Фразеологизмдердің сөз табына қатысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
І бөлім. Фразеологияның лексика-семантикалық құрылымы. 11
1.1. Фразеологизмдердің мағыналық топтары. 11
1.2 Фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер. 16
1.3. Фразеологиялық синонимдер. 18
ІІ- бөлім. Фразеологизмдердің грамматикалық құрылымы 23
2.1. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы. 23
ІІІ - бөлім. Ә. Нұрпейісовтың қолданысындағы авторлық фразеологизмдер.
36
ҚОРЫТЫНДЫ 43

Кіріспе

Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40-жылдардан
кейін жарық көрді. Түркі фразеологиясын (әзірбайжан, башқұрт, қазақ,
қырғыз, өзбек, татар т.б) зерттеуде алғаш ат салысқан қазақ ғалымы І.
Кеңесбаев болды (1)
Фразеологиялық орамдар талдап единица ретінде лексика-
семантикалық жағынан сан қырлы. Бұл мәселелерді теориялық жағынан дамыту
толық шешімін тапты деу қиын.
Кейбір зерттеулердің біразын, мәселен, академик Ә.Қайдаров
фразеологиялық тұлғаларды әдеби тілдегі стильдік қолдану жүйесінде
қарастырса, Б.Джумагельдиева, Е. Бектұрғанов, Х.Қожахметовалар жеке
жазушылардың шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастырады.
Қазақ тіл білімінде І.Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің басты
үш белгісін: 1) қолдану тиянақтылығын; 2) мағына тұтастығын; 3) тіркес
тиянақтылығын қолдап,, осы үш критерийді бір-бірінен жырып алмай, тұтасымен
басты арқау еткенде ғана Ф Е-нің ерекше белгілерін тани аламыз,, (2)
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де, өзге тілдердегідей фразеологиялық
тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып негізінен үш
топқа бөлінеді.
Фразеологиялық тұтастық-бөліп жаруға болмайтын, басқа тілге сөзбе-сөз
аударуға келмейтін лексика-граматикалық тұрақты сөздер түйдегін идиомдар
дейді. Идиом термині қазіргі қазақ тілінде фразеологиялық түйдектер
(І.Кеңесбаев), фразеологиялық тұтастықтар (К.Аханов, Ә.Болғанбаев) деп те
аталынып жүр.
Қазақ тіл білімінде, сол сияқты, басқа да түркі тілдерін де
фразеологияның жеке объектісі ретінде қаралатын тұрақты сөз тіркестерінің
түрлері туралы әр қилы пікірлер. Мәселен, фразеологизмдерге мақал-
мәтелдердің қатысы бір алуан даулы жағдайды бастан кешіруде. Тұрақты сөз
тіркестерін зерттеуде кең және тар ұғымда түсінуде ғалымдар пікірі әр қилы.
Біраз зерттеушілердің І.Кеңесбаев, Г.Долбрашев (3), З.Ураксиндер (4)
тұрақты сөз тіркестерін тар ұғымда түсінуді жақтайды. Кезінде акад.
І.Кеңесбаев қос сөздерді фразеологизмдер қатарына енгізген (1). Мәселен,
“после глубокого и всестороннего изучение богатейшого фразеологического
материала стало очевидной правильность узкого понимания объема фразеологии”
десе, дәл осы ойды А.Р. Юлдашев та қолдап “что при узком понимание объекта
фразеологии “более и менее” вырисовывается сам объект иследования, из
которого справедливо исключается всё , кроме неделимых, лексических единиц,
в том числе поговорки, пословицы, изречения и крылатых выражения,
структурно организованные и бытующий как синтетические единицы,, деп
қуаттайды.
Тұрақты сөз тіркестерін кең ұғымда түсінуді негізге алатын
зерттеушілер С.Н.Муратов, Х. Ахунзяновтар терминдерді, күрделі сөздерді,
қос сөздерді, нақыл сөздерді, газет айдарларын, мақал-мәтелдердің барлығын
тұрақты сөз тіркестеріне жатқызады.
Орыс тіл білімінде бұл салада көп еңбек сіңірген академик
В.В.Виноградов. Ол франц. ғалымы Ш.Бабкиннің фразеологиялық схемасын
творчестволық түрде өңдеп, фразеологиялық орамдарды: 1.фразеологиялық
тұтастық.
2. фразеологиялық бірлік(5)
3.фразеологиялық тіркес деп үшке бөлгенде, мақал, мәтел, термин
сөздерді бұған кіргізбеген. Н.М.Шанский, В.В.Виноградовтың осылай бөлген
жүйесіне төртінші етіп, фразеологиялық сөйлемше (выражение) дегенді қосып,
бұған мәселен, орыс тіліндегі ... қасқырдан қорыққан орманға бармас,
жылтырағанның бәрі алтын емес, темір жол, жоғарғы оқу орны... тәрізді
тіркестерді жатқызады. Сөйтіп, Н.М.Шанский фразеологиялық орамға жататын
тілдік тұлғалардың аясын кеңейте түсіп, оған кейбір термин сөздер, мақал-
мәтелдерді енгізеді. (6) Ал А.М.Бабкин мұндай жүйеге, пікірге
қосылмайтындығын айтады. Н.М Шанскийдің толықтырып, өңдеп 1985 ж шыққан
,,Фразеология русского языка,, еңбегінде фразеологиялық сөйлемшені
коммуникативті сипаттағылар: құрылысы жағынан сөйлемге ұқсас деп “Человек
это звучит гордо”, ,,суждены наши благие порывы, ал ,,трудавые успехи,, ,
,, на данном этапе,, т.б номинативті сипаттағылар деп бөледі.(6)
Тіл мамандары мұны орыс тілінің түсіндірме сөздігінің авторлары
идиома, фразалық сөздерге мәтелдерді қосып,мақалды есепке алмайды. Осы
салада тың пікір-айтушылар Б.А. Ларин және Л.И Малатков. Бұлар
фразеологиялық тұлғаларды идиом,фразамен ғана шектеп, мақал, мәтел,
термемен, қанаты сөздерді одан тыс құбылыс деп қарастырады.(8,9)
Ал қазақ тіл білімінде бұл мәселеге байланысты мынадай пікірлер
бар.1954 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі оқулығында фразеологиялық тізбектер
өздерінің жасалуы,фразалық материялы, грамматикалық байланысы лексикалық
мәні жөнінен мына төмендегідей ірі үш түрге бөлінеді:
1) Идиомдар 2) Мақалдар 3) Мәтелдер.(10)
Кеңесбаев. Ғ Мұсабаев оқулығының “Қазіргі қазақ тілі” 1975 жылғы
басылымында,, Фразеологиялық тіркестер екі топқа идиомаға және фразаға
бөлінеді деген,,(11).
Профессор М Балақаев пен профессор Т Қордабаев тұрақты тіркестерді
идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер(12). Профессор А .Ысқақов күрделі
сөздердің топтастыру мәселесіне қатысты айтқандарына тұрақты тіркесті
идиологиялық тіркес, фразалық тіркес деп екіге бөледі.Профессор К Аханов...
мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразелогиялық единцалардың қай тобына
жатқызу өте күрделі мәселе дейді.
Қазақ мақал-мәтелдерінің стилистикасы туралы еңбегінде Р. Сәрсенбаев
фразеологиялық орамдар А Шанский, қатарына тілдегі мақал- мәтелдер мен
нақыл сөздерді жатқызады. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға
қатысы, бұлардың тұрақтылығымен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына
байланысты. Осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единцалар тобына
қосып қараймыз дейді.(15)
М.М.Копыленко мақал-мәтелдердің жағдайға(ситуацияға) байланысты
қолдалынып, коннативті (фразалық) мағынаға ие болатынына қарамастан ,,в
целом пословица и поговорки как жанр народного творчества не могут быть
предметом фразеологии,, деп жазады.( )
Сонымен, тіл мамандары, қай тілдегі болмасын, фразеологияны мейлі тар
ұғымда, мейлі кең ұғымда түсінуде фразеологиялық тұлғаларды айқындау үшін
фразеологиялардың қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екендігін, оның мағына
тұтастығын, құрамындағы компоненттердің тұрақтылығын, семантикалық
бірлігін, жалпы беретін мағынадағы образдылық пен ауыспалылық, басқа тілге
сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады.
В.Виноградовтың классификациясына сүйене отырып, қазақ тіл білімі де
қазақ тіліндегі фразеологизм түрлерін үш түрге: фразеологиялық
тұтастық(идиом), фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбектер деп бөлді.
Осы ұғымдарға төртінші түрі етіп қосқан. Н. Шанскийдің фразеологиялық
түсінік (К.Аханов) ,,сөйлемше,, деп аударған. Кейде ,,орамдар,, деп те
атайды.(14). ,,Сөйлемше,, деген түріне қазақ зерттеушілерінің пікірі әр
түрлі. І.Кеңесбаев фразеологияны тар үғымда түсінуде мақал-мәтелдерді
фразеологизмдерге қоспайды. Ә.Болғанбаев пен Қалиұлының тұжырымы мақал-
мәтелдерді фразеологизмдерге қоспайтын Р.Сәрсенбаев тоқтамымен ыңғайлас.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдердің зерттелуі жайы ойымды түйіндесек:
қазіргі қазақ фразеологиясы өз табиғатына сай, күрделі зерттеу, ғылыми
еңбектермен молығуда.
Көркем шығармадағы тіл ерекшелігінің қазақ тіл біліміндегі шешімін
табу жайына қатысты қазақ тіліндегі көркем проза тілін зерттеуші-маман
профессор Б. Шалабай мынадай үш ерекшелікті атап көрсетеді.
1) көркем шығарманың тілін талдау тіл тарихының, соның ішінде әдеби
тілдің де белгілі бір кезеңінің жалпы ахуалын білу мақсаты
тұрғысынан жүзеге асады.
2) әдеби тілдің қызметтік, (функционалды) стильдерінің бір түрі
ретінде, яғни ресми, публицистикалық, ғылыми стильдермен бір
қатардағы көркем әдебиет стилі ыңғайындағы, дамытудағы ролін
көрсетуге, көркем шығармалардағы жекелеген тілдік құралдардың
стилистикалық бояуларын, көркемдік қызметтерін ашуға назар
аударылады.
3) Тіл және әдебиеттану ғылымдарында көркем шығарманың тілі
лингвистикалық және әдебиеттану ілімдерінің тұрғысынан жеке-жеке
бөліп қарастырылады.
Осы ерекшеліктерді сараптай келіп, ғалым, көркем әдебиет тілі сияқты
біртұтас дүниені жете түсіну және толық түсіндіру үшін,,қазақ
филологиясында көркем әдебиет стилистикасының жүйелі ғылыми-теориялық
тұжырымдамасын жасауды қажет етеді,, деген тұжырым жасайды.(17)
Осы орайда, зерттеушілер фразеологизмдердің көркем әдебиеттегі
жұмсалуын қарастырғанда, ең алдымен экспрессивті-образды реңктері бар,
поэтикалық сипаттағы түрлеріне назар аударады: ,,В целях изучение
творчества писателей, сказителей индивидуальных особенностей стиле,
исследователь может ограничится образной фразеологий,,. Себебі,
фразеологиялық тіркестер барлық стильдерде де қолданылғанымен бейнелілік
пен экспрессивтілік, негізінен, көркем әдебиетке тән және көркемдік құрал
автордың жан дүниесі, шығармашылық идеясымен астасып, көркемдік құралы
ретінде қызмет етеді.
Фразеологияның көркем шығармадағы қолданысына қатысты осы мәселені
зерттеуге арналған теориялық-әдістемелік еңбектерде: ,,Фразеологический
анализ художественного произведения преследует такие цели: определить
состав фразеологических единиц используемых писателей; устоновить
источники, из которых черпалась это фразеология; показать, как автор
творчески использует этот материал, видоизменяя, обновление его и перемещая
из одной стилистической сферы в другую. Не менее интересно и ценно изучать
фразеологическое новаторство самого писателя, создавшего многие удачные
образные выражения, часто которых затем тоже приобретала характер
крылатых,,.
Фразеологизмдер (кең мағынасында - фразеологиялық тіркестер мен мақал-
мәтелдер) көркем сөз өнерінің ең құнарлы саласына тән ойлау нәтижесі мен
халық даналығының туындысы болып саналады. Тіліміздің бұл байлығы ғасырлар
бойы қорланып, қалыптасқан, толассыз дамып, толығып отыратын, әрқашан да
қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы болып саналады. Яғни, көркем сөз
шеберлерінің өз шығармаларында түрлендіріп, сан құбылтып, пайдалануына
болатын әсем де әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегі болып есептеледі.
Жоғарыда айтып кеткендей, фразеологизмдерге тән ерекшеліктердің бірі
ретінде олардың тұлғалық, құрамдық және ішкі орын тәртібінің тұрақтылығы.
Бұл бірақ қатып қалған, ешбір өзгеріске түспейтін құбылыс емес, белгілі
шарттылыққа бағынатын заңдылық. Проф. Р.Сыздықова ,,сөз құдіретінің
арқасында іске асатын құбылыс,, деп, ол ғалымның бейнелі түрде атаған ,,сөз
әрлеу,, тәсілі деп танимыз.(18)
Фразеологизмдерді сөз құдіретінің арқасында іске асатын құбылыс деп
тани отырып, сол негізде ,,Қан мен тер,, шығармасындағы фразеологизмдерді
қарастырып отырмыз.
Жұмыстың тақырыбы: Ә. Нұрпейісовтың ,,Қан мен тер,, романындағы
фразеологизмдердің қолданысы.
Жұмыстың мақсаты: 1. Ә. Нұрпейісовтың ,,Қан мен тер,, шығармасындағы
фразеологиялық тіркестерді жүйелеу.
2. Ә, Нұрпейісовтың шығармасындағы фразеологиялық тіркестің қолданыс
ерекшеліктерінің тілдік табиғатын анықтау.
Жұмыстың өзектілігі: Ұлттық дүниетаным мен ана тіліміздің сөз
құдіретінен нәр алып, ұлттық қасиеттерді бойына сақтап, халықтың сан
ғасырлық тәжірибесінде қорытылып қалыптасқан асыл қазына –көркем сөз
үлгілерін қолдану, Ә.Нұрпейісов шығармасындағы тұрақты сөздердің қолданысын
зерттеу.
Жұмыстың теориялық-мәні: Ә.Нұрпейісов шығармасын, фразеология
мәселесін функционалдық тіл білімі тұрғысынан қарастыру.

І бөлім. Фразеологияның лексика-семантикалық құрылымы.

1.1. Фразеологизмдердің мағыналық топтары.

Фразеологизмдердің семантикасына арналған зерттеулерде оларды
мағыналық топтарға бөлудің, топтастырудың принциптері мен түрлі әдіс-
тәсілдері арнайы қарастырылған. Осы мәселе жөнінде І.Г.Сайфуллин
,,Фразеологиялық единицалар және олардың классификациясы,, деген
зерттеуінде: ,,Семантическая классификация вскрывающая внутреннюю сущность,
природу ФЕ, имеет важное значения в деле их изучения с точки зрения лексико-
семасиологической. Поэтому, разумеется, ни в каком языке раздел частного
языкознания, именуемый фразеологий, не может претендовать на исчерпывающую
полнату без подробного рассмотрения ФЕ путем их семантического анализа,, -
деп, фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан зерттеудің мәні ерекше
екендігін атап көрсетеді. (37)
Қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер халықтың ғасырлар бойы
көңілге түйіп, сұрыптап жеткізген образдар дүниесінің тілдік элементтері
жай тілдік единицалар емес, ықшам, әсем өрілген, өңделген, бейнелі сөз
оралымдары.
Фразеологизмдерді тілдегі қолданысына орай, семантикалық тұрғыдан:
адамның ішкі жан дүниесін танытатын; мінез-құлқын бейнелейтін, іс-әрекет
қимылын суреттейтін, діни ұғымды бейнелейтін фразеологизмдер деген бірнеше
мағыналық топтарға жіктеледі.
Қарастырылып отырған шығармада фразеологизмдерді төмендегідей
мағыналық топтарға жіктедік.
А) Адамды сипаттайтын фразеологиялық тіркестер
Қазақ халқы жалпы біреуді не бір нәрсені сипаттағанда көбіне теңей,
ассоциативті түрде салыстыра не астарлап немесе бір шумақ өлең шығарып, ой-
пікірін бейнелі түрде жеткізіп отырған. Жеке адамның мінез-құлқын, кескін-
келбетін, жағымды-жағымсыз қасиеттерін бейнелеуде осындай ұлттық
ерекшеліктерінің бір көрінісі байқалады.
Адамның жан дүниесін, мінезін бейнелейтін образды фразеологизмдерге
Ә.Нұрпейісов шығармасынан мысал келтірсек :
1. Жаңа мыналар Есбол атасына тие берсінді шын көңілмен ағынан жарылып
айтты ма екен? (36.426)
Ағынан жарылу-шын көңілден деген ұғымды білдіреді.
2. Жас Федоровтың қолы ашық болатын (36.98)
қолы ашық- сараң емес, сұрағанды беретін адам.
3. Тәңірберген есітпеген кісідей, бетін сырт салып отыр.
Сырт салып отыру-теріс бұрылып, қарамай отыру.(248 б)
4. Онан тағы да Теміркенің алдын орап, осы Федоровтың бес жүз құлаштық
пошымын, дербес өңірдегі ең тәжірбиелі балықшыларды жалдап алып
еді.(36, 120 б)
5. Төлеу қаза тапқалы Қалау ,,маған ти,, деп, жесір әйелге күн көрсетпей
жүрген көрінді.
Күн көрсетпеу-мазасын алу, қинау.(36, 129 б).
6. Басқасын қайтейін, ең аяғы сүйектің басын тістескен Достың істеп
отырғаны анау.(36, 335 б).
Бір сүйектің басын тістескен- аштық пен тоқтықты бірге көрген адам.
7. Және бұл өзі адам баласына көңілінде құттай аласы жоқ, ағалық әділ
сөзін айтып, әрдайым ағына тоқтайтын кісі.(36. 421 б)
көңілінде құттай аласы жоқ- таза, адал адам.
8. Со жақтан тіл- жағына сүйенген біреудің саңқылдаған даусы құлақты
жарып барады,(36. 338 б)
Тіл жағына сүйенген- өсекші, сөзшең адам
9. Екі қу қақбастың отымен кіріп, күлімен шығып жүрсің,-деп Қарақатын
барған сайын қызын ширықтырып жібереді.(36.326)
Отымен кіріп, күлімен шығу- үй шаруасының барлығын істеу.
10. Әншейіндегі қой аузынан шөп алмайтын жуас қалпынан күрт жадырап, тап
бір арқасы бар айтулы жырауларша тақымының астына бір жастықты басып
апты (36. 354)
қой аузынан шөп алмайтын-жуас, момын адам.
11. Қанша мақтасаң да, сол Қаратаз дүние бағын домалатқан қарақоңыз емес
пе?-деп ақырып тастады.(дүниеқор, сараң адам) (36. 34 б).
Фразеологиялық тіркестер жүйесіндегі үлкен мағыналық топтарға, сондай-
ақ, салт-дәстүрді және діни ұғымды бейнелейтін сөз орамдарын жатқызуға
болады. Зерттеліп отырған шығармада мынандай түрлерін кездестіруге болады.
1. Қазір түрінде құдай салды, мен көндім деп неге болса да мойын
ұсынып көнген кісінің кейпі бар.(36.437 )
2. Бүгінгі күні арамыздан жетім шал дүние салып ысрат сапарына жол
шеккенде...уа, мына артында қалған біздер оның аз ғана алапасына
көз сүзетін сияқтымыз(36. 424)
Дүние салу-немесе, ,,жан тапсыру,, яғни қайтыс болған адам.
3. Аштан өлсең де, аяқ серіппе, үнсіз өл дейсің бе?
Аяқ серпу- қарсылық көрсету. Бұл жерде автор қарама-қарсы ұғымда ,,аяқ
серіппе,, деп қолданған.
4. Кешегі соғыста жараланған бір жігіт сол түні таң алдында жан
тапсырды.(36.325б)
Жан тапсырды-қайтыс болды, дүниеден өтті.
5. Бірақ біздің қызымыз ер кісіге қарамай, иманы бетіне үзіліп
тұрып еді.(36.454)
Иманы бетіне үзілу- бұл тәрбиелі, ұялшақ, бетіңе тік қарай алмайтын
адам. Көбінесе қыз балаларға байланысты айтылады.
6. Қарт балықшыға құран оқыды. Әлі күнге басы қарайтылмаған.
Басы қарайтылмаған-кісі қайтыс болғанда оны әлі жерлемеген деген
мағына береді.
7. ,,Құдай-ай жар бола көр. Шыбын жанын сақтай көр,, (36.436)
Мұнда ,,Құдай-ай жар бола көр,, деп құдайдан көмек сұрап, жалынып,
жалбарынуы мақсатында айтылған сөз.
8. Бір күн ішінде із-түзін аңғартпай жер жұтқандай зым-зия жоқ
болды(36.321)
Жер жұту- тіркестен кейін оның мағынасы берілгенде, яғни жоқ болып
кету, көзден таса болу.
9. Соққыға жығылғандай боп екі иығының басы салбырап, құр сүлдерін
сүйреп кіріп келе жатты.
құр сүлдері- ,,сүлдері,, адамның сүйегі яғни әбден азып-тозған, жаны
қиналған адамның бейнесі көзге елестейді. Автор оқырманға көп қиыншылық
көрген бейнесін дәл жеткізу үшін қолданған.
Келесі мағыналық топта қоғам, өтпелі кезеңдер, қарым-қатынас және
әлеуметтік өмір сипатын бейнелейтін фразеологиялық тіркестер қарастырылады.

Әлеуметтік өмірмен, замана тынысымен астасып, сабақтасып жататын
құбылыстар мен қарама-қайшылықтарға: молшылық-жоқшылық, бақ-дәулет, еңбек,
уақыт тағы да осы тәрізді қоғамға тән табиғи процестер жатады. Тілімізде
осы процестерді бейнелейтін образды тіркестер жиі кездеседі. Мысалы,
,,басына бақ қонды,,; дәулеті судай тасыды; дәулеті асты; деген ұғымды
халық басында бағы, астында тағы бар; оң жақтан айы, сол жақтан күні туды;
қағанағы қарқ, сағанағы сарқ; тағы да басқа осы тәріздес бейнелі сөз
оралымдарын қолдана отырып, айтар ойын тұспалдап жеткізеді.
Осындай қоғам саяси мағыналас фразеологиялық тіркестердің шығармадан
мынандай үлгілерін кездестіруге болады:
1. Үш төрт ауылдың малдары аузы-мұрнынан шығатын(36.142б)
аузы-мұрнынан шығу- көп молшылық мағынасында жұмсалады, малдары сансыз
көп, бай ауыл көзге елестейді.
2. -Әңгімеңді де айтпадың,- деп құйқасы көрінген сұйық қасын
сайқалдана керіп,- бірақ ,,ел құлағы елу,, біз де естіп жатырмыз (36.333б)
,,ел құлағы елу,,- елден ештеңені жасыра алмайсың, бір құлақ
естігенде бәрі де естиді дегенді білдіреді.
1. Әсіресе көз көрген кісілер Еламанның құлаған шаңырағын қайта көтеріп,
өз алдына үй боп жатқанына мәз(36.434)
көз көрген- көпті көрген, оқыған, ақылды кісілерге байланысты
айтылады.
4. Көкте құдай, жерде патша деуші едік(36. 233 б)
Көкте құдай, жерде патша-бұл фразеологиялық тіркес кекесін-сын ретінде
бай-шонжарларға қатысты айтылып отыр. Яғни олардың өздерін құдыретті
сезініп жерде патша болып қана қоймай, өздерін көкте құдай ретінде
санайтындығын көрсетеді.
5. Еламан ақ жаулық тартқанның бәріне ұрынғысы келмеді.(36. 336б)
Жалпы тілде, ақ жаулық деген фразеологиялық тіркес қолданыста бар.
Яғни ақ жаулық- әйел адам. Автор шығармада осы тіркесті нақтылай түсіп
оған,,тартқан,, сөзін қосады. Сонда,,ақ жаулық тартқан,, формасында келген
бұл фразеологиялық тіркес кез-келген оқушыға түсінікті.
6. Соған қарамастан бұның менімен сәлемі түзу(36, 638)
сәлемі түзу- адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты айтылады.
Бұл тіркес тілдегі ,,қырғи қабақ,, тіркесіне антоним болып келеді.
Егер,,қырғи қабақ,,- араз болса, ал ,,сәлемі түзу,,-сыйластық, достық
мағынада жұмсалады.
Жалпы Ә.Нұрпейісов шығармасында осындай қоғамдық- саяси мағыналас
сөздер ұшырасады.
Шығармадағы фразеологиялық тіркестердің мағыналық топтарын зерттей
отырып, автор олардың адамның кескін-келбетін, тіршілігін, мінез-құлқын,
жан-дүниесін, қарым-қатынасын және әлеуметтік өмір, оған тән заңды табиғи
құбылыстарды бейнелі түрде сипаттағаны байқалады.

1.2 Фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер.

Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады.
Ұйтқы сөз фразеологизмдердің бірінші сөз болып келуі басты шарт болып
табылмайды. Екі компонентті зат есімнен болған фразеологизмде ұйтқы сөз
бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді. Дегенмен, ұйтқы сөз
фразеологизмдердің бірінші, (басқы) компоненті болып қолданылуы өте жиі
ұшырасатындығын жоққа шығаруға болмайды. Осындай фразеологиялық тірекстің
бірінші компонентте жиі ұшырасуынан қарастырылып отырған Ә.Нұрпейісов
шығармасының лексикасынан мынандай үлгілерін кездестіруге болады. Олар
өзара іштей: а) дене мұшелерінің атаулары; ә) сан атаулары; б) ыдыс-аяқ,
киім атаулары ұйытқы болған сөздермен тіркескен үлгілері бар. Олар Көз
сөзіне қатысты фразеологизмдер:
1. – Да-а, -деп Мюлгаузен көзін тайдырып әкетті. (36. 384 б)
2. Тірі болса, сол секілді ағасының көзіне шөп салғызып қою қиянат.(36.
388)
3. Ебейсін қонаққа көзін салмай, қайтарған ыдысты қолына үнсіз алды.
(36.286)
4. Еламан мен Кәленнің көзін құртса да, бұл ауыл басшысыз қалмапты.
(36. 224)
5. О да мүмкін. Сендер қатты аңдуға алыңдар. Әсіресе, Кәленнің үйінен
көз жазбаңдар, - деп Әмір етті де Курнос Иван қалған жігіттерді
ертіп промсалға тартты. (36. 192)
6. Жақында келген комиссар әлі жұрт көзіне түсе қойған жоқ. (36. 389)
7. Көз жазбай торуылдап отыратын қатал (36. 367)
8. Әншейінде аспанға сыймай бағынып тұратын жұлдыздар көзін тас қып
жұмып алғандай. (36. 441)
9. Ташкент отряды келгенше бірер сағат көз іліндіріп алғысы келді. (36.
445)
10. Дос еңсесін тіктеді, әлі де болса бір кісіге көз салмай, қабағын
жауып апты. (36. 455)
11. Оның ендігі көз тіккені кім? (36. 322)
12. Генерал Чернов ояна сала тұсындағы терезеге көз тігіп еді: көк жүзін
басқан сұрғылт бұлттан мезгілдің қай шама болғанын біле алмады. (36.
619)
13. Арестант әскерше киінген қара торы жігіттің бас-аяғына қысқалау көз
тастады да, қасына келді. (36. 390)
14. Ызғырық жел сүйегінен өтіп бара жатқасын асығыс қымтанып төңірекке
көз тастады. (36. 52)
15. Еламан мұндайда көзге түспей, бой тасалап кететін әдеттен бұрылып
бара жатқан. (36. 196)
Жүрек сөзіне қатысты фразеологизмдер.
1. Кәленді көргенде Ақбаланың жүрегі орнына түсті. (36. 127)
2. Ұзақ уақыт үлкен қалада боп қазақтың кең даласын туып өскен өлкесін
мен ел-жұртын сағынып, жүрегі алып-ұшып келе жатқанды (36. 73)
3. Оның, әсіресе өз тобының алдына шығып, құлаштан астам болат
-сүйменді қу таяқ құрлы көрмей, шірене басып тұрған нар тұлғасын
көргенде ... қай кісінің де жүрегі шайлығып қалды. (36. 159)
4. Қаба сақалды кісіге ол енді қарап, жүрегі мұздай болды. (36. 175)
5. Соның арасында үйлеріне жүгіріп барып, жүрек жалғап кеп жатты.(36.
451)
Сол сияқты от сөзіне байланысты мынандай бірен-саран фразеологизмдер
ұшырасады:
1. -Қазақ ауылының тірлігін сіз білмейсіз. Мәдениетті қауым алдында
әрқашан бетімнің оты шығады. (36. 446)
2. Қазақ пен түрікпен арасына от тастап бітіспес жаулыққа бастады. (36.
325)
3. Элиза сыртта жүрген Еламанның құлағына шалына ма деп, Балкүміске
ернін қысып ымдап еді, онысы қайта отқа май құйғандай болды. (36.
350)
Осы түрі қандай ұстамды кісінің де сезіміне шауып, көзін арбап алатын
әзәзіл сиқыршыдай; бар болмыспен көзі түскен еркектің көңілін қытықтап:
,,Мені көр! Мені көр де, өзіңнің әйеліңді қара,, - деп уыттап арбап, ерлі-
зайыпты кісінің арасына от тастап бара жатқандай. (36. 649)
Тіл сөзіне байланысты фразеологизмдер сирек кездеседі:

1. Жаны қиналғанда аузына түсетін әншейіндегі бейпіл қарғыстар тілінің
ұшына орала бергенді. (36. 429)
2. – Алдаразы болсын...қойыңызшы!... деп сыбырлай тіл қатып еді. (36. 51 б)

1.3. Фразеологиялық синонимдер.

Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен
қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та
қолданыла береді. Мұндай құбылысты тілші ғалым К.Н. Смағулова
,,Фразеологизмдердің варианттылығы,, (34) атты 1996 жылы жарық көрген
еңбегінде фразеологиялық варианттар деп атаса, ал Ә.Болғанбайұлы мен
Ғ.Қалиұлы бұл құбылысты фразеологиялық синонимдер деп атайды. Олар өзара
іштей: а) етістік фразеологиялық синонимдер; ә) сындық мағынадағы
фразеологиялық синонимдер; б) үстеу мағынасындағы фразеологиялық синонимдер
болып бөлінеді. Ә.Нұрпейісовтің ,,Қан мен тер,, романында: 1. Етістік
фразеологиялық синонимдер:
І 1. Еламанның құлақ аспағанына қарамай, оның біресе оң, біресе
сол жағына шығып, алдын орап елпеңдеп басып келеді. (36. 433 б)
2. Тәңірбергеннің әлде бір-екі күн ерулеп күте тұрайық деген
сақтығын құлағына ілмеді. (36. 360 б)
3. Інісіне назар салмай, есікке беттеп бара жатты (36. 93)
Бұл тіркестердің беретін ортақ мағынасы –көңіл бөлмеу, тыңдамау.
І І 1. Мұны естігенде Тәңірбергеннің төбе шашы тік тұрды (32. 325
)
2. 2.–Екі көзі төрт боп... (36. 228)
3. Бұрындары Ақбала әке-шешесін күткелі жаны иненің ұшында. (36. 228)
4. Ақбала жан дәрмен дегенде шашын кейін қайырып, мұз үстіне қарап еді,
өзінің осыған дейін зәресі қалмай қорыққан сұмдығын көрді. (36. 53)
5.Бір қолын бос сақтаған күші екінші қолымен шап беріп, жағасынан
ұстай алғанда, Ебейсіннің жаны қара бақайына кетті. (36. 100)
6. Көңілдегі күдігі мен қаупін қара пәленің дәл өз аузынан есіткесін,
иманы тас төбесіне шықты. (36. 52)
7. Сондай кезде жас ананың жүрегі аузына тығылып, өліп кететіндей
көрінетін.(36. 128)
8. Жұрттың оннан сайын зәресі ұшты. (36. 382)
9. Қаба сақалды кісіге ол енді қарап, жүрегі мұздай болды. (36. 75)
10. Есі шығып кетіпті. (36. 39)
Бұл тіркестер біреудің қалай қоыққандығын бейнелегенде қолданылады.
Сонымен қатар шығармада кейіпкерлердің көңіл-күйін, соның ішінде
ашулану, ызалануын дәл жеткізу үшін мынандай фразеологизмдер қолданады:
І І І 1. Анғар беттен сәл ғана жел соқса да шұғыл кәріне мінуге,
қайта түтігуге әзір тұрғандай. (36.340)
2.Еламан осында келгелі Қарақатынның қызын үнатпай, жыны құрысып
жүргенді. (36. 442)
3.-Ой, құдай-ай, -деді Қарақатын қанша үндемейін десе де келеңсіз
қылығына зығыры қайнап. (36. 430)
4.Аузындағы астан қаққан аласына Төлеудің де атарға оғы жоқ. (36. 208
5.Сары баланың жынына тиіп жүрген тағы бір жай: күндіз аласа үйде ұзын
бойы өңкиіп ебедейсіз қозғалып жүретін осы ұялшақ кісі, күнде кешкісін шам
сөнердің алдында көйлек, дамбалы ағараңдап, шешесінің төсегіне кіріп бара
жатады. (36. 434)
Көз тастау (салу, жазбау)
1. –О да мүмкін. Сендер қатты аңдуға алыңдар. Әсіресе, Кәленнің үйінен
көз жазбаңдар,- деп әмір етті де Курнос Иван қалған жігіттерді ертіп
промсалға тартты. (36. 192)
2. Генерал Чернов ояна сала тұсындағы терезеге көз тігіп еді, көк жүзін
басқан сұрғылт бұлттан мезгілдің қай шама болғанын біле алмады. (36.
619)
3. Арестант әскерше киінген қара торы жігіттің бас-аяғына қысқалау көз
тастады да, қасына келді. (36. 390)
І V. Бет моншағы үзілу, иманы бетіне үзілу тіркестері- ұялу, қысылу
мағынасында жұмсалады.
1. Бет моншағың үзіліп кете ме? Қыз емессің ғой сен.(36.238)
2. Бірақ біздің қызымыз ер кісіге қарамай, иманы бетіне үзіліп тұрып
еді. (36.454)
V. 1. Осы түрі қандай ұстамды кісінің де сезіміне шауып, көзін арбап
алатын әзәзіл сиқыршыдай; бар болмыспен көзі түскен еркектің
көңілін қытықтап: ,,Мені көр! Мені көр де, өзіңнің әйеліңді қара,,
- деп уыттап арбап, ерлі-зайыпты кісінің арасына от тастап бара
жатқандай. (36. 649)
арасына от тастау-араздастыру мағынасында жұмсалса, осыған синоним,
ұғымы жағынан күшейе түсіп, қолданған түрі:
2.Элиза сыртта жүрген Еламанның құлағына шалына ма деп, Балкүміске
ернін қысып ымдап еді, онысы қайта отқа май құйғандай болды. (36. 350)
яғни жанған оттың үстіне, одан әрі май құю (араздықты күшейту)
ұғымы бар.
2.Сындық мағынадағы фразеологиялық синонимдер.
1. Басқасын қайтейін, ең аяғы бір сүйектің басын тістескен Достың істеп
отырғаны анау. (36. 335)
2. Құрттай көңіл қалса, кешегі арасынан қыл өтпейтін тату-тәтті кезін тарс
ұмытып, жаулығы болып кететіні несі?
Мұнда екі тіркестің беретін мағынасы тату-тәтті, жақын.
1. Әсіресе, комиссарға жұлдызы қарсы. (36. 382)
2. –Ой, оны қой. Болыс ағаң, қазір қызыл көз шалмен қырғи қабақ. (36. 80)
жұлдызы қарсы, қырғи қабақ- араз, бір-бірімен түсінісе алмайтын
адамдардың арасындағы жағдай.
1. Соққыға жығылғандай боп екі иығының басы салбырап, құр сүлдерін сүйреп
келе жатты. (36. 446)
2. Жақ жүні үрпиген жүдеу балалардың ойынға зауқы жоқ. (36.205)
құр сүлдері, жақ жүні үрпиген- арық, жүдеу адам туралы айтады. Сонымен
қатар, автор төмендегі тіркесті контекстке байланысты орын тәртібін
ауыстырып қолданған.
1. Бетінен оты шыққан қара торы жігіт домбыра тартты. (36. 201)
2. ,,Оты бетіне шығып тұр екен,,- деп ойлады Еламан (36. 370)
Бетінен оты шыққан фразеологизмі- мықты, қайсарлы, қайратты деген
мағынада жұмсалады.
3. Үстеу мағыналы фразеологиялық синонимдер
І . 1. Онда да қыстауларынан ұзамай, теңіз жағасынан қозы көштей жерде
отыр екен. (36. 335)
2.Бірақ салмақты жүзін Еламанға бірден бұра қоймай, бүгін
Ақтөбеден шыққалы тор шолақ аттың алдында таяқ тастамдай жерде ұшып-қонып,
құйрығы қылпылдап отырған сары шымшықты бағып қалды. (36. 386)
3. Аяқ жетер жердің қыбыр-сыбырын басқадан бұрын осы бәлекей қатынның
білетініне күмәнданбайтын (36. 321)
4. Еламан қол созымдай кейінде келе жатты. (36. 390)
Мұнда автор ,,жақын, алыс емес,, деген ұғымдарды шығармадағы әртүрлі
жер, жағдайға байланысты бейнелі түрде қолданған.
І І. Жоғарыда айтылған ұғымдарға қарама-қарсы, яғни,,алыс,, деген
ұғымды автор бізге былайша келтіреді.:
1. Несі бар, ертеңгі күні большевиктермен белдесіп күрескенде өздерінің
жалғыз емес екенін, орыс жерінен шалғай жатқан осынау құс ұшпас қу
далада да өздерін жергілікті жердің халқы қолдайтынын көрсін. (36. 618)
2. Бүгінгі күні жалғыз бала басын қатерге тігіп, көз көрмес, құлақ естімес
жерге аттанып кеткеннен кейін сол сорлының көңілі тіпті құлазытып кетті
ғой. (36. 640)
3. Түс кезінде бұлар көз ұшынан шаң көрді. (36. 371)
Жалпы шығармада кездесетін фразеологиялық синонимдердің бірқатары
осылар.

ІІ- бөлім. Фразеологизмдердің грамматикалық құрылымы

2.1. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.

Фразеологизмдердің сөз табына қатысы туралы ,,Қазіргі қазақ тілі мен
фразеологиясы ,, оқулығында былай деп жазады: Белгілі ұғымды бір сөзбен де,
екі немесе одан көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы
арқылы да білдіруге болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші
Н.М.Шанский фразеологиялық оралым тілде сөздің қызметін атқарады дейді.
(Шанский.Н.М. Лексикология современного русского языка. М, 1972, стр 167).
Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер
дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады
да, бір сөздің орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген идиоманың
мағынасы араздастыру, татуластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы
жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы үш сөздің жалпы жиынтығынан шығып
тұр. Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына
жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып
тұрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты,
телінді болады деген сөз. Мәселен, төбесі көкке жетті деген қуанды деген
сөздің орнына жүреді. Бұл идиом лексика-грамматикалық мағынасы жағынан
етістікке ұқсайды. Сондықтан бұл сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.
Тайға таңба басқандай деген фразаның мағынасы айқын, анық деген сындық
ұғымды білдіреді. Сондықтан бұл сөйлемде анықтауыштық қызметін атқарады.
Көзді ашып- жұмғанша дегеннен тез, жылдам деген мағынаны түсінеміз. Бұл
мағына үстеуге қатысты болғандықтан, сөйлемде пысықтауыштың қызметін
атқарады. Сол сияқты дүниенің төрт бұрышы деген бүкіл әлем, жер шары
дегенді білдіреді. Мағынасы жағынан зат есімге жатады. Сөйлем ішінде,
бастауыштың қызметінде жұмсалады.
Ә.Нұрпейісовтың шығармасында қолданған фразеологизмдерді сөз табы
қатысына қарай:
1. етістік мағыналы фразеологизмдер
2. сындық мағыналы фразеологизмдер
3. заттық мағыналы фразеологизмдер
4. үстеу мағыналы фразеологизмдер деп топтастыруға болады.
I. Солардың ішінде жиі ұшырасатыны етістік мағыналы фразеологиялық
тіркес. Осындай фразеологиялық тіркестің жасалу жолдарына тоқталайық.
1. зат есім мен етістіктің тіркесуі арқылы жасалған фразеологиялық
тіркес.
Көз тігу деген етістік фразеологизмді Ә.Нұрпейісов былайша қолданыпты:
Оның ендігі көз тіккені кім? (36. 51 )
Бұл қолданыста фразеологизм бір ғана өзгеріске ұшырап отыр.: ол-
корреметивтік өзгеріс, яғни фразеологизмнің етістік компоненті ,,тігу,,
өзінің номинативтік тұйық рай тұлғасын өзгертіп, 3-жақ өткен шақта(
(тіккен) есімшенің кен жұрнағы арқылы) қолданып тұр.
2. Тәуелденген ілік септігіндегі есім сөздің +тәуелденген есім сөз
+ етістік.
Қазақ ауылының тірлігін сөз білмейсіз. Мәдениетті қауым алдында
әрқашан бетімнің оты шығады. (36. 446)
Бұл беттен от шығу фразеологизмі- ,,ұялу, қысылу,, мағынасында
жұмсалады.
Автордың қолданыста бұл т.т. мынандай өзгерістерге ұшырайды.
1. бетімнің- ім тәуелдік жұрнағы мен ілік септігінің жұрнағы жалғанған
яғни өзінің алғашқы формасындағы – тен шығыс септік жалғауы түсіп
қалған.
2. Оты- -ы тәуелдік жалғау. 3 жағы жалғанған
3. Шығады- -а көсемше, -ды жедел өткен шақ жұрнағы жалғанған.
3.Өздік етіс пен зат есімнің етістікпен тіркеуінен жасалған Ф.Т.
өз қолы өзінің аузына жеткенше аға-жеңгесінен зәбір көрді. (36. 393)
Мұнда, өз қолы өзінің аузына жетті фразеологизмі ,,есейгенше,
өзімен өзі болып кету,, деген мағынаны береді. Қ.Т.Ф.С. 426 б
Бұл фразеологизмдегі алдындағы компоненттерді автор ешбір өзгеріссіз
қолданып, тек соңғы етістікке ғана есімшенің -кен жұрнағы және –ше жұрнағы
жалғануы арқылы жасалған.
4. Зат есім мен етістіктің тіркесуінен жасалған Ф.Т.
Бір жыл бабы тұрған елден жырақта жүріп қайсы бір түндері кірпік
қақпай сарылып ойлағанда осы үйді әрқашан сағынышпен еске алатын. (36.
385б)
Кірпік қақпау- фразеологизмі, халық тілінде ,,кірпік қақпай
ұйықтамады, көз жұмбады,, мағынасында қолданылады. ҚТ.Ф.С. 297 б
Бұл қолданыстан о бастағы номинативтік тұлғасы ,кірпік қақпаумен,
салыстырғанда мынадай өзгерістерді көруге болады.
1) кірпік- өзгрмеген
2) қақпай- көсемшенің болымсыз түріндегі қолданысы.
5. Зат есім мен етістіктің тіркесінен жасалған ф.т.
Келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есім компонентті фразеологизмдер
Фразеологизмдердің зерттелуі
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер
Пәндер