Құрмалас сөйлемнің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...3

А) Құрмалас сөйлем туралы түсінік ... ... ... ... ... .3

Ә) Құрмалас сөйлемнің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. 5
II. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .12
А) Романдағы құрмалас сөйлемдердің жасалу
жодары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 12
Ә) Романдағы құрмалас сөйлемдердің түрлері.17
Б) Құрмалас сөйлемдердің жазушы стиліндегі қолданылу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...26
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
IV. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе.
А. Құрмалас сөйлем тұралы түсінік.

Жай сөлемдермен қатар, синтаксистің қарауына жататын күрделі
мәселенің бірі-құрмалас сөйлем. Сондықтан да синтаксисті, әдетте жай
сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі деп екі топқа
бөледі. Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі объектісі-жеке ойды
білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналуы, сол
арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен тәсілдері болады. Басқаша
айтқанда, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай
сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас
сөйлемнің түрлерін жасалу жолдарын тексереді. Сөтіп, жай сөйлем
синтаксисінің объектісі сөз тіркесімен байланысты болса, құрмалас сөйлем
синтаксисінің объектісі- сөйлемдер тіркесіне байланысты.
Құрмалас деген сөз практикалық тілде қолданылмайды, тек
лингвистикалық әдебиеттерде грамматикалық термин ретінде қолданылады.
Бұл термин- құра- құрау деген сөздерден туған туынды сөз.
Құрмалас деп аталатын сөлем- екі немесе одан да жай сөлемдерден
құралатын құранды категория. Жай сөлемдер мен құрмалас сөйлдемдердің бір-
бірінен өзгешелігі- олардың сыртқы құрлымы мен ішкі мазмұнында. Бұл
өзгешелікті байқау үшін, жалпы құрмалас сөйлемнің табиғатын жете түсіну
үшін Жүсіпбек Аймауытовтың Қартқожа романындағы құрмалас сөйлемдерді
зерттеу объектісі етіп алдық.
Ең әуелі, құрмалас сөйлемнің өзіне тоқталып, жай сөйлемнің ара жігін
ажыратып алайық. Мысалдарды романнан келтіріп отырамыз. Мынадай екі
сөйлемді алып қарастырайық:
1. Сол кезде қожадан талай бала оқыды.
2. Әбен дейтін бір өжет шәкірт бар еді, земстводан кездеме
сұрайық деп, Қартқожаны ертіп апарды.
Бұл мысалдардың алдыңғысы – жай сөлем, яғни құрамы жағынан тек
сөйлем мүшелеріне ғана жіктеле алады. Ал соңғысы -құрмалас сөйлем, өз
ішінен жеке сөйлемдерге жіктеле алатын 3 түрлі сөйлемдік бөлшектерден
құралған. Демек сол сөйлемдерді жеке-жеке бөлетін болсақ, мынадай болып
шығады:
1- сөйлем: Әбен деген бір өжет шәкірт бар еді.
2- сөйлем: Земстводан кездеме сұрайық деп.
3- Сөйлем: Қартқожаны ертіп апарды.
Сөйтіп, құрамы жағынан жай сөйлемдер жеке сөздерден құралатын болса,
ал құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады.
Сонымен, құрмалас сөйлем деп, мағыналық жағынан бір-біріне байланысты
екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін
сөйлемді айтамыз. Құрмалас сөйлем компонентері бір-бірімен тығыз
органикалық байланыста, берік бірлікте болып келетін күрделі мағыналық бір
бүтін болып табылады. Егер бұл бірлік бұзылса, олар өздерінің алғашқы
мәндерін, құрмалас сөйлем құрамындағы тұрған міндерін, жояды. Мысалы: Ауыл
аймағы қай жаққа кетсе, Жұман да солармен бірге. Егер жай сөлемге
айналдырсақ, бірінші сөйлем: Ауыл- аймағы қай жаққа кетеді? деген сұраулы
сөйлем болып, шарттылық мағынасынан айырылып, жай сөйлемнің бір түріне
айналып кетеді. Ал, екінші жай сөйлем Жұман да солармен бірге деген
толымсыз сөйлем болады да, мұнда мағына айқындығы болмай қалады, яғни
біріншіден солардеп отырғаны кім? Екіншіден,да шылауы неліктен
қолданылып тұрғаны көмескі болады. Құрмалас сөйлемнің дәл осы жерде
беретін мағынасы, негізгі ой Жұманның ауыл –аймағымен бірге болуында. Ал
бұл компоненттердің бірлестігі бұзылатын болса, осы негізгі мағына
жойылады. Бұл жөнінде профессор Б. А. Богородицкийдің[1] Сөздің
морфологиялық бөлшектерінен сөздің тысқары өмір сүре алмайтыны сияқты,
құрмалас сөйлемнің бөлшектерінде де дербестік болмайды, олар да өзара
бірлесіп барып, бір бүтін болады,- деген пікірі өте орынды.
Сонымен, құрмалас сөйлем болу үшін оның құрамына енетін жай сөйлемдер
бір-бірімен синтаксистік байланыста, қарым-қатынаста болуы шарт. Бұл
пікір жөнінде, жалпы құрмалас сөйлем табиғаты жөнінде қандай пікірталас, ой-
қорытулар, ғылыми еңбектер жазылды? Кімдердің құрмалас сөйлемді зерттеуде
қол жеткізген табыстары бар, қазақ тіл білімінің құрмалас сөйлем
синтаксисінің зерттелуіне қосқан қандай үлестері бар?- деген сұрақтардың
тууы орынды. Енді осы сұрақтар төңірегінде аздаған пікір айтып көрейік.

Ә. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі

Жай сөйлемдермен қатар, қолға алынып зерттеліп келе жатқан мәселенің
бірі-құрмалас сөйлем. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жайындағы пікірлер
филолог-ғалымдар тарапынан XX ғасырдың басынан бері қарай айтылып келеді,
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі грамматикасының басқа салаларын
онша терең болмағанымен де зерттеп, олар туралы едәуір құнды пікірлер
айтылды, бірақ мұндай пікірлерді құрмалас сөйлемге байланысты айтуға
болмайды. 1917 жылға дейін жарық көрген 7,8 практикалық грамматиканың
ешқайсында да құрмалас сөйлем сөз болған емес. Тек П. Мелиоранский[2]
мен В. Катаринский[3] жазған Қазақ тілі грамматикасында ғана сложное
предложение, подченные предложение деген атаулар кездеседі. Бірақ
бұларда да құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатында емес, етістіктің
есімше, көсемше түрлерінің синтаксистік қызметтерін айқындау үстінде ғана
бұлар бағыңқы сөйлем баяндауышы болады деген түрде ғана атаған. Бір
сөзбен айтқанда, қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісінен бұрынғы тарихында
құрмалас сөйлемге байланысты пікір болды деуге тұрарлық ештеңе жоқ. Тек
айқын бір нәрсе Мынау ғана: ол уақыттағы қазақ тілін зерттеуші авторлардың
көпшілігі сөйлемнің құрмалас, я құрмалас емес екендігін айқындауда
зерттеліп отырған тілдің өз фактілеріне сүйенбей, аудармаға, орыс тіліне
аударғанда, оның қандай сөйлемдік құрлыста берілетініне сүйенген. Соның
нәтижесінде орыс тіліне аударғанда құрмалас сөйлем түрінде берілетін
жайылма жай сөлемдер де, көсемшілі етістіктен болған бірыңғай мүшелі
сөйлемдер де құрмалас сөйлем деп танылған[4].
Құрмалас сөйлемге байланысты қазақ тілінде жазылған алғашқы еңбектер
20-жылдар ішінде жарық көрді. Бұларда қазақ тіліндегі сөйлемдер арасында
екі түрлі жақындық болады. Бірі-ішкі мағына жақындығы. Салалас пен
сабақтастың бір-бірінен өзгешелігі-салалас құрамындағы жай сөйлемдер өзара
теңдік дәрежеде болады, ал сабақтаста ондай теңдік болмайды делінген. Бірақ
тең болу мен кем болу неге байланысты екені айтылмайды. Қиысулы
құрмаластағы сөйлемдер тең болса, салалас құрмалас деп аталады. Тең болмай
бірінен-бірі кем болып қиысса, онда қиысулы құмалас сабақтас болады[5].
30-жылдары құрмалас сөйлемдер туралы еңбектер аз-аздап жарық көре
бастады. 1932 жылы С. Аманжолов басқарған бригада жазған IV жылдық
кітабы[6] атты оқулықта да құрмалас сөйлемді сыиысқан құрмалас,
қиысқан құрмалас деп екіге бөлген. 1938 жылы Ауыл мұғалімінде
Н.Сауранбаевтың Құрмалас сөйлем туралы деген мақаласы жарияланды[7]. Осы
еңбекте құрмаласты тұңғыш рет салалас, сабақтас, аралас деп 3-ке бөлді. Ал
бұған дейінгі еңбектерде құрмаласты үшке бөлгені кездеспейді. Қазақ
лингвистерінің құрмалас сөйлем жөніндегі көзқарастарын байқатарлық
еңбектердің ішінде қомақты роль атқаратыны - Қ.Жұбановтың екі еңбегі. Бірі
Орта мектептің V-VI-VII сыныптарына арналған қазақ тілі программасы[8],
екіншісі: Жанғазы деп аталатын хаты. Бұл еңбектерде құрмаласты салалас,
сабақтас деп екіге бөледі және сабақтастың бағыныңқы компонентіне
тоқталады. 30- жылдар ішіндегі еңбектерден құрмалас сөйлемді едәуір жан-
жақты сипаттағаны – С. Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың Қазақ тілі
грамматикасы[9] атты оқулығы. Құрмаласты жалғаулықты, жалғаулықсыз деп
бөлу осында қалыптасты. Құрмаластың жасалу жолдарын, компоненттік мағына
қатынасына қарай бөлінуін жан-жақты көрсету де осы кітаптан басталады.
40- жылдарда құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты мақала, ғылыми
еңбек көбейді, оған қоса пікір қайшылығы да көбейді, өз пікіріне өзі
қарсы шығып жатқандар да болды. Мысалы:1932 жылы шыққан IV жылдық тіл
кітабы атты еңбекте С. Аманжолов құрмаласты 2-ге бөлсе,1940 жылы жарық
көрген “Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсында”[10] құрмаласты
салалас, сабақтас, аралас, тиянақты басыңқысыз сабақтас деп 4-ке бөледі.
1939 жылғы “оқулықта”[11] сабақтасты 10-ға бөлсе,1940 жылғы “ғылыми
курсында” сабақтасты 18 ге[12] бөлген. Құрмалас сөйлемдерді арнайы
зерттеген- Н.Сауранбаев. Оның бұл саладағы алғашқы еңбектері 30-жылдардың
аяқ кезінен бастап көрінді. Бірақ сол уақыттан басталған бүкіл
зерттеулерінің қортындысы және елеулісі ретінде докторлық дессертацияның
негізінде ”Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі„[13] атты очеркі
шықты. Мұнда 1) құрмаласты іргелес, салалас, сабақтас деп үшке бөледі 2)
сабақтас сөйлем компонентерінің бір-бірімен құрмаласу жолдарын көрсетеді.
3) сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілерін көрсетеді. 1954 жылы
шыққан Қазіргі қазақ тілінде[14] құрмаласты салалас, сабақтас, аралас,
үйірлі мүшелі құрмалас деп 4-ке бөледі. Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлем
синтаксисіне байланысты басқа да еңбектері бар, бірақ осы екі еңбек сол
айтылғандардың жиынтығы 60 жылдары құрмалас сөйлемге арналған біраз
еңбектер жарық көрді. 1967 жылы Қазақ тілінің грамматикасы атты
академиялық грамматиканың құрамына енгізілген Құрмалас сөйлем синтаксисі
бөлімін Қ. Есенов пен Т. Қордабаев жазды[15].
1969 жылы Қ. Есенов Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты
бағыныңқылы сөйлемдер[16] деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Бұрынғы еңбектерге қосқаны:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің беретін мағынасының
әртүрлілігін көрсетіп, дәлелдеді.
2. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдердің жасалу жолдарына кең түрде
тоқталды.
3. Де етістігінің қызметін айрықша көрсетті.
1974 жылы Қ. Есеновтың Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер деген
екінші кітабы шықты. Автор есімшелі, көсемшелі, шартты райлы тіркестер
арқылы күрделеніп айтылатын сөйлемдерге тоқталып, осы сөйлемдердің сипатын
ашуға тырысқан және оларды сабақтас сөйлемдерден ажырату жолдарын
көрсеткен. Сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тану үшін, оған
тән айырым белгілерді саралап берген.
Ол мынадай[17]:
1. Сабақтастағы әрбір сөйлемнің өзіне тән бастауыш, баяндауышы
болып, соған қарай олардың субъект-предикаттық қатынасқа түсуі
керек.
2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқымен байланысты түрліше
аналитикалық тәсілдер арқылы жасалу керек.
3. Бағынықы сөйлемдер біршама да болса айырым ойға ие болып,
басыңқыдағы ойдың мазмұнын түрлі жақтан айқындауы керек.
4. Бағыныңқы компонентің басыңқымен ұласпалы интонация арқылы айтылуы
керек. Осы мәселелерді дәлелдеген.
1973 жылы Қ. Мамытбеков Қазіргі қазақ тіліндегі салалас құрмалас
сөйлемдер деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбектегі
тоқталған негізгі мәселелері: 1) салалас құрмаластардың көріну тәсілдері
2) салалас компонентерінің құрылымдық ерекшеліктері 3) салалас
құрмаластардың айырым белгілері 4) салалас құрмаластардың классификациясы.
Осы мәселелерді кеңінен қамтып, салаласты 11-ге бөледі.
1974 ж. Ұ. Сәлиева Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықсыз құрмалас
сөйлемдер атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбекте
жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің ұқсас конструкциялардан ажырататын
белгілерге, құрылымдық түрлеріне, өзіндік белгілеріне, байланыстырушы
амалдарына тоқталып, мысалдармен дәлелдеген.
Осындай құнды-құнды еңбектерге қарап, құрмалас сөйлем зерттеліп бітті
немесе бір ізге түсті деуге болмайды. Әлі де болса тіліміздің
грамматикалық жүйесін тереңдете зерттеуге арналған, сондай пікірлері бар
еңбектер аз. Қазақ тіл білімінде жалпы құрмалас сөйлемдердің қалыптасу,
даму жолдары, компонентер арасындағы мағыналық қатынастар және оларды
классификациялау, құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты терминдерді бір
ізге түсіру ғылыми тұрғыдан шешілмеген мәселелер қатарына жатады[18].
Құрмалас сөйлем синтаксисін тереңдете зерттеу-алдыңғы күндердің өзекті
мәселесі болмақ.

Негізгі бөлім
А. “Қартқожа” романындағы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары

Диплом жұмысымыздың мақсаты – Жүсіпбек Аймауытовтың Қартқожа
романындағы құрмалас сөйлемдердің қолданылу ерекшелігін ашу. Бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін төмендегі мәселелерді қамтуымыз керек:
- құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары қандай? Жүсіпбек Аймауытов жай
сөйлемдердің құрмаласуына қандай тәсілдерді көп пайдаланған?
- Романда қолданылған құрмалас сөйлемдердің түрлерінен мәлемет беру;
А) салалас құрмалас сөйлем
Ә) сабақтас құрмалас сөйлем
Б)аралас құрмалас сөйлем;
-құрмалас сөйлемді қолданудағы өзіндік ерекшелігін көрсету.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырып бір бүтін етіп тұратын және
олардың арасындағы әр алуан мағыналық қарым-қатынастарды айқындайтын
тәсілдер,формалар түрлі-түрлі болады. Атап айтқанда,жай сөйлемдер бір-
бірімен мынадай тәсілдер арқылы құрмаласады:
1. Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдердің бастапқысынның
баяндауышы тиянақсыз формада келуі арқылы.
2. Жай сөйлемдер арасында немесе жай сөйлемдер ішінде шылау я шылау
мәнді сөздер келуі арқылы.
3. Интонация тұтастығы арқылы.
4. Құрмалас сөйлем компонентерінің орын тәртібі арқылы.
Алдымен, құрмалас сөйлем компонентерінің жасалуының бірінші жолына
тоқталайық. Мысалы: Ала жаздай қымыз ішкенге мәз болып, партиядан қолы
тиген жоқ. Құрмалас сөйлемнің 1- компонентінің баяндауышы тиянақсыз
формада келіп тұр. Яғни мәз болып көсемше тұлғалы етістіктен жасалып тұр.
Демек, құрмалас сөйлемдерді жасаудағы ең өнімді тәсіл- көсемше тұлғасы
десек, бұл тұжырымды Жүсіпбек Аймауытовтың Қартқожа романынан тағы да
қуаттайтын деректер табамыз. Шәкірт жерден тас алып, бір сүйекті көздеп
атып отыр. Шағала көлге жиі қонғанның бір пайдасын Қартқожа көріп, осы
жігіттен бір мезгіл орысша сабақ алып жүрген. Бұл мысалдардың бәрі алдыңғы
тұжырымымыздың айғағы болса керек. Сол сияқты романнан есімше тұлғалы
етістіктен жасалған құрмаластарды да кездестіруге болады. Мысалы: Қартқожа
енді кеттім ғой деп қарманғанда, қасына ақ сүйріктей тал ілінді.. Бұл
сөйлемде етістіктің есімше категориясы жатыс септігінде келіп тұр, бұл да
құрмалас сөйлемдердің жасалуындағы ең көп қолданылатын тәсілдердің бірі
Сиырлар қарқынын басқан кезде,Қартқожа бітегенге тыныстап,оң жаққа
қарады Бай баласы және екі -үш бала жабыла ұрып, мұрнынан қанын ағызды.
Жүсіпбек Аймауытов Қартқожа романындағы құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы
компонентінің баяндауышының тиянақсыз формада келуі арқылы жасалуында
етістіктің рай тұлғасын да көп пайдаланған. Мысалы: Қан көрейін демесе,
кінегені қасымызға берсін, Осы тектес сөйлемдер романда жиі кездеседі.
Қартқожа жасаққа келсе, азамат ат үстінде екен Тасаттық берген жердің
қасынан өтіп бара жатса, ет біткен жайрап қалыпты.
Автор құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарында тағы бір тәсіл ретінде-
деп- дәнекерін көп қолданған. Мысалы: Иманхан қашам деп, үйін жаман
шығындатса керек, Бір жағы Қартқожаны түсіреміз деп бір жағы түсірмейміз
деп, қиян кескі болды.
Жүсіпбек Аймауытов романда құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің
баяндауышының тиянақсыз формада келуі арқылы жасалуында 5 түрлі тәсіл
қолданған:
1. Етістіктің көсемше категориясы
2. Етістіктің есімше категориясы
3. Етістіктің шартты рай категориясы.
4. Етістіктің есімше категориясы септік жалғауларымен бірге септеулік
шылаулармен келуі.
5. Деп көмекші етістігі.
Бұл тәсілдердің ішінде Жүсіпбек Аймауытов етістіктің көсемше және
есімше тұлғаларының тек қана –ып, -іп,-п,-ған, -ген,-қан,-кен қосымшаларын
қолданған. Қосымшалардың бір түрін ғана падалануы- Жүсіпбек Аймауытовтың
өзіндік ерекшелігі болса керек және бұл қосымшаларды көбіне мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрауда қолданған.
Құрмалас сөйлемдердің шылау немесе шылау мәнді сөздер арқылы жасалуы.
Бұл тәсілде автордың ең көп қолданғаны соң шылауы. Етістіктің есімше
категориясының септік шылауларында келуі, яғни шығыс септік+ соң шылауын
өте көп қолданған. Ара-тұра бірақ, әйтпегенде, сондықтан шылаулары
да кездеаседі, бірақ өте сирек қолданған. Ал, соң шылауы себеп
бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасауда өте көрнекті роль атқарған. Мысалы: Ол
жылаған соң,әжесі де қоса жылады. Негізінде соң шылауы мезгілдік мағына
беріп, мезгілдес сөйлемдерде қолданылады. Бұл да Жүсіпбектің –өзіндік
ерекшелігі болып табылары сөзсіз.
Жай сйлемдерді құрмаластыруда интонацияның да атқаратын ролі зор.
Құрмалас сөйлемдерде тиянақсыз интонация сөйлемдер арасында келеді де,
сөйлемнің аяқталмағандығын, ой жалғасы бар екенін байқатады. Мысалы:
Осының бәрін ойлайды да, Қартқожа келешекке көз жіберіп үңіледі
Алашорданың азаматтары съездің болуын жақтап сөйлеп көріп еді,
большевиктер білегін білей сөйледі, мылтығын кезей сөйледі. Бұл
мысалдардан құрмалас сөйлем компонентері арасында болатын тиянақсыз
интонация тиянақсыздық дәрежесінің қандай болуына қарамастан, жай
сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырып, құрмалас сөйлем компонентерінің ара
жігін көрсететінін байқаймыз.
Жүсіпбек Аймауытовтың бұл романында құрмалас сөйлемдердің
компонентерінің орналасуында елеулі өзгешелік бар. Бұл өзгешелік- Жүсіпбек
Аймауытовтың өз қаламына ғана тән ерекше конструкция. Ол тиянақсыз
компонент ретіндегі сөйлемдердің жалпы сөйлемнің бас жағында тұрмай,
түсіндірме мәнде келіп, соңынан орналасуы. Мысалы: Артынан естіді Төлеген
Губ-розыск мекемесін тексеріп, жұмыстарынан қылмыс тауып, бастығын 5
агентімен арестовайт етіпті деген сөйлемнің жазба түрдегі әдеби варианты
былай құрылған болар еді: Төлегенің Губ-розыск мекемесін тексеріп,
жұмыстарынан қылмыс тауып, бастығын 5 агентімен арестовайт еткенін
артынан естіді деуге болады. Шындығында мұндағы 2-3 компонентері алғашқы
сөйлемнің объектісін білдіреді. Жүсіпбек Аймауытовтың Қартқожа романында
көркем әдебиет стилінен гөрі ауызекі сөйлеу стилі басым, сондықтан да
құрмалас сөйлем компонентерінің орналасуындағы бұл өзгешелікті 20 жылдарға
тән өзгешелік деп қарастырған жөн.
Құрмалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдердің кейбіреулері белгілі
бір дәрежеде болса да өз дербестігін сақтай, бір-біріне тәуелді болмай,
теңдік қатынаста тұрып құрмаласса, екінші біреулері сөйлемдік
дербестіктерін жойып, бір-біріне тәуелді, бағынышты қатынаста
құрмаласады.Мысалы: 1) Әкесі Жұман назаланып, атына мініп, Қоржасбайдікіне
барды. Он шақты саулықтың үшеуінің қозысы өліпті, ақ қарабас саулықты
қасқыр жеп кетіпті. Бірінші сөйлемдегі назаланып, мініп тиянақсыз
баяндауыштық қызметте тұр да, Қаржасбайдікіне барды сөйлеміне бағына
байланысып тұр. Ал екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты, бір-біріне
бағынбай, өзара теңдік дәрежеде құрмаласқан. Жай сөйлемдердің бір-бірімен
құрмаласуындағы осы ерекшеліктеріне байланысты құрмаласты үшке бөлеміз:
1. Салалас құрмалас сөйлем.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем.
3. Аралас құрмалас сөйлем

Ә. Романдағы құрмалас сөйлем түрлері

Біздің ендігі айтпақ ойымыз, дәлелдер нысанамыз-Жүсіпбек Аймауытов
Қартқожа романында осы құрмалас сөйлемдердің қай түрін көп қолданды?
Қолданысында ерекшелік бар ма?-деген сұрақтар төңірегінде ой қозғау
Романан құрмалас сөйлем түрлері бойынша 250 мысал жиналды. Салалас
құрмалас сөйлем түрлері бойынша 70 мысал, сабақтас құрмалас сөйлем
түрлерінен 130 мысал, аралас құрмалас сөйлем бойынша 50 мысал.
Құрмалас сөйлемнің бір түрі салалас құрмаластың түрлеріне қолданылу
ерекшелігіне тоқталайық. Салаласа құрмаласу деп, құрмалас құрамына енген
жай сөйлемдердің бір-біріне бағынышты тәуелді болмай, өзара теңдік
қатынаста тұрып құрмаласуын айтамыз[19]. Теңдік дәрежеде болуының бірден-
бір себебі: олардың баяндауышарының грамматикалық форма жағынан бір-біріне
тәуелсіз
Өзара тең болып келетіндігінде. Мысалы Әжесі Қартқожа көзін
айырмайды, көз жасы телегей теңіз болып ағады. Мысалдағы құрмалас сөйлем
компоненттерінің баяндауыштары тиянақты, бір-біріне тәуелсіз. Мұндай
мағыналық, интонациялық жағынан баяндауыштары тиянақты болса, онда олар
құрмалас сөйлем компонентері бола алмас еді. Мұндағы екі компонент ігелес
тұрып құрмаласқан, бірақ құрмаласта әрқашанда сөйлемдер іргелесіп тұра
бермейді. Оларды тиянақтап, топтап келгенде екіге бөлеміз.
1. Жалғаулықты салалас сөйлем.
2. Жалғаулықсыз салалас сөйлем
Автор жалғаулықты салалас құрмаластың көбіне үш түрін
қолданған: мезгілдес салалас, қарсылықты салалас, себептес салалас. Мысалы:
Дәрмен өзгелердей шабынған да жоқ, арбасқан да жоқ. Да жалғаулығы үш рет
қайталанып келіп, тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін
түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөле айту үшін қолданылған. Себептес
салалас сөйлемдерде өйткені жалғаулығын көп пайдаланған. Мысалы: Сонда
да оқудан күдерін үзбеді, өйткені түсінде оқып жүретін еді. Мысалда соңғы
компонент іс әрекеттің себебін, яғни Оқудан не себепті күдер үзбеуін
білдіріп, алдыңғы сөйлем сол себептен туған нәтижені білдіріп тұр. Жүсіпбек
Аймауытовтың жалғаулық шылауларды пайдаланудағы бір ерекшелігі-жалғаулық
шылауларды құрмалас сөйлемнің бірінші компонентінде беретінінде. Мысалы:
Бірақ онша қатты айқайлаған жоқ, басын тежеген жүйріктей, салмақты
дауыспен салды. Әйткенмен қара да бола қоймайды, жағадан тиген қолы
тістей қатты. Бұл сөйлемдер өз ішінде мезгілдес слалас сөйлемге жатады.
Екі құмаласта да уақиға бір-біріне іркес-тіркес болып өткен. Мезгілдес
салалас деп қарастырсақ, құрамындағы қарсылықты мән беретін бірақ,
әйткенмен шылауларын қайда қоямыз? Олар негізінен қарсылықты салалас
құрмаластарда қолданылады емес пе? Бұл жалғаулықтар автор қолданысында
алдыңғы сөйлемдегі ойға қарсылықты мағына беру үшін қолданылады екен.
Әдепбай тәрізді көрінбейді, домбыраны да баурап, бармағы сыртылдап, әннің
ырғағына келгенде, мойнын да бұлғаңдатып, көмейі бүлкілдеп кетті. Бірақ
онша қатты айқайлаған жоқ, басын тежеген жүйріктей салмақты дауыспен
салды. 2) Ақсұр жігіт қолы желкеден тиген жерде-ақ теріс қарай иіре
бастады. Әйткенімен қара да бола қоймайды, жағадан тиген қолы тістей
қатты. Екі сөйлемде де автор алдыңғы сөйлемдердегі ойды үзіп тастайды да,
екінші сөйлеммен ол ойға әрі қарсылықты, әрі салыстырмалы мағына береді.
Жалғаусыз салалас құрмаластың автор негізінен төрт түрін қолданған:
1. Мезгілдес: Қартқожа орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орыстың
бауырлығын есте ұстайды.
2. Қарсылықты: Кейінгі келгендердің сөзін қартқожа ұққан жоқ, жақсы сөз
айтпақшы екенін қолдарының сермесінесезді
3. Себептес : Өшетіл қырағы жігіт екен, Қартқожаны бір көргеннен-ақ
ішіндегісін біле қойғандай болды.
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Есімді сөйлемдер
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Салалас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Пәндер