 2, 3] . Сонымен қатар монографияларында қарастырды, мақалалар жариялады [4] . Тағы бір шәкірті К. Сейдехановтың «Әдебиет жанашыры» кітабы, «Е. Исмаилов» аталатын мақаласы да ғалым мұрасына жасалған зерттеулер [5] .
Әдебиет тарихын жаңаша бажайлау профессор Д. Ысқақов зерттеулерінде, ұжымдық еңбектерде, Ж. Смағұловтың кандидаттық диссертациясында [6] Е. Исмаиловтың сан- салалы әдеби мұрасы тиісті сәттерде айтылып бағалануда.
Жоғарыда айтылған жүйе-жүйе материалдардың кейбірі ғылыми айналымға түсе қоймағанмен, бірсыпырасы ғылыми еңбектеріне арналған әдеби сындар. Бұл еңбектерді Есмағамбеттануда жазылған, жарияланған жалпы шолу, сыни очерк десе де болады. Дегенмен Е. Исмаиловтай үлкен ғалымның әдеби- ғылыми мұрасын, қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесін сала- салаға жүйелей зерттемесе оның ғылыми мәні ашылмайды.
Тақырыптың өзектілігі осындай қажеттіліктерден туындайды. Қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері және Е. Исмаилов сияқты әдеби мұрасы әлі күнге ғылыми маңызын жоймаған көрнекті ғалым еңбектерінің кезіндегі тарихи маңызын, бүгінгі ғылыми құндылығын саралау, жүйелеу, талдау кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймын.
Зерттеудің негізгі мақсаты. Әдебиеттің тууы мен қалыптасуына тікелей ықпал ететін тарихи, саяси, географиялық жағдайларды халық тарихының даму кезеңдерімен салыстыра отырып, әр дәуірдегі әдебиеттің ерекшелігін, болмыс- бітімін ашып көрсету. Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріне қатысты пікірлерді топтастырып, әдеби шығармаларды жанрлық, діндік, тілдік жіктелістер тұрғысынан жүйелеу болып табылады. Әдебиет тарихын қай кезеңнен бастау туралы жазушы ғалымдар мәні терең мақалалар жазды. Солардың бірі Е. Исмаилов- кезінде одақ таныған фольклорист. Оның «Ақындарын» Жирмунский, Сидельников жоғары бағалаған. Ол Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған әдебиет теориясын қалыптастырушылар мерт болған кезде «Әдебиет теориясының мәселелерін» жазған теоретик. Ол- қазіргі заман әдебиетінің сан қырлы мәселесін үздіксіз жазған білгір әдебиет сыншысы. Ол- қазақ әдебиеті тарихын ертеден тартып, кеңестік кезеңге дейін дәуір- дәуірімен зерттеген әдебиет тарихшысы. Е. Исмаилов әдебиеттану ғылымының осы төрт саласында да жемісті еңбек еткен үздік маман деп мүдірместен айта аламыз. Сонымен қатар әдебиет тарихын зерттеуші ретінде көзқарас, концепциясын айқындау, қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілік эволюциясын ашу да зерттеу мақсатынан туған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне байланысты ғалым- зерттеушілердің көзқарастары жүйеленді.
- Е. Исмаиловтың әдебиет тарихын зерттеуші ретінде қалыптасу жолы айқындалды.
- Ғалымның әдебиет тарихы (ХV-ХХ), оның даму сипаты жайындағы көзқарасы бағамдалды. Ол ХV-ХVІІІ ғасыр аралығындағы әдебиетті «дара ақындардың тарих сахнасына көтерілуімен» түсіндіреді. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуде «сыншыл реализм» терминін енгізді. Сондай-ақ «демократияшыл әдебиет бағыты» да Е. Исмаилов тарпынан тұңғыш рет сарапталғаны қарастырылады.
- Қазақ кеңес әдебиеті дамуының алғашқы кезеңін 1917-29 жылдар аралығы етіп межелеуі және ол кезең әдебиетінің тақырыптық тынысы, жанырлық ерекшеліктері, қаламгерлік құрамы тұңғыш рет Е. Исмаилов тарапынан зерттелді. Ұстаз әдебиетшінің бұл зерттеулері С. Қирабаев, Т. Кәкішев, М. Дүйсенов еңбектерімен салыстыра зерттелді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Е. Исмайлов
Кез келген жанды құбылыстардың табиғатына тән пайда болу, өсіп- өркендеу, құлдырау, қайта өрлеу әдебиет тарихына да жат емес. Әдебиет адамның интеллектуалды санасы, түйсігі арқылы қорытылып, ұғындырылып, өзінің межесіне жететіндіктен ол да адам баласымен бірге дамып, өркендейді.
Белгілі бір халықтың кез келген дәуірімен кезеңінің көркем дүниелер, қайда, қашан, қалай дүниеге келгендігін, олардың қандай бағытта жазылғандығын анықтау арқылы туындап жазылған дәуірде болған әдеби бағыттар мен ағымдардың пайда болып, дамуы туралы мәліметтерді елеп- екшеу, кезең қаламгерінің өмірі мен шығармашылығын зерделеу әрине, әдебиет тарихының үлесіндегі жұмыстар. Эволюциялық дамудың басты ерекшелігі- алға қарай өркендеп басу. Уақыт өте әдебиет тарихы жаңа мұралармен толысатындықтан, бұрынғы ой- пікірлер кеңейіп, тарамдалып, әрленеді. Әр дәуір санасы әр келкі болғандықтан, әдебиетке деген көзқарас сан қилы болуы- объективті өмір шындығы. Осының барлығын зерделеу арқылы белгілі дәуірге деген өзіндік концепциясын енгізіп, өз көзқарасымен ерекшеленетін тұлғалы ғалымдардың шығармаларының қарастырылуына жол ашылады. Ол ғалым еңбектерінің өзгешелендіретін қасиеттерін көрсетіп, кезең әдебиетінен зерделеудегі үлесі тұжырымдамаларының өміршеңдігін анықтайды.
Тарихта қаншалықты заман қыспағы болса да, кезең қаламгерінің шығармашылығын талдап, таратып, өзіндік ерекшелігін айқындаған әдебиетшілердің арқасында қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі жеткен биігін қөреміз. Дегенмен, әдебиеттану көркем әдебиетті тудырушылардың есімдері қадап- қадап аталады да, оларды танып, өзгелерге тануда ерен еңбек еткен әдебиетші ғалымдардың есімдері қалтарыста қалып отырады. Міне, осындай ғалымдар әдебиетіміздің тарихын жасаған, дәуір- дәуірге бөліп қарастырған.
1915-1928 жылдар арасында әдебиет тарихын дәуірлеуге алғаш талпыныстар туды. Ол кезде әдебиетті ұлттық тұрғыдан тануға деген ынта басым болды. Бұл ерекшелік Р. Масеков, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Халел Досмұхамедов сынды ғалымдардың еңбектерінен айқын көрінеді.
А. Байтұрсынов қазақ жазба әдебиетін «Діндар дәуір әдебиеті», «Ділмәр дәуір әдебиеті» деп екі дәуірге бөлінеді де, «ділмәр дәуір әдебиеті Абай шығармашылығынан басталды» деп тұжырымдайды. Ауыз әдебиетінің шығу тегін көне мифологиялық сенімдерге байланысты түсіндіреді. Бұл пікірді Х. Досмұхамедұлы да айтады.
Х. Досмұмедұлы «Қазақ халық әдебиеті» атты қысқаша очеркінде ауыз әдебиетін топқа бөліп жіктей келіп, оның құндылығы халық тұрмысынан туа отырып, халық өмірінің барлық саласында қолданылып және оған күшті ықпал ететіндігінде деп қарайды. Қазақ әдебиеті қазақтың халық әдебиеті, жазба әдебиеті болып бөлінеді, «жазба әдебиеттің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салған. Сондықтан жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрінен іздеу керек» [8, 33] дейді. Ғалымның осы еңбегі арқылы сол кездегі әдеби- теориялық, әдеби- тарихи талдау жасай тексеру бағыттарындағы ғылыми- зерттеушілік ой- пікірге қосқан бірнеше жаңа ойларын атап айтар болсақ: Біріншіден, қазақ өлеңінің табиғаты туралы ғылыми ой қозғай келе «казахская поэзия имеет силлабические стихосложение» деп бұл өлең құрылысының ерекшелігін түсіндіріп берген. Екіншіден, кез- келген поэзиялық түрдегі фольклорлық шығарманың әнмен айтылуына көңіл аударады. Үшіншіден, фольклордың авторлары мен сақтаушысы халық екенін, сондықтан халық шығармалары деп аталатынын, ал таратушылар әртүрлі өнер иелері деп көрсетеді. Оларды өлеңші (песнопевцы), народные поэты- импровизаторы (акыны) и народные бий (старшины, судьи) деп үшке бөледі де «Они, будучи выходцами из самой гущи населения и явились хранителями чистоты языка исодержания народной литературы от посторонных влияний и они же сохранили казахскую народную литературу, передовая ее из поколения в поколение в течение многих столетий» [9, 722], - деген тұжырым білдіреді. Төртіншіден, қазақ халқының бойында импровизаторлық өнер мен есте сақтау қабілетінің ерекше дамығанын айта отырып, осының негізінде фольклорлық шығармалардың көп вариантты болу себебін ашып береді. Бұл айтылғандардың бәрі қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңін жаңа бастаған дәуірі үшін аз табыс емес еді. «ХІХ ғасырдың аяғына таман ел ішіне орысша және мұсылманша оқу-білімнің таралуына байланысты ауызекі сөйлеу тіліне мүлде жат сөздермен сөз тіркестері ене бастады және олар бірте-бірте халық әдебиетіне, әсіресе, ғашықтық, діни ғибраттық сипаттағы әдебиетке ауысты. Жаңадан пайда болған орыс сөздерін тілімізге орыс мектептерінде оқыған жастар алып келді. Ескіше діни білім алғандар да өздерінің ғибраттық және басқа өлеңдерінде осындай жолмен жүрді . . . Дәл қазір бұған көңіл аударылмаса, болашақта тілді бүлдіруге үлкен қауіп тудырары сөзсіз» [8, 31] деген көреген пікір ұсынады.
М. Әуезов әдебиетті жанрлық түріне қарай «сыршылдық салт өлеңдері, батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи өлеңдер, ертегі, айтыс өлеңдер» [10, 194], -деп топтастыра отырып, жазба әдебиеттің өзіндік ерекшелігі- ортақ әлеуметтік шарт жағдайдан туындайтын әлеуметтік ортақ бет, ортақ мақсат, ортақ сарынның болуы деп қарайды.
Қазақ әдебиетінің тарихын ауызша әдебиет және жазба әдебиет деп екіге бөліп көрсету қажеттігін тұңғыш рет ұсына отырып, ауыз әдебиет пен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылық пен өзара байланысқа ғылыми тұрғыда келеді. Жазба әдебиеттің тууын тек қана жазу кірген кезеңнен немесе өлеңді жазып шығаратын ақындардың шығуымен ғана сәйкес қарап қоймай: «Әдебиет жүзінде елдің, әлеуметтің тіршілігі сөз бола бастаған соң жазба әдебиет дәуірі туа бастады деп есептеу керек. Ауызша мен жазба әдебиеттің арасын бөлетін кезең, белес осы» [10, 21], - дейді. Сол кездегі ғылыми зерттеушілік ой- пікірін дәрежесіне сай бір жақты айтылғанын елемеген күннің өзінде, қазақ фольклоры мен жазба әдебиеті туралы алғашқы айтылған пікірлердің бірі екенін ескеретін болсақ, қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолында және оны дәуірге бөлуде алғаш қадам ретінде маңызы зор деп бағалаған жөн.
«Әдебиет тарихында» сол кездегі қазақ әдебиеттану ғылымындағы ғылыми- зерттеушілік ой- пікірде болған қате көзқарастар да орын алған. Ауыз әдебиетін қоғамдық тенденциядан тысқары өнер деп тануы, жекелеген шығармаларды талдағанда сыршылдық, эстетикалық жағына көп көңіл бөлуі, ескі мұраның бәрі мінсіз деп қарауы «бірыңғай ағым» теориясына бой ұрғанын байқатады. Солай бола тұрса да М. Әуезовтің еңбегі сол кезде қазақ фольклорының тарихын тексеруде тың мәселелер көтере білген күрделі зерттеу болды.
М. Әуезов өз еңбегінде «зар заман ақындары» деп Асан қайғы, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ы. Алтынсариндерді атаған. 1920 жылдардағы «Жазба әдебиет Абайдан басталады» деген ұғымға қарсы шыға отырып, Абайдан бұрынғы ақын- жазушыларды ауыз әдебиетіне жатқызып жіберушілерге қарсы шығады. Әйтсе де М. Әуезов Абайға дейінгі әдеби мұраға «Хандық, билік қоғамның мүддесін жырлаған әдебиет» деген көзқараста болған. Оған автордың «тарих сынымен қарағанда Асан қайғы мен Бұқар жырау қазақ қауымының жоғарғы табысынан шыққанмен, билер ортасынан шыққан ақындар өздері де ел меңгеріп жүрген басшы, ұлық. Бұларды туғызған қазақ тарихының хан билеп, би билеген дәуірі. Сондықтан дүниеге көзқарасы, ұғымы ел тіршілігіне берген бағасы барлығы да хан мен би заманының ой- негізін, салт- санасын білдіреді [10, 198], - деген пікірі дәлел.
М. Әуезов осы еңбегінің соңында: «Бүгінгі мақсат- қазақ елі әдебиеті жұрнақтарын сыртқы түр мен мағынасына қарап, әр түрінің орнын көрсету. Бұл кітаптың түп мақсаты сол болған соң бір дәуірде бір түрлі өлең айтқан ақынның бәрін сынаудың орнына солардың ішінен мысал боларлық бірнешеуін алып, осылардың мысалын тексерумен әдебиет тарихының желісін тартып алмақшымыз. Әр жерде шашылып қалған ескіге қарап, әдебиет тарихының ұзын жолынан қалған сүрлеуді тауып алуды талап етіп отырмыз»- дей келіп, «Қазақ әдебиетінің тарихы зар заман дәуірінен соң Абайға келіп тіреледі [10, 198] деп қорытады.
Міне «Әдебиет тарихы» қазақ фольклорын жанры мен түріне жіктей отырып тұңғыш рет жүйелі түрде зерттеген, әдеби танымдық, зерттеушілік ой- пікірдің бетін ғылыми арнаға бұрған, бірнеше кезеңдерге бөлінетін әдебиет тарихы бар екенін танытқан бірден- бір оқулық, әдебиеттану ғылымының алғашқы қарлығашы болды.
Бұл еңбектер фольклортану саласындағы әдеби- теориялық, ғылыми- зерттеушілік ой- пікірді бір жүйеге түсірген, фольклорлық мұраны классификациялау, әр жанрын тереңдете зерттеу проблемасын тұңғыш рет көтерген ғылыми зерттеу еңбектер болып табылады.
Әдебиет тарихын зерттеуде Ә. Марғұлан қазақ эпостарын «архаикалық эпостар»; «Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпостары»; «ХІІІ-ХІV ғасырдағы Шыңғыс жорығына, Жошы ұлысына байланысты эпостар», «Жоңғарға қарсы күрес оқиғасына байланысты жырлар», «ХІХ ғасыр оқиғасына байланысты жырлар» деп жіктейді. Өз көзқарасын «Қозы-Көрпеш» жыры мен «Қозы-Көрпеш кешеніне» байланысты талдауларында жан-жақты ашып көрсетеді. Алайда, «Қозы-Көрпеш» жырының жырлануы түркі дәуірінде болса да, ол сюжеттің тууы онан әлдеқайда ары, сақтар дәуірінде болған деген қорытынды жасайды.
Ә. Марғұлан жазба деректерге сүйенуді қуаттай отырып, халық аңыздарына- тірі фактілерге де жетерлік мән береді. Мысалы қаңлы тайпасының шығуы туралы, «Оңтүстік Қазақстанды (Шыршық, Арыс, Бадам) қоныстайтын қаңлылар ортасында әлі күнге дейін айтылатын аңыз-әңгімелер көп. Бұл туралы ең ғажайып әңгіме- Қазанғап ақын жеткізген «Еңсегей» деген тарихи жыр» [9, 62] . Ескі жырдың мазмұны «Қаңлы бар елде хан бар, хан бар жерде қаңлы бар, хан таппасаң қаңлыдан қой, ханмен бірге арбаға отырғанбыз» деген мәтелмен тамырлас екеніне Ә. Марғұлан ерекше көңіл бөледі.
1930 жылдарда әдебиет тарихын тануда саяси өлшемдер алға шықты. Ол тұстағы ғалымдар еңбегінде өткен дәуірдегі ақын жазушылар түгел феодал үстем тап өкілі, байшыл, ұлтшыл деп бағаланды. С. Сейфуллин «Қазақ әдебиетінде» әдебиет тарихын: «Билер дәуірі», «Қазақ елі орыс патшасына бағынған патша дәуірі», «Патшадан құтылған дәуір» [11, 41], - деген кезеңдерге бөледі. Әдебиетіміздің төркінін тану мен әдебиет тарихын дәуірлеуді мақсат тұтып ізденген бұл еңбекте әдебиет тарихына таптық көзқарас тұрғысынан баға берілген.
С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде» ХХ ғасыр басындағы әдебиет «Ұлтшыл-байшылдық әдебиет» [12, 22], деп, А. Байтұрсыновтан Ж. Аймауытовқа дейінгі ақын жазушылардың шығармаларындағы байшыл, ұлтшыл сарын сыналады. Осы ойын автор: «ХХ ғасыр әдебиетін тексеріп отырғандықтан, бізге қазақ әдебиетінде жиырмасыншы ғасырда байшыл әдебиетке қарсы туған пролеториат әдебиетін, оның өркендеу дәуірун жазу керек еді. Біз бұл жолы оны істегеніміз жоқ. Байшыл дәуір мен пролетаршыл дәуірді қосып кітап қылсақ, ең алдымен үлкен болар еді. Екіншіден, асығыстық істеуге тура келді. Сондықтан әдебиетіміздегі пролетариат дәуірдің өркендеуін алдыңғы күннің міндетіне қалдырдық» [12, 8], - деп ашық жазды. Бұл пікірге тереңірек мән беретін болсақ, жиырмасыншы жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінің тарихын ауызша және жазба әдебиет деп қана бөле алған ғылыми- зерттеушілік ой- пікір, М. Әуезов пен Х. Досмұхамедұлының еңбектерінде «ХVІІІ-ХІХ ғасырлар ақындары» деген әдеби- терминалогиялық ұғыммен толықса, С. Мұқановта «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген дәуірге тармақталған.
Ал, А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов творчествосы туралы айтар болсақ, олар жайында, «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жаында дұрыс еңбек С. Мұқановтың 1932 жылдардағы кітабынан кейін жазылған жоқ, зерттеу ісі жүргізілген жоқ» [58] қазақ әдебиетінің осы дәуірін зерттеушілер олардың «ұлтшылдығын», шығармаларында ескілікті көксейтіндігі, революция туғызған жаңа заманды түсінбегенін, соған лайық шығармалар бере алмағанын бірінен соң бірі қайталап айтып, оларға С. Мұқанов берген бағаны да айта алмады. Ал зерттеуді енді ғана қолға алып, олардың әдебиет тарихында алатын орнын белгілеуде кірісіп жатқандарға бұл кітап негізгі табан тірер тірек болып, «тарихи деректердің көзі болып қала берері даусыз». С. Мұқановтың осы ақын- жазушыларға заман ағымымен, «ұлтшыл- алашордашыларға» қарсы күрестің ықпалымен және «солақайшылықпен айтылған пікірлерін әрине түзету керек» [58] . Бұл жолда оқулық авторын орынсыз кінәлай бермей, қазақ әдебиеттану ғылымы ғылыми зерттеу методологиясын әлі меңгере қоймаған, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен дәуірге бөлу әлі бір жүйеге түспеген, жеке ақын- жазушының халықтығы мен таптық сипатын ашу басты мақсат болған отызыншы жылдардың талап тілегімен қараған дұрыс болады. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл оқулықты әр түрлі ғылыми аспектіде қарастырған Е. Бекенов, Т. Нұртазин, Т. Кәкішев, Р. Бердібаевтар жеке дарындарды бағалаудағы кемшіліктерін ғылыми тұрғыда талдай келіп, алғашқы монографиялық зерттеу деп бағалайды [59] .
Жалпы бұл еңбектер ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті дарындарының творчествосын тексеруді қолға алу қажеттігін көрсетіп берген, мектептерде әдебиет пәнін тарихи курс ретінде жүргізілуіне бастама салған құнды қазына.
С. Мұқановтан бұрын Ғ. Тоғжанов «Әдебиет және сын мәселелері» атты еңбегінде ұлтшылдық пен байшылдықтың зиян-зардабына арнаулы тоқтаған. Онда автор «Ахмет төңкерісінен бері өлеңді қойғанмен, ұлтшылдығын, байшылдығын қоймай, сабағына кіргізді» [13, 156], - деп, өшпенді пікір танытады. Сөйтіп, С. Мұқанов та, Ғ. Тоғжанов та 1929 жылғы өлкелік комитеті мен пленумының «Ұлтшылдардың сырын ашып, көркем әдебиеттегі ықпалымен күресу керек» деген қаулысына үн қосады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz