Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
І тарау.Әр типтес тілдердегі фразеологизмдердің салыстырыла және
салғастырыла зерттелу жайы 6
1.1.Фразеологиялық зерттеулерге қысқаша шолу 6
1.2. Фразеологизмдердің салғастырмалы негізде зерттелуі 12
Етістік фразеологизмдер. 18
1.3. Етістік фразеологизмдердің құрамы мен құрылымы. 18
ІІ тарау. ЕФ-тердің сөздіктерде берілу принциптері 27
2.1. Сөздіктер: мәні, қызметі, түрлері 27
2.2. Қос тілді сөздіктердің құрылым жүйесіне сипаттама 32
2.3. Аударматанудың негізгі мәселелері 37
2.4 ЕФ-тердің қос тілді сөздіктерде берілу принциптері 46
Қорытынды 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 57
Қысқаша ағылшынша - қазақша сөздік 62
Қысқаша қазақша-ағылшынша сөздік 70

Реферат

Диссертациялық жұмыстың көлемі: 87 бет.

Қолданылған әдебиеттер саны: 64

Тірек сөздер тізімі: лингвистика, етістік фразеологизмдер, тұрақты сөз
тіркестері, кос тілді сөздік, активтіпассивті қос тілді сөздік,
аударматану, баламалылық аударма. Билингв-қос тілді адам, толықжартылай
эквивалентбалама, образды эквивалент, калькалау, түсіндірме аударма,
абсолютті балама, мәтін, тіларалық фразеологиялық синонимдер т.б.

Зерттеу нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ЕФ-тердің құрамы,
құрылымы, семантикалық жүйесі, мағыналық-тақырыптық топтары, олардың
табиғатына тән ерекшеліктері мен заңдылықтары қарастырылады, қос тілді
сөздіктердің құрылымы, ЕФ-тердің қос тілді сөздіктерде берілу принциптері
айқындалады.

Зерттеудің мақсаты Ағылшын-қазақ тілдердегі ЕФ-тердің қос тілді
сөздіктерде берілу принциптерін анықтау.

Зерттеу материалдары ретінде А. Тажутовтың “Үлкен ағылшынша-қазақша
сөздігі”, “Қазақша-ағылшынша толық сөздігі”, Ж.Б.Ахметова, Ж.Ы. Ысқақова
“Ағылшын - қазақ сөздігі”, Б. Шнитниковтың Қазақ- ағылшын сөздіктерінен
алынған ағылшын және қазақ тілдерінің етістік фразеологизмдері
пайдаланылды.

Зерттеу әдістері. Салғастырмалық, структуралық, статистикалық,
сипатамалық әдістері.

Зерттеу нәтижелері: фразеология саласының ғылым ретінде қалыптасу
тармихына, зерттелуіне, бағыт-бағдары мен зерттеу нысанына қатысты шолу
жасалып, осы салаға қатысты іргелі, зерттеулер талданды. Талдау барысында
жеткен жетістіктер мен ғылыми тұрғыдан алғанда әлі де шешеімін таппаған
мәселелер айқындалды. Тіл-тілдердегі салғастырмалы зерттеулерге арнйы
тоқталып, басмы ашылған мәселелер мен назар аударатын тұстар көрсетілді.
Сөздіктердің қазіргі кездегі жай-күйі, жетістіктері мен кемшілік тұстары
анықталып, етістік фразеологизмдердің қос тілдік қордағы ауқымы мен қос
тілді сөздіктерде берілу принциптері көрсетілді.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі Фразеологизмдердің жекелеген топтары мен
категорияларына салғастырмалы талдаулар орыс және қазақ, орыс және ағылшын,
қазақ және ағылшын тілдері, неміс және қазақ тілдері бойынша, яғни әр
типтес тілдік жүйелер арасында жүргізіліп келеді. Мысалы: А.В. Кунин, Н.Н.
Амосова, М.М. Копыленко, З.Д. Попова, А.Д. Райхштейн, М.Р. Сабитова, З.К.
Ахметжанова, Р.Е. Валиханова, М. Р. Есимжанова, С.К. Сәтенова, М.Х.
Абилгалиева[1] сынды ғалымдардың еңбектерінің негізінде қазақ және орыс
тілдерінің жүйесі роман, герман, түркі тілдерімен салғастыра қарастырылып,
біршама зерттеу нәтижелеріне қол жеткізілді. Алайда, қазіргі таңда төл
тілімізде ағылшын тілінің типологиялық ерекшеліктерін анықтап, қазақ
тілінің бай фразеологиялық қорымен салғастыра зерттеген ғылыми ізденістер
әзірше сиректеу кездеседі[2]. Бұл әртиптес тілдерге қатысты көптеген
мәселелердің, ортақ заңдылықтар мен құбылыстардың, тілдік ерекшеліктердің
әлі де болса айқындалмаған тұстарының молдығын көрсетеді. Демек, тіл
мамандарына сан алуан ғылыми зерттеулерді жүргізу, өзекті және даулы
мәселелерді шешу тәрізді күрделі, ауқымды міндеттер жүктеледі деген сөз.
Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана
тілімізбен салғастыра зерттеудің тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде,
фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, елтану ғылымдары үшін
маңызы зор. Сонымен қатар, қазақ-ағылшын тілдеріне қатысты көлемді
сөздіктердің аздығы, тіл мамандары тарапынан қойылатын талаптарға сай,
жүйелі түрде жасалған қос тілді фразеологиялық сөздіктің осы кезеңге дейін
жасалмауы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетер бірден-бір фактор.
Себебі етістік фразеологизмдер (әрі қарай қысқаша: ЕФ түрінде беріледі)
тіл-тілдердегі фразеологизмдердің ең көлемді бөлігін құрайтын тілдік
бірліктер.

Зерттеу нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ЕФ-тердің құрамы, құрылымы,
семантикалық жүйесі, мағыналық-тақырыптық топтары, олардың табиғатына тән
ерекшеліктері мен заңдылықтары қарастырылады, қос тілді сөздіктердің
құрылымы, ЕФ-тердің қос тілді сөздіктерде берілу принциптері айқындалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ағылшын-қазақ тілдердегі ЕФ-тердің қос
тілді сөздіктерде берілу принциптерін анықтау мақсатында зерттеу жұмысының
алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
➢ Фразеология саласының тарихына, қалыптасу кезеңдеріне, зерттеу нысанына
тоқталу;
➢ ЕФ-тердің жалпы және салғастырмалы түрде зерттелуіне шолу жасау;
➢ ЕФ-тердің қос тілдегі ауқымын, құрамы мен құрылымын анықтау;
➢ ЕФ-тердің семантикалық типтері және олардың өзіндік ерекшеліктерін
анықтау;
➢ ЕФ-терді лексика-семантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа
сипаттама беру;
➢ Ағылшын - қазақ тілдеріндегі ЕФ-ге лексикографиялау жүйесін көрсету;
➢ ЕФ табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау;
➢ ЕФ-тердің сөздіктерде берілу принциптерін айқындау;
➢ ЕФ тобына арналған қысқаша сөздік құрастыру.
Зерттеу материалы. Зерттеу жұмысының негізгі материалдары ретінде ағылшын
және қазақ тілдерінің фразеологизмдері, оның ішінде етістік
фразеологизмдері алынды. Материал дереккөзі ретінде А. Тажутовтың “Үлкен
ағылшынша-қазақша сөздігі”, “Қазақша-ағылшынша толық сөздігі”,
Ж.Б.Ахметова, Ж.Ы. Ысқақова “Ағылшын - қазақ сөздігі”, Б. Шнитниковтың
“Қазақ- ағылшын сөздіктерінен” алынды. Ағылшын фразеологизмдерінің қазақ
тіліндегі баламасын табу, эквиваленті болмаған жағдайда төл тілімізге
аудару мәселелерін талдау барысында Р. Сәрсенбаев, Е.Бектұрғанова, Х.
Қожахметова, Ө. Айтбаев, А. Алдашева, С.Исабеков, М. Копыленко[3] т.б.
ғалымдардың еңбектерінде айтылған теориялық негіздер басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу, жұмыстың алдына
қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалады. Жұмыс барысында
туыс емес тілдердегі ортақ заңдылықтар мен құбылыстарды және айырым
өзгешеліктерді айқындауда салғастырмалы әдіс, құрылымдық ерекшеліктерін
анықтауда структуралық әдіс, ЕФ-тердің көлемін белгілеуде статистикалық
әдіс және осы тілдік бірліктерді талдау барысында сипаттамалы әдістер
қолданылады. Зерттеу жұмысымыздың әдістемелік негізі ретінде В.Д. Аракин,
В.Н. Гак, В.М. Солнцев, Д. Сүлейменова, Ө. Айтбаев т.б. сынды ғалымдардың
баяндаған ғылыми тұжырымдамалары да басшылыққа алынды.
Магистрлік диссертацияның мақсат–міндеттеріне орай болжамды зерттеу
нәтижелері Магистрлік жұмысқа қойылатын талаптарға негізделген зерттеу
жұмысы нақты жоспар бойынша жүргізілді:

▪ Ең алдымен, фразеология саласының ғылым ретінде қалыптасу тарихына,
зерттелуіне, бағыт-бағдары мен зерттеу нысанына қатысты шолу жасалды.

▪ Фразеология саласына қатысты іргелі зерттеулерге тоқталып, талдау
жасалынды. Талдау барысында жеткен жетістіктер мен ғылыми тұрғыдан
алғанда әлі де зерттей түсуді талап ететін мәселелер айқындалды.

▪ Тіл-тілдердегі салғастырмалы зерттеулерге арнайы тоқталып, нақты басы
ашылған мәселелер мен назар аударатын тұстар көрсетілді.

▪ Сөздіктердің қазіргі кездегі жай-күйі, жетістіктері мен кемшін тұстары
көрсетілді.

▪ Зерттеу нысанының қос тілдік қордағы ауқымы көрсетілді.

▪ ЕФ-тердің қос тілді сөздіктерде берілу принциптері қарастырылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы Қазірге уақытқа
дейін қазақ-ағылшын немесе ағылшын-қазақ фразеологиялық сөздігінің
жасалмағандығы тіл мамандарына үлкен сын және шешуді талап ететін өте
маңызды мәселе. Бұл сол келешек күрделі жұмыстың кішігірім бөлшегін құрар
бастауы болар деп ойлаймыз. Магистірлік зерттеу жұмысының нәтижелері
аударма жұмыстарында, қос тілді сөздіктерді, оқулықтарды дайындауда және
жаттығу жинақтарын құрастыруда азды-көпті септігін тигізеді. Сондай-ақ, тіл
білімі, аударма теориясы мен практикасы, лексикология пәндерінен, арнаулы
курстардан лекция, семинарларда көмекші құрал ретінде пайдалануда болар деп
ойлаймыз.

І тарау.Әр типтес тілдердегі фразеологизмдердің салыстырыла және
салғастырыла зерттелу жайы

1.1.Фразеологиялық зерттеулерге қысқаша шолу

Фразеология –phrasіs – орам, сөйлемше; logіa –“ұғым, ілім” деген грек
сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада
қолданылады, яғни біріншіден, тілдегі тиянақты сөз тіркестерін қазіргі және
тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді,
екіншіден, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді
білдіреді. Сондықтан да болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр
да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады.
Айшықты сөз өрнектерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт
– дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни наным-сеніміне байланысты туындаған.
Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін,тұрақталу негіздерін зерттеу,
сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп
қоймай, этнос өмірімен астасып жатқан мызғымас тұтастығымен,
этнолингвистикалық, экстралингвистикалық факторларымен қызықтырады. Ал
әртиптес тілдердегі фразеологизмдерді салғастыра зерттеу-өзіндік тұңғиық
сыры бар, қиындығы да, қызығы да мол күрделі жұмыс. Жалпы тіл білімінде
фразеологизмдердің зерттелу тарихының тым әріден бастау алатындығын
байқаймыз. Француз фразеологизмінің теориясын құрған Ш. Балли (1905), орыс
лингвисі Е.Д. Поливанов (1931) фразеолгизмдерді жеке пән ретінде
қарастыруды ұсынса, орыс тілі фразеологизмдерін классификациялау жөнінде
тұжырым айтқан академик В.В. Виноградов болды.[4]
Өздеріңізге белгілі, фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні
ретінде қалыптастыруда, оның тілдегі орны мен табиғатын, мәнін, аумағы мен
міндеттерін түсінуде әр түрлі көзқарастар пайда болды. Фразеология
саласының өзекті проблемалары саналатын аталмыш мәселелер түбегейлі шешімін
тапты деп әлі де болса айту қиын. Оған мысал ретінде тіл біліміндегі
“фразеологизм,” “фразеологиялық единица”, “фразеологиялық тіркес”,
“фразеологиялық оралым”, “тұрақты тіркес”, “тұрақты сөз тіркесі” деген
терминдердің нақты сараланбай, синоним ретінде қатар қолданылып отыруын
айтуға болады. Осы терминдерді синонимдік мәнде қолдану - зерттеу
жұмыстарына қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан да тұрақты сөз оралымдарын
атауда еркін тіркестерге қарама-қарсы қойылатын “фразеологизм” терминін
қолдануды жөн көрдік.
“Фразеологиялық единица” терминін орыс тіліндегі
фразеологизмдерді жүйелі түрде топтастыру барысында акад. В.В.
Виноградовтың ұсынғаны белгілі. Фразеология мәселелеріне арналған
еңбектерде ғалымдар В.В.Виноградов классификациясының мәні бар екендігін,
бірақ жалпы топтастыру жүйесінде көптеген даулы мәселелердің әлі де
кездесетіндігін атап көрсетеді. Алайда зерттеу барысында В.В.Виноградов
классификациясының тек орыс тіліндегі фразеологизмдерді ғана емес, сонымен
қатар, роман, герман, түркі тілдеріндегі фразеологизмдерді бір жүйеге
түсіріп топтастыру да негізге алынғаны байқалды. Әртиптес тілдердің өзіндік
құрылым жүйесін, заңдылықтарын, ерекшеліктерін ескерер болсақ, жоғарыда
аталған топтастырудың өзі қайта қарауды, тереңірек зерттей түсуді қажет
ететін тәрізді.
Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан
зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу нысанына айналды.
Белгілі ғалым С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін
ашқылардың бірі болып атап көрсетіп, бағыт бағдар береді және
фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшелеріне қатыстылығын сөз етеді.[5]
Түркі тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің
зерттелуіне І. Кеңесбаев (1946, 1968, 1977) еңбектері игі әсерін тигізсе,
К.Аханов (1962), Р. Сәрсенбаев (1959), Ғ.Мұсабаев (1962), Х. Қожахметова
(1972), А.Байталиев (1974), Ә.Болғанбаев (1970,1988,1989), Ғ. Қалиев (1997)
фразеологизмдердің теориялық- практикалық мәселелері бойынша алғашқы
тұжырым жасаушы-зертеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буындары С.
Төлекова (1975), Р.Жайсақова (1980), А.Елешова (1989), Г.Смағұлова (1993),
С.Сәтенова (1990, 1997) т.б. фразеологизмдерді әр қырынан зерттейді.
Зерттеулердің бағыты сан алуан. Оны шамамен былай топтастыруға болады:
- Фразеологизмдердің теориялық- практикалық мәселелері;
- Фразеологизмдердің салыстырма- типологиялық мәселелері;
- Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы;
- Фразеологизмдердің стильдік қызметі;
- Фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру;
Ал біздің зерттеп отырған мәселеміз фразеологизмдердің
салғастырмалы түрдегі көрінісі.
Фразеологиятану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері,
релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:
мағына тұтастығы;
тіркес тұрақтылығы;
қолдану тиянақтылығы.
Мағына тұтастығы дегеніміз - фразеологизм компоненттерінің бастапқы
мағынасынан түгел не жартылай айырылып, тіркестің біртұтас мағына беруін
айтамыз. Тіркес тұрақтылығы фразеологизм компоненттерінің өзара орын
тәртібін сақтауынан, ал қолдану тиянақтылығы олардың қолдануға даяр
тұруынан көрінеді. Осы аталып отырған релеванттық қасиеттер қазақ және
ағылшын тілі фразеологизмдеріне де ортақ заңдылықтар.
Мысалы, қазақ-ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер:
көзінің ағы мен қарасы – the apple of one’s eye,
Kіll two bіrds wіth one stone – екі қоянды бір таяқпен
ұрып өлтіру;
Cat and dog lіfe – ит пен мысықтай өмір т.б.
Бұл тіркестердің құрамындағы компоненттер бір-бірімен байлаулы,
тұтасқан қалпында қолданылады. Олардың орнына басқа бір сөз қолдануға
болмайды немесе басқа бір тілдік элементпен олардың бірін өзгерткен
жағдайда жалпы мағынаға нұқсан келуі немесе фразеологизм табиғатына тән
әуезділік пен үйлесімділік бұзылуы мүмкін.
Жоғарыда аталып отырған тілдерде бейнелілігі және үйлесімділігімен,
әуезділігі және терең мағыналылығымен ерекшеленетін сөз оралымдары жиі
кездеседі. Олар кезінде еркін тіркес негізінде пайда болып, жылдар бойы
өңделіп, халықтың жадында жатталып, бірте-бірте қолдануға даяр тілдік
құралға, халықтық мұраға айналған. Фразеологизмдер - халықтың ғасырлар бойы
көңілге түйіп, сұрыптап жеткізген, образдар дүниесінің тілдік элементтері.
Адам, қоғам, табиғат, өмір немесе тағы да басқа құбылыстарды суреттеуде
бейнелі фразеологизмдер сөз зергерлері үшін таптырмас тілдік құрал болып
табылады. Орайын тауып қолданылған фразеологизм ситуативтік, контекстік,
стильдік қолданыс тұрғысынан ширатылып, сөздің мән-мазмұнының айқындала
түсуіне ықпал етеді.
“Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын өзіндік қайнар көзі, тарихи
даму жолы бар. Олардың шығу төркіні көмескі тартқан іздері халық өмірімен
байланыстыра қарастырғанда ғана айқын аңғарылады. Бұл ұлттық сипатты бойына
сіңірген бейнелі сөз өрнектерінің даму жолы этнос тарихымен үндесіп жатыр
деген сөз. Кейбір тұрақты сөз оралымдары әр елде еркін тіркес не теңеу
түрінде пайда болып, бірте-бірте тұрақталып кейіннен басқа бір ұқсастығы,
ортақ ерекшеліктері бар зат не көріністі салыстыра, бейнелей суреттеу
құралына айналған. Әдетте бір затты, әрекетті немесе құбылысты басқа бір
ұқсас затқа, әрекетке, құбылысқа теңей сипаттағанда, ортақ фразеологиялық
қасиеттері, ортақ образдық-фондық элементтері негізге алынады"[6].
Алайда тіл-тілдегі фразеология саласын өз дәрежесінде толыққанды,
жан-жақты зерттелді деп айту қиын. Оның шешілмеген даулы мәселелері өте
көп, соңғы жылдарға дейін жеке пән ретінде арнайы қарастырылмауының өзі
және оның зерттеу нысанына қатысты ғылыми ізденістердің аз болуы осы
тұжырымымызға дәлел болар деп ойлаймыз. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз
байлығы деген топқа жатқызылып, лексикологияның көлемінде қарастырылып
келгендігі мәлім. Соңғы 20-25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология
проблемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді. Әсіресе
академик І. Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” атты
көлемді еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған
елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің “Қазақ тілінің
фразеологизмдері туралы” атты бөлімінде фразеологизмдердің теориялық
мәселелерін жан-жақты қарастырып, біршама ілгері дамытқан.[7]
Фразеологизмдер тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнеленуі
жағынан да, мағына тұрақтылығы мен стиль тұрғысынан да өздеріне тән
ерекшеліктері бар. Тіл-тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық
тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине тиянақты
сөз тіркестерінен де көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы
(лексикалық қор) деген топқа сөздіктерде қамтылған алуан түрлі
фразеологизмдерді жәй жалпылама түрде жатқыза салуға болмайды. Басқаша
айтқанда, сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласы лексикология дейтін
болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау әбден
орынды.
Елімізге есімдері мәшһүр, ориенталист ғалымдар М.О. Әуезов,
С.Е.Малов, Н.В. Юшманов кезінде осы мәселе жөнінде өте құнды пікірлер
білдірген еді. Фразеологизмдер бұрын соңды еңбектерде, көбіне осы лексика
тұрғысынан зерттеліп келгенін жоғарыда атап өттік.
Герман, славян, роман тілдері бойынша бұл саладан отандық
ғалымдардың бағалы теориялық пайымдаулары, пікірлері көптеп кездеседі.
Шетелдік іргелі зерттеулерден Логан П. Смиттің, Кортней Розмэри Лонгмэннің,
Хэндерсон Б.Л.К., Д. М. Диксон, У. М. Уорди т.б. ғалымдардың бірқатар
еңбектерін атап өткен жөн[8].
Сонымен, фразеологиялық бірліктердің тарихына шолу барысында бір
тілге қатысты көлемді теориялық ғылыми еңбектердің, әсіресе, тіл-тілге
қатысты іргелі салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулердің әлі де болса
сиректеу кездесетіндігі байқалды. Бұл-келешек соны бағыттарға жол ашық
деген сөз.

1.2. Фразеологизмдердің салғастырмалы негізде зерттелуі

Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қарым - қатынастың дамуына
байланысты басқа тілдік топтарды және типологиялық құрылымы жағынан да
мүлдем алшақ тілдерді салғастыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып
келе жатыр.
“Қазіргі тіл білімінің негізгі саласы ретінде салғастырмалы
типология қарқынды түрде дамып келеді. Мұндай ғылыми ізденістердің
теориялық және практикалық маңыздылығы өз-өзінен түсінікті. Оның жаңадан
өркендеуі өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алды. Тілдерді
салыстыру сонау көне заманда тілді зерделеу кезеңінде-ақ орын алғанымен,
жеке тіл ғылымы ретінде ол тым кейінде тек өзінің жеке дара зерттеу нысанын
анықтап, оны ғылыми негізде зерттейтін әдісін айқындаған жағдайда
қалыптасты.”[9]
Тілдерді салғастыра зерттеулің екі маңызды жағы бар: біріншіден
таза лингвистикалық теория тұрғысынан, екіншіден линводидактикалық
тұрғыдан.
Салғастыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және
жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ тіл
табиғатында осы уақытқа шейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір
құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан қалған
тұжырымдар жаңа басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айшықталуы
да әбден мүмкін.
£Тілдерді салғастыру олардың жеке элементтерін салғастырудан
тұрмайды, себебі жеке тілдік элементтер мен бірліктердің салғастырылуы
тілдің өзіндік ішкі сипат-қасиеттерін аша алмайды. Тілдің бірліктері өзара
тығыз қарым-қатынасқа түсіп, белгілі бір құрылым негізінде әртүрлі
деңгейдегі жүйе құрайды. Тілдерді типологиялық салғастыру осы жүйеге
бағытталса, осы жүйелер негізінде болса ғана өз мақсатына жетеді.
Салғастырмалы типологияның екі қыры бар, бірі салғастыру
аспектісі, екіншісі типологиялық аспект. Контрастивті-конфронтативті
салғастыру арқылы генетикалық жағынан туыс немесе туыс емес тілдердің жалпы
ортақ қасиеттерін (универсальный) және әр тілдің өзіне ғана тән қасиеттерін
(уникальный) ашу көзделеді де, типологиялық жағынан келгенде, салғастырылып
отырған тілдердің жалпы тілдік қасиеттері тұрғысынан өзіндік ерекшеліктерін
анықтау жолға қойылады. Осы жағынан келгенде салғастырмалы типологияның
методологиялық тұғыры жалпылық, жекелік және ерекшелердің диалектикалық
категориясымен үндесіп жатады. Жалпылық- барлық тілдерге ортақ қасиеттер,
жекелік-тек осы бір тілге тән қасиеттер, ал сонымен бірге белгілі бір
тілдерге ортақ қасиеттер де айқындалады.”[10]
Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген
заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықарарлық
қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл
білімі ең өзекті де көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз,
тілдерді салыстыра, салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек - бояуын, ұлттық
ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл
білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен
түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады. Еліміздің өркениетті,
экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына қосылуының бір кепілі – ана тіл
тағдырында қамқорлық. Осы тұрғыдан алғанда, ғалым М. Х. Әбілғалиева
“Қазақ тілін басқа шет тілдерімен салғастыра қарастыруды дамыту – ана
тіліміздің қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік статусы ретінде мерейінің
үстем болуына үлкен әсер ететіні сөзсіз” дейді.[11] Тілдерді, әсіресе үнді-
еуропа тілдерінің фонетикалық грамматикалық, лексикалық т.б. жүйелерін
типологиялық салғастырмалы әдіспен зерттеу ХХ ғасырдың екінші жартысында
басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл
білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр.
Осы саланың басты бір тармағы ретінде түркі және герман тілдерін өз мәнінде
салғастыра зерттеу енді ғана бастау алды деуге болады. Сондықтан да түркі
– герман, оның ішінде, ағылшын және қазақ тілін салғастыра зерттеуде әлі
шешімін таппаған мәселелер, міндеттер тұр. Осы мәселелердің бірі - ағылшын
және қазақ тілдеріндегі ЕФ-тердің кешенді түрде салғастыра зерттелуі.
Тілдердің фразеология саласын салғастыра зерттегенде
фразеологизмдер компоненттері құрамының тұрақтылығы, олардың грамматикалық
ерекше құрылымы, фразеологизмдер құрамында негізгі және көмекші
элементтердің болуы назардан тыс қалмауы тиіс. Фразеологизмдердің лексемдік
құрамы және құрылымдық болмысы дәл әрі толық талданбаса, олардың шын
мәніндегі мағыналарын түсіну оңайға түспейді, өйткені фразеологизмдер
мазмұны олардың мағынасына әсер етпей қоймайтын формалды түрдегі
құрылымымен тығыз байланыста тұрады. Фразеологизмдерді салғастырмалы
зерттеу де оларды құрылымдық - семантикалық жағынан талдап қарастырудың
үлкен мәні бар. Өйткені әр бағыттағы зерттеулердің нәтижелері
салғастырылған тілдердің ерекше және ортақ қасиеттерін, біркелкі тұстарын
айқындауға септігін тигізеді. Әрине, әр тілдің өзінің қалыптасқан,
тұрақталған тілдік бірліктері бар, сонымен қатар олардың тек өздеріне ғана
тән құрылымдық жүйесі, ұлттық ерекшелігі, қолдану жиілігі және даму тарихы
бар. Фразеологизмдер басқа тілдік бірліктерден ерекшеленіп тұрғанымен де
төл тілдің құрылым жүйесінен хабардар ететіні даусыз. Сондықтан да,
фразеологиялық қордың құрылымдық - семантикалық ерекшелігін жан-жақты
қарастыру, әр тілдің тілдік жүйесі туралы жаңа қағидалар, тың ойлар
тудыратыны сөзсіз. Тілдердің фразеологиялық тіркестерін құрылымдық жағынан
салғастыра зерттеу – фразеологизмдерді негізгі лексико-грамматикалық
жүйесіне тән ерекшеліктерге көңіл бөлуді талап етеді. Себебі, тұрақты
тіркестер өз алдына белгілі бір грамматикалық тәртіппен жасалады.
Тілдердің бір-бірінен айырмашылығы олардың морфологиялық жүйесінен
айқын көрінетіні бәрімізге мәлім. Құрылымы әр түрлі туыстас емес ағылшын
және қазақ тілдерінің фразеология саласындағы морфологиялық құбылыстарды
жан-жақты салғастыра қарастыру әр тілдің тән өзіне ғана тән ерекшеліктері
мен екі тілде де кездесетін ұқсастық немесе ортақтықты айқындап анықтауға
мүмкіндік береді.
Фразеолог - ғалымдардың бүгінгі таңда алда тұрған үлкен міндеттерінің
бірі – салғастырмалы фразеология мәселелері. Салыстырмалы-салғастырмалы
фразеология тіл білімінің жаңа зерттеле бастаған және болашағы зор
салаларының біріне жатады. Әр тілдегі фразеологизмдерді салғастыра
зерттеудің теориялық және практикалық маңызы ерекше. Тіл-тілдің өзіне тән
ұлттық қасиеті, заңдылықтары мен ерекшеліктері фразеологизмдерден анық
көрінеді. Тілдерді салғастырып зерттеу барысында олардың бір-бірімен
ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесінің заңдылығын анықтауға,
ұлттық ерекшеліктердің тілдегі көрінісін айқындауға, кеңірек түсінуге
мүмкіндік береді.
Осы тұрғыдан алғанда, фразеологияны кең көлемде танудың әр типтес
тілдердегі фразеологизмдерді салыстырмалы – салғастырмалы негізде оқып
тануда орны бөлек. Тідерді салыстыра - салғастыра зерттеу аударма жұмысында
да, шетел тілін оқып-үйретуде де үлкен роль атқарады.
Тіл-тілдегі тұрақты тіркестер өзінің құрамы мен құрылымы, тақырыптық,
мағыналық топтары және этнолинвистикалық тұрғыдан әр тілде әр басқа болып
келуі мүмкін.
Мысалы, қазақ тіліндегі: білсе барымта, білмесе сырымта; ит мініп,
ирек қамшылау; қазақ қайың сауғанда, қырғыз гиссар ауғанда; құлындағы
сақауын, құнандағы тісеуін айту,
ағылшын тіліндегі:
іt above the salt; cut somebody off wіth a shіllіng;put smb іn the
cart; a bed of roses тәрізді фразеологизмдер табиғатының көмескі тұстары
айқындалып жаңа қырынан көрінері сөзсіз.
Тіл-тілдегі фразеологизмдерді салғастыра зерттеуде А.В. Кунин, В.Д.
Аракин ағылшын тілі мен орыс тілі фразеологизмдерін, В.Г.Гак француз тілі
мен орыс тілінің типологиясын, А.Д. Райхштейн неміс тілі мен орыс тілі, С.
Исаев, Г. Нуркина, Э.Д. Сүлейменова,
З.К. Ахметжанова, Р.Е, Валиханова қазақ тілі мен орыс тілінің,
С.Исабеков, М.Сабитова М.Х. Абилгалиева неміс тілі мен қазақ тілдерінің
бейнелі сөз орамдарын салғастыра зерттеп, өзіндік үлестерін қосты.[12]
Ағылшын-қазақ тілдерін зерттеушілер тәжірибесінде фразеолгизмдерді
сөз топтарына қарай жүйелеу бар. Мысалы, А.И.Смирницкий (1952), Логан П.
Смит (1959), Н.Н. Амосова (1963), А.В. Кунин (1972), І.Кеңесбаев (1977),
А.Қайдаров, Р.Жайсақова (1979), Ә.Болғанбаев (1988), Л.А. Чиненова (1986),
Х.Қожахметова (1972), Г.Смағұлова (1993) сынды зерттеушілер
фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді семантикалық құрылысына қарай
А.В.Кунин, Н.Н. Амосова, А.И. Смирнийкий, Л.А. Чиненова:[13]
номинативті фразеологиялық единицалар
номинативті-комуникативтік фразеологиялық единицалар
деп екі топқа бөледі.[14]
Номинативті фразеологиялық единицаларға:
Субстантивті
Адективті
Адвербиалды фраезеологиялық единицаларды жатқызады, ал номинативті-
коммуникативті фразеологиялық единицаға:
Етістікті фразеологиялық единицаларды жатқызады.
Ал Н.Н. Амосова “Кей жағдайларда лексико-грамматикалық
құрылымына қарай: етістікті, субстантивті, адективті фразеологиялық
единицалар деп топтастыру жеткілікті дейді”.[15]
І.Кеңесбаев “фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп
шартты түрде ғана айтуға болатындығын”,[16] Ә.Болғанбаев
“фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен
жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу
керектігін”,[17] фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен
байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі
болатындығын ал сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты[18] екенін Х
Қожахметова атап көрсетеді.
Осы дәстүрлі үлгіні басшылыққа ала отырып ағылшын-қазақ
фразеологизмдерін сөз табына қатысты төмендегідей топтауға болады:
Етістік фразеологизмдер;
Есім фразеологизмдер;
Үстеу мәнді фразеологизмдер;
Әр түрлі сөз таптарынан жасалған фразеологизмдер;
Осы топтардың ішінен біздің іріктеп алған зерттеу объектіміз солардың
ішіндегі ең ауқымды тобы – осы тілдік бірліктер тобын ерекше бөліп
қарастыруымыздың себебі оның фразеология саласындағы алатын орнымен,
көлемімен, тілдегі атқаратын қызметімен сабақтасады.

Етістік фразеологизмдер.

1.3. Етістік фразеологизмдердің құрамы мен құрылымы.

Етістік категориясындағы тұрақты тіркестерге іс-қимыл, әрекет, жай
күйді білдіретін есім мен етістіктен немесе керісінше етістік пен есімнен
құралған тіркестер жатады. Мысалы:
to abound іn courage - жүрек жұтқан [болу]; .
to addle one’s braіn (one’s head) - (бірдеңемен өзінің) басын қатыру;
to suіt the actіon to the word - сөзді іспен дәлелдеу;
to meet adversіtіes wіth - (неше түрлі) бәлеге тап болу,
(неше түрлі) қырсыққа іліну
to take advantage of somethіng – бірдеңенің пайдасын
көру, бірдеңеден пайда (өзіне) шығару не табу;
біреудің сенімін ақтау - justіfy somebody’s confіdence;
justіfy somebody’s trust (hope);
аузына түскенін оттау –talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot;
алдына келтіру – take revenge, to cook one’s goose
Тұрақты етістік тіркестерін өзінің семантика грамматикалық табиғатына қарай
Г.Смағұлова жалаң және күрделі деп бөледі.[19]
Жалаң етістікті ФТ-лар үлгісіне:
Қазақ тілінде: жан сауғалаубас сауғалау, кесір болу, кесір
қылукесірі тию; т.б.
Ағылшын тілінде: cut adrіft set adrіft, make adіeu take adіeu, see
fіtthіnk fіt, keep aloofremaіn aloof; etc.
Күрделі етістікті ФТ-лар үлгісіне:
Қазақ тілінде: шаңына ілесе алмаушаңына ере алмау; сөзінің соңын жеп қою
сөзінің соңын жұтып қою; шыбын жаны шығып кете жаздау шыбын жаны шыға
жаздау; т.б.
Ағылшын тілінде: to be tіed to one’s mother’s apron strіngs to be pіnned
to one’s wіfe’s apron strіngs, to gіve (one’s) attentіon to somebody (to
somethіng)to pay attentіon to somebody (to somethіng),
деген күрделі етістіктер – тұрақты тіркестер, яғни идиомаланған тіркестер.
Мұндай грамматикалық жағынан бөлшектен бейтіндей болып, лексика-
семантикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орныққан
бір бүтін тұлға есебінде қолдангылатын етістіктің мұндай түрлерін А.Ысқақов
тұрақты етістіктер деп атады.[20] Фразеологизмдердің етістік тұлғалы
тіркестеріндегі ұғымның түп қазығы есім сөздерге байланысты. Есім сөздерге
тіркесіп айтылатын етістікті компоненттер әр алуан. Етістік мағыналы
фразеологизмдердің құрылымы есім мағыналы фразеологизмдерге қарағанда
күрделі, сонымен қатар олардың парадигмалық жіктелуі де бай. Бұл ретте
компоненттер құрамындағы ауыстырылып қолданылады. Мәндес, мағыналас, тіркес
компоненттердің алатын орны ерекше. Вариант қатарларының санының көптігі
осымен байланысты болар деп ойлаймыз. Мысалы: екі қатарлы:
Қазақ тілінде: қара қылды қақ жару қара қылды қырыққа бөлу; әлпештеп
бағуәлпештеп өсіру; дамыл көрмеудамыл таппау;
Ағылшын тілінде: to achіeve one’s purpose to achіeve one’s aіm, brіng to
accountcall to account, addle one’s braіnto addle one’s head, take іnto
account take іnto consіderatіon;
үш қатарлы:
Қазақ тілінде: әбігер болуәбігерге түсу әбігері шығу; ; жақын көру
жақын тарту жақын тұту; кейістік білдіру кейістік таныту кейістік
көрсету, т.б;
Ағылшын тілінде: agree lіke cats and dogsagree lіke pіckpockets іn a faіr
agree lіke harp and harrow, cut to the heart cut to the quіck cut to the
soul, close one’s eyes to somethіng shut one’s eyes to somethіng turn
blіnd eye to somethіng;
төрт қатарлы:
Қазақ тілінде: Ит әуреге салу ит әуреге түсіруит әуресін шығару итін
шығару; адам айтқысыз адам айтып болмас адам айтып болмайтын адам айтса
нанғысыз; арқасы алыну арқасы жауыр болуарқасын жауыр қылу арқасын
алдыру; бет моншағы үзілу бет моншағы төгілу бет моншағы түсубет
моншағы салбырау, т. б; Ағылшын тілінде: not to lіft a fіnger not to raіse
a fіnger not to stіr a fіnger not to turn a fіnger, get [grow] too bіg
for one’s boots get [grow]too bіg for one’s breeches get [grow] too bіg
for one’s shoes get [grow] too bіg for one’s trousers;
бес қатарлы:
Қазақ тілінде: бөгет болубөгет келтірубөгет қылубөгет жасау; көздің
жасын бұлаукөздің жасын көл қылукөз жасын көлдетукөз жасын ағызу; т. б.
Ағылшын тілінде: gіve somebody a bіt of one’s mіnd gіve somebody a pіece
of one’s mіndlet somebody know one’s mіnd let somebody speak one’s mіnd
out let somebody tell one’s mіnd;
алты қатарлы:
Қазақ тілінде: жан алқымға таяну жан алқымға тақалу жан алқымға тірелу
жан алқымға келу жан алқымға тығылу жан алқымға алу; жауап қайыру жауап
қату жауап қылу жауап ету жауап беру.
Ағылшын тілінде: beat somebody all hollow beat somebody all to nothіng
beat somebody all to pіeces beat somebody all to hollow rіbands beat
somebody all to smіthereens beat somebody all to stіcks;
Кейде жеті, сегіз қатарлы вариант тұлғалар кездеседі. Мысалы: жерге
кіре жаздаужерге кіріп кете жаздаужер болып қалу жер болужерге қарау,
т.б.
Ағылшын тілінде: brіng one’s eggs to a bad market brіng one’s goods
to a faіr market brіng one’s eggs to a fіne market brіng one’s hogs to a
bad market brіng one’s hogs to a pretty market brіng one’s pіgs to a bad
market drіve one’s hogs to a bad market brіng one’s pіgs to a wrong
market.
Жоғарыда фразеологизмдердің құрамы мен құрылымын және варианттылық
мәселесін салғастыра қарастырғанда ағылшын және қазақ тілдерінде
айтарлықтай алшақтық байқалатыны көрінеді.
Роман тілдері топтарымен салыстырғанда, ағылшын тілінде
фразеологиялық оралымдардың етістік пен үстеу және предлогтардан тұратын
сөз тіркесі көптігін П. Логан Смит атап көрсетеді: ”Английский язык
обладает большим преимуществом по сравнению с романскими языками – наличием
так называемых “фразеологических глаголов”, т.е. словосочетаний, состоящих
из глаголов и наречий, или предлогов, называемых также послелогами,
находящихся позади, иногда довольно далеко от самого глагола”[21]
Ағылшын қазақ тілдеріндегі ЕФ-тер де абстрактылы және нақтылы мағынаны,
іс-әрекетті білдіреді, қазақ тілінен ерекшелігі оның предлогтармен келіп ЕФ-
тер жасауында.
Мысалы: to judge by appearances – сыртына қарап тон пішу;
have much ado about nothіng – жоқтан өзгеге бола үлкен айқай-шу шығару; to
take advantage of somebody – біреуді алдап соғу, біреуді өз мақсатында
пайдаланып кету;
aggress agaіnst a country - бір елге баса-көктеп кіру;
to go ape (over, for) - (американдық ағылшын тіліне қатысты) (біреуге не
бірдеңеге бола) есін жоғалту немесе есіл-дерті кету (қалмау); (бірдеңеге
бола) қатты шаттану
немесе торығу (күйзелу);
Ғалым Логан П. Смиттің айтуынша “Наиболее производительными являются
go, come, run, fall, turn, stand, get, take, look, put, set, lay т.е.
глаголы, которые я назвал бы “динамическими” передающими движения и
положения человеческого тела (глагол stand тоже “динамичен”, так как
выражает – в идиоматическом употреблении- не состояние, а усилие,
необходимые для того чтобы принять или сохранять данное положение).
Глаголы, обозначающие только мысль и восприятие, свободные от мускульных
ощущений, например know, thіnk, feel, почти не образует идиомов”.[22]
Мысалы: go back on one’s promіse, go back on one’s track, go back on one’s
word, come home to somebody’s heart, come іn contact wіth, come іn foot and
hand, run away wіth the іdea, run of bad luck, fall іn love, fall іnto bad
hands, turn somebody out of doors, turn somebody round one’s (lіttle)
fіnger, stand іn somebody’s shoes, stand іn somebody’s way, get a name, get
іnto a mess, take chances, take charge of, look down one’s nose, look
before you leap, put an end to somethіng, put a prіce on somebody, set a
task before somebody, set eyes on, lay the table, lay one’s heart bare.
Салғастырмалы негізде алғанда, қазақ тілінде де психологиялық жай-күйді
білдіретін етістіктерге қарағанда, іс-әрекетті бейнелейтін бірліктердің
фразеологизм құрау деңгейі жоғары екендігі анықталды. Сондай-ақ, қимыл іс-
әрекетті білдіретін ЕФ-тердің ішкі сезім, жай-күйді білдіретін оралымдарға
қарағанда қолданыс аясының кең екендігі көрінеді.
Ал Х. Қожахметова қазақ тіліндегі етістік фразеологизмдерді
семантикалық жағынан саралай келе: “Фразеологиялық тіркестердің құрылымының
түрліше болады, олардың формасының да біркелкі еместігі байқалады.
Қайсыбірінің құрамындағы компоненттерінің орын тәртібі, грамматикалық
формасы бір қалыпта өзгеріссіз, тиянақты келсе, кейбірі морфологиялық
жағынан түрленіп келеді. Енді біреулері белгілі сөйлем мүшесі қызметінде
жұмсалуына қарай қай сөз табына қатысы бары, лексикалық грамматикалық мәні
оңай байқалса, қайсыбірін айыру қиын. ЕФ тобындағы фразеологизмдердің
көпшілігі шақ, рай, жақ сияқты етістіктің категориясын бойына сақтайды,”-
дейді. Ғалым етістік фразеологизмдерді компоненттер құрамына қарай талдап,
олардың 24 түрін атап өтеді .[23] Келесі зерттеуші Қ. Сарбасова ЕФ-терді
түрлену дәрежелеріне қарай:
Парадигмалық жартылай түрленетін ЕФ-тер,
Парадигмалық толық түрленетін ЕФ-тер деп екі топқа бөледі.[24] Бірінші
топқа етістіктің салт не сабақтылық, болымдылық не болымсыздық категориясы
бойынша ғана түрленетін ЕФ-ті жатқызамыз. Тек салт формада жұмсалатын ЕФ-
тер: қадалған жерден қан алу, түймедейді түйедей ету т.б. Сабақтылық
формада қолданылатын ЕФ-тер: құлағына қыстырмау, қырық саққа жүгірту т.б.
болымды формада айтылатындары: төбесіне күй қазу, төбесіне шай қайнату т.б.
Тек болымсыз формада айтылатындары: үш ұйықтаса түсіне кірмеу, құйрығына
қыл батпау т.б. ЕФ-тің болымды, болымсыз формада қолданылуы қай аспектіде
айтылып қалыптасуына байланысты. Парадигмалық толық түрленетін ЕФ-тер жақ,
шақ көрсеткіштерін, рай етіс категориялары формаларын қабылдайды. Етістікке
тән категориялар бойына толық дарыған ЕФ-тер қызметі жағынан етістікке
жақындай түседі.
Жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының барлығы оның ішінде
фразеологизмдер аударма тәжірибесі үшін де, теориясы үшін де ең қиын,
күрделі проблемалардың бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдердің
мағынасын екінші тілге дәлме-дәл жеткізуде тәржімалаушы саналуан
қиындықтарға кездеседі, сол қиындықтарды болдырмау мақсатында әртүрлі
зерттеулер жүргізіп, теориялық тұжырымдар жасауға тура келеді. Өйткені әр
тілдегі фразеологизмдердің мағыналық және стилистикалық қызметі тұрғысынан
кейбір өзгешеліктері болуы мүмкін. Олардың құрамындағы компоненттердің
байланысу тәсілдері әр тілде әр басқа. Міне, осы типтес оралымдарды аудару
кезінде әр тілдің өзіне ғана тән тіркесу ерекшеліктері көрініс береді.
Ағылшын-қазақ етістік фразеологизмдерінің құрылымдық сипаты
салғастырмалы негізде зерттелген жоқ деп пайымдауға болар деп ойлаймыз. ЕФ-
тердің құрылым жүйесінің өзгешелігі, бейнелілігі, семантикалық
қайталанбаушылығы, көп жағдайда бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз
аударуға келмеушілігі, компонент ішілік байланыстар деңгейі, сыртқы
синтаксистік байланыстардың ерекшелігі тәрізді заңдылықтар мен жинақталып
келіп, ондай қалыптардың анықталуында қиындық туғызады.
Қай тілде болмасын фразеологиялық единицалар бірыңғай емес. Солай бола
тұрса да, фразеологизмдердің жасалу тәсілдерін зерттей келген кезде,
олардың кейбір синтаксистік қалыптары ерекшеленіп көзге түседі. С.И.
Ожегов атап көрсеткендей “По образцам некоторых фразеологизмов создаются
аналогичные с подстановкой разнообразных понимаемых оценочных слов.”[25]
Мысалы:
to abound іn one ‘s own sense- айтқанынан қайтпау, өз дегеніне тұрып
алу; to brіng (call) to account - біреуден істегені (істеп қойғаны)
турасында жауап немесе түсініктеме талап ету;
to take іnto account - есепке алу , мән беру, назарға алу, көңіл қою;
екі өкпесін қолына алу - move іn great haste;
жағадан алу: a) (қол - take by the scruff of the neck;
жұмсау) ә) (жанын қысу, жан алқымға алу) - drіve somebody іnto a
corner, put somebody іn a spot, brіng somebody to bay;
жерден алып, жерге салу (жерден алып, жерден салу) – curse blue, swear lіke
hell, swear lіke nothіng on earth;
кек алу: а) (өшін қайтару) - take vengeance on, revenge oneself;
ә) (кек тұту) - nurse a grіevance agaіnst somebody, bear
somebody a grudge;
Осы тәрізді ЕФ-терді сөзбе-сөз қазақ тілінен ағылшын тіліне немесе ағылшын
тілінен қазақ тіліне аударуға келмейді; сондықтан да олардың мағынасына
қарай, балама боларлық тұрақты тіркестермен, егер ондай тіркестер болмаса,
мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз тіркестерімен
аударуға болады.
Фразеологизмдерді зерттеушілердің көпшілігі бүгінгі күнде осы
көзқарасты ұстанады. Сан алуан тілдік материалдарды ғылыми негізде жүйелеу
жеке және жалпы тілдер фразеологиясының өзекті мәселелері санатына жалпы
жатады. Оның себебі, әрбір тіл фразеологизмдері өзіндік ерекше құрылымымен
түсіндіріледі. Фразеологизмдерге структуралық талдау жасау мәселесі бүгінгі
лингвистикада жан-жақты жолға қойылғанын баса айту қажет деп ойлаймын.
Осы тұрғыдан ғалым Ю.Ю. Авиалиани: “Структурная организация
фразеологических единиц пополняется определенным закономерностям,
вытекающим в конечном счете из специфики грамматического строя определенных
языков и главных типов дистрибутных связей и их сочетаемости в этих
языках”,- дейді.[26]
Фразеология саласына қомақты үлес қосқан белгілі ғалым Л.И.
Ройзензонның айтуынша: ”Фразеология связана синтаксисом не менее тесными
узами, нежели с лексикой. Фразеологизмы создаются не на базе слов (лексем),
а на базе словосочетании. Следовательно, не лексика, а синтаксис являеется
строительной площадкой, на который идет беспрерывный процесс
фразеологизирования”.[27]
Фразеологиялық бірліктердің еркін тіркестерден құрылым жағынан көп
айырмашылығы болмайтындықтан, біз қарастырып отырған ағылшын және қазақ
тілдеріндегі ЕФ жасалуының белгілі бір қалыптарын анықтаймыз.
Фразеологизмдердің құрылымдық қалыбы дегенді олардың жасалуының нақты
синтаксистік құрылыстары ретінде қабылдаймыз. Оның құрылымдық қалыбы,
олардың тұрақтылығы мен семантикалық тұтастығын қамтамасыз етіп тұрады.
Тұрақты тіркестердің семантикалық және құрылымдық қасиеттерінің тоғысуы
оларды басқа сөз тіркестерінен ажыратып қана қоймайды, сонымен қатар
ареалды тұрғыда ерекшелеп, тарихи сипаттама беруге мүмкіндік береді.
Сонымен, ағылшын-қазақ тілдеріндегі ЕФ өз арасында әр түрлі
синтаксистік қарым-қатынастағы әрқилы морфологиялық қасиеттері бар
құрылымдық бірлік ретінде келетін сөздердің тіркесі. Зерттеу нысаны ретінде
қарастырылып отырған тілдік бірліктер құрылымдық ерекшеліктерінің
әрқилылығымен, құрамындағы сыңарларының өзара қарым-қатынасының жеке
өздеріне ғана тәндігімен сипатталады.
Фразеологизмдердің басыңқы сыңары – етістіктер темірқазық есебінде
қолданылады да, құрамындағы басқа сыңарлары осы етістіктерге бағына келіп,
онымен синтаксистік байланыста тұрады.
Ескеруді қажет ететін бір жайт, фразеологизмдердің сыңарларының құрамы
олардың мағыналық-грамматикалық сипатын анықтай бермейді. Сондықтан да
фразеологиялық бірліктердің құрылымдық грамматикалық жүйесін беру үшін,
алдымен, олардың семантикалық-грамматикалық ерекшеліктерін ескере келіп,
кейбір сөз таптарымен сыртқы ұқсастық белгілері ғана емес, кейбір мағыналық
және грамматикалық қасиеттерімен бірге салғастыра қарастыру қажет.
В.М. Мокиенко атап көрсеткендей, фразеологизмдердің құрылымдық қалыбы-
оның неізгі қаңқасы. Фразеологизмдердің құрылымы оның тұрақтылығы мен
тиянақтылығын, семантикалық қасиеттерін реттеп тұрады.[28]
Құрылымдық - семантикалық жағынан қалыптарға жүйелеп, зерттей келгенде,
жинастырған материалдарымыздың ішінде қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де
екі сыңардан тұратын ЕФ-тердің көп кездесетіндігін байқадық. Қазақ тілі
бойынша кеңінен таралған конструкциялар Зат есім + Етістік, ағылшын тілі
материалы бойынша керісінше, Етістік+ Есім сөз. Осы орайда башқұрт және
жалпы түркі тілдерінің теориялық мәселелерін шешуде зор үлес қосқан белгілі
ғалым З.Г. Ураксин былай дейді: “Глагольные фразеологизмы является самыми
многочисленными, имеют разнообразную структуру, для тюркских языков
характерно поспозитивные употребление глаголов в словосочетаниях. Наиболее
распространенным является конструкция “существительное” + “глагол”,
причем именной компонент может выступать в форме основного падежа: “Бас
салу”, в винительном падеже: “жаны жайлану”, в направительном падеже:
“азапқа салу”, в исходном падеже: “жағадан алу” и.т.д.,”[29]-деп, түркі
тілдеріне қатысты ортақ заңдылықты атап көрсетеді.
Ендігі кезекте бірқатар етістік тіркестердің бағыныңқы сыңарларының
тұлғалық жағынан атау септігінде тұрғанымен де, мағыналық жағынан жасырын
түрде барыс септігінде көбінесе табыс септіктерінде тұрғанын байқаймыз. Осы
жерде ғалым С.М.Исаевтың мына бір пікірін келтіре кетуді жөн көрдік:
“Кейбір тұрақты тіркес құрамында септіктердің нөлдік тұлғалары кездеседі,
бірақ онда грамматикалық мағына сақтала да бермеген, сондықтан әуелгі
тұлғасына салыстырмалы тарихи фактілер негізінде айқындауға болады”.[30]
Мысалы: Тіл(-ді) алу ,теңдік(-ті) алу, дегбір(-ге) түсіру, тізім(-ге) алу
таяқ(-ты) жеу т.б.
Қос тілге қатысты ЕФ-тердің құрамы мен құрылым жүйесін салғастыра
зерттеу барысында туыс емес тілдерге тән өзгешіліктермен қатар, жоғарыда
аталғандай ұқсас тұстардың да кездесіп отыратындығы анықталды.

ІІ тарау. ЕФ-тердің сөздіктерде берілу принциптері

2.1. Сөздіктер: мәні, қызметі, түрлері

Лексикография – грек тілінің Lexіs (“сөз”) және grapho (“жазамын”)
деген сөздеріне жасалған термин.
“Лексикография” – сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін
ғылым деген сөз. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени, рухани,
тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі
емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде
сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі
сөздіктер жасауға мүмкіндіктер туып отыр”.[31]
Сөздік - белгілі бір тілдегі сөздердің (сөз тіркестерінің,
идиомалардың) жиынтығын көрсететін анықтамалық еңбек. Сөздіктегі сөздер
белгілі бір тәртіппен орналасады және әдетте олар не мағыналары жағынан
түсіндіріледі немесе екінші тілге аударылады. Сөйтіп ол тіл, халық туралы
және олармен байланысты әр түрлі әлеуметтік құбылыстар жөнінде танымдық
ақпараттар береді. Сөздіктің шығу тарихына көз жүгіртер болсақ, оның өте
ерте кезде пайда болғандығы жөнінде нақтылы ғылыми деректер бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Сын есім компонентті фразеологизмдер
Қазақ фразеологиясы
ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚАБАТТАРЫ
Пәндер