Шет тілдер сөздерінің сөздігі


Жоспар
Кіріспе3
I. Қазақ лексикографиясының қалыптасу кезеңдері5
ІІ. Сөздіктің түрлері, ерекшеліктері12
Түсіндірме сөздіктер24
Диалектологиялық сөздіктер29
Этимологиялық сөздіктер33
Синонимдік сөздік34
Фразеологиялық сөздіктер38
Аударма сөздіктер39
Терминологиялық сөздіктер41
Шет тілдер сөздерінің сөздігі41
III. Лексикографияның қазақ тіл білімінің, лексикологияның дамуына ықпалы43
Қорытынды45
Пайдаланылған әдебиеттер47
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі ғылым мен техниканың даму дәуірі басқа да ғылымдар саласы секілді тіл білімінің де қай саласын болмасын жете зерттеп қарастыруды қажет етуде. Осындай зерттеуді қажет ететін тіл білімінің өзекті саласының бірі - лексикография. Лексикографияның өзіндік қалыптасу жолы, ерекшелігі, өзіне тән сипаты бар. Қандай да болмасын кемеліне келіп жетілген тілдің өскелеңдік белгісі оның сөздіктерінің молшылығымен де көрініп тұрады. Қазақ тілінің сөздіктері ерекшелігі жағынан да, саны жағынан да бай екендігін аңғарамыз. Лексикография саласының ерекшеліктері мен жан-жақты қырларын қарастырып, тану бүгінгі таңның өзекті мәселесі.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Тіл білімінің өзекті саласының бірі болып табылатын лексикографияның қалыптасу кезеңін, дамуын, сөздіктердің түрлерін жүйелі түрде қарастыру.
Зерттеудің әдісі: Тақырыпқа байланысты зерттеуші ғалымдардың жарық көрген еңбектерін саралап және сөздіктерден мысалдар келтіру арқылы, лексикографияның өзіндік ерекшеліктерін анықтап, теориялық жағынан дәлелдеу.
Зерттеудің нысанасы: Тіл білімінің лексикография саласы және сөздік түрлері.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Бұл жұмысты ары қарай жалғастырса қазақ тіл біліміндегі, қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көптеген көмегі тиер еді. Көптеген мәселелердің басын ашатыны сөзсіз және бұл тақырып кандидаттық, докторлық дәрежеге болады деп нақты болжам жасауға көзіміз жетеді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Зерттеудің нақты талдау нәтижелері тарихи лексикология, семасиология, тіл тарихы т. б. қатысты теориялық мәселелерге өз дәрежесінде үлесін қоса алады деп санаймыз.
Зерттеудің нәтижелерін тіл тарихы бойынша дәрістер оқуда, оқулық жазу мен лексикографиялық тәжірибеде пайдалануға болады.
Зерттеудің талқылануы: Бұл жұмыс зерттеушінің ғылыми жетекшісімен бірге отырып жазылды. Жазылу барысында ғылыми жетекші жұмысқа көптеген түзетулер енгізді. Ғылыми жұмысын қорғау алдында кафедра мәжілісінде тыңдалып, әдіскер мұғалімдердің талқылауынан өтті. Таңдалған тақырыпқа байланысты оқытушылар мен магистранттар арасында өзара пікір алмасып, жұмыс біршама толықтырылды.
Жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыстың көлемі 50 бет.
I. Қазақ лексикографиясының қалыптасу кезеңдері
Лексикография - гректің lexikon (сөздік) және logos (ілім) мағыналы сөздерінен алынған термин. Қазіргі кезде лексикография, негізінен, үш түрлі мағынада қолданылады: лексикография - тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір саласы; сөздіктер жасау туралы ілім; лексикография белгілі бір тілдің сөздерін жинастырып, оларды жүйелеп, сөздіктер құрастыру туралы сала; лексикография - белгілі бір тілдің немесе ғылымның белгілі бір саласына қатысты сөздіктер жиынтығы; жалпы немесе белгілі бір мақсатқа арналған сөздіктер жиынтығы.
Лексикография - тілдің лексикасымен тығыз байланысты ілім. Дәлірек айтқанда, лексикография тілдегі сөздерді, яғни лексиканы белгілі бір жүйеге келтіріп қарастырады. Ал тілдің лексикасы дегеніміз - белгілі бір тілдің сөздік құрамы, яғни бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы. Белгілі бір тілдің лексикасы сол тілдегі сөздердің қолданылу аясына, шығу тегіне, қалыптасу, байып, толығу жолдарына, стилистикалық өрнектеріне, белгілі бір әдеби бағыттың, көркем шығармалар мен жеке ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері тіл байлығы мен сөз айшықтарына т. б. толып жатқан ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Осындай жан-жақты, қыр-сырлы белгілерге орай, тіл-тілдің лексикасы толып жатқан сала - тармақтарға бөлінеді: ауызекі сөйлеу лексикасы, тұрмыстық лексика, кітаби-жазба лексика, қоғамдық-публицистикалық лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми-іс қағаздары лексикасы, әскери лексика, жалпыхалықтық лексика, диалектілік лексика, профессионалдық лексика, терминологиялық лексика, арготивті лексика (жаргон лексика), экзотикалық лексика, актив лексика, пассив лексика, көнерген лексика, кірме лексика, интернационалдық лексика, нейтральды лексика, эмоционалды лексика, экспрессивті лексика, көтеріңкі лексика, поэтикалық лексика, вульгарлық лексика, романтикалық лексика, “Евгений Онегин” лексикасы, “Абай жолы” лексикасы, С. Сейфуллин лексикасы, М. Әуезов лексикасы, фамильярлық лексика т. б.
Тіл-тілде сөздіктер ірі-ірі екі топқа бөлінеді: энциклопедиялық сөздіктер, лингвистикалық сөздіктер. Энциклопедиялық сөздіктер негізгі-негізгі мәселелер жөнінде ғылыми ұғымдар мен түсініктер, ірі-ірі тарихи оқиғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері т. б. күрделі-күрделі проблемалар туралы толық әрі тұжырымды мағлұмат береді. Энциклопедиялық сөздік белгілі бір мақсатқа арналуы да мүмкін. Мәселен, балалар энциклопедиясы, медициналық энциклопедия т. б. тақырыбына сай керектілердің негізгілерін толық қамтуға тырысады. Орыс тілінде 50 томдық Үлкен Кеңес Энциклопедиясы (БСЭ) бар.
Тіл лексикасының қыр-сыры лингвистикалық сөздіктерде қарастырылып, жүйелі түрде түсіндіріледі. Лингвистикалық сөздіктер өз ішінде негізгі екі типке бөлінеді: жалпы және арнаулы сөздіктер. Жалпы сөздік тілде күнделікті қарым-қатынас жасау үшін аса қажет, жиірек, жалпылама қолданылатын сөздерді қамтып, оларға толық сипаттама береді. Жалпы сөздік біртілділік, қостілділік болып келеді.
Лингвистикалық сөздіктің түрлері өте көп: орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, терминологиялық сөздік, шетел тілдері сөздігі, лингвистикалық терминдер сөздігі, қысқартылған (аббревиатура) сөздер сөздігі, топонимикалық сөздік, жиілік сөздігі, этимологиялық сөздік, диалектологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, логикалық сөздік-анықтама, жеке ақын-жазушы тілінің сөздігі, жек бір шығарма тілінің сөздігі т. б.
Орыс тілінде кең тараған және аса бағалы түсіндірме сөздіктер мыналар: В. И. Даль. Толковый словарь живого великорусского языка (төрт бөлімді; 1863-1866; 200 мыңдай жеке сөз, 30 мыңдай мақал-мәтел қамтылған) ; Д. Н. Ушаков. Толковый словарь русского языка (1935-1940; төрт бөлімді; 85289 сөз қамтылған) ; С. И. Ожегов. Словарь русского языка (бірінші басылымы-1949 жыл; 18-басылымы - 1986 жыл; 57 мыңдай сөз қамтылған) .
1957-1961 жылдар арасында Пушкиннен бастап қазіргі кезге дейін жалпылама қолданылатын 82159 сөзді қамтылған “Словарь русского языка” атты еңбек, 1950-1965 жылдар арасында 17 томдық “Словарь современного русского литературного языка” атты академиялық сөздік жарық көрді.
Филологтар үшін күнделікті қажетті сөздіктер қатарына жататын еңбектер мыналар: Д. Н. Розенталь, М. А. Теленкова. Словарь-справочник лингвистических терминов (1976) ; О. С. Ахманова. Словарь лингвистических терминов (1966) ; Учебный словарь сочетаемости слов русского языка (1978) ; Фразеологический словарь русского языка (под редакцией А. Н. Молоткова, 1968) ; Н. И. Кондаков. Логический словарь-справочник (1957) ; Русско-казахский словарь (1978-1981 және 1987) ; Словарь иностранных слов (1949 және кейінгі жылдардағы басылым) т. б.
1959 және 1961 жылдары “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” екі томдығы шықты. Бұл - бергі дәуірде шыққан лексикографиялық үлкен еңбек. Бұл екі томдыққа қазақ тілінің 18 мың 135 сөзі, 3 мың 371 фразеологиялық тіркесі енген.
1967-86 жылдар арасында “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” он томдығы шықты. Бұл сөздікте 1089 автордың (жинақ авторын есептемегенде) 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен - барлығы 2827 жазба нұсқадан (арнадан) жалпы саны 200 мыңға жуық мысал-цитата алынған. Қысқасы, он томдық сөздікті жасауға негіз болған арналар - әрі қомақты, әрі дәйекті деректер.
10 томдық сөздіктің мақсаты - халық тілінің лексикалық байлығын мүмкіндігінше түгел қамту, олардың мағыналары мен реңктерін саралап ашу, әр сөздің қолданылу аясы мен өрісін айқындау, ол сөздердің тіркесу қабілетін анықтау, оларға әрі дұрыс, әрі қысқа түсініктеме беру, әр сөздің және тіркестің мағынасына, тіркесу қабілетіне, т. т. сол сияқты сырларына айғақ болатын нақтылы иллюстрациялық материал келтіру (Қараңыз: 10 - том, 500 - 501-беттер) .
“Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” он томында реестрге алынған атау сөздердің ұзын саны - 67 мыңдай, ал фразеологиялық тіркестер - 24, 5 мыңдай. Бұл екеуін бірге қоссақ, 91, 5 мыңдай лексикалық тұлға (единица) шығады. Бұл - тек қана жеке сөздер мен тіркестердің ұзын саны ғана. Ал бүкіл он томда берілген анықтаманың жалпы саны 103, 5 мыңға жетеді. Он томның жалпы көлемі - 750 баспа табақ.
“Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” жөнінде белгілі ақын, тәжірибелі қаламгер, тамаша сөз шебері Мұзафар Әлімбаев “Көңіл күнделігінен” атты эссесінде былай деген екен:
“Бұл - қомақты ғылыми көрнекті еңбек… Тіл білімі институтының өзі-өз болғалы шығарған шын мағынасындағы шынайы халық кітабы. Бұл - көптің еңбегі, өлмейтін еңбек, жоғалмайтын қазына… Тіпті тілге, тіл біліміне он екі қайнаса сорпасы қосылмас қаймана қазақ болған күннің өзінде де мен осы сөздікті іздеп тауып оқыр едім, күнделікті құралыма айналдырып, стол үстінен түсірмес едім.
Неге? Неге десеңіз, бұл - біздің қолда барымыздың қымбаты, ата-бабадан бұйырған мирасымыз, елдік еншіміз, ата-ананың көзіндей асыл сөз… Түсіндірме сөздік мұғалім бол, студент бол, қойшы бол, ойшы бол, егінші бол, темірші бол - бәрімізге керек. Ардақты ата-аналар! Асырып айтқандық емес, отау тіккен ұл-қыздарыңызға түсіндірме сөздіктің толық комплектісін еншіге ұсынсаңыз, - ұялмасыңызға біз кепіл!” (“Мәд. ж. Тұрм. ”) .
Сөйтіп, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” он томдығы - қазақ тілінің алтын қазынасы, ана тілінің сарқылмас байлығы мен қоры. Бұл - халқымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани өсу деңгейінің лайықты көрсеткіші. Сөздіктің бұл басылымы - Қазақстанның 70 жылдық торқалы тойына лайықты тарту.
1968 жылы “Абай тілі сөздігі" шықты. Сөздіктің алғы сөзінде былай делінген: “Сөздікті жасаудың нәтижесінде Абай өз шығармаларында не бары 6 мыңдай ғана жекедара сөз қолданғаны айқындалды. Бұдан, әрине, Абайдың барлық білген сөзінің саны немесе сол кездегі қазақ тілінің күллі сөзі осындай ғана екен деген қорытынды шықпайды және шықпақшы да емес. Өйткені қандай ұлы жазушы болса да; өзінің білген сөздерін орынсыз тықпалап, ретсіз-жөнсіз енгізе бермекші емес, тек өзінің жазып отырған тақырыбына қатысы бар сөздерді ғана орнымен жұмсамақшы. Абай да білген сөздерін тегіс келтіре бермей, өзінің шығармаларына керектілерін ғана жұмсаған. Ал, расында, Абай қазақ сөзін шығармаларындағыдан әлденеше есе көп білген, бірақ оларды ретсіз қолданбаған . . . Мәселен, ал етістігі және оның алуан түрлері 614 рет, көр етістігі - 328 рет, де етістігі - 1037 рет, да шылауы 796 рет қолданылған.
1977 жылы Ісмет Кеңесбаевтің “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” шықты. Бұл сөздікте 10 мыңнан астам фразеологиялық оралым (единица) бар. Сөздік авторы фразеологизмді кең мағынасында түсінген және оның құрамына идиомалық сөздерді, халықтың мақал-мәтелдерін, шығармалардан көп қолданылатын цитаталарды, қанатты сөздерді және басқаларын енгізген, қазақ тіл білімі мен түркологиядағы фразеологизмдерді қолдану түрлерін тұңғыш рет ұсынған, қазақ тіліндегі фразеологизмдердің алуан түрлі мән-мазмұнын дәл белгілеп, түсіндірген…
…1979 жылы жарық көрген М. Әуезовтың “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” эпопеяның төрт кітабында ғана қамтылған 16983 жеке сөз бар екендігін анықтап берді. Ал академиялық елу томдығы шыға қалса, ондағы жеке сөздердің сан жағынан қолданылуы екі-үш есе артып түсетініне күман тумасқа керек. Бұл күнде баспадан шыққан он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” 91429 жеке сөз қоры болса, Әуезов тілінің сөздігі көлемі жағынан мұның үштен бірі немесе одан да асып түсуі - таңданарлық та, ойланарлық та құбылыс. Өйткені өз замандастары ішінен туған халқының сол қазынасын М. Әуезовтей бойына сіңіріп, соншалықты молынан пайдаланған бірегей суреткер жоқтың қасы. Өткендегі көшпелі өмір болмысын өз табиғатына сай жасаған рухани тіл қазынасын енді М. Әуезовтей ешкім де білгірлікпен пайдаланып, сырлы сөзбен көркемдік әлем жасауы екіталай.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің “Республикада қазақ тілін үйретуді жақсарту туралы” (1987) қаулысынан бермен қарайғы кезде лексикографиялық жұмыстар жандандырыла түсті: “Тілашарлар” көптеп шығарылды; орысша-қазақша, қазақша-орысша және басқа қостілділік сөздіктер жарық көрді; Х. Х. Махмудов пен Ғ. Ғ. Мұсабаев сөздігі (С. Исаевтың қатысуымен) қайтадан бастырылды; қазақ тілін оқып-үйренушілер үшін көптеген көмекші құралдар жасалынды және басқа да қыруар жұмыстар істелінді.
“Правда” газетінің 1987 жылғы 2 наурыздағы санында жарияланған “Больше света” деп аталатын мақаладафилология ғылымының докторы П. Н. Денисовтың басшылығымен 10 лингвист-ғалым В. И. Ленин тілі сөздігін жасап жатқаны айтылған. П. Н. Денисовтың айтуынша, В. И. Ленин “бюрократ” сөзін 600-ден астам рет қолданыпты; “тәртіп” сөзі 400-ден астам рет кездеседі екен. П. Н. Денисовтың айтуынша, В. И. Лениннің лексиконы - 37 мың 600 сөзден астам сөз. Дүние жүзінде ақын-жазушы, ойшыл, саяси қайраткер лексиконының бірде-біреуінде мұндай байлық - сөз байлығы болып көрген емес.
“Комсомольская правда” газеті 1986 жылғы 15 мамырдағы санында “Тілімізде қанша сөз бар” деген атпен қызғылықты бір мәлімет келтірді: “Тілімізде қанша сөз бар деген сұраққа сол кезеңдегі КСРО Ғылым академиясының Орыс тілі институты ғана жауап бере алатын болар. Ол институттың картотекасында 440 мың сөз жиналған.
Ал күнделікті қарым-қатынас жасау үшін қанша сөз білу керек? Оған “Орыс тілі сөздігінің” 17 томдығындағы 150 мың сөз жете ме?
Әбден жетіп жатыр… Тіпті асып-тасып жатыр. Өйткені ғалымдардың айтуынша, бір мыңдай жеке сөз білсең, ол - күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің 90 проценттейі.
ІІ. Сөздіктің түрлері, ерекшеліктері
- Сөздіктегі әрбір атау сөз альфавит ретімен түзілді. Омонимдік қатарға енген әр сөз рим цифрымен нөмірленіп, мағыналары түсіндірілді.
- Сөздікке түбір зат есім мен олардың туынды түбірлері, біріккен сөздер, сын есімнің негізгі және туынды түрлері, етістіктің негізгі, туынды түрлері, бұйрық райдың екінші жағындағы етіс формалары, сан есім мен есімдіктердің қалыптасқан тұлғалары, үстеулер, олардың туынды түрлері және одағай мен еліктеуіш сөздер енді.
- Сөздікке енген омонимдер мынадай тәртіппен берілді: 1) омоним құрайтын атау сөз (реестр) ; 2) омонимдердің түрлерін (типтерін) белгілеу; 3) этимологиялық белгі; 4) грамматикалық белгі; 5) стильдік белгі; 6) сөз мағынасын білдіретін түсінік; 7) сөз мағынасын анықтайтын иллюстрациялық мысалдар.
Омонимдердің түрлерін (типтерін) белгілеу. Тілде омонимдер әр түрлі жолдармен жасалатынына байланысты олар бірнеше түрге (типке) бөлінеді:
а) Түбір омонимдер. Қазақ тілі лексикасы түбір омонимге өте бай және олар әр түрлі болып келеді: кейбірі бір сөз табына қатысты, бірақ әр басқа түбір омонимдер болып келсе ( өкпе І-ІІ, өт І-ІІ, сыр І-ІІ т. б. ), кейбірі - әрі бір сөз табына қатысты, әрі бір түбірден тұрған омонимдер ( күн I-II, ай I-II, т. б. ) . Ал енді қайсыбірі көп мағыналы сөздердің мағыналары арасындағы семантикалық байланыс үзіліп, осының нәтижесінде әр басқа сөз табына (бірінің есімге, екіншісінің етістікке) қатысты болып кетуінен пайда болған, көп компонентті түбір омонимдер болып келетіндері де бар ( көш I-II, той I-II, тоң I-II т. б. ) . Сонымен бірге тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан морфемаларға бөлшектеуге келмейтін айқас I-II, қырсық I-II т. б. сияқтылар да сөздікке түбір омонимдер түрінде енгізілді.
ә) Туынды омонимдер. Түбірге (немесе негізге) омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.
Туынды омоним жасайтын омоаффикстер мыналар: есімдердің -с (-ыс, -іс) аффиксі мен етістіктердің (ортақ етістің) -с (-ыс, -іс) аффиксі (айтыс I-II), есімдердің -қ (-к, -ық, -ік) мен етістіктердің -қ (-к, -ық, -ік) аффиксі (қызық I-II, жабдық I-II), есімдердің -н, (-ын, -ін) мен етістіктің (өздік етістіктің) -н, (-ын, -ін) аффиксі (тебін I-II) , есімдердің -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) аффиксі мен етістіктердің -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) аффикстері (сабақтас I-II, сырлас I-II) .
б) Сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкестену нәтижесінде де омонимдер пайда болған. Мысалы, біз (мы), біз (шило) .
в) Сөздердің бірігуінен жасалған омонимдер. Бұл аталған омонимдер сөздікте онша көп емес. Дегенмен, ара-тұра кездесіп қалады. Мысалы: көкшулан I-II, аққаптал I-II, ақсүйек I-II, асатаяқ I-II т. б.
г) Басқа тілден енген сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы бірдей болып келуінен өрбіген омонимдер. Мысалы: болыс I ( орыс тілінде волость), болыс II (“ көмектес”) .
ғ) Полисемиядан ажыраған омонимдер. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздердің (полисемияның) мағыналары арасындағы семантикалық байланыс үзіліп, омоним сөздер пайда болған. Мысалы: Жабағы I-II: жабағы I зат. алты айдан асып, бір жылға толмаған құлын. Мынау бір көп сауылған биенің жабағысы еді (Ғ. М. ) . Жабағы II зат. қыстан қалған ескі жүн. Жабағыға тырнағы шықпастай болып ілінді (Абай) . Осы мысалдардағы жабағы деген екі сөздің шығу тегі бір. Екеуі де бір сөздің мағыналық жақтан дамып, ол мағыналардың бір-бірінен алшақтауы нәтижесінде жасалған.
Сөздікте пайдаланылған белгілер. Сөздікте мына төмендегідей шартты белгілер пайдаланылды:
Г р а м м а т и к а л ы қ б е л г і . Әр сөз қай сөз табына тән екендігін білдіретін грамматикалық белгі арқылы көрсетілді. Мысалы: з а т. - зат есім, с ы н. - сын есім, с а н. - сан есім, е т. - етістік, е с. - есімдік, ү с т. - үстеу, о д. - одағай, е л. - еліктеуіш сөз, ш ы л. - шылау т. б.
С т и л ь д і к б е л г і. Стильдік белгі сөздікке енген сөздердің барлығына бірдей емес, тек тілдің белгілі бір саласында қолданылып, әбден қалыптасқан стильдік мәні бар сөздерге ғана қойылды. Стильдік белгілер мыналар:
а) әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана қолданылатынын көрсететін стильдік белгілер: к ә с і б. - кәсіби, к і т а б. - кітаби, д і н. - діни, м и ф. - мифологиялық, к ө н е. - көнерген, т а р. - тарихи, п о э т. - поэтикалық және т. б. сөздер.
ә) әдеби тілден тыс қолдану шегін көрсететін белгілер: қ а р а п. - қарапайым сөз, т ұ р п. - тұрпайы сөз, с ө й л. - сөйлеу тіліне тән сөз, д и а л. - диалектілік сөз т. б.
б) ғылымның белгілі бір саласында ғана арнайы қолданылатындығын көрсететін белгілер: б и о л. - биология, х и м. - химия, м у з. - музыка, м е д. - медицина, с а я с. - саяси, с п о р т. - спорттық т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz