Үстеулердің үстеулер тіркесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе3

Үстеулі сөз тіркесінің зерттелуі8

Үстеулердің синтаксистік қызметі23

1. Қабыса байланысқан үстеулі сөз тіркестер41

1. 1. Үстеулердің үстеулер тіркесі. 41

1. 2 Есімдік пен үстеудің тіркесі. 44

1. 3 Зат есім мен үстеудің тіркесі44

1. 4. Сын есім мен үстеудің тіркесі45

2. Меңгеріле байланысқан үстеулі сөз тіркестері47

2. 1. Зат есімдердің үстеулерді меңгерілуі47

2. 2. Есімдік пен үстеудің тіркесі48

2. 3 Үстеу мен үстеудің тіркесі49

2. 4 Етістік пен үстеудің тіркесі51

Қорытынды53

Кіріспе

Сөз таптары - сөздердің құрылымдық семантикалық немесе лексика-грамматикалық топтары. Сөз таптары бір-бірінен білдіретін мағыналары, морфологиялық белгілері, сөз жасамдық және сөз өзгерімдік қасиеттері мен синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Сөз таптарының өзіндік ерекшеліктері, ортақ белгілері, өзара байланыстары мен даму жүйесі бар. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі- үстеу. Үстеу сөздер дербес сөз табы ретінде өзге грамматикалық категориялардан кейін қалыптасты. Соған орай, кейінгі жылдары үстеу сөз табына байланысты көптеген зерттеулер мен оқулықтар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Бұл бағытта әсіресе Л. Н. Харитонов, З. З. Абсалямов, С. А. Давлетова, С. В. Фузайлов, А. Ысқақов, А. Шукюров, О. Джамильдинов, Е. Б. Саурықов, Ә. О, Ыбырайым сияқты ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Үстеулердің сөз табы ретінде алатын орны және атқаратын қызметі, лексика-грамматикалық ерекшелігі бір жүйеге түсіп, оның пайда болуы мен қалыптасуы, даму факторлары, тарихи құрамы мен мағыналық құрылымы және адвербалдану процесі біршама зерттелінді. Соған қарамастан үстеу сөз табының, әсіресе, қазақ тіліндегі үстеулердің әлі де толығырақ зерттеуді қажет еретін - олардың ішінара тұлғалық өзгерістерге ұшырауы мен синтаксистік тіркесу қабілеті ғалымдар назарынан тыс қалып келеді.

Зерттеудің өзектілігі.

Үстеу сөз табы өзіндік қыры мен сыры жан-жақты ашылмаған күрделі сала. Қазақ тіл білімінде устеу сөз табына байланысты, оқулықтар мен қатар монография мен мақалалар да жазылды. Алайда бұл еңбектердің көпшілігі үстеу сөздердің лексика-семантикалық топтарын ажыратып, оларды морфологиялық жағынан түрленбейтін сөзтабы ретінде көрсетумен шектеліп отырды. Ал үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті, сөйлемдегі синтаксистік қызметі олардың ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырауы кейбір авторларда бір-екі сөйлеммен айтылып кеткені болмаса, жалпы ғалымдар назарынан тыс қалып келеді. Сондай-ақ үстеулердің сөзжасамы жайында да әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Кейбір ғалымдар бұл мәселені қамтып, көрсетіп кеткенімен ол еңбектер біршама өзгертулер мен толықтыруларды талап етіп отыр. Міне осындай мәселелер тақырыптың негізгі тілдік тұрғыдан өзекті зерттеудің тың жұмыс болуына негіз болды.

Зерттеудің нысаны.

Үстеу сөз табының зерттелу тарихы. Сөз формасы және сөзжасам, сөзөзгерім тұлғажасам мәселелері үстеулердің морфологиялық өзгеру жүйесінің қалыптасу жолдары. Үстеулердің басқа сөз таптарына ауысу процесі. Олардың субстанстивтеніп заттық мағынаға ие болуы. Үстеу сөздердің басқа сөз таптарымен байланысу қабілеті және олардың тіркесу формалары. Үстеулердің сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалуы және оның сөйлемдегі синтаксистік қызметіндегі жаңару процестерін анықтау - зерттеу жұмысының нысаны болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі үстеу сөз табының сөзжасам тәсілдерін олардың морфологиялық өзгерістерге ұшырауындағы және басқа сөз таптары мен тіркесу қабілетінің артуындағы сөйлемдегі синтаксистік қызметінде соңғы кездері қолданып жүрген кейбір жаңару процестерді қазіргі тілдік тұрғыдан көркем әдебиеттер мен баспасөз беттеріндегі сөз қолданыстарды салыстыра отырып, анықтау. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер туындайды:

а) үстеулердің кейбір тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфорлогиялық өзгеріске ұшырау құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып, айқындау;

ә) үстеулердің өзге сөз таптарымен тіркесу қабілетін айқындау және олардың сөз тіркестерінің байланысу формаларындағы орнын анықтау;

б) . стеулердің сөз тіркесінің басыңқы сыңарларында жұмсалу процесін ғылыми тұрғыдан тұжырымдау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Жұмыста үстеу сөз табының лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері қазіргі қазақ тілі деректері негізінде теориялық және практикалық тұрғыдан дәлелденді. Үстеу сөз табының бойында болып жатқан түрлі лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік өзгерістерге ғылыми түсініктемелер берілді. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер сөзжасамының тәсілдері ғылыми тұрғыдан анықталды. Адвербалдану, субстантивтену процестеріне тән негізгі белгілер мен теориялық тұжырымдар жасалды. Үстеулердің өзге сөз таптарын қалыптастырудағы қабілеті мен қызметі анықталды. Қазіргі тіліміздегі кейбір үстеулердің түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайтыны соған орай олардың тіркесу қабілетінің артып, тіліміздегі кез-келген есім сөздермен мағыналық және контекстік мақсатта тіркесе беретіні ғылыми практикалық дәлелденді. Үстеулердің морфологиялық өзгерістері есімдер мен тіркесу қабілеті және сөз тіркесінің басыңқы сыңарда жұмсалу қабілетінің негізгі ғылыми себептері мен принциптері жан-жақты көрсетілді. Қорытындысында, үстеулердің пайда болуы мен тарихи қалыптасу барысындағы түрлі лексика-самантикалық және морфологиялық, синтаксистік өзгерістер ғылыми практикалық тұрғыдан дәлелденіп, қазіргі тіліміздегі үстеулердің кейбір морфологиялық өзгерістері мен синтаксистік қызметі жан-жақты айқындалып, көркем әдебиет пен баспасөз беттеріндегі сөз қолданыстармен дәлелденді.

Зерттеу әдістері:

Дипломдық жұмыста негізінен қазіргі қазақ тілінің көркем-әдебиет публицистикалық стиьдерінде жазылған шығармалардағы үстеудің қолдану ерекшеліктеріне синхрондық тұрғыдан талдау жасалынды. Зерттеуді сараптау, сипаттау, компоненттік талдау және салыстыру әдістері негізге алынды.

Зеттеу жұмысының материалдары:

Қажетті тілдік теориялық міліметтер мен материалдар А. Н. Кононов, Л. Н. Харитонов, М. А. Хабичев, А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, А. Ысқақов, М. Балақаев, Р. Әміров, С. Исаев, Т. Сайранбаев және т. б. ғалымдар еңбектерінен алынды. Ал жұмыста қолданылған мысалдар қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі, Абайдың шығармалар жинағы, М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы, С. Шәймерденовтың, Д. Исабековтың, Ш. Мұртазаның және т. б. қазақ ақын жазушыларының шығармаларынан, «Егеменді Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» және т. б. баспасөз материалдарынан алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.

Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктерін ондағы жүріп жатқан даму, өзгеру процестерін айқындау, өзге сөз таптарының пайда болу, даму ерекшеліктерін лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерін синхрондық тұрғыдан анықтау, жүйелеуге теориялық негіз қалайды. Зерттеу жұмысын салыстыру, компоненттік талдау, сипаттау және т. б әдістер арқылы жасалған теориялық дәйектемелерді, лингвистикалық салалардың теориясына жаңа идеялар қосып, кеңейте түседі. Жұмыста баяндалған теориялық тұжырымдар мен нақты деректер практикалық тұрғыдан қазақ тілінің сөзжасам морфология және синтаксистік салаларын оқытуда көмекші құралдар бола алады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

Үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуының алғышарттарын және сөзтабындық табиғатының лексика-семантикалық, синтаксистік белгілерін айқындау-сөз таптарының сатылы даму жүйесін көрсетеді

Үстеулердің түрлі морфологиялық формаларға ие болып, кейбір өзгерістерге ұшырауы, олардың басқасөз таптары қатарына тіл құбылысында болып жататын жалғаспалы тарихи заңдылық

Үстеулер тек етістіктермен тіркеседі деген қағида қазіргі тілдік тұрғыдан ескірген тұжырым болып отыр. Үстеулер барлық есім сөз таптарымен сөз тіркесінің түрлі байланысу формаларында тіркесе алатын дәрежеге жеткен.

Үстеулер басқа сөз таптарының жетегіне ерумен қатар, өздеріде сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалып, сөз тіркесіне ұйытқы болып, басқа сөз таптарын жетектейді. Үстеулі сөз тіркестері есімді сөз тіркестерінің бір түрі болып саналады.

Үстеулі сөз тіркесінің зерттелуі

Үстеулер түркі тіл білімінде ең күрделі, ең даулы сөз таптарының бірі. Үстеулер жайлы оның тарихы, табиғаты мен лексика-грамматикалық ерекшеліктері жайында талай-талай ғылыми еңбектер жазылады. Соған қарамастан қазіргі тіл тұрсынан қарағанда үстеу сөздердің әлі де айтылмай келе жатқан мәселелері жеткілікті екені анық.

Үстеулердің зерттелу тарихы өткен ғасырдағы жетелеген тілдердегі жарық көре бастаған грамматикалар мен тығыз байланысты. Мәселен, И. Гигановтың «Грамматика татарского языка» атты еңбегі 1801 жылы (1), М. А. Қазем- Бектің «Общая грамматика турецского- татарского языка» (1846), «Грамматика алтайского языка» (1864) атты еңбектері (2; 457), Г. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген зерттеуі (1894, 1897) (3) және т. б еңбектер жарық көрді.

Түркі тілдерінң алғашқы салыстырмалы грамматикасының авторы профессор М. А. Қазем-Бек өзінің қомақты еңбегінде үстеуге арнайы бөлімін арнаған. Өз еңбегінде ол түркі тілдерінде үстеулерді мынадай жағдайлар құрайды дейді.

  1. Сын есім арқылы.
  2. Жалғыз немесе әр түрлі демеуліктерден кейін араб-парсы тілдерінен енген зат есімдер.
  3. Араб немесе парсы атаулары септелмейтін үстеу ретінде алынған.
  4. Мәлім есімдер демеуліктер үстеуі арқылы септелмейтін үстеулердің санына ол мағыналық сөздердің санын, мысалы, белі, йоқ, бек, демин, билә, бірле, даха және т. б.

Ол: «үстеу ретінде алынатын сын есімнің саны өте маңызды және осы сын есімдер үстеуге арналғанда олардың артынан қандай да бір етістік жобаланады немесе қолданылады » - деп жазды.

Қазам-Бек сын есім үстеуін мағынасы бойынша келесі топтарға бөледі:

  1. Сандық үстеу (аз, артық, сирек, көп) .
  2. Сапалық үстеу ( гозель, хош )
  3. Уақыт үстеуі (тез, ерте, гич)
  4. Тұжырымдық (утверждения) үстеуі (дуруст, раст)
  5. Қайшылық (отрецания) үстеуі (йалған)

Бұл жерде автор келтірген мысалдар келтірілген мысалдар мен топтарға бөлінуінің бәрін сын есім деп қарайды. Үстеу әр түрлі демеуліктер мен және демеуліктерсіз зат есім атауларынан құрылған, автор оларды мағынасы бойынша да бірнеше топтарға жіктейді:

Уақыт үстеуі(түн, ерте, бүгүн-бүгін

Мекен үстеуі.

Сұрау үстеуі.

Пайымдау үстеуі.

Бірақ бұл жіктемеде сұрау есімдіктерімен етістіктер араласып кеткен.

Бірқатар дұрыс жағдайға қарамастан «үстеу-сын есімін» бөлген кезде автор қателіктерге жол береді. Үстеуге мынадай сөздерді жатқызады, мысалы, йақын, узақ, йарақ, мекен үстеулерге жатқызғанда ол шын мәнінде мөлшерлік үстеу, яғни мағына жағынан шатасқан.

Автор «сындық үстеуге» йақын - жақын, ұзақ; йырақ - жырақ деген сөздер жатқызған. Үстеуді жіктеудің қазіргі әдісі тұрғысынан қарағанда, автордың кәдімді есімдіктерді үстеу қатарына, оның ішінде сұрау үстеуіне жатқызуға теріс пікір болып табылады.

Кітаптағы берілген сөздердің өзіндік қасиеттері болмағандықтан сөйлем мүшелерін бір-бірінен ажырату қиын. Мысалы: сөзжасамдық жұранқтардың бәрі, шылаулар, сөз тудырушы жұрнақтар, тіпті толық мағыналы сөздердің өзі де, сондай-ақ сын есімдер мен үстеулерде бірде шылаулар бірде жалғаулықтар деп берілген.

«Якут тілінің грамматикасы» деген еңбектің авторы С. Б. Ястермский алтай, ұйғыр, өзбек, түрік тілдерінің негізіне сүйене отырып, үстеулердің санын көбейтті. Сонымен қатар үстеулерге этимологиялық салыстыру жасалды. Бұл еңбек жекелеген сөздердің морфологиялық белгілерін анықтауда, үлкен роль атқарады (4) .

Мысалы, ол көне тілдер мен түркі тілдерді салыстыру арқылы -дық- дік, өнімді жұрнақтарының этимологиясын. Анықтаған. Бұл жұрнақ алғашында тек түрінде қолданылған (тегің кім?) ; кейіннен ол көмекші сөзге, содан соң жұрнаққа айналған. Сондай-ақ автор үстеу жұрнақтары деп -ын, -ін жұранқтарын қарастырды. Бұл жұрнақтар қазіргі якут тіліндегі қыс (қыс), сай (жаз) жалғанып, қышын сайын (қыста, жазда) сөздерін жасаға қызмет етіп жүр. Ястермскийдің айтуынша қанша рет? сұрағына жауап беретін үстеулер -та, -те, -да, - де, жұранғы арқылы жасалады. Мысалы: бірдә (бір рет), еккітә (два раза), үстә сөзінен туындаған барыс септігіндегі сөз.

Есімдік мәніндегі үстелерге автор онна (анда), манна (мұнда) сөздерін сұрау есімдігімен байланысты үстеулерге хас (қанша), хасты (қаншалықты), хасан (қашан), ханна (қайда) сөздерін жатқызады.

Түркі тілдерінің мол фактілеріне қарамастан, автор үстеулердің мағыналық топталуына синтаксистік қолданысына мән бермей, жеке үстеу түрлеріне ғана тоқталған. Басқа түрік тілдерінің грамматикаларында орыс тіліндегі үстеуге, шылауға, одағайға, сәйкес келетін сөздердің бәрі де жалғаулықтарға жатқызылады.

Біріншіден олар толық мағыналы сөздер, екіншіден көмекші есімдер қызметін атқарады, сондықтан да авторлар үстеу мен көмекші сөздерді айыра алмай, оларды бір тақырыпта қарастырады.

Көртеген авторлар кезінде Қазам Бек зерттеп көрсетіп кеткен, үстеулерді көрсетеді. Олардың бір ғана жаңалығы үстеулердің көне тұлғасының этимологиясын анықтайды. Бұған дейінге еңбектерде зерттелмеген сияқты бұл еңбектерде де, үстеулердің синтаксистік қолданыстарына семантикасына көңіл бөлінбеген.

Сондай-ақ үстеу сөз табының өзіндік белгісі үстеулерге тән анықтамалар мен тұжырымдар жасалып, зерттеушілер тарапынан біршама жүйеленді. Дегенмен бұл еңбектерде үстеулердің синтаксистік қызметі, қолданыстары және өзіндік ерекшеліктері толық қанды зерттелді деп айтуға болмайды. Себебі, аталған жұмыстардың жазылуы негізінен қандайда бір халықтың тіл ерекшеліктерін айқындап, тілдің жүйесін бір ізге келтіру сияқты көпшілікке танымал грамматика жасау еді. Бұл оқулықтарда үстеулердің негізгі белгілері мағынасына қарай семантикалық топтары, сөйлем ішіндегі қызметінің өрісі айқындалғанымен үстеулердің сөз табы ретінде алатын рольі өзге сөз таптарымен тіркесу қатынасы, сатылы даму формасы, басыңқы сыңарда жұмсала отырып, бағыныңқы сөзімен әр түрлі грамматикалық байланыстарға түсе алу қасиеттері жүйелі түрде зерттелінбеді. Жалпы үстеу сөздер тобына теориялық анықтамалар берілді. Тілдік жүйеден алатын орнын, лексика-семантикалық топтарны айқындау грамматикалық құрылымы мен синтаксистік байланысу тәсілдерін зерттеу біржақты жүрді. Сонымен бірге ғалымдар үстеулердің жасалу жолын анықтауда, жасалу тәсілін алып көрсетуде, біршама жаңсақ пікірлер де айтты. Себебі кейбір үстеулердің мағыналық жақтан да функциялық жақтан да қолдану жағдайы аралықта тұрғандықтан мұндай үстеулер дәл қай сөз табына тән екендігін кесіп айту қиын болды. Осындай бірен -саран кездесетін басы ашылмаған мағыналық тұрғыдан көмескі сөздер ғалымдар тарапынан аталмыш грамматикалар да өзіндік табиғаты мен сипатын таппады. Тек кейінгі жарық көрген ғылыми еңбектер ғана үстеу сөз табының өзіндік ерекшеліктеріне, семантикасымен лексика-грамматикалық сипатын, үстеу сөзжасамындағы негізгі процестер мен сөз жасау тәсілдерін ашып көрсетті. Үстеулерді құрамына қарай түбір және туынды деп бөліп, олардың әрқасысының өзне тән қасиеттері, сөйлем ішіндегі ролі талданды. Алайда әлі де ғалымдар тарапынан үстеулерге деген көзқарас, ғылыми жобалар бір жүйеге түсе қоймаған еді. Өйткені сөз таптарын зерттеуде ғалымдар үстеу сөздер мен сөйлем ішіндегі үстеулік мағынаға ие болған сөздердің ара жігін ажырата алмады. Олардың арасына белгілі бір мөлшерде шек қойылмады. Үстеу сөздердің өзге сөз таптары мен тіркесу дәрежесіне жете мән берілмеді. Жалпы үстеу сөз табының тіркесу қабілеті мен үстеу сөзжасамындағы кейбір процестердің басы ашылмады.

1930-1940 жылдары жарық көрген еңбектерде біршама тең болжамдар болды, дегенмен арсында үстеулерге деген көзқарас біржақты болып, бірін-бірі қайталады. Бірақ біз атақты түркітанушы ғалым Дмитриевтің еңбегін ерекше атауымызға болады. Ол өз еңбегінде ғылымға бір жаңаша деректер әкілді. Ғалым үстеулердің толық дербес сөз табы ретінде жеке мағынасының әлі де болса қалыптаспағанын, тек синтаксистік қатынас барысында кез-келген сөз табымен байланысып, үстеулік мағына беретінін айтты. (5; 257с)

Түркітанушы бұл топтағы үстеулерді синтаксистік үстеулер немесе сын есімдік үстеулер деп қараған. Сонымен қатар ғалым үстеу сөз жасағын, олардың жасалуындағы морфологиялық синтаксистік тәсілдерді жеке бөліп алып, екі тәсілдің арасында айырымдық белгілерін қойып әр тәсілдің өзіндік ерекшеліктерін анықтады.

Түркі тілдерінде үстеулердің зерттелуі негізінен оқулықтар мен кейбір грамматикалық еңбектермен шектеліп отырды. Зерттеушілердің басымы үстеулердің жасалу жолын лексика-грамматика топтарын талдап, сөйлемдегі пысықтауыш қызметіне тоқталғанымен, үстеулердің нақ үстеу болуындағы жолын өзге сөз таптарныдағы айырмашылығын, олармен тіркесу қабілетін сонымен қатар, үстеу сөздердің сан ғасырлық қалыптасуындөп басып көрсете алмады. Көптен күткен үстеу туралы жан-жақты зерттеу, толық қанды талдау белгілі бір жүйеге түсіріп, басқа сөз таптарымен арасындағы ірге тасты қалау, бір-бірімен байланысын жасап, ортақ қасиеттерін айқындау якут тілінің маманы көрнекті түрколог ғалым А. Н. Харитоновтың үлесіне тиді. Зерттеуші өзінің «Неизменяемые слова в Якутском языке» атты еңбегінде үстеулерді жеке сөз табы ретінде қалыптастырып, түбегейлі талдаулар жасап, анықтамасын берді. (6; 81с) . Ғалым якут тілдеріндегі үстеулерді өз алдына жеке зерттеу нысаны етіп алды. Тілдегі сөздердің лексикалық, грамматикалық сипаттарына зер сала отырып, үстеулердің түркі сөз таптарымен байланысып, әрбір жеке сөз табының үстеулерге ықпалын, өзіндік қасиеттерін саралады. Автор аталмыш сөз табының атқаратын қызметін қолдану аясын, мағыналық топтарын жеке-жеке алып қарастырды. Якут тіліндегі үстеулердің жалпы сипатын түркі тілдеріндегі материалдармен салыстыра отырып, біршама қорытындылар мен тұжырымдар жасады. Басқа түркі тілдеріндегі үстеулерге қарағанда якут тіліндегі үстеулердің морфологиялық жағынан жан-жақты дамығандығын айтты.

Г. Азымовтың «Түрікмен делінде халлары ясалымы» атты диссертациясы 20 ғасырдың 40-шы жылдарында үстеу сөз табына қатысты жазылған еңбектің бірі. Бұл еңбекте ғалым түркмен тіліндегі үстеклердің жасалу жолын екі үлкен топқа бөліп қараған. : бірінші топқа зерттеуші үстеулердің мағыналық ерекшелктерінің сипатын, яғни лексика-семантикалық топтарын түзіп, жеке тұрғанда толық үстеулік мағынасы бар түбір сөздерді қарастырады. Оған мысал ретінде: ерен, хас, жауда деген сөздерді келтіреді. Екінші топтағы үстеулердің жасалуын автор туынды сөздермен байланыстырып, туынды сөздердің пайда болуына негіздейді. Етістікті сөздердің қатысу деңгейін сөзжасамдағы үлкен тәсіл арнайы сөз тудырушы формалары көмегімен пайда үстеулердің морфологиялық құрамын ашып көрсетті.

50-шы жылдардан бастап, түркі тіл білімі саласында үстеулерге қатысты көптеген ғылыми монографиялар мен кандидаттық диссертациялар жазылды. Түрколог ғалымдар үстеу сөз табының теориялық анықтамасын жан-жақты талдап, ғылыми тұжырымдар мен дәлелдемелер жасады. Үстеу сөз табын ғалымдар әр алып қарап, оның сөз табындық ерекшелігі мен түркі тілдерінде ортақ қасиеттерін айқындады. Осыған орай еңбектерді атап шықсақ, С. Ф. Фузайлов «Наречие в современном узбекском языке» (1953(7; 18с) ) А. Давлетов «Наречие в современном киргизском языке» (1956) (8) Х. Гафурова «Наречие в современном туркменском языке» (1959) (9) С. А. Гочияева «Особенности наречий в карачаево-болгарском языке» (1968) (10; 213-247с) А. Дж Шурюков «Наречие в азербайджанском языке» (1966) (11; 27) Бұл еңбектердің көпшілігінде «үстеулер түрленбейтін, өзгермейтін және тек етістіктермен тіркесіп, сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады» деген тұжырым басшылыққа алынып келді

Түркі тілдері жүйесінде өзге сөз таптары сияқты үстеулер де дербес сөз табы. Әрбір жекелеген сөз таптарының қалыптасуы, пайда болуы мен өзіндік даму бар. Сөз таптарының ішінде зерттеу обьектісі болып отырған үстеу сөздер бір кездерде лексика-грамматикалық белгілер мен семантикалық ерекшеліктері айқындалмаған сөз топтары еді. Бірте-бірте тіл дамыды, сонымен қоса, тілдегі негізгі қайнар көз болып табылатын жүйесі қатар қалыптасты.

Түркі тілдерінің тарихы саналытын Орхон - Енесей, Талас жазбалары - жазба тіл нұсқасын танытатын бірден- бір мұра аталмыш жазбалар сол дәуірдің тілдік жүйесінде әбден ерекшеленіп, белгілі нормаға түскен жүйе ретінде танылады.

Әрбір сөз таптарының табиғаты мен лексика-грамматика қасиеттерін, қалыптасу жолдар мен даму кезеңдерін айқындағанда, көне түркі тілінің деректеріне сүйенген дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер
Сөз таптарын топтастыру
Сөз таптарының адвербиалдануы
Үстеу жайында
Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш
Үстеу бар сөйлемдер
Көнеленген септік жалғаулары, олардың синтаксистік ерекшеліктері
Мөлшер үстеулері
Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz