Неміс тіліндегі мекен - бағыт предлогтарының мағынасы


ЖОСПАР
Кіріспе3
І. 1 Неміс және қазақ тіліндеріндегі мекен-бағытты білдіретін тәсілдер. 9
І 2 Неміс тіліндегі мекен-бағыт предлогтарының мағынасы. 23
ІІ 3 Екі тілде бір өлшемді кеңістікті білдіретін сын есімдер. 40
ІІ. 4. Қ. Жұбановтың мезгіл-мекен есіміне берген түсінігі. 42
ІІ. 5. Неміс тіліндегі мекен бағыныңқылы сабақтас сөйлем Lokalsatz46
І-ші тарау бойынша қорытынды50
ІІ Бөлім. Неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін предлогтарын эксперимент жүйесінде қазақ аудиториясында тәжірибелік оқыту51
ІІ1. Эксперимент алдындағы тест. 58
Эксперимент мақсаты - меңгеру деңгейін тексеру. 58
ІІ 2. Эксперименттің жүру барысы. 64
Қосымша69
Қорытынды72
Қолданылған әдебиеттер75
ІІ бөлім. 79
Неміс және қазақ тілдері грамматикасының қысқаша салыстырмалы сипаттамасы79
Қорытынды82
Кіріспе
Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі грамматиканың алатын орны.
Қазіргі қоғамның практикалық қажеттіліктеріне негізделген шетел тілін оқыту әдістемесі бірауыздан оқыту өнімділігін арттыру жолдары мен тәсілдерін қарастыруға бағытталып отыр. Егеменді Қазақстан шетел тілін жетік білетін мамандарға үміт артып отырған кезде, шетел тілін оқыту әдістемесінің алдындағы міндеті де орасан зор.
Бүгінгі таңда шетел тілі барлық оқу мекемелері мен жоғарғы оқу орындарында оқытылады, дегенмен бұл оқу орындарының түлектерінің барлығы бірдей қатесіз сөйлей алады деп айту мүмкін емес.
Шетел азаматтарымен коммуникативтік қарым-қатынасқа түскен кезде көптеген студенттер грамматикалық қате жіберіп, өздерін еркін ұстай алмайтыны анық нәрсе. Ал оқушыларды немесе студенттерді осылайша іріктеу, олардың грамматикаға деген жағымсыз көзқарастарын қалыптастырады және де олардың оқу мотивациясына психологиялық тұрғыдан кері әсер ете отырып, олардың шетел тіліне деген қызығушылықтарын тежейді. Бұндай мәселеге байланысты мынандай сұрақ туындайды: «Грамматикалық ережелерді жалпыға бірдей ұғынықты етіп түсіндірудің қандай оңай жолдары бар?» Бұл сұраққа бір жақты жауап табылмайынша, ғылыми ізденіс жұмыстары өз жалғасын таба бермек.
Сондықтан да шетел тілін оқыту әдістемесі салаларының ішіндегі грамматиканы оқыту көптеген жылдар бойы қарқынды талқылау пәні болып келе жатыр. Түрлі кезеңде грамматиканы түрліше түсініп келеді. Шетел тілі грамматикасын оқыту мәселесін шешу үшін, ең алдымен «грамматика» деген сөздің мағынасын анықтап алу қажет.
Сонымен грамматика дегеніміз не?
Логикалық фәлсафалық сұрақтар синтаксиспен бөлініп шығып, грамматикада біздің дәуірімізден бұрынғы кездің өзінде-ақ ғылымның дербес саласына айналды. «Грамматика» ұғымын алғашында «оқу және жазу өнері» дегенді білдіреді. Орта ғасырда «еркін өнер» ретінде Grammatik (lat) берілді.
Қандай да болмасын құрылымның құрамдас бөлігі болып табылып, өз алдына мынандай мақсат қойды: латын тілін (кез-келген де басқа тілдерді) меңгеруге үйрету, философия туралы мағлұмат беру. Миды шынықтыруды іске асыру. Қандай да болмасын тілді оқыту барысында грамматика жүзеге асты.
XІX ғасырдан бастап «грамматика» ұғымы тілді оқытуда жаңа мағынаға ие болды. Лингвисттердің анықтамасы бойынша грамматика төмендегілерді білдіреді.
- Тілдің грамматикалық құрылымын
- Осындай құрылымды зерттейтін тіл білімі саласын
- Сөздің өзгеруі туралы ережелердің жиынтығы, олардың сөз тіркесіндегі бір-бірімен бірігуі (кей кезде мәтіндегі)
- Ереже сипаттаманы қамтитын оқулық
XX ғасырда лингвистер мен әдіскерлер «грамматика» ұғымына ғылымның түрлі тарауларын енгізе бастады, мысалға алсақ, фонетика, орфография, лексикология бөлімдерін, фразеология, стилистика «семантика» тарауларын және прагматика т. б.
Қазіргі таңда шетел тілін оқыту әдістемесіндегі граматиканың алатын ролі бір қатар факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырады: лингвистика теориясы эволюциясының әсерінен шетел тілін оқытудың практикалық нәтижелерін ескерудің әсерінен т. б. 1 Дегенмен қандай да болмасын тілдің грамматикасын игеруден кездесетін көптеген қиыншылықтар толастамай, қайта түрлі себептерге байланысты күрделене түсуде, мысалы:
- жаңадан енгізілген грамматикалық терминдер арқылы
- түрлі ережелер арқылы
- ескертулердің шексіз саны арқылы.
Бұған қоса көптеген линвистер грамматиканың түрлі мәселелерінің төңірегінде талас тудыруда. Мысалға алсақ, сөз табы мәселесі бүгінгі күнге дейін біржақты шешім тапқан жоқ, шығу тегі шетел тілі болып табылатын барлық жаңа терминдер қосымша қиыншылықтар әкелуде т. б. 2
Оқып отырған шетел тілінің грамматикасын, оның ережелерін және тілдік жүйесін ана тілінің көмегімен жеңілдетуге болады. Осындай мақсатпен көптеген тіл мамандары мен әдіскерлер бірнеші ғылыми еңбектер жазған, атап айтсақ, Н. Н. Иванова «Методика обучения грамматическому оформлению речегого высказывания на английском языке», В. А. Горина «Основные проблемы методики обучения грамматике второго иностарнного языка» т. б.
Біреумен қарым-қатынасқа түсу, сөздердің көмегімен болады, бірақ сөйлеуде қолданылатын сөзер бірыңғай емес. Бір сөздер бір нәрсенің атауын білдіреді, екіншілері басқа сөздерді анықтау үшін қолданылады, үшіншілері сөйлеушілердің мақсатын, бір нәрсенің себебін білдірсе, ал басқалары оқиғаның өрбу орнын, бет алысын немесе қайдан шығып, қайда тірілер жерін білдіреді. Яғни сөздер, сөйлем мүшелердің қызметін атқарып, бір-бірімен қиыса, матаса, жанаса, қабыса байланысады.
Осындай сөздердің ішінде мекен-бағытты білдіретін сөздерді оқыту өзінің күрделілігімен, өзектілігімен және қызықтылығымен ерекшеленеді. Себебі, мекен-бағытты білдіретін сөздер неміс тілінде бір-бірімен меңгеріле(Rektion арқылы) - байланысады, ал бұл оқушылардың әлсіз жақтарының бірі болып табылады. Осыған орай, біздің ғылыми талғамымыз мекен-бағытты білдіретін граммитикалық тәсілдерді қарастыруға бағытталып, магистрлық диссертацияның тақырыбын «Неміс тіліндегі мекен-бағытты білдіретін грамматикалық тәсілдерді қазақ аудиториясында оқыту әдістемесі» деп алынып отыр. Жұмыстың зерттелу барысында төмендегідей тәсілдер қоданылды.
- сипаттау тәсілі
- салыстыру тәсілі
- бақылау тәсілі
- моделдеу тәсілі
Жұмыстың мақсаты: Мекен-бағыт педлогтарын қолдануды үйрету әдістемесін құру.
Зерттеу жұмысының гипотезасы: Шетел тілін оқыту процесінде ауызша сөйлеуде тілдік аспектілердің ішінде ең маңыздысы грамматикалық аспект болып табылады, өйткені қанша сөз білсе де, грамматикалық ережелерді білмесе, бі сөйлемді дұрыс айтуы мүмкін емес. Сондықтанда біздің жұмысымыздың тақырыбы шетел тілін меңгеруде қиын бір асектісіне арналып отыр. Дәлірек айтсақ неміс тілндегі мекен -бағытты білдіретін грамматикалық тәсілдеріне арналған. Біздің алдымзға қойған мақсатымызға жету үшін қойылатын тапсырмалардан бұрын зерттеу гипотезасын анықтайық. Яғни біздің зерттеу гипотезамыз былай: неміс тіліндегі грамматикалық тәсілдерін қазақ аудиторясында оқыту әдістемесі тиімді болады, егер;
- оқыту ана тілінің тиімді және тиімсіз ықпалын ескере отырып оқытылса,
- мекен -бағытты білдіретін прелдлогтарды оқыту кезінде жаттығулар кешені қолданылса,
- мекен-бағытты білдіретін предлогтарды бекітуге бағытталған және автоматтанғанша қолдануға арналған жаттығулар ұсынылса.
. . . тиімді болады деп ойлаймыз.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай тапсырмалар орындалуы тиіс.
Жұмыстың міндеттері: 1) Жұмыстың мәнін ашатын қазақ және неміс тіліндегі еңбектерге талдау жасау.
2) мекен-бағыт предлогтарының қазақ тіліндегі баламасын салыстырмалы түрде зерттеу.
3) Эксперимент арқылы мекен-бағыт предлогтарын қолдануда қиыныдқ туғызатын жолдарды анықтау. Экспримент нәтижесіне сүйене отырып түрлі жаттығулар жасау және олардың тиімділігін эксперимент барысында тексеру.
4) Жасалынған жаттығуларға сүйене отырып, мекен-бағытты білдіретін тәсілдерді қазақ аудиториясының студенттерін еркін қолдануға мүмкіншілік туғызытын жолдарды қарастыру.
Жұмыстың нысаны: Қазақ аудиториясында неміс тілінің мекен-бағытты білдіру тәсілдерін оқыту процесі.
Жұмыстың пәні: Ана тілімен неміс тілін салыстыра отырып оқыту әдістемесін ұсыну.
Жұмыстың теориялық маңызы:
Зерттеу жұмысының барысында анықталған мағлұматтар бойынша қазақ және неміс тілдерінің ерекшелігін ескеретін мекен-бағыт предлогтарын қамтитын түрлі мәтіндерді жасауға септігін тигізеді.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Зерттеу жұмысының нәтижесі қазақ және неміс тілдері оқулықтары мен оқу құралдарын жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар осы оқу құралдарын кез-келген оқу орнында шет тілін оқыту барысында қолдануға болады. Және де бұл жұмыстың нәтижесі аударма теориясына да өз үлесін қоса алады.
І. 1 Неміс және қазақ тіліндеріндегі мекен-бағытты білдіретін тәсілдер.
Шетел тілін естіген кезде, біз бірінші тілдік бірліктер
Шетел тілінде сөйлеуші және оны тыңдаушы тілді пайдалана отырып, оның тәсілдерін қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмқны алдын ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жектізеді. Іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай.
Сонымен тілге үйретуден бұрын сөз әрекетінің түрлері меңгерулері керектігін естен шығармау керек. Әр сөз әрекетін меңгеруде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Рецептивті сөз әрекетінің түрлеріне (оған тыңдап-түсіну мен оқу жатады) оқытуда формадан мағынаға қарай, ол репродуктивті түрлеріне оқытуда жоғарыда айтылып кеткендей керісінше мазмұннан формаға қарай.
Шетел тілі оқытуда оқушыларға ана тілінің ықпалы тиетіндігін ескере кету керек. Сондықтан интерференцияны болдырмас үшін немесе жеңу үшін шетел тілі мен ана тілінің құбылыстарын салысытру керек. Сонымен шетел тілін түсінікті етіп оқытуда Ч. Фриздің ұсынуы бойынша және К. Паповтың осы ұсынылып отырған ойға сүйене отырып, неміс тіліндегі мекен бағытты білдіретін тәсілдеріне салыстырмалы анализ жасап көрейік.
Көптеген жылдар бойы философоияда екі басты концепция болған, ол яғни кеңістік пен уақыт. Бұның біреуі ежелгі атомисттерден шыққан, олар бос кеңістік деген ұғымыд енгізді, олар оны біртекті және шексіз деп қарастырған. Бері келе бұл ұғымды И. Ньютон кеңейтті. . Ньютонның айтуы бойынша кеңістік пен уақыт материлдан бөлек өмір сүреді деген еді. Кеңістік өзімен -өзі, оны заттардың сиятын жері, қозғалмайтын, тоқтамайтын, матреияға ықпал етпейді және оны шексіз деп түсінген. Бұған қарам-қарсы концепцияны Г. Лейбниц ойлап тапты. Лейбницше кеңістік - ол матриядағы заттардың ретпен орналасуы деп, түсінді. Ол уақыт бір-бірін ауыстырып отыратын құбылыс ретінде деп түсінді. Сонымен кеңістік пен уақты матрияның тіршілік формасы ретінде адамзаттың санасында қалыптасады. (фил словарь) .
Яғни матрияның кеңістіктегі қатынасы тілде де өз орнын табады. Тілдің өзінің өзгешеліктері болғандықтан, бұл қатынастарды да әр қалай білдіреді. Сондықтан неміс тіліндегі мекен- бағытты білдіру тәсілдеріне дұрыс оқыту үшін қазақ аудиторясына салыстыру анализін жасау керек, салыстыру арқылы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анық көруге болады.
Неміс тілінде төмендегідей мекен- бағытты білдіретін грамматикалық тәсілдер.
А) Зат есімнің септелуі арқылы: Keiner trat so sicher wie er mit demRuhrstock die Fingerspitzen , immer genau disselbe stele (Akk) Oldshatterhand wish zurück und sah zwischen hochen und Weinen dem Manne nach (Dat) . Und es kam vor, das vierzigjahrige Männer, frühere schüler von ihm, erschroben zur seite wіchen, wenn sie ihn des Weges kommen solen (Gen) .
Б) предлогпен зат есімнің бірігуі арқылы: Die bestalt wаr hіnter einem Bowmstomn v erschwunden. Die Knaben standen jetzt auf einem Felsenvorsprung . Der Mond stand jetzt voll am Himmel über der schlfenden Stadt.
Қазақ тіліндегі мекен-бағытты білдіру тәсілдері:
а) Зат есімнің септелу формалары арқылы:
1) Жатыс септігіндегі зат есім. Ой мен сені Сухумиде көрген екенмін ғой (Ғ. Мүсірепов) ; 2) Барыс, шығыс, көмектес септігі арқылы. Мен өзенге келдім. Әйел орнынан тұра бастады. Тап осындай даламен келе жатқанда, барар жерімізде адам тұратын бір мекен бар шығар-ау (Ғ. Мүсірепов) .
б) Мекен есімдігі арқылы: Бұл маңда ел жоқ-ты (Ғ. Мүсірепов) .
в) Зат есімнің арты, алды, асты, үсті, жаны, маңы, қасы, іші, арасы сияқты көмекші сөздермен септелуі: Ата-аналар арасында саяси түсінік жұмысын кең жүргізу керек.
г) Мекен есімдігінің септіктегі формалары: мен бүгін осында үлкен шаруамен келіп отырмын (Ғ. Мүсірепов) . Мұнда құлазыған дала да, көкорай шалғын да кездеседі (Ғ. Мұқанов) .
д) Мекен үстеулері арқылы: жоғары, төмен, ілгері, кейін, соң, әрі, әрмен, бері, бермен, кері, ішкері, тысқары, алда, артта, соңында, ерсілі-қарсылы, жан-жақ т. б.
Мекен-бағыт білдіру тәсілдеріне сүйене отырып таблица түрінде салыстыру анализіне төмендегі дей беруге болады.
Осы таблицаға қарап неміс және қазақ тіліндегі бар мекен-бағытты білдіретін ұқсас тәсілдер мекен үстеулері және зат есімнің барыс септігін де көрінеді. Таблица бойынша бірінші тәсіл екі тілде де болғандықтан, қиындық келтірмейді. Ал енді екінші тәсіл келер болсақ, неміс тілінде барыс септігімен жасалады, ал қазақ тілінде бұл тәсілдер көп таралған, ал неміс тілінде олардың қолданылуы шекті.
Барыс септігі неміс тілінде бағытты тек қана бағыт (қозғалыс) етістіктерінң бірігуі арқылы қолданылады. Бұл таблицада көбінде екі тілдегі өзгешеліктер көп екендігін көрсетеді. Неміс тілінде мекен-бағыт білдіру тәсілдері көбінесе зат есімнің ілік және табыс септігінде септелуі арқылы көп жасалады. Бұл тәсілдер қазақ тілінде мүлдем жоқ.
Ал басқа жағынан, қазақ тілінде де неміс тіліне тән емес мекен-бағыт шығыс септіктерінде, зат есім көмекші есімімен, мекен есімдердің жатыс септігінде жасалуы барлық тәсілдердің ішінде екі тілде зат есімнің көмекші сөздер арқылы жасалуы ұқсас келеді. Неміс тілінде олар предлог болса, ол зат есім алдында тұрады, ал қазақ тілінде көмекші есім немесе қосымшлар, олар зат есімнен кейін тұрады. Олардың мағынасын көбінесе тілдерде көруге болады.
Мысалы: Екі терезенің арасында шкаф тұр Zwischen Fenstern steht ein Schrank. т. б. мағынысна қарай.
Мекен-бағытты білдіру мақсатында әр тілде әр түрлі грамматикалық формалармен тәсілдер қолданылады. Неміс және қазақ тілдерінде де мекен-бағытты білдірудің әбден қалыптасқан, айқындалған тәсілдері бар. Мекен -бығттық мағынаны бұл тілдерде (неміс және қазақ тілдерінде) мекен үстеулері, мезгіл және мекен есімдері арқылы жасалады. Осының ішінде үстуелерге тоқталып көрейік
- ҮстеулерІс- әрекеттің орнын білдіретін үстеулер:
hier, da, dort, draussen, innen, aussen, rechts, links, oben, unten, uberall, irgentwo, anderswo, nirgendwo
Бұл сөздер Wo? деген сұраққа жауап береді. Іс - қимылдың бағытын білдіретін үстеулер:
hierhin, dahin, dorthin, aufwarts, abwarts, seitwarts, vorwarts, heimwarts, fort, weg, heim, bergauf, bergab.
Бұл үстеулер Wohin? сұрағына жауап береді.
Қазіргі қазақ тіліндегі мекен үстеулері қимыл процесінің, амалдың бет алысын, бағытын, орнын, мекенін білдіреді. Мекен үстеуінің құрамындағы сөздердің бәрі де тек етістіктердің мекендік белгісін білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы:
Екі қабатты үйді қызық көрген бала біресе төмен, біресе жоғары шығады.
z. B. Das Kind, das (uber) das zweistokige Haus bewunderte, steigt auf und ab.
Мекен үстеулері морфологиялық құрылысы жағынан біркелкі емес. Олар- түгелдей туынды сөздер. Мекен үстеулері әр алуан түпкі түбір тұлғаларға кейбір септік жалғауларының қосылып айтылуы және сондай қосымшалы сөздердің қосарлана айтылуы арқылы сөз тудырудың морфологиялық, синтаксистік жолдары арқылы жасалған. Мекен үстеулердің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы, негізінде, әр түрлі түпкі түбір тұлғаларға септік жалғауларының қосылып айтылуы және олардың жалғанған сөздерінен бөліп алып жалғау есебінде қарайтындай дәрежеден ауысқан (консервацияланған) түрінде жасалған:
а) көптеген мекен үстеулері түпкі түбір тұлғаларға -қары// -ғары,
-кері// - гері және көне барыс септік жалғауларының әрі олардың - ры// рі сияқты ықшамдалған түрлерінің қосылып айтылуы арқылы әрі, бері, жоғары, кері, сыртқары, тысқары, ішкері, ілгері сияқты түрде жасалған.
Ал неміс тілінде жоғары, ішкері, сыртқары, тысқары, төмен деген үстеулер ескі (байырғы) үстеулердің бірігуі нәтижесінде жасалады да, бағыттық мағынаны білдіреді. Мыс:
Sabit kommt heraus. Сәбит сыртқа шығып барады.
Sabit geht hinein. Сәбит ішке кіріп барады.
« Hinauf» типтес сөздердің екінші компоненті «ішкі, сырт, жоғары, төмен» сияқты бағыттарды білдіреді.
Қазақ тілінде кейбір мекен үстеулері түпкі тұлғалар мен сілтеу есімдіктерін жатыс септік жалғауын қосып айту арқылы алда, әртінде, мұнда, сонда түрінде жасалады .
Біраз мекен үстеулері түпкі түбір тұлғаларға - ман// - мен қосымшаларының (бұл көне барыс септігі болуы мүмкін) қосылуы арқылы арман, әрмен, бермен, төмен сияқты түрде және кейін формасында қалыптасқан.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған мекен үстеулері көп емес, олар жатыс, шығыс септік формасындағы сөздердің қосарланып айтылуы арқылы жасалады.
анда- мұнда ( dort - hier)
одан - бұдан (dorthin - hierhin)
онда - мұнда (dort- hier, da)
Мекен үстеулері түгелдей көптелмейтін, жіктелмейтін және тәуелденбейтін сөздер болса, олардың кейбіріне септік жалғаулары жалғанып айтылатын реттері де кездеседі. Мыс: көне барыс септік тұлғалы мекен үстеулері әріде, әріден, беріде, беріден, жоғарыға, жоғарыдан, ілгеріде, ілгеріден, кейіннен, төменде түрінде септік жалғауларын қабылдайды.
Сөз тудырушы морфологиялық қосымшалардың ішінде мекен үстеулеріне жалғанатын тек: - рақ //- рек жұрнақтары ғана. Оның өзінде де жалпылама, кез - келген мекен үстеулеріне қосыла бермейді, - рақ // рек жұрнағы көне барыс септік жалғаулы мекен үстеулеріне әрірек, берірек, жоғарырақ, ілгерірек, арманырақ, берменірек, төменірек, кейінірек түрінде жалғанады.
Тілдегі құбылыстар үнемі даму үстінде болады. Сондықтан онда әр түрлі өзгерістер болып тұрады. Қазіргі әдеби тілдің даму барысында бақа да сөз таптары сиқты үстеу сөздердің де біршама жаңа құбылыстарға ие болғаны белгілі.
Бұрынғы грамматикалыкалардың барлығында дерлік үстеулер морфологиялық жағынан өзгермейді деп түсіндіріледі. Әдеби тіліміздегі қазіргі сөз қолданыстар үстеулер кейбір сөздер қосымшаларын қабылдап, түрлі өзгерістерге ұшырайтынын дәлелдеп отыр. Кейінгі зерттеулерде аталмыш процесстің түркі тіл білімінде де дамып, кең қолданысқа ие болып келе жатқанын байқаймыз.
Үстеулердің септік жалғауын қабылдауында мына нәрсені ескертпеске болмайды. Ол септік жалғаулардың үстеу сөз жасамын да алатын орны. Кейбір үстеулер кеңістік мағыналы септік жалғауларды қабылдап, жаңа сөз жасайды. Мәселен, “төмен кетті” деген сөз тіркесіндегі үстеу бағыттық мәнде қолданылса, сол сөз жатыс септігінің жалғауын қабылдап “төменде отыр” мекендік мағынаға ие болады.
- Табыс септігінде етістіктермен меңгріле байланысатын негізінде мезгіл, мөлшер, мекен үстеулері: Жоғарыны күнде көрме,
Төменгі жүндей көрме. (маржан)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz