Қос тілді сөздіктер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Ортағасырдағы араб лексикографиясы және Махмут
Қашқари сөздігінің алар орны.
2. Сөздіктің құрлымы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Ғылымда орта ғасырлар ислам әлемінің мәдени өрлеу кезеңі болып
аталады. Бұл дәуірде философия, медецина салаларымен қатар, филологияда да
маңызды еңбектер жазылды. Филологиялық еңбектердің ішінде сөздіктердің алар
орны ерекше. Бір қызығы филологиялық еңбектердің авторлары тек араб емес,
өзге халықтардың да өкілдері болған. Сондай тұлғалардың бірі – түркі тектес
ғалым Махмуд Қашқари.
Махмуд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі – Диуани луғат ит-түркі түркі
тілдерінің өміршеңдігін көрсететін ұлы дүние. Диуани луғат ит-түркі
бүгінгі таңда да өз маңызын жоймаған құнды мұра. Бұл еңбекте түркі тілдес
халықтардың сөздері түзіліп, түркі тілінің грамматикасынан мағлұматтар
берілген. Сөздік осы заманда өмір сүріп отырған түркі тілдес халықтардың
тарихы мен этнографиялық мәселелерін шешуде кездесетін қиындықтарға жауап
беретін бірден-бір көмекші құрал деп бағалауға болады.
М. Қашқари сөздігі түркі тілінің сөздігі. Сөздік құруда автор өзіне
дейіндегілерден үлгі алып, соның негізінде Диуани луғат ит-түркі еңбегін
құрастырған. Біздің заманымыз да пайдаланып жүрген сөздіктердің негізі
Махмуд Қашқари бабамыздан басталатынын мойындауымыз керек. Сөздіктердің
жасалу жолы, даму процесін түсіну үшін баға сөздіктерінен үйренуі, тәлім -
тәрбие алған жөн. Осы тұрғыдан алғанда Махмуд Қашқари Диуани луғат ит-
түркі атты еңбегінің құрлымдық ерекшелігін зерттеу өзекті мәселе болып
табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты –Махмуд Қашқаридің Диуани луғат ит-түркі сөздігінің
құрылымдық ерекшеліктерін анықтау.
Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер жүктелуді:
- ортағасырлық араб сөздіктерінің жасалу тарихымен танысу;
- Махмуд Қашқари сөздігіндегі сөздердің түзілу жолдарын қарастырп,
сипаттама беру;
- Махмуд Қашқари сөздігіндегі түркі сөздеріне тақырыпты топтама жасау.
Диплом жұмысының дерек көзі. Махмуд Қашқаридің Диуани луғат ит-түркі
сөздігі негізгі дерек көзі болды. Оған қоса, А. Егеубаев аударған Түркі
сөздігі, Ибатов пен Бөкетовқы аударған, Түбі бір түркі тілі атты
кітаптар көмекші құрал болды.

I тарау Ортағасырдағы араб лексикографиясы және Махмуд Қашқари сөздігінің
алар орны
Орта ғасырлардағы араб әлемінде қоғамдық ойдың, философия, діни
көзқарас, шешендік өнер, медицина осылардың ішінде филология саласы жалпы
араб халқының мәдени қорына өте үлкен әсерін тигізді. Ал филология
саласының ішінде лексикографияға жеке тоқтала кетсек жалпы типі, көлемі,
құрылысы, мазмұны жағынан әртүрлі және күрделілеу болып келеді. Мысалы адам
қасиеттеріне және оны қоршаған табиғат, өсімдік және жануарлар әлеміне
байланысты сөздіктер, сирек немесе аз қолданылатын сөздер тізімі,
диалектілік лексика мен кірме сөздердің қысқаша сөздіктері, Құран мен
хадистерде кездесетін ерекше сөздердің сөздікшелері және жалпы тілдік
түсіндірме сөздіктер тобы өте үлкен және оларға көптеген түсіндірмелер
жазылған, оларды қысқартқан немесе кеңейте отырып қайта өңдеп, толықтырулар
енгізіп, түзетулер жасаған. Алғашқы пайда болған мұраларды олардың ізін
қуушы филологтар өз ғылыми еңбегінің негізгі объектісі ретінде ала отырып,
олардың нақты лексикалық материалы мен негізгі теориялық идеясын қабылдады
немесе өзгертті, дамытты не болмаса қайта қарастырды.
Араб филологтарының лексикография саласындағы үздіксіз және қарқынды
қайраткері сөздерді топтастыру мен көркемдеуде көптеген әдістерінің пайда
болуына, жекелеген сөздерді бір түбір айналасына топтастыры тәсілінің,
сөзді түсіндіру әдістерінің пайда болуына себепкер болды.
Осы кезеңдегі араб әдеби ғылымдарының ішінде лексикографияның бірінші
орында тұруына таңғалуға болмайды. Өйткені сөздерді жинақтап түсіндірудің
маңызы қасиетті Құран үшін де зор пайда болды.
Жалпы араб лексикографиясының пайда болуына байланысты сан пікірлер
ғалымдар мен зерттеушілер арасында да біраз талас тұғызады. Араб
филологтарымен бірге бірқатар батыс зерттеушілері де исламның қасиетті
кітабын дұрыс оқып, талдаудың құралы ретінде пайдаланды деген пікірді
қолдайды.
Мұндай пікірі туралы Брокельман, Белкин, Кренков сияқты ғалымдар былай
дейді Құран мен хадистердің лексикасына қызығушылықтан араб тілі
лексикасына деген қызығушылық туады. Сондықтан әдеби тілдің жекелеген
бөліктеріне арналған сөздіктер пайда бола бастады,- дейді[1].
Лексикографияның пайда болғаннан бері, негізгі топтамасы исламға
дейінгі жаһиилия дәуіріндегі поэзия төңірегі болды, бірақ қалай пайда болса
да, өз мазмұны мен даму ерекшеліктері жағынан, шынайы бір құбылыс болып
табылады. Осы кездері Европа да филология саласы әлі белгісіз болатын.

Мұсылман әлемі лексикографияның туындап, даму үшін өте қолайлы орта
болды. Белкиннің пікірінше орта ғасырдағы араб тілінің кітаби және мәдени
тіл ретінде қолданылуы, жазба тілдің жақсы стандартының қажеттілігі, сөйлеу
тілі ретіндегі тіл диалектілерінің таралуы, араб тілінің жазба және ауызша
варианттарының айырмашылықтарының көбеюі әсер етті. Жалпы қалай пайда
болса да кең көлемде дамып, сөздіктердің әртүрлі типтері жасалды. Белкин
араб тіліндегі түсіндірме сөздіктердің мынадай топтарға бөлді:
1.Топтастырушы сөздіктер.
2.Түсіндірме сөздіктер.

Біріншісінде сөздер мағыналық жағынан (идеологиялық, тақырыпты сөздер)
немесе лексикалық, семантикалық белгілері бойынша жүйеленеді. Ал
екіншісінде жалпылай мағынасын ашып түсіндіреді. Жалпы лексикография
сөзінің мағынасына үңілсек те сөздік жасаудың теориясы мен практикасы
мағынасын береді.
Алғашқы пайда болған сөздіктердің көп бөлігі бізге жетпеген. Одан
кейін жеке құбылыстарға (адам, жануар, өсімдік т.б.) тақырыбына арналған
сөздіктер құрастырылды. Атап айтқанда Абу Убейдтің Ал - Ғариб ал -
Мусаннаф , аш - Шайбанидің Китаб ал - Джим, Ибн ас - Сиккиттің Ислам ал
- мантиқ, ал – Асмаидің - адамның дене құрылысына, жан–жануарларға,
өсімдіктерге т.б. ұғымдарға арналған сөздіктері бар. Бұл сияқты сөздіктер
ірі және жан - жақты сөздіктердің пайда болуына негіз болды. Сөздік
авторлары араб тілінің сөздік қорын әртүрлі ұғымдарға сәйкес топтастыруға
талпынғанымен оларда материалдың орналасуында қатаң сақталған жүйелік және
реттілікті байқау қиын еді.
Сөздік авторлары сөздерді жинақтау барысында, олардың мағынасын
анықтап грамматикалық және лексикосемантикалық құбылыстарды да қарастырып
отырған.
Араб лексикографтарының кейбірі сөздіктерін жүйелі түрде белгілі
тәртіп бойынша тіркелген араб тілінің бүкіл сөздік қорының мағыналарына
анықтама беруді мақсат етті. Мұндайлардың алғашқысы Халил ибн Ахмадтың
"Китаб ал - айн" еңбегі еді. Автор алғашқы араб лексикасын кең көлемде
көрсетуге тырысты. Халил сөздердің түбірлік орналасу принципін қолданды, ал
түбірлер алфавиттік ретпен орналастырылды, бірақ алфавит дыбыстық жүйеге
байланысты жасалды, яғни көмейдің ең түкпірінен бірте - бірте ауыз қуысына
келеді де еріннің ұшымен айтылатын дыбысты белгілейтін әріппен аяқталады.
Сондықтан сөздік айн ( ) әрпінен басталып уау ( ) әрпінен аяқталады.
Автор әріптерді транспозициялау тәсілін қолданған. Мұнда негіздің түбір
әріптерінің орнын ауыстырып қою арқылы бірнеше вариант шығарды. Мұндай
топтаманы әр кітап бірінші әріптің атын алады, яғни еңбек алфавит әрпінің
санына байланысты жиырма сегіз кітаптан тұрады.
Мұндай жүйелі сөздіктер пайдалануда көптеген қиындықтар туғызатыны
сөзсіз. Дегенменде Халилдің бұл жүйесі екі ғасырға жуық өзгерген жоқ.
Кейінгі шыққан еңбектерде сөздерді соңғы түбір дауыссызының жалпы
қабылданған алфавиттік реті бойынша орналастырды. Сөздіктер соңғы әріпке
байланысты тарауларға бөлінеді, ал тараулар түбірдің бірінші әріпінің реті
бойынша бөлімдерге бөлінеді. Мұндай әдісті ең бірінші болып Исмаил ал -
Жауһари өзінің "Тан ал - луға уа сихах ал - арабийа" сөздігіне қолданған.
Ал - Жауһаридің бұдан басқа елеулі еңбектерінің бірі "Ас - Сихах"
сөздігі болып табылады. Бұл сөздік Х - ғасырдың аяғында жазылған, бұл
сөздік сол кездегі басқы сөздіктерден өзінің құрылысы, мазмұны жағынан
ерекшеленеді. Ең басты ерекшелігі құрылысының қарапайымдылығында. Мұнда
сөздер түбірдің соңғы дыбысына қарай орналасады және араб алфавитіндегі
дыбыстар санына сай жиырма сегіз тараудан, әр тарау жиырма сегіз бөлімнен
тұрады. Тарау дыбыс атымен аталып, онда сөз түбірдің соңғы дыбысына сай
беріледі. Бірақ сонда да сөзге анықтама беруде кейбір кемшіліктері
болғанына қарамастан аталмыш еңбек өз заманында зор беделге ие болды. Әуелі
қарапайым оқырмандар арасында да қолдан - қолға тарап кеңінен тарады. Бұған
"ас - Сихахтың" пайдалануындағы жеңілдігі себепкер болды. Әсіресе
оқырмандар өлең ұйқасы үшін керекті сөздерін осы еңбектен оңай тапты."Ас -
Сихах" сөздігі 40000 классикалық сөзден тұрады.
Бұлардан кейінгі осы кезеңдегі ірі лексикограф саласына үлкен үлесін
қосқан ұлты парсы ал - Фирузабади болады. Оның ең ірі еңбектерінің бірі
алпыстай немесе жүздей томдық сөздігі. Бірақ бұл еңбек басқа сөздіктердей
сақталып қалған жоқ, бірақ Фирузабади сол сөздіктің негізінде басқа "Камус
ал - Мукит" деген атпен сөздік құрастырады. Ол сөздіктің түсіндіргені
мардымсыз және оның практикалық кемшіліктері іріктелгенімен де мұсылман
әлемі үшін классикалық жағынан үлкен үлесін қосты.
Фирузабади сөздігі - араб лингвистикасындағы лексикография саласындағы
соңғы жетістіктердің бірі болады.
Заман өзгере келе, талап та өзгереді сондықтан ХХ ғасырдың орта
кезеңінен бастап сөздіктердің жасалуының жалпы принциптерін анықтап оларды
топтастырып, жүйелеу қажет болады. Сондай жағдайда кейбір жерлерінде
келіспеушіліктер де болып жатады. Әртүрлі авторлар сөздіктердің мынадай
типтерін бөліп қарастырады: 1. Анаграммалық принципті пайдаланатын
сөздіктер. 2. Рифмделген принциппен жасалған сөздіктер. 3. Кәдімгі
алфавиттік тәртіппен пайдаланылатын сөздіктер.
Мұндай топтастырудағы көптеген кемшіліктерді байқаған Рыбалкин В.С.
орта ғасырдағы лексикографиякалық еңбектердің барлығын осы үш топтың аясына
сиғызу мүмкін емес деген шешімге келеді де, ол сөздіктерді былайша
топтастырды.
I. Мазмұны жағынан:
1. Жалпы түсіндірме сөздіктер.
2. Шағын көлемді пәндік сөздіктер және кең көлемдегі
анталогиялық сипаттағы ірі сөздіктер.
3. Синонимдер сөздігі.
4. Сирек, аз қолданылатын сөздердің сөздіктері.
5. Ғылыми салалар бойынша жасалған терминалогиялық
сөздікдер.
6. Кірме сөздер сөздігі.
7. Қос тілді сөздіктер.

II. Сөздерді топтастыру тәсілі бойынша:
1. Сөздерді лексико - семантикалық және тақырыптық принцип
бойынша жинақтайтын сөздіктер.
2. Сөздерді шартты грамматикалық белгілеріне қарай
жинақтайтын сөздіктер.
3. Сөздіктерді олардың құрлысы бойынша орналастырып, тілдің
барлық лексикалық құрамын қамтитын сөздіктер.

Осындай еңбектер сол кездегі парсы, түрік т.б. мұсылман
халықтарының лексикографиясының пайда болып, даму барысында өте үлкен
ықпалын тигізуімен қатар, қазіргі заман араб лексикографиясының дамуына
үлкен үлесін қосты.

Махмуд Құсайнұлы Мухаммед Қашқаридің ата - бабасы Барсғанда туған,
яғни ата - тегінің шыққан жері, өзінің өсіп өнген жері осы көне түрік
шахарларының аумағы. Баласағұн жері Барсған қаласында дүниеге келген. Ғалым
ол жайында өз еңбегінде былай дейді: "Барсған Махмуд Қашқари Афарсиаб
ұлының есімі. Барсған қаласын сол салдырған"[2].
О.Прицактың есебі бойынша Махмуд Қашқари 1029 жыл мен 1038 жылдар
арасында дүниеге келген. Қарақан әулетінде шыққан. Кейінен Қашқарда білім
алып, Бұхара мен Бағдатта оқуын жалғастырған. Дегенмен оның өмірі туралы
мәлімет өте жұпыны. Махмуд Қашқари - түркі халықтарының орта ғасырлық алып
тұлғаларының бірі. Ол Барсған қаласында туылғанымен әкесі әскери қызмет
бабымен біржолата көшіп келгендіктен, ғұлама бүкіл саналы ғұмырын түркі
халықтарының екінші ордасы - Қашқар қаласында өткізген.
Қашқар – қазіргі Қытай Халық Республикасы, Шыңжан -
автономиялық ауданындағы қала. Ертеректе "Ұлы жібек жолындағы" ірі сауда
орталығы болғандықтан, оның даңқы көп елге тарап кеткен. Кейіннен Батыс
Қытайдағы Тянь-Шань, Памир, Куньлунь және Бәйшан тауларын қамтитын өлке
түгелімен Қашғария болып аталған.
Енді әлемге әйгілі еңбегіне келетін болсақ, түркі халықтарының
түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, құран, шариғат пен хадис
бойынша білім алады. Араб – парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін
меңгерген. XI ғасырда : Диуани луғат ит - түрк еңбегін жазып, түркі
түлдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге
тілден енген сөздерді қолданбаған.
Түркі ғалымның өз айтуы бойынша: Диуани луғат ит - түрк еңбегін
жазудан бұрын, ол түріктердің барлық елі мен даласын түгелімен аралап
шыққанын айтады. Бұл еңбекті жазудағы Махмудтың негізгі мақсаты түркі
тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ
екендігін дәлелдеу болған дейді А.Н. Кононов. Махмуд өзі жайлы түрік елі
мен түрік тілін байланыстыра мынадай ой айтқан. Сонымен мен сол
түріктердің қызыл тілге шешендерінен, ең әдемі әңгімелерінен, ең бір
зеректерінен, ең білгірінен ежелгі асыл тайпаларынан және соғыс ісінде ең
мықты қайраткерлерінен болғандығымнан олардың шаһарлары мен сахарасын
бастан – аяқ аралап шықтым. Түрік, түркімен, оғыз, шығыл, нағма,
қырғыздардың сөздерінен олардың қасиет құпияларының сырын анықтап шықтым.
Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды парықтап
білу үшін істедім. Сонымен олардың әрқайсының тілі менің көңілімде ұялап,
берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп әбден тәртіпке келтіріп
жүйелеп шықтым.
Бұл бір мәңгілік жауынгерлік уа таусылмас – түгелмес, азып –
тозбас бір байлық болсын деп, бір тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым
да, оған Диуани луғат ит – түрк –Түрік тіліндерінің диуаны деген ат
бердім, - деп баян етеді.
Кітап өз мәтініндегі деректерде хижра бойынша 464 жыл мен 466
жыл аралығында төрт рет редакцияланып, түзетіліп жазылып шыққан екен.
Әрине автор осыншама ұлы еңбек үшін талай жылдарын сарп еткені анық. Бүкіл
түрік жерлері мен тайпаларын тегіс аралау тіл ерекшеліктерін салыстыра
талдап саралау, әр ру - тайпаның тіл байлығы мен тіл құнарлығына ден қойып
зерделеу үстіне айтылу, жазылу заңдылықтарына дейін жеткізе зерттеуі және
тіршіліктегі, тұрмыстағы қолдану аясына байланысты өміршеңдік жағын
қарастырған қағидалар шығару ғұлама ғалым ғұмырының мұраты болғанға
ұқсайды.
Диуани луғат ит – түрк кітабының бізге жалғыз қол жазбасы жеткен.
Ол Түркияның Станбул кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл еңбектің қол жазбасын
алғаш рет 1914 – 1915 жылдары Али Амри деген түрік ғалымы Станбулдағы
Сахабалар жыршысы деп аталатын кітап базарынан сатып алған, одан соң ол
жазбаны жөнге келтіруді Рифат білгеге тапсырған. Рифат білге ол мұраның қол
жазба көшірмесін жасап, 1915 жылы бірінші, екінші кітабын 1917 жылы, үшінші
кітабын Станбулда бастырып шығарған Диуани луғат ит – түрк еңбегінің әр
жақты зерттелу жұмысы осы кезден басталады. Диуани луғат ит – түрк әр
түрлі тұрғыдан зерттеген ғалымдардың аты - жөні түгелімен тізіп жату мүмкін
емес. Сол себептен біз бұл еңбектің тек тілдік тұрғысынан зерттеген
ғалымдардың ішінен В.В. Бартольд, В.А. Гордлевский, Т.А. Боровков, А.Н.
Кононов, М.Ш. Шерамиев, А.М. Демирчизаде, Т.М. Горипов, В.И. Асланов, Ш.
Шукуров, Х.Т. Нигматов, Ә.И. Фазылов, т.б. ғалымдар мен қазақ тіл
білімінде Н.Т. Сауранбаев, С.А. Аманжолов, А.Н. Ыскақов, Ғ.Ғ. Мусабаев, Ә.
Құрышжановтарды атаумен – ақ шектелеміз.
Әрине бұл ғалымдардың Диуани луғат ит – түрк еңбегінің тілі
туралы айтқан пікірлері бір жерден шыға бермеген. Кейбір ғалымдар бұл
еңбектің тілін ұйғыр тілі дегісі келсе, кейбірі өзбек тілі дейді, ал Ғ.
Мусабаев үйсін тілі, демек қазақ тілінің ескерткіші дегенге дейін барған.
Өйткені бұл еңбекті көптеген ғалымдар құнды пікірлер айтып, жоғары
бағалаған. Неміс, венгр, түрік, орыс ғұламалары өте бір қызығушылықпен
зерттеген.
Неміс ғалымы К. Броккельман Диуани луғат ит – түрктің табанды
зерттеушісі ретінде танылды. Ол Диуани луғат ит – түрктегі жеке
сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне түсіріп немісше аудармасымен
жарияласа, 1939 – 1941 жылдары түрік ғалымы Есим Аталай бұл еңбектің түп
нұсқасын түрік тіліне аударып, үш томдық сөздік пен индекс сөздігін жарыққа
шығарды. Сонымен қатар, қол жазбасының факсимилді басылымын да жүзеге
асырды. Есим Аталай қолжазбасындағы түсініксіз тұстарды парықтап, талдап
түсіндіріп өзіне дейінгі зерттеу жұмыстарын саралап, зерделеп, К.
Броккельман еңбегінде орын алған жаңсақтықтарды дәлелді түрде түзеп,
тиянақты ғылыми түсіндірмелер жасап кейінгі түріктанушы мамандарға аса
пайдалы, халық тарихына да жарайтын академиялық іс тындырған. Бұдан кейін
түркі тектес халықтарының басқа тілдеріне аудару кезінде жоғарыдағы зерттеу
мен аудармалар, әсіресе Есим Аталай еңбегі басшылыққа алынды.
1960 жылдары Ташкентте үш томдық кітабы өзбек тілінде, араб
және кириллица әліппесімен жарық көреді. Аударып, баспаға дайындаған Салық
Муталлибов. Ол аударып, алғысөз, ғылыми түсініктерін жазған.
Ұйғыр халқының зиялылары ежелгі түрік жазбаларын қай -
қайсысына да ізгі құштарлық пен қарап іш тартып отыратындығын түсінуге
болатын жақсы қасиет. Ұйғыр тіліндегі аудармасы Қытайда Үрімші баспасынан
1981 жылы жарық көрді. Ол үш томнан тұрады. Ондағы ұйғыр аудармалары Басым
Аталай мен С. Муталлибов аудармаларына ғылыми сыни көзқараспен қарай
отырып, дұрыс тұстарын қолдап, қателіктерін түзете отырып факсимилді
басылымы мен қатар алдыңғы көш ретінде оларға да сүйенгендіктерін айтып,
жазыпты.
Махмуд Қашқаридің 7203 сөзден тұратын бұл ірі еңбегі - мазмұны
жағынан екі бөлімге бөлінеді: кіріспе және түсіндірме сөздік (түрікше –
арабша). Бірінші бөлімі тарихи – филологиялық мәселелерге арналған, екінші
бөлім фонетика мен графика туралы мәліметтер береді де, сөздің лексикалық
және грамматикалық аспектілерін зерттейді. Махмуд Қашқари өз еңбегін
лингвистикалық ізденіс түрінде тізген. Автордың өз сөзінде Бұл кітапта мен
сөздерді буын құрамындағы әріптердің өз ара орналасу тәртібіне қарай
түздім, ақыл айтатын айшықты сөздермен өрнектедім, ұйқасын тапқан
жолдармен, мақал – мәтелдер, өлеңдер мен және кәдімгі қара сөздермен
нақыштадым. Әр сөзді мен өз орнына үйлестіріп қойдым, іздей қалған кісі сол
тиісті сөзді өз орнынан тапсын деп ... . Ол өзінің кітабында сөздерді
структуралық - алфавиттік қағида бойынша лексикалық бірліктерді сөз
тақырыбына қарай бөлу жолымен орналастырған - дейді А.Н. Кононов өз
зерттеулерінде. Түркі тілінің фонетикасы, морфологиясы және синтаксисі
туралы өзінің пайымдауларына ғалым тиісті мысалдарды қойып, салыстырмалы
түрде береді де оларды басқа бір тілдер туралы айтылып, дайын тұрған
схемаларға салмай, түркі тілінің ішкі даму заңдылықтарына сүйене отырып
талдайды.
Махмуд Қашқари өзара бөлінбейтін екі ұғымды біріктіріп, бір -
ақ құбылыс деп қарайды: Ол – халық пен тіл. Махмуд ең алдымен жұртты
-Халық деп таниды да, соның тілін (халық пен сол халықтың тілін біртұтас
құбылыс деп) зерттейді. Тіл жоқ халық болмайды және халықсыз тіл де өмір
сүре алмайды. Оза шауып шықса, латын тілі сынды жасанды жолмен сақталып
отырған өлі тіл жағдайында болуы ықтимал.
Махмуд Қашқаридің лингвистикалық зерттеулеріне байланысты оның
жұмыс стиліндегі мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады: 1) түркі
тіліндегі лексемалардың кейде қандай ру – тайпаларға тән екендігін
көрсетіп отырады да, кейде ол туралы ештеңе айтпайды. Шамасы, бұл іспеттес
сөздер не көпшілік түркі тілдерінде, немесе барлық тілдерде бірдей
қолданылатын болуы ықтимал; 2) түркі тілдерін өзара топ - топқа бөліп
(классификациялап) те берген; 3) түркі тілдерінің тарихи фонетикасы мен
грамматикасының материалдарын да белгілі бір дәрежеде зерттеу объектісі
ете білген. Демек, түркі тілдерін зерттеудің тарихи – салыстырмалы әдісінің
негізін қалап, оны жүзеге асырған (сөз ыңғайына қарай айта кететін жайт,
Еуропада үндіеуропа қауымдастығындағы тілдерді зертеу үшін бұл әдіс ХIХ
ғасырдың екінші жартысында ғана жарық көрді).
Түркі тілдерінің классификациясы еңбекте екі қағидаға
негізделген. Біріншісі - географиялық, екіншісі – лингвистикалық. Атап
айтқанда, жер жағдайы мен түркі халықтарының орналасу тәртібі туралы Махмуд
Қашқари былай деп көрсетеді: Мен Шығыстан бастап әрбір тайпа мекендейтін
жерлердің бәрін көрсеттім. Басқалардан гөрі Румға жақындау жерде печенег
тайпасы тұрады, одан кейін қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қай,
йабаку, татар, қырғыз тайпалары орналасқан. Бұл аталған тайпалар Румнан
шығысқа қарай жайғасқан. Одан әрі чығыл, тухси, йағма, ығрақ, чаруқ, чумул,
ұйғыр, таңғұт, қытай – бұл Чин мемлекетінің аты - әрі қарай тауғаш (Мачинді
- осылай атайды) елі бар.Бұл тайпалар оңтүстік пен солтүстік өңірдің арасын
қамтиды. Мен олардың бәрін де дөңгелек картадан көрсеттім.[3]
Лингвистикалық қағида бойынша автор әрбір тілді табиғи
тазалығымен бөтен тілдің әсеріне ұшырап бұзылмауы тұрғысына қарайды. Ол
былай деп жазады: Қашқар өлкесіндегі қалалардың тұрғындары хақан
түріктерінің тілінде сөйлейді. Басқа қала тұрғындарының тілі мен оларға
араласып тұратын түркілердің тілдері – бұзылған тілдер. Қашқария мен
Жетісу атырабындағы қала тұрғындарының басым көпшілігі түркілер болғанымен,
олармен бірге аралас – құралас болып соғдылықтар мен кенжектер, арғулар мен
хотандықтар, тибеттіктер мен таңғұттар да тұрған. Махмуд Қашқари ұланғайыр
далада көшіп жүрген, қаламенен ешқандай қатынасы жоқ тайпалардың тілін ең
жақсы, табиғи таза тіл деп атайды. Мемлекеттік тіл хақан түріктерінің
тілі болған. Түріктер, - деп жазады Махмуд Қашқари, - Мачыннан Румға
дейінгі жерлерді жайлаған. Олар жиырма тайпадан құралған, тайпалардың өзара
ру мен ұлыстарға бөлініп жатқандарын мен көрсеткен жоқпын, олар көп, қанша
екенін бір Алла өзі біледі. Мен тайпаларды ғана атап өттім, руларын назарға
алғаным жоқ. Дегенмен, ол оғыздардың жеке руларын да санап береді, олардың
рулық тағамдарын да келтіреді. Өйткені, - дейді автор, - жұрттың бұларды
білгісі келеді. Араб елдеріне қарай жол тартқан түркі тайпаларымен
халықтарының ең алдыңғы сатыда оғыз тайпалары – селжуктер болды. Арабша
жазып, арабша оқитын қалың қауым – араб елдері, әсіресе Иран мен Сирия
жұртшылығы селжуктерді біле бермейтін еді. Заманың түлкі болса, тазы болып
шал дегендей, оларға селжук мемлекетімен қоян – қолтық араласып, бірге
тұрып, өмір сүру үшін бейімделе түсуге тура келді. Махмуд Қашқари да дәл
осы мақсатты көздеген болуы керек, сондықтан да ол селжук сарбаздарының
ізін ала Бағдат қаласына барып орналасады да өзінің осы еңбегін жазуды
қолға алады. Бұл еңбектің жалпы мазмұны жағынан сол замандағы түріктердің
қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінің сан алуан өзіндік сипатын әр жақты
қамтитын материалдарға толы. Сонымен бірге онда этнографиялық мәліметтер
мен астрономиялық атауларға, тіл ерекшеліктері мен ғылыми зерттеулерге,
тағы басқа да алуан түрлі мәселелерге қатысты өте бай нақтылы мысалдарға
сүйенген деректі мәліметтер келтірілген. Профессор Әбжан Құрышжанов Диуани
луғат ит – түрк еңбегі өзі әңгімелеп отырған лингвистикалық зерттеулердің
әдісі құрастырылған хрестоматиясы тәрізді дейді. Осыған қарай отырып жалпы
сөзтізбегінің сапасы, оның қаншалықты мақсатқа сай жасалуына байланысты.
Сөзтізбеге қатысты мәселелердің белгілі бір қағидаларға негізделіп, алдын-
ала ойластырылып жасалуы сөздік атауынынң ғылыми деңгейі мен практикасының
баршылығы, бірақ дегенмен екі тілді сөздік жасаушы маманға оның өзі
түпкілікті шеше алмайтын міндет.
Махмуд Қашқари өз еңбегіне тек түркі тіліне тән сөздерді ғана
енгізуді мақсат еткен. Сондықтанда бұл сөздіктен түркі халқының тіршілік
жағдайына пайдаланатын заттары туралы айтылған.Оларға жекеше мысалдармен
тоқтала кететін болсақ:
Киім – кешек пен үй жиһаздары: ( ). ( )
Жүннен тоқылған женсіз тон. Оны құлдар киеді.( ) Әйелдердің
киетін кеудешесі.( ) Тоқ сары реңді жібек-киімнің бір түрі. ( )
Перде шымылдық бөзден немесе асыл жібектен істелінеді. ( ) Сандық. (
) Қатындар киетін етік. Оғыздардан басқа түрік жұрттары, (
) – мүкүм, немесе ( ) - мүкін дейді. Сонда, б әрпінің
орнына м әрпі, м әрпінің орнына н әріпі келеді.
Құрал – саймандары мен шаруашылық бұйымдары: ( ) Қайшы. (
) Балта, ( ) Түйе терісінен жасалған күбі; ағаштан ойылған
шелек, ( ) Құман , ( ) қысқаш тістеуік (
) тымақ тігетін тері немесе киізді салып пішетін үлгі тақта.
Қару - жарақтары мен музыкалық аспаптары: ( ) Жалпақ
ұшты найза. ( ) Садақ. ( ) Ұшы жоқ оқ жебе.
Туыстық атаулары мен ру - тайпалар, атақ - дәрежелері: ( )
Үлкен аға. Хақапиялықтар үлкен ағаны ( ) –
қарындасы, туғаны. Бәйтте былай жырланады: Тауар үшін, еске де алмай Алланы
Буындырар туған-туыс ұлдарын (туғандар арасында тас бауыр
рахымшылдықтытуспалдай айтқан). ( ) Жиен бала; апа-қарындастың
баласы. Оғыз – Түрік тайпаларының бірі, түрікмендер. Жиырма екі ру. Әр
қайсысының айрықша белгі – малға басатын таңбалары бар. Малын соған қарап
ажыратады. Жетекші руы Қынық. Заманымыздың сұлтандары осы рудан шыққан.
Қынық, қайығ, байундур, йуа- йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат,
йазғыр, аймур, қарабөлук, алақабөлук ігдір, урәгір, тутырқа, улайундлуғ,
тугәр – тігәр, бажанак, чувулдар, чәбни, чаруқлуғ. ( ) Қырғыз –
түрік тайпасы. ( ) Соғдақ – Баласағұнға келіп орналасқан бір қауым
ел. Соғдылардан таралған олар Бұхара мен Самарқанттың арасында жасайды.
Бұлар түгелдей түріктеніп кеткен. ( ) Қарлұқ – көшпенді
түріктердің бір бұтағы. Оғыздардан басқа. Бұлар да түрікмен болып
есептеледі. ( ) Кыфчақ – түркі тайпасы.
Тағам аттары мен өсімдік аттары: ( ) қалың да емес, жұқа да
емес бір нан. Жайма нан, бәтер. ( ) Тағам. Бауыр, ет пен дәм
татымдылықтары араластырып ішекке толтырылады да, пісіріп жейді. ( (іі
) Қатма;( ) майға пісірілген шелпек қат-қатнан. (
) қызыл жеміс беретін ағаштың бір түрі. Жемісінің суы асқа қосылады,
қабағы көз ауруына емге қолданылады. Онымен киімді де бояйды. ( )
сүзбе, қатық сүзбесі. ( ) қыпшақ елінде өсетін шырмауыққа ұқсайтын
өсімдік. Оны балға араластырып шарап жасайды. Бұл өсімдік кемеге түсіп
қалса, теңіз толқындап, кеме шайқалып ішіндегілер батып кете жаздайды-мыс.
( ) кептірілген жеміс. Кептірілген өрік пен мейіз (қарлұқша). (
) ағаштарға оратылып , көбінесе ағашты құратып жіберетін бір
өсімдік. Шырмауық (оғызша).
Қалалар атаулары мен өзен – су атаулары: ( ) Канд – кент
шахар. Қашқар шаhары Ордакент деп аталады. Бұл Хан отыратын орда – астана
деген ұғымды білдіреді. Шаhардың ауасы таза болғандықтан Афрасияп сонда
тұрған. ( ) Манкент – қашқарға жақын шаhар, жойлып кеткен. (
) Талас – тираз деген атпен машhүр болған екі шаhар. Біріншісі – Улуғ
Талас – Үлкен Талас. Мұсылмандардың шекарасында орналасқан. Екіншісі – Кәми
Талас – кіші Талас деп аталады. ( ) Уч -атақты шаhар. ( )
Сулми – Ұйғыр елінің шаhары. Зұлқарнайын салдырған.
( ) Артыш – Иәмәк даласындағы өзен. (Ертіс). Көп салалы бұл
өзен сондағы бір көлге барып құяды. Өзен шын мәнінде Артыш суы – Ертіс
суы деп аталады. Әртішмәк етістігінің түбірі Әртіш - Ерту болады. Судан
тез өту үшін бәстесіп, маған ер. Қайсымыз бұрын өтер екенбіз деген мағына
береді. ( ) Тауышғанөкуз – Ош шаһарына қарай ағатын өзен. (
) Ісігкөл – Барсағандағы Ыстықкөл. Ұзындығы отыз, кеңдігі он
персехтей болады. Көрункөл – Қашқар тауларындағы Бииә көлінің қосымша аты.
Айналасы отыз персехтей болады. Сізіңкөл – Қашқарға жақын. Йулдуз көл –
Күшәр мен Күңүт және Ұйғыр елінің шекарасында. Айкөл – Ошқа жақын бір
жердің аты. Тәңір көл – Ікіөкүз шекарасындағы көл. ( ) Йабақу сууы
– Қашқар тауларынан басталып, Ферғана мен Өзкент шаһарларына қарай ағатын
өзен. ( ) Атыл – Қыпшақ еліндегі өзен (Еділ). Бұлғар (Каспий)
теңізіне құяды. Бір саласы орыс елінен бастау алады. ( ) Тазғун
– Ағыны қатты бір өзен.
Аурулар мен дәрі - дәрмектер: ( ) Берек. Денені тітіретіп
ауыртатын бір ыстық. ( ) – ұстама (ауру). Оның ұстамасы бар. (
) Бұғы – бұғы шөбі. Тамыры адамға ұқсайтын бір өсімдік. Жыныс
қатынасынан қалған адамдар осы шөпті емге қолданады. Парсылар бұл шөпті (
) - истарнг дейді. Бұл шөптің еркегі, ұрғашысы ( аналығы)
болады да, еркегін – ерлер, ұрғашысын әйелдер пайдаланады. ( ) –
ісікке жағылатын бір дәрі. ( ) – кекуш – ірінге жағылатын бір
дәрі.
Үй – жануарлары мен жабайы жануарлар. Ойын - сауықтар және салтқа
байланысты тағы да басқа алуан түрлі салаға бөлініп жатқан сөздермен ...
т.б. табуға болады.
А.Н. Кононовтың бағалауы бойынша, ХI ғасырдағы түркі тайпалары
мен халықтарының, ру мен ұлыстарының тіршілік тынысы, хал - жағдайлары,
болмыс - ахуалы жайында бізді хабардар ететін қазіргі кездегі жалғыз
жәдігерлік осы Диуану луғат ит - түркте жазылып қалған сөздердің жиыны
болып есептеледі. Бұл автордың жазуы бойынша, Диуани луғат ит – түрк ең
кемінде мынадай мәселер бойынша айтқан және айшықты түрде тиісті мәліметтер
бере алады, сол кездегі түркілердің материалдық мәдениеті туралы куәлік
бере алатын заттар мен құрал - жабдықтар жайында; шаруашылық тұрмыстың хал
- жағдайын білдіретін нәрселер (киім – кешек, бас киім, аяқ киім, үй - жай,
жиһаз - мүлік, мата, әшекей бұйымдары, қару - жарақ, сауыт - сайман , аттың
ер - тұрманы , әбзел жабдықтары, тұрмыстық құралдар, музыкалық аспаптар
т.б.), этнонимдер мен топонимдер, ру - тайпа аттары мен олардың таралуы;
туысқандық атаулар мен олардың өзара қарым - қатынасы; атақ - дәреже мен
лауазым; шен - шекпен атулары; асыранды мал (төрт түлік) мен мал
шаруашылығына байланысты терминдер, жабайы хайуандар және құстардың
атаулары, өсімдіктер мен дәнді дақылдар, астрономиялық терминдер, халық
календары жайында; күндер мен айлардың, жылдардың аттары, географиялық және
номенклатуралық терминология; қалалар жайында; ауру - сырқау мен дәрі -
дәрмектер аттары; анатомиялық терминология; металдар мен минералдардың
аттары; әскери, спорттық және әкімшілік терминология; әр алуан тарихи және
аңыздық (мифологиялық) кейіпкерлердің аттарын табуға болады.
Ақыры бұл кітабын Махмуд Қашқари мынадай сегіз бөлікке жіктедім -
деген. Негізінде кіріспе бөлімінде арнайы түсіндірме жасаған. Мұнда парсы,
араб мәдениетін әдебиетін жетік білетін білікті маманның ғылыми таным
мәнерін, айрықша айқын түсініктілікке ұмтылатыны көрінеді. Кітапты оқыған
адамдардың жалығып, зерікпеуін, әрі іздеген сөздерін қиналмай тауып алуына
мүмкіндік жасағанын ескерген.
Енді кітаптың ішіне үңілетін болсақ, ол мынадай сегіз бөліктен
тұрады:
1. Хамза кітабы. ( ) Бұл кітап туралы автор өзі
былай дейді: Тәңірі кітабының жөнімен мен бұл кітабымды хамзамен
бастадым; яғни алифпен басталады.
2. Салим кітабы, ( ) яғни құрамында алиф (
), уау ( ), Иаи ( ), әріптерінің ешбірі болмаған сөздер.
3. Мудоаф кітабы, ( ) яғни әрбір әріп екі
рет қайталанатын сөздер.
4. Мисал кітабы, ( ) алиф ( .), уау (. ),
Иаи (. ), әріптерінің бірінен басталған сөздер.
5. Үш әріпті сөздер кітабы. (
)
6. Төрт әріпті сөздер кітабы. (
)
7. Ғунна кітабы, ( ) яғни мұрын
жолдарынан шығатын дыбыстар кітабы.
8. Сукундік, (
) яғни екі үндес дауыссыз дыбысты кітап әрбір бөлімді атаулар (есімдер)
мен етістіктер секілді екіге ажыратқанын айтады. Алдымен атауларды (есім
сөздерді), содан кейін етістіктерді келтірдім де, әр қайсысына өз орнына
қарай бөлімдерге бөлдім. Алдына келетіндерді – алдына, кейінгі келетіндерді
кейін қойдым. Түсінікті айқын болу үшін кітаптар мен бөлімдерге арабша
айтылуларды (терминдерді) қолдандым - дейді автор.
Диуани луғат ит – түрк сөздігі басында айтқанымыздай 7203 сөз
тізбегінен тұрады. Ішіндегі кітаптарға жеке - жеке тоқталып құрылымын басқа
сөздермен ауыстыратын болсақ, бұл кітаптар жеке - жеке екі әріптіден
басталып рет - ретімен жеті әріпті сөздер бөліміне дейін жазылған, оның
ішінде ғунна, манқустары, илла әріптері болып келетін сөздер деп тағы
басқаларына бөлінеді және мысалдар мен (. ) формасымен екіден жетіге
дейін әріптерден неше түрлі сөздер жасалады. Бұл еңбектердің ішінде 29
тайпа аты аталған, 110 жер - су атаулары аталған, 40 ел мен тайпаға араб
тілінде анықтама түсінік берген және екі, төрт жолдық 242 шумақ өлеңдер,
262 мақал - мәтелдер мысал ретінде пайдаланған. Солардың ішінде 875 сөз, 60
мақал - мәтел қазіргі қазақ тілінде қаз - қалпында қолданылып келеді екен.
Енді жеке - жеке кітаптарға, оның мысалдарымен тоқталып өтетін
болсақ хамза кітабы өзі жеке 1685 сөз тізбеден тұрады екен, енді соның
ішіне жеке - жеке тоқталып өтетін болсақ. Сөз басында хамза келетін есімдер
кітабынан бастаймыз.

II тарау Махмуд Қашқари сөздігінің құрлымы

Хамза кітабы

Хамзалы есімдер кітабының
Екі әріпті сөздер бөлімі

Мысалы: ( ) - қуаттап күшейткіш қосымшасы. Бір нәрсені мақтап,
аса жақсы екендігін білдірмекші болса (
) "Ұл - ізгі нәрсе , бек жақсы нәрсе" – дейді. Оғыздар
таза, әппақ нәрсені (о ) дейді.

( ) - жақсы мен жаманды айырып парықтау. (оғызша)
( ) – ат. ( ) Құс
қанатымен, ер атымен - деген мағанадағы секілді.

-Осы бөлімнің мудоафтары: ( ) - сідік. Бұл есектерді
жұптастырған кезде айтылатын сөз. Екі – үш қайтара айтқанда есектер
жұптасады. Бұл сөз араб тілінде жұптасу сөзіне тура келеді.(
) - ұялу. Бұл сөз қатты да жұмсақ та айтылады.
-Бұл бөлімдегі төрт әріптілері. ( ) - ұйқы, (
) ұйықтадым. Бұл сөз ( ) – алиф пен ( ) - "зә" арасындағы ( ) - у,
дамма мен кесра аралығында келгендіктен түсіп қалған.
-Бұл бөлімнің ғұнналылары.
( ) - өң, ажар, жүз.( ) – қызыл өң.
( ) - бұрын, алдында. ( ) -
ол менен бұрын барды.

Үш әріптілер бөлімі

( ) секілді ортаңғы әрпі,
сүкүнді сөздер бөлімі.
( ) - алып батыр. ( ) Батыр жауда, момын
дауда.Жырда былай жырланады.
Алып Ер тоңа өлді ме?
Жаман дүние қалды ма?
Заман өштік алды ма?
Енді жүрек жыртылар!
( ) - иненің көзі, иненің тесігі.
-Бұл бөлімнің манқустары: ( ) Тамдағы не ағаштағы тесік.
( )
Ол аттың тағы бір сипаттағы атауы. Атбағарларды (Ат бапкерлерді)
Ел басы дейтіні сондықтан. Бұл уәләят басы деген сөз болса да одан ат
бағар деген ұғым аңғарылады.
-Бұл бөлімдегі төрт әріптілер ( ..) ойпат, ойлау жер.
- Харакаттары ортасындағы сөздер бөлімі.
( ) секілді ортаңғы әрпі әртүрлі
харакатты сөздер бөлімі:
( ) - өш, қас, өштік. Бұл сөздің түбірі ( ) өш - өш.
( ) – ауыр салмақты. (
) Ауыр аяқ тыншыды, яғни аяғы ауыр адам қыбырлап, ақырын жүрсе де
межелі жеріне , дегеніне жетеді – деген мағынада.
-Осы бөлімнің мудоафтары. ( ) - әлбетте, ләппәй. Хақания тілінде
бектер мен хандарға жауап бергенде айтылатын сөз.
-Бұл бөлімдегі мисәлдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы
ҚТС - дағы зат есіммен байланысатын етістікті сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдарын өзге тілдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
«қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін apertium платформасының негізінде жасау»
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Стандартталған информатика терминдарынын тезаурустарымен танысу
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Тіл білімінің негізгі міндеттерінің бірі әдеби тілді қалыптастыру
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Пәндер