Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1 Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі

1.1 Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениет
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 Лингвомәдениеттанудың ұстанымдары мен бағыттары ... ... ... ... .

2. М.Мағауин шығармаларындағы ұлттық мәдениеттің тілдік
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1 Аласапыран тарихи романындағы материалдық мәдениеттің ұлттық-мәдени
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2.1.1 Киім-кешек, мата
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.2 Тамақ
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
2.1.3 Тұрмыстық зат
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
2.1.4 Зергерлік құрал-сайман
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 М.Мағауиннің Аласапыран тарихи романындағы бейвербалды амалдардың
ұлттық-мәдени негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоцентристік
бағытпен сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдеуімен ерекшеленеді.
Антропоцентристік парадигмадағы лингвистиканың алға қойған мақсаты тілдік
субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің семиотикалық жүйе ретінде тілдің
барлық деңгейлерінде көрініс табуын зерттеу болып табылады.
Аталмыш мәселе әсіресе лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық,
социолингвистикалық, этнолингвистикалық зерттеулерге ерекше қарқын береді.
Мұхтар Мұханұлы Мағауин – халқымызға кеңінен танымал суреткер. Ол –
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы. Оның қаламынан
көптеген әңгімелер, повестер, романдар тән. Олардың ішіндегі шоқтығы биік
туындысы Аласапыран романы болып табылады.
Жазушының шығармалары ғылымдар мен сыншылардың жоғары бағасына ие
болып келсе де, күні бүгінге дейін жазушы шығармаларындағы ұлттық
мәдениеттің тілдік көрінісі арнайы зерттеу нысаны болмаған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда лингвистикалық бір саласы
ретінде дамып келе жатқан лингвомәдениеттанудың негізгі міндеттеріне
дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттың-мәдени ерекшеліктерін, сөз мазмұнындағы
мәдени мәнділіктерді айқындау, оларды тілдік әрі мәдени субъектінің
когнитивтік санасымен тығыз байланыста қарастыру т.б. жатады.
Дүние бейнесі мен тіл, мәдениет өзара күрделі байланыста болады. Тіл,
әр ұлттық дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі тәжірибесін
сипаттап, бейнелеудің тәсілі қызметін атқарады. Тіл ұлттық тәжірибені тік
сипаттап қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.
Әр ұлттың өзіне тән мәдени-танымдық ерекшеліктерін бойына жинақтау
арқылы тіл шындық болмысты игереді. Яғни тіл ақиқатты сезіну, қабылдау
тәсілдерінің бірі ретінде белгілі бір тілдік ұжым мүшелерін тік тілдік
жағынан ғана емес, мәдени-танымдық жағынан да өзара жақындастырады.
Тілде алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және
материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибесі, ұлт өркениетіне
қатысты белгілер шоғырланған. Сондықтан да тіл, мәдениет пен өркениетті бір-
бірінен ажырағысыз тұтас дүние ретінде қарастыру бүгінгі таңның өзекті
мәселесінен саналады.
Тілдік ұжымның тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және
рухани мәдениет.
М.Мағауиннің шығармаларында қазақ халқының осыдан бір жарым ғасыр
бұрынғы рухани өмірі, күнделікті тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері
молынан суреттелген. Сонымен қатар сол кездегі лингвомәдени қауымдастық
басшылыққа алған адамгершілік принциптері, діни наным-сінімдер, салт-
дәстүрлер, тілдік субъектінің дүниеге көзқарасы тәрізді т.б. когнитивтік
құрылымдарды қаламгер тезаурусы арқылы айқын аңғаруға болады.
М. Мағауин шығармаларындағы мәдени мәңгілікке ие сөздерді қазақ
халқының айнала қоршаған болмыс жайлы ғасырдан-ғасырға білім-
тәжірибелерінің жинағы қоры ретінде арнайы қарастыру аса қажет деп біліміз.
Жұмыста қарастырылған лингвомәдени бірліктер арқылы бұл кеңестіктің ерекше
құрылым мен аса терең мағыналық мазмұнға ие екенін, мәдениеттің күрделілігі
жағынан басқа өркениет түрлерінен қалыспайтынын көрсету тақырыптың
өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жұмыс барысында сипаттама
жасау, жүйелеу, контекстуалдық талдау әдістері мен оларды түсіндіру,
салыстыру тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Диплом жұмысын жазу барысында ұлттық-мәдени
мәдениетті сипаттаушы бірліктер, тілдік материалдар М.Мағауиннің
Аласапыран романынан алынды. Барлығы ...-ге жуық мысал жиналды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты – көркем мәтіндегі лингвомәдени бірліктерді
ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісін қарастырып, ұлт дүниетанымының тіл,
мәдениет және өркениеттің өзара байланысындағы орнын анықтау.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
- жұмысымызға тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау
және зерттеу барысында сүйенген теориялық қағидаларды негіздеу;
- лингвомәдениеттану пәні тұрғысында бұрын зерттелген, тақырыпқа қатысы
бар мәселелерге шолу жасап, оларға қысқаша баға беру;
- лингвомәдени бірліктерді айқындай отырып, ондағы ұлттық сипатты,
әлеуметтік жіктік белгілерді көрсету және олардағы мәдени ақпараттарды
анықтап жүйелеу;
- тіл, мәдениет және өркениет арасындағы айырмашылықтар мен өзара
байланыстарға тоқталу.
- Зерттеу нысанасы ретінде алынған М.Мағауин шығармаларындағы
лингвомәдени бірліктерді сұрыптап, оларға түсініктеме беру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі. Жұмыста М.Мағауин
шығармаларындағы ұлттық-мәдени сипатты айқындаушы лингвомәдени бірліктерді
тіл, мәдениет, өркениеттің өзара байланысы тұрғысынан талдау қазақ
лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысанасындағы теориялық мәселелерді
айқындауға жәрдемін тигізеді.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыстың ғылыми теориялық негізі ретінде
жалпы тіл біліміндегі, орыс және қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану
теориясына арналған іргелі зерттеу жұмыстарына жүгіндік. Тіл білім
теориясында тіл мен мәдениет ара-қатынасы жөніндегі ойлардың иелері
В.Гумбольдт, А.Потебня, В.де Соссюр, Қ. Жұбанов, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова,
С.Жанпейісов, А.Сейілхан, К. Хұсайынов, Ж.Манкеева, Ж.Акимишева,
Г.Снасапова, Ш.Елемесова еңбектері диплом жұмысының теориялық негізі етіп
алынды.
Ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
- шығармадағы әрбір лингвомәдени бірлік ұлттық мәдениеттің тілдік
көрінісі ретінде қарастырылды;
- лингвомәдени көрсеткіштер тіл, мәдениет пен өркениет ұғымдарының өзара
байланысы тұрғысында талданып, таңба мазмұнындағы лингвистикалық,
мәдени, өркениеттік ақпараттар анықталды;
Қорғауға ұсынылатын негізі тұжырымдар.
- лингвомәдени көрсеткіштер тіл, мәдениет пен өркениет ұғымдарының өзара
байланысы тұрғысында қарау аса қажет екендігі;
- жазушы шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер, жазушының сөз
қолданысының ерекшеліктерін белгілі бір жүйемен қамтуға мүмкіндік
береді;
Зертеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды
және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі

2 Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы

Лингвомәдениеттану лингвистикада өз алдына дербес сала болып
қалыптасқанымен, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері,
тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым; екі ұдай түсінік тудыратын
пікірлер әлі де өзі ізденісін қажет етер мәселелері де бар екенін
мойындағанымыз жөн. Тіл мен мәдениеттің өзара қиысуының тілдегі көрінісін
қарастыратын жағы ғылыми арнаның жекелеген мәселелеріне шолу жасауымыздың
себебі – лингвомәдениеттану ғылымының көп мәселесін бірнеше тілдер
материалдарын салыстыру және салғастыра зерттеу оңтайлы болатындығында,
әрбір тілдік бірліктің мәдени-этникалық жүгінің қандай екені аудару
процесінде де айқын белгі бертіндігіне.
Екі немесе бірнеше халықтың материалдық мәдениетінің (еңбек құралдары,
үй-тұрмыс заттары, ұлттық киім-кешек пен тағам түрлері) және рухани
мәдениетін (дүниетаным, адамгершілік, имандылық, тәрбие, білім, заң, т.б.)
білдіретін тілдік бірліктерді аудару барысында салғастыру жеке адамның
интелектуалдық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасайды, халықтардың белгілі бір
хронологиялық мерзімде бір-біріне жасаған саяси, әлеуметтік,эканомикалық
және мәдени әсерінің деңгейін анықтауға септігін тигізеді және ең басты,
бір тілдің лексика-грамматикалық, фразеологиялық жүйесі, бейнелік құралдары
ауқымының қаншалықты екенін көрсетеді. Осы орайда, ғылым В.В.Воробьев:
Лингвистикалық аумақтарды салғастыру халықтардың ұлттық ерекшеліктерін
танытуды жеңілдетеді, сонымен бірге оларды (ерекшеліктерді) бағалауға
лингвистикалық негіз берді, айырмашылық қатарының кеңеюіне және қалыптасып
үлгерген айырмашылықтарды орындай пайдалануға септігін тигізеді, -деп
жазады [1,40].
Орыс тілінің фразеологиялық жүйесінің ұлттық менталитетке қарым-
қатынасын зерттеген В.Н.Телия ұлттық мәдениетпен этностың ұлттық-танымдық
сипатын тұрақты тіркестермен қатар, халық мәдениетінің рәсімдік нысандары,
паремиолгиялық қор, образ этоландар жүйесі, символ сөздер, қанатты сөздер
мен орамдар арқылы ажыратуға болатынын дәлелдеп көрсеткен [2,215].
Тіл қатынас құралы ретіндегі қызметін атқару үшін адамдар тілдік
кедергіден (барьерден) өтуге тиіс. Бұл тұралы И.Ю.Марковин мен Ю.А.Сорокин
ғылыми зертеулерінде мәдениетаралық кедергіні тудыратын мәдениеттің ұлттық
ерекше компоненттері жан-жақты талданған. Сонымен, түрлі мәдениет
өкілдерінің өзара қарым-қатынасы кезінде олардың мәдениетін құрайтын
бөлшектердің ұлттық ерекшеліктері тілдік кедергі ретінде мәдениетаралық
қарым-қатынас процесін қиындатады [3,11]. Осы орайда, тілдік белгілердің
мәдени семантикасы тіл мен мәдениеттің байланыс негізінде пайда болып,
коммуниканттардың (сөйлеушілердің) мәдени-ұлттық менталдығын бейнелейді.
Сондай-ақ, мәдениеттің ұлттық ерекшілік бояуын арқалайтын бөлшектердің
қатарына салт-дәстүрді, тұрмыстық мәдениетті, күнделікті әрекетті,
дүниенің ұлттық суреті, көркем мәдениетті жатқызуға болады. Сонымен
бірге, авторлардың жоғарыдағы бөлшектерден бөлек коммуниканттың жеке
басының да ұлттық мінез ерекшеліктерін, дүниені қабылдауы мен
сезінуіндегі эмоционалдық-ұлттық өзгешеліктерді ескеру қажет дейтін
тұжырыммен келіспеске болмайды.
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттанудың
түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да
ортақтастыратын жаңа ғылым.Сонымен, лингвомәдениеттану-ұлттық сипаты бар
деп танылатын әлеуметтік, танымдық этикалық, эстетикалық, саяси,
адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік
құралдар арқылы жеткізу үлгісін зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы
тұрғыдан, лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың
тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-
эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың
қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.Осы ғылым саласының
зерттеу нысандары мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі көзқарастар
В.Н.Телияның, В.А.Маслованың, Ю.С.Степановтың, Н.Д.Артюнованың,
В.Шаклейннің еңбектерінде аталған.
Этнолингвист-ғалым Ю.С.Степанов Жалпы тіл білімі негіздері
еңбегінде ұлттық тіл мен мәдениеттің өзара ықпалын қарастыра келіп,
ұлттық тіл өзінің даму сатысында мәдениет тілін қалыптастырады деген
тұжырым айтады [4,193].
Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысанының ауқымы ұлттық мәдениеттің
және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда, т.б. да
берілуі арқылы кеңи түседі. Олай болса, бүгінгі қазақ тілі білімінде
линвомәдениеттану ғылымы пәні ретінде жаңа қадам басып жаттқанымен, ұлттық
мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту, лингвомәдениеттану пәніне
қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов еңбектерінен бастау алады. Халық
тілі мен мәдениеттің өзара байланысын ғылым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар,
Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, т.б. этнолингвистикалық
тұрғыдан зерттесе, Ж.Манкеева, А.Алдашева, Г.Қажығалиева, Қ.Рысбергенова,
Г.Смағұлова, А.Ислам, т.б. ғылымдар өз еңбектері арқылы қазақ тіліндегі
лингвомәдениеттанудың қалыптасуына зор ықпал жасады. Қандайда болмасын жаңа
ғылымға қатысты түйінделудің болжам айту, бағыт сілтеу тұрғысынан әр түрлі
болатындығы сияқты, ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет арасындағы байланысты,
мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық
тұжырымдар да айтарлықтай көп. Алайда, осы ғылым саласының нысаны
турасындағы тұжырым біреу, ол – ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің
және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі, тіл арқылы берілуі.
Этнолингвистика ғылымының кешенді сипатынан туындайтын және осы
ғылыммен сабақтас этнос болмысының сан түрлі қырын зертейтін ғылымдарды
академик Ә.Қайдар екіге бөледі:
1) этнос тіліне жалпы қатысты бар ( мәселен, мәдениеттану,
энография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрономия,
педагогика, дидактика, т.б.) ғылымдар;
2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға ауға тікелей қатысты
ғылымдар (мәселен, этимология, терминология, лексикография,
спецолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика т.б.) [5,12]. Демек,
бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен байланыстарымен, этнос
болмысын танытатын тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне, осындай
сабақтастықтың бірі-этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген
мәдениеттанумен сабақтас-лингвомәдениеттану.
Ғылыми аяда этнолингвистика термині ең алғаш ғылым Б.Уорфтың
идеясымен туындап, осы идеясының жалғасы Э.Сепирдің еңбектерінде көрініс
тауып, белгілі Сепир-Уорф болжамын сай тілдік этнодеректер халық
мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында қарастырылған. Ғылым Э.Сепир өз
зерттеулерінде: халық дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм, наным,
т.б. ұғымдар этнос болмысымен тығыз байланысты, олар тілдің символдық
қызметі ретінде көрініс табады деп көрсетеді [6,177].
Этнолингвистика ғылымының жеке бағыт ретінде қалыптасу XIX ғасырдың
жетпісінші жылдарынан бері Американың тіл білімінде Орталық Американың
Үндіс тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін
салды. Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф.Боас,
Э.Сепир, Б.Л.Уорф т.б. еңбектерінен бастау алды.
Бұл ғылыми арнаның бастауы орыс тілі білімінде ресейлік ғалымдар
Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев, А.А.Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың
сексенінші жылдарында фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра
зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған Н.И.Толстой, В.Иванов, В.Н.Топоров
сияқты ғалымдардың этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік
сатыға көтеріп жіберді. Ресейлік ғалымдар өз зерттеулерінде нақты бір
тілдің тарихи сол ұлттың мәдениеті, тарихы, этнографиясымен тығыз
байланыстыра қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О.С.Ахманова:
Этнолингвистика – тіл мен халықтың арасындағы қарым-қатынасты және тілдің
қызмет етуі мен дамуындағы лингвистикалық және этникалық факторлардың өзара
қатынасын зерттейтін микролингвистиканың бөлімі,- деп түсіндіреді [7,539].
Сөздіктегі бұл анықтама тіл мен халықтың арасындағы тікелей байланысты
көрсетеді,ал оның басқа ғылым салаларының деректері арқылы зерттеу
нысанының айқындалу жағдайы шет қалған.
Ғалымдардың бірқатары этнолингвистика ұлт тілінің жалпы сипатында
танылады деп анықтайды. Мәселен, Н.И.Толстой: Этнолингвистика-халықтың
рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен
байланысын,бір-біріне тәуелділігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің
саласы. Ол халықтың ұлттық мәдениетінің көрнекті позициясындағы негізгі
формалардың бірі болып табылады,- деп тұжырымдайды [8,181-190].
Н.И.Толстой пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық
энциклопедиялық сөздікте төмендегіше берілген: Этнолингвистика қандай
тәсіл арқылы берілгеніне қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологиясын
және мифологияның мазмұнын лингвистикалық әдістер көмегімен зерттейтін
кешенді пән [9,597].
Этнолингвист-ғалым Е.Жанпейісовтың Қазақ тілінің этномәдени
лексикасы еңбегінде М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы мәдени
бірліктерді тілдік әрі халықтықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ
халқының мәдеиетін тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлесі деп
білеміз [10].
Кез келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңды-лықтарына
ғана сүйеніп емес,сонымен бірге халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне,
ұлттық болмысына да қатысты қарастыру этнолингвистика мен
лингвмәдениетттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге болады.
Профессор Қ.Жұбанов тіл арқылы халықтыктың тағлымдық мұраты этностың
әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын
және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні жөнінде
ғылымыми тұрғыдан еңбектерінде болжам айтқан. Сондай-ақ, ғалымның
пікірінше, халықтардың тұрмыс тіршілігі бір-бірінен ерекшеленетін
болғандықтан, олардың әр затқа қоятын аттары да өзгеше болады. Тіл ұзақ
уақыт бойы жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты
[11,290].
Акедемик Ә.Қайдар қазақ этнолингвистикасының негізін салып, аталған
ғылым саласына мынандай тұжырымды анықтама береді: Этнолингвистика –
этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында
сараланып,тарихи жадындасақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып,
қорланып,рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей
ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық
мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл
білімінің құнарлы саласы [12,495]. Осы тұрғыдан, этнолингвистикамен
сабақтас энос болмысын сипаттайтын материалдық мәдениет пен рұхани
мәдениеттің үндестігін буйнелейтін мәдени лексиканы арнайы зерттеген
Ж.Манкеева өз зерттеулерінде этнолингвистиканы былайша қарастырады:
Халықтың материалдық, өндірістік деңгейі мен рұқани өрісін бейнелейтін ана
тілінің байлығын,асылын барынша толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтау
этнолингвистиканың міндеті. Этнолингвистика халық туралы шынайы хабар
беретін ақпарат көзі [13,5].
Сонымен этнолингвистика да, лингвомәдениеттану да халық
мәдениетімен, халық тарихымен, халық тілімен тікелей байланысты. Бұл
байланыстылық лингвомәдениеттанудың шеңберіне кіретіндіктен, профессор
М.Копыленко этнолингвистика ғылымының өзіндік бағытын былайша көрсетеді:
Бұл бағыт этносты тіл арқылы зерттейді. Тіл басты және тікелей талдау пәні
болатындықтан, мұнда (бағытта) пәндердің шоғырлануы байқалмайды. Этнология,
мәдиеттану, тарих және басқа да лингвистикалық емес пәндер көмекші пәндер
ретінде болады [14,11]. Ал лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің
бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі
өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек бағыт бұрады. Біз сөз етіп отырған
лингвомәдениеттанымдылық және этнолингвистикалық ой тұжырымдардың негізіне
сүйене отырып, халық өмірінің даналығы халық жасаған мәдениет, тіршілігі
мен тұрмысын қалыптастырған көзқарастың тіл құдіреті арқылы тарих,
мәдениет, әдебиеттің қат-қабат қойнауында сақталғаны ақиқат келеді.
Көне сөздердің табиғатын танытқан белгілі тілші-ғалым Р.Сыздық өзінің
Сөздер сөйлейді т.б. еңбектерінде бүгінде жұртшылыққа таныс емес, бірақ
ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің
(абжыландай толғану, кеше, жыға, бес жетім т.б.) тарихи-тілдік мағынасын
ашып, қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен ғасырда өмір сүрген ақын-
жырауларының тілінде,жырларда ескі салт-тұрмысқа байланысты бұл күнде ұмыт
бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер
мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс деп көрсетеді [15,5].
Тұрақты сөз орамдарының мәдени-ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы
лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты пікірлерді осы
саланы зерттеп жүрген маман Н.Уәлиевтің еңбегінен табамыз. Автор: Халық
өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-
тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі етіп ерекше өрнектей
білген. Түп төркіні беймәлім cөздердің сәті түсіп, кілті табылғандай болса,
көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі,
дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады [16,12] дей келе, қасиетті жеті,он
екі,тоғыз санымен тіркесті атаулардың ( жеті көк, жеті ғалам, жеті ғашық,
он екі мүше, тоғыз сәлемдеме), уақыт өлшемдерінің халықтық атауларының (он
екі сәт, сәске, тәулік, екінді, марқа туған т.б.) мәнін қазақ халқының
күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып, тұрмыстық тәжірибесінен туған
атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осы аталған авторлар
еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің зерттелуін
лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.
Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы
кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, Г.Қажығалиева т.б.
еңбектерінде) сөз болуы, назар аударылуы, лингвомәдениеттану ғылымының
қалыптаса бастағанын байқатады.

1.2 Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениет сабақтастығы

Тіл және әдебиет – лингвистермен қатар, тарихшылардың, философтардың
психологтар мен этнографтардың, әдебиетшілердің де назарын аударып келе
жатқан көп аспектілі мәселердің бірі. Мәдениет пен тіл үздіксіз өзара қарым-
қатынаста болатындықтан бұл мәсенің тілдік аспектісі екі жақты болып
келеді. Осы тұрғыдан алғанда лингвистика бұл мәселені шешу жөніндегі
бірқатар қызықтыда батыл қадамдарды ұсынады.
Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен
мәдениеттануда түрлі қырынан сөз болып жүр. Тіл білімінде бұл сауалға тарих
пен мәдениеттің, этнография мен лингвистиканың ортақ мәселерін сөз ететін
пәнаралық этнолингвистикалық зерттеулер жауап береді.
Қазіргі лингвистикадағы антропо және этноцентризм ұстанымдарына
сүйенетін лингвоелтану, этномәдени және этнолингвистика салалары тіл
табиғатын оны тұтынушы этноспен бірлікте қарастыруды мақсат етеді. XIX
ғасырда өмір сүрген неміс ғалымы В.Фон ГумбольдтіңСреди всех проявлений,
посредством которых познается дух и харахтер народа, только его язык и
способен выразить самые своеобразные черты народного духа и харектера и
проникнуть в их сокровенные тайны [17,69] деген пікірі тілді ұлттық
феномен деп танитын бүгінгі тіл біліміндегі жаңа бағыттарға жол көрсетті.
Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір
сүреді. Ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғы
шарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады, осылайша қайсыбір
уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін халық мәдениетінң маңызды бөлігін
құрайды. Мәдениеттің басқа аспектілеріне қарағанда тілдің өз ортасы бар.
Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген халық өздерін өзге топтардан сыртқы
физологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі
бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір
сүру образымыздан хабар беретін тәжірибе-білігіміз бен идеяларымызға
тәуелді [17,185].
Э.Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін маңызды
әдіснамалық тұжырымдамаларын ұсына отырып: Мәдениет белгілі бір қоғамның
әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі. Ендеше, тіл
мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі,- деген ой айтады [18,193-194].
Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес,
мәдени білім аккумляциясының да басты құралы болып табылады. Күрделі
таңбалық жүйені құрай отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау,
қолдану, қайта жаңғырту қызметін атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі
бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық жүйе (семиотикалық) болып
табылады, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға
қабілетсіз,себебі мәдениет ең алдымен – жады, оның басты қасиеті –
жинақтау, сақтау [19,227] және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну.
Өзінің абсолюттік ерекшеліктерін танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа
түспей, мәдени диалог жасамай тұра алмайды. Сондықтан тіл – ұлт (ұлттық
тұлға) – мәдениет – бүгінгі лингвомәдениеттанудың орталық үштігі, ғылымның
осы саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын фокус [20,12-
13].
Мәдениет туралы айтқанда материалдық мәдениет пен (еңбек құралдары, үй-
тұрмыс жабдықтары, киім-кешек т.б.) рухани мәдениеттің (таным,
адамгершілік, тәлім-тәрбие және ағартушылық: тіл, дін, құқық, философия,
этика, ғылым, өнер, әдебиет, мифология т.б.) ерекшеліктерін ескерген жөн.
Мәдениеттің бұл екі тармағының арасындағы сабақтастықты, диалектикалық
байланысты көрсету әдіснамалық тұрғыдан аса маңызды. Бір жағынан
материалдық құбылыстар руханияттың негізі болса, екіншіден руханият көп
жағдайда материалдық дүние арқылы жүзеге асырылады, материяға арқа сүйеп,
сол арқылы түсіндіріледі. Демек, рухани және материалдық мәдениеттің
дамуында табиғи байланыс бар,ол байланыс бүгінгі күні жалпыға ортақ
мәдениет ұғымымен түсіндіріледі. Материалдық мәдениет және руани
мәдениеттің даму үрдісі белгілі бір этникалық, нәсілдік айырмашылықтарымен
ерекшеленетін рух халық арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық рух, ұлттық негіз
уақыт пен кеңістік тудырған күрделі әлеуметтік жағдайларға қарамастан, пен
беріктік жағдайды қамтамасыз ететін мәдениеттегі дәстүрлер сабақтастығы
іргетасында қаланды. Жоғарыда аталған үштікте мәдениет және тіл ұғымдарымен
қатар ұлт (уақыттық тұлға) түсінігінің айтылу себебін осылайша түсіндіруге
болады [21,15].
Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт ұлттық тіл мен ұлттық
мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы, мұнда мәдениет ұғымы
..расматривается приминительно к аспектам взаймодействия с языком и
языковой личностью [2,297].
Лингвомәдениеттану саласының обьектілері,бірліктері мен пәні жайындағы
орыс тіл біліміндегі алғашқы қөзқарастар В.Теляның, В.Ворбьевтің,
В.Маслованың т.б. еңбектерінде аталған.
Лингвомәдениеттану – жаңа ғана өрісін жайып келе жатқан, әлі де
болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған
ғылым, екі ұдай түсінік тудыратын пікір-тұжырымдар да бар, бірақ оның ХХІ
ғасырда гуманитарлық ғылымдардың көшбасында болатындығы даусыз.
Әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің
ізі бар деуге болады. Бұл – тіл мен мәдениеттің тоғысуы жалпы көздеген
лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ. Лингвомәдениеттану
(лингвокультурология) латынның lingua-тіл, cultyra-мәдениет, logos-ілім
деген ұғымдарынан жасалып,лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің ортақ
мүдделерінен бастау алатын халық мәдениетінің тілдегі көрінісін,
ерекшелігін жаңаша көзқараспен қарастыратын бағыт.
Белгілі ғалым Э.Бенвенисттің тіл, мәдениет және жеке адам үштігі
(триада) негізінде басқа бір лингвистика тууы мүмкін деген ойы ХХ ғасырдың
соңғы он жылдығында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық
мәдениеттану пәнінің пайда болуына жол ашты [22,52].
ХХ ғасырдың ең басты ерекшілігін ғылымның әр түрлі салаларындағы өзара
серіктестіктің, тығыз байланыстардың қарқынды дамуымен түсіндіруге болады.
Гуманитарлық пәндер арасындағы мұндай синтез адамның іс-әрекеті мен
қызметінің заттанған, таңбаланған нәтижелерін өн бойына сіңірген
мәдениеттің феномені ретінде қарастырылған мәдениеттанулық зерттеулерден
қарауға болады.
Қазіргі уақытта В.Н.Телия сөзімен айтсақ, тіл мен мәдениеттің ара
қатынасын синхрондық тұрғыдан зерттеу және сипаттау лингви-стистикалық
мәдениеттану пәнінің негізі міндеті болып отыр [23,217].
Лингвистикалық мәдениеттану ғылымын зерттеуші ғалым М.Н.Маслова
аталған пәннің мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, былай дейді:
эксплицировать культурную значимость языковой единицы (т.е. культурные
знания) на основе соотнесения прототипной ситуаций фразеологизма или
другой языковой единицы, его символьного прочтения с теми кодами
культуры, которые известны или могут быть предложены носителю языка
лингвистом [24,10-11].
Аталмыш анықтамаға сүйене отырып,тілдік бірлік негізінде мәдени
бірліктер көзін ашуға ғана емес, сонымен қатар, керісінше, мәдени бір-
ліктер арқылы тіл бірліктерінің табиғатын ашуға болатынына көз жеткізуге
болады.
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысындағы зерттеулердің негізі
міндетіне тоқтала келіп, лингвокультурологиялық концепттерді символдар
жүйесі деп танитын ғалым Г.Г.Слышкин былай дейді: Біріншіден, сөйлеу
тіліндегі (дискурстағы) қандай да бір мәдени бірлікті айқындайтын тең
дәрежелі тілдік құралдарды анықтау, екіншіден, әр түрлі коммуникативтік
ситуацияда негізгі апелляциясының прагматикалық қызметінің аталмыш мәдени
бірлікке тән екенін дәлелдеу қажет [25,8].
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысында лингвистика ғылымында ұлттық
мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланысы туралы көптеген пі-кірлер
кездеседі. Орыс тіл білімінде бұл мәселе жөнінде тіл-мәдениетті жеткізудің
құралы [17,18]. Мәдениеттің компоненті [26,47], Мәдениет-тің бір
құрамдас бөлігі [10,103]. делінген бағыттары біршама зерттеу жұмыстары
бар. Сонымен қатар тіл мен мәдениеттің парадигмасындағы жеке тұлға
аспектісіне назар аудару қажеттілігі айтылып келеді. Мұнда мәдениеттің
феномені мен тілді тұтынушы тұлға арасындағы байланыс зерттелуі қажет. Ал
бұл мәселе кез келген халық өмір сүретін қоғамда болып
жататың әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерге байланысты. Тіл мен мәдениеттің
өзара байланысының зерттеушілер, яғни лингвомәдениеттанушылар осы мәселені
жан-жақты, ауқымды түрде қарастыруға талпыныс жасауда.
Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и
культурологии, и исследующая проявления культуры народа, которые отразились
и закрепились в языке [1,14].
Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшіліктері соңғы кезде
жаңаша көзқараспен қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені
психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика тағы
басқа пәндердің негізінде зерттеп келеді.
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық-мәдени сипаттардың тілдік
құралдар арқылы белгіленуі ғылымда ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика
аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жана
ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-
құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан-жануар
ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан-дүниесі
белгіленгендіктен, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын
тілдік кұралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен
тілдің қарым-қатынасы қөрінетінін дәлелдеуге ұмтылыс күн санап артып
келеді.
А.Вежбицкая: Каждый язык национально специфичен. При этом в языке
отражаются не только особенности природных условий и культуры, но и
своеобразие национального характера его носителей,- дейді [27,21].
Тілдегі бірліктер халықтың дүние танымы, болмысы салт-санасы, әдет-
ғұрпы, рухани мәдениеті сол халықтың тіршілігінің өмір сүрген ортасынан,
менталитетінен психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат
беретін ұлттық құбылыс болып табылады [28,246]
Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын
танып,жүйелі түрде қарастырады. Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін
мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді. Осыған байланысты тіл
мен мәдениеттің элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын,
синтездейтін лингвокультурема түсінігі [1,5] лингвомәдени өріс,
лингвомәдени компетенция деген түсініктер аталып, түрлі объекттермен жұмыс
істеуде жиі қолданылып жүр. Бұл аталған терминдік ұғымдардың әрқайсысының
арқалайтын жігі әртүрлі. Соның ішінде лингвокультурема терминін алғаш
ұсынған – В.В.Воробьев. Ғалымның пікірінше, лингвокультурема–лингвистикалық
және экстралингвистикалық ұғымдардың диалектикалық бірлігі болып табылатын
кешенді денгей аралық бірлік [1,45-97].
Лингвистикалық мәдениеттану өзара шекаралас пәндер –
мәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика
пәндерінің қиылысуында пайда болып, олармен тығыз байланыста болуы және
арнайы аспектісі тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін өзінше
қарастырады. Осындай ерекше белгілерге байланысты ғалым В.В.Воробьев
лингвистикалық мәдениеттану пәніне төмендегідей анықтама береді:
Лингвокультурология – комплексная научная дисциплина синтези-рующего типа,
изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его
функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в
единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи
системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные
установления (система норм и общечеловеческих ценностей) [1,36-37].
Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын
әлеуметтік, танымдық, эстетикалық, этикалық, саяси, адамгершілік, руханилық
тұрмыстың қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді
зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең
негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен
халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін
танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады [29,14].
Лингвистикалық мәдениеттану пәнінің мақсаты – халық мәдениетінің
тіліне әсер етуін аңықтау, олардың диалектикалық өзара байланысы мен дамуын
жүйелі түрде қарастыру. Зерттеу объектісі – біртұтас жүйе түрінде
туындайтын тіл мен мәдениеттің өзара әсері, өзара байланысы және осы өзара
қатынас процесі. Демек, лингвомәдениеттанудың объектісі тіл білімі мен
мәдениеттану пәндерінің қиылысқан жерінде зерттеледі. Зерттеу пәні ретінде
төмендегідей объектілерді атауға болады:
- лингвоелтану объектілері – эквивалентсіз лексика мен лакуналар;
- аңыздар, ырымдар және салт-дәстүрлердің тілдегі формалары;
- тілдің паремиологиялық қоры;
- тілдің өзара қатынасы;
- сөйлеу әрекеті;
- сөйлеу этикеті және т.б. [30,51].
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет көтерген
ғалымдар. Я.Гримм, Р.Раск, А.Потебня. Бұл мәселелердің қайнар көзі – В.фон
Гумбольдтің ғылыми еңбектері. Оларды ғалым мынандай ғылыми ой-тұжырымдар
жасайды:
- материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
- кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, мұндай сипат тілдік жүйеде айқын
көрінеді;
- тіл-адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
- тілге халықтық рух пен мәдениеттің белгісі-ішкі форма тән [17,65].
Қазақ тіл білімінде лингвистикалық мәдениеттану мәселелері түрлі
аспектіде зерттеліп келеді, тіл мен этностың мәдени бірліктердегі көрінісі
(Ә.Қайдар, М.Манкеева); ақын-жыраулар поэзиясындағы этномәдени дереккөздер
(Р.Сыздықова); этномәдени атаулардың этимологиялық негіздері (Ә.Қайдар,
Е.Жанпейісов, А.Алдашева, Г.Смағұлова, Р.Авакова, З.Ахметжанова,
М.Копыленко, Исабаева).
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық мәдени сипаттардың тілдік
құралдар арқылы қазақ ғылымында этнолингвистика аясында қарастырылып
келгені белгілі. Бұл туралы Г.Смағұлова Тіл арқылы мәдениеттанудың бір
бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді.
Олар: 1)этнолингвистика; 2)елтану; 3)лингвомәдениеттану деп аталған
саланың бағыт-бағдарын саралайды [31,142].
Қазақ тіл біліміндегі аударма саласының лингвомәдениеттанулық сипатын
зерттеп жүрген ғалым А.Алдашева аталған жаңа бағыттардың отандық тіл
біліміндегі көрінісі туралы былай дейді: Орта ғасырдың соңғы бөлігінде,
ғасырлар тоғысқан тұста әлемдік озық лингвистика тілтанымның теориялық
бағыттарын имманентті; структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға
яғни тілді жеке адаммен, оның ойлау өрісімен және рухани-практикалық
қызметімен байланыстыра қарауға қарай бет бұрып отыр. Когнитивті,
антропологиялық лингвистика деп аталатын мүлде жаңа салалардың қатарында
соңғы жылдары лингвокультурология деп аталатын бағыт та аталып келеді.
Бұлардың қай-қайсысы да – қазақ тіл ғылымы төселе қоймаған соны салалар
[32,221].
Лингвомәдениеттану бағытының ұлттық тілдің болмыс-бітімін
айшықтап көрсетудің, дамытудың негізі екенін соңғы кездегі Г.Смағұлова,
А.Алдашева, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Р.Авакова, Г.Сағидолдақызы,
А.Сейсенова, Г.Қажығалиева, А.Сейілхан т.б. бірқатар ғылыми-зерттеушілік
жұмыстар дәлелдейді. Бұл қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикадан басқа
таза лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын
қөрсетеді.
Фразеологияның этномәденилингвистикалық қалыптарын олардағы ұлттық
психологиялық табиғатты зерттеп жүргені Р.Авакова: Әлемді бір бүтін
дамудың орталығы деп танитын мәдениет іспетті тіл де бізге өзінің қырлары
мен сырларына, жұмбағы мен құпиясына толы шексіз қасиеттерін ашуда-деп
тұжырым жасаса [33,47], тілдік бірліктер туралы деректердің номинациясының
маңызын арттыруда ұлттық мәдени өмірімен байланыстылығы жайлы профессор
А.Салқынбай былай дейді: Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу
– ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманитарлық, мәдени, өркениеттік
қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар,
қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен
оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады [34,41].
Ал Г.Смағұлова лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін:
Лингвомәдениеттану – этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен
тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану
бағытында зерттеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін, ұлттық
ерекшелігін ешбір идеологиясыз заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл –
ұлт – мәдениет дейтін үштік [триада] лингвомәдениттану пәнінің зерттеу
нысаны болмақ деп көрсетеді [31,147].
Аударматанудың лингвомәдени мәселелерін қарастырған
А.Алдашеваның пікірінше: Лингвомәдени ерекшіліктер – ұлттық мәдениетпен
біте қайнасқан, ұлттық мәдениеттен бөлшектенбейтін төл сипат-белгі
[32,158].
Аталмыш пәндердің тіл мен мәдениеттің өзара байланысын
зерттеудегі әдіс-тәсілдері, кейбір теориялық принциптері мен негіздері
ұқсас болып келеді, қазақ тіл білімінде профессорлар Ә.Қайдаров,
Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Ж.Манкеева және Н.Уәлиев т.б. ғалымдардың ғылыми
еңбектерінің негізінде этнолингвистикалық зерттеулер ерекше қарқын алды.
Тіл мен мәдениет мәселесі қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев,
Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова т.б. еңбектерінде
қарастырылған.
Зерттеушілердің ...Мәдениет пен өркениеттің жұмбақтарын зерттеу-
лингвомәдениеттанудың ең маңызды мақсаттарының бірі... [35, 254]- деген
пайымдауының мәні ерекше.
В.В.Воробьевтің пайымдауы бойынша, дүниенің тілдік бейнесін жүйелі
түрде суреттеуге лингвомәдениеттану – мәдени құндылықтардың белгілі бір
тәртіппен таңдалған және ұйымдасқан жиынтығын, сөйлеуді тудыру мен
қабылдаудың коммуникативтік үрдістерін ұлттық ақыл-ой мен тілдік дербестік
тәжірибесін зерттеп, дүниенің тілдік бейнесін жүйелі түрде суреттейтін жаңа
филологиялық пән [36,39-40].
Лингвомәдениеттану – тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін
мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді.

1.3 Лингвомәдениеттанудың ұстанымдары мен бағыттары

ХХ ғасыр лингвистикасында антропоцентристік парадигмаға сай
тілде жеке адаммен, оның ой-санасымен мәдениеті мен тұрмыс-
тәжірибиелік қызметімен байланыстыра қарастыратын жаңа бағыт дами
бастады. Бұл бағыт мемлекеттер мен олардың халықтарының мәдени,
экономикалық байланыстарының дамуы арқасында тіл, мәдениет және
тұлға мәселелеріне қызығушылықтан негіз алады. Атаулы үш ұғым
мәселелерінің арасындағы байланыс барған сайын өзектілік сипат ала
бастады, бұл өзара тығыз байланыс күтпеген жағдай емес немесе
кездейсоқ қалыптасқан жоқ, ол (байланыс) көп жылдың жемісі. Жеке
адамның дамуындағы тіл мен мәдениеттің байланысы сонау ерте
заманнан басталған. Дәлірек айтқанда, ертедегі адамдар өміріндегі тіл
мен жазу-сызулар, (мәдениет) бір-бірімен байланыста болған. Олай болса,
тіл-мәдениет жемісі, оның құрамдас бөлігі, өмір сүру формасы.
Тіл мәдениетпен тығыз байланыста бола отырып, онымен бірге
дамиды. Сондай-ақ, тіл мәдениетті қалыптастырады, дамытады және оны,
(мәтін түрінде) сақтайды. Осы орайда, тіл арқылы материалдық және рухани
мәдени құндылықтардың шынайы, обьективті шығармалары пайда болады.
Ұлттық мәдениеттің бөлінбейтін бөлігі бола отырып, тіл оның дамуына
септігін тигізеді. Мәдениет тілдің барлық формалары қайнайтын қазандық
болатындықтан, тілдің мәдениетке де кері әсері сөзсіз жүріп отырады
[37,16]. Сонымен тіл мен мәдениетті біртұтас бірлікте қарастыру
негізінде антропологиялық лингвистиканың жаңа бағыты лингвомәдениеттану
қалыптасты. Жоғарыда аталған мәселелерді лингвомәдени тұрғыдан
қарастыру олардың жеткіліксіз өңделмеген тұстарын ашып беруге көмегін
тигізді. Себебі лингвомәдениеттану тіл мен мәдениет туралы ғылыми-мәдени
ой қозғалысының жаңа зерттеу парадигмасы болып табылады. Бұл салада
зерттеу идеяларының қатарына кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге оның
(идеяның) мүмкіндіктері мен қорларын тереңірек және жан-жақты танытуға
мүмкіндік береді [1,37]. Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды бір түйінге
сала айтқанда, лингвомәдениеттану қандай да болмасын ұлт мәдениетінің
тілдегі көрінісін зерттейді.
Лингвомәдениеттану ғылымының дамуындағы үш кезеңді атап
көрсетуге болады: бірінші кезең – В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Э.Сепирдің
еңбектері – ғылым дамуының алғышарты болса, екінші кезең –
лингвомәдениеттанудың жеке зерттеу саласы болып қалыптасуы, үшінші кезең –
қазіргі кездегі пәнаралық ғылымның – лингвомәдениеттанудың негізі
қалануы.
Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) – латынның Lingua – тіл,
Cultura – мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап,
лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық
мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін жаңаша көзқараспен зерттейтін
сала. Тілші-ғалымдар атаулы лингвистикалық дербес сала –
лингвомәдениеттану жайлы ғылыми пікірлер айтып, зерттеу жұмыстарында оған
түрлі анықтамалар бере кеткен. Айталық, ресейлік тілші Е.О.Опарина:
лингомәдениеттану – ұлттық тіл мен тіл процестеріндегі материалдық және
рухани мәдениеті көріністерін бірлікте зерттейтін гуманитарлық пән
[38,16], деп тоқталса, лингвомәдениеттанудың этнолингвистикамен тығыз
байланысты екені соншалықты, оны В.Н.Телия этнолингвистиканың бір саласы
ретінде қарастырады. Оның пікірінше, лингвомәдениеттану – тілдің
корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін
зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі [2,217]. Ал,
лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын зерттеуші
ғалым В.В.Воробьев оны металингвистика ғылымы ретінде қарастырып, бұл
сала туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді:
Лингвомәдениеттану – қызметі тұрғысынан тіл мен мәдениеттің өзара
байланысы мен өзара әрекетін зерттейтін және осы процесті қазіргі
басымдықтар мен мәдени белгілеулерге (қағидалар мен жалпыадамзаттық
құндылықтар жүйесіне) бағыт сілтейтін жүйелі әдістердің көмегімен тілдік
және тілдік емес (мәдени) бірліктердің біртұтас құрылымында бейнелейтін
жинақтау үлгісіндегі кешенді ғылыми пән [1,37].
Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғалым деп
санап, мынадай анықтама ұсынады: Лингвомәдениеттану – лингвистика мен
мәдениеттанудың түйіскен жерінде пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі
бейнеленген және қалыптасқан көрінісін зерттейтін ғалым [39,9].
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан байқағанымыздай,
В.В.Воробьев, В.А.Маслова, В.Н.Телияның бұл ғылыми тұжырымдамаларында арқау
болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдық ғалымдар
Э.Сепир мен Б.Уорфтың Лингвистикалық ықтималдық теориясының негізін
танытқан этнос дүниетанымындағы ерекшеліктің ізі халық тілінде сақталады
деген қағидамен астасып жатқандығынан сезіледі. Бұл жайт лингвомәдениеттану
пәнінің этнолингвистика ғылымымен туыстығын ашық көрсететіндей. Көп
жағдайда этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақтық, тіпті
ұқсас жақтары бірізді айтылғанымен, В.В.Воробьев атап көрсеткендей,
этнолингвистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша түсіндіруге болады:
Этнолингвистика кешенді этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың
шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингвистиканың
зерттеу мақсаты – тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени,
этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен
ұштастыру [1,15].
Дегенмен, тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасы, әсіресе
мәдениеттің тілге ықпалы, мәдениеттің тілдегі көрінісі ғылым үшін жаңалық
емес. Лингвомәдениеттанудың негізін құрайтын ғылыми ой-тұжырымдардың,
дәлірек айтқанда, халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт
мәдениеті сол халықтың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты ой-
пікірлердің туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында немістің
лингвист ғалымы В.Гумбольдтың лингвистикалық зерттеулеріндегі Тіл –
халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады деген тұжырымы – жаңа
ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ,
оның мәдениетті тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл
табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми
жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап, айтқанда ғалымның
пікірінше, біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани
мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдениет – ұлт нышанын
танытып, тілде өз жүйесін табады, үшіншіден,тіл –адам мен табиғатты
жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтың рух – тілдің ішкі
формасына тән [17,32]. Сонымен бірге, В.Гумбольдт өз еңбектерінде ұлтты
(мұнда халық ұғымымен мәндес (тілдік мәртебесі бар адам рухының
даралану формасы деп қарастырып, ол адамзаттың тілге бөлінуін халыққа
бөлумен сәйкестендіреді. Демек, тіл мен адам рухының арасындағы байланыс
берік болып келеді, бірақ бұл екеуі бір-бірінен бөлек не бірінен кейін бірі
дамымайды, бұл процесс екеуінде бірдей жүреді. Осыдан тіл мен адам рухы
бірігіп, интеллектуалды қабілет әрекетін қалыптастырады [17,10].
Мәдениеттің көне, жаңасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші
де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың тілі мен
мәдениетінің өзара қарым-қатынасынан, өзіндік тұрмыс-тіршілігі тіл арқылы
өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан, тіл мен
мәдениет арасындағы ажырағысыз байланыстың бар екенінен көрінеді. Аталған
ғылыми тұжырымның негізін американдық ғалым Э.Сепир: Тіл мен мәдениеттен
тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан, халықтың тыныс-тіршілігі
мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды.
Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді.
Осы тұрғыдан алғанда, тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды
деуге болады [18,186] - деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі
тек тілінің табиғатынан байқалатынын дәлелдейді. Осы орайда, ұлт мәдениеті
мен тіл формаларының байланысы мен арақатынасын қарастырған ғылымда аты
белгілі Сепир – Уорф болжамы дүниетанымы мен ойлау тәсілдері арасындағы
құрылымдық байланысты этнолингвистикалық тұрғыдан баяндап береді
[40,3].
Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұрғысынан зерттеген ресейлік
тілші ғалым А.Потебня тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым екенін
айта келіп: Тіл –халықтық рухтың жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті
көрсетеді деп анықтайды. Мәдениет тілдің таңбалану қасиеті арқылы
танылатынын, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін жан-жақты
сөз ете келе, халық рухы алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-
дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді [41,117] деп
қорытады.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың зерттеу еңбектеріндегі ғылыми
тұжырымдар ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы о бастан болжап,
тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін айқындаудан туған. Ішкі форманың
тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ой-пікірлер тіл ғылымының жаңа
бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес.
Лингвомәдениеттану ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары,
бір-біріне ықпалы айқын деректердің белгілі бір этносқа тән екендігін
зерттейді. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше
қалыптасқан жоғарыда аталған ғалымдардың (В.Гумбольдт, Э.Сепир, А.Потебня
т.б.) ғылыми ой-тұжырымдарын одан әрі жалғастырушы Ресейдегі фразеологиялық
мектептің өкілдері В.В.Воробьев; В.Н.Телия, Е.М.Верщагина, В.Т.Костомаров,
В.А.Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән
дәрежесіне көтеруілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен
жөн.
Тіл мен мәдениет ұғымдарының байланысы әсіресе Е.М.Верщагина мен
В.Т.Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан суреттеледі.
Олардың Тіл –тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің
материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін
жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал.
Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық
қызметі – әлеуметтік өмірде адамдардың жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі
ретінде қалыптасуы [42,10] деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану
пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.
Қазіргі таңға дейін лингвомәдениеттану пәнінің бірнеше бағыттары
қалыптасып үлгерді. Олар:
1. Жеке әлеуметтік топтың, этностың лингвомәдениеттануы, яғни белгілі
лингвомәдени оқиғаны белгілі бір кезеңде мәдениетпен байланыстыра
зерттеу;
2. Тарихи лингвомәдениеттану, яғни этностың лингвомәдени жағдайының
белгілі кезеңдегі өзгерістерін зерттеу;
3. Салыстырмалы лингвомәдениеттану әр түрлі, бірақ өзара байланысты
этностардың лингвомәдени көріністерін зерттейді;
4. Салғастырмалы лингвомәдениеттану. Бұл – жаңадан дамып келе жатқан бағыт,
қазіргі таңда бұл ғылыми бағыт бір-екі еңбектерде көрініс табады. Олардың
ішіндегі ең қызықты еңбектердің бірі М.К.Голованивскийдің Орыс тілінде
сөйлеушілердің көзқарасы жайындағы франсуз мәдениеті;
5. Лингвомәдени лексиография. Бұл бағыт лингвоелтану сөздіктерін
жасауға арналған. Бұл сала басқаларға қарағанда қарқынмен дамып келеді.
Мысалы, Д.Г.Мальцеваның сөздігі, онда жиырма бес негізгі үлкен
тақырыптық бөлімдер қамтылған.
XX ғасырдың соңында лингвомәдениеттанудың ғылыми ой-тұжырымдарының
негізінде Мәскеуде төрт лингвомәдениеттану мектебі қалыптасты:
1. Э.Бенвенист (Жалпы лингвистика.- М.,1974) концепциясына әдістемесі
жағынан жақын Ю.С.Степановтың лингвомәдениеттану мектебі. Бұл мектептің
мақсаты мәдениет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
ҚАЗАҚ АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕРІ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ МАЗМҰНЫ
Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері
Лингвомәдениеттану ғылым саласы ретінде мақсаты мен міндеттері
Пәндер