Көптік жалғауларының даму тарихы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ5
1 Көптік жалғауларының даму тарихы5
Көптік мағынаның берілуінің морфологиялық әдісі. 6
Көптік мағынаның берілуінің лексикалық әдісі9
Көптік мағынаның берілуінің синтаксистік әдісі9
2 Тәуелдік жалғаулардың даму тарихы11
3 Жіктік жалғауларының даму тарихы14
4 Септік жалғауларының даму тарихы17
Жеке септіктер тарихынан20
ҚОРЫТЫНДЫ48
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР49
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзекітілігі : Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулардың даму тарихы, өту кезеңдері көпшілікке өте қызық. Жалғаулар белгілі бір қалыпқа түсіп, сұрыпталғанша бұл мәселе Ғ. Айдаров, М. Томанов, Ә. Құрышжановтың т. б. еңбектерінде біршама зерттелді. Ал біздің жұмысымыздағы тақырыптың өзектілігі - жалғаулардың дамуын кезеңдерге бөле отырып, әр дәуірдегі қосымшаларды мысалдармен дәлелдеу.
Зерттеу нысаны : Диплом жұмысының басты нысаны етіліп қазақ тіліндегі жалғаулардың көне түркі кезеңінен бері қарайғы даму жолдары алынды.
Мақсаты: Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулар тарихын сөз ету, даму, қалыптасу жүйесін кезең - кезеңге бөліп анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер шешіледі :
- тарихи жазба мұраларды кезеңдерге бөлу.
- әр кезеңдегі жалғаулардың қолданыс ерекшелігін ашу.
- жалғаулардың қолданысын тарихи ескерткіштер мысалдарымен дәлелдеу.
- жалғаулардың даму жолын кестемен көрсету.
Диплом жұмысының әдістері: Диплом жұмысында жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Дереккөздері: Күлтегін ескерткіші, Тоныкөк ескерткіші, М. Қашқари «Диуани лұғат-ит турк», С. Сараий «Гүлстан бит турки», жыраулар поэзиясы.
Дүние жүзіндегі әрбір халық сияқты, түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Әрбір тайпа, ұлт, халық тарихсыз болмайды.
Жалпы түркі тайпалары халық ретінде V ғасырдың орта кезінен белгілі бола бастады. Бірақ бұл жерден біз тек V ғасырда ғана тарихта пайда болып қалыптаса қалдық деген ой қалыптаспау керек. Қазақ халқы - үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық.
Біз тарихқа V ғасырда « түркі » деген атпен енсек те, алтайлықтар, сақтар, хундар мәдениетінің төл мұрагеріміз.
Славян тобына жататын тілдерден кейін сан жағынан ірі топ- түркі тілдер тобы.
Түркі тілдер тобына 22 (алтай, азербайжан, башқұрт, гагауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарачай - балқар, қырғыз, қырым татарлары, құмық, ноғай, өзбек, татар, түрік, түркімен, ұйғыр, чуваш, шор, хакас, якут т. б) тілдер кіреді. Бұлар туыстас тілдер тобы деп аталады.
Қазақ тілі төркіні жағынан түркі тектес тілдерге, соның ішіндегі қыпшақ тобына, құрылысы жағынан аглютинативті (жалғамалы) тілдер тобына жатады. С. Исаевтың айтуы бойынша, қазақ тілінің даму кезеңдерін былай бөлуге болады:
1. Көне түркі және Орхон - Енисей - Талас кезеңіне (V-VIII ғасыр) руникалық жазба ескерткіштері жатады. Олар Білге қағанға, Тоныкөкке, Күлтегінге арналған ескерткіштер.
2. Араб басқыншылығынан кейінгі Қараханид кезеңі. Бұл кезеңнің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба материалдарға Жүсіп Баласағұнның «Құтатғу білік» поэмасы, Махмұд Қашғаридың «Дивани лұғат ат турк» лингвистикалық еңбегі, Ахмет Яссауидың «Диуани Хикметі» жатады. Мерзімі жағынан бұл кезең X-XII ғасырды қамтиды.
3. Монғол шапқыншылығынан кейінгі орта ғасырлық кезең. Бұл кезеңде тілдік нормалар сәл де болса тұрақталып, сұрыпталды. Бұған Алтын Орда, Шағатай ұлысында жазылған жазба нұсқалар жатады. Олар Хорезмидің «Мұхаббат - намесі», Құтба ақынның «Хұсрау - Шырыны», Сейф Сарайидың «Гүлстан бит - түркиі», Рабғузидың «Қысас - ул -анбиясы». Сондай-ақ Мамлюктер елі мен Сирияда жазылған нұсқалар, қыпшақ жазбалары да осы кезең материалдары болып табылады.
4. Қазақ халқының жеке ел болып қалыптасқанынан кейінгі кезең XV-XVI ғасырда басталып, XIX ғасырға дейін созылды. Бұл кезеңге негізінен жыраулар поэзиясын жатқызуға болады.
Тюркологияның негізін салушылар Н. А. Баскаков, П. М. Мелиоранский, Радловтардың зерттеулерінде, Б. А. Серебренников, Кононов, С. Е. Малов, В. А. Богородицкий, Н. А. Гаджиева, Г. Д. Санжеев, В. Котвичтердің еңбектерінде де түркі тілдері жалғаулар жүйесінің этимологиясы, тарихы, пайда болу, «жоғалып» кету мәселелері қозғалды. И. А. Батманов «Язык Енисейских памятников древнетюркской письменности» еңбегінде әр тілдегі септік жалғауларын өте жоғары деңгейде талдап береді. М. Қашғари еңбегінде грамматикаға қатысты көп мәселеге жауап береді. А. Есенқұлов Орхон - Енисей жазба ескерткіштеріндегі қосымшаларды сөз етеді.
Біз осы диплом жұмысымызда жалғаулардың даму сипатын кезең-кезеңдерге бөліп қарастырдық.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Көптік жалғауларының даму тарихы
Түркі тілдеріндегі ең көне ескерткіш Орхон - Енисей жазбаларының тілінде жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмаған . Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да немесе сөздің лексикалық мағынасы мен сөз тіркестері арқылы да берілген. Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде көптік ұғым болған.
Орхон - Енисей жазбаларында көптік жалғаудың екі түрі кездеседі :
- лар; -т.
Көптік мағынаның берілуінің морфологиялық әдісі .
- Лар - көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі, сондықтан ескерткіштер тілінде бұл жалғау көп қолданылады. Дыбыс үндестігі бойынша түбірдің соңғы буыны жуан болса, лар, жіңішке болса -лер жалғанған.
Жуанда, мысалы : атлар - аттар, қадашлар - жолдастар
Жіңішкеде : кедегүлер - күйеулер, беглер - бектер
Бедке кегүрме беглер гү иаңылташысіз-Таққа құштар бектер, сіздер жаңыласыздар ғой. - лар аффиксінің этимологиясы жайлы түркологияда көптеген сөз болып келеді, айтылған пікірлер де алуан түрлі . Поляк ғалымы Т . Ковальский осы мәселеге арналған зерттеуінде өзінен бұрынғы пікір - жорамалдың барлығына талдау жасай келіп, - лар аффиксінің арғы төркіні болжалды санды ( бірнеше, көп ) білдірген сөз болу керек деп есептейді . В. А. Богородицкий бұл аффикстің қалыптасуын 3 жақ жіктеу есімдігі мен - ар жұрнағының нәтижесі деп қарайды . Яғни әуелі ол+ар, содан кейін түбір сөздің соңғы дыбысы - л қосымшасының құрамына ығысқан, тіл қолдану процесіне соңғы вариант қосымша болып қалыптасып, лар аффиксі шыққан. Белгілі фин зерттеушісі Г. Рамстедт бұл аффикстің арғы төркіні монғол тіліндегі нар деп есептейді. Ол тілде нар «жұрт, халық» деген мағынаны береді. Н. А. Баскаковтың зерттеулерінде лар құранды қосымша ретінде қаралып, қайтымдылығын, дүркінділігін білдіретін есім түбірлерден етістік жасайтын ла келер шақтық есімшенің тұлғасымен (р) қосылып, бірігіп барып семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мән беретін қосымша болып қалыптасқан дейді. -Лар аффиксінің этимологиялық құрамы туралы соңғы пікірді Кононов айтты. Ол -лар фузиялық құбылыстың нәтижесі деп есептейді, оның алғашқы бөлігі ( л ) қазіргі тұңғыс тіліндегі көптік мән туғызатын қосымша, бұл қосымша түркі тілдеріндегі -лар-мен бірге -лан және - ла қосымшаларының құрамында сақталған деп есептейді.
Сонымен бұл айтылғандардан зерттеушілердің көпшілігі -лар аффиксінің бірігуінен пайда болды депген пікірді жақтайтыны аңғарылады. -Лар аффиксінің етістік тудырушы -ла мен негіздестігі жайлы пікірді Б. А. Серебренников қолдайды.
-Т қосымшасы орхон-енисей жазбаларында атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан-тарқат, шад-апыт-уәзір-аталар, тігін-тігіт сияқты аздаған сөздерде кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше бұл қосымша моңғол тілінен ауысқан деп есептейді. Солай екендігін -т қосымшасының сөзге жалғану тәртібі де дәлелдейтін сияқты. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің соңғы дыбысы мүлдем түсіп қалады тарқан-тарқат
-Т қосымшасы уақыт жағынан орхон-енисей жазбаларынан кейінгі дәуірге жататын ескерткіштердің ешқайсында да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі емес. X-XIII ғасыр жазбаларында -т аффиксімен келген бірен-саран сөздер болғанымен олардың өзіне -лар қосымшасы жалғанған.
П. М. Мелиоранский өзінің «Күлтегінге қойылған ескерткіш» атты еңбегінде кейбір сөздер құрамында келетін -т қосымшасын түбірден бөліп алып қарауға болмайды деген пікір айтады. Бірсыпыра зерттеушілер сүт, алпауыт сөздерінің құрамындағы т-ны көптік жалғау деп қарайды. Олай болса қазіргі қазақ тіліндегі сәлем-сауқат дегендегі -т да осы жалғау. Өйткені қазақ тілінде оның сауға дейтін -т-сыз айтылатын варианты бар. Бірақ бұның бәрі дәлелденген жоқ. Басы ашық мәселе орхон-енисей жазбаларында -т көптік жалғау есебінде қолданылған.
Көне түркі тілін зерттеушілердің біразы (А. Габен т. б) көптік жалғауының тағы бір түрі - ( а ) н болған деген жорамал айтады. Ол ерен сөзін көптік жалғауда тұрған көптік мағынаны білдіретін сөз деп қарайды.
Ал М. Қашғари сөздігінде осы сөзге - лар жалғанған көптік мән туғызатын - (а ) н аффиксінің болған- болмағаны айқын емес.
А. Н. Кононов оғлан сөзінің құрамында осы аффикс бар деп біледі. Көне түрік тілінде оғлан, қазіргі қазақ тілінде ұл тұлғаларының айтылуын осының себебі деп қарайды. Қазақ тіліндегі жоғарыда айтылған ұқсастығын еске алсақ, үшем сөзінің құрамындағы - ем ( ен ) қосымшасын осыған жатқызуға болады. Бірақ мұнда жалпылама көптіліктен гөрі топтау басым сияқты.
С. Е. Малов біз есімдігінің құрамындағы з -ы көне түркі тілінде көптік мән туғызған қосымшаның бірі деп есептейді. Орхон-енисей жазбаларында -з көптік мән туғызатын еркін аффикс ретінде қолданылмаған. Малов тек мынандай фактілерді келтіреді: меңіз - бет, көкүз - көкірек, ағуз - ауыз.
Осымен байланысты М. Қашғаридың еңбегінде: «Сіз - үлкен кісілерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылады. Асылында мұның беретін мағынасы - сіздер ».
Бұған қарағанда Қашғари заманында сіз есімдігінің сыпайылық мәні мен көптік мәні қатар жүрсе керек.
Сонымен , -з аффиксінің жіктеу есімдіктерінің құрамында сақталуы әбден мүмкін де, басқа есімдіктер құрамында сақталуы зерттей түсуді қажет етеді. Мысалы, қазақ тіліндегі егіз сөзінен байқауға болатындай. Сонымен қатар А . Н . Кононов жүз, сегіз, отыз, тоғыз сан есімдерінің құрамындағы - з да осы қосымша дейді.
Кейбір зерттеушілер бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының көрінісі деп те қарайды. Мысалы, ауыз, көз, егіз сөздері пар-пардан тұратын зат атаулары. Бірақ түркі тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей -з- ға аяқтала бермейді. Мысалы, қазақ тіліндегі құлақ, аяқ, жақ, білек т. б.
Осылардан келіп көптік жалғаудың етістік формаларында қолданылатын тағы бір түрі -қ, -к шығады. Кононов оған жоғарыда аталған сөздерді мысал етеді. Дегенмен, бұл сөздердің жекелік варианттары жоқ. Аяқ сөзін ая (алақанға салып аялау) содан барып ( и ) +а+қ+ан сөзімен түбірлес, содан барып тараған деп қарасақ, оның құрамындағы -қ көптік мән беретін болады.
Көптік мағынаның берілуінің лексикалық әдісі
Ескерткіштер тілінде көптік лексикалық категория 2 түрде жүзеге асады:алдымен көптік мағына лексикадағы жеке сөздердің семантикасына байланысты болады және көптік мағына сөз тіркестері арқылы беріледі.
Орхон-енисей жазба ескерткіштерінің тілінде мынандай сөздер көптік ұғымды білдіреді.
- Ру, тайпа, халық аттарын білдіретін кейбір жинақтық ұғымы бар сөздер:
Қыбчақ-қыпшақ
оғуз-оғыз
турк-түркі
- Лексикалық мағыналарының өзінде көптік ұғымы бар сөздер:
көз-көз
қулғақ-құлақ
адағ-аяқ
- Даралап санауға келмейтін кейбір зат есімдер:
алтун-алтын
кумүш-күміс
сач-шаш
- -лығ, -лігжұрнақтары арқылы туындаған кейбір дерексіз зат есімдер жеке ұғымда да, көптік ұғымда да кездесе береді:
қағанлығ-қағандық
бегліг-бектік
Көптік мағынаның берілуінің синтаксистік әдісі
Орхон-енисей ескерткіштері тілінде көптік мағына сөз тіркестері арқылы да жасалады:
- Зат есім алдында оның қанша екенін көрсететін сан есімдер болса:
йеті иуз кісі-жеті жүз кісі
он түмен сү-он түмен әскер
- Зат есім алдына қоп-көп, үкіл-бүкіл сияқты анықтауыштар айтылса:
қоп соғды-көп соғды
үкіл ер-бүкіл ер
- Кейбір қос сөздер ешбір көптік жалғауынсыз-ақ көптік ұғымды білдірсе:
қыз-қудыз-қыз-қырқын
М. Қашғари заманындағы түркі халықтарының тіліне келсек, мұндағы көптік жалғауының ең жиі және тұрақты қолданылған тұлғасы -лар,
- лер . Мұның қазіргі қазақ тіліндегі қатаң дыбыстан басталатын ( - тар ) варианттары қалыптасқан жоқ. Мысалы, Алып лар бірле үрушма-Алыптармен ұрыспа.
Орхон - енисей жазбаларында ұшырасатын көптік жалғауы -т тек бір ғана тігіт-тігін сөзі құрамында ғана кездеседі. сонымен бірге М. Қашғари ерен сөзінің құрамында кездесетін ен элементін де көптік қосымшасы деп түсіндіреді. Бірақ ол « . . . бұл тұлға аз ұшырасады және қағидаға қайшы. Өйткені көптік қосымшасы -лар\-лер » деп ескерту жасайды. Бұған қарағанда М. Қашғари өзі де ан, ен элементтерінің көптік жалғауы екеніне күмән келтіретін тәрізді.
Көне қыпшақ тілінде немесе орта ғасырлық кезеңде жазылған еңбектердегі көптік жалғауының қолданылуына келсек, бұл кезеңде көптік жалғауы дыбыс үндестігіне бағынбаған. Сондықтан оның басқы дыбысы түбір сөздегі дыбыстың ыңғайына қарай түрленіп отырмайды. Буын үндестігіне қарай ол:
- арылар(әулиелер ), ағачлар(ағаштар ), бізлер (біздер), чақлар -шақтар, ырлар (олар жырлайды), білмезлер ( білмейтіндер), келселер (олар келсе) т. б.
IY кезеңнің ерекшелігіне тоқталғанда бұл кезеңдегі әдебиеттің өкілі Шалкиіз жыраудың :
Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған.
Сыздауға біткен қара ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған.
Жағына жібек жалау байлаған,
Арулар кімнен қалмаған, - деген жолдарынан - ақ - лар,
-лер, - дар, - дер, - тар, - тер тұлғаларының қазіргі қазақ тіліндегі көптік жалғауларының қолданылуымен сайма-сай келіп тұрғандығын байқай аламыз.
Яғни, бұл кезде қазіргі қазақ тіліндегі көптік жалғаулары іріктеліп, сомдалып белгілі бір жүйеге келді деп айта аламыз.
2 Тәуелдік жалғаулардың даму тарихы
Жазба нұсқаларда белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншікті екенін көрсететін грамматикалық категория- тәуелдік жалғаулары да кездеседі.
Тәуелдік жалғаулар үш жаққа және жекеше, көпше болып бөлінеді.
Меншіктік пен меншіктелуші арасындығы қатынас, яғни, тәуелділік категориялары түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Мұндай тұжырымға дәлел- түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде де тәуелдік категориясы мен оның көріністері өзгеріссіз берілген.
Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен
(арнайы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен( ілік жалғауы мен жіктеу есімдіктері арқылы) берілген.
Жекеше:
I жақ : - м, - ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ем будыным -халқым, қаңым -әкем, ечүм-бабам, сабым-сөзім, сүм-әскерім
II жақ : - ң, - ың, - иң, - үң, - ұң, - үң, - аң, - ең : ілің - елің, оғлың-оғланың - ұлың, иамың - жасың:
III жақ: - ы, - сы, - и, - си, - зы, - зи уйасы- ұясы, ұрпағы, қағаны- ханы, айғучысы- уәзірі, кійікі- киігі.
Тәуелдіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы: -ың, -сын (-ин, -син ) деген пікір бар: . . . табғач будунқа беглік ұры оғлың кул болты, сілік қыз оғлың куң болты (табғач халқына мықты ұлы құл болды, таза қызы күң болды) . Осы сөйлемдердегі оғлың, қыз оғлың сөздері тәуелдік жалғаудың III жағында тұр, бірақ әдеттегідей -ы емес, -ын .
Көптік:
I жақ : - мыз ( - миз, - мүз, - мұз, - ымыз, - имуз, - умуз, - амыз,
- әмі ) ханымыз, атларым - аттарым, кедегүлерім - күйеулерім, ечүміз-анамыз, иағымыз-жауымыз.
IІ жақ : - қыз, - киз ( - ыңыз, - иңыз ) - унуз, - үнүз : адашыңыз - сіздің жолдастарыңыз, қағаның - сендердің хандарыңыз, алпыңыз-батырыңыз, атыңыз - атыңыз.
III жақ: - ы, - сы, - си, - зи, - зы - сылар, - силар : інілері-інілері, беглері-бектері.
Жазбалар тіліндегі тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей бірде менің кітабым, бірде кітабым түрінде жеке де айтыла береді.
Тәуелдік жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі тілдерінің ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік текстер, ұйғыр жазбаларында ғана ұшырасады, яғни, ұйғырлық варианттар. Тәуелдіктің жағындағы сөз өзінің алдындағы сөздің ілік септікте тұруын бірде керек етсе, бірде керек етпейді. Бұл жағынан да қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарымен астасып жатады.
М. Қашқари заманындағы түркі халықтарының тіліндегі тәуелдік жалғауларға келсек, жекеше жақтың көрсеткіші -м . Түбірдің соңғы дыбысы дауыссыз болғанда, оның алдынан айтылатын дауысты дыбыс езулік те, еріндік те болады І жақ (- ым, - ім, - ум, - үм ) : ІІ жақ - ң мұның да алдынан еріндік не езулік дауысты дыбыс айтылады ( - уң, - үң, - ың, - ің ) . ІІІ жақтағы тәуелдік жалғауы : - ы \\ - і, - сы \\ - сі . Алдыңғылар дауыссызға аяқталған түбірлерге жалғанады да, соңғылары дауыстыға аяқталған түбірлерге жалғанады.
Тәуелдіктің көпше жағындағы - мыз, -міз, жағындағы -ңыз, -ңіз
(-ыңыз, -іңіз ) .
Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің тілінде кездесетін тәуелдік жалғаулардың бірнеше фонетикалық варианттары бар. Олар буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне байланысты өзгеріп отырады. Тәуелдік жалғауының әдетте жиі қолданылатын түрі бар да сондай-ақ оқта-текте қолданылатын қосалқы түрі бар.
Негізгілері: I жақта :-ым\-ім, -ымыз-іміз:
II жақта : -ың\-ің, -ыңыз, -іңіз :
III жақта :-і, -сы\-сі, -лар\лер.
Қосымша түрлері:
а) ерін үндестігіне қарай жасалған варианттары:
I жақта :- ум\үм, -муз\мүз .
II жақта - уң\үң, -унуз\үңіз .
III жақта -у\ү, -су\сү.
ә) кейбір дауыссыз дыбыстардың алмасып келуі арқылы жасалған варианттар:
II жақта - ығ\іг, -ғ\г, -ың\ін, -үн\ұн, -ығыз\-ігіз, -ғыз\-гіз, -уңыз\үңіз.
Демек мұндай негізгі варианттағы - ң дыбысы қосымша варианттағы - ғ, -г, -н дыбыстарымен алмасады: - ң\-ғ, -ң\-г, -ң\-н . Сөйтіп тәуелдік жалғауларының ең көп варианты І жақта қолданылады да, ең аз варианты
ІІІ жақта көпше түрден көруге болады. Оларды мына кесте арқылы көруге болады. ( Кесте 1. 1)
3 Жіктік жалғауларының даму тарихы
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы сияқты, қазақ тілінде де жіктік жалғаулары баяндауыш қызметіндегі сөздердің грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалатыны мәлім. Алайда баяндауыштың грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалатын осы жалғаудың пайда болып, осы күнгі тұлғасына келуі-түркі тілдерінің дамуында жиі кездесетін дербес сөздің қолданылу барысында қосымшаға айналу процесінің бір көрінісі.
Түркологияда тәуелдік жалғаулары сияқты, жіктік жалғаулары да жіктеу есімдіктерінен туған дейтін көзқарас талас туғызбайтын жай дейді М. Томанов. Алайда жіктік жалғаулардың қазіргі типі, белгілі мұралар тіліңдегі түрі бұларды да тарихи тұрғыдан тәуелдік жалғаулармен тұлғалас деп қарауға мүмкіндік бермейді. Ежелгі ескерткіштерде бұл жалғаулар мына түрде кездеседі. VII-VIIIғ. сүледіміз, сүңісдіміз, бұздымыз.
XIғ. Мен барырман, мен бармасман-мен барамын, мен барамаймын.
XIVғ. Сенің иазықыңның алдында мен турурмен -сенің күнәңнің алдында мен тұрмын.
Яғни, қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулар мен ескерткіштер тіліндегі осындай қосымшаларды салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты дыбыстардың алмасуында ғана. Қазіргі тіліміздегі жіктік жалғауларының қысаң дауыстылармен - мын, -мін, -сын, -сін пішіндес келуін еске алсақ, ежелгі жазбалар тілінде бұлар өздерінің түпкі төркінінен онша алыстай қоймағанын байқауға болады.
В. Котвич жіктік жалғауларын «байырғы етістік суффикстері» деп атайды да, олардың жіктеу есімдіктерінің атау тұлғасына жақындығын, өзара ұқсас, ыңғайлас жақтарының көп екендігін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz