Туристік ресурстар тізімін дайындау


Ақмола облысының туристік-рекреациялық ресурстарына рекрециялық баға беру
Кіріспе
1-бөлім. Рекреациялық ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері
- Туристік сала дамуындағы рекреациялық ресурстардың рөлі
1. 2 Туризм дамытудағы рекреациялық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
1. 3 Рекреациялық ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
2-бөлім. Ақмола облысының рекреациялық ресурстары: жағдайы мен игерілу дәрежесі
2. 1 Ақмола облысының табиғи рекреациялық ресурстарының қазіргі жағдайы
2. 2 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстары
2. 3 Ақмола облысының рекреациялық ресурстарды игеру дәрежесі
3-бөлім. Ақмола облысында туристік рекреациялық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
3. 2 Туристік қызметтерді экологияландырудың негізгі бағыттары
3. 1 Әлеуметтік-экономикалық ресурстарды пайдаланудың тиімді жолдары
3. 3 Туризмдегі рекреациялық ресурстарды пайдаланудың болашақ көрсеткіштері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін, ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес, туризм ғасырдың экономикалық құбылысы ретінде танылуының өзі кездейсоқтық емес. Ел дәулетін ешбір шығынсыз артырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алады. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициялармен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Туризм еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетумен қатар өлкеміздің абырой-беделін арттыруға жұртшылықтың білім-танымының жоғарылауына, ақпарат таратудың жаңа түрлерін енгізуге ықпал етеді. Туризмнің дамуының жоғары қарқыны, валютаның зор түсімдері экономиканың әртүрлі секторларына белсенді әсер етеді, бұл туристік индустрияның қалыптасуына көмек береді. Туристік индустрия туризм жүйесінің бір жағын құраса, туризм жүйесінің екінші жағы - туристік рекреациялық ресурстар. Туристік рекреациялық ресурстар дегеніміз табиғи, тарихи, әлеуметтік-мәдени объектілер, туристік көрсету объектілері, сонымен қатар, туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың физикалық және рухани күштерін қайта қалпына келтіру үшін көмек беруге қабілеті бар басқа да объектілер [11] .
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - бұл Ақмола облысының мәдени, тарихи және табиғи потенциалы қаншалықты туризмге әсер етеді екенін және сол арқылы туристерді қалайша қызықтыруға болатынын көрсету.
Негізгі мәселелеріне Ақмола облысының тарихи-мәдени, табиғи ресурстарды пайдаланудағы мәселелерін талдау мен шешу жолдарын табу. Сонымен қатар, туристік рекреациялық ресурстарды пайдалануда халықаралық тәжірибеге сүйене отырып тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.
Осы тақырыпты таңдаған себебім, туризмді дамытуда маңызды орын алады. Туристік рекреациялық ресурстарды қалай пайдалансақ, солай туризм инфрақұрылымы, туристік индустрия дамиды. Туристік объектілерді пайдаланудың өзі қазіргі кезде өзекті, өте күрделі мәселе.
Туризм кәсіпкерлікпен, іскерлікпен айналысу үшін даму болашағы зор экономика саласы болып табылады. Қазір елімізде туристік қызметті жүзеге асыруға қолдау, қаржыландыру жүріп жатыр. Егер өзімізде кәсіпкерлікке қаражат жетпесе, мемлекеттік қолдауға жүгіну керек. Туристік кәсіпорын немесе кешен ашуда қыруар ақша қажет, себебі, туристерге демалуға барлық жағдай жасап, жоғары сапада қызмет көрсетуге міндеттіміз.
Бұл тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, Ақмола облысының туризмді дамытуға зор әлеуеті бар. Әрқилы географиялық ландшафт, өте бай флора мен фауна, төлтума ұлттыќ мәдениет біздің елімізде туризм индустриясын ойдағыдай дамытудың барлық шарттарын жасап отыр, деп санайды сарапшылар. Табиғи, тарихи және мәдени ресурстарды пайдаланып туризмді дамыту мақсатында туристік бағдарламалар мен шаралар дайындалуда.
Ең бастысы қазақ қонақжай халық ретінде туризмге нағыз керек қасиеттен кенде емес. Оның үстіне бұрыңғы туризмі дамыған елдерде лаңкестік әрекетердің бой көрсетуі онда туристердің көптеп баруына шектеу қойып отыр. Ойдағыдай демалғысы келген адам тұрақты даму жолына түскен, тыныш өмір сүріп жатқан елдерге ғана саяхатқа шыққанды ұнататыны белгілі. Бұл тұрғыда Қазақстан таптырмайтын орын.
Қонақтардың көбейгені жатар орын мен тамақтандыру, мәдени және байланыс қызметін жақсартуды талап ететіні анық. Сол себепті елімізде туристік салаға жауап беретін құзырлы орындар шетелдіктердің көңілінен шығатын барлық шараларды қарастырып жатыр. Арнайы жарнамалау компаниясы бірқатар елдерде Қазақстанның көрікті жерлерін кең ауқымды насихаттамақшы [26] .
Ақмола облысы Қазақстанның орталығында дала аймағында орналасқан. Қазақ қатпарлы мемлекетінің солтүстік-батыс бөлігін, Есіл өзен ағысының жоғарғы бассейнін, ал оңтүстік-батысында - Теңіз көлдерінің ағусыз шұңқырымен Нұра өзенінің сағаларымен Қорғалжынды алып жатыр. Осындай географиялық орналысу оның үлкен алуан-түрлі табиғи жағдайларына себепші болды, яғни рельефіне, климатына, топырақ-өсімдік қабаты мен жануарлар әлеміне. Республиканың басқа солтүстік облыстардан ерекшеленетіні ол облыстың табиғи құндылықтары. Облыс өте сирек ерекшеліктерге ие.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделенеді және дипломдық реттеудің мақсаты мен негізігі мәселелері анықталады, зерттеу нысаны мен мәселені зерттеу әдістемесі көрсетілді.
Бірінші бөлімде рекреациялық туристік ресурстардың мәңі мен маңызы ашылады және рекреациялық ресурстарды қолданудың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері қарастырылады. Екінші бөлімде Ақмола облысының табиғи рекреациялық ресурстарының, Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстары қазіргі жағдайына анализ беріледі және Ақмола облысының рекреациялық ресурстарды игеру дәрежесіне баға берілінеді. Үшінші бөлімде әлеуметтік-экономикалық ресурстарды пайдаланудың тиімді жолдары мен туристік қызметтерді экологияландырудың негізгі бағыттары қарастырылынады.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі - туристік рекреациялық ресурстарды пайдаланудың көпжылдық қорытынды тәжірибелері болып табылатын Ресейлік, Қазақстандық және шетелдік авторлардың жұмыстары.
Дипломдық зерттеуде нормативтік және заңшығарушылық құжаттар, мақалалар, кітапхана құжаттары қолданылады. Соңында келтірілген қосымшалар зерттеу жұмысының барысын көрсетеді.
1-бөлім. Рекреациялық ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері
- Туристік сала дамуындағы рекреациялық ресурстардың рөлі
Рекреациялық әлеуетінің маңызды құрылымдық бөлімі рекреациялық ресурстар болып табылады. Рекреациялық ресурстар мағынасында рекреациялық кәсіптің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін қолданыла алатын емделу-сауықтыру маңыздылыққа, эстетикалық тартымдылыққа, біртұмаға ие шаруашылық қызметінің объектілері, табиғи ортаның компоненттері түсіндіріледі.
Рекреациялық ресурстар рекреациялық қызметінің территориалдық ұйымдастыруына, қалыптасуына, олардың мамандыруына және экономикалық тиімділігіне ықпалың тигізеді. Бірақ бұл ықпал тікелей емес. Ол әлеуметтік-экономикалық факторлармен және де ең алдымен рекреациялық қажеттіліктерінің ауданы мен құрылымымен орталындырылады.
Рекреациялар табиғи алғышарттар қасиеті ең алдымен табиғи-территориалдық және аквалдық кешендер, әр түрлі дәрежедегі кешендер, олардың компоненттері және өзге қасиеттері, сонымен қатар аттрактивтік, қарама-қарсылықтық және ландшафттардың ырғағы, қиындықтарды жеңіп шығу, географиялық өзгешілік сияқты немесе керісінше, әдеттілік, табиғи объектілердің өлшемі мен түрлері және олардың визуалды, географиялық орналысуы ретінде көрсетілінеді.
Табиғи-рекреациялық ресурстар - бұл табиғи денелер, көріністер, процесстер және туризмнің рекреациялық мақсаттары үшін қолданыла алатын және белгілі уақыт аралығында белгілі ауданда айқындалатын бедердің жеке элементтері.
Берілген анықтама өз мәнісінде әділ және мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың (сәулет өнерінің, тарихтың, этнографияның және т. б. ескерткіштері) . Анықтама бойынша Т. В. Николоенконың берілген рекреациялық ресурстарына рекреациялық қызметті ұйымдастыру үшін белгілі қасиеттердің арқасында қолданыла алатын әлеуметтік - мәдени мінез құлығына сай феномендер және табиғи ортаның компоненттері жатады. В. А. Квартальнованың пікірі бойынша рекреациялық ресурстар - туристік ресурстардың бір бөлігі, өзімен бар технололгиялардың көмегімен белгіленген уақытта белгілі адамдар контингентін сауықтыру және демалысты ұйымдастыру үшін қолданыла алатын, рекреациялық қызмет үшін тұтынушылық бағаға және жайлылық қасиеттерге ие артефакттарды, табиғаттың денелері мен көріністерін, табиғи және антропогендік геожүйелерді көрсетеді.
Рекреациялық ресурстар мағынасында адамның физикалық және рухани денсаулығын қалпына келтіруіне және қолдануына себепші болатын, тікелей жағымды әсер ететін, ландшафттың біртұтас үндестігін қалыптастыратын тарихи-мәдени мұра объектілер мен табиғи кешен компоненттерінің жиынтығы түсіндірілетін анықтаманы жиі кездестіруге болады.
Н. С. Мироненконың пікіріне сай, рекреациялық ресурстар - бұл туризм, демалыс және емделу үшін қолданыла алатын адам қызметінің нәтижелері, табиғаттың объектілері мен көріністері [23] .
Олар бірнеше қасиеттерге ие. Біріншіден, олар тарихи, яғни рекреациялық қажеттіліктердің, технико-экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің өсу шамасы бойынша түрін өзгерте алады. Мысалы, батпақ, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ескірген техника және жабдықтар, және т. б. рекреациялық ресурстарға (туристік объектілерінің көрсетіледі) айналады. Екіншіден, олар территориалды, яғни үлкен аудандарда орын алады; қазіргі уақытта демалыс әлеуметтік-экологиялық көрініс ретінде орман және ауыл шаруашылығын қолданылатын территорияны талап етеді. Үшіншіден, туристік маршруттардан рекреациялық аудандар мен аймақтардың қалыптасуына себепші болатын ұйымдастырушы рөлге ие.
Тиісінше, рекреациялық ресурстардың 2 түрін айқындайды - табиғи және мәдени-тарихи.
Тарихи рекреациялық ресурстар мағынасында тарихи-территориалдық кешендер, олардың компоненттері мен қасиеттері, яғни тартымдылық, қарама-қарсылық және ландшафттардың алмасуы, экзотика, объектілердің өлшемі мен түрлері, оларды шолудың мүмкіндігі сияқты қасиеттер түсіндіріледі.
Мәдени-тарихи ресурстар өзіне келісілерді енгізеді:
Адамның танымдық қажеттілігін қанағаттандыра алатын қоғамның материалдық құндылықтары (тарих пен мәдениеттің ескерткіштері, халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары) және өндірістің барлық материалдық заттары.
Өнердегі, мәдениеттегі, ғылымдағы, мемлекеттік-қоғамдық өмірдегі қоғамның рухани жетістігі.
Рекреациялық ресурстар үшін әр түрлі табиғи және мәдени орталардың үйлесуі мен адамның әдетті ортада тұруының қарама-қарсылылығы, әлеуметтік-мәдени кеңістік пен уақыттық салыстырмалылық сай келеді. Келесі екі критерийге жауапты кез-келген орын, жер рекреациялық ресурс бола алады. Екі критерий: 1) Адамның әдетте ортада тұрудан ерекшеленетін орын; 2) табиғи сәйкестіктегі екі немесе одан да көп түрлі орталардың үйлесуі болып табылатын орын.
Статистикалық тұрғыда ең тартымды өлкетану аудандары, әр түрлі орталардың торабы (су-құрғақ жер, орман-ағаш арасындағы ашық жер, төбе-жазық және т. б. ) болып табылады. Мұратта қарама - қарсылықты орталардың шекті мөлшер санының торабы ең тартымды: таулар + теңіз + алуан-түрлі мәдени орталар. Территорияны әлеуметтік-мәдени игерудегі қажеттілік - бұл негізгі себеп және территорияның қасиеттер жиынтығының рекреациялық ресурстарға айналу факторлары
Рекреациялық ресурстар көпте өз кезегінде территорияны әлеуметтік-мәдени игерудегі міндетпен детерминделген халықтың рекреациялық қажеттіліктерінен өндірісті болып табылады. Рекреациялық тасқындар игеруге жататын дәл сол аудандарға бағдарланған. Ең маңызды және ең беделді рекреациялық ресурстар дәл сол жерде шоғырланғаны жаппай сезіну деңгейде қалыптасады. Территорияны игеру процесінің шыңын өткеннен кейін оның рекреациялық ресурстарының мәні едәуір төменделеді. Олардың маңыздылықтың толық мойындамауы ешқашан болмайды, бірақ сол рекреациялық ресурстардың бұрынғы жоғары бағаға қайтарылуы да жоқ. Территорияның әлеуметтік-мәдени игеруінің қажеттілігі - бұл территория қасиеттер жиынтығының рекреациялық ресурстарға айналу факторы мен негізі себеп. Сонымен, рекреациялық ресурстар - әлеуметтік-мәдени орта кеңістігінің біртұтас игерілу процесін көрсететін, «жүзіп жатқан нүкте».
Рекреациялық ресурстар сыйымдылыққа ие - яғни табиғи және экологиялық тепе-теңдік жағдайын еш бұзушылықсыз белгілі антропогенді жүкке шыдау және белгілі мөлшердегі рекреанттарды қабылдау мүмкіндігі.
Рекреациялық әлеует-рекреациялық ресурстардың бар болуымен анықталатын нақты және мүмкін туристер санының арасындағы қарым-қатынас.
Сонымен қатар, рекреациялық әлеуетті табиғи және экологиялық тепе-теңдік жағдайын бұзбайтын нақты рекреанттар саны територияның қабілеттілігі ретінде анықтауғы болады.
Қазіргі уақытта матрица көмегімен перспективті және қазіргі замандағы дамудың территориалдық балансын құруда қажеттілік туды. Онда бір ось бойынша «демалуды тұтыну» аудандары орналасқан және әр ауданның ішінде халықтың жастық және әлеуметтік топтарға бөлінуі, ал келесі ось - рекреацияның түрлеріне бөлінген «демалуды өндіру» аудандары.
Сонымен қатар, рекреациялық кадастр қажет. Рекреациялық кадастр - бұл рекреациялық тағайындаудағы табиғи объектілер мен көріністердің сапалы тізімін қосатын мәліметтердің систематикалық жинағы. Оның ішінде күзет бойынша керекті шаралар, қолдану бойынша кепілдеме, объект немесе көріністің зерттеу деңгейі, динамика туралы мәліметтер, географиялық мінездеме болу керек.
Туристік ресурстар мөлшер саны бойынша шекті және сапалы болып бөлінген, яғни өндіруге көп шығынды қажет ететін тауар ретінде, экономикалық игілік ретінде көрінеді. Экономикалық тұрғыда туристік ресурстар туристік өнімнің өндіріс факторы ретінде көрінеді. Өйткені олардың дифференциациясы шаруашылықтық қолданудың нәтижесінде өзгешелікті туғызады.
Туристік ресурстар - туризм мақсатында адамның қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи-климаттық, әлеуметтік-мәдени, тарихи, сәулеттік және археологиялық, ғылыми және өндірістік, ойын-сауықтық, табынушылық объекттер немесе көріністер.
Туристік ресурстар - физикалық күштің дамуына және қалпына келуіне жәрдемдесетін, туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілер, туристік көрсеткіш объектілерін қосатын тарихи, табиғи, әлеуметтік-мәдени объектілер Туристік ресурстар кадастрда назарға алынады[1] . Кадастр тақырыбтық немесе өңірлік түрде ұсынылуы керек.
Сонымен қатар рекреациялық және туристік ресурстардың табиғи, емделу және туристік ақпараттық ресурстар сияқты түрлері бар.
Табиғи емделу ресурстар - қорғауда және қолдануда өз ерекшеліктері бар аса қорғаланатын табиғи объектілер мен территорияларға жататын халықтың емделу және демалу үшін арналған рекреациялық ресурстар.
Туристік ақпараттық ресурстар - саяхат уақытында, саяхатқа дайындалған кезде немесе кейбір уақыт өткеннен кейін туристердің тікелей алған ақпараты, яғни территория туралы, оның тарихы, мәдениеті, табиғаты және адамдары туралы ақпарат.
Белгілі бір территориялардың туризм дамуы үшін қолайлығы мен құндылығын анықтау мақсатында туристік ресурстарды зерттеу болып табылады. Олар туристік-экскурсиялық қызметтерді өндіруге және емделу, спорттық-сауықтыру және танымдық туризмдегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалы қоршаған орта құбылыстары және табиғи мен жасанды объектілердің жиынтығы болып табылады. Алайда туристік ресурстар терминін трансформациялана қойған табиғи және антропогенді ландшафтың үйлесімділігі ретінде түсіну керек. Бұл ландшафт оларды туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуде тікелей қолдану мүмкіндіктері мен қоғамдық қажеттіліктер ықпалында технологиялық деңгейіне дейін жетілген.
Қазіргі заманғы туризм осы ресурстардың орналасу ерекшеліктері мен сапасын ескереді. Туристік ресурстар жиынтығын екі үлкен топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық.
Л. А. Багрова, Н. В. Багров, В. С. Преображенский анықтамасы бойынша табиғи ресурстар бұл - рекреациялық қызмет үшін жайлылық қасиеттерін иемденетін табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, денелер жєне табиғат құбылыстары. Олар біршама уақыт ішінде адамдардың белгілі бір контингентіне емделу мен демалуды ұйымдастыру үшін қолданыла алады [16] .
ҚР Статистика агенттігінің жіктемесі бойынша табиғи ресурстарға парк, мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттыќ табиғи парк, мемлекеттік табиғи резерват және хайуанаттар паркі жатады.
Парк - ағашты, көкмайсалы алабы бар, табиғи және мәдени-рекреациялық объект болып табылатын, мәдени демалысты ұйымдастыратын жєне халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізетін кешенді, көпфункциялы мәдениет мекемесі.
Мемлекеттік табиғи қорық - табиғи процестерді, бір үлгідегі және бірегей экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи қалпында сақтап зерттеуге және дамытуға арналған ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтауға, қалпына келтіруге және көп профильді пайдалануға арналған ерекше қорғанысқа алынған табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи резерват - ландшафттық және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және қалпына келтіруге, осы аумақта табиғи ресурстардың тұрақты дамуын және теңгерімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлі қорғау режимдері бар ерекше қорғанысқа алынған табиғи аумақ.
Хайуанаттар паркі - хайуанаттар паркіне бөлінген, туристердің келуіне ашық алаң [2] .
Шипажай ісі бойынша туристік ресурстар объектілер ретінде үшке бөлінеді: биоклимат, ландшафт және гидроминералды ресурстар. Биоклимат дегеніміз климаттың адам ағзасына әсерін анықтайтын фактор. Ландшафт бұл - рельефтен, су объектілерінен және өсімдіктен тұратын біртұтас жүйе. Гидроминералды ресурстарға минералды сулар мен емдік саз-балшықтар жатады. Минералды сулар дегеніміз компоненттері иондардан, диссоциацияланбаған молекулалар, коллоидті бөлшектер және еріген газдар түрінде болатын күрделі ерітінділер. Емдік саз-балшықтар бұл - адам гормондары мен дәрумендерге ұқсас органикалық және минералды заттардан тұратын пластикалық массалар.
Туристік ресурстар кешенінде тұрғылықты пунктерде және аралық территорияларда орналасқан әлеуметтік-экономикалық ресурстар маңызды орын алады. Олар рекреациялық ағымдар мен экскурсиялық маршруттарды тұрақтандыра отырып танымдық туризмнің дамуына сілтеме болып қызмет етеді.
Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға тарихи-мәдени нысандар (ескерткіштер мен ескерткіш жерлер, мұражайлар, галереялар және т. б. ) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік және т. б. ) жатады. Бұл ресурстар өз ішінен, бір жағынан материалды жєне рухани, екінші жағынан қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді.
Материалдықтар өндіріс құралдарының жиынтығын және қоғамның дамуының әр тарихи кезеңдеріндегі басқа да материалдық құндылықтарды қамтиды. Ал рухани - қоғамның білім, ғылым, өнер, әдебиет саласындағы, мемлекеттік және қоғамдық өмірді ұйымдастыру, тұрмыс пен еңбектегі жетістіктер жиынтығы. Қозғалмайтын ресурстар тобын құрайтындар тарих, қала салу, архитектура, археология және монументалды өнер ескерткіштері мен басқа да құрылғылар, соның ішінде архитектураның бөлінбес бөлігі болып табылатын өнер ескерткіштері. Қозғалмалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық қазбалар, минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық жинақтар, құжат ескерткіштері мен орын ауыстыруға қолайлы басқа да заттар мен құжаттар жатады. Осы топтың рекреациялық ресурстарын тұтыну шоғырланатын мұражайлар, кітапханалар, архивтерге кіріп шығумен байланысты.
Тарих пен мәдениет ескерткіштерін маңызды белгілер бойынша бес негізгі түрге бөлінеді: тарихи, археологиялық, қала салу мен архитектура, өнер, құжатты ескерткіштер. Тарих ескерткіштеріне ғимараттар, құрылыстар, ескерткіш жерлер жатады. Оған сонымен қатар халық өмірінің маңызды тарихи оқиғаларымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен, төңкерістік қозғалыспен, халықаралық бірегейлікті бекітумен, сонымен қатар ғылым мен техниканың, халықтардың тұрмысы мен мәдениетімен, атақты саяси, мемлекеттік, әскери қызметкерлердің, халық батырларының, ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлерінің өмірлерімен байланысты заттар.
Археология ескерткіштері - бұл қалашықтар, қорғандар, ежелгі баспаналар, бекіністер, өндіріс, каналдар, жолдар қалдықтары, көмудің ежелгі орындары, тастағы, жартастағы суреттер, көне заттар, көне тұрғылықты пунктердің мәдени, тарихи қабаттары.
Архитектура мен құрылыс ескерткіштеріне тән объектілер: архитектуралық ансамбльдер мен кешендер, тарихи орталықтар, кварталдар, алаңдар, көшелер, ежелгі қала салу мен жоспарлау қалдықтары, азаматтық, өндірістік, әскери, архитектура құрылыстары мен солармен байланысты монументалды, бейнелеу, безендіру-қолданбалы, бау-бақша, саябақ өнерлерінің шығармалары.
Өнер ескерткіштеріне монументалды, бейнелеу, безендіру-қолданбалы және өнердің басқа да шығармалары жатады.
Құжатты ескерткіштер - мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының актілері, басқа да жазбаша және графикалық құжаттар, кинофотоқұжаттар мен дыбыстық жазулар, сонымен қатар, ежелгі және басқа да қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін басылымдар.
Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға адамдардың тарихы, мәдениеті мен қазіргі қызметімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады: өндіріс, ауылшаруашылық, көлік кәсіпорындары, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, театрлар, спорт құрылыстары, ботаникалық бақ, зоопарктер, океанариялар, этнографиялық және фольклорлық көрнекі орындар, сақталынып қалған халықтың салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары және т. б.
Туризм мақсаты үшін қолайлы табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар территориялар әлі толық туристік ресурстар бола алмайды. Олар тек туристік шаруашылықпен игерілу мүмкіндігі мен сәйкес қажеттілік туғанда ғана туристік ресурстарға айнала алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz