Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 М.Балақаев сөз тіркесін зерттеуші 11
1.1 М.Балақаевтың өмірі мен творчествосы 11
1.2 М.Балақаевтың сөз тіркесіне қатысты еңбектері 15
1.3. 1949 жылғы мектеп грамматикасы 17
2. М.Балақаев сөз тіркестері, ондағы көтерген мәселелер 27
2.1 Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі 27
2.2. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі мәселелері 44
2.3 М.Балақаев – изафеттік құрылысты зерттеуші 56
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: М.Балақаев және сөз тіркесі
Жұмыстың көлемі: 65 бет
Жұмыстың негізгі мақсаты: М.Балақаевтың сөз тіркесіне қатысты еңбектерін
талдай отырып, синтаксистік тұрғыдан қарастыру.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлімінде сөз тіркесі, оның қалыптасуы мен
дамуына өз үлесін қосқан ғалымдардың пікірлері,
еңбектеріне тоқталдық.
І тарауында М.Балақанвтың өмірі мен
творчествосына шолу жасай отырып, оның алғашқы
синтаксиске қатысты еңбегіне талдау жасадық.
ІІ тарауда М.Балақаевтың сөз тіркестері жайлы
кітаптары мен зерттеу жұмыстары қарастырылады. Сөз
тіркесінің негізгі белгілері: байланысу формалары,
байланысу амалдары, синтаксистік қатынастары,
түрлеріне тоқтала отырып, мысалдар арқылы дәлелдеуге
тырыстық.
Қорытындыда 1,2 тарауда айтылған негізгі
мәселелер сараланып, сөз тіркесі жалпы түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде
профессор М.Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат
алуға болатындығы жайында сөз болады.
КІРІСПЕ
Тіл білімінде синтаксистің зерттеу объектісін нақтылауда әлі де түрлі
көзқарас, пікір баршылық. Зерттеуші – ғалымдардың бірі сөз тіркесі
синтаксисін ғана мойындап, соны таныса, екіншісі сөйлемді ғана таниды, ал
үшіншісі қарым-қатынас құралы іспетті мәтінде ғана мойындайды. Енді бір
тобы: Языковеды выделяют от трех до пяти самостоятельных единиц
синтаксиса, а сам синтаксис в системе советской лингвистики представляют
как единство нескольких уровней, разделов со своими сущностями: синтаксис
словосочетания синтаксис простого предложения 1; 346, синтаксис сложного
предложения текст сложное синтаксическое целое.Н.Ю.Шведова 2,25-35,
Г.А.Золотова 3, 436 добавляют к ним еще словоформу или по терминологии
Г.А.Золотовой синтаксемуң – деп топтастырады.
Қазақ тіл білімінде осы тәріздес қағидалар соңғы зерттеулерден бой
көрсете бастады. Оны дәлел етсек: Синтаксистің объектісі ретінде кейде
синтаксистік категорияларды, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық,
құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де
кездеседің 4, 208, деген жолдарды кездестіреміз. Біздің
пікірімізше,синтаксистің негізгі салаларының бірі – сөз тіркесі синтаксисі.
Себебі сөз тіркесі синтаксистік құбылыстарды қозғаушы нүкте, сөйлемді
құраушы басты материал. Дәл бүгінгі таңда Ш.Сарыбаевтың библиографиялық
көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ
тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және
мақала жарық көрген.
Қазақ тіл білімінде көп жылдар бойы сөз тіркесі сөйлемнен ерекшелігі
бар синтаксистік категория деп танылмады. Сөз тіркесі сөйлем мүшесі туралы
дәстүрлі ілімге бағындырылды. Өкінішке орай, осы тәріздес бағыттар қазақ
тіл біліміндегі синтаксистік конструкцияны ғылыми тұрғыдан зерттеуге
кедергі болды. Орыс тіліндегі алғашқы еңбектерде сөз тіркесіне синтаксистік
категория ретінде назар аударылды. Сөздердің тіркесуі олардың семантикалық
мәні мен грамматикалық белгілеріне негізделген тілдік деректермен
дәлелденді. Сөз тіркесін белгілі ғалым орыс грамматигі А.Востоков
зерттеген болатын. Сонымен қатар ол сөз тіркесіне бірнеше рет анықтама
беріп, словосочетаниең деген терминді енгізген. Ал содан соң формальді –
логикалық мектептің өкілі Ф.Ф.Фортунатов сөз тіркесін зерттеуді тереңдете
түсіп, оны законченное словосочетаниең және незаконченное словосочетаниең
деп топтайды. Ойдың ұштас, пікірдің орайлас, көзқарастың бірдейлігін
Ф.Ф.Фортунатов пен академик А.А.Шахматовтың зерттеулерінен байқауға болады.
Дегенмен де А.А.Шахматовтың сөз тіркесі туралы іліміндегі бар артықшылығы
сөз тіркесі сыңарының бірі екіншісіне бағынышты болатындығын танып-білуде
болса, екіншіден, сөз тіркесі мен сөйлемнің бір-бірінен ерекшеліктерін ашып
көрсете білуінде. Зерттеуші-ғалымдардың ішінде профессор А.М.Пешковский мен
В.В.Виноградов қана сөз тіркесін өз алдына дербес синтаксистік деп
қарастырған.
Ал тюркологияда сөз тіркесі синтаксисін зерттеу орыс тіл біліміндегі
дәрежедей емес. Сөз тіркесі туралы профессор А.П.Пол-целуевскийдің Түркмен
тілінің синтаксисің жайындағы еңбегінде сөз болады. Автор сөз тіркесін
детерминативтік тіркес, салалас тіркес, сабақтас тіркес және сөйлем деп
төртке топтайды 5, 241.
А.П.Поцелуевскийдің де сөз тіркесін зертетуінде орыс тілінің әсері
байқалады. Ол А.А.Шахматовтың ізімен сөйлемді де сөз тіркесінің бірі деп
есептеген. Алғаш тюркологтардың ішінде Н.К.Дмитриев қана сөйлем мен сөз
тіркесін екі түрлі синтаксистік категория деп атаған. Ал Е.И.Убрятова болса
сөз тіркесі туралы ілімді тереңдете түсіп сөз тіркесін тұтас мәнді
единицаң целостная смысловая единица деп есептейді. Сөйтіп сөз тіркесін
предикативті және предикативті емес деп бөліп, тіпті жай сөйлем түгіл
құрмалас сөйлемді де сөз тіркесі болады деген. Қарап отрысақ, сөз тіркесі
атты бір ғана тілдік единицаны әр ғалым әр қырынан зерттеп, өзіндік тілдік
тұжырым жасағандай болады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі проблемасы елуінші жылдан бастап, тек
осы кезден бері қарай сөйлем мен сөз тіркесі синтаксисі екі басқа
синтаксистік категориялар екені танылды. Бірақ қазақ тіліндегі сөз тіркесі
туралы алғашқы пайымдаулар мен ойларды 40-жылдары шыққан оқулықтардан,
жекелеген зерттеулерден кездестіре бастаймыз. Кей оқулықтардан, мысалы,
М.Ғ.Беғалиев, Н.Сауранбаевтың 6, 149 педучилищеге арналған оқулығында
мағыналық жағынан байланысатын сөз топтарының бәрін сөз тіркесі деп
қарайды.
Алғаш қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисін ғылыми тұрғыда да
өз алдына жеке синтаксистік категория деп зерттеген ғалым, профессор
М.Балақаев.
Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі синтаксисі де бірден қалыптасқан
жоқ. Сөз тіркесі бүгінгі таңда тіл ғылымында орныққан терминдер мен
түсініктемелер жүйесінде жетпес бұрын, ол талай өзгерістерге ұшырады.
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев сияқты қазақ тіл
білімінің негізін қалаушы ғалымдар сөз тіркесі мәселесін зерттеуде елеулі
үлес қосқанын айрықша атау да орынды.
Ал осы ілімде жалғастырушы, сөз тіркесіне зерттеу жұмысын арнаған
ғалымдар қатарына Ә.Ермеков, С.Нұрмұханов, Қ.Бисенбаев, А.Әбілақов,
М.Томанов, М.Серғалиев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, О.Оразашева т.б. жатады.
Осыдан барып, сөз тіркесі синтаксисі арнайы зерттеудің объектісіне айналды.
Зерттеуші ғалым, профессор М.Балақаев – қазақ тілі, тіпті,
түркологияда сөз тіркесі синтаксисін синтаксистің бір объектісі ретінде
қарастырған авторлардың бірі. Автор Қазіргі қазақ тілің, Основные типы
словосочетаний в казахском языкең деген еңбектерінде сөз тіркесін сөз
таптарының тіркесі тұрғысынан қарай келіп, оның объектілерін нақтылап, екі
сөз тіркесінде грамматикалық мағына пайда болуы үшін тіркесетіндігін жан-
жақты көрсетті. Негізінен сөз тіркесі синтаксисі – синтаксистің негізгі бір
саласы. Өйткені, ол біріншіден, осы уақытқа дейін бүкіл грамматикада орын
алып келді, екіншіден, сөйлемнің де іштей өз жасалу жігі, өзіндік тобы
болатындығында. Ондай топ негізінде тек сөз тіркесі арқылы ғана көріне
алады. М.П.Мелиоранский Краткая грамматика казах-киргизского языкаң деген
еңбегінде сөз тіркесі жайына арнайы тоқталады да, Простое предложениең
деген бөлімінде бастауыш пен баяндауыштық қиыса байланысын дұрыс көрсетеді
7, 3-9.
Осы сияқты сөз тіркесі ол кезде сөйлемдегі сөздердің байланысы
тұрғысынан қаралып келді. Ал, И.В.Ильминский, М.А.Терентьев, В.Катаринский
еңбектерінде көбіне тек қиысу туралы ғана кейбір мағлұматтар берілгенін
байқаймыз.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек 1930 жылдардан бастап
сөз бола бастады. Мұны ең алдымен Қ.Жұбанов еңбектерінен көруге болады.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикасында 1939 жылдары
беріле бастады. Бұл ретте С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ә.Ермеков
т.б. ғалымдар еңбектерін атауға болады (С.Аманжолов, 1940; С.Жиенбаев,
1941; Н.Сауранбаев, 1965; Ә.Ермеков, 1939). Одан әр түрлі пікір
тұжырымдауға болады.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген ғалым
С.Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы
Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсың деген еңбегінде сөз
тіркесіне арнайы тоқталып өткен. Онда автор сөйлем мүшелерінің қарым-
қатынасын беске бөліп қарастырады. Қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру –
меңгерілу және сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Бұл
еңбек 1950 жылы түзетіліп қайта басылып шықты.
1939 жылы Н.Сауранбаев С.Аманжоловпен бірігіп жазған грамматикасында
және Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесің деген еңбегінде сөйлемдегі
сөздердің байланысына біраз тоқталған.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мәселесі жөнінде
М.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Е.И.Убрятовалардың еңбектері жарық
көрді. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін зерттеу кейінгі жылдың жемісі болып
отыр.
Профессор М.Балақаев Основные типы словосочетаний в казахском языкең
деген еңбегінде сөз тіркесінің құрылымдық түрлерін, есімді,, етістікті сөз
тіркестерін, шылаулы меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген
мәселелерді жан-жақты көрсетеді (М.Б.В., 1957). Негізінде сөз тіркестері
туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде, қазақ тіл білімінде М.Балақаев
еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М.Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті деп екіге бөліп,
оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, олардың басыңқы сыңарлары мен
бағыныңқы сыңарларының қандай сөз таптарынан болатындығын және ондай
кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды.
Автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен
амалдарын, синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркесінің негізгі
белгілеріне: сөз тіркесінің байланысу формалары, сөз тіркесінің байланысу
амалдары, сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары, сөз тіркесінің түрлері
жатады. Яғни бұл белгі сөз тіркесіне тән белгілер. Сондай-ақ сөз тіркесіне
интонация және орын тәртібі, құрылысы да негізгі бір элемент болып кіреді.
А.М.Пешковский: Тіліміздегі кез келген екі сөз қатар тұруы арқылы
сөз тіркесін қурай алмайды, олар сөз тіркесі болуы үшін мағыналық жағынан
байланыста болуы тиіс, – дейді 8, 34.
Сөз тіркестерінің негізгі белгілерінің бірі – байланысу формалары
десек, М.Балақаев: Байланысу формасы деп, сөздердің өзара байланысу
тәсілдері негізінде біріне-бірінің бағыныңқылық қатынасын білдіретін
синтаксистік тұлғаларды айтады 9, 22.
Жалпы түркі тілдеріндегі еңбектерде де байланысу формаларын бөлуде
түрліше көзқарастар бар. Мәселен, А.Б.Шапиро грамматикалық құбылыс жайын
сөз еткенде қиысу, қабысу, меңгеру сияқты терминдерді кеңінен
қолданған.
Байланысу формалары жайлы сөз еткенде алдымен әрбір тілдің өзіндік
ерекшеліктеріне қараған жөн. Осы жағынан қарағанда Е.И.Убрятов,
М.Балақаевтар байланысу формаларын басқаша қарастырады. Бұлар қабысу,
меңгеруге, қиысумен бірге матасуды енгізеді.
Сөз тіркестерінің негізгі объектілерінің бірі – байланысу амалдары
мен байланысу түрлері. Осы мәселеге жалпы тоқтала кетейік. Сөз тіркесінің
байланысу формалары мен түрлері, синтаксистік қатынастарына қарағанда оның
байланысу тәсілдері әзірше түркологияда да, қазақ тіл білімінде де тек
оқулық көлемінде ғана айтылып келеді.
Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысуы туралы айтқанда, сөз
тіркесінің бағыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарлары оның тәртібі,
шылаулар, жалғаулар және интонация арқылы байланысады деумен шектелсе,
екінші бір топ ғалымдар, бұған қоса, аналитикалық, синтетикалық деп қоса
көрсетеді 10, 16; 11, 728; 12, 66-68; 13,21-22.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері жайлы пікірлердің әртүрлі болуының
өзі бұл саланың әлі де болса толық зерттелмегенін көрсетеді. Жалпы сөз
тіркесі байланысу тәсілдерінің қалыптасуы, оның оқулықтардағы берілу
дәрежесі, түрлері, ол түрлерінің әрқайсысының ішкі ерекшеліктері, оның
практикалық мәні сияқты мәселелер әлі де болса жеке назар аударуды қажет
етеді.
Сөз бен сөзді өзара тіркестіріп, белгілі бір грамматикалық мағына
тудыруда байланысу тәсілдерінің қызметі ерекше. Академик В.В.Виноградов
елуінші жылдардың басында-ақ сөз тіркесін зерттеудің негізгі проблемаларын
көрсете отырып, сөз тіркесінің жасалу тәсілдері мен олардың бір-бірімен
байланысын көрсеткен болатын 14, 3-24.
Жалпы алғанда сөз тіркестері туралы еңбек жазған Р.Әміров,
Т.Сайрамбаев, С.Исаев, М.Серғалиев, Ә.Әбілақов еңбектерінде сөз
тіркестерінің байланысу формалары, сөз таптарының тіркесу қабілеті
мәселелері едәуір дәрежеде сөз болады, осы пікірлерді қолдаймыз, негізге
аламыз. Бұл авторлар сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін, түрлерін жеке
зерттеу объектісі етіп алмағанымен кейбір оқулықтарда шектеулі түрде айтып
өтеді (Р.Әміров, 1983; Т.Сайрамбаев, 1991; С.Исаев, 1973; М.Серғалиев,
1987; Ә.Әбілқаев, 1967).
Аталмыш жұмыста сөз тіркесі туралы жалпы түркі тілдерінде, оның
ішінде, қазақ тіл білімінде елеулі еңбек етіп, өз үлесін қосқан профессор
М.Балақаевтың синтаксис саласындағы еңбектері жөнінде сөз болады.
1 М.Балақаев сөз тіркесін зерттеуші
1.1 М.Балақаевтың өмірі мен творчествосы
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде зерттелуі 30-жылдардан басталды
десек, сол алғашқы зерттеушілердің қатарында қадірменді тұлғамыз, профессор
М.Балақаевтың есімін мақтанышпен айта аламыз.
Балақаев Мәулен Балақайұлы 1907 жылы қараша айының жетісі күні
Шымкент облысының Түркістан ауданына қарасты Шаға ауылындағы кедей шаруа
шаңырағында дүниеге келген 15,59. Мал бағуға жараған жасынан бастап, 1919
жылға дейін жалшылықпен күн кешкен. М.Балақаев сол жылы Бесарықтағы панасыз
балалар үйіне қабылданады. Төрт жылдық бастауыш мектепті бітіріп, одан
кейін бірер жыл диқаншылықпен айналысады, Замана ағымынан қалғысы келмеген
бозбала ізгі ниетпен тағы білім іздегенде оның нысанаға алғаны Шымкенттегі
педагогикалық техникум болады. Осы оқу орнына ол 1925 жылы қабылданады. О
кездегі Шымкент педтехникумы Қазақстанның бүкіл Оңтүстік өңіріндегі ілгері
оқу орны болған. Оның қабырғасынан білім алып шыққандардың талайы аты
белгілі ғалым-педагог болғаны мәлім. Атап айтқанда, Төлеген Тәжібаев,
Орбадай Ағыбаев, Шабай Нұрмәмбетов сынды белгілі адамдар педагогикалық
техникум түлектері болса, Мәулен де осы лектің алдыңғы қатарында болған. Ол
техникумда оқып жүргеннің өзінде туған халқы тілінің сұлулығы мен байлығына
сүйіп беріледі де, барлық ынта-ықыласы сол тілдің өткен бағы дәуірдегі
байлығын игеруде, ұшан теңіз болашағына қолма қол араласуда болады. Өзінің
ақындық, жазушылық қабілеті бола тұрса да лингвистикалық ғылымға бет бұруы
өз талғамы болды 16.
1929 жылы педагогикалық техникумды бітірген соң ол халық ағарту
бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарды. Бертін келе аудандық оқу
бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Бірақ азаматтық мақсатының биік шыңы
оқу болғандықтан 1931 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға
түсіп, оны ойдағыдай бітіріп шығады. Сөйтіп, сол Ленинград университетінің
аспирантурасына жолдама алады.
Аспирантурада оқи жүре сол қаладағы Шығыстану институты жанындағы
редакторлар мен аудармашылар курсында қазақ тілін оқытады.
Күллі тюркология ғылымының майталмандары академик Н.Н.Самойловичтің,
профессор С.Е.Маловтың, профессор И.К.Дмитриевтің лекцияларын тыңдайды.
Зерек, ұғымтал жас жігіттің олардың лекциясын тыңдаған сайын ғылымға деген
құштарлығы арта түседі.
1937-1941 жылдар аралығында Алматыдағы журналистика институтында
кафедра меңгерушісі, Шетел тілдері инстиутының директоры болды. Ұлы Отан
соғысынан оралған соң, 1945 жылдан бері Қазақтың С.М.Киров атындағы
университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі және Қазақ ССР ҒА-ның
Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі болыс істеді. 1946-63 жылдары
Қазақ ССР Министрлігі Советі жанындағы Мемлекеттік терминология
комиссиясының ғылыми хатшысы болып қызмет атқарды. М.Балақаев – ғылым
адамы. Ол кісі 1951 жылы филология ғылымының докторы, 1952 жылы профессор,
1958 жылы Қазақ ССР ҒА-ның корр.мүшесі, 1968 жылы Қазақ ССР-інің еңбек
сіңірген ғылым қайраткері деген атақтарға ие болды. 1950 жылы Жай сөйлем
синтаксисі деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, сол жылдың өзінде
оған профессор деген ғылыми атақ берілді. Балақаев – мектептер мен жоғары
оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарының, бірнеше
монографиялық зерттеулердің авторы. Үлкендер мектебіне лайықтап ана тілі
грамматикасын (1938-1941) жазушылардың бірі. Бастауыш кластарға арнап
жазған Қазақ тілі кітабы 1938 жылдан бері тұрақты оқулыққа айналды. Орта
мектептің 6-7 кластарына арналған Қазақ тілі грамматикасы (2-бөлім, 1949)
үшін Балақаевқа Қазақ ССР Оқу министрлігінің сыйлығы берілді және
профессордың бұл еңбегіне рецензия жарияланды. Сондай-ақ қазақ тілінің
жоғары оқу орнына арналған алғашқы ғылыми грамматикасын (1954) жасауда
Балақаев негізгі авторлардың бірі болды 17.
Балақаев 1967 жылы орыс тілінде жарық көрген қазақ тілінің
Фонетика, Морфология салаларына арналған шығармалардың да авторы. Қала
берді профессор Балақаевтың доцент Қордабаевпен біріктіре жазған
Синтаксисң курсы да өз алдына бір төбе. Осы туындылардың бәрі де бүгін
жоғары мектеп студенттері мен оқытушыларының қолданылатын оқулығы деуге
әбден болады.
Балақаев зерттеулерінің аясы кең. Әсіресе сөз тіркесі мен жай сөйлем
синтаксисі жөніндегі ізденістерінің тіл біліміндегі, тіпті бүкіл
түркологиядағы орны айрықш. Ол – сөз тіркесін синтаксистің дербес саласы
ретінде монографиялық көлемде алғаш рет зерттеген түрколог ғалым, Қазақ
тілі сөз тіркесінің негізгі типтері (1957) атты еңбегі – отандық
түркологияда сөз тіркесі туралы арнайы жазылған тұңғыш монография 17.
Сонымен қатар М.Балақаев тілдің өзге салаларына да қалам тартты. Атап
айтқанда, қазақ әдеби тілінің тарихы, стилистикасы, тіл мәдениеті сияқты
бірталай теориялық проблемаларды зерттеу нәтижесінде жоғары оқу орындарына
арнап оқулық пен оқу құралдарын жасауға басшылық етті, әрі негізгі автор
ретінде бірге жазысты. Ол – қазақтың ұлттық терминологиясын қалыптастыруда,
алфавиті мен орфографиясын ғылыми жүйеге түсіруде, сөздіктер құрастыруда,
методика мәселесінде белгілі маман.
Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері деген монографиясында тіл
ұстартып, өнер шашудың, ана тіліміздің сан қилы грамматикалық өрнектерін,
лекциялық байлықтарын тиімді қолданудың қағидаларын өтімді мысалдармен,
білгірлікпен сипаттаған.
Қазақ лексикографиясына сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе. Мәселен,
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Орысша, қазақша сөздік, Қазақша,
орысша сөздік – бәрі де профессор Балақаевтың тікелей қатысуымен және
басшылық етуімен жарық көрген дүниелер.
Профессор М.Балақаев – тамаша ұстаз. Ол кісі Еңбек Қызыл Ту
орденімен, бірнеше медальдармен наградталды. Ғалымның қаламынан 150-ден
астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 20-дан артық кітаптар мен монографиялық
еңбектер жарық көрді. Ұзақ жылдар бойы КазГУ-де студенттерге тәлім тәрбие
беріп келді. Мәселен, шәкірттерінің ішінен 42 аспиранты кандидаттық
диссертация қорғап, олардың алтауы кейін докторлық диссертация қорғап,
үлкен ғылымның даңғыл жолына түсті. Олар – Шора Сарыбаев, Мырзатай
Серғалиев, Аққал Қалыбаева, Талғат Сайрамбаев, Мархабат Томанов, Рақыш
Әміровтар болды 18, 87. Міне, осы кісілердің өздері де өзгелерге
жетекшілік етті. Қазіргі таңда да жетекшілік етіп, шәкірттерін білім
нәрімен сусындатуда.
1.2 М.Балақаевтың сөз тіркесіне қатысты еңбектері
Қазақ тілі жай сөйлем синтаксисін тануда М.Балақаев зертетулерінің
орны ерекше. Жай сөйлем құрылысының басты-басты аспектілерін монографияылқ
зерттеуден өткізіп, ғалым мынадай ірі-ірі еңбектер шығарды:
1. Балақаев М.Б. Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыс. Халық мұғалімі, 1946,
№1-2.
2. Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Орта мектептің VІ-VІІ
кластарына арналған оқу құралы, ІІ бөлім. –Алматы: Оқу құралы баспасы,
1949.
3. Балакаев М.Б. Основные вопросы синтаксиса простого предложения в
современном казахском языке. Автореферат дисс.доктора филол.наука. Алма-
Ата, 1950.
4. Балақаев М.Б. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері.
-Қазақ ССР Ғылым академииясының Хабаршысы, 1952, №6.
5. Балакаев М.Б. Типы именных словосочетаний в казахском языке. –Вопросы
языкознания, 1956, №2.
6. Балакаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алма-Ата,
1957.
7. Балакаев М.Б. Глагольные словосочетания с послеложными именами.
–Уч.зап.Каз.гос.ун-та (язык и литература), 1957, т.ХХV.
8. Балакаев М.Б. Современный казахский язык. Синтаксис словосочетания и
простого предложения. Алма-Ата, 1959.
9. Балакаев М.Б. О комбинированном управлении прямого дополнения и
казахском языке. –Тюркологический сборник, І т. М.-Л., 1961.
10. Балакаев М.Б., Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.
11. Балақаев М.Б. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, Ана тілі, 1992.
12. Балақаев М.Б., Сайрамбаев Т.С. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1996.
1.3. 1949 жылғы мектеп грамматикасы
Қазақ тіл біліміндегі проблемалық мәселелерлің бірі – сөз тіркесінің
синтаксисі. Оның проблемалық мәселе болуы алдымен осы категорияның қазіргі
кезде зерттеу объектісі болмай жүргендігіне байланысты. Көп уақытқа дейін
тіліміздегі жеке және күрделі сөздер, сөз тіркестері бір-бірінен өзгеше
дербес категориялар есебінде танылмай келді. Осының салдарынан сөздердің
тіркесу қабілетін олардың заңдылықтарын зерттеу тілдің өзге мәселелерінің
ішінде кейін қалып қойды. Ал мұның өзі тіліміздегі сан қилы сөз қолдану
тәсілдерінің жете анықталып зерттелуіне едәуір бөгет жасады. Жай сөйлем
синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелері, сөздердің тіркесу заңдылықтарынан
алшақтатылып жетілді. Сөйлем ішінде жеке сөзше түрленіп, оның бір мүшесі
болатын сөз тіркестері соңғы уақыттарға шейін көбіне күрделі мүше деп
қана аталды.
Қазақ тіліндегі сөздер толып жатқан лексикалық топтарға бөлінеді.
Сөздердің бір тобы екінші бір сөздермен еркін тіркессе, басқа бір
лексикалық топқа жататын сөздермен тіркеспейді. Сонымен бірге, біраз
сөздердің тіркесу қабілеті мол да, екінші біреулерінің тіркесу қабілеті
шағын, яғни оның қолданылу шеңбері де тар. Мысалы, етістіктер барлық сөз
таптарымен тіркесе алады. Бұл алардың тіркесу қабілетінің, қолданылу
шеңберінің кеңдігін көрсетеді. Ал үстеулер кез келген сөздермен
тіркеспейді. Олар көбіне қимыл мәнді сөздермен (етістіктермен) не солардың
орнына қолданылған басқа сөздермен тіркеседі. Бұл ерекшелік үстеулердің
лексикалық табиғатына байланысты. Олар көбіне қимылдың сынын не сынның
сынын айқындайтын сөздер болып табылады.
Тіл білімінің осы тәрізді құбылыстарды айқындауға тиіс бір саласы –
сөз тіркесінің синтаксисі. Сөз тіркесі деген термин тіл жайындағы
әдебиеттерде соңғы жылдары ғана өзінің шын мағынасында жұмсала бастады.
Бұрын бұл синтаксистік дербес категория болып танылмауының салдарынан, сөз
тіркесі деген термин әр түрлі мағынада қолданылып жүрді.
Сөз тіркесі деген терминнің өзі тіркес сөздер, сөздердің тіркесі, сөз
қиыны, сөйлем мүшелерінің байланысы, сөз қатары (тобы), сөз тізбегі секілді
бірнеше атаулапрға ие болып, бірнеше грамматикалық ұғымдар аясында
қарастырылады. Мысалы, дүниежүзілік ғылымда, атап айтқанда, орыс тіл
білімінде, сөз тіркесі сөйлемнің аясында, яғни оның бір бөлігі ретінде сөз
болып келгені белгілі 19,5.
Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің даму жолы да бірден қалыптасқан
жоқ. Бүгінгі күні тіл ғылымында орныққан терминдер мен түсініктемелер
жүйесіне жетпес бұрын ол талай өзгерістерге ұшырады.

білімінің негізін қалап, оның қалыптасуына алғаш ат салысқан ірі ғалымдар
грамматиканың басқа салаларымен қоса сөз тіркесі мәселесін зерттеуде де өз
көзқарастарын білдірген. Ал сөз тіркесіне жан-жақты сипаттама беріп, оның
жаңа грамматикалық көрсеткіштерін ұсынған ғалымдарымыздың бірі – профессор
М.Балақаев. Тілші тұңғыш рет сөз тіркесін сөз табы мен сөз табының тіркесі
есебінде зерттеуді негізге ала отырып, синтаксистің объектісін сөз
тіркесінің байланысу формаларын, байланысу тәсілдерін басшылыққа ала отырып
қарастыруды ұсынды.
М.Балақаев қазіргі қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне қатысты жаңа
тың мәселелер қозғап, әр байланысу формасының өзіндік ерекшеліктеріне,
сөйлемдегі сөздердің тіркесу қабілетіне, синонимдік қатар құрау
мүмкіндігіне, олардың синтаксистік қызметіне, күрделі сөз тіркесінің
табиғатына, басыңқы сыңардың жаңа белгілеріне мән беру, қоғамдық өмірдегі
өзгерістерге сай сөз тіркесі аясының кеңеюі секілді ерекшеліктеріне
тоқталып өтеді. Ол – сөз тіркесін сөйлем мүшелері тұрғысынан емес өз
алдына – нысан етіп алып, оның барлық байланысу формаларына, түрлеріне,
ерекшелігіне, синтаксистік қатынасына жан-жақты тоқталады. М.Балақаев жай
сөйлем синтаксисі саласында біраз мақалалар жазды. Олар кейінде жинақталып,
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелерің
деген тақырыпта қорғаған докторлық диссертациясында бір ізге түскен деуге
болады.
Профессор М.Балақаев сөз тіркесінің сыңарларының бірі бағыныңқы, бірі
басыңқы болатынын алғаш көрсетті. Бірақ автор 1949 жылғы (мектеп
грамматикасында) сөз тіркесін сөйлем мүшесі тұрғысынан сөз етуіне
байланысты, басқа сөзді бағындырып тұратын сөйлем мүшесінің өзі басқа бір
сөзге бағынып тұруы мүмкін, бұндайда, көбіне, басыңқы болатын мүшелер –
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарң 20,37 – деп, басыңқы сыңарды
алғашқы кезде бастауыш, баяндауыш сөйлем мүшесі тұрғысынан береді. Әрине
автор бұл жерде басыңқы сыңарды сөйлем мүшесі тұрғысынан сөз еткенімен,
қабыса байланысқан сөз тіркесінде зат есім, етістіктердің басыңқы сыңарда
жұмсалуын мына мысалдар арқылы көрсеткен: темір пеш, қызық заман, биік тау,
ақырын сөйле жоғары көтерілді. Осы сияқты етістікті басыңқы сыңарда жанасу
мен меңгеру де, ал есімді басыңқы сыңарда матаса байланысқан сөз тіркестері
де көрсетілген. Әрине, автордың сөз тіркестерінің басыңқы сыңары туралы
мектеп оқулығында терең ғылыми тұжырым жасауы мүмкін емес еді.
Автор 1949 жылғы мектеп грамматикасында сөйлемдегі сөздер – өзара
тығыз байланыста болады дей келе, олардың сол байланысының қалай болатынына
тоқталып өтеді. Мысалы:
Өнер алды – қызыл тіл,
Тіл де жүйрік, ол – дүлдүл (Ж.)
Бұл сөйлемдегі сөздер өзара мағыналық байланыста айтылған. Ол үшін
ондағы сөздер белгілі орында тұрып, тиісті ырғақпен айтылады: Өнер алды
деген екі сөз бір шумақ, – бастауыш. Қызыл тіл деген екі сөз бір шумақ, –
баяндауыш. Ол екі шумақ және олардың жеке сөздері өзара тұрған орнына қарай
да, сонымен қатар, дауыс ырғағы (интонация) арқылы да байланысқан.
Сөйлемдегі сөздер жалғаулық арқылы да байланысатынын айтып, мысал
келтіру арқылы оқушыларға түсіндіреді. Көл жағалай қонады қу менен қаз
дегенде, қу, қаз өзара менен деген жалғаулық арқылы байланысқан.
Яғни, осындай әр түрлі амалдармен байланысатын сөйлемдегі сөздердің
бірі екіншісін бағындырып тұрады, не болмаса, бірі біріне бағынбай тең
тұрады. Соған қарап біріне бірі бағынып тұрған сөздерді сабақтаса
байланысқан, бағынбай тең тұрған сөздерді салаласа байланысқан дейміз.
Мәселен, қала мен ауыл; тау, тас; келді де кетті. Бұлар салаласа
байланысқан сөздер. Қуанышпен қарсы алдық, міндетті орындадық, сабаққа
дайындалдық деген сөздер тобы өзара сабақтаса байланысқан, онда алдыңғы
сөздер соңғы сөздерге, баяндауыштарға бағынып тұр.
Сабақтаса байланысқан сөздердің қайсысы бағындырып, қайсысы бағынып
тұратынын сұрақ қою арқылы айыруға болатынын ескертеді. Қуанышпен (Қалай?)
қарсы алды. Міндетті (нені?) орындадық. Сабаққа (неге?) дайындалдық.
Мерекені (нені?) ірі-ірі (қандай?) табыстармен (нелермен?) қарсы алдық.
Осындай басқа сөздердің жетегінде айтылатын мүшелер бағыныңқы болады
да, оларды жетектеп тұратын мүшелер басыңқы болады.
Басқа сөзді бағындырып тұратын сөйлем мүшелерінің өзі басқа бір сөзге
бағынып тұруы мүмкін, ондайда, көбінесе, басыңқы болатын мүшелер –
бастауыш, баяндауыштар, ал бағыныңқы болаптын мүшелер – анықтауыш,
толықтауыш, пысықтауыштар болады деп мына мысалды схемаға салып талдайды
Жаздың салқын желі майда ағаштарды қозғап тұр.
Ілгерідегі еңбектерде сөйлемдегі сөздердің байланысу сипаты ретінде
қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу деп төрт түрі аталып келген еді. М.Балақаев
меңгеруден інімнің кітабы тәрізді байланысуды бөліп алып, матасу деп атады
20,8. Осының нәтижесінде қазіргі қазақ тіл білімінде сөйлемдегі сөздердің
байланысу сипаты 5 түрде талынып жүр:
1. Қиысу,
2. матсау,
3. меңгеру,
4. қабысу,
5. жанасу.
І. Қабысу. Сөйлемдегі бірқатар бағыныңқы мүшелер ешқандай жалғаусыз
айтылып, бағынатын сөзімен қатар тұрады. Ұзын арқан, кең тұсау, алтын
сағат, су диірмен, төрт түлік мал, отыз қой, т.б. Бұл мысалдардағы сөздер
тобының алдыңғылары анықтауыш қызметіндегі сөздер. Олар анықтайтын
сөздердің дәл алдында тұр. Олардың ортасына басқа сөз қойып, не оларды орын
ауыстырып бұрынғысындай анықтауыш қызметінде айтуға болмайды. Өйткені ол
сөздер тобы белгілі орында тұру арқылы ғана өзара тығыз байланыста
айтылған. Егер олардың сол қалыпты орнын өзгертсек, онда олардың бұрынғы
қызметін де өзгеріледі, өзара байланысы жойылып, түсініксіз болып қалады.
Бағыныңқы мүшелердің бағынатын сөздермен ешбір жалғаусыз қатар айтылу
арқылы байланысуын қабысу дейміз.
Қабыса байланысатын сөйлем мүшелерін автор үшке бөледі. Олар мыналар:
1. Жалғаусыз жұмсалатын анықтауыштар мен анықталатын сөздер: биік тау,
темір пеш, қызық заман, саналы жас, т.б. 2. Пысықтауыштар мен оларға
қатысты етістіктер: тез кел, ақырын сөйле, жоғары көтерілді, т.б. 3.
Жалғаусыз айтылған толықтауыштар мен оларды жетектейтін етістіктер:
баяндама жасадым, (беліне) арқан байладық, ел араладым, кітап оқыдым, т.б.
ІІ. Жанасу. Сөйлемде бірқатар қабыса байланысатын сөздер бағынатын
сөздердің дәл алдында тұрмауы мүмкін: Биыл қар қалың жауды дегенде биылң
ең соңғы жаудың деген етістікке бағынады. Ол екеуінің ортасында басқа
сөздер бар. Олар сонда да өзара мағыналық байланысын жоймайды. Жоғарғы
сөйлемдегі биылң деген пысықтауышты басқа орынға қойып, әрлі-берлі
жылжытып айта беруге болады.
Ондай бағыныңқы мүшелердің өзі қатысты сөзімен жақын да, қашық та
тұрып, мағыналық байланыста айтылуын жанасу дейміз. Жанасу – қабысудың бір
түрі.
Жанаса байланысатын сөйлем мүшесі – мезгіл, көсемше тұлғалы қимыл
пысықтауыштар: кеше мен де жиналыста болдым; асықпай сұраққа жауап бердім.
ІІІ. Меңгеру. Тұрлаусыз мүшелердің бірқатары барыс, шығыс, жатыс,
табыс, көмектес септеуінде тұрып басқа сөздермен байланысып айтылады: Күлме
досыңа, келер басыңа. Жауды аяма, досыңды сыйла (мақал). Бұл сөйлемдердің
алдыңғысында екі толықтауыш бар: досыңа, басыңа. Олар барыс жалғауда тұру
арқылы келерң деген етістікпен байланысып тұр. Сөйлемдегі жаудың,
досыңдың деген толықтауыштар етістіктермен байланысып тұр.
Бағыныңқы мүшенің белгілі септік жалғауда тұру арқылы басыңқы мүшемен
байланысын меңгеру дейміз. Сонда барыс, табыс, шығыс, көмектес және жатыс
септеудегі сөздерді, көбінесе, етістік меңгеріп тұрады. Меңгерілетін
сөздер, көбінесе, толықтауыш болады. Шешінген судан тайынбас. Шешінген
неден тайынбас? – судан. Біз көп табысқа жеттік. Неге жеттік? – табысқа.
Кейде септік жалғаудағы сөздер кейін, соң, шейін, көре, таман сияқты
шылау сөздерге бағынып, соңғыларды етістік меңгеріп тұрады. Баяндамадан
кейін жарыс сөз басталды. Сонан соң ойын болды. Кешкі сағат онға шейін
клубта болдық.
ІУ. Матасу. Ілік жалғаудағы сөздер тәуелдік жалғаудағы сөздермен
байланысты болады: Ағаштың жапырағы, менің жолдасым, сенің талабың. Бұл
мысалдағы сөздердің алдыңғылары ілік септеуде, соңғылары тәуелдік
жалғауларында тұр. Тәуелдеулі сөздерге тағы ілік жалғауы жалғанып, ол
тәуелдеулі басқа сөздермен байланысып шыйыршықтана береді:
Менің жолдасым бар.
Менің жолдасымның кітабы бар.
Менің жолдасымның кітабының мұқабасы бар.
Мұндағы барң дегенмен басқа сөздер бір-біріне бағынады, бірін-бірі
жетектейді.
Ондай, сөйлемде ілік және тәуелдік жалғаудағы сөздердің өзара
байланысуын матасу дейміз.
Матаса байланысатын сөздердің алдыңғылары соңғыларына бағынып,
анықтап тұрады да, ол соңғы сөздің белгілі тәуелдік жалғауда тұруын керек
етеді:
Мектептің директорының орынбасары сыйлық алды
V. Қиысу. Сөйлемде бастауыш болған сөздің ыңғайына еріп оның
баяндауышы да тиісті жалғауда тұрады: Мен бақыттымын. Біз бақыттымыз.
Сендер қырағы болыңдар. Сіздер қырағы болыңыздар.
Мұндағы бастауыштар қай жақта айтылса, оның баяндауыштары да сол
жақтағы жіктік жалғауда айтылып, бастауыш көптік жалғауда айтылса,
баяндауыш та көптік жалғауда айтылып байланысқан.
Осындай, бастауыштың жақтық, жіктік, көптік мағынасына сәйкестене
баяндауыштың да сондай мағынада, сондай тұлғада айтылып байланысуын қиысу
дейміз.
Біз ірі-ірі табыстарға жеттік деген сөйлемдегі бастауыш – біз. Ол –
бірінші жақтық есімдік. Оның баяндауышы – жеттік. Жеттікң деген етістіктің
түбірі – жет. Оған жалғанған тікң (1-жақтың жіктік жалғауы) баяндауышты
бастауышпен қиыстырып тұр. Оның солай екенін дұрыс түсіну үшін, жоғарғы
бізң деген бастауыштың орнына менң не сізң деген есімдік қойып көреді.
Сонда бастауыштың ыңғайына еріп баяндауыштың да аяғы өзгерілгенін көреміз.
Біз ірі-ірі табыстарға жеттік.
Сіз ірі-ірі табыстарға жеттіңіз.
Мен ірі-ірі табыстарға жеттім.
М.Балақаев еңбегінде ең алдымен сөз тіркесі сөйлем құрылысының бір
саласы ретінде көрінеді: бұл саланың құрылымдық сипаты, сөйлем
ұйымдастырудағы қызметі, бұл жүйедегі тұлғалар, олардың түрлері анықталды.
Сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің байланысынан бөлек, өзіндік заңдылығы бар
синтаксистік сала болып ұғынылды. М.Балақаев, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов еңбектерімен келген ғылыми мұраны: сөз тіркесі деп тануға жуық
келетін ұғымдарды терминдерді жоққа шығарған жоқ, қайта пайдаланды. Сөйлем
мүшелерінің байланысы ретінде (қиысу, меңгеру, жанасу, қабысу), оларда
аталған терминдер М.Балақаев еңбектерінен де орын алды. М.Балақаев
зерттеулерінен сөз тіркесінің ұйымдасуы көптеген тілдік факторларға
сүйенетін процесс екені байқалады. Ол тілдік факторлар – тіркестегі
басыңқы, бағыныңқы компонент болып қатынасатын сөздердің лексикалық-
грамматикалық бітімі, олардың атқаратын синтаксистік қызметі. Сөз
тіркесінің ұйымдасу заңдылықтарын ашумен бірге оларды түр-түрге бөлудің
принцибі көрсетіледі. Сөз тіркесінің түр-түрінің құрылымдық көріністеріне
қатысты білінетін мағыналардың талдануы арқылы синтаксистік теория
практикаға, сөйлеу практикасына жуықтаған.
2. М.Балақаев сөз тіркестері, ондағы көтерген мәселелер
2.1 Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
М.Балақаев сөз тіркесінің теориялық мәселесіне мына еңбегінде кеңінен
тоқталады Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің мәселелерің 21,38.
Енді осы еңбекке тоқталатын болсақ, бұл профессор М.Балақаевтың
Советтік тіл білімі жөніндегі айтыстан кейін жазған мақалдардың бірі. Онда,
негізінде тілдік бөлшектер (единицалар) қарастырылады. Қазақ тілінің
грамматикалық құрылысы сөздердің өзгерілуі, сөздеодің сөйлемге тіркесуі
негізінде әралуан жүйелі ережелер мен грамматикалық заңдардың жиынтығы
болып табылады. Оған негізгі ұйытқы болатын нәрсе – тіліміздің көп салалы,
әр жақты сөздік құрамы. Тілдің құрылыс материалы есебінде жұмсалатын сөздер
грамматиканың қарамағына түсіп, өзгеріліп, өзара тіркесіп сөйлем құрау үшін
әр тілдің өзіне тән морфологиялық, синтаксистік тәсілдері мен формаларын
пайдаланады. Қазақ тілі грамматикалық категорияларға бай. Онда сөздер
көптеген аффикстер және басқа аналитикалық амалдар арқылы өзгеріледі және
өзара тіркесіп сөйлем құрайды.
Яғни, қазақ тілінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін грамматика
мәселелерінің бірі – сөз тіркестері. Тіліміздегі ең басты бөлшек – сөйлем
болғандықтан, ол синтаксисті зерттеушінің басты объектісі. Бірақ сөйлем
құрауда синтаксистік зерттеудің басты мәселесінің бірі болатын негізгі
категория – сөз тіркестері. Себебі, тілдің қоғамдық қызметі – пікір алысу
құралы болушылығы, сөздер арқылы, сөздердің сөйлемге тіркесуі арқылы мүмкін
болады, сол арқылы тіл ой жұмысының нәтижелерін тіркеп баянды етіп отырады.
Түрік тілдері үшін, оның ішінде қазақ тілі үшін, сөз тіркесі дегеннің
синтаксистік қана емес, сөзден сөз тудыруда, грамматикалық ұғымды
дәлелдеуде, орнықты сөз тіркестерін құрауда морфологиялық та, лексикалық та
мәні зор.
Синтаксистік байланыста айтылып, мағыналық топ болыпа тұратын сөз
тіркестері қазақ тілдінде екі немесе оданда көп сөздің қатар тұруы арқылы
жасалады. Кейбір авторлар кез-келген екі сөзді қатар қойып, оны
синтаксистік қатынас деп есептейді. Бір қырынан алғанда, бұл пікір дұрыс та
болуы мүмкін. Бірақ М.Балақаевтың пікірінше түркі тілдерін өз ана тілі
ретінде түсінетін кісілерге, екі сөзді қалай болса солай қатар қоя салудан
сөз тіркесі пайда бола қалмайды 21, 39. Яғни, кез келген зат есім мен зат
есім, зат есім мен етістік түйдекті топ жасай бермейді. Ондай болуы үшін
екі сөздің қатар тұруы да жеткіліксіз. Жеткілікті деп қарау үшін оларды
синтаксистік қатынастан тыс нәрсе деп ұғынамыз. Мысалы, ағаш отын, көрпе
төсек деген сөздер тіркесін сөйлемнен бөліп алып, оның айтылу әуеніне,
дауыс ырғағына мән бермесек, оларды әркім әртүрлі түсінуі әбден мүмкін.
Ағаш, көрпе деген сөздерді біреулері анықтауыш деп түсінсе, екіншісі
бастауыш деп, ендің біреулері қос сөздің бірінші компоненті деп түсінер
еді. Бұндай екі ойлы болмай үшін:
біріншіден, тұрған орнына қарап байланысқан сөз тіркесін ритмикалық
бірлігіне, дауысталу дербестігіне ғана қарамай, ол топтың сөйлемдегі басқа
сөздерге қандай қатыста жұмсалғандығына да қарау керек;
екіншіден, екі сөзді қатар қою арқылы синтаксистік байланыстағы сөз
тіркесін жасау үшін ол сөздер белгілі бір мағыналық қатынаста айтылатын
сөздер болуы керек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz