Мемлекеттік кірістер
Жоспар
Кіріспе 3
I. Мемлекет кірістерінің мәні, әдістері және табыстар сыныптамасы
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні 5
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері 10
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы 12
II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
2.1 Бюджеттің кірістері 15
2.2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған Мемлекеттік
бюджеттің орындалуы 23
2.3 Республикалық және жергілікті бюджет түсімдері 24
2.4 Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы 26
III. Мемлекеттік кірістердің белгіленуі мен бюджеттің түсімдерін болжамдау.
3.1 Кірістер мен шығындардың белгіленуі 27
3.2 Мемлекеттік бюджеттің түсімдерін болжамдау. 33
IV. Қорытынды 39
V. Қолданылған әдебиеттер 41

Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Баршамызға белгілі еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Бұл орайда 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан іске қосылған Салық Кодексіне байланысты салық салу ісінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді.
Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген. Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық Заңдарының қабылдануына байланысты салықтар мен алымдар жүйесін басқару және оны жетілдіру жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында енгізілген салықтар мен алымдар түрлері, оларды есептеу және бюджетке аудару механизмі көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері туралы жалпы түсініктеме берілген.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес салықтық түсімдер, сонымен қатар салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер және басқа да міндетті төлемдер түрлерімен таныстым.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік кірістер жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда

1. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев “Қаржы” Алматы,2005
2. К.К.Жуйруков «Бюджет: составление, утверждение, исполнение» Алматы, 2003
3. «Статистическое обозрение Казахстана» Алматы, 2005
4. Елеубаева М.Е. «Қаржы-қаражат» Алматы, 2005
5. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау» Экономика. Адматы,2001
6. А.Б.Зейнельгабдин “Финансовая система: экономическое содержание и механизмы использования” Алматы “Қаржы-қаражат” 1995
7. В.Д.Мельников «Основы финансов» Алматы,2005
8. А.Исаева «Қаржы-қаражат» Алматы,2005
2. К.К.Жуйруков «Бюджет: составление, утверждение, исполнение» Алматы, 2003
3. «Статистическое обозрение Казахстана» Алматы, 2005
4. Елеубаева М.Е. «Қаржы-қаражат» Алматы, 2005
5. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау» Экономика. Адматы,2001
6. А.Б.Зейнельгабдин “Финансовая система: экономическое содержание и механизмы использования” Алматы “Қаржы-қаражат” 1995
7. В.Д.Мельников «Основы финансов» Алматы,2005
8. А.Исаева «Қаржы-қаражат» Алматы,2005
Жоспар
Кіріспе 3
I. Мемлекет кірістерінің мәні, әдістері және табыстар сыныптамасы
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні 5
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері 10
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы 12
II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
2.1 Бюджеттің кірістері 15
2.2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған Мемлекеттік 23
бюджеттің орындалуы
2.3 Республикалық және жергілікті бюджет түсімдері 24
2.4 Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы 26
III. Мемлекеттік кірістердің белгіленуі мен бюджеттің түсімдерін
болжамдау.
3.1 кірістер мен шығындардың белгіленуі 27
3.2 Мемлекеттік бюджеттің түсімдерін болжамдау 33
III. Қорытынды 39
IV. Қолданылған әдебиеттер 41
Кіріспе.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен
маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет
жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері
қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың
экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен
табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы
алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың
қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Баршамызға белгілі еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге
ұшырап, дамып және нығайып келеді. Бұл орайда 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан
іске қосылған Салық Кодексіне байланысты салық салу ісінде көптеген
өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді.
Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны
жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген.
Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық
Заңдарының қабылдануына байланысты салықтар мен алымдар жүйесін басқару
және оны жетілдіру жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында енгізілген салықтар мен алымдар
түрлері, оларды есептеу және бюджетке аудару механизмі көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері туралы
жалпы түсініктеме берілген.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес салықтық түсімдер,
сонымен қатар салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер және басқа да
міндетті төлемдер түрлерімен таныстым.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда
мемлекеттік кірістер жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда мемлекеттің
кірістері мен түсімдерінің пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген.
Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу
деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен көптеген оқулықтармен,
кітаптармен және мерзімді басылымдармен жұмыс жасадым. Мерзімді
басылымдарға: “Қаржы-қаржат”, “Альпари” мысал бола алады. Бұл мерзімді
басылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, курстық жұмысымның екінші
бөлімін жаздым. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі
және “Бюджет жүйесі” заңдары жөнінде хабардар болдым.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – мемлекеттік кірістер, яғни
салықтық және салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер болып табылады.
Ал зерттеу субъектісі – салық төлеушілер болып саналады. Осыған қоса мен
мемлекеттік кірістер көздері және оларды төлеу механизмдері туралы
мәліметтермен таныстым.
I. Мемлекет кірістерінің мәні, әдістері және табыстар сыныптамасы.
1. Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні.
Мемлекет қаржысының іс-әрикеті кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы
ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану.Бұл процесстердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің
кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,
бұл қатынастардың процессінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы
құралады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады.Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процесстеріне
ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды.Бұл процесстердің нәтижесінде
ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қаржы арқылы халықтың
табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске
ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда
қалады және ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік
емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта
бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы,
халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және
т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын
шаруашылық жүргізуші субъектілербойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді.Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында қалғандары орталықтандырылмағанкірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын кірістер халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды
бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік
береді. Бюджет қаржаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған
кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жиналатын ақша қаражаттарының анықтамасы
болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды
ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық
рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін
ақша-тауар қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің
табиғаты мен функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет
табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жүзеге асырылады:ол бюджетке орталықтандырылған және шаруашылық
жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін
белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның
басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің
иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір
бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттік
салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың
және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі
бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және
т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы
(пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден
табыстары түріндегі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй
қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи
ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы
қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік
сараптау үшін төлемдер) мен шаруашылық емес қызметтер үшін
төлем ( мемлекеттік баж, жол полициясының алым, тауар
белгілері үшін өтінім алымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы
шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы
қаражаттары.
“Мемлекеттің кірістері” мен “Мемлекеттің қаржы ресурстары” ұғымдарын
ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары – уақыттың бір мезетіндегі
мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша
қорларының жиынтығы.
“Қаржы ресурстары” ұғымы мазмүны жағынан “мемлекеттің кірістері”
ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына
кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдалануы мүмкін
қаражаттар кіреді .Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына
келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы,
қуыным мерзімі кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен
шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген,
мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген ( көліктегі
талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған
пошталық жөнелтім ) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары
(сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни
қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып
табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер,
өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін
түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін)
болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар – қарыз
қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың
қарамағындағықаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік
кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі
ішкішаруашылық ресурстар да мемлекеттік кірістер болып саналмайды. Сөйтіп,
мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа
көздер есебінен құқралады.
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады,ал қаржы
ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу
кезеңінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы
ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
“Мемлекеттің кірістері” және “мемлекеттік бюджеттің кірістері”ұғымдары
да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың
неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің
кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің
кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің
таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлар, салық түсімдері және т.т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің
кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
1.2. Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне
қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық
экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері
салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар мен эмиссия болып табьлады. Түрлі
тарихи кезеңдегі бұл әдістерінің арасалмағы әр түрлі болады және қаржы
саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және
әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген
факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық
тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрикет ететін қаржының негізгі
қасиеттерін білдіретін әмбебабтық және сонымен қатар басты категория болып
табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара
байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысымен
саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық
табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше,
бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Фискальдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып
табылады.Олар тек бюджет тапшылығын жабуға ғана емес, сонымен қатар әр
түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы
қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы
жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуікүшейе түсіп отырған экономикалық
дағдарыс кезінде қарыздардың маңызды айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет
қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікт ібюджеттерде,
мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы
жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып
отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда.
Сонымен қатар қаржы нарығының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік
кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын
жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді
қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту
есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия,оның үстіне тек
қазаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып
табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп
отырған шығындарды жабудықамтавмасыз ете алмағанда,оның үстіне қаржы
нарығында жаңа қағаздаоды шығаруға қолайсыз жағдай иек артады.
Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер шаруашылық
айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу
қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процесстердің
күшеюіне әкеп соқтырады. Со ндықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері
әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері
мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды.
Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі
жарналар, ерікті түсімдер және т.б. әдістер кеңінен пайдаланады. Бұл
әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.
1.3. Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы.
Мемлекет кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы
мен мақсатты бағыттылығын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін
тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің
кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлеекттік ұйымдар мен кәсіпорындардың табыстары;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) халықтық салық төлемдерінен;
4) кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сферасына байланысты мемлекеттің кірістер:
- материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;
- өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып бөлінеді.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
- салықтық;
- салықтық емес болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және
жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай
лотереялардан түсетін табыстар және т.б.).
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдай ында меншік нысандарының ауысымы
болуы мүмкін. Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған болып бөлінеді. Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс
құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты
шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарының
жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік
орындардың таза табысы, қосылған құнға салынатын салық, акци здер, сыртқы
экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы
қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі таза табысы алады. Бұған
сонымен қатар өнімнің бағасындағы айырмашылықты реттеу жөніндегі шаруашылық
ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл
түрлері бөлгіштік процесстерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі
нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер қосылған құнға салынатын
салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына
берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың тааз табысы, әлеуметтік мұқтаждарға
аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі. Қоғамның таза табысы ақша
нысынында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде
қосымша өнім таза табыс тың нысанын алады. Қосымша өнімнің және тиісінше
таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза
табысы болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық
жақтары неғұрлым толық бейнеленеді. Сондықтан таза табыстың өндіріс
тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:
- еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды
қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек
шығындарын төмендететін);
- өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын
үнемдеу;
- өнім сапасын жақсарту;
- негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың
тиімділігін арттыру;
- табиғим өндіріс жағдайлары.
Практикада кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны
жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың
табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені
жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты
үйлесімді бөлуді өзгертеді.
II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау.
2.1 Бюджеттің кірістері
Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері әр түрлі құрауыштардан
қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер,
трансферттер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл
құрауыштар бюджеттің құрылымына арналған бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі
қарастырылады. Барынша елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш енгізеді.
Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті
төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі
экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ
салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе қоғамның барлық жіктерінің
мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың
нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы,
салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы
жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай
алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік
болып табылады.
Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін өнімнің бір бөлігін
жинайды, және содан соң оны мемлекеттік шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі
жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын
жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін
қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне
қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында бір
жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық
түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған)
нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың басты
индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі
абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму
қарқыны әсер алуға тұрарлық.
Бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші жан басына
шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дамыған
елдердің көпшілігінен артта қалып тұрғанымен, алайда Қытай мен Бразилияны
қоса алғанда, көптеген дамушы елдерді басып озады.
7-сурет. Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ, 2008 жыл
Бюджеттік үдерісті көрсететін тағы бір маңызды экономикалық көрсеткіш
елдің экономикасына фискальдық жүктеме болып табылады. Экономикаға іс
жүзіндегі салық жүктемесі деп мемлекеттің пайдасына елдің ЖІӨ-сіне шынайы
түрде төленген міндетті төлемдердің үлесі түсініледі, басқаша айтқанда, бұл
мемлекеттің салық алымдарынан түсетін кірістері шамасының ішкі жалпы
өнімнің шамасына қатынасы. Фискальдық жүктеменің шамасы жоғары болған сайын
пайданың елеусіздігіне байланысты экономикаға инвестиция құюға деген
ынталылық та төмен. Басқа жағынан алғанда, жүктеменің жоғары емес
көрсеткіші мемлекеттің жеткілікті дәрежедегі күшті әлеуметтік саясатты
жүргізе алмайтындығы туралы айтады.
Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкіметі бюджетінің кірістері
Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 2006 жылы ЖІӨ мөлшерінің 22,4 %-
ын құрады. Бұл шамамен алғанда Еуропа Одағының елдері немесе Украина
бойынша орта есеппен екі есеге аз, алайда бірқатар дамушы елдерге қарағанда
біршама жоғары. Осындай көрсеткіштер Қазақстанның экономикасына
салыстырмалы түрдегі көп емес фискальдық жүктеме және тиісінше республика
экономикасының қаражатты инвестициялау үшін жеткілікті жоғары тартымдылығы
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Және бір мезгілде азаматтардың
салыстырмалы түрдегі төменгі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етілуі
туралы куәландырады.
8-сурет. Кеңейтілген үкімет бюджетінің кірістері, ЖІӨ-нің %-ы, 2006
жыл
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджеті, өкінішке орай,
талдамалық құрал ретінде салыстырмалы түрде жақында енгізілді, сондықтан
оның мысалында бюджеттің кірістері өзгерістерінің серпінін қадағалау
біршама қиын. Соған қарамастан неғұрлым толық мағлұмат алу үшін біз 2006 –
2007 жыл ішіндегі түсімдер мөлшерінің өзгеруі мен шоғырландырылған
бюджеттің құрылымы туралы деректер келтірейік.
2006 жылдан бастап шоғырландырылған бюджеттің кірістері елеулі түрде
ұлғайды: 3 375,8 млрд теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге дейін
(ЖІӨ-нің 37,3%-ы).
9-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің кірістері
Егер шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы айтар болсақ, онда
жергілікті бюджет рөлінің біршама күшейгенін (оның үлесі 2%-ға ұлғайды)
және Ұлттық қор рөлінің елеулі түрде күшейгенін (оның үлесі 7%-ға ұлғайды)
атап өту қажет.
10-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы
Бюджетке түсетін қаражат түсімдеріне қатысты мемлекеттік және
республикалық бюджеттер жөніндегі деректер неғұрлым көрнекі болып табылады.
Жыл өткен сайын бюджет кірістерінің тұрақты өсімі байқалады. 2006 жылмен
салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 2 338,0 млрд теңгеден 2 887,8
млрд теңгеге дейін өсті. Егер ЖІӨ-ге қатысты кірістерді қарастыратын
болсақ, онда мынадай серпінді байқауға болады: 2004 жылдан бастап елеулі
өсім болды – көрсеткіш 5,7%-ға өсті; 2005 жылдан бастап көрсеткіш төмендей
бастайды, әйтсе де 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс елеулі емес
және бар-жоғы 0,3% пайызды құрайды.
11-сурет. Мемлекеттік бюджеттің кірістері
Республикалық бюджетке келетін болсақ, оның түсімдерінің серпіні жалпы
тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджеттің серпінін қайталайды: кірістердің
тұрақты өсуі байқалады, атап айтқанда, 2006 жылғы 1 847,2 млрд теңгеден
2007 жылы 2 221,5 млрд теңгеге дейін. ЖІӨ-дегі кірістердің үлесі де 2005
жылдан бастап төмендейді, бірақ 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс
бар-жоғы 0,8%-ды құрайды.
12-сурет. Республикалық бюджеттің кірістері
Көздер бойынша бюджеттің құрылымы
13-сурет. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
2007 жылы мемлекеттік бюджеттің жиынтық кірісі 2 887,8 млрд теңгені
құрады, оның 80%-дан астамы (2 356 млрд теңге) салық түсімдеріне келеді.
Түсімдердің ең көп үлесі (34%) корпоративтік салықтан (758,3 млрд
теңге) тұратын табыс салығына келеді – бұл ұйымдардың, және жеке (221 млрд
теңге) кірістері – жеке тұлғалардың пайдасы.
Түсімдердің көлемі (29%) бойынша екінші орынды тауарларға, жұмыстарға
және қызметтерге салынатын ішкі салықтар алады. Оның ішінде барынша көп
кірісті қосылған құн салығы (629,3 млрд теңге), акциздер (58,8 млрд) және
табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер (132,2 млрд
теңге) алады. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бұл кәсіпорынның (фирманың) ол
өндіретін тауардың немесе қызметтің нарықтық құндылығына қосқан үлесіне
салынатын салық. Қазақстанда ҚҚС-тан түсетін кірістің ауқымды бөлігін
республиканың аумағына импортталатын тауарлардан алынатын салық құрайды.
Акциз – елдің ішінде негізінен жаппай тұтынатын заттарға (темекі, шарап
және т.б.) белгіленетін жанама салық түрлерінің бірі. Олардың ішінде
республика бюджетіне барынша көп кірісті алкоголдік ішімдіктерге, темекіге
және бензинге қойылатын акциздер әкеледі. Ресурстарды пайдаланғаны үшін
алынатын түсімдердің ішінде барынша ауқымды үлесті қоршаған ортаға эмиссия
үшін төлем әкеледі.
Пайдалылығы жөнінен үшінші орында әлеуметтік салық (барлық түсімдердің
10%-ы), ол 295,7 млрд теңге пайда әкеледі. Оған азаматтардың (заңды
тұлғалардың де, жеке тұлғалардың да) мүлкіне салынатын салықтар, көлік
құралдарына салынатын салықтар, жер салығы кіреді.
Төртінші орында жергілікті бюджеттерден және Қазақстанның Ұлттық
қорынан трансферттер есебінен алынған кірістер. Олар 258 млрд теңгені
құрайды.
Тағы 6%-ды салықтық емес түсімдер әкеледі. Олар мемлекеттік меншіктің
кірістерін (63,9 млрд теңге), айыппұлдардан, өсімпұлдардан, алымдардан (11,
5 млрд теңге) түсетін кірістерді және басқа да кірістерді қамтиды.
Қалған 9% халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға, мемлекеттік
бажға салынатын салықтарға, консулдық алымға және басқаларға келеді.
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға, мемлекеттік бажға
салынатын салықтар, консулдық алым және басқа да салықтар
Кірістің бабы млрд теңге
Табыс салығы 979,3
Әлеуметтік салық 295,7
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ішкі салықтар 827,6
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салықтар 150,4
Қалған салықтар 103,1
Салықтық емес түсімдер 181,0
Трансферттер түсімдері 258,0
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 92,7
Жиыны: 2 887,8
2009 – 2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі
экономиканың шикізаттық емес секторына салық жүктемесін төмендетуді
көздейтін жаңа Салық кодексінің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді
кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдық
параметрлерінің базасында анықталды.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, ЖІӨ-ге %-бен
Көрсеткіштердің атауы 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Кірістер 15,9 15,2 15,0 14,7 14,5
Салық түсімдері 15,3 14,6 14,4 14,2 14,0
Салықтық емес түсімдер 0,3 0,3 0,3 0,3 0,4
Негізгі капиталды 0,3 0,3 0,2 0,2 0,2
сатудан түсетін
түсімдер
ҚР Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер көлемінің 2009
– 2013 жылдарға арналған болжамы мұнайға қойылатын әлемдік бағаның
төмендеуінің ағымдағы үрдісін ескере отырып, 2009 жылы мұнайдың әр баррелі
үшін 40 АҚШ доллары және 2010-2013 жылдары 50 АҚШ долларымен есептеді.
2.2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған Мемлекеттік бюджеттің
орындалуы
Өткен жылы елімізде 1800-ден астам балабақша мен шағын орталық салынды. Бұл
туралы Парламентте 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы
туралы есеп беру барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.
2010 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының
желісі 1878 бірлікке ұлғайды, оның 344-і балабақшалар, ал 1534-і шағын
орталықтар. Республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырысты орналастыру
есебінен балаларды мектепке дейін тәрбілеу үшін 90 мың орын пайдалануға
берілді, - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, 2009 жылмен салыстырғанда балалардың жалпы санынан
балалардың жалпы қамтылуы 37 пайыздан 41,7 пайызға ұлғайған. Өсім 4,6
пайызды құрайды.
2010 жылы республикалық бюджеттен Балапан бағдарламасы аясында 19,2 млрд.
теңге бөлінген. Оның ішінде 10,6 млрд. теңге жаңа балабақша салуға, ал 8,5
млрд. теңге балбақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастыруға жұмсалған.
Республикада банкроттыққа ұшырау рәсімі салық төлеуден жалтарудың тәсілі
болып отыр.
Бұл туралы Парламентте 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің
орындалуы туралы Есеп комитетінің есебін ұсынған аталған ведомствоның
басшысы Омархан Өксікбаев айтты.
Біздің жүргізген бақылау-талдау жұмыстарымыз көрсеткендей, қазіргі кезде
республикада банкроттыққа ұшырау рәсімі салық төлемдерін төлеуден
жалтарудың бір тәсілі ретінде қолдануда, - деді ол.
Бұл орайда Есеп комитеті төрағасының келтірген дерегіне қарағанда, өткен
жылы 80 млрд. теңге салықтық берешегі бар 2 мыңнан астам салық төлеуші
банкрот деп танылып, аталған қаржының 202,3 млн. теңгесі немесе 0,4 пайызы
ғана бюджетке қайтарылған.
Тағы бір мысал, салықтық әкімшілік етудің тиімділігіне бақылау жүргізу
кезінде біз салық міндеттемесін азайтудың сызбасын анықтадық. Ол
банкроттыққа ұшырады деп танылған салық төлеушілердің атынан жазылған шот-
фактураларды ҚҚС бойынша есепке жатқызып, корпоративтік табыс салығынан
шегеру арқылы жүзеге асырылған. Бұл бюджеттің тікелей залал шегуіне алып
келеді. Мәселен, тек тексерілген кезеңде ғана салық міндеттемелерін жалпы
14,6 млрд. теңгеге азайту фактілері анықталды, - деді ол.
2.3. Республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін талдау.
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының
Үкіметі Парламентке ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей
енгізеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Сенатының
жалпы отырыстарында республикалық бюджет туралы заңның жобасын қарау Үкімет
өкілеттік берген тұлғаның, ол қазіргі сәтте Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі болып табылады, республиканың әлеуметтік дамуының
болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі
баяндамаларының негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан
кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау
жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық
бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға
құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет
туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті
қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы
Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске
асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың
бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып
бекітіледі.
Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес
қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге
Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің
жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан
кешіктірмей ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін
тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол
қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.
Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім
қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы
органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті
бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган
қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті
орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан
кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының
төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту
кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан
кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті
атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан
кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға
бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы жылға арналған
жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.
Қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың кезекті қаржы
жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы
шешімімен бірге жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі республикалық
бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2.4 Республикалық бюджет кірістерінің 2007-2011 жылдар аралығындағы көлемі,
құрылымын және орындалуы.
“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне” сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер:
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның
ішінде Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz