Мезгіл үстеуі мен мекен үстеуінің тіркесі


ЖОСПАР
Кіріспе3
І. 1 Неміс және қазақ тіліндеріндегі мекен-бағытты білдіретін тәсілдер. 6
І 2 Неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін предлогтарға жеке-жеке тоқталып көрейік. 14
ІІ 3 Екі тілде бір өлшемді кеңістікті білдіретін сын есімдер. 26
ІІ. 4. Мекен-бағытты мағынадағы предлогтардың көркем әдебиеттегі қолданылуы. 28
ІІ. 5. Қ. Жұбановтың мезгіл-мекен есіміне берген түсінігі. 30
І-ші тарау бойынша қорытынды. 34
ІІ Тарау. Неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіру тәсілдерін эксперимент жүйесінде қазақ аудиториясында оқыту нәтижесі. 35
ІІ1. Неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін предлогтардың қазақ аудиториясында қаншалықты қиындық туғызатынын эксперимент жүзінде тексеру. 35
ІІ 2. Эксперименттің жүру барысы. 39
ІІ - ші тарау бойынша қорытынды. 41
Қолданылған әдебиеттер44
Кіріспе
Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі грамматиканың алатын орны.
Қазіргі қоғамның практикалық қажеттіліктеріне негізделген шетел тілін оқыту әдістемесі бірауыздан оқыту өнімділігін арттыру жолдары мен тәсілдерін қарастыруға бағытталып отыр. Егеменді Қазақстан шетел тілін жетік білетін мамандарға үміт артып отырған кезде, шетел тілін оқыту әдістемесінің алдындағы міндеті де орасан зор.
Бүгінгі таңда шетел тілі барлық оқу мекемелері мен жоғарғы оқу орындарында оқытылады, дегенмен бұл оқу орындарының түлектерінің барлығы бірдей қатесіз сөйлей алады деп айту мүмкін емес.
Шетел азаматтарымен коммуникативтік қарым-қатынасқа түскен кезде көптеген студенттер грамматикалық қате жіберіп, өздерін еркін ұстай алмайтыны анық нәрсе. Ал оқушыларды оқушыларды немесе студенттерді осылайша іріктеу, олардың грамматикаға деген жағымсыз көзқарастарын қалыптастырады және де олардың оқу мотивациясына психологиялық тұрғыдан кері әсер ете отырып, олардың шетел тіліне деген қызығушылықтары тежейді. Бұндай мәселеге байланысты мынандай сұрақ туындайды: «Грамматикалық ережелерді жалпыға бірдей ұғынықты қылып түсіндірудің қандай оңай жолдары бар?» Бұл сұраққа бір жақты жауап табылмайынша, ғылыми ізденіс жұмыстары өз жалғасын таба бермес.
Сондықтан да шетел тілін оқыту әдістемесі салаларының ішіндегі грамматиканы оқыту көптеген жылдар бойы қарқынды талқылау пәні болып келе жатыр. Түрлі кезеңде грамматиканы түрліше түсініп келеді. Шетел тілі грамматикасын оқыту мәселесін шешу үшін, ең алдымен «грамматика» деген ұғымын анықтап алу қажет.
Сонымен грамматика дегеніміз не?
Логикалық фәлсафалық сұрақтар синтаксиспен бөлініп шығып, грамматикада біздің дәуірімізден бұрынғы кездің өзінде-ақ ғылымның дербес саласына айналды. «Грамматика» ұғымын алғашында «оқу және жазу өнері» дегенді білдіреді. Орта ғасырда «еркін өнер» ретінде Grammatik (lat) берілді.
Қандай да болмасын құрылымның құрамдас бөлігі болып табылып, өз алдына мынадай мақсат қойды: латын тілін (кез келген де басқа тілдерді) меңгеруге үйрету, философия туралы мағлұмат беру. Миды шынықтыруды іске асыру. Қандай да болмасын тілді оқыту грамматика жүзеге асты.
XІX ғасырдан бастап «грамматика» ұғымы тілді оқытуда жаңа мағынаға ие болды. Лингвисттердің анықтамасы бойынша грамматика төмендегілерді білдіреді.
- Тілдің грамматикалық құрылымын
- Осындай құрылымды зерттейтін тіл білімі саласын
- Сөздің өзгеруі туралы ережелердің жиынтығы, олардың сөз тіркесіндегі бір-бірімен бірігуі (кей кезде мәтіндегі)
- Ереже сипаттаманы қамтитын оқулық
XX ғасырда лингвисттер мен әдіскерлер «грамматика» ұғымына ғылымның түрлі тарауларын енгізе бастады, мысалға алсақ, фонетика, орфография, лексикология бөлімдерін, фразеология, стилистика «семантика» тарауларын және прагматика т. б.
Қазіргі таңда шетел тілін оқыту әдістемесіндегі граматиканың алатын ролі бір қатар факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырады: лингвистика теориясы эволюциясының әсерінен шетел тілін оқытудың практикалық нәтижелерін ескерудің әсерінен т. б. 8 Дегенмен қандай да болмасын тілідң грамматикасын игеруден кездесетін көптеген қиыншылықтар толастамай, қайта түрлі себептерге байланысты күрделене түсуде, мысалы:
- жаңадан енгізілген грамматикалық терминдер арқылы
- түрлі ережелер арқылы
- ескертулердің шексіз саны арқылы.
Бұған қоса көптеген лингвисттер грамматиканың түрлі мәселелерінің төңірегінде талас тудыруда. Мысалға алсақ, сөз табы мәселесі бүгінгі күнге дейін біржақты шешім тапқан жоқ, шығу тегі шетел тілі болып табылатын барлық жаңа терминдер қосымша қиыншылықтар әкелуде т. б. 5
Оқып отырған шетел тілінің грамматикасы оның ережелерін және тілдік жүйесін ана тілінің көмегімен жеңілдетуге болады. Осындай мақсатпен көптеген тіл мамандары мен әдіскерлер бірнеше ғылыми еңбектер жазған, атап айтсақ, Иванова Н. Н «Методика обучения грамматическому оформлению речегого высказывания на английском языке», Горина В. А «Основные проблемы методики обучения грамматике второго иностарнного языка» т. б.
Біреумен қарым-қатынасқа түсу, сөздердің көмегімен болады, бірақ сөйлеуде қолданылатын сөзер біыңғай емес. Бір сөздер бір нәрсенің атауын білдіреді, екіншілері басқа сөздерді анықтау үшін қолданылады, үшіншілері сөйлеушілердің мақсатын, бір нәрсенің себебін білдірсе, ал басқалары оқиғаның өрбу орнын, бет алысын немесе қайдан шығып, қайда тірілер жерін білдіреді. Яғни сөздер, сөйлем мүшелердің қызметін атқарып, бір-бірімен қиыса, матаса, жанаса, қабыса байланысады.
Осындай сөздердің ішінде мекен-бағытты білдіретін сөздерді оқыту өзінің күрделілігімен, өзектілігімен және қызықтылығымен ерекшленеді. Себебі, мекен-бағытты білдіретін сөздер неміс тілінде бір-бірімен меңгеріле (Rektion арқылы) - байланысады, ал бұл оқушылардың әлсіз жақтарының бірі болып табылады. Осыған орай, біздің ғылыми талғамымыз мекен-бағытты білдіретін граммитикалық тәсілдерді қарастыруға бағытталып, магистрлық диссертацияның тақырыбын «Неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін грамматикалық тәсілдерді қазақ аудиториясында оқыту әдістемесі» деп алынып отыр. Жұмыстың зерттелу барысында төмендегідей үш тәсіл қоданылды.
- сипаттау тәсілі
- салғастыру тәсілі
- трансформациялық тәсілі
- бақылау тәсілі
- есепке алу тәсілі
Жұмыстың мақсаты: Қазақ аудиториясына неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін тәсілдерді тиімді қолдануға септігін тигізетін түрлі жаттығулар жүйесін жасау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай тапсырмалар орындалуы тиіс.
Жұмыстың міндеттері: 1) Жұмыстың мәнін ашатын қазақ және неміс тіліндегі еңбектерге талдау жасау.
2) Тақырыпқа түсініктеме. Қазақ аудиториясында неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін тәсілдерді тиімді қолдану.
3) Түрлі жаттығулар жасау және олардың тиімділігін эксперимент барысында тексеру.
4) Жасалынған жаттығуларға сүйене отырып, мекен-бағытты білдіретін тәсілдерді қазақ аудиториясының студенттерін еркін қолдануға мүмкіншілік туғызытын жолдарды қарастыру.
Жұмыстың нысаны: Қазақ аудиториясында неміс тілінің мекен-бағытты білдіру тәсілдерін оқыту процесі.
Жұмыстың пәні: Ана тілімен неміс тілін салыстыра отырып оқыту, түсіндіру.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы:
Зерттеу жұмысының барысында анықталған мағлұматтар бойынша қазақ және неміс тілдерінің ерекшелігін ескеретін мекен-бағыт тәсілдерін қамтитын түрлі мәтіндерді жасауға септігін тигізеді.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Зерттеу жұмысының нәтижесі қазақ және неміс тілдері оқулықтары мен оқу құралдарын жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар осы оқу құралдарын кез-келген оқу орнында шет тілін оқыту барысында қолдануға болады. Және де бұл жұмыстың нәтижесі аударма теориясына да өз үлесін қоса алады.
І. 1 Неміс және қазақ тіліндеріндегі мекен-бағытты білдіретін тәсілдер.
Жалпы айтқанда, мекен-бағытты білдіретін сөздер неміс тілінде де, қазақ тілінде де студенттердің еске сақтау қабілеттерін дамытуды талап ететін және өзінің қолдану аясының жиілігімен, жасалу жолдарының қиыншылықтарымен ерекшеленетін грамматикалық құбылыс болып табылады. Бұл грамматикалық құбылыстың төңірегінде туындайты. н қиыншылықтардың көпшілік бөлігі олардың қандай сұраққа жауап беретіне қатысты, яғни, егер олар (wohin?), (қайда?) сұрағына жауап беретін болса, онда оқиғаның бағытын білдіретін сөзді аккузативте (табыс септігінде), ал (wo?), (қайда?) сұрағына жауап беретін болса, оқиға орнын білдіретін сөзді дативте (барыс септігінде) қоланамыз. Әрине, оқиға орнын немесе оның бағытын білдіргенге қарамастан бірдей сұраққа жауап беретін қазақ тіліндегі мынандай мекен-бағыт сөздерін неміс тілі грамматикасындағы осындай құбылыспен салыстыра оқыту айтарлықтай дәрежеге оңай қол жеткізеді деп айту қиын. Сонымен қатар, көптеген тіл мамандары, атап айтсақ Адмони, Арсеньева, Әбдіғалиев, Москальская Шендельс т. б. мекен-бағытты білдіретін сабақтас бағыныңқылы құрмалас сөйлем жайлы бір жақты шешімге келген жоқ. Олардың бір қатары басыңқы сөйлемде wo (wohin, woher) деген сияқты сілтеме сөздері бар (Korrelat) мекен-бағытты білдіретін сабақтас бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерді анықтауыштың қызметін атқаратын сабақтас бағыныңқылы құрмалас сөйлем ретінде қарастырылады.
Мұндай талас тудырып отырған мекен-бағытты білдіретін сөйлемдер қазақ тілі синтаксисінде мүлдем қолданылмайды. Ал ана тілінде баламасы жоқ грамматикалық құбылыстарды оқыту қиыншылықтарды одан әрі күрделендіре түседі.
Туыстық жағынан алшақ жатқан неміс және қазақ тілдеріндегі мекен-бағытты білдіретін сөздердің жасалу жолдары жағынан да ұқсастықтарымен айырмашылықтары бар, атап айтсақ екі тілде де олар мекен үстеуінің (lokale Adverbien), зат есімнің, есімдіктің көмектерімен жасалады. Бұл жасалу жолдарына қатысатын сөз таптары неміс тілінде предлогтармен келеді, ал қазақ тілінде олар септік жалғауларымен немесе шылау сөздермен келе алады. Бұл екі жерде де біз ұқсастықтар мен қиыншылық тудыратын айырмашылықтарды байқаймыз. Ал бұл сөздердің атқаратын синтаксистік қызметіне келер болсақ, олар екі тілде де мекен пысықтауыштардың қызметін атқарады.
Бұл тараудың жалғасында мекен үстеуіне, мекен пысықтауышына, сабақтас бағыныңқылы құрмалас сөйлемге тоқталып, жан-жақты сипаттама беруге тырысамыз.
Кеңістік туралы түсінік адамның қоршаған ортаны тануында үлкен орын алады. Кеңістік ұғымын білдіру, жеткізу тілге байланысты. Әр елдің тілі әр түрлі болғандықтан, мекен- бағытты білдіруде олардың өзіндік тәсілдері мен ұлттық ерекшеліктері болады.
Мекен- бағыт дегеніміз- заттардың қозғалысы мен қимылының тірелер жері, мекені.
Тіршіліктің, өмір сүрудің негізі - іс- әрекет, қимыл. Жалпы, адамның практикалық ісі оның мекенді тануынан басталады, тіпті өмірді тани бастаған нәресте де ең әуелі мекен туралы түсінік алады. Сәбидің ең алғашқы сұрағы не? қайда? болатындығы да психология ғылымынан белгілі. Сондықтан тіл - тілдің бәрінде де іс - әрекет, қимылдың мезгілге, мекен, орынға, бағытқа тәуелді болуы заңды.
Мекен - бағытты білдіру мақсатында әр тілде әр түрлі грамматикалық формалар мен тәсілдер қолданылады.
Неміс және қазақ тілдерінде де мекен - бағыттың білдірудің әбден қалыптасқан, айқындалған тәсілдері бар. Мекен - бағыттық мағынаны бұл тілдерде (неміс және қазақ тілдерінде) мекен үстеулері, мезгіл және мекен есімдері, қазақ тілінде көлемдік септіктер көмегімен жасалады.
Іс- қимылдың, процестің мекенін, орнын, бағытын білдіретін сөздердің көпшілігі
- ҮстеулерІс- әрекеттің орнын білдіретін үстеулер:
hier, da, dort, draussen, innen, aussen, rechts, links, oben, unten, uberall, irgentwo, anderswo, nirgendwo
Бұл сөздер Wo? деген сұраққа жауап береді. Іс - қимылдың бағытын білдіретін үстеулер:
hierhin, dahin, dorthin, aufwarts, abwarts, seitwarts, vorwarts, heimwarts, fort, weg, heim, bergauf, bergab.
Бұл үстеулер Wohin? сұрағына жауап береді.
Қазіргі қазақ тіліндегі мекен үстеулері қимыл процесінің, амалдың бет алысын, бағытын, орнын, мекенін білдіреді. Мекен үстеуінің құрамындағы сөздердің бәрі де тек етістіктердің мекендік белгісін білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы:
Екі қабатты үйді қызық көрген бала біресе төмен, біресе жоғары шығады.
z. B. Das Kind, das (uber) das zweistokige Haus bewunderte,
Мекен үстеулері морфологиялық құрылысы жағынан біркелкі емес. Олар- түгелдей туынды сөздер. Мекен үстеулері әр алуан түпкі түбір тұлғаларға кейбір септік жалғауларының қосылып айтылуы және сондай қосымшалы сөздердің қосарлана айтылуы арқылы сөз тудырудың морфологиялық, синтаксистік жолдары арқылы жасалған. Мекен үстеулердің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы, негізінде, әр түрлі түпкі түбір тұлғаларға септік жалғауларының қосылып айтылуы және олардың жалғанған сөздерінен бөліп алып жалғау есебінде қарайтындай дәрежеден ауысқан (консервацияланған) түрінде жасалған:
а) көптеген мекен үстеулері түпкі түбір тұлғаларға -қары// -ғары,
-кері// - гері және көне барыс септік жалғауларының әрі олардың - ры// рі сияқты ықшамдалған түрлерінің қосылып айтылуы арқылы әрі, бері, жоғары, кері, сыртқары, тысқары, ішкері, ілгері сияқты түрде жасалған.
Ал неміс тілінде жоғары, ішкері, сыртқары, тысқары, төмен деген үстеулер ескі (байырғы) үстеулердің бірігуі нәтижесінде жасалады да, бағыттық мағынаны білдіреді. Мыс:
Sabit kommt heraus. Сәбит сыртқа шығып барады.
Sabit geht hinein. Сәбит ішке кіріп барады.
« Hinauf» типтес сөздердің екінші компоненті «ішкі, сырт, жоғары, төмен» сияқты бағыттарды білдіреді.
Қазақ тілінде кейбір мекен үстеулері түпкі тұлғалар мен сілтеу есімдіктерін жатыс септік жалғауын қосып айту арқылы алда, әртінде, мұнда, сонда түрінде жасалады .
Біраз мекен үстеулері түпкі түбір тұлғаларға - ман// - мен қосымшаларының (бұл көне барыс септігі болуы мүмкін) қосылуы арқылы арман, әрмен, бермен, төмен сияқты түрде және кейін формасында қалыптасқан.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған мекен үстеулері көп емес, олар жатыс, шығыс септік формасындағы сөздердің қосарланыпайтылуы арқылы жасалады.
анда- мұнда ( dort - hier)
одан - бұдан (dorthin - hierhin)
онда - мұнда (dort- hier, da)
Мекен үстеулері түгелдей көптелмейтін, жіктелмейтін және тәуелденбейтін сөздер болса, олардың кейбіріне септік жалғаулары жалғанып айтылатын реттері де кездеседі. Мыс: көне барыс септік тұлғалы мекен үстеулері әріде, әріден, беріде, беріден, жоғарыға, жоғарыдан, ілгеріде, ілгеріден, кейіннен, төменде түрінде септік жалғауларын қабылдайды.
Сөз тудырушы морфологиялық қосымшалардың ішінде мекен үстеулеріне жалғанатын тек: - рақ //- рек жұрнақтары ғана. Оның өзінде де жалпылама, кез - келген мекен үстеулеріне қосыла бермейді, - рақ // рек жұрнағы көне барыс септік жалғаулы мекен үстеулеріне әрірек, берірек, жоғарырақ, ілгерірек, арманырақ, берменірек, төменірек, кейінірек түрінде жалғанады.
Тілдегі құбылыстар үнемі даму үстінде болады. Сондықтан онда әр түрлі өзгерістер болып тұрады. Қазіргі әбдеби тілдің даму барысында бақа да сөз таптары сиқты үстеу сөздердің де біршама жаңа қыбылыстарға ие болғаны белгілі.
Бұрынғы грамматикалыкалардың барлығында дерлік үстеулер морфологиялық жағынан өзгермейді днп түсіндіріледі. Әдеби тіліміздегі қазіргі сөз қолданыстар үстеулер кейбір сөзөзгерім қосымшаларын қабылдап, түрлі өзгерістерге ұшырайтынын дәлелдеп отыр. Кейінгі зерттеулерде аталмыш процесстің түркі тіл білімінде де дамып, кең қолданысқа ие болып келе жатқанын байқаймыз.
Үстеулердің септік жалғауын қабылдауында мына нәрсені ескертпеске болмайды. Ол септік жалғаулардың үстеу сөз жасамын да алатын орны. Кейбір үстеулер кеңістік мағыналы септік жалғауларды қабылдап, жаңа сөз жасайды. Мәселен, “төмен кетті” деген сөз тіркесіндегі үстеу бағыттық мәнде қолданылса, сол сөз жатыс септігінің жалғауын қабылдап “төменде отыр” мекендік мағынаға ие болады.
- Табыс септігінде етістіктермен меңгріле байланысатын негізінде мезгіл, мөлшер, мекен үстеулері: Жоғарыны күнде көрме,
Төменгі жүндей көрме. (маржан)
- Барыс септігінде пысықтауыштық қатынасқа негізінен мекен үстеулер қолданылады.
- Шығыс септігінде пысықтауыштық қатынаста тіркесін мезгілдік, мекендік мағынаны білдіру тілімізде жиі қолданылады:
“Жоғарыдан құлаған тас бірте, бірте жиілей түсті. (“Қазақ әдебиеті” газеті)
Мекен үстеулері қимылдың, амалдың бағыты, орнын, мекенін білдіретін, тек етістіктермен тіркеседі. Оның зат есімдермен тіркесуі өте сирек кездеседі. Мұндай қызметте-ғары көне формасы арқылы жасалған мекен үстеулері ғана жұмсалады. Мысалы:
- Оған енді бұдан жоғары орын жоқ. жалын журналы
- Олар шамаларынан тысқары нәрсе екенін білді. (С. Мұқанов)
Қазіргі қазақ тілінде шылау сөздер өзіндік қыры мен сыры бар күрделі сөз табы. Тілдің даму барысындатіліміздегі шылаулардың мағыналары мен қызметі жан-жақты толығып, түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Соңғы жылдары шылау сөзднрдің сөз тіркесіне қатысы ғылымдар назарын аударып отыр. Соған орай қазақ тілі оқулықтарында шылаулар синтаксисі туралы түрлі пікірлер қалыптасқан. Мәселен, проф. М. Балақаев “Шылаулар сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өзара байланыстырушы дәнекер”, - деп есептеген. Ал, проф. Р. Әміров септеуліктер зат есіммен есімше сөздерге жалғанып етістікті сөз тіркесін құрайтын септеушіліктердің көпшілігінің мекендік, мезгілдік қатынасты білдіру үшін жұмсалатынын айтады.
“Қарай” шылауы мекен үстеулеріне тіркесіп, бағыттық мән береді: Екі әйел аттарынан түсіп, тізгіндерін қосақтады да, төменге қарай тас шатқалды айналды. (“Жалын журналы”)
“Жоғары, ілгері” үстеулерінің тарихи құрамында барыс септігінің жалғауы болғандықтан, бұл сөздер кейде “қарай” септеулігімен жалғаусыз-ақ тіркесе береді: Төменнен жоғары қарай қарағанда, сыртында кемшілік жоқ, сылағы да біткен. (А. Байтанаев)
Басқа сөз таптарына қарағанда, үстеумен үстеудің тіркесі жиі кездеседі. Үстеулер бір-бірімен қабыса және меңгеріле байланысады. Басыңқы сыңарда қолданылытын қөбіне қимыл-сын, мезгіл, мекен үстеулері болса, ал бағыныңқы сыңарда мезгіл, мекен, қимыл-сын үстеулері жиі қолданылады. Тіліміздегі үстеулердің мынадай формалары тіркесетіні байқалады. Қабыса байланысқан үстеулер сөз тіркестерінің ішіндегі ең көп қолданылатынтіркесі. Мезгіл үстеуі мен мекен үстеуінің тіркесі. “Әзірше нәтижесі тым төмен”(М. Мғауин)
Мөлшер үстеулері мен мекен үстеулерінің тіркесі: “Қырманнан біраз шеткерірек көк шөп жаюлы жатқан”(М. М)
Үстеулер бір-бірімен 3 септікте меңгеріле байланысады, олар барыс, шығыс, жатыс. Үстеулердің өзара меңгерілуі қабыса байланысуымен салыстырғанда әлдеқайда аз кездеседі. Мыс: Осы баспалдақтан біреу жоғарыдан төмен түсіп келе жатыр, ал біреу керісінше төменне жоғары өрлеп келеді. (А. Машинов)
Зат есім қатарындағы бір қатар сөздер көмекші есім деген атаумен дараланып, бөлек аталады. Олар мыналар:
алды, арты, асты, айналасы, беті, іші, сырты, түбі, шеті, тұсы.
Бұл сөздер дерексіз мекендік мағынаны білдіреді. Көмекші есімдер бір затқа қатысы жөнінен белгіленетін кеңістікті, мекенді атайды. Бұлардың мағынасы басқа бір атауыш сөзге жұмсалғанда ғана айқын танылады. Атауыш сөз бен көмекші есім сөз қосылып нақта мекен жөнінде бір ұғым береді. Мекен, кеңістік туралы ұғымды жеткізуде көмекші есімдер белгілі бір семантикалық топқа, жүйеге сараланады. Бір топ көмекші сөздер мекенді затқа алыс жақын орналасуына қарай атайды. Олар мына сөздер: шеті, түбі, жаны, маңы, жағы, тұсы, төңірегі .
Енді бір тобы мекенді заттың алуан қырына орай білдіреді. Олар : алды- арты, үсті -асты, беті, бойы, іші, сырты, ортасы, арасы.
Мыс:1. Ауылдың шетінде тоғай бар.
2. Стол үстінде ескі газеттер жатыр.
z. B: 1. Am Rande des Dorfes liegt ein Wald.
- Auf dem Tisch liegen alte Zeitungen.
Қзақ тілінде мекендік бағыттық мағынаны білдіруге шылаулар да, атап айтсақ, мекен мағыналы септеуліктер де ат салысады.
Мыс: Үйге (дейін) жүгірудің қажеті жоқ.
Жайылымға таман келдік.
Ауылға қарай беттеді.
Қаладан бері шықты.
Осы сөйлемдегі бағыт -ұғымдар неміс тіліне аударғанда предлогтар көмегімен беріледі.
Неміс тілінде предлог көмекші сөз табына жатады 1 , осы тілде предлогтың 120 дай түрі бар. Предлогтың көмекші түрінде болса да, лексикалық мағыналары бар. Бұл меғына предлог қолданылғанда айқынырақ көрініп тұрады.
Мекен мағыналы предлогтарға тоқталайық. Олар мыналар : ab, an, auf, aus, ausser, ausserhalb, bei, bis, diesseits, durch, entlang, gegenuber, hinter, in, inmitten, innerhalb, neben, oberhalb, uber, um, unter, unterhalb, unweit, unfern, von, vor, zu, zwischen.
Das Wasser lauft aus dem Eimar.
Das Werk befindet sich ausserhalb der Stadt.
ausserhalb- сыртында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz