Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-6

  1. Тарау. Қазақ тіліндегі концептілердің құрылымдық типтері

1. 1. Тіл біліміндегі концептуалдық бағыт және концепт теориясы. 6-18

1. 2. Қазақ тіліндегі концептілердің құрылымдық типтері18-28

2. Тарау. Концептілердің ішкі құрылымын түзуші мазмұндық компоненттер

2. 1. Ғаламның тілдік бейнесіндегі «Өмір» концептісі . 28-52

2. 2. «Жан мен Тән» микроконцептісінің тілдік модельдері. 52-67

2. 3. Ғаламның концептуалдық-тілдік бейнесіндегі «Өлім» концептісі …… 67-83

Қорытынды83-87

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 87-91

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғалам бейнесіне қатысты көптеген мәліметтерді танып түсінуге қашанда әрекет еткен әрбір этностың көптеген мыңжылдықтар бойындағы тәжірибесі бүгінгі таңда тіл білімінде << тіл-ұлт-таным >>, << тіл-мәдениет-этнос >> үштіктерінің призмасында зерттелуде . Қазақ ұлты өзіне тән ұлттық қасиетімен, этностық табиғатымен ерекшеленеді . Этностың когнитивтік санасындағы ментальдық даралықты тілдік деректер негізінде танып түсінуге когнитивтік лингвистика жол сілтейді . Когнитивтік лингвистика қазақ тіл білімінде соңғы он бес жиырма жыл аралығында өріс алған антропоцентристік бағыттағы жаңа сала .

Қазіргі қазақ тіл білімінде антропоцентристік бағыттың ғылыми-теори-иялық негіздерінің алғы шарттары Ә. Қайдар, Р. Сыздық секілді ғалымдар мектептерінің өкілдері : Қ. Хұсайынов, Ж. А. Манкеев, Г. Смағұлова, Г. Сағидолда, С. Сәтенова, С. Сейсенова, А. Алдашева, Н. Уәлиев, Қ. Жаманбаева, А. Ислам, Б. Ақбердиева, Г. Снасапова, А. Сейілхан, Сыбанбаева, С. Жапақов, М. Күштаева, Ш. Елемесова, К. Күркебаев секілді ғалымдардың зерттеулерінде этностың танымдық әрекеті, тілдік тұлға, тілдік сана, ақиқат болмыстың тілдегі бейнесі, тілдік модельдер және халықтық дүниетанымның, эстетикалық талғамның, рухани және материалдық мәдениеттің тілдегі көрінісі сөз болды.

Ұлт (этнос, халық) болмысы тілдің танымдық әрекетпен, уақытпен, кеңістікпен, мәдениетпен, өркениетпен сабақтастықта қалыптасады. Өткен тарихы мен рухани-мәдени құндылықтарын бейнелейтін тіл жоғалған жағдайда этнос өмір сүруін тоқтатады . Сондықтан да заман озған сайын тіл мәселесі тек тілші мамандарға ғана емес, << адам-қоғам-табиғатпен >> сабақтастығын қарастыратын барша мамандық иелеріне де үлкен ой салуда . Демек лингвистердің тілдің жаратылысын, болмыс бітімін, табиғатын т. б. этнографиямен, философиямен, психологиямен, мәдениеттанумен ұштастыра зерттейтін ғылыми бағыттарды қалыптастыруы заңды құбылыс .

Біздің зерттеу жұмысымыздың негізі мен басты қағидалары осы бағыттарға сәйкес келеді. Осы орайда ұлттық таным -түсініктерді жекелеген тілдік деректер негізінде анықтап ашалайтын ғаламның тілдік концептуалды бейнесіне жол сілтейтін концептінің табиғатын ашу да өзекті де маңызды мәселе.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әрбір этнос өзін қоршаған ортадағы заттарды, нәрселерді, құбылыстарды, дүниені, ғаламды өзінің ментальдық таным-түсінігінше зерделейді, тілінде бекітеді . Тіліміздегі өмір мен өлім, жан мен тән ұғымдарына қатысты лингво мәдени танымдық бірліктер этнос танымы мен тіл сабақтастығы тұрғысынан толық қанды зерттеу нысанына айналды деп айту қиын. Осыған орай өмір мен өлім, жан мен тән ұғымдарының концептілік аясын ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, олардың лингвомәдени, когнитивтік-концептуалдық, уәждік және этимологиялық аспектілерін тіл заңдылықтары негізінде саралау тақырыптың маңыздылығын айқындайды.

Ғаламдағы бір-бірімен байланысып жатқан құбылыстарды тілдің сөздік қазынасы байлығы толық бейнелей алады . Осы орайда өмір мен өлім, жан мен тәнге қатысты лингво мәдени танымдық бірліктер ақиқат дүниенің тілдік және концептуалдық фрагменттері ретінде қарастырудың маңызы зор. Адам дүниетанымына қатысты тілдік және тілдік емес мәнділіктерді өзара сабақтастығы лингво-логика-философиялық талдаудың нысаны етудің адам табиғатын, қоғам-адам бірлігін зерттеудегі орны айрықша.

Зерттеудің дереккөздері нысанасы. Қазақ тіліндегі “Өмір, жан мен тән, ажал, өлімге” концептісіне енетін атауыш сөздер, лексика-фразеологиялық және паремиологиялық бірліктер, ақын-жыраулар туындыларындағы бейнелі сөздер алынды.

Қазақ тіліндегі «Өмір», «Өлім» макро концептілерінің құрамына кіретін «Жан мен Тән» микро концептілерінің лингво логика философиялық модельін айқындау, олардан таралған тілдік модельдердің бірлік ретінде қарастыру концептілер астарындағы аялық білімді ашу.

Лингвистикалық бірлік ретіндегі концепт антропоцентристік бағыттағы зерттеудің барлығына бірдей емес тек когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны . Өйткені ол таным мен тіл сабақтастығынан туындайды .

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - адам дүниетанымы мен мәдениетінде орны ерекше дүниеге деген дәстүрлі көзқарасты лингво-когнитивтік-концептуалдық және лингвомәдени- семиотикалық бірліктер негізінде зерделеу. Мұнда “Жан мен Тән” микро концептісінің - “Өмір мен Өлім” макро концептілерінің, оның құрамдас бөлігі логика-семантикалық аясын анықтау, аялық білімді көрсету, және олардың астарында жатқан аялық білімін тілдік экспликациясын жасау көзделетін негізгі мүдде.

- лингвологика-философиялықлық модель ретіндегі концептінің антропоцентристік бағыттағы зерттеулердегі орнын анықтау .

- қазақ тіліндегі концептілердің логикалық типтік және тілдік модельдері арасындағы сабақтастықты көрсету .

- концептілердің ішкі құрылымын түзуші мазмұндық компоненттерді айқындау .

- “Өмір-Өлім” концептілері ғаламның тілдік бейнесіндегі танымдық негізін айқындау .

- “Өмір-Өлім” концептілері логикалық және тілдік (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, образды сөздер т. б ) модельдерін саралау .

- Өмір, жан мен тән, ажал, өлімге байланысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін ашалап олардың астарындағы этностың аялық білім құрылымын көрсету.

- “Өмір және Өлім” макроконцептілерін құраушы микроконцептілерді лингвофилософиялық тұрғыдан жүйелеу .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

- Қазақ тіл білімінде алғаш рет концепт ұғымының теориялық негіздемесі айқындалып, оған лингвофилософиялық анықтама берілді.

- концептілік мәнге ие доминанттар когнитивтік санамен сабақтастықта алынып, концептілердің құрылымы мен типтері обьективтендірудің тілдік құралы ретінде қарастырылды.

- “Өмір-Өлім” концептісінің ғаламның тілдік бейнесін жасаудағы ерекшеліктері көрсетіліп, ол ақиқат және бейақиқат дүниенің, эстетикалық талғамның тілдік бейнесі ретінде талданды, мәдени және мәнді когнитивтік бірлік ретінде қарастырылады .

- “өмір, жан мен тән, ажал, өлім” ұғым түсініктеріне қатысты тілдік модельдерге концептуалдық семантикалық талдау жасалып, соның негізінде “Өмір-Өлім” концептісінің типтік және тілдік модельдері айқындалды .

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдамалар :

- лингвологикалық бірлік ретіндегі концептінің антропоцентристік бағыттағы орны. Осы тұрғыдан келген тұжырым: Өмір-Өлім” макро концептісі- халықтың дүниеге көзқарасын қалыптастырушы лингвологикалық басты модель

- концептілердің ішкі құрылымын түзуші мазмұндық компоненттерін : этностың дәстүрлі дүниетанымы, ғалам жайлы бейнелі түсінігі, ұлттық-мәдени-танымдық ақпараттар жүйесі- концептілердің негізі.

- ғаламның тілдік бейнесіндегі “Өмір-Өлім” концептісінің танымдық негізін ақиқат дүниедегі денотаттар, сигнификаттар, конотаттар бірлігі құрайды .

- “Өмір-Өлім” концептісінің тілдік модельдерін (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, образды сөздер т. б) бірарнаға тоғыстыратын -“Өмір-өзен”, ”Өмір-жол”, “Өмір-сәуле”, “Өмір-мектеп”, “Өмір-күрес”, “Өмір-қызық”, “Өмір-қымбат”, “Өмір-уақыт”, “Өмір-махаббат”, “Өмір-жалған” сияқты логикалық типтік модельдер. Бұл модельдердің тілдік тұрпат алуына нақты денотаттар (ит, түлкі, мұз, тайғақ, бекет, таяқ, алтын т. б) қатысып, бейнелі ойлаудың нәтижесі іспетті образды сыпат алады . Бұл-тіл иесінің көркем бейнелі ойлауының нәтижесі . Логикалық типтік модельдер мен тілдік модельдердің біртұтастығы “Өмір-Өлім” макро концептісін құраушы микро концептілерді (Жан мен Тән, Ажал, Адам, Қаза ) лингвофилософиялық тұрғыда жүйелеуге негіз болады .

Зерттеу әдістері. Жұмыста диахрондық-синхрондық тұрғыдан сипаттама, салыстырмалы тарихи, семасиологиялық, этнолингвистикалық, когнитивтік, аналитикалық сияқты талдаудың түрлері тәсілдері пайдаланылды.

Жұмыстың теориялық маңызы мен практикалық мәні.

Зерттеудің нәтижелері қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттаным, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа ғылыми бағыттардың ғылыми-теориялық проблемаларын шешуге, атап айтқанда когнитивті лингвистиканың ғылыми аппаратын жетілдіруге үлес қосады .

Жалпы тіл біліміндегі зерттеудің нақты түйіндері мен тұжырымдары этностың тарихы мен салт-дәстүрін, дүниетанымы мен мәдениетін тіл арқылы танып білуге көмектеседі .

Зерттеудің нәтижелерін оғарғы оқу орындарында оқытылатын когнитивті лингвистика пәнінен лекция, семинар, лабараториялық сабақтар, өз бетімен жұмыстар, сабақтан тыс жұмыстар жүргізуде кеңінен пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдамалар :

- концептілік мәнге ие доминанттар - ерекше мәдени танымдық ақпараттық мазмұнға ие, ұлттық тілдік құралдардың қорында ерекше орын алатын; ақиқат дүние мен бейақиқатдүние және эстетикалық дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі болып табылатын; тілдік таңбалар жүйесі ;

- концептілік мәнге ие доминанттардың семантикасын мәдени, дүниетанымдық ерекшеліктері қомақты көп компонентті тілдік таңба ретінде ұлтық рухани және материалдық мұра деп танылады;

- Концептілік мәнге ие доминант-концепт тудырушы ақиқат дүние мен бейақиқат дүние фрагменттерін адам санасына ұялатушы объективті басты тілдік құрал;

- концепт-этнос мәдениетінің ментальдылығын танытатын тірек ұғым, психоментальды құбылыс, алғашқы таным түсінік ;

- “өмір-өлім”, “жан мен тән” концептілері - ғалам бейнесіндегі лингво-логика-философиялық категориялар және бір-бірімен сабақтас этномәдени танымдық мазмұнға ие когнитивтік бірліктер ;

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы . Зерттеу жұмысы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Универстетінде өткен Қ. Қ. Жұбановтың жүз бес жылдығына арналған “Қ. Қ. Жұбанов тағылымы” атты республикалық ғылыми практикалық конференцияда (2004 жыл, желтоқсан) баяндама жасалды, 1 мақала жарияланды .

Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .

1 Қазақ тіліндегі концептілердің құрылымдық типтері

1. 1 Тіл біліміндегі концептуалдық бағыт және концепт теориясы

Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен екі парадигманың тоғысында зерттелуде . Оның біріншісі - структурацентристік парадигма, екіншісі- антропоцентристік парадигма.

Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде және жекелеген тілдерді зерттеуде антропоцентристік парадигма басымдыққа ие болып отыр. Әрине, мұндай болуының өзіндік қыр-сыры да жоқ емес .

Лингвистика ғылымындағы антропоцентрисік парадигма ең алдымен тілді тұтынушы адамды, әрі тілдің шынайы иесі-этносты, ұлтты, халықты алдынғы қатарға қояды . Ал структурацентристік зерттеулерде тілдің иесі көлеңкеде қалып қалады. Структурацентризмнің жетіспейтін жағын антропоцентризм толықтырады.

Тіл-субьектінің ең басты конститутивті белгісі . Адам баласының танымы мен түйсігі, сана-сезімі, ақыл-ойы тілден тыс дүние емес . Адамды тілмен қатар алып зерттеу субьективті көзқарасқа алып келеді деуге негіз бар . Осы орайда лингвистикалық зерттеулерде субьектіге қарай бет бұру заңды құбылыс .

Қазіргі заманғы лингвистикадағы когнитивтік лингистика, социолингвистика, лингвопсихология, қолданбалы лингвистика тәрізді жаңа бағыттар антропоцентристік парадигманың жемісі .

Бұл жаңа бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В . Гумбольдтың

лингво-философиялық концепцияларынан, ал Америкада Ф . Боас, Э . Сепир,

Б . Л . Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады . 60-шы жылдары көптеген зерттеушілер Б. Л. Уорфтың теорияларына ерекше назар аудара бастады . [ 1, 91 ] Яғни антропоцентристік парадигма және оның біршама бағыттарының тамыры Еуропа мен Америка лингвистикасында жанданған деуге негіз бар . Бірақ кейбір зерттеушілер антропоцентризм идеясы мағына мен форманың, тіл мен ойлаудың өзара байланысы Еуропа мен Америкадан бұрын орта ғасырлық Араб лингвистикасынан бастау алады дегенді айтады . [ 2, 69-70 ]

Тіл және ойлау мәселесі ресейде Д . Зеленин, Е . Ф . Карский, А . А. Шахметов, А. А. Потебня, А. Н. Афанасьев, А. Н. Соболевский, Д. C. Лихачев, В. Маслова т. б ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады . Әрбір ұлттың я болмаса халықтың ерте замандардан бері қалыптасқан өзіне тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі - сол халықтың тарихи жолының бет-пердесі. Замандардан жеткен құнды мұралары қызықты заман үшін тарихтың қарапайым куәгері ғана емес, сонымен бірге бүгінгі мәдениетіміздің алып тұғыры.

Адамзаттың ой-санасы толып, таным-түсінігі артқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған материалдық және рухани мұраларды тереңіне бойлап зерттеп, оны игеруге деген қажеттілігін күн өткен сайын арта түсетіні хақ. Бүгінгі күнгі ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерде де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың орамдылығы мен тілдің құнарын да, материалдық және рухани қажеттіліктердің деңгей-дәрежесіне де, ең арысы талғамының татымына дейін мәдениеттің аясына сыйғызады. Демек, ”мәдениет адамзат баласының ақыл ойы, маңдай терімен жасаған рухани және материалдық құндылықтарды толық қамтиды” [3, 14 ] . Әлбетте, ”мәдениет” атаулының шебері кең. Мәдениетті рухани және материалдық деп екі топқа бөлудің өзінде де шарттылық бар. Осы орайда базалық мәдениетті танытатын атауларды концепті түрде тану қажет. Әсіресе, ұлттың ерекшклігін, таным-түсінігін, сана-сезімін, ой-өрісін, болмыс-бітімін, яғни бір сөзбен айтқанда, мәдени болмысын танытатын лексемаларды (атауларды) ”мәдени концепт” ретінде когнитивті тұрғыда қарау керек . Cондықтан да “мәдени концепт” когнитивті лингивистиканың басты мәселесіне айналып отыр.

Когнитивті лингвистика, метафораның когнитивті теориясы-ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және ассоциациялық өрісі арқылы айшықталады . Сөздің семантикалық және ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың ішінде когнитивті және прагматикалық мағыналардың элементтері суреттеледі . Біз бұдан “мәдени концепті” деп танылатын лексема концепті құрудағы өзінің лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық қатынасы бар және семантикалық өрісі қомақты атау .

“Концепт” терминінің теориялық негіздері Д. С. Лихачев, И. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, А. Н. Мороховский, Н. К. Рябцева, В. Айрапетян, В. В. Колесов, В. А.

Маслова, А. Я. Гуревич, А. Вежбицкаяның еңбектерінде кең көлемде беріледі . Н. Д. Арутюнованың мәдени концептілер жайлы ойы былайша өрбиді: ” . . . Каждое из этих слов обладает своими зоканами, сочетаемости, своим лексиконом, фразеологий риторикой и шаблонами, своей областью референций, и поэтому, описывая и анализирую “язык” каждого культурного концептамы открываем доступ и соответствующему понятию” [4, 3] .

Концептілік мәнге ие доминант сөздердің терминдік мағынасы әр ғылым саласында түрліше болады. Адам баласы күнделікті өмірде жан, тән, өмір, өлім, жақсылық, жамандық, ар-ұят т. б сөздерді қолданса да, олардың мағынасын ашып тереңіне ой жүгіртіп, оның мәнін анық түсіндіре алмауы мүмкін. Ол сөздердің беретін мағынасын, ұғым-түсінігін түсіндіру адамның тілді білу деңгейіне тәжірбиесіне қарай түрліше болады.

Концепт болатын сөздердің беретін ұғымын, мән - мағынасын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық ұйымдардың, бір этностың я болмаса бір ұлттың, халықтың ой - өрісінің, сана - сезімі, өзіндік дүниеге деген көзқарасы айқындалады. Концептілік мәнге ие болған доминанттар рухани мәдениеттің басты-басты ұғым түсініктерін оның элементтері ретінде таңбалай отырып, олардың тілдегі мән-мағынасын барынша қамтиды . Рухани мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын мазмұнын, түсінігін анықтау жаңа үстеме мән-мағынаның ашылуына ықпал етеді . Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа бір қырынан тануға мүмкіндік береді.

Концептілік мәнге ие доминант сөздер -мәдениеттің бір элементі, сонымен бірге оны түсінудің баспалдақтарының бірі . Концептілік мәнге ие доминант сөздерді М. Т. Күштаева өз зерттеуінде “тірек концептілер” (тірек сөздер) деп беріпті. [5, 27] Біз өз жұмысымызда осы аталған терминге балама ретінде “концептілік мәнге ие доминант сөз” -деген терминді ұсынамыз. Демек, концептілік мәнге ие доминант сөздер тіл арқылы дүниені жан-жақты тануға сонымен қатар мәдениетті өз ішінен ұғынуға көмектеседі. Бұндай сөздердің жаңа мағыналарының пайда болу механизмдерін танып білу арқылы сол мәдениет жайлы көптеген ақпараттар алынады . Концептілік мәнге ие доминант сөздерді талдау - ақиқат дүниенінің тілдік бейнесін тануға сипаттауға, ұлттық мәдениеттің дамуы, оның бүгінгі жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді . Р. С. Сүгірбекова : ” в этом смысле термин “концепт” уместен и представляется довольно удачным :в одном термине концентрируется и принципы анализа слова с точки зрения его культурной значимости, и принцип анализа культуры посредством изучения ее найболее существенных понятии” -деген пікір айтады . [6, 12]

“Мәдени концепті” дегенге Н. Д. Арутюнованың пікірінше : мәдени концепт - философиялық, этикалық ұқсас терминдер . Бұндай сөздер таңбалайтын ұғымдарды философиялық этикалық ғылыми зерттеулер қарастырады . Әйтседе ондай сөздер кез-келген тілдің актив сөздік қорына енеді, яғни сол тіл иесінің әрбіреуіне түсінікті мағынада жасалады дегенойын қуаттауға болады . [4, 117-129]

В. А. Маслова мәдени ақпарат тілдің номинативті бірліктері арқылы төрт тәсілмен:“мәденисемалар”, ”мәдениая”, ”мәдени концептілер”, “мәдени коннатациямен”берілетінін айтады . Мәдениеттің басты концептері концептінің негізгі (ключевыми концептами культуры) тек жеке тілдік тұлға емес, сонымен бірге лингвомәдени таным тұрғысынан жалпы қоғамдағы экзистенционалды (англ existential “имеющий”(выражающий) значения бытия) мағыналы әлем бейнесінің негізі болып табылатын тілдік бірліктерді айтады және мәдениеттің негізгі концептісіне ар, тағдыр, күнә, заң, бостандық, азаматтық, егемендік т. б дерексіз атауларды жатқызады . [7, 51] Д. С. Лихачевтың көзқарасы бойынша концептілер адамның санасында белгілі бір мағынаға сілтеме ретінде және адамзаттың жалпы тілдік тәжірибесіне поэтикалық, прозалық, ғылыми, әлеуметтік, тарихи т. б нұсқаушы ретінде туындайды . [8, 6]

А. Я. Гуревич әмбебап мәдени концептілерді философиялық категориялар (мезгіл, кеңістік, себеп, өзгеріс, қозғалыс) және әлеуметтік сипаттағы”мәдени категориялар”деп аталатын әлеуметтік категориялар (бостандық, құқ, әділеттік, еңбек, байлық, жекеменшік т. б) деп екі топқа бөледі . [9. 85] В. А. Маслова бұдан үшінші бір топ “ұлттық мәдени категорияларды” (категория национальной культуры) бөліп шығарғанды жөн көреді . [ 7, 51] Мәселен, қазақтар үшін жан, тән, ар т. б ұғымдар концептінің ұлттық мәдени категорияларына жатады .

Концепт сөздерді айқындау принциптері субьективті түрде жүргізілуде. Мысалы :”Тілдік логикалық анализі” мәселесімен шұғылданушы ғалымдардың бірсыпыра сөздерді “философиялық ғылыми категориялар” және “практикалық философия ұғымдарын беруші сөздер” деп аясын тарылтуға тырысады . Концепт сөздерге бұндай көзқарас оларды бірнеше ондаған сөздерге ғана сыйдырады . Ал тілдегі мыңдаған сөздер әсіресе дерексіз ұғымды сөздер сол ондаған концептінің шеңберіне сия бермейді.

А. Н. Мороховский дерексіз лексиканы мәдени сөздерге ғылыми терминдерге және идеологиялық сөздерге қарама- қарсы қояды . Автордың ойынша бұл үш топтағы сөздердің семантикасын бөлу.

Себебі, біріншіден, атқаратын қызметінің, екіншіден, пайда болу тәсілдерінің,

Үшішіден, беретін ұғымдарының әртүрлілігіне байланысты . Ғылыми терминдерді жекелеген тұлғалар жасайды, олардың алдына көлденең қоятын міндеті-жаңа идеялар мен концептілерге ат қою, олар ғылыми түсінікті қамтиды . Мәдени сөздерді әлеумет жасайды . Идеялогиялық термин сөздерді де жекелеген тұлғалар дүниеге әкеледі оны әлеумет қабылдайды . Ал, олардың міндет-үгіт-насихат, тапсырма жеке иллюзиялық түсінікті, яғни болмысты әсерлеп түсіндіру. [10, 55] А. Н. Мороховскидің көзқарасы бойынша, мәдени сөздердің терминдерден айырмашылығы мынада : терминдер бір тілден екікші тілге оңай ұғынылады, ал мәдени сөздерді екінші бір тілге дәл аударып беру үл-

кен қиындықтар туғызады, себебі олардың әрбәреуінде сол ұлт мәдениеті мен ұлттың менталитеті бейнеленеді.

Біздің ойымызша дерексіз сөздердің өзі де концентілік мәнге ие доминант бола алады . Себебі, олардың мағынасы қандай да болмасын бір рухани мәдени

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІНІҢ КОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz