Тілдік норма және тіл мәдениеті
МАЗМҰНЫ
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II тарау.
2.1. Тілдік норма және тіл
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Тілдік норма және әдеби тіл нормасы туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Норманың өлшем-шарттары
(критерийлері) ... ... ... ... ... . ... ..18
2.4. Әдеби тіл норманың түрлері (жазу, айту және грамматикалық
норма) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.5. Әдеби тіл нормаларының вариаттары мен
дублеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...34
2.6. Окказионализм (бір қолданар)
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
2.7. Узус пен окказионализмдер оппозитивтік (қарама-қарсы тұрған) тіл
бірліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 54
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
К І Р І С П Е
Қазақ әдеби тіл білімінде әдеби тілімізді алғаш зерттеушілер және
өнімді еңбек еткендер әдеби тіл дегенді қазақтың жалпы халықтық жазба
тіліне, баспасөзге байланысты қарады. Бұл топқа жататындар – Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, т.б.
XX ғасырдың 40-жылдарына дейін әдеби тіліміздің тарихын зерттемек
түгіл, әдеби тіл деген терминнің өзі де болған жоқ, оның орнына әдебиет
тілі дегенді қолдандық. Қырқыншы жылдардан бері қарайғы уақыт ішінде
әдеби тіл деген терминді анықтауға да, қазақ әдеби тілінің қалыптасу
кезеңін айқындауға да арналған біраз еңбектер жазылып келеді. Соларды
жинақтап қарасақ, бір-біріне қарама-қарсы айтылған, айтылып та жүрген біраз
тұжырым бар [1:97 б.].
Профессор Қ.Жұбанов Абай – қазақ әдебиетіміздің классигі дейтін
мақаласында Абай – жазба әдебиетінің атасы. Шын мәнінде әдеби тіл Абайдан
басталады. Абайдан бұрынғы және Абаймен замандас ақындардың ең жақсы
дегендері де ауыз әдебиетінің қанға сіңісіп қалған жатталынды жүгінен арыла
алмады, аз-маз бояу жағып сүйрете берді. Сөзді мейлінше нағыздай, сөйлемін
орамды, мағынасын терең етіп қолдану – жазбаның ғана қолынан келеді,
ауызекі тілде ондай мүмкіндік жоқ-деп жазды [1:97].
Қазақ тілі білімінде әдеби тілге байланысты алғаш пікір айтқан –
профессор С.Аманжолов. Ол 1949 ж. Қазақ әдеби тілі атты еңбегінде қазақ
әдеби тілінің бастама үлгісі жазба түрде XIX ғасырдың екінші жартысынан
басталатынын айтады.Оның осы пікірі 1959 ж. шыққан Вопросы диалектологии и
истории казахского языка еңбегінде әрі қарай дамытылды. Н.Сауранбаев
Ғ.Бегалиевпен бірлесіп жазған Қазақ тілінің грамматикасы атты оқулығында
әдеби тіл дегенді ол былай анықтайды: Жазумен бірге жазба әдебиеті шығады,
ал жазба әдебиетпен бірге әдеби тіл шығады. Әдеби тіл дегеннен біз жазу
тілін түсінеміз. Басқаша айтқанда, көркем әдебиеттің, ғылыми шығармалардың,
тағы басқалардың тілін түсінеміз дей келіп, әдеби тілдің шығуын ауыз
әдебиетінің шығуымен байланысты қарайтындар бар, бұл пікір дұрыс болмайды.
Өйткені халық әдебиеті жазусыз атадан балаға ауызша беріледі. Олар
жазылмағандықтан, өзгеріске ұшырап, толықтырылып отырылады. Бір жырдың өзі
бір елдің ішінде бірнеше түрлі айтылады. Бұларда әбден қалыптасқан тұрақты
норма болмайды. Әдеби тілдің шығуы ауыз әдебиетінің шығуымен емес, жазба
әдебиетінің шығуына байланысты деп жазады [1:97-98 б.].
Жазба әдебиетімізді, әдеби тілімізді қалыптастыруда Абай, Ыбырай
атқарған тарихи міндет орасан зор. Тек Абай, Ыбырай ғана емес, өткен
ғасырдың екінші жартысынан бастап, өз туындыларын баспа арқылы тарата
бастаған басқа ақын-жыраулар болды.
Қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасып келген көркем ойының, рухани
өмірінің байлығы, сөз маржаны оның ауыз әдебиетінде сақталып, ауызша дамып
келгені баршаға аян. Қазақтың ауыз әдебиеті халқымыздың басынан өткізген
елеулі оқиғаларының, рухани өмірінің барлық құбылыстарының көркем тарихы,
ең басты дерегі болып келеді. Бірақ ол туындылардың баспа бетін көрмей,
ұрпақтан-ұрпаққа ақын-жыраулардан ауызекі айтуы арқылы жетіп отырды.
Сондықтан оның қай түрі болса да, бастапқы қалпын сақтай алмай, үздіксіз
өзгерістерге, қоспаларға ұшырап, көбінесе тілдік жағынан жаңарып отыратыны
даусыз. Осы рухани байлығымызда өткен ғасырдан бастап жиналып, жазба
еңбекке айналды. XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар туындылары, айтыс
өлеңдері ауызекі түрде дүниеге келгендерімен, ауыз әдебиетінен гөрі жазба
әдебиет үлгілеріне жақындады.
Ұзақ ғасырлық тарихы бар жалпы халықтың ауызекі тіліміздің баспасөз
үлгісіне, сөйтіп, жазба әдеби тіліміздің қалыптасуына себепші болған тағы
бір күшті фактор бұрын болып көрмеген мерзімді баспасөздердің, аударма
туындылардың дүниеге келуі болды. Тіл тазалығы, тіл мәдениеті, тілдік
нормалылығы жағынан бұлар жоғарыдағы туындыларға қарағанда біраз өзгешелеу
болды. Бұларда кітаби тіл үлгілері бірінде аз, бірінде көп болса да
кездесіп отырды.
Халқымыздың тарихындағы тұңғыш мерзімді баспасөз 1870 жылдан бастап
1882 жылға дейін Ташкент қаласында орысша, өзбекше, қазақша үш тілде шығып
тұрған Түркстан уалаяты атты газет пен 1888-1902 жылдар арасында Омбыда
шығып тұрған Дала уалаяты атты газет. Тіл тазалығы, тіл мәдениеті жағынан
алғанда бұл екі басылымның бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар.
Ондайларды көзбен көріп, ой елегінен өткізу үшін сол басылымдардың
кейбіреулерінен үзінділер келтірсек:
Жаңадан қосылып шығарұлмыш Ақмола облұсының чығарылып жүрген газетіне.
Чығарылып тұр дала уалаятыны билеп тұргучы гинарал кубрнатар хазратлирының
иждаһад илән білдүрмәккә кілән қазақ уалаятларына барча жоғарғы андин кәйін
өзләрині билеп тургучы улуғлардан чығарылмыш әмір фәрмәнләрині һәм қылып
тұрлар ғайри бұйұрқлар тураларынан қабулары тиүшлі боладұр. Үшбү числада
чыгады дүния жүзіне жаңадан чығарұлмыш газетінде қосылып. Көрәрсізләр ақ
қиғаз битүнда жазұлмыш өзләрүнінсізгә жақын тілләрүңіз илән нәрсені (Дала
уалаяты, 1-1-1888, №1).
Дала уалаятының тұңғыш санында жарияланған осы хабарды бұдан 18 жыл
бұрын шыққан Түркстан уалаяты газетінің тұңғыш санында басылған, мазмұн,
мақсат жағынан осыған ұқсас төмендегі текспен салыстырып қарайық.
Түркістан генерал губернатырының бұйрығы бойынша Ташкент шаһарында
қазақша, сартша тілде Түркстан газиті басма болып шығады. Бір жылдық ішінде
жырма төрт (қағаз) нөмерден кем шықпайды, көп шыққанда отыз алты нөмір
шықса керек. Басы бір асылға екі сом отыз тиын, Қоқанд теңгесіне он бір
жарым теңге болады. Газет алмақшы қалаған адам ақшасын Ташкентке, редакция
деген мекемеге тапсырсын. Өзге шаһардың адамы ақшасын почтаменен жіберіп,
қай қалада, қай болыста, қай ауылда тұрғанын анықтап қатқа жазып жіберсін
(Түркстан уалаяты, 1870, №1).
Алдыңғы үзіндіге қарағанда соңғының тілі әлдеқайда таза, қазіргі әдеби
тілімізден айырмашылығы жоққа тән. Тек келтірген тексте ғана емес, барлық
материалдарында да Түркстан уалаятының тілі едәуір жатық та, таза. Соған
қарамастан сөз қолданыста, грамматикалық формаларды пайдалануда
нормасыздық, бірде олай, бірде бұлай кетушілік бұл газет тілінде де, басқа
басылымдарда да кездесіп отырады.
Қазақ тіліндегі басылым деп аталатын мұндай туындылардың тілдік қоспа
жағынан түрлі-түрлі болуының бір себебі ол басылымды шығаратын, баспаханада
істейтін, оны теретін адамдардың қай өкілі болуына да байланысты.
Сөйтіп, еңбектері сөз болған ғалымдардың барлығы да алдымен әдеби тіл
дегеніміз не, оның өзіндік белгілері қандай? – деген сұрауға жауап береді
де, сол белгілерге халықтық тіліміздің қашан ие болғандығын, оның қалыптасу
мерзімін айқындайды. Бір-бірінен азды-көпті өзгешеліктері барлығына
қарамастан, бұл ғалымдардың зерттеу тәсілдерінің дұрыс та тиімді екенін
атаған жөн.
А.Ысқақов әдеби тіл мен ауызекі тіл (халықтық тіл) арасына шек
қоймайды, екеуін де әдеби тіл деген бір атаумен атайды. Автор жалпы
халықтық сөйлеу тілі мен әдеби тіл арасына шек қоймайды. Осы пікірін 1981
жылы шыққан Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары дейтін
жинаққа енген мақаласында да қайталаған: Қазақтың төл әдеби тілі, - дейді
автор, - халықтың өзімен бірге туып, бірге жасасып, оның күнделікті жай
қатынасы мен рухани тіршілігінің сала-саласында қолданылып, ең басты, ең
негізгі қаруы да, құралы да есебінде қызмет атқарып, замандар бойы өмірінің
барлық кезеңдерінде де жұмсалған байлығы сөйлеу тілінен қол үзбей, онан
танбай нәр алып, неше алуан тіл зергерлері мен сөз шеберлерінің електерінен
өтіп, бірте-бірте сұрыпталып, шыңдалып, бүгінгі бай ұлттық әдеби тіл
деңгейіне жеткен тіл.
Елуінші жылдардың аяқ кезінен бастап әдеби тіл мәселелері жайында еңбек
етіп келе жатқан ғалым – М.Балақаев. Қазақ тілінің Совет дәуірінде дамуын
сөз ететін шағын көлемді мақалаларын атамағанда ол Е.Жанпейісов,
М.Томановпен бірлесе жазған, 1961 жылы жарияланған Қазақ әдеби тілінің
мәселелері атты кітапшада әдеби тілдің бірақ проблемасы көтерілген. Мұнда
автор әдеби тілдің анықтамасы, оның өзіндік ерекшеліктері, сөйлеу тілімен,
фольклор тілімен қарым-қатынасы, қалыптасу мерзімі, өзіндік нормасы туралы
жоғарыда айтылған пікірлерді дамыта түсіп, Тілдің көркейіп кемеліне келіп
толықсыған, сап күмістей сараланып белгілі жүйеге түскен түрін әдеби тіл
дейді де, бұдан әрі жоғарыда аталған ғалымдар ізімен әдеби тіл жазу
арқылы, әдеби мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы қалыптасады.
... Оны қалыптастырушылар – көркем әдебиет шеберлері, баспасөз
қызметкерлері. ... Әдеби тіл дегеніміз – нормаға түскен жазба тіл. Норма
орфографияда да, орфоэпия да, терминологияда да болуға тиісті деп
жалғастырған. Осы нормалану процесіне байланысты жоғарыда айтылған әр
авторлар еңбектерінде осы мәселеге біраз көңіл бөлгенін байқаймыз [1:96-105
б.].
Әдеби тілге беріліп жүрген анықтамалардың барлығында да оның негізгі
бір белгісі – нормалылығы. Бірақ осы норма дегенді қалай түсінеміз, оның
қандай түрлері болады, ол түрлерінің бір-бірімен арақатынасы қандай деген
мәселеге тоқталсақ.
Норма жөніндегі мәселе - өзіндік елеулі қиындығы бар проблема.
Лингвистика тұрғысынан алғанда, бір-біріне кереғар мәндес болса да айтылған
және айтылып та жүрген пікірлер аз емес. Оларда жалпы тілдік норма мен
әдеби тіл нормасы да сөз болады. Біраз зерттеушілер норма деген атауды тек
әдеби тілге байланысты ғана қолданып, ауызекі тілдегі үлгіні, дағдыны узус
деп атауды ұсынады. Екінші бір зерттеушілер норманы жалпы атау ретінде
алып, оны өз ішінен тілдік норма, әдеби норма деп екіге бөліп атау ұсынады.
Сөйлеу тіліне тән дәстүрді нормалылық деп атайық.
Ғалымдардың айтуын негізге алып, норманы жалпыға ортақ
(общепринятое), не қазіргі қоғам қабылдаған жүйелер (система) деп
түсінетін болсақ, олар солай екенін танытатын қандай белгілері бар?
Нормалаудың қандай жолдары бар? деген сұрақ туады.
Бұл сұраққа жауап беруден бұрын норманы кейбір ғалымдар ереже
(правила) деп түсіндіруін қабылдауға бола ма? деген сұрауға жауап беру
керек. Оны ереже деп танитын кісінің бірі К.С.Горбачевич былай дейді:
Норма дегеніміз - әлеуметтік тұрғыдан қолдау табатын ғана ереже емес, ол
тілдік тәжірибеге сүйенетін, тілдік системаның заңдылықтарын көрсететін
және беделді жазушылардың қолданылуымен расталған ереже [2: 140 б.].
Әдетте ереже дегенді қолдан жасалатын қағида деп түсінеміз. Сол
тұрғыдан қарағанда тілдегі ресми түрде ереже-норма деп танитындарымыз,
мыналар: емле ережелері, грамматика ережелері. Сондықтан ереже деген
ұғымды ресми қағида деп түсінетін болсақ, ол норма дегеннің синонимі бола
алмайды. Сондықтан ол норманы тілдік жүйе деп көрсетеді [2:146 б.].
Ал, орыс ғалымы Е.С.Истрина: Норма деген түпнұсқаның беделдігімен және
ондағы тіл құбылыстарының қолданылу дәрежесімен анықталады. Жалпы халықтық
қолданыстың бірі норма болып есептеледі - деп айтады [2: 148 б.].
Т.Қордабаев Нормалаудың аясы тек алфавит, орфография, пунктуациялармен
шектелуге тиісті дейді [2: 146 б.].
С.Исаев: Әдеби тілдің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған,
нормаланған тіл болуы керек. Әдеби тіл – қоғамның қолдану практикасында
сыннан өткен, нормаларын қоғам, санасы дұрыс деп қабылдаған және ол
нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт дейді [3: 42 б.].
Осындай ғалымдардың пікіріне қарап, қазақ әдеби тілінің нормалану
дәрежесі қандай? – деген сұрақ қоюға болады. Бұл сұраққа А.Ысқақовтың 1974
жылы берген жауабы мынау: 40-50-інші жылдарда қазақ әдеби тілінің ауызша
да, жазбаша да ұлттық нормалары бірыңғайланып, 50-60-ыншы жылдарда
негізінен орнығып, әбден қалыптасқаны айқын дейді. Әрине, бұл процесс
қазіргі әдеби тілде үздіксіз жүріп жатыр. Ол әлі де болск көпке созылады.
Міндет-норма әбден қалыптасып болды деп қол қусырып отырмай, әдеби тілді
әрі қарай дамыту қамын жеп, ол нормалану процесті жеделдете түсуді
ойластыру керек – деп айтады [2: 143 б.].
Осы әдеби тіл норманың өзі көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына
айналып, қазіргі таңда тіл білімінің өзекті бір мәселесіне айналды. Осы
мәселенің ара-жігін ашып зерттеген ғалымдардың мынандай еңбектерін көруге
болады.
М.Балақаевтың Қазақ әдеби тілі және оның нормалары Алматы, 1984 ж.,
Р.Сыздықованың Тілдік норма және оның қалыптануы Астана, 2001 ж.,
С.Бизақовтың Тілдік норма және варианттылық Алматы, 1997 ж., Н.Уәлиұлының
Фразеология және тілдік норма Алматы, 1998 ж., Г.Мұратова Қазақ көркем
сөзіндегі окказинальды (бір қолданыстағы) сөздер Алматы, 1991 ж.
II Т А Р А У
2.1. Тілдік норма және тіл мәдениеті
Тілдік норма, бір қолданыстағы сөздер, яғни окказионализм дегеніміз не?
дегенге тоқталмастан бұрын, ең алдымен, тіл мәдениеті деп нені танимыз?
дегенге тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.
Мәдениет деген сөздің семантикасында дұрыстық, түзулік,
тәртіптілік, жүйелілік, реттілік, қисындылық, сәйкестік деген
сияқты мағыналық реңктер (семалар) жататыны белгілі. Бірақ әңгіменің
дұрыстығы немен сәйкестігі, қандай реттілік, қандай тәртіптілік, ненің
қисысы деген сұрақтарға жауап іздегенде, тіл мәдениеті деген құбылыстың
заттық, ұғымдық мәні күрделі екендігі байқалады.
Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тікелей қатысты. Жалпы
тіл білімінде (шетелдік те, орыстық та, қазақтық та) біршама қалыптасқан
тұжырымдарға иек артсақ, тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік нормаларды, оның
ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс аақтау әрекеті болып табылады. Кейбір
зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің көріктеу құралдарын,
яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды да сөз мәдениетінің
объектісі деп таниды.
Сөйтіп тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс орнымен қолдану
(лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру
(морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу
(орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын
ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Осылардың бәрін қосып, тіл мәдениеті деген
ғылым-таным саласын ортология деп атаушылық бар, яғни ортология – сөздің
(тілдің) дұрыстығы туралы ілім.
Тіл мәдениеті атқаратын міндеттерінің бірі – қай қолданыс бұл күнде
норма болып табылады, қайсысы жоқ деген мәселелерді түбегейлі зерттеу.
Өйткені тілдің мәдениетін танытатын шарт – тек жоғарыда салалап көрсетілген
нормаларды ұстанып қою ғана емес, ол нормалардың өздерінің дұрыстығын,
сындарлығын тап басып тану және дұрыс деп қабылдау.
Тілдік норманың өзі дұрыс деп бағалануы үшін ол тілдің құрылымдық
заңдылықтарына сай келуі керек. Мысалы, бұл күндерде қазақ тілі сөздігі
тәлімгер, айтыскер, жүлдегер, иегер, саясаткер сияқты ондаған жаңа
тұлғалармен толығуда және олар нормативтік элементтер ретінде әдеби тілден
берік орын тебуде. Бұл неологизмдер сөзжасам жүйесінде бар нормаға сай
келіп тұр: - гер – адамның кәсібін, мамандығын, бір нәрсеге қабілеттілігін
білдіретін жұрнақ: саудагер, жұмыскер, қызметкер т.б.
Тіл мәдениетін статикалық тұрғыдан, яғни қазіргі күй-қалпын әңгіме
еткенде, тілдік норма дегеніміздің бір кезеңде ғана қалыптасып, әрі қарай
өзгермей қатып қалатын құбылыс емес екендігін де қатты ескерту керек. Норма
тарихи-өзгермелі құбылыс болғандықтан, тіл дамуының бір кезеңінде норма
ретінде тілдік элемент екінші кезеңінде нормадан ығыстырылуы мүмкін және
керісінше, өйткені тілдік норманы анықтауда әлеуметтік талғам негізгі рөл
атқарады, ол әлеуметтік талғамды күнделікті өмір қажеттігі, тілді пайдалану
практикасы белгілейді. Осы себептен кейде тілдің құрылымдық заңдылығына сай
келмейтін қолданыстардың да норма деп танылып, әдеби тілден орын алуы
мүмкін. Мысалы: -р, (-ар, -ер) тұлғалы есімшеге -ман (-мен) жұрнағы
жалғанғанда, ол тұлға қазақ тілінің жалпы құрылымдық нормасы бойынша
алдымен, затты, құбылысты емес, қимылды білдіреді, яғни етістік болып қалуы
керек және ол әлі орындалмаған, бірақ жүзеге асуға таяп тұрған, енді-енді
орындалатын іс-әрекетті білдіруі тиіс. Мысалы: Ол жылармен болды дегенде,
ол адам әлі жыламаған, бірақ жылауға тақау деген ұғымды береді. Көшерменде
жұрт жаман, тастарманда қатын жаман деген мәтелде де көшермен тұлғасы
ауылдың әлі орнынан қозғалмаған, отты-сулы жаңа өңірге көшу қажеттігі
таянған қам-қарекетті білдіреді, тұздары жараспаған жұбайлар да сондай,
мұсылман дінінің рашиғаты бойынша да бір күнде әйелін тастай салу оңай
болмаған, тастай алмай, бірақ қарым-қатыстары соған әбден жақындаған сәтті
қазақ тастарманда деп бір тұлғамен білдірген. Қысқасы, -ар+ман
жұрнақтарымен жасалған тұлға қимыл, іс-әрекетті (семантикасын) сақтаған. Ал
бұдан 30-40 жылдай бұрын, яғни 60 жылдардың ішінде әдеби тілімізде оқырман,
көрермен, тыңдармен деген, 90 жылдардан соң оралман деген атаулар пайда
болды. Бұлар енді етістік емес, есім (зат есім) сөздер, әлі орындалмаған,
бірақ орындалуға таяу тұрған іс-әрекетті емес, сөз түбірі білдіретін
қимылдық, іс-әрекеттің (оқу, көру, тыңдау, оралу) иесін орындаушысын
атайтын атау сөз, тіпті термин сөз болып тұр. Соңғы оралман тұлғасы
морфологиялық норманың шырқын мүлдем бұзып тұр, өйткені адамдардың
қимылына, іс-әрекетіне, кәсібіне т.т. қарап келмен, күлмен, түрмен,
ойнаман, жазман, сызман деп атамаймыз ғой. Бұл – нормада жоқ, қазақ тілінің
құрылымдық заңдылықтары мұндай норманы білмейді, оған жібермейді. Соған
қарамастан шет жұрттардан өз отанына қайтып келіп жатқандарды оралман деп
атап, оны ресми терминге айналдырып та алдық. Бұл сөздер тілдік нормаға сай
емес, қайшы келетіндігіне қарамастан, қазіргі әдеби тілімізге енді, оларды
әсіресе публицистикалық стиль, яғни бұқаралық ақпарат құралдары: газет,
журнал, радио, теледидар, сондай-ақ ресми құжаттар (кеңсе – іс қағаздар
стилі) жиі қолданып, тез тұрақтандырып келеді [4: 24-40 б.].
2.2. Тілдік норма және әдеби тіл нормасы туралы ұғым
Тіл байлығы, тілдің икемділігі оның қоғамдық қызметінің ұлғая түсуімен,
әдеби тілдің нышан белгілерін дамыта түсумен ұштасып жатады. Өйткені әдеби
тілге тән ерекше белгілерін, соның бірі – нормалық жүйесін жетілдіру әдеби
тілдің өзін қалыптастыра, дамыта түсудың қамы болмақ.
Тілдік нормак тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады,
солар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады.
Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау
деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Норма белгілі бір
реттілік, жүйелілік құбылыс ретінде ауызекі сөйлеу тіліне де (халықтық
тілге де), әдеби тілдің ауызша қолданысына да, жазба тілге де тән.
Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап
алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтық тіл мәдениеті дәрежесі
жоғары болу үшін, оларды бір ізге түсіреді. Мысалы, қазіргі әдеби тілдің
басын демократиялық әдебиеттің дамуымен байланысты деп қарайтын болсақ,
оның алдында түркі халықтарының біразына ортақ шағатай әдеби тілі болғаны
мәлім. Оның бір түрі XVIII ғасырда кітаби тіл деп те аталады. Қазақ
тілінде сол тілді пайдаланушылар арабша сауаты бар ақындар болатын. Мысалы,
М.Қалтаевтың Насихат қазақия деп аталатын кітабында (1911 ж., Қазан)
уағда – уәде, тоғры – тура, ғамал – амал, хакім - әкім, халал – адал, харам
– арам, ғадал – адал сияқты сөздер кездеседі.
Кітаби тіл үлгілерінде нормаға айналып, өте жиі кездесетін мағлұм,
китаб, мехнат, ғұмыр, қарақат сияқты араб-парсы тілінен енген сөздер әдеби
тілдің халықтық нышандары бекемделе түскен кездерде, әлгіндей өздердің
халық аузында жиі айтылған түрлері нормаға айналды. Сондай-ақ ертеде шұнын,
бірлән, хұрматлу, барадүр, келедүр, айтылмыш, һәм, уа һам сияқтылар да
әдеби норма болатын. Жоғарыда келтірілген мысалдарда сөздер мен олардың
кейбір грамматикалық тұлғалары (-мыш, -дүр) сол ескі әдеби тілдің нормалары
есебінде бұрынғы кітаби әдеби тілде жұмсалғандықтан, бірқатары кейін,
тіпті, қазір де халық аузында көптеп кездеседі (мысалы, айтылмыш, жазылмыш,
һәм).
Әдеби тілдің ертеректегі кезеңінде нормаға айналмаған кейбір сөз
қолданыстары қазіргіден гөрі әлдеқайда жиі қолданылады. Тіпті, әдеби тілдің
белді уәкілі деп саналатын Ы.Алтынсариннің Начальное обучение киргизов по
русскому языку (1879) деген кітабында мынандай сөйлем кездеседі: ... әке-
шешеммен бірге базарға бардым. Кімі мал сатады, кімі киім, кімі шұға, кімі
темір нәрселер сатып жатыр. Шамасы, кісі сөзін автор орыс тілінің кто
есімдігінің баламасы есебінде қолданған болу керек. Қазір де кейбіреулер
дегенді – қайсыбіреулер, біреуісі деп те жазғандарды кездестіреміз.
Әдеби тіл тарихында үйреншікті болмаған нормаға жатпайтын сөздер мен
грамматикалық тұлғаларды бұзып, өздерінше өзгертіп айтуды, солай жазуды
әдеби тіл қабылдай бермейді. Мысалы, Т.Әлімқұлов Сырлы назында барадының
орнына – барашақ, біледі дегеннің орнына – білешек, түскіш дегеннің
орнына – түсешек (сергелдеңге түсешек бала...) деп қолданыпты.
Осылардай, әдебиетте кездесетін жасанды сөздер тілде бар сөз жасау үлгілері
бойынша емес, жергілікті ерекшеліктерге тән үлгілермен жасалса, ондайлар
нормаға айнала қоймайды.
Қазақ халқының қазіргі әдеби тілі халықтың ауызекі тілі негізінде
жасалған дейміз. Бірақ ауызекі тілде, ауыз әдебиеті тілінде бар нәрсенің
бәрі әдеби нормаға айналдырады. Сондықтан әдеби тіл – белгілі дәрежеде
тәртіптелген, жүйеленген тіл болуы керек. Фольклор тілі – халық тілің,
ауызекі тілдің байлықтарының алтын қоры бола тұрып, күрмегінен айырылмаған
күріштей, екшеу, елеу-елегінен өтпегендіктен, шын мәнінде әдеби тіл
үлгісіне жатпайды. Бірақ онда да тілдік нормалар бар. Халық тіліне тән
лексикалық, грамматикалық нормалардың дені тілдің ішкі заңы бойынша
орныққан жүйелер орайында жалпы халық тілінде жұмсала береді, бірақ оларда
кодификация жоқ. Ал әдеби тіл сондағылардың бәрін емес, тиімділерін талғап
пайдаланады, бұрын болмаған жаңа нормалар (мысалы, орфографиялық,
пунктуациялық, терминологиялық, орфоэпиялық) орнатады. Айналып келгенде,
әдеби тіл және тілдік норма бірінсіз-бірі болмайтын, бір бүтіннің екі жағы
сияқты. Тілдік нормалардың беріктігі - әдеби тіл дәрежесінің жоғары екенін
көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын тағы бір қорытынды мынау: әдеби норма
өзгермейтін, сірідей сіресіп қатып қалған тілдік тәсілдер емес. Олар да
диалектикалық даму процесінде қалыптасып, өзгеріске ұшырап отырады.
Сондықтан оған тіл дамуының кісенделген құбылысы деп қарамай, тіл
мәдениетін жоғары сатыға көтеретін, оның икемділік дәлме-дәлдік қасиетін
арттыратын шараның бірі деп қарау керек.
Тіл мамандары әр алуан сөздіктер, оқулық, оқу құралдарын жазғанда, ана
тілінің нормалық жүйелерін таныту, жұртқа соны үйрету, уағыздау үшін
жазады. Ал мерзімді баспасөз, театр, радио, телевидение, дәлірек айтқанда,
жазушы, ақын, диктор, редактор, мұғалім, артист т.т. өздерінің тіл жұмсау
іс-әрекеттерінде жалпы қазақ халқына бірдей түсінікті әдеби тілде жазып,
сол тілде сөйлеуі де әдеби тіл нормаларын орнықты етудің қамы болады. Бірақ
не пайда кейде тілдік нормаға мән бермей, оның белінен басып, ауа
жайылатындар да аз емес. Мысалы, сөздіктерде көп кездесетін түрліше құбылып
айтылатын сөздердің дұрыс деген вариантын жұртқа ұсыну керек емес пе? Ал
түсіндірме сөздікте оларға онша шек қойылмайды. Ондай варианттардың екеуі
қатар берілген. Мысалы, бейхабар – бихабар, бейшара – бишара (313-б.),
бейтарап – битарап(312-б.), беймаза – бимаза (208-б.). Варианты сараланған,
әдеби компоненті анықталған сөздер баспасөзде қатар қолданылады, тіпті бір
кітап, бір мақала ішінде олардың түрліше жазылатын жағдайлары кездеседі.
Ондайлар кездейсоқ қателер емес, баспасөзде жиі кездесетін шала
сауаттылықтан пайда болады. Мысалы: киіз – кигіз, кравать – кереует,
кірауат, кәдімгі – кедуілгі, кәддескі.
Тілдің дыбыс жүйкі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық
құрылысы – бәрі атам заманнан келе жатқан заңдылыққа негізделеді. Халық
тілінде сан алуан байлықтар басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыстар
емес. Сұрыптап, таңдап, талғап іске асырап, олардың бәрінде әдеби тілге
негіз боларлықтай заңдылықтары болады.
Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап талғап, сұрыптап

жоғары болу үшін, оларды жоғарыда айтқанымыздай оларды белгілі бір даму
кезеңдерінде олар тіл нормалары өзгеріп те, басқаша айтылып та, басқаша
жазылып, жаңа нормалар орнығуы да мүмкін. Сонымен қатар оларды бір ізге
түсіреді. Сонда барып, барлық халыққа ортақ заңдылықтары болады [2: 137-143
б.].
Әрине, реттілік, жүйелілік дегеннің өзі тіл қолданысының көрсетілген
түрлерінде болсын, тілдің, әлеуметтік-тарихи қызмет барысында (тарихында)
болсын, тілдің біркелкі, бір сипатта болмайды, оның үстіне нормалықтың
белгісі телдің лексика, грамматика, тіпті фонетика сияқты қаттауларының
бірінде көрінеу, қатаң болып тұрса, екіншілерде салқылдақтау,
босаңдау болып келуі және заңды. Мысалы: ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулық
шылаулардың қолданылуы сиректеу ұшырасады, олардың орнын интонация немесе
синтаксистік құрылым сияқтылар басуы мүмкін: дәрі ішіп алдым – басым ауырып
тұр, бұл ауызекі сөйлеу актісінде, ал ереже бойынша дәрі ішіп алдым, себебі
басым ауырып тұрғаны деп құрылуы тиіс.
Сол сияқты сөз варианттарының еркіндеу қолданылуы ауызекі сөйлеу
тілінде де, шаршы топ алдындағы сөзде де жазба әдебиет тіліне қарағанда
жиірек орын алады. Бұл жерде лексикалық норманың босаңдығының ғана емес,
стильдік талаптың да рөлі болады. Айталық, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі,
қарапайым жергілікті сөздер және бөгде тілдік сөз қатары әлдеқайда еркін
жұмсалса, жазба тілдің шаршы топ алдындағы қолданысында немесе газет-
журналдарда бұлардың орын алуы мейлінше шектеулі, жоққа тән болуы керек,
бірақ мұның барлығы да өз орындарында, өз салаларында норма болып табылады.
Жалпы әдеби тіл мен сол тілдің көркем әдебиетінің нормалары да бір
емес, соңғыда әдеби нормадан ауытқу сияқты болып көрінетін сәттер аз
кездеспейді, бірақ бұл ауытқулар көркем әдебиет тілі үшін норма болып
саналады. Мысалы: шылау – жалғау болып қызмет ететін мен (бен, пен)
тұлғасының менен (бенен, пенен) варианты есімшенің – тын (тін) деген
көрсеткішінің – тұғын болып қолданылуы, едім, келіп айтқаным сияқты
етістіктердің елі, кеп, айтқан болып кездесуі публицистикалық, ғылыми және
кеңес іс-қағаздары стильдері үшін норма емес болса, көркем әдебиет, әсіресе
поэзия тілі үшін – норма. Егер бұлар әдеби тіл үшін бейнормалық,
ауытқушылық болса, ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері әдеби тіл үлгісіне
жатпаған болар еді, өйткені көрсетілген тұлғалардың барлығы ақынның
поэзиясы мен прозасының тілінде тұнып тұр. Демек, әдеби тілдік нормалары
тілдік функционалдық стильдеріне қарай ажырату қажет: бірінде қатаң болып
келетін норма екіншілерінде босаңдайды. Бірақ қай-қайсысы да өз саласында
норма, яғни уәжді, орынды қолданыстар болып табылады.
Сөйтіп, жүйелілік, реттілік болып танылатын норма тілдің барлық
көрінісінде, яғни қолданысының барлық түрінде орын алатын тілдік әлеуметтік
категория болып табылады [3: 40-51 б.].
2.3. Норманың өлшем-шарттары (критерийлері)
Норма деп тану үшін әлеуметтік бағалау, яғни сол тілде сөйлейтін
қалың жұртшылықтың дұрыс не дұрыс емес, жағымды, әсем не жағымсыз, орынды
не орынсыз деген танымы, бағасы болуы керек. Тілдік норма құбылысын
зерттеушілердің айтуына қарағанда, норма мәселесіне теле сөздердің
грамматикалық амал-тәсілдердің, тілдік құрылымдардың жүйелі түрде, біршама
орныққан, көпшілік дұрыс, әсем деп тапқан қолданыстары ғана емес, осындай
қолданыстардың шыңдалып алынуы мен қолданыс барысының тенденциясы, яғни
бағыт-бағдары, өмір-шеңдігі, уәжділігі, әлеуеті (патенциалдығы) деген
мәселелер де кіреді.
Тілдік норма деп тану үшін оған қойылатын шарттар (мәже) болуы керек.
Шарттардың бірі – норма сол тілдің табиғи, құрылымдық өзіндік (ішкі)
заңдылықтарына сәйкес болуы керек, яғни тілдің грамматикалық құрылысының,
сөз қолданысының, сөз жасамының, мағына құбылтуының, сөз сазының табиғи
заңдарына қайшы келмейтін тұлға-тәсілдер норма болып саналады. Мысалы, бұл
күнде жанданған бірқатар жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің норма болып
танылуы – осы модельдің тілдік жүйеде бұрыннан бір екендігіне қатысты.
Айталық, адамның қызмет түрін, кәсібін, мамандығын білдіруде – шы жұрнағы
тек қазақ, араб, парсы сөздерінен емес, орыс тілінен енген сөздерден де
жаңа тұлғалар жасайды: тракторшы, футболшы дегендерді былай қойғанда бұл
күнде памфлетші, газетші сияқты ондаған туынды сөздердің еркін жасалуына
жалпы тілдік модель (үлгі) негіз болған, яғни бұл сөздерді қазақ тілі
табиғатын бұзбайтын нормадағы тұлғалар деп табу керек.
Норманың екінші шарты (мәжесі) – тілдің қатынас құралы ретінде қалың
жұртшылықтың әрдайым қолданысында болатындығы, яғни әлеумет дұрыс деп
тауып, көпшілік болып әрдайым қолданып отыратын сөздер, грамматикалық тұлға
– тәсілдер, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау үлгілері норма болып
табылады. Бұл жерде нормалық құбылыс тілдің өмір сүру кезеңіне байланысты
қарастырады. Мысалы, қазіргі әдеби тіліміздің нормалары – осы кезеңде
қолданылатындары. Айталық, бұл күнде көпшілік жалпы әйел, одан соң
біреудің жұбайы, жары деген мағынаны білдіру үшін адамды жынысқа
бөлгендегі атауы ретінде әйел сөзін қолданады, бұл осы күнгі әдеби норма,
оның қатын деген синонимі белгілі бір стильдік реңкпен (тұрпайлық,
қарапайымдылық т.б.) ғана жұмсалатын әдеби емес сөз. Ал қатын сөзі күні
кешеге дейін, Абайдың өзінде әдеби норма болған, яғни бұдан 60-70 жыл бұрын
қазақ жұртшылығы қатын сөзі тұрпайылық көрмеген. Бұл сөздің тіпті ертеректе
ханның, императордың, ұлы әміршілердің некелі жары деген титулдық мағынасы
болғанын білеміз, Шыңғыс ханның төрт әйелі ғана хатун лауазымына ие
болған, қалғандары кіші, құма сияқты атаулармен аталған, кіші сөзі
бабаларымыздың тілінде көне заманда сақталған ол біреудің жұбайы, қосағы,
жары (орысша жена) дегенді білдіретін. Қазіргі кезге дейін қолданып
келеді.
Жаппай қолданыс дегенді жиі, актив қолданыс дегенмен шатастырмаған
жөн. Сирек қолданылатын сөздер де әдеби нормадағы элементтер болуы мүмкін.
Айталық, көнерген сөздер, тар аумақтың кәсіби сөздер сияқтылар сирек
жұмсалады, олардың өзге эквиваленттері болмайды, сондықтан реті келіп
жұмсала қалса, барлық жұрттың аузына түсетін, яғни жаппай қолданатын тілдік
элементтер болып саналады. Мысалы, көптеген көне сөздер мақал-мәтелдердің,
фразеологизмдердің құрамында сақталған, оларды бүгінгі қалың көпшілік түгел
түсіне де бермеуі мүмкін, бірақ сол сақталған күйінде барлық жерде қолдана
береді. Айталық, әр ханның тұсында бір сұрқылтай, ереуіл атқа ер
салмай, өндірдей жас жігіт, қатуланып, қаттанып дегендердегі
көрсетілген сөздерді мағыналарын анық білсін, білмесін барша жұрт айта
береді, бірақ оларды өте сирек жұмсайды, олардың тіркесімдік қабілеті де
шектеулі болады, осыларға қарамастан, олар да әдеби нормадағы сөздер болып
саналады.
Норма деп танудың үшінші шарты – оның әлеуметтік қолдау табуы, яғни
қалың жұртшылықтың белгілі бір сөздің, тіркестің, грамматикалық тұлғаның,
жаңадан жасалған, не өзге тілдерден енген сөздердің осы мағынада қолданысы,
осы тұлғада айтылуы дұрыс, сөздердің сөйлеу үстінде осылайша дыбысталуы жөн
деп мақұлдады. Әрине, бұл тілдік норманың көпшілік дауыспен шешілуі емес.
Сол тілде сөйлейтін қалың жұртшылықтың дұрыс деген бағасы дүниеге
референдуммен келмейді, бұл бағаны бергізетін – белгілі бір норманың тіл
табиғатына сәйкес келетіндігі, әрдайым қолданыста болатындығы, яғни
нормалылықтың алдыңғы екі шарты соңғы үшінші шартқа алып келеді, өйткені
адамдарда тілдегі түзулікті, дұрыстықты сезетін қасиет болады, ол
дұрыстықты теория жүзінде талдап-танымай-ақ, неліктен осы қолданыс дұрыс
дегеннің дәлелін іздеп жатпай-ақ, адамның интуициясы – патша көңілі сезіп
отырады. Дегенмен бірсыпыра заңдылықтарды, әсіресе лексикалық, оның ішінде
терминологиялық, сондай-ақ орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды қалыпқа
түсіріп, тұрақтандырып, көпшіліктің қолдауын қамтамасыз етуге тура келеді.
Көпшілік қолдауы дегеннің өзі біршама шартты: норма ауысу кезеңінде
жаңа тұлға – тәсілдерді, сөздерді, тіркестерді көпшілік бірден қабылдай
қоймайтыны жиі кездеседі. Көпшіліктің ішінде жеке қаламгерлер, ғалымдар,
оқу-ағарту ісіндегілердің бірқатар топтары жаңа нормаларды, дәлірек айтсақ,
жаңа сөздер мен тәсілдерді қабылдамайды, жатырқай қарайды, тіпті сынап
жатады. Мысалы, парсының –и жұрнағы арқылы сын есім жасау нормасы тілімізде
XX ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап жанданды деуге болады. Әуелде бұл араб,
парсы тілдерінен енген сөздерге жалғанса (тарихи, саяси, адами, мәдени),
кейін келе сыни, қоғам дегендей қазақы сөздерге де жалғана бастады.
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты ірі жазушылар көпке дейін бұл норманы
қабылдамай өтті. Публицистикалық стильде қолдануға бейім бұл тәсіл-норманың
екі жазушының екеуі де өздерінің очерк, мақалаларында мақұл көрмей,
тарихтың, саясаттың, адамдық, адамгершілік деген варианттарын қолданды. 50-
60 жылдары пайда болған оқырман, көрермен сөздеріне де бірақ қаламгерлер
көпке дейін жасырқай қарады.
Көпшіліктің жиі қолданысы арқылы кейбір бейнорма құбылыстардың дағдысы
айналып кететін фактілері бар. Мысалы, сөздер арасында көбінесе
біріктіріліп жазылған сөздерде -қ, к дыбыстарының ұяңдайтын тұстарын
ескермей, қатаң түрде айту дағдыға айналып барады: шегара, көкөнүс,
қыркүйек, күнүкеше, балагезде деп айтылуға тиіс сөздерді жазылуынша шекара,
көкөніс, балакезде т.б. деп дыбысталғандарды жиі естиміз [4.56-65 б.].
Норманы айқындаудың тағы бір критерийі – тілдік тәсілдердің мағына
жүйелілігі. Мағына айыруға қызмет ететін тілдік тұтастық, тілдік
тәсілдердің бірі нормаға енеді. Мысалы: 1) қазақ тіліндегі дыбыстардың бәрі
емес, тек фонемалары ғана норма.
2) Синтаксистік құрылыста бастауыш пен баяндауыштың қиысуы, әрі жүйелі,
әрі мағына дәлдігін аңғартады. Мен, біз, сен, сіз сөздері бастауыш
болғанда, баяндауыштар оларға бағынып, мағыналық үйлесімі ойынша
тұлғалынылады. Есімдіктен басқа сөздердің бәрі, тіпті тәуелдік жалғауда
тұрса да, бастауыш болса, баяндауыштары 3-жақта айтылады. Солай болу норма.
Ал өзі, бәрі екеу, үшеу сөздері тәуелдік жалғауда тұрып бастауыш болғанда,
олардың жақтық мағыналары басқаша болады. Мысалы: әкем келді (III), өзім
келдім (I), бәріміз келдік (I), баламыз келді (III), үшеуіңіз келдіңіз
(II). Бұл да норма болады. Сонымен бірге кейбір өлеңді, мақал мәтелді
сөйлемдерде буын саны артып кетпеу үшін сөзге жалғануға тиісті жіктік
жалғаулар түсіріліп айтылады. Олай болуда жүйелік те, жиілік те, мағына
айыру қызметі де байқалмайтындықтан, ондайды норма деп танымаймыз.
Сондықтан нормативті грамматикаларда мынандай мысалдар елеусіз болып қала
береді.
Сен – темір де, мен – көмір,
Сен – арыстан, мен қабылан
(Қазыбек)
Сен салар да, мен салар
Атқа шөпті кім салар?
(Мәтел)
3) Екі түрлі дыбыстық құрамда айтылатын о бастағы бір сөзге, әсіресе
журналистер екі түрлі мағына теліп жұмсайды. Мысалы: өкімет – үкімет, ілім
– білім – ғылым, оқиға – уақиға, әрекет – харекет, әлем – ғалам, өйткені –
үйткені. Осындай сөз мағыналарын айыру қызметінде жұмсалатын дублеттер
сыңарлары бөлек-бөлек сөз есебінде норма деп танылады. Оның бір жайсыз жағы
– осындайдың қайсысы қандай мағынада жұмсалатыны жұрттың бәріне бірдей аяң
бола бермейді. Себебі, бұл жасанды материал. Ондай жасандылардың жалпы
халықтық сипатқа ие болуы үшін көп уақыт керек. 4) Қазақ тілінде қалау рай
етістіктері түрліше тұлғаларда айтылады. Мысалы, барайық, баралы, баралық.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
(Ы.Алтынсарин).
Мекен іздеп жігіттер кел-кетелі,
Ортасында Көктөбе белгі етелі...
(Қозы Көрпештің Жанақ нұсқасы).
М.Әуезовтің Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының тағы бір нұсқаларында кел-
кетелінің орнына кел-келелік, белгі етелік түрінде айтылған. Бұлар, әрине,
ертеде ауыз әдебиетінде кездесетін көне тұлғалар. Олар қазіргі әдеби норма
есебінде жұмсалмайды.
Норманы айырудың тағы бір критерийі белгілі тілге жаңадан енген
тәсілдердің әбден орныққан тілдік модельдермен үйлесімділігі.
1) Октябрьден кейін пайда болған жаңа ұғымдарға лайық көптеген жаңа
сөздер жасалады. Мысалы, атым, қысым, басым, күтім, шекара, баспасөз,
өнеркәсіп, келіссөз тәрізді біріккен сөздер жасалады. Олар қазір жалпы
халықтық норма дәрежесіне дейін көтеріліп отыр десек қателеспейміз.
2) Орыс тілінің игілікті әсерімен синтаксисте бұрыннан бар модельдерге
сәйкес көптеген сөз тіркестері жасалады. Олар тез нормаға айналып кетеді.
Мысалы: еңбек жеңісі – турдовая победа, тәрбиенің пәрменділігі –
действенность воспитания, атеистік насихат – атеистическая пропаганда т.б.
Сөйтіп, тілдік норманы айқындаудың критерийі бірнеше болғанда, соларды
баянды етудің жұртқа танытудың жолы да бірнеше болады:
1) кодификация жолы (тілдегі заңды құбылыстарды оқулық және басқа
құралдар арқылы насихаттау).
2) Теңдестіру жолы (тілдік құбылыстарды ресми түрде қабылдап, оларға
жалпы халыққа ортақтық сипат беру) [2.145-153 б.].
Міне, тілдік нормаға қойылатын шарттар (критерийлер)ғ яғни норманың
басты белгілері осындай болады.
2.4. Әдеби тіл норманың түрлері (жазу, айту және
грамматикалық норма)
Біз қазақ тілін енді кемелденген, бай тіл деп те, оның жазу мәдениеті
жақсарып, орфографиялық, орфоэпиялық нормалары қалыптасты деп те мақтан ете
аламыз.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, әдебиет, өнер халықтың тағы басқа рухани
өміріне тіл де қызмет етеді. Оның сол қызметі тіл мәдениетінің дәрежесін
арттыруға, тілдік тәсілдердің жетілдіріп, қалыптастыруға кең жол ашады.
Әсіресе баспасөзде орфографиялық, лексика-грамматикалық нормалар және әдеби
тілдің стильдік тармақтары шыңдала түседі. Тіл мәдениеті екі салаға
бөлінеді:
1) баспасөз тілінің мәдениеті, оған жазу мәдениеті;
2) сөйлеу тілінің мәдениеті, оған орфоэпия – дұрыс сөйлеу сөздері,
дұрыс айту мәдениеті енеді. Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде жазу
нормалары баспасы арқылы қалыптасады. Ал орфоэпиялық нормалар баспасөз және
әдеби тілдің сөйлеу тілі арқылы қалыптасады. Сондықтан баспасөз тілі
мәдениетінің дәрежесі әдеби тіл нормаларының сапасы мен дәрежесінің өлшемі
бола алады. Өйткені баспасөз - әдеби тіл мәдениетінің айнасы.
Сөйтіп, тіл мәдениеті халықтың жалпы мәдени дәрежесімен, әдеби тілдің
қандай белесте екенімен тығыз байланысты. Халықтың жазу мәдениеті, сөйлеу
өнері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым, сөздердің орфографиялық және
орфоэпиялық нормалары берік те тұрақты болады.
Қазақ тілінің нормаларын айырып тану критерийлері туралы
айтқандарымызға мысалдар лексика, грамматика, кейде фонетикадан алынады.
Соларға қарап орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың оларға қатысы жоқ
екен деп түсінбеу керек. Бұлардың да жұмсалуында жүйелілік, жиілілік
болжамдар болады. Солармен қатар ол екеуінің нормалық құрылыстарында елеулі
ерекшеліктер бар және олардың өзара байланысы да бар. Мысалы, емле
ережелері бойынша дауысты, дауыссыз дыбыс әріптері түбір сөздер мен
қосымшалардың түйіскен жерінде ілгерінді, кейінді ықпал заңдарына сәйкес
жазылады: .. қатаңнан кейін – қатаң, ұяңнан кейін – ұяң, жіңішке дауыстыдан
кейін – жіңішке, жуан дауыстыдан кейін – жуан, дауысты жазылуға тиісті
екені орфографиялық ережелер жинағында болуы керек. Сондықтан, мысалы,
жаудан, қаладан, терезеден, есіктен деп айтылуы да, солай жазылуы да норма.
Бірақ әр уақытта осылай айту (орфоэпиялық), жазу, орфографиялық нормалары
өзара үйлесіп, бірлестік тұтастығын сақтап жұмсала бермейді, екеуі де бөлек
бағытқа түседі. Мысалы, дауысты дыбыстардың ерін үндестігі қазақ тілінде
қырғыз тіліндегідей елеулі болмайтындықтан, айтуда ол заңдылықтар сақталады
да, жазуда ескерілмейді: төрде төртөу отұр төрөмін деп айтылады да,
төрде төртеу отыр төремін деп жазылады. Екеуі де нормаға қайшы келіп
тұрған жоқ. Не болмаса, завоттан, Ленингратқа деп дыбыс заңы бойынша
айтылады, бірақ ондай сөздердің түбірін сақтау мақсатымен заводтан,
Ленинградқа деп жазамыз. Мұндайда сөздің соңғы дыбысы ұяң болмаса,
дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң, қатаң болса, қатаң
болып жазылады деген ереже еленбейді, ескертілмейді. Немесе ауызша, сөзшең,
қазша деп жазамыз да, ауышша, сөшшең, қашша деп айтамыз.
Мұндайда орфографиялық ережелер фонетикалық принципке сүйінбейді, ал
морфологиялық принцип бойынша – сөздің түбірін сақтап жазуды норма деп
танимыз. Мысалы: Құрманғазы, Сұршағыз, Төрегелді, Есенгелді, Құлагер сияқты
біріккен сөздер арасындағы фонетикалық өзгерістердің жазылуда да сақталуы –
екі талап-талғамның (айтылуы мен жазылуы) түйіскен әсері болса, Амангелді,
Ботакөз, Досжан (айтылуы Дошшан), Сәтбаев (айтылуы Сәтпаев) осылардың
жазылуы айтылуынан алшақ жатыр. Бұлар яғни, орфографиялық ережелері бойынша
күрделі сөздердің бәрі бірдей бірігіп жазылмайды. Бірігіп жазылатындары
көбінесе, зат есім, есімдік, үстеу сөздер болады. Күрделі сөздердің бірігіп
не бөлек жазылуы, сөз жоқ, олардың орфографиялық нормаларын қалыптастыруға
да ауытқымалы етуге де әсерін тигізеді. Мысалы, темір жол (железная
дорога), теміржолшы (железнодорожник), бес жылдық қор (пятилетний запас),
бесжылдық жоспар (пятилетний план), ақ сүйек (белая кость), ақсүйек (игра).
Тілдегі әр уақытта осылардай таразының басы қай жағына ауса сол
нормаға, айналып, оп-оңай шешім бермейді. Кей орайда орфография мен
орфоэпия арасында үйлесімі бола бермейтін жайттар да кездеседі. Мысалы,
әдеби тілдің ерекше күш алып, коммуникативті қызметінің кеңеюі, сөз жоқ,
оның лексикалық қорының молаюын керек етеді. Ол үшін тілдің жаңа сөз жасау
тәсілдерінің әрекеті күшейді. аңа сөздер мен сөз тіркестері барлық тіл
жұмсаушыларға бірдей сіңімді қалпында жасалмайды. Жағажай, балмұздақ,
бессайыс, келіссөз, арзанқол сияқты сөздердің жұртқа танымал болуы, солай
жазылып нормаға айналуы болды. Соңғы кезде мерзімді баспасөз бетінде
мынандай күрделі тұрақты сөз тіркестері біріктіріліп, жиі жазылатын болды:
бозбала, жасөспірім, жанашыр, атүсті, кездейсоқтық, тырнақалды, атсалысты,
еңбексүйгіштік, арзанқол, күретамыр т.б. ситяқтылар, емле ережесі бойынша,
тұрақты тіркестер болмағандықтан бірікпей, әр сөзі бөлек-бөлек жазылуға
тиіс болса, баспасөз тәжірибесі мен ол жолындағы ресми ереже арасында
елеулі қайшылық бар екені байқалады. Фразалық түйдектердің тек мағыналық
тұтастығы ғана емес, олар терминдік ұғымға болып, номинативті арнаға
түседі. Сондықтан мағына тұрғысынан дүрдараздық, басараздық, ауылшаруашылық
т.б. номинативті бір бүтін сөздер деп танылып, біріктіріліп жазылады.
Фразалық тіркестерден біразы, әдетте, әрбіреуі сөздің бейнелі, нысаналы
болмасы болмағандықтан, олардың біртұтас сөз деп танылуы заңды болады.
Мысалы, тіс қаққан – қу, тісін қайрау - өшігу, көз жұму – елемеу, көз қырын
салу – қарасу. Бірақ бұлардың бөлек жазылуы – олардың біріккен сөз
еместігін, тұрақты тіркестер екендігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz