Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
І ТАРАУ ТОЛЫҚТАУЫШ ПЕН ПЫСЫҚТАУЫШ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАСЫ6
1. 1 Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері6
1. 2 Сөз табының сөйлем мүшелеріне қатысы9
1. 3 Сөйлем мүшелерінің зерттелуі11
ІІ ТАРАУ ТОЛЫҚТАУЫШ ПЕН ПЫСЫҚТАУЫШ: ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАСЫ21
2. 1 Толықтауыш, оның түрлері, жасалу жолдары21
2. 3 Пысықтауыш оның түрлері25
2. 4. Толықтауыш пен пысықтауышты ажырату30
2. 5. Толықтауыш пен пысықтауыштың ара жігін айыру туралы кейінгі көзқарастар32
ҚОРЫТЫНДЫ48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ51
КІРІСПЕ
Қазақ тілі бөлімінде сөйлем мүшелері айтарлықтай зерттелді. Бұл жөнінде көпшілік мойындаған нәтижелер де молшылық. Алайда сөйлем мүшелері логикалық және құрылымдық тұрғыдан қарастырылады. Тіпті сөйлем мүшелерін анықтауда морфологиялық көрсеткішті басты нысана ететін жайттар да жиі ұшырасады. Сөйлем мүшелерін анықтауда сөйлемнің коммуникативтік сипатын, контексті назардан тыс қалдыратын фактілер де мол. Бұл айтылған жайттар, әсіресе, пысықтауыш пен толықтауышқа байланысты жиі көрініс береді. Міне осы себептен біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Толықтауыш пен пысықтауыш: ұқсастығы мен айырмасы» деп алдық. Мәселенің көкейкестілігі де осы айтылғандардан келіп шығады.
Пысықтауыш пен толықтауыштың айырмасы мен ұқсастығы жайында қазақ тіл білімінде аз сөз болған жоқ. Оған дәлел ретінде 50-жылдары «Халық мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарындағы пікірталас-айтысты алсақ та жеткілікті. Бұл пікірталас-айтыста ірі ғалымдардан бастап, мектеп мұғалімдеріне дейін қатысты. Алайда бір тоқтамға келген жоқ. Толықтауыш пен пысықтауыштың айырым белгілері туралы пікірлер сол плюралистік деңгейде қалып қойды. Осы айтыстың соңында қорытындысы ретінде берілген жауапта бұны шешіп берген жоқ. Бұған дәлел ретінде журналдың 1959 жылғы № 12 санын қарауға болады:
1. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздер заттық мағынаны білдіріп, кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрауларға жауап беріп және бұл сұраулардың тәуелді, көпше түрлерінің біріне жауап болса, жанама толықтауыш болады.
2. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздер мейлі шылаулы болсын, мейлі шылаусыз болсын, бәрібір мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық, себептік мағыналарды білдіріп, қайда? қайдан? қай жақтан? қалай? қалай қарай? қашан? т. б. сұрақтарға жауап болса, қай сөз табынан жасалғанына қарамамастан пысықтауыш болады.
Осыған қарап біз өз қал-қадырымызша баламалы пікір алуандығына арқау болатын ойларымызды дәлелдеп ұсынуды жөн көрдік. Бұл біздің жұмысымыздың өзекті міндеті.
Толықтауыш пен пысықтауышты талдау үстінде дәстүрлі құрылымдылық әдістен гөрі қазақ тілі синтаксисінде кейіңгі кезеңдерде бой көрсетіп жүрген коммуникативтік әдісті бағдар еттік. Әрине, тіл білімінде қалыптасқан сипаттамалық әдіс, индукция және дедукция әрдайым назарымызда болды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбымыздың теориялық, методикалық тұрғыдан зәрулігі, осы тақырыпты зерттеудегі мақсат-міндетіміз, зерттеу әдістері сөз болады.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда қазақ тіл білімінде «сөйлем мүшелері» деген мәселе арнайы, жеке, іргелі еңбектің нысанасы (обьектісі) болмағандықтан, сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихы, негізгі белгілері, морфологиямен қатысы туралы жүйелі сипаттама берілді.
Екінші тарауда толықтауыш пен пысықтауышқа арнайы тоқталдық. Ол туралы әр алуан пікірлерді салғастырып, ұтымды тұрғылардан саралап тырыстық.
Бір қарағанда, бірінші тарау мен екінші тарау жарыспалы күйде тұрғандай, бірақ сөйлем мүшелерінің жалпы теориясы екінші тараудағы пысықтауыш пен толықтауыш туралы мәселеге сәулесін түсіріп тұрады.
Қорытынды бөлімде толықтауыш пен пысықтауышты айырудың критерийлері берілді.
І ТАРАУ ТОЛЫҚТАУЫШ ПЕН ПЫСЫҚТАУЫШ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАСЫ
1. 1 Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері
Сөйлемнің өзі екі жақты қарастырылатыны белгілі;
А) Cөйлемнің құрылысы, айтылу мақсаты және оған қатысатын мүшелердің арақатынасына қарай олардың бірнеше түрге бөлінуі;
Б) Сөйлемді құрайтын элементтері немесе сөйлемге қатысты сөздердің сөйлем мүшесі болуына қарай;
Сөйлемге қатысты осы екі мәселенің әрқайсысының өзіндік зерттелу обьектілері бар . Соның ішіндегі ең негізгі мәселенің бірі - сөйлем мүшелері.
«Сөйлемнің мүшелері сөйлемнің ішкі бөліктері, сөздер сөйлемнің ішкі бөліктері, дегенмен олар сол сөйлемді құрауға басты тұлға. Сол сөздердің қатысуы арқылы ғана сөйлем құрала алады».
Сөйлем сөзсіз құралуы мүмкін емес. Міне сол сөйлемдегі құрайтын әрбір сөздің өз орны, өз қызыметі, өз мағынасы, өз қасиеті бар» - дейді Т. Сайрамбаев өзінің Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелері” - деген еңбегінде. 1
Жалпы сөйлем мүшелері туралы бірнеше анықтама бар;
- «Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз».
- «Сөйлемде қанша сөз болса, солардың барлығы соншалық сөйлем мүшесі дейміз».
- «Сөйлемдегі мағыналы сөзді сөйлем мүшесі дейміз».
- «Сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап берген сөзді сөйлем мүшесі дейміз», -деген көзқарастың бар екендігін кезінде К. Басымов айтқан болатын. 2
Сөйлем мүшелері туралы кейінгі кездегі авторлардың пікірлері.
- М. Балақаев «Сөйлемде грамматикалық мағынаға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұрған сөздерді сөйлем мүшесі дейміз». 3
- О. Күлкенова «Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беретін, бір ұғымды білдіретін жеке сөздер немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз». 4
- Р. Әміров «Сөйлем мүшелері - сөйлем құрауда қалыптасқан қатынастың компоненті. Сөйлем мүшелері ретінде толық мағыналы сөздер қолданылады». 5
Негізінен осы тұжырымға байланысты Т. Сайрамбаев мынадай тұжырымға6 ерекше тоқталып өткен.
1. Сөйлемде қанша сөз болса, сонша сөйлем мүшесі болады;
2. Сөйлемдегі мағыналы сөз сөйлем мүшесі болады;
3. Сөз тіркесі де сөйлем мүшесі болады;
Алғашқы ережелер бойынша ол осы еңбегінде былай дейді: «Сөйлем ішінде дербес мағынасы бар, дербес мағынасы жоқ сөздер бар. Тіпті дербес мағынасы бар сөздердің өздері сөйлемде мүше бола бермейтіні мәлім. 7
- Сонымен қатар сөйлем ішінде келетін оқшау сөздер, айқындауыштардың дербес мағыналы сөздер бола отырып белгілі бір сөйлем мүшесі бола алмайтын, олардың бүкіл сөйлемге немесе жеке бір сөзге қатыстылығын айтып өткен.
Және де қаратпа, қыстырма, одағай, қосарлы, қосалқы және оңашаланған айқындауыштарды құрайтын сөздердің де дербес мағынасы бар екендігін, бірақ сол топтағы сөздердің сөйлемнің ішінде қолданылғанымен, әдеттегі бес сөйлем мүшесі сияқты бола алмайтындығын, олардың сол бес сөйлем мүшелерінің әрқайсысына бөлініп, олардың әрқайсысының ішкі мүшелері ретінде, яғни сөйлем мүшелерінің мүшелері тәріздес қызмет атқаратындығын айтқан.
Бұдан басқа сөйлем ішінде көмекші сөздер тобының бар екендігін, оларға көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер, шылау сөздердің де қатысатынын айтып өткен.
«Осы сөздер (көмекші сөздер) өз алдына тұрып еш уақытта сөйлем мүшесі бола алмайды, тіпті олар сөйлем мүшесі болады деген пікір тумаса керек. Соған қарамастан бұл ережеге осы топтың сөздері де қатысты деп ұғатын боламыз . Міне, осы сөйлемдегі немесе сөйлемде қанша сөз болады дейтін тұжырымдар сөйлем мүшелерінің жасалуында ойлануды қажет етеді»8 - деп көрсетеді Т. Сайрамбаев.
Автор енді бір мәселе бойынша: «Кейбір ережелерде әр түрлі сұраққа жауап беретін сөздер мүшесі болады дейтін де пікірлер баршылық. Шынында сөздер сөйлем ішінде белгілі бір сұраққа жауап беретінін айтқан. Бірақ кез келген екі белгілі сұрауға жауап беретінін айтқан . Бірақ кез келген екі белгілі сұрауға жауап бере ме?» - дейді де сөздерге сұрау қою мәселесінде екі нәрсеге назар аударуды қажет деп табады.
1. Сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер дара күйінде тұрып белгілі бір сұраққа жауап береді.
2. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі де белгілі бір сұраққа қатысты болады.
Сөздердің сөйлем мүшесі болу үшін мынадай мәселелерді атап өтеді:
1. Сөйлем мүшесі болу үшін сөздер бір-бірімен қатысты болуы керек.
2. Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде дара да, күрделі де күйінде қатысады.
3. Сөздер сөйлемге енгенде грамматикалық мағына беруі тиіс.
4. Сөздер сөйлем мүшесі болған кезде белгілі бір сұрауға жауап беруі тиіс.
5. Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде өзара байланысқа енуі тиіс, - дей келе, сөйлем мүшесіне мынадай анықтама береді: «Сөйлем мүшесі дегеніміз сөйлемде бір не бірнеше сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынастары арқылы арнайы бір сұраққа жауап беретін грамматикалық мағынаға ие болатын түрін айтамыз». 9
1. 2 Сөз табының сөйлем мүшелеріне қатысы
Т. Сайрамбаев сөйлемді құрайтын элементтер мен сөйлем мүшелері негізінен біріңғай болғанымен әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтып өтеді. Сондықтан сөйлем мүшелерінің жасалуын жеке алып, оны мынадай топтар арқылы көрсетеді:10
1. Негізгі сөз таптарының сөйлем мүшесі болуы.
2. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы сөйлем мүшесі болады.
3. Негізгі сөздер шартты райлы болса, етістігінің тіркесі арқылы болған сөйлем мүшесі.
4. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері.
5. Бір сөздің қайталануы арқылы сөйлем мүшесі болуы.
6. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы.
7. Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері.
8. Жеке дыбысты сөйлем мүшелері.
Сөз таптарының сөйлем мүшелеріне ұқсамайтын қасиеттерінің бірі әрбір сөз табының жеке-жеке лексикалық мағынасы бар. Лексикалық мағына әрбір сөздегі ешбір жалғаусыз атау күйіндегі мағынасы, ал грамматикалық мағына сол лексикалық мағынасы бар сөзге түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы пайда болатын мағынасы. Әрбір сөз сөйлемде нольдік тұлғада және түрлі қосымшалар жалғануы арқылы, әрі сөз табы, әрі сөйлем мүшелік қызметте жұмсалады.
Т. Қордабаев ¤зінің «Тілдік структуралық элементтері» деген еңбегінде сөз табы мен сөйлем мүшесінің арақатынасы туралы былай дейді: «Лингвистика тарихында сөз табы мен сөйлем мүшелерін бірлікте қарау сөз табын сөйлем мүшесіне тәуелді ету, содан тарату да болған.
Сөйлем мүшесі, сөз табы дейтініміз де лексикалық тұлғалар, сөздер болғанмен бірі екіншісіне тәуелсіз және жіктеулі белгілері, көріну жолдары жағынан да бір-біріне ұқсамайтын екі бөлек категориялар». 11
Бір сөздің өзінде лексикалық теорема, грамматикалық, әрі сөйлем мүшелік қасиет бар болып табылады. Бірақ сөздің лексикалық мағынасы сол сөздер сөйлем мүшесі болған кезде сақтала ма деген мәселе туралы Сайрамбайев былай дейді: «Осы сөздердің сөз табы кезіндегі мағынасының енді сөйлем мүшесі кезінде болатын алшақтығы сөздегі грамматикалық мағынаға ие болу сөздерге түрлі-түрлі көмекші сөздер мен демеулердің түйдектелуі арқылы жүзеге асса керек». 12
Сөз табының лексикалық мағынасы бойынша сөйлем мүшесі болатын әрбір сөздің, біріншіден, бір-біріне қатысты яғни бір-біріне бағынышты, бағыныңқы дәрежеде жұмсала келіп, екіншіден, олардың әрқайсысына сөйлемде белгілі дәрежеде мағынасының айқын болатыны ескеріледі. Сонда сөз таптары сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалғанда, оның мағыналық жағынын назарға алынатынын айтады.
Жалпы алғанда, сөз таптары сөйлем мүшесі болған кезде лексикалық мағынасын сақтайтыны, әрі басқа бір мағыналық топқа ауысу процесі де айқын байқалады. Мысалы, зат есімдер заттық мағынаға ие сөздер болғанмен, олар бастауыш, толықтауыш, кейде пысықтауыштық қатынасқа да ауысып кетеді.
Бұған қарағанда әр түрлі мағыналық топта жұмсалатын сөз таптары сөйлем мүшесіне ауысқан кезде де сол өзінің мағынасымен қоса, басқа мағынаға ауысып жұмсала береді:
1. 3 Сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Қазақ тілін зерттеуде орыс тіл білімінің үлгілік жолы болғандығын жоққа шығаруға болмайды деп санаймыз. Өйткені сөйлем мүшелері туралы пікірлерде орыс тілі синтаксисінің бұрынғы мамандары пікірлерінің ізі жатады. Сол себепті, ең алдымен, сөйлем мүшесі туралы орыс тілі синтаксисі концепцияларын көктей шолып өткен артық болмайды, тіпті қажет. Орыс тілі синтаксисінің дамуын кезендерге бөлу XVIII, XIX, XX ғ. ғ. орыс әдеби тілі тарихының кезеңдеріне сәйкес келе бермейді. Орыс тілі синтаксисін үш кезеңдерге бөліп қарастырады:
І. Ломоносов кезеңі. Бұл 1755 жылы Ломоносовтың «Российская грамматика» еңбегінің жарыққа шыққан кезеңі мен Н. И. Гречтің грамматикалық еңбектері мен А. К. Востоковтың «Русская грамматикасының» шыққан кезіне дейінгі аралықты қамтиды.
ІІ. Н. Греч пен А. Востоковтың синтаксистік құбылыстарды әр түрлі лингвистикалық методологияға негіздеп, түрліше бөлген кезеңінен басталады.
ІІІ. Бұл кезең -орыс тілі синтаксисі тарихында Ф. И. Буслаевтың «Опыт исторической грамматики русского языка» (1832) еңбегінің шығуы, осыған байланысты туған түрлі даулы мәселелер туындаған кезең .
Орыс тілі білімінде ревалюцияға дейінгі кезде синтаксис мәселелері Ломоносовтың грамматика және риторика туралы еңбектерінде мүлде пән ретінде қарастырылмаған. Оның синтаксистік теориясы еш бағаланбаған. Ломоносовтың өзінің «Риторика» еңбегінде сөйлем ішінен негізгі екі бөлікті (часть ) бөліп алады: бастауыш пен баяндауыш.
«Бастауыш пен баяндауыш жеке сөздерден жасалуы мүмкін» - дейді, М. В. Ломоносов. Бұдан кейін XVIII ғасырдың 2-жартысында проф. Н. Кураганов, А. А. Барсовтың да сөйлем теориясы туралы ілімдердің сөйлемді бастауыш, баяндауыш деп бөлуден аспаған.
ХІХ ғасырдың басында Н. Язвицский өзінің «Все общая грамматикасында»13 кез-келген сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Ал кто который есімдіктерімен басталатын сөйлемдерді бастауыштың бір бөлігі немесе баяндауыштың бір бөлігі, - деп қарастырады.
Ал Я. Г. Якоб өзінің «Курс философий для гимназий Российской империй» деген еңбегінде «Бастауыш пен баяндауыш бар жерде сөйлем де болады. Ол бір немесе бірнеше сөзден тұруы мүмкін», 14- дейді.
ХІХ ғасырдың 20-50 жж. бұл мәселе кеңінен сөз болған Н. И. Греч сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан өзге толықтауыштың болатынын айтқан. Сөйтіп бірінші рет толықтауыш сөйлем мүшесі ретінде сөйлем мүшесінің құрамына еніп, бастауыш пен баяндауыштан соң үшінші орынға ие болды.
Н. И. Греч үшін сөйлем мүшесі мен сөз табы бір-біріне сәйкес және тығыз байланысқан. Ол анықтауышқа былай анықтама береді: «Определение - это выражение качества, действия или другого качества именами прилагательными и наречиями», - десе, толықтауыш туралы: «Дополнением выражаются: во- первых предмет действия подлежащего; во-вторых, качество предмета, обстаятельства, место и время действия, 15- дейді.
Сонымен қатар автор: «Анықтауыш пен толықтауыш бірдей болуы мүмкін және олар қай сөз табынан жасалғанына қарап ерекшеленеді», - дейді. 16
ХІХ ғасырдың 20-30 жж. орыс тілі синтаксисі тарихына А. К. Востоковтың да қосқан үлесі мол.
А. К. Востоков өзінің «Русская грамматика» еңбегінде сөйлем тек қана екі бөліктен: бастауыштан және есть көмекші етістігі арқылы жасалған баяндауыштан тұрады, 17- дейді.
Және де ол өз грамматикасында бастауыш пен баяндауыштан өзге анықтайтын, толықтайтын сөздердің немесе мүшелердің болатынын айтқан.
Яғни сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ілімінің логикалық бағыты А. К. Востоков пен Н. И. Греч еңбектерінен басталғанын көреміз.
Оларда «дополнение», «определение» деген терминдердің қолданылғанын, ал пысықтауыш ретінде танылған сөйлем мүшелері анықтауыштың бір түрі ретінде қарастырылады.
ХІХ ғасырдың 50 ж. аяғына қарай Ф. И. Буслаевтың «Опыт исторической грамматики русского языка» еңбегі жарық көрді. Онда ол: «Осы тұрлаулы мүшелердің екеуінің негізгісі баяндауыш. Оның өзіне тән және бастапқы этимологиялық формасы есть етістігі, 18- дегенді айтады .
Сонымен қатар Ф. И. Буслаевтың ілімі бойынша логикалық тұрғыдан сөйлем мүшелерін бастауыш пен баяндауыштан тұрады, ал грамматикалық тұрғыдан алғанда бұл екуінен де басқа сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталатын «толықтырып» түсіндіріп тұратын сөздердің болатынын көреміз.
Ф. И. Буслаев тұрлаусыз мүшелерді екі түрлі қатынаста қарастырады:
1. Синтаксистік қолданысына қарай;
2. Мағынасына қарай;
А. А. Дмитревский осы ғасырдың 60-70 жж. еңбектерінде: «бастауыш тек атау септіктен ғана емес, басқа да жанама септіктің формаларынан жасалады, осыған орай бастауышты сөйлемнің тұрлаусыз толықтауыш мүшесіне жатқызу керек», 19 - дейді
Ал М. Великанов20 бастауыш пен баяндауыштың дамуына, өрбуіне қызмет ететін сөздердің бәрі сөйлемде түсіндірмелі (пояснительные) сөздер деп аталады, - деп тұрлаусыз мүшелерді жалпы түрде ғана түсіндірмелі сөздер деп алған.
А. А. Потебня «Из записок по русской грамматики» деген еңбегінде21 А. А. Дмитриевскийдің бастауышты «басқаша атау» теориясын сынға алады.
Ф. И. Буслаевтың сөйлем мүшелері туралы ілімін оның сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін екі жақты қарау керек, яғни синтаксистік қолданысына және мағынасына қарай талдау керек деген көзқарасын сынға алады.
А. А. Потебняныңң ұғымынша, сөйлем мүшелері мен сөз табы үнемі қозғалыста болатын, тарихи өзгеріп отыратын категориялар.
А. А. Потебняның талантты шәкірттерінің бірі А. А. Попов сөйлемнің генезисі туралы мәселеде өзінің ұстазының концепциясынан шет кетеді. 22
А. А. Потебня тілдің тарихи дамуында екі мүшелі сөйлемді тілдік норма деп есептеген (яғни бастауыш пен баяндауышы бар сөйлемдер) .
А. В. Попов өзінің «Синтаксические исследования» деген еңбегінде бірінші рет «Сөйлемнің ең алғашқы түрі етістікті немесе есімі бір мүшелі сөйлем” дегенді айтқан. Екі мүшелі, үш мүшелі сөйлемдер кейіннен пайда болған ”, 23- дейді.
А. В. Поповтың тарихи генетикалық тұрғыдан қарастырған бұл зерттеуі А. А. Потебня, Ф. Ф. Фортунантов, В. Щерцлялардың тұрғысынан дұрыс бағасын ала алды.
Кейінгі жылдардағы орыс тіл білімі синтаксисін зерттеулердің бірі А. Н. Пешковский алғашында «определения», «обстоятельство» деген терминдерді сақтай отырып анықтауыштың қиыса байланысқан сын есім, есімше есімдіктен болатын, толықтауыштың меңгеріле байланысқан зат есімнен, пысықтауыштың қабыса байланысқан үстеу, көсемше немесе қабыса байланысқан инфинтивтен жасалатынын айтқан. Соңғы еңбектерінде ол «определение», «дополнение», «обстоятельство» деген терминдерден бас тартып, меңгеріле, қабыса, қиыса байланысқан сөйлем мүшелері деп атауды үсынады.
Ал қазіргі орта мектептерде, жоғарғы мектептерде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін талдау - грамматикалық тұрғыда қарастырылады. Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихын былайша топтауға болады:
1. 1922-40 жылдар арасындағы ғылыми айтыс.
2. 1940 жылғы оқулық, ғылыми еңбектер бағытындағы айтыс.
3. 1950 жылдан кейінгі әр түрлі бағыттағы еңбек.
Бірақ, сол сөйлем мүшелерінің анықтамасына келгенде ғалымдар арасында түрліше көзқарас баршылық.
Сөйлем мүшелерінің өзіндік қасиетін айқындауда 1940 жылға дейінгі және одан кейінгі әдебиеттерге шолу жасасақ, мынаны көруге болады: сөйем мүшелері туралы, олардың негізгі белгілері, жасалуы, тыныс белгілері туралы айтыстар сол І кезеңде жақсы қойылған еді.
Бұл кездегі еңбектерде сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз болып қойған жоқ, жалпы сөйлем мүшелерінің қалыптасу, тұрақтану мәселесіне көбірек назар аударылды. Бұл уақыттағы еңбектерде сөйлем мүшелері туралы түрлі көзқарастар болды. Әсіресе, бұл кездегі сөйлем мүшелері туралы айта келіп К. Басымов былай деді: «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшесі болып келеді. 24 Негізінен сөйлем мүшелері туралы 1936-40 жылдар шамасында жазылған материалдар назарға арарлық. Ол кезде сөйлем мүшелері туралы А. Байтұрсынов Қ. Жұбанов, І. Бәйтенов, К. Басымов, С. Аманжолов, Ә. Ермеков, М. Балақаев еңбектерін айтуға болады.
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым А. Байтұрсынов. Автордың 1924 жылы Орынборда басылған «Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мәселесіне арналған25.
Онда ол сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп екіге бөледі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін екіге бөліп қарастырады:
а) бас мүше;
ә) баяншы мүше;
Ал автор тұрлаусыз мүшелерді үшке бөліп қарастырған Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтар өз мақаласында Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерін топтастырғанда тек мағыналық жағына басты назар аударғандығын айтады. 26
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz