Құран Кәрімді қазақ тіліне аудару мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Құран Кәрімді қазақ тіліне аудару мәселелері .

Мазмұны

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

1-тарау. Аудармадағы теориялық мәселелер.

2-тарау. Сүрелерге грамматикалық талдау жасау.

3-тарау. Сүрелерге лексикалық талдау жасау.

3. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі : Өткен халықтардың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қызығып, сол арқылы рухани байлығын дамыту тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы негізгі ерекшеліктердің бірі. Тәуелсіздік алған уақытқа дейін қазақ халқы ислам дінінің негізгі кітабы болып саналатын Құранды ана тілінде оқи алмады. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде Құранның бес түрлі аудармасы жарық көрсе де, оны аударудың алғышарттары мен ерекшеліктері, теориялық мәселелері енді ғана көтеріліп отыр. Құранның қазақ тіліндегі мағыналық аудармалары күні бүгінге дейін арнайы зерттелмеген зәру мәселе болып отыр.

Зерттеудің нысанасы : Құранның араб тіліндегі отызыншы бөлімінің мәтіні мен қазақ тіліндегі мағыналық аудармалардың мәтіндері. Құранның отызыншы бөліміндегі сүрелердің жалпы саны-отыз жеті сүре.

Зерттеудің мақсаты : Қазақ тілінде жарық көрген Құранның мағыналық аудармаларындағы жалпы лексика-грамматикалық мәселелерді талдау, ол үшін мынадай мәселелерді анықтауға ұмтылыс жасалады:

-сүрелер атауларын аударудың баламаларын көрсету.

-діни терминдердің мәнін ашып, олардың қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін көрсету.

-фразеологиялық тіркестерді, қанатты сөздерді анықтап, олардың қазақ тіліне аударылу жолдарын баяндау.

-сүрелердегі сөздердің мағыналарының кеңею нәтижесінде жаңа мағыналарға ие болуы.

Зерттеу материалдары : Біздің ғылыми жұмысымыздың зерттеу материалдары болып Құран, араб тіліндегі Құран тәпсірлері (әт-Табари, әл-Жәлелейн, ән-Нәсәфи, әл-Байдауи, ибн Касир, әл-Құртуби, әл-Әлуси, әл-Фахр, әр-Рази, әбу-Саьуд) қазақ тіліндегі Құранның мағыналық аудармалары, араб тілі түсіндірме сөздіктері (Қомус әл - Мухит, әс-Сахих, Лисанул араб, Әсәсул Баләға, әл-Муғжам, әл-Уажиз ), Құран сөздеріне арналған сөздіктер болып саналады.

Зерттеудің жаңалығы : Қазіргі уақытқа дейін Құранды қазақ тіліне аударудың ғылыми - теориялық негізі жасалмады, мағыналық аудармалар қазіргі тіл білімі тұрғысынан өз бағасын алмады.

Зерттеу әдістері : Жұмыста этимологиялық әдіс, салыстырмалы және контекстуалды талдау әдістерін қолданамыз.

Жұмыстың теориялық құндылығы: Жұмыста айтылатын теориялық тұжырымдар мен қорытындылар араб тілінен қазақ тіліне аудару мәселелерін қарастырып, аударма іліміне діни мәтіндерді аударудың дербес саласын енгізеді, қазақ тілі лексикологиясына үлес қосады.

Жұмыстың практикалық мәні : Жұмыста айтылған материалдарды аударматану мәселелері бойынша жүргізілетін сабақтар мен семинарларды, арнайы курстарда пайдалануға болады. Жұмыстың материалдары қос тілді салалық-терминологиялық сөздіктер, діни терминдердің түсіндірме сөздіктерін жасауға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасында дінтанушыларды дайындау барысында оқытуға, діни мәтіндерді халыққа түсінікті тілде жеткізуге көмектеседі.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында қосымшалар және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1-тарау.

Аударма тарихынан.

Қазақ тіліндегі аударма тарихын сөз қылудан бұрын бір-екі мәселелерге тоқтала кетейік.

Аударма жеке ғылым ретінде бұрынғы одақтың көлемінде ХХ ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. Бірақ аудармашылықпен айналысу тәжірибесі 17 - 18 ғасыр, тіпті одан да бұрын қалыптасқан еді. Жалпы аударма филологияның бір саласы болып табылады. Ол халықтардың арасында тарихи, мәдени және рухани байланыстар орнату үшін керек . Сонымен қатар халықтардың бірлігін нығайтатын бір өзекті арна болып табылады.

Аударманың тарихы өте тереңде жатыр. Ерте заманнан бастап - ақ ұлттар мен ұлыстар бірін - бірінің мәдени ескерткіштерін аудармамен айтқан. Қазақ топырағына аударма өнері ХІХ ғасырда келіп жетті .

Бұл баспасөздің жазу, сөйлеудің дамуымен тығыз байланыста болды. Аударманың түрі өте көп, жазбаша аударма, сөзбе - сөз аударма, синхромды аударма, әдеби аударма, көркем аударма. Осының ішінде ең жоғарғы деңгейде қолданылатыны әдеби және көркем аударма .

Ресейде аударманың өмірін, оның теориясы мен практикасын зерттеу 30-жылдардан басталды. Оны көптеген ғалымдар Лингвистикалық тұрғыдан және әдебиеттану ғылымы тарапынан жан-жақты қарастырды. Бұл тұрғыдан тұңғыш зерттеген А. В. Федоровтың 1941 жылы Ленинградтан « О художественном переводе» деген еңбегі шықты. Бұл ғалым ұзақ жылдар бойы Москвадағы М. Горький атындағы әдебиет институтының аударма бөлімінде студенттерге дәріс оқыған. Өзінің лекциялар тобын 1953 жылы жаза бастады.

Жоғарыда аталған еңбегінде автор орыс, ағылшын, француз тілдерінің грамматикалық құрылымына, лексикалық, стилистикалық, сондай-ақ, аудармаға қажетті принциптерімен әдіс-тәсілдерге жан-жақты тоқталады. Осы көзқарастарға оның шәкірттері Ребзин, Розенсвейд сияқты ғалымдар құбтап отырып, сондай-ақ кейбір пікірлеріне дау айтады. Олар «Аудармашыға таза лингвистика мен әдебиеттану ғылымына сүйену аз, оған қосымша логика, психология, стилистика, этнография және тарихтың да қатысы болу керек» дейді.

Мұны аудармашының кешенді бағдарламасы деп атауға болады. Ғалымның пікіріне сүйенсек аудармашы болу үшін бірнеше басшы принциптерді білу керек:

1. Аудармашы екі немесе бірнеше тілді таза білуі керек ( лексикасын, грамматикасын, және оны қолдана білуі керек)

2. Сол ұлттың психологиясын, ұлттың мәдениетін түсінуі, сезінуі керек.

3. Аудармашы жазушының ішкі жан дүниесін, идеясын, айтпақ ойын жақсы сезінуі керек.

4. Шығарманың тек мазмұнын қуалап кетпей, оның сюжеті мен композициясының құрылысын, яғни формасын сақтауы керек. Бірақ форма қуалап мазмұнға нұқсан келтіруге де болмайды.

Аударма - бір тілдегі ойды ( ауызша, жазбаша ) екінші тілде беру. Аударманың шығуын ғылым адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.

Қарым - қатынастың құралы ретінле әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, қатысу қажеттілігінен аудармада туған.

Аударманың бірнеше түрі бар:

1. Ауызша аударма : Әр түрлі сөйлеген сөздер, баяндамалар, ізбе-із ауызша аударылады, шет елдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі. Революциядан бұрын қазақ жерінде орыс чиновниктерінің алдында жүретін аудармашы тілмаштар болған.

2. Жазбаша аударма : Барлық хат-хабар, ресми документтер, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрде аударылады. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар.

Мысалы: ресми документтерді аударғанда түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда белгілі пәндердің терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.

Ал көркем шығармаларды аударғанда бірінші кезекте түпнұсқаның көркемдік - эстетикалық әсерін беру міндеті тұрады. Қалай болғанда да аудармаға қойылатын ең басты талап : аударылатын тілдің өзіне тән заңдылықтарын толық сақтай отырып түпнұсқаның мазмұны мен түрін лайықты бір тұтастықта баяндау.

3. Машинамен аудару : Алдын-ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы тұрпайы түсінік беру.

Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ . Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын алмасудың және көпке таратудың бірден-бір жолы - аударма жасау.

Қазақ тарихында аударма нұсқалары бұрынғы заманнан бар. Ежелгі шығыс әдебиеті мен даналық ой пікірінің көне мұралары : « Калила мен Динна», « Панчатандра», « Мың бір түн» тағы басқа.

Аударма арқылы әр алуан нұсқалар да халқымызға жетіп отырған . «Шахнама Фердауси», « Фархат Шырын», « Незами», « Ләйлі Мәжнүн», «Науаий» тағы басқа.

Шығыс данышпандарының классикалық шығармалары не аударма, не назира ( желісін пайдалана отырып жаңа нұсқасын жасау ) түрінде қазақтың өз мұрасына айналған .

Ал орыс әдебиетінің қазақшаға аударыла бастағанына 100 жылдан асты. Өткен ғасырдың аяқ кезінде-ақ Л. М. Толстойдың, И. А. Крыловтың, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың т. б. шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады.

Қазір де орыс және дүниежүзі әдебиетінің бұрынғы-соңғы елеулі туындыларынан қазақша аударылмағаны кемде-кем. Орыс әдебиетінің шығармаларын қазақша қазақша аударудың алғашқы үлгісін А. Құнанбаев пен Ы. Алтынсарин жазған. Содан бері қазақ жазушыларының бұл өнермен шұғылданбағаны жоққа жуық . Олардың бұл қызметі халқымызды дүниежүзі мәдениетіне рухани нәр беруде .

Аударма тіл ұстатуға, көркем ойды ұштауға себепші болып келеді. Эпостың эпопеяға дейін көтерілген қазақ әдебиетінің басты - басты шығармалары орыс тілінде аударылып сондай-ақ әлемдегі өзге тілдерге де аударылып жатыр. Қазақ тіліндегі аударма мәдениетінің дамуын, оның тарихын, теориясын, проблемаларын зерттеу ісі де соңғы жылдары қолға алынып ғылыми негізге қоюға бастады.

Аударма теориясын сөз етуден бұрын оның пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы, өзгерістер мен жаңа түрге жетіліп отыруы кезеңдеріне ой салған абзал. Аударма, түсіндірме ежелгі дәуірлерде де болған. Орта ғасырда да қолданылады.

Аударма практикасының тарихы, дамуы тәжірибе төңіректегі жетістіктер мен ойларды тұжырымдай келіп, аударманың мақсатымен, онда қолданылатын өлшемдердің дәлдігін талап етеді. Бұл талап бүгінгі күнде тәртібінен түскен жоқ . Демек, аудармаға қойылатын талап, сәйкестік аудармасы. Күні бүгін бүгін жетілген үлгілермен дайын қалыптарды қолдана отырып аударма тәжірибесі өзіне деген көзқарастың тереңдетіліп, кеңейтіп жетілдіріп отыруын қатты қажет етеді. Қалай десек те ғылыми аударма кибернетиканың шарықтап дамуы тұсында космостық, ғарыштық байланыстар қалыптасып жатқан кезеңде өзге ғылымдар мен сабақтас сала ретінде ғылыми ойлау сатыларыныңауысып жатқан тұсында өзі қамтитын обьектісі туралы ғылыми қоғамдық дамуы деңгейіндегі теориялық жаңаруларға мұқтаж.

Осы кезеңдегі аударма теориясын тарихи дамуы аударма аталатын әрекеттің өзгеріп отыруына негіз қалайтын ғылыми аударманың зерттеу әдістері мен негіздерін жаңартып отыруын талап ететін ең жаңа тәржімә тәжірибесін толтырып отырады. Сондықтан да ол тарихи даму кезеңдері белгілі жетістіктердің куәгері ретінде

-қазіргі жаңа замандағы аударма тәжірибесін өмірге алып келген концепцияларымен оған сүйенген аударманың тарихи типтердің негізгі белгілері мен ерекшеліктері жалпылама тілде болса да баяндап отырады.

Аталған мәселелер бірнеше ғасырлар бойы көптеген әдебиет арнаса да аударманың тарихи типінің мәселесі аталып отырғанымен аударма тәжірибе тарихының дәл ғылыми сипаттамасы әле толық берілген жоқ . Солай десек те мәселенің толық жетік зерттелмеуін есепке ала отырып аударма тәжірибелер жалпылама айтқанда аударманың мынадай тарихи типтерін көрсетуге болады.

Аударма ісі практикалық талаптардан туындайды . Бізге жеткен алғашқы аудармалар, олар негізінен ресми құжаттар мен діни тексттер.

Ерте орта ғасырда сирек кездесетін іс, әсіресе діни тексттерді тәржімелеу «Құдай» сөзді деп ұғынылатын мәтіндерді өзгерту дұрыс емес деп қолжазба зерттеушілері аударманың ерекше түрі, типі сөзбе-сөз аударманы тудырады.

Аударманың бұл типі түпнұсқаның (оригинал) барлық элементтері сөзбе-сөз жеткізуін көздейді. Негізінен дәлдік түпнұсқамен аударманың тілдік элементтерінің арасындағы бір жақты форма сәйкестілігіне сүйенеді.

Аударманы бұлай түсіну тілден - тілге тәржімә жасағанда соңғысының тілдік заңдылықтары алғашқы тілдік нормалардың жетегінде кетіп мағыналарын жоғалтуға хабардың мазмұнының өзгеруіне соқтырып отырады.

Бұдан қосымша аударманың бұл типі бойынша түпнұсқада берілген хабарлар мен шектеулі шеңберде беріліп аударманың инвариантты болуға құқы болды.

Біртіндей келе сөзбе-сөз аударудың жарамсыздығы айқын сезіліп қажетті талапты орындай алмау салдарынан сынға ұшырай бастады.

Енді жаңа дәуірдің қызметін аудару саласында, оның тағы бір тарихи типі мағыналық аударма пайда болды.

Оның негзгі ерекшелігі түпнұсқа мен аударма тілінің нормаларын қатар ескере отырып түпнұсқаның жалпы мағынасын беру.

Сөзбе-сөз аудару типімен салыстырғанда бұл тип аударманың едәуір ілгерімін көрсетті. Бірақ, бұл тип шығарманың формасын теріс деп мазмұнын сақтайтын болғандықтан ондағы тарихи әлеуметтік, ұлттық негіздері мен түпнұсқалардың жеке элементтерін ескере бермеуімен қатар хабарламада дәлдікті сақтай алмау инварианттыққа орындалмау байқалды.

Негізінен діни тексттің тәржімелерін жүргізуші сөзбе-сөз аударманың әлем әдебиетінде өзінің орнын алды.

Сөзбе-сөз аударма мен мағыналық аударма негізінен 16-ғасырдың соңы мен 18- ғасырдың соңында болды. Сол уақыттарда әдепкіде этникалық және әлеуметтік себептермен сондай-ақ әдеби аударманың Францияда кейіннен өзге де елдерде тағы бір тарихи типі еркін аудармасы қалыптасты.

Көркем әдебиетке «проза», «поэзия» икемделген бұл аударманың типі де түпнұсқаны дәл беруді көздемеді. Демек дәуір мен кеңістіктен тыс дерексіз ұғым беретіндігі белгілі болғандай, аударманың бұл типі де түпнұсқаның тәржімасына өзге де инвариантты хабарламаның иеленуіне жол берілді.

Адеквадты аударма - латынша теңдестірілген, бірдей ұғымын береді. Сәйкес, дәлме-дәл, тепе-тең, бара-бар деген мағынаны білдіретін ұғым.

Адеквадты таным деп обьективті дүниедегі заттардың қасиеттері мен бір-біріне қатынастарының дәлме-дәл дұрыс бейнелеуін айтады.

Бейнелеп айтқанда адеквадты аударма оқырманды шығарма оқиғасы болған жерге сол дәуірді жақындатуды мақсат тұтады.

Аударма өнері - Коммунист партиясының идеология майданындағы зор пәрменді құралдарының бірі. Аударма әдебиеті-халықтар достығының дәнекері. Сондықтан да бұған ерекше мән беріледі.

. 1954 жылы аударма мәселесі Бүкіл Одақтық жазушылар съезінде ерекше сөз болды. 1958 жылы Алматыда түркі тілдес елдердің өкілдері бас қосып, аударушылар мәжілісі өтті. 1960 жылы октябрь айында Москвада аударушылар маслихаты болып өткен еді. 1961 жылы декабрьде көркем аударманың шытырман шие мәселелері Фрунзеде болған Одақтық маслихатта тағы да талқыланды.

Аударма қазақ әдебиетінде 19 ғасырдың екінші жарымынан басталды, бұл орыс әдебиетінің шығармаларын алғаш аудару мезгілі еді. Осы бағытты бастаған Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар болды.

Аударма үш түрге бөліп қарастырылады :

1. Еркін аударма.

2. Сөзбе-сөз аударма.

3. Балама аударма.

Біздің ойымызша еркін аударма түпнұсқаның тілін жетік білмеуден, немесе сол түпнұсқаның(оригиналдың) ұғымды болуынан көрі, өзіне тиімділігін оңайлығын көбірек көздеуден туады. ”Еркін аудару автордан көрі аударушыға пайдалы”.

Сөзбе-сөз аудару , көбінесе түпнұсқаның тілін түсінгендерде болады, соның әуеніне еріп, құл болудан шығады. Бұл әдіс осы кейінгі кезде күшейді.

Ал балама аударма -осының ең қиын түрі. Мұны екі тілді білумен қатар, сол алдында тұрған оригиналдың түпкі ойын сарқа түсінетіндер, дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін, автордың сөз қолдану мәнерін зерттеп, жете ұғынатындар жасайды. Осы кейінгі түрі бізде аз кездеседі. Осы күнгі ғалымдардың бірауыздан қабылдағаны осы балама аударма.

Екінші бір талас мәселе шығып жүр . ол - аударма тіл ғылымына жата ма? Жоқ, әдебиет зерттеу ғылымына жата ма ? деседі . Біздің ойымызша аударма екеуіне де жатады, екеуіне де жетеді. Өйткені тілсіз әдебиет жоқ, әдебиетсіз тіл ғылымы жоқ . Бұл екеуі егіз туады. Дегенмен, тілдің грамматикалық қалыптасқан категориясына сыймайтын да ырғақтар бар. Бір сөз бірнеше ұғымды беріп автордың сөз қолдану мәнеріне қарай ойнақшып тұрады. Бұл жерде ол грамматикалық қалыптасқан нормадан сырттап кетеді. Фомальдық грамматика стиль ерекшелігін(әр авторды ұшырайтын ерекшеліктерді ) бір қалыпқа түсіре алмайды . Сондықан біз аударманы, көбінесе, әдебиет зерттеу ғылымының тұрғысынан адып қараймыз. Көркем оригиналдың аудармасы да көркем болу керек . Ендеше біз аударманы шын мағынасында төл әдебиеттің өз қорына, өз қазынасына кіргіземіз, бірінен-бірі екі елі айырылмайды деп ұғамыз . Қорыта айтқанда, бір аударманы әдебиет зерттеу ғылымына жататын көркем шығарма деп білеміз, сондықтан осы бағытта зерттемекпіз .

Қазақ тіліне аударма үлгісі 17-18 ғасырларда келген тәрізді Араб-Парсы, Шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан ұсақ мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей. Бұлар шын мағынасында аударма емес, мазмұндау өзінше қайталап айту (пересказ) еді .

Құран адамзатқа тура жол көрсету үшін түсірілген Аллаһтың сөзі, мұсылмандардың қасиетті кітабы . Құранды Жебірейіл періште Мұхаммед Пайғамбарға бөлек-бөлек аяттар, сүрелер түрінде жиырма үш жыл бойы жеткізіп тұрды.

Құранның түсуі алты жүз тоғызыншы жылдың рамазан айында басталып, алты жүз отыз екінші жылдың рәбиьул әууәл айында аяқталды.

Құранда барлығы жүз он төрт сүре бар, олар әл-Фатиха сүресінен басталады да, ән-Нас сүресімен аяқталады.

Құран -адамзат өмірінің қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, құлықтық, рухани салаларын жан-жақты қамтыған кітап . Француз жазушысы Гастонкар: “Мұсылмандық дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл дінің қайнар көзі - Құран. Ал, Құран-әлем мәдинетінің негізгі іргетасы” деген.

Құранның жинақталу тарихына қысқаша тоқталсақ, алты жүз отыз екінші жылы Халифа Абу Бакр сүрелерді ретке келтіріп, бір жерге жинақтады . 644 пен 656 жылдар аралығында халифа болған Осман Аффан ұлы Құранды толық жинақтап, оның бірнеше нұсқасын Баср, Куфа, Мекке, Дамаск секілді үлкен қалаларға жіберген болатын.

Құранның қазақ тіліне аударылу тарихы.

Құранның толығымен қазақ тіліне қашан аударылғанын анықтау оңай шаруа емес, өйткені қолымызда дәлел бола алатын нақты тарихи дерек жоқ. Халифа Алтайдың мағыналық аудармасының алғы сөзінде Қазақ Совет Энциклопедиясынан мынадай деректер келтірілген: “Мұса Бегейұлы 1912 жылы Құранды қазақ тіліне аударды, бірақ ол жарыққа шықпай қолжазба күйінде қалды”.

Аталған еңбектің татар тілінде жазылып, қазіргі уақытта Уфа қаласында сақтаулы екендігін дәлелдей отырып Х. Алтай өз еңбегін қазақ тіліндегі тұңғыш аударма деп есептейді :Ал міне тұңғыш рет “Құран Шәриф . Қазақша мағына және түсінігі “ деген атпен осы қысқаша еңбек жарық көріп отыр.

Н. Өсерұлы өзінің «Құран және оның қысқаша мағынасы» деген еңбегінің 5 бөлімінің соңындағы арнау сөзінде Құранды алғаш тәржімалағаны жөнінде айтады. “Алла Тағала нәсіп етіп, Қасиетті Құранды өздеріңізге тәржімалап, алғаш рет жеткізуді бұйырыпты .

Әуелі Алла Тағала қолдап, қиын да тылсым терең, мұхит мәнді Құранды 1988 жылы аяқтадым”, -деп жазады аудармашы. Н. Өсерұлы Құранды қазақ тіліне аударуға жиырма жылдай уақытының кеткенін де жасырмайды. Еңбектің алғашқы томдары жарық көрер кезде Истаев Ж. М. аудармашының қасында болып, аудармаға өз үлесін қосқан .

У. Қыдырханұлы өзінің “Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі” атты еңбегінде : “1989 жылы Түркияда Х. Алтайдың 1990 жылы Пекинде сол Ақыт қажының ұлы Ғазизддің аудармасы жарық көрді”

Осы жерде Ақытұлы Ғазизбен бірге М. Ақытұлының да аудармаға өз үлесін қосқанын атап өту керек, өйткені Пекиндегі “Ұлттар баспасынан “жарық көрген еңбекте екі аудармашының да есімдері қатар жазылған.

1991 жылы “азушы” баспасынан қазақшасы 578 бет, арабшасы 585 бет болып Құран Кәрімнің Р. Нысанбайұлы, У. Қыдырханұлы жасаған қазақша аудармасы жарыққа шықты .

Енді, баспа бетін көрмеген Құран аудармаларына тоқталар болсақ “олардың кейбірі өртеніп кеткен, екіншілері қолжазба күйінде қалған” деген мәліметтерге кездесеміз .

“20 ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанда өмір сүрген ақын Ақыт қажы Үлімжіұлының ғұлама діндар Әбдірахман қажы Бай-Юсуф ұлының аудармалары 1940 жылдары өздерімен бірге өлімге үкім етіліп, өртеліп кетіпті “, -деп жазады У. Қыдырханұлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары
Психология және когнитивтік психология
Құран немесе Құран Кәрім
Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі
Құран Кәрім
Тәпсірдің ерекшеліктері
Діни сананы қалыптастыру мәселелері
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
Діни мәтіндерін қазақша аудару және түсіндіру
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz