Кірме сөз - термин сөз


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе2
І тарау. Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі ауыс-түйістіктері4
Интерлексика9
ІІ тарау Интерлексиканың қазақ тілі лексикасына ену тарихынан мәліметтер15
ІІІ тарау. Интерлексиканың қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде сипатталуы23
Қорытынды31
Қосымша32
Пайдаланған әдебиеттер53
Кіріспе
Диплом жұмысы қазіргі қазақ тіліндегі интернационалдық лексика, кірме сөздер, термин сөздердің қоданылу барысы мен жасалу жолын зерттеуге арналады.
Мәселенің өзгектілігі: аталған проблема мектеп оқулығынан бастап жоғары оқу орындарындағы оқулықтарға дейін жалпы тіл ғылымының жеткен нәтижелерінің деңгейіне сай емес деп айтуға болады. Қазақ тіл ғылымында лексикологияның бұл мәселелері бойынша азды-көпті зерттеу жұмыстары жүргізілгенмен нақты жеке тақырып етіп алынбай жатыр. Теориялық жағынан зерттеу, дәлелдеу әлі де жеткіліксіз. Қазақ тіл ғылымында интернационалдық лексиканың, кірме сөздердің өзара жігі әлі ашылмай келеді. Біздің тақырыбымыздың өзектілігі осындай қажеттілікпен туындайды.
Зерттеудің мақсаты: Тіл қасиетін айтып жеткізу қиын. Тіл - адамға ған біткен ырыс. Тілсіз адамзат қоғамы өмір сүре алмаған болар еді. Тіл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсіністің құралы. Тілдің дамуына, оның жетілуіне жан-жақты назар аударып отыру - бәрімізге ортақ міндет.
Халықтың белгілі бір тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмір-тіршілігі, өзге елдермен қарым-қатынасы, әдет-ғұрпы ең алдымен оның тілінен, сөз мағынасынан айқынырақ сезіліп тұрады. Қашан да өмірдің сан қилы саласындағы құбылыстардың бәрі де тілдің сөздік қорына ықпал етіп, іздерін тастап, сол оқиғаларға байланысты сөздерді куә етіп қалдырып отырады. Сондықтан да әр халықтың өз тұрмысы мен мәдениетінің, оның материалдық және рухани қазынасының айнасы саналатын тілдің сөздік қорының элементтерін, тілдердің өзара қарым-қатынасын, ондағы ауыс-түйіс негізінде болатын өзгерістерді жан-жақты зерттеп, анықтаудың теориялық да, практикалық да мәні айрықша зор.
Халықтардың әр түрлі себептермен бір-бірімен үнемі араласып келгені адамзаттың сонау көне тарихынан белгілі. Мұның өзі олардың тіл байлықтарын арттыра түсуге үлкен әсер етіп отырған. Бұған барлық халықтардың тілі куә. Демек, "таза" тіл деген жоқ, ол болмақ та емес. Қазақ тілінің сөздік қорына араб, парсы, тілдерінің элементтерінің басым көпшілігі тікелей ауысу арқылы енсе, интернационалдық лексика орыс тілі арқылы енді.
Диплом жұмысының мақсаты: қазақ тіліндегі интернационалдық лексикаға, кірме сөздерге, термин сөздерге жаңаша тұрғыдан қарау. Бұл ретте жаңаша дей отырып, осы кезге дейін қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілдерінің біздің проблемамызға қатысты айтқан пікірлерге жаңаша қарау екенін айтып кеткіміз келеді.
Зерттеудің міндеттері: көрсетілген мақсатымызға жету үшін мынадай міндеттерді белгіледік: қазақ тілінің түсіндірме сөздігін, орысша-қазақша сөздікті, шетел тілдер сөздерінің сөздігін, орыс тілінің түсіндірме сөздігін талдау барысында қазақ тілінде қолданылып жүрген интернационалдық лексиканың, кірме сөздердің, термин сөздердің, біріншіден, түркі табиғатын анықтау; екіншіден, қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуына байланысты жасалып жатқан шаралардың барысында интернационалдық лексиканың, кірме сөздердің, термин сөздердің баламасын іздей отырып, диалектілерге немесе мағынасы жуықтау емес "жасанды" сөздерге жүгіну көбірек байқалып жатқан кезде, осы істің дұрыс шешімін іздеу деп көздедік.
Ғылыми жаңалығы: интернационалдық лексикаға, кірме сөздерге, термин сөздерге, орыс, неміс тілдерін салыстыру арқылы анықтама беру.
Теориялық және практикалық құндылығы: интернационалдық лексикаларға, кірме сөздерге, термин сөздерге анықтама беру бұл мәселелерге терең енуге мүмкіндік береді және мектеп кезінен бастап оқушының әрбір сөздің орнына, заңдылығына назар аударуына ықпал етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген интернационалдық лексикаларының кішкентай сөздігін жасау арқылы практикалық жағынан көмек береді деп сенеміз. Жұмыста қлданған 230 сөз жеке сөздік болып жариялануға болады.
Зерттеудің әдістері: сөздіктерді салыстыру-салғастыру әдісі арқылы қазіргі қазақ тіліндегі интернационалдық сөздерді, кірме сөздерді, термин сөздерді табиғатымен қолдануға болады.
Диплом жұмысының апробациясы университеттегі студенттердің ғылыми-практикалық конференциясында тыңдалды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, қосымшадан, библиографиялық көрсеткіштен тұрады.
І тарау. Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі ауыс-түйістіктері
Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді. Тілдің сөздік құрамы төл сөздер мен басқа тілдерден енген сөздерді де, ғылыми-техникалық терминдер мен дара сөздің эвиваленті ретінде жұмсалатын фразеологизмдерді де қамтиды.
Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс. Ендеше тілдің лексикасына қоғамдағы сан қилы тарихи оқиғалар өз ықпалын тигізбей қоймайды. Қоғам өміріндегі оқиғалар тілідің морфологиялық, синтаксистік, фонетикалық салаларында жанамалап барып ықпал етсе, тілдің лексикалық саласына тікелей әсер етіп отырады. Түрлі елдердің өзара саяси, мәдени, экономикалық байланыстырына, ғылыми-техникалық өзгерістерге қатысты жаңа сөздермен сөз тіркестері пайда болып, сөздік құрамды-тілдің лексикасын әрдайым толықтырып отырады. Ал қазргі лексикалық норма тұрғысынан қарағанда ескіріп қалған көне сөздер, архаизмдер сөз тарихының "архивіне" кетіп жатады. Бұл кездерде тілідң - "архивіне" кеткен сөздер қазіргі таңда тілімізге қайта оралып жатыр. Сөйтіп, тілідң сөздік құрамында тынымсыз өзгеріс болып тұрады.
Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзінде түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен қарым-қатынас жасау арасында бір-бірімен сөз алысады.
Кезінде талай-талай тарихи кезеңдерді басына кешірген қазақ халқының тілідк құрамы екі қабаттан тұрады. Біріншісі негізгі қазақтың төл сөздері, екіншісі - өзге тілдерден еніп, сіңісіп кеткен лексикалық элементтер.
Енді қазақ халқының тілдік құрамының екінші қабаты шет тілдерден ауысқан сөздерге көңіл бөлейік.
Кірме сөздер, тілдік қарым-қатынасы, байланыс кезінде бір тілден екінші тілге ауысып қабылданған сөздер мен тілдік элементтерді кірме сөздер деп атаймыз. Көбінесе жеке сөздер, жиі қолданылатын сөзжасам жұрнақтары, синтаксистік құрлымдар, кейбір тілдік дыбыстар ауысады. Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер. Бұндай сөздер әрбір тілдің лексикасында да бар. Қазақ тіліне келетін болсақ, қазақ тілінің даму тарихының түрлі кезеңдерінде сан алуан себептермен оның құрамында араб, парсы, қытай, монғол, орыс тағы басқа тілдердің элементтері енді. Орыс тілі арқылы ағылшын, грек, латын, итальян, неміс, голланд тілдерінің сөздері қазақ тіліне ауысты.
Кірме сөздер көбінесе дәрлік шеттен ауысқан заттар мен ұғымдардың атауларымен бірге енеді. Мұндай заттар мен ұғымдар сол тілдің өзінде жоқ болса, яки олардан өз тіліне аударма жасау сөздің түпкі мағынасын бұрмаласа, сонда ғана белгілі бір тіл басқа бір тілден ауысқан лексикалық элементтерді өзінің сөздік құрамына қабылдайды. Бұл топтағы кірме сөздер өзі ауысып отырған тілдің сөздік құрамын заттар мен ұғымдардың жаңа аттары мен байыта түседі. Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты және дағдылы құбылыс болып саналады. Дегенмен шеттен енген сөздер кейде заттар мен ұғымдардың жаңа аттарын өздерімен бірге ала келмеуі де ықтимал.
Кейбір жағдайларда шетел сөздері бұрын белгілі бір тілде орын алып келген ұғымдарды ығыстыру, әрі оларды өзге тілдің сөздерімен салыстыру арқылы енеді. Мысалы "билге" /ғалым/ деген көне түркі сөзі беретін келе көптеген түркі тілдерінде алем деген араб сөздерімен алмастырылды.
Шығу төркіні жағынан алып қарағанда, сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама ауысуы деп аталатын екі түрі болады. Бірінші тәсіл бойынша белгілі бір сөздер бір тілден екінші бір тілге тікелей енеді де, екінші тәсіл бойынша кейбір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей емес, басқа бір тіл арқылы енеді. Мысалы, орыс тіліндегі казна, султан, сундук деген сөздер шығу тегі жағынан араб тілінің сөздері болса, майдан, чабан, чердак-парсы тілдерінің сөздері. Бірақ бұл сөздер орыс тіліне осы екі тілден тікелей емес, алдымен түркі тілдеріне, одан кейін үшінші тіл - орыс тіліне енген. Болгар тіліндегі сабур /сабыр/, кайрат /қайрат/, адет /әдет/ деген сөздер шығу тегі жағынан араб тілінің сөздері. Бұл сөздер де болгар тіліне түркі тілдері арқылы енген.
Тілдің тілдік лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке байланысты зат атаулары мен ұғымдардың атаулары болады. Ауызша енген кірме сөздерге өте-мөте тән ерекшелік сол - олар қабылдаушы тілідң дыбыстық /фонетикалық/ заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сәйкестендірілді. Мысала, орыс тілінің элементтері де қазақ тіліне еніп, қалыптасып, қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық нормаларына сәйкес өз тұлғасын өзгертіп жіберген. Ол сөздер: болыс /волость/, майыр /майор/, жандарал /генерал/, самауыр /самовар/, кереует /кровать/, бокебай /пуковый/, шәйнке /чайник/, тағы басқа сөздер. Араб, парсы тілідерінің сөздері тілімізге тікелей ауысу арқылы енді. Тілімізге араб, парсы тілінен енген сөздерді арнайы зерттеу жұмысын жүргізу арқылы ғана тануға болады. Мысалы, әкім, дәулет, дәптер, мектеп, дүние, намыс, тағы басқа сөздерін қай қазақ сыртқы тұлғасына қарап, араб, парсы тілінің сөздерінен енген деп айтады. Бұл жөніндегі Х. Досмұхамедұлы:- Шілде, қала молда, есеп, несібе, дастархан, береке, сабын, аспан секілді тағы талай сөздің бәрін қазақ тіліне жат тілдерден кірген сөздер. Бұл сөздер біздің тілімізге соншама сіңіп кеткен, қазақ-қырғыз халқа бұлардың жат екендігін сезбейді. Байқап қарасақ, жоғары сөздердің бәрі де қазақ тілінің қай заңына да көнеді; қазақтың түбір сөздерімен бірдей болып өзгеріп, бірдей құбылады. Қай жағынан қарағанда да бұларды жат сөздер деп айтуға болмайды, бұларды жат сөздер десек көнбейді ", 1 -десе, А. Байтұрсынов: "Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған - қазақ", 2 - дейді. Шынында да, араб, парсы тілдерінің сөздері қазақ тілінің заңдылығына бағынып барып тілімізге енген.
Басқа тілден енген сөздердің фонетикалық жақтан игерілуі дегеніміз олардың қабылданушы тілдің дыбыс /фонетикалық/-тық заңдарынан сәйкестендіріліп икемделуі. Басқа тілдік сөздер қабылдаушы тілідң фонетикалық ерекшеліктеріне қарап икемделеді.
Сондықтан бір шет елдік сөз әртілде әр түрлі болып дыбысталады. Бұл - заңды да. Себебі әр тілдің өзінің ерекшеліктері, заңдылықтары бар. Мысалы, орыс тілінің дуга, сумма деген сөздері қазақ тілінде доға, сана болып өзгерілсе, қырғыз тілінде цоғо, сомо болып өзгерген. Аталған сөздердің құрамындағы у дыбысының а дыбысына айналуы қазақ, қырғыз тілдерінде ешбір қосымшасыз түбір сөзде екі дауыссыздық аралығында у дыбысының қолданылмауынан болса, г-ның, ғ-дыбысына айналуын жуан дауытылардың г-дыбысына емес, әрқашан ғ-дыбысымен тіркесу заңдылығынан. Ал қырғыз тілінде аталған сөздердің соңындағы а дыбысының о дыбысына айналуы бұл тілде ерін үндестігінің күшті болуына байланысты.
Басқа тілдік сөздердің грамматикалық жақтан игерілуі дегеніміз -
Ол сөздерге қабылдаушы тілдің қосымшалары жалғанып, олардың төл сөздермен емін-еркін тіркесіп жұмсалу қабілеті. Басқа тілдік сөздер қабылдаушы тілдің қосымшалары жалғанып, олардың төл сөздермен емін-еркін тіркесіп қолданылуға мүмкіндік алудың нәтижесінде бір сөз табынан екінші сөз табына ауысып, грамматикалық жақтан да түрленіп отырады. Мысалы, парсы тілінен енген есім сөзден қазақ тілінің аффикстері жалғану арқылы етістіктер жасалып, төл сөздерден болған етістіктер қалай түрленсе, солай түрлене алады.
Ол сөздер: баға-бағалау, жан-жандану, гүл-гүлдеу, арзан-арзандау, майда-майдалау.
Жоғарыда айтып кеткендей, қазақ тіліне араб, парсы, орыс тілдерінен басқа монғол, ағылшын, грек, латын, неміс, француз тілдерінен де сөздер енді. Ағылшын, латын, грек, француз тілдерінің элементтері тікелей емес, жанама ауысу орыс тілі арқылы енеді. Ол тілдердің сөздері негізнен интернационалдық лексикалардың қорын құрайды. Ондай сөздердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске ұшырамайды.
Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тәсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүмкіндіктерінің есесіне, бұрынан бар сөзден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады.
Интерлексика
Интерлексика халықтар арасындағы байланысты нығайтуда үлкен роль атқарады. Біз интерлексиканы "халықаралық" сөздер демей, сол қалпында алып отырмыз. Себебі, "халықаралық" сөзін орыс тіліне "международный" болып аударылады, сонда біз интерлексикаларды халықаралық сөздер деп қолдансақ, онда ол халықтардың арасында жүр деген мағынаны береді. Ал "интернационалдық" деген сөздің ішінде халықтардың бәріне ортақ деген мағына жатыр. Мысалы, интернационалдық тәрбиені "халықаралық тәрбие", интернационалист сөзін "халықаралықшыл" деп айта алмаймыз. К. Аханов, Р. Сыздықова сияқты ғалымдарымыз өздерінің еңбектерінің “халықаралық демей” интернационалдық деген сөзді қолданылады.
Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер ғылыми-техникалық әдебиет пен өнер арқылы енген және солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар цивилизация ұғымдарына сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мәніне байланысты интерлексика болуға икемделеді. Интерлексика дегеніміз өркениетті елдердің тілдерінде қолданылып барлығында бірдей мағынасы бар сөздер. Бұлардың интернационалдық деп аталу себептерінің өзі халықтар арасындағы ортақ түсінуді қамтамассыз ете алатын мүмкіндігі бар сөздер.
Интерлексика негізгі мақсаты - терминдік мағына, яғни интерлексика бүкіл адамзат баласының ортақ рухани байлықтарын атай алатын, осыған байланысты терминдік функциялар атқаратын сөздер.
Интерлексикалардың тілден тілге ауысу,, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Олардың кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызы болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай және жиі қолданылатын сөздерге айналады. Мысалы, қазіргі кезеңде банк /франц/, экономика алгебра / /, адмирал, сияқты сөздер бүкіл әлемге таралып, әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздердің айналып отыр. Еуропа тілдерінде интерлексикалардың қорын грек және латын тілдерінен енген сөздер, құраса, Таяу және Орта Шығыста негізгі қорды бұл тілдермен қатар араб және парсы ттілдерінің сөздері құрайды. Қазақ ттіліне ондай сөздер орыс тілі арқылы енді. Интерлексикаларды тілімізге орыс тіл ғылымында қалай қолданылса, сол түрде қабылдадық. Бұл туралы келесі бөлімдерде сөз болады.
Интерлексикалардың, негізнен, шығу тегі латын және көне грек тілі. Мысалы, философия (грек тілінің “сүйемін” және “даналық” сөздерінен шығып, “даналықты сүйемін” деген мағынаны білдіреді) ”, “термин (латын тілінің - “шек”, “шекара” деген сөзінен шыққан”) . Кейде осы екі тілдің қосындысынан жасалған сөздер де жиі ұшырасады. Мысалы, автомобиль грек тілінің “өзі” және латының “қозғалушы”, “жүруші” деген сөзінің жасалынған. Бұндай сөздердің шығу тегі жағынан араб тілінің сөздерінде бар. Бірақ араб тілінен шыққан интерлексикалар қазақ тіліне тікелей емес, өркениетті елдердің тілдері арқылы енген. Мысалы, химия, алгебра, алколоид, т. б. сөздер.
Бұл ттілдерден басқа да тілдердің сөздері “интернационалдық” деп аталу дәрежесіне көтерілген. Мысалы,
- Неміс сөздері: орден, рота, ранг, фельдмаршал, флейта, балет, бутерброд, патронтаж, вахта, верстак, штамп т. б.
- Француз сөздері: галифеф, сатин, кашке, драп, трико, костюм, мармелад, рагу, марш, кавалерия, блиндаж т. б.
- Ағылшын сөздері: рельс, биффштекс, пудинг, ром, гандбол, футбол, кросс, крокет, департамент, лидер т. б.
- Итальян сөздері: мандолина, ария, либретто, ложа, опера, банка, арка, бензин, бас, тенор, альт т. б.
- Поляк сөздері: краковввян, полька т. б.
- Голланд сөздері: бухта, кабель, крейсер, матрос, руль, штурман, катер, рейд, рейс, фут т. б.
- Парсы сөздері: кафтан, сарафан, чемодан т. б.
Интерлексикалар көне, қазіргі тілдерде де нейтралды мағынамен қолданыла бермейтін сөздерден тұрады. Осыған байланысты олар - өздері бастапқыда атаған ұғымдарды заман дамуына байланыстырмай сол қалпында сақтап қалатын сөздер.
Қорта айтқанда, интерлексикалар дегеніміз ғылым мен техника, саясат, өнер мен мәдениеттің саласына тән халықаралық ұғымдарды білдіретін, мағыналары, сыртқы фформасы жағынан бір-біріммен сәйкес келетін (белгілі бір тілдерде дыбыс және графикалық единицалардың сәйкестік заңдылығы бойынша), негізнен терминдік мағынада қолоданылатын және әртүрлі, әсіресе туыс емес тілдерде (үш тілден кем емес) қызмет атқаратын сөздер.
Термин сөздер. Әдетте ғылым дүниесінде белгілі бір ұғым, құбылыс, заңдылықтың қасиеттерін, ара қатынастарын зерттеу нәтижесінде бұрын белгісіз жаңа ұғымдар дүниеге келеді. Тіл байлығын осы жаңа ұғымдардың табиғатын, ішкі сырын және өрнектейтін сөз іріктеліп, сұрыпталып алынып, оған атау берілді. Мұны жаңа ұғымның атауы, термині дейміз. Жаңа мағыналы термин сөз ең, әуелі, ғылымдарға белгілі болып, соларға қызммет жасаса, келе-келе оқулықтарға еніп, оқушы қауімнің ой-сансынан, тіл байлығынан да өз орнын ала бастайды.
Термин латының сөзінен шыққан және “шек”, “шекара”3 деген ұғымды білдіреді. Академик І. Кеңесбаев пен профессор Т. Жанұзақов термин сөзінің шығу төркінін айта келіп “ғылым мен техниканың, көркем өнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тиянақты, тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөзі”, 2 - деп түйін жасайды.
Термин дегенімізге “Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы” мынадай анықтама береді: “Термин - ғылым,
- «Словарь иностранных слов, М-1985, 492 б.
- Кеңесбаев, Т. Жанұзақов “Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. А-1966.
техника, өнердің арнайы саласындағы, сол сияқты кезде тұрмыстың белгілі бір саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін қолданылатын сөздер және сөз тіркестері” (ІҮ том, 570-бет) .
Жоғарыдағы арыдағы «шек, «шекара тұрғысынан зер салсақ, термин дегеніміз арнайы ұғымдарды, арнайы заттарды білдіретін арнайы сөздер немесе арнайы тіркестер болып шығады.
Термин мәселесімен тікелей айналысқан тұңғыш профессор, белгілі лингвист Қ. Жұбанов қазақ тіл ғылымының тарихында тұңғыш рет терммин дегенімізге тоқталып, анықтама ұсынады: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін сөздер болады, о сөздерді әлігіндей ұғымдарға-ғылым мен реввлюция жағы сатыда тұрса, міне, осы екеуі келіп отырады; сонымен қаттар термин сөзінің терминдікң ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жәй сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. І
Қарап отырсақ, ғылым әдебиеттерде кездесетін пікірлердің бәрі де сайып келгенде бір-бірінен алшақ кетпейді. Сонда термин дегеніміз, ең алдымен, белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика болып шығады.
Мысалы,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz