Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе7

1-бөлім. 1. 1. Лингвомәдениеттаным - тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт10

І. 2. Фразеологизмдер - этномәдени дерек көздер21

I. 3. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің тақырыптық, мағыналық және құрамдық топтары30

Фразеологизмдерді дүниедегі заттар мен құбылыстарға және адамға (оның психологиялық, физиологиялық, сезімдік қатыстары) байланысты семантикалық ерекшеліктеріне қарай топтастыру30

І. 3. 1. Адамның жағымды, жағымсыз әрекеттеріне негізделген фразеологизмдердің тақырыптық семантикалық топтары33

І. 3. 2. Сезім әрекетіне негізделген фразеологизмдердің тақырыптық семантикалық топтары35

І. 3. 3. Сезім жағдайына байланысты жасалған немесе эмоциясы жоғары фразеологизмдер37

І. 3. 4. Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдер39

І. 3. 5. Адамның сөйлеу дағдысы түрлерін сипаттайтын тіркестер тобы43

І. 3. 6. Адамның жеке басына тән қасиеттері туралы жасалған фразеологизмдер44

І. 3. 7. Адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысы туралы айтылатын тіркестер44

І. 3. 8. Адамның сыртқы түр-әлпеті, жас мөлшері жөнінде қалыптасқан тіркестер45

2-бөлім. ІІ. 1. Фразеологизмдердің этномәдени ақпаратты ішкі құрылымы47

ІІ. 2. Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі62

Қорытынды75

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда қазақ тіліндегі фразеологизмдер жан-жақты зерттеліп жатыр. Әрине фразеологизмдерді зерттеу үшін ең алдымен оның қазақ тіліне тән ерекшеліктерінің құнды екенін тану.

Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40-жылдардан кейін жарық көрді. Түркі фразеологиясын зерттеуде алғашқы атсалысқан қазақ ғалымы І. Кеңесбаев болды.

Бұл саладағы ғылыми еңбектердің тіл-тілдегі фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық жақтарының күрделілігіне қарай, зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр алуан.

Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз болмысы мен танымдық, интеллект қасиеттері арқылы дараланып көрінеді, әрі сол ұлт тілін дамытуға, сөздік құрамын байытуға үлесін қосады. Яғни ұлттың рухани мәдениетін қалыптастыруда жеке тұлғаның ықпалы ерекше. Бұл әсіресе ұлт тіршілігінен және ұлттың менталдық өрісінен хабардар ететін фразеологизмдерден анық байқалады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары:

Ұлт топырағындағы нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер арқылы ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындау. Ұлттар ерекшелігін, менталдылығын идеология әйнегінен емес, тура өз болмысынан танып білу.

Ұлт ерекшелігі, менталитет, менталдылық, ұлттық тұлға (национальная личность) сияқты жеке қасиеттердің тіл фактілерінде көрінуі, рухани мәдениетті көрсетудегі тіл фактілерінің қызметі мен орнын анықтау.

Мақсатымызға орай мына төмендегі міндеттер туындады:

● Лингвомәдениеттаным - тіл біліміндегі жаңа бағыт.

● Фразеологизмдер - этномәдени дерек көздер.

● Фразеологизмдердің тақырыптық, мағыналық және құрамдық түрлері.

● Фразеологизмдердің этномәдени ақпаратты ішкі құрылымы.

● Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі.

Зерттеудің нысанасы мен материалдары: Зерттеудің нысанасы “Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени мазмұны”. Зерттеу жұмысын жазуға қажетті материалдар мына еңбектерден алынды: “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі”, “қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, т. б. тіл біліміне қатысты әдебиеттер пайдаланылды. (теориялық материал) .

Зерттеудің әдістері: З ерттеудің барысында тарихи-этимологиялық әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми болжамы. “Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени мазмұнын зерттеу қолға алынып отыр. Бұл жұмысты ары қарай жалғастырса қазақ тіл біліміндегі, қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көптеген көмегі тиер еді. Көптеген мәселелердің басын ашатыны сөзсіз және бұл тақырып кандидаттық, докторлық дәрежеге болады деп нақты болжам жасауға көзіміз жетеді.

Жұмыстың практикалық маңызы: Жұмыста талданған, келтірілген мысалдар, материалдар қазақ тілінің лексикасына қосылған үлес болып табылады. Бұл жұмысты этнолингвистика, лингвомәдениеттаным мәселелеріне пайдалануға болады.

Зерттеудің талқылануы: Бұл жұмыс зерттеушінің ғылыми жетекшісімен бірге отырып жазылды. Жазылу барысында ғылыми жетекші жұмысқа көптеген түзетулер енгізді. Диплом жұмысын қорғау алдында кафедра мәжілісінде тыңдалып, әдіскер мұғалімдердің талқылауынан өтті. Жұмысқа байланысты оқытушылар мен магистранттар арасында өзара пікір алмасып толықтырылды.

Жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыстың көлемі 70 бет.

1-бөлім. 1. 1. Лингвомәдениеттаным - тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт

Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40-жылдардан кейін жарық көрді. Түркі фразеологиясын (әзірбайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, татар, өзбек, т. б. ) зерттеуде алғашқы атсалысқан қазақ ғалымы І. Кеңесбаев болатын.

Бұл саладағы ғылыми еңбектердің тіл - тілдегі фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық жақтарының күрделілігіне қарай, зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр алуан. Елуінші жылдардан кейін түркітануда фразеологизмдердің тіл білімінде жеке пән ретінде қалыптасу жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыда шешуде үлкен өзгерістер басталды. Бұл ретте баспа бетіне жарияланған жалпы фразеологизм туралы еңбектерге шолу жасасақ, түркітануда айтарлықтай нәтижелер бар екені байқалады.

Алғашқы кезеңде әр ұлттың өз тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің негізін айқындау, саралау бағыты тұрады. Тілші ғалымдардың әр жылдары жарық көрген зерттеулері осының айғағы. Қазақ фразеологиясының көш бастауынан кейін-ақ (І. Кеңесбаев), ұйғыр тіліндегі тұрақты сөз тіркестері - Ч. Сайфуллин; әзірбайжан фразеологиясы - А. Байрамов; өзбек фразеологиясының мәселелері - Ш. Рахматуллаев; түрік тіліндегі идиомалар - А. Долганов, түркімен тіліндегі идиомалар - К. Бабаев, қырғыз тіліндегі идиомалар - Ж. Османова, құмық тіліндегі фразеологизмдер туралы - К. Дойбова, қарашай - балқар тіліндегі фразеология - З. Жарашуева, башқұрт тіліндегі фразеологизмдер - З. Урапсин, чуваш тіліндегі фразеологизмдер - М. Черновтардың т. б. зерттеуімен жарық көрді.

Фразеологиялық орамдар тілдік единица ретінде лексика - семантикалық жағынан сан қырлы. Бұл мәселелерді теориялық жағынан дамыту толық шешімін тапты деу қиын. Керісінше жан-жақты түбегейлі зерттеу мен түрлі ой-пікірлердің арасалмағы тіл-тілдегі тұрақты фразеологиялық тұлғалардың әлі де болса, ғалымдар назарынан тыс қалған жақтары бар екендігін көрсетеді. ФТ*-лар құрамын, оның семантикалық - тақырыптық аясын ғылыми түрде тұжырымдау С. Муратов, Ә. Қайдаров т. б. еңбектеріне негіз болды.

Түркітанудағы фразеологизмдердің морфологиялық - грамматикалық ерекшеліктері туралы әр жылдары қорғалған диссертациялық еңбектерімен, құнды ізденістермен байытқан ғалымдар баршылық.

Кейбір зерттеулер фразеологиялық тұлғалардың әдеби тілдегі стильдік қолдану жүйесіне арналса, енді біразы жеке жазушылардың шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастырады.

Басқа тілден (орыс) ұлт тіліне, керісінше ұлт тілінен басқа тілге фразеологизмдерді аудару және сөздіктер жасау мәселесінің көкейтесті сұрақтары да зерттеу аясынан тыс қалған жоқ.

Қазақ тіл білімінде І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің басты үш белгісін: 1) қолдану тиянақтылығын, 2) мағына тұтастығын, 3) тіркес тиянақтылығын қолдап, “осы үш критерийді бір-бірінен жырып алмай, тұтасымен басты арқау еткенде ғана ФЕ-ның ерекше белгілерін тани аламыз”(30. 6. 90) дейді.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы тарих сахнасында ұлт мәдениетін таразылау, әсіресе бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген сан ұлттар тарихын зерделеу кезеңі болды. Соның ішінде бұған дейінгі тіл тағдырының кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы айтылған талай “терең ойлар” қайта қаралып, ғасыр соңында тарихтан алған бағасы бойынша әр ұлттың өз ортасында өмір сүруі, ана тілімен тіршілік етуі,

*Фразеологиялық единица - қысқартылып ФТ деп алынады

қазақ “қазақпен қазақша сөйлесу” сияқты ұлт тағдырына тікелей қатысты осындай маңызды мәселелер мемлекет саясаты тұрғысында айқындалып отыр.

“Тіл ғылымы басқа ғылымдардан өзгешелеу, оның табиғаты нәзік, танымдық мәні зор, ол ұлт тағдырына тікелей байланысты. Оның ашқан жаңалығы мен қол жеткен табысын, техникалық ғылымдардай емес, дүниежүзілік стандартпен өлшеуге келмейді. Қазақ тілінің мәні де, сәні де тек қазақ топырағында ғана … бағаланбақшы”, - дейді академик Ә. Қайдаров (“ЕҚ”. 12. 1996) .

Шынында да әр ұлт өз жоғын өзі түгендеп жатқан мына заманда туған тіл тағдыры тек өз ұлтының қолында. Ұлт мәдениетінің қай түрін алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс, тіршілік суреті сақталған. “Халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі болған тіл” (Ғ. Мүсірепов) - қашан да ұлт айнасы.

Адамзат тарихы шексіз өрлеу үстінде сияқты көрінгенімен, әрдайым өзін-өзі қайталай беретіндігі, ең алдымен, тіл арқылы ілім-білімін, мәдениетін түгендей жүретіндігінен байқалады. Өркениет заманы қаншалықты шарықтау шыңына шықса да, ұлт мәдениетін ұлт тілінен бөліп алып дамытуы ақылға сыймайтын нәрсе. Ұлт болашағы - тіл болашағы - тіл болашағы ретінде, өткен өмір өрнектері ұлт мәдениетіне материалдық негіз ретінде қаланып, ал оның сыры мен сымбаты тілде ғана өшпей қалған.

Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар:

  • Этнолингвистика
  • Елтану
  • Лингвомәдениеттану.

Қазақ тіл біліміне “тіл және мәдениет” мәселелеріндегі сабақтастық туралы ғылыми тұжырымдармен ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу материалдарының аясы кеңіп толыға бастауы академик Ә. Қайдаров есімімен байланысты. Қазақстан топырағында этнолингвистиканың негізін қалаған үлкен ғалымның құнды ғылыми ой-пікірлерінен соң, осы салада тілші ғалымдардың бұл бағытты әр қырынан қарастырған сүбелі зерттеу еңбектері жарық көруде. Этнолингвистика туралы әр жылдары жазылған ғылыми еңбектерге тұтастай библиографиялық шолу арқылы теориялық мәселелерін ғалым М. М. Копыленко саралап, негіздеді. Одан кейінгі жас ғалымдардың (Ж. Мәнкееваның т. б. ) әр кездердегі зерттеу жұмыстары нәтижелі жүргізіліп келеді.

Қазақ тілінің болашағы - өткенді білуімен құнды болмақ. Өткенді білу дегеніміз - қазақ ұлтының мәдени өмірінің ерекшеліктері ретінде танылатын тілдік бейнелі сөз орамдары - фразеологизмдердің ұлт мәдениетін танытудағы рөлін бағалау, түсіну. Ішімдегі - тілімде, тілімдегі - сөзімде дегендей, тілімізде кең қолданыста жүрген тұрақты сөз тіркестері, мәселен, жағымпаз - шашбауын көтеру, құрдай жорғалау, табанын жалау, қойны-қоншына кіру; сақтау - көздің қарашығындай сақтау, тісін-тісіне қойып сақтау т. б. Қазақ ұлтының өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін салт, дәстүр ерекшеліктерін білдіретін тұлғаларын талдау - тіл арқылы ұлт мәдениетін тану болмақ.

Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз болмысы мен танымдық, интеллект қасиеттері арқылы дараланып көрінеді, әрі сол ұлт тілін дамытуға, сөздік құрамын байытуға үлесін қосады. Яғни ұлттың рухани мәдениетін қалыптастыруда жеке тұлғаның ықпалы ерекше. Бұл әсіресе ұлт тіршілігінен және ұлттың менталдық өрісінен хабардар ететін фразеологизмдерден анық байқалады.

Ұғым - қашанда жалпы, түсінік - жалқы. Қыстың суықтығы, сұлудың сүйкімділігі туралы ұғым барлық ұлтқа ортақ болғанымен, әр тілдің өкілі ретінде оларды адамдар өзінше түсініп, бағалайды, суреттейді. Географиялық жағдайы, білім деңгейі, өмірден түйген өзіндік көзқарасы, жас мөлшері сияқты себептер аталған ұғымдардың түсініктерін тіпті бір ғана ұлт тілінде сан түрлі образдылық арқылы жеткізумен ерекшеленеді. Мәселен қазақ тілінде мағыналас тұрақты айтылатын суретті сөз өрнектері осыған дәлел. Мысалы: сұлулық ұғымындағы - ай десе аузы, күн десе көзі бар, көргеннің көзі тойғандай, тілмен айтып жеткізе алмайтын, тал бойында бір мін жоқ т. б. Бұл - ұлт болмысының ерекшелігі, ұлт мәдениетінің өзгелерде ұшыраспайтын дәстүрлі ой-тұжырымдары мен образды ойлауы.

Тіл білімінде қазақ ұлтының таным парасатын, Жарық дүниені танудағы көркемдік көкжиегін, ой-қиялын жеткіншек жас буын, келер ұрпақ алдында ұлттық мәдени ерекшеліктерін өзі жасаған тілі арқылы зерделеу - ең маңызды мәселе. Осы мақсатта бұл жұмыста қазақ тілінде сақталған және күнделікті қолданыс шеңберінде жүрген фразеологизмдердің қалыптасуына ұлт менталитетінің рөлі мен ұлттық мәдени ерекшеліктері, түр, дерек - бағыттары қарастырылады.

“Мәдениет” атауынан көп түсінікті аңғарамыз. “Мәдениет” сөзі тілдік қолданыста әр түрлі аспектіде қарастырылып, соған орай түрлі түсініктер беріліп жүр. Ал күнделікті өмірде, мәселен, ауызекі тілде бұл ұғым бағалауыштық қасиетімен жиірек қолданысқа ие. Мысалы, қазақтар бір кезде оқыған жұртты көргенде мәдениетті кісі деп бағаласа, тіпті мінез-құлқы сыпайы адамдарды да сол қасиетке телиді.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, “мәдениет” сөзіне екі жүзден астам ғылыми анықтама берілген екен. Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы - ұлттың өркениет заманында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылумен сипатталады. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі “Кеңестік мәдениетке” біріктірілген көп ұлттың төл мәдениеті (ұлт мәдениеті) біртұтас идеологиядан құтылып, тіл арқылы өз тамырын туған топырағынан іздестіруде.

Мәдениет көптеген пәндер жиынтығында қарастырылады. Мәселен, қазақ мәдениеті туралы айтса, көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі, оның өткен өмірі - тарихымен, жер жағдайы - географиямен, дүниетанымы - философиямен, ойлау жүйесі - психологиямен, өнері - әдебиетімен т. б. ғылым салаларымен ұштасып жатады.

Материалдық мәдениет - жер бетінде тіршілік еткен адамдардың өзі өмір сүруі үшін жасаған түрлі еңбек құралдарымен қоса, тұрғын үйлері, ғимараттары, мәдени ескерткіштері, киген киімі, тіпті жүріп тұрған көлігіне дейін толып жатқан көзге көрінетін, әрі өзінен кейін ұрпақтарына қалдырып отырған заттың байлығы.

Рухани мәдениет - адамдардың өмір сүру, тіршілік ету барысында сол ұлттың тұрмыс-салты, дәстүрімен бірге танылатын таным, білімі, заңы, этикасы, ғылымы, діні, мифологиясы, рухани дүниелері - өнері, өлеңдері, мақал-мәтелдері, фразеологизмдері, нақыл сөздері т. б.

Мәдениеттің мұндай түрлері ұлттың өмір сүрген жағдайында тоқтаусыз дамиды. Әсіресе мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттың бітім-болмысын, қадір-қасиетін, басқа ұлттардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ менталитетіне қарап ажыратады.

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танып білу үшін кейбір факторларды ескеру керек. Олар: мотивациялық және танымдық. Қазақ еліндегі Дала заңдарының ерекше ықпалымен қалыптасқан рухани мәдениеттің бертін келе дәстүр жалғастығы биігіне көтерілуі және оның өміршең боп сақталуы тек тілге ғана қатысты. Демек, мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сөз арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізілген. Ендеше тіл арқылы мәдениеттану - ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.

Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар:

  1. Этнолингвистика.
  2. Елтану.
  3. Лингвомәдениеттану.

Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде 1980 жылдан былай қарай ғылыми негізде сөз етіле бастады. Әсіресе, қазақ тіл білімінде “тіл және мәдениет” мәселелеріндегі сабақтастық туралы ғылыми тұжырымдар арқылы ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу материалдарының аясы кеңіп, толыға бастауы академик Ә. Т. Қайдаров есімімен байланысты.

Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың негізін қалаған ғалымның құнды ғылыми ой-пікірлерінен соң-ақ, осы салада тілші ғалымдар Р. Сыздықова, Е. Жанпейісовтардың бұл пәнді әр қырынан қарастырған сүбелі ғылыми еңбектері жарық көрді.

Этнолингвистиканың негізіне ғылыми терең талдау жасап, библиографиялық шолу арқылы (1300-ден аса) жаңа бағыттарды айқындаған үлкен ғалым М. М. Копыленко болса, одан кейінгі жас ғалымдардың әр кездердегі зерттеу жұмыстары нәтижелі жүргізіліп келеді.

Алайда қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің ара-жігіне, яғни зерттеу материалдарына назар аударсақ, онда елтануға да, лингвомәдениеттануға да қатысты тілдік фактілер аралас ғылыми нысанаға айналғаны байқалады. Соған қарамастан, ұлттық ұғымдарда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы “этностың тіл айналасында бейнеленуі” деген ғылыми тұжырымнан туындайтын этнолингвистика саласынан тіл арқылы мәдениеттанудың басқа да бағыттары бастау алатынын, әрі ұлт менталдығының негізін айқындайтын бағыттар екенін баса айту керек.

Мәдениет деген ұғым нақтылы адамға, оның өміріне телінеді, яғни ұлттық сипат алады. Қазіргі лингвистикада тілді адам мен оның санасы, болмысы, оның айналамен рухани қарым қатынасын зерттеу, яғни антропоцентрлік және тілдегі адамдық фактор ең басты бағыттардың бірі болып отыр. Тіл, әрине, бір адамның ғана меншігі емес, мәселен қазақ тілінде бүтін бір ұлт, халық сөйлейді. Тіл арқылы бүкіл қазақ ұлты өмірлік көріністердің тұтас мәліметін жинақтады. Осы мәліметтер арқылы адамдар сол тілде сөйлейтін бір ұлттың тұтас өмірлік көріністерінің айнасын көз алдыңызға әкеледі. Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да өз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Тіпті үрім бұтағына дейін отбасында ана тілі арқылы үйренген, білген қасиеттерін дарытуға ұмтылады, дәстүр жалғастығын үзбейді. Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады. Қазіргі кезде қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі халықтық, ұлттық дәстүрді, салт сананы қалыптастырудағы екі ұдай даулы мәселелерге айналуының өзі рухани ұлт мәдениетінің алтын діңгегінің шайқалуына әсер етті. Тілдің кумулятивтік* қызметі жекеден жалпыға жинақталғанда ана тілінің қоғамдық қызметінің қаншалықты жоғары екені түсінікті. Егер қазақ тілінің бұрынғы әлеуметтік потенциясының соншама мықтылығы

*Тіл тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұлтқа тән төл-тума қасиеттерін жинақтап, сақтау арқылы келелі ұрпаққа жеткізеді. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп атайды.

болмаса, дәл бүгінгі таңда ұлт мәдениетінің күні не болатыны түсінікті. Ұлт мәдениетінің сақталуы тек ұлт тілінің осындай кумулятивтік қызметіне байланысты.

Тіл арқылы барлық құбылыс, заттар яғни әлемнің тілдегі көрінісі тілдік единицаларға тән болғанымен, кумулятивтік қызмет әсіресе фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерден ерекше байқалады. Оның себебі сол ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады. Қазақ тілінде бүтіндей бір ұлт сөйлейді. Бір тіл - бір ұлт деуіміз де сондықтан.

Мысалы: қой аузынан шөп алмас -момын, жуас адам туралы; ақ түйенің қарны жарылу - ерекше қуанышты жағдай; бауыры езілу - жақсы көру, жаны ашу; ат төбеліндей - аз; ат кекілін кесісу - реніш, өкпе; барар жері Балқан тау - қашықтық, барар жердің тұспалы; қара шаңырақ - от басы, әке-шеше немесе жасы үлкен бірге туысқанның үйі; сақалын сыйлау - жасы үлкен адамды сыйлау; ат жалын тартып міну - ержету, есею.

Келтірген осы мысалдардан-ақ, қазақ ұлтының бағалау, сипаттау ерекшеліктерін байқаймыз. Егер тілде бұл фразеологизмдер сақталмай, бізге жетпеген болса, қазақтың рухани өмір сферасы қалай анықталып, қандай мәдени өмірге сүйеніп, пікір айтылар еді. Сақалын сыйлау - мораль, этика үлгілері болса, қара шаңырақ - мұнда да мораль бар, әрі этнографиялық ұғым, ат кекілін кесісу, ақ түйенің қарны жарылу - этнолингвистикалық білімдерді қажет етеді. Осыған орай, әр ұлт тілінің әлеуметтік қуаты арқылы мәдениет сақталады. Ұлт мәдениетін тануда елтану мақсаттары тілдің осындай кумулятивтік қасиеттерімен тіл-тілдегі баламасыз (эквивалентсіз) лексика, мысалы, кәрі жілік, мүшел жас, киіт, барымта, шаңырақ, туырлық, саптыаяқ, қалжа жеу, малта, аманат, т. б. сөздер - басқа тілдің ұғымында жоқ болса, енді бір сөздер тобы ұғымында бар, бірақ түсінік, мазмұн жағынан ерекшеленетін - жиеншар, құдаша, туыс, бауыр, ағайын, жегжат, қазанат, құрт, қоржын, алтыбақан, т. б. - ұлтқа тән (фондалған - фоновая) лексикалар да елтануда мәдени ұлттың компонент мағыналары халықтық мәдениеттен хабардар етеді. Сонымен баламасыз (эквивалентсіз) және сол ұлтқа тән лексикалар арқылы да ұлт мәдениетінің кейбір аспектілері теориялық түрде танылып, қолданбалы жағдайда талданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Дүниенің тілдік бейнесі
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Өлкетану деректерін жинақтау
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz