Франция ауыл шаруашылық саласының жерді пайдаланудың құрылымы


Жоспары
Кіріспе . . . 5
Бөлім 1. Францияның экономикалық - географиялық орны және саяси жүйесінің сипаттамасы . . . 8
- Франция мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайы . . . 8
- Франция мемлекетінің саяси жүйесі . . . 15
Бөлім 2. Францияның табиғи жағдайы және ресурстары . . . 18
Бөлім 3. Францияның шаруашылығына сипаттама . . . 23
- 3. 1. Өнеркәсіп саласы . . . 233. 2. Ауыл шаруашылығы . . . 28
3. 3. Көлік және телекоммуникация саласы . . . 32
Бөлім 4. Францияның демографиялық ерекшеліктері . . . 35
- Француз халқының салт-дәстүрлері (әдет -ғұрпы, мәдениеті) . . . 35
- Франция халқының демографиялық жағдайы . . . 36
- Францияның әлеуметтік саласының даму деңгейі (медицина, білім беру салалары) . . . 46
Бөлім 5. Францияның рекреациялық ресурстары (туризм) . . . 57
Қорытынды . . . 66
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе
Қазіргі географияда, негізінен, белгілі бір елдерге арналған саяси-географиялық елтанушылық бағыттағы зерттеулер басым. Мұнда осы мемлекеттердің әлемдегі және аймақтағы алатын орны мен маңызы, ондағы саяси күштер мен үрдістердің аумақтық байланыс ерекшеліктері, мемлекеттік құрылысы мен оның саяси ұстанымындағы өзгерістері, сондай-ақ елдердің сыртқы және ішкі саясат мазмұнын анықтау мәселелері басты орын алады. Ол қоғам дамуының жалпы заңдалақтары туралы басқа да ғылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, әрбір елдің өзіне тән әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Франция мемлекетінің саяси және әлеуметтік сипаттамасын беру және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін анықтау. Қойылған мақсатқа сай келесі міндеттер шешілу тиіс:
- Францияның экономикалық-географиялық орнын анықтау;
- Мемлекеттің табиғи жағдайына және табиғи ресурстарына қысқаша сипаттама беру;
- Францияның шаруашылық салаларын талдау: өнеркәсіп саласы, ауыл шаруашылық саласы, көлік және телекоммуникация саласы;
- Францияның демографиялық ерекшеліктерін сипаттау, соның ішінде француз халқының салт-дәстүрлері, бүгінгі күннің демографиялық жағдайы және әлеуметтік саласының даму деңгейін (медицина, білім беру салалары) қарастыру;
- Рекреациялық ресурстарына сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Франция мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, оның даму ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыстың жазылу барысында келесі әдістер пайдаланылды: әдеби, статистикалық талдау, салыстырмалы - географиялық, картографиялық.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы зерттеу негізінде пайда болған Франция мемлекетінің өсу жолдарына баға беру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы келесі: «Елтану», «Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Әлем географиясы», «Қазіргі заман географиясы» пәндерін оқытқан кезде пайдаланған жөн.
Димпломдық жұмыс кіріспеден, бес бөлімнен қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың мазмұны 70 бет мәтіннен, 15 суреттен, 3 кестеден тұрады.
Бірінші бөлімде Францияның экономикалық-географиялық орны талданады, екніші бөлімде мемлекеттің табиғи ресурстары және жағдайы қарастырылады. Үшінші бөлімде Францияның шарауашылығы (өнеркәсіп саласы, ауыл шаруашылығы және көлік саласы) талданады. Төртінші және бесінші бөлімде халқының ерекшеліктері және рекреациялық ресурстары сипатталады.
Бөлім 1. Францияның экономикалық - географиялық орны және саяси жүйесінің сипаттамасы.
- Франция мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайы.
Франция - Батыс Европаның ең ірі мемлекеті. Солтүстіктен оңтүстікке және бастыстан шығысқа дейін Франция шамамен 1000 км жерге созылып жатыр. Шекарасының жартысының көбі Солтүстік теңізімен, Ла-Манш бұғазымен, Атлант мұхитымен және Жерорта теңізімен шектелген. Ауданы бойынша Ұлыбритания, Германия сияқты мемлекеттерден әлде қайда басым - 552 мың км 2 , ал халық саны шамамен 59 млн адам. Франция астанасы - Париж қаласы. Францияға Жерорта теңізінде Корсика аралы және басқа ұсақ аралдар тиесілі. Францияның құрамына теңіз департаменттері жатады, олар: Гваделупа, Мартиника, Гвиана, Реюньон, Сен-Пьер және Микелон; теңіз территориялары - Жаңа Каледония аралдары, Француз Полинезиясы және т. б. Француз теңіз жерлері төрт континентке таралып, төрт мұхитпен жуылып жатыр. Теңіз территорияларының әр-қайсысы халқының көпшілігі талап еткен жағдайда Францияның құрамынан шыға алады. Францияның Америка, Африка және Мұхит аралдарында өз меншіктері бар. Олардың жалпы ауданы 127 мың км 2 , ал халық саны 2 млн-ғы жуық. Франция елі европалық материктің батыс бөлігін алып жатыр. Оны атланттық және жерорта, рейнмаңылық және пиренеялық ел деп атауға толық мүмкіншілік бар. Франция солтүстік-шығысында Бельгия, Люксембург және Германиямен, шығысында - ГФР, Швейцариямен және Италиямен, оңтүстік-шығысында - Монакомен, оңтүстігінде - Испания және Андоррамен шектесіп жатыр. Теңіз шекарасы құрлық шекарасына қарағанда ұзын саналады. Теңіз шекарасы 3120 км -ге созылып, үш жағалауға бөлінеді: Жерорта теңізінің жағасы, Бискай шығанағымен Атлант мұхит жағалауы және Солтүстік теңіздегі Ла-Манш бұғазының жағалауы. Жағасының көпшілік бөліктері, әсіресе Бретань және Провансальда өте қатты тілімделген, кемелердің орналасуына ыңғайлы бухталар да көп. Құрлық шекарасының ¼ бөлігі Испаниямен шекарадағы Пиреней тауларынан, оңтүстік-шығысында Италия және Швейцариядағы Альпі және Юра таулары бойынша өтеді. Теңіз және құрлық байланыстарының ыңғайлы болуы, халықаралық жолдардың қиылысында орналасуы Францияның экономикалық жағдайын күшейтеді, оның шаруашылығының дамуына, басқа елдермен сауда және мәдени байланыстарының өсуіне зор әсерін тигізеді.
Францияның теңіз департаменттері және территориялары.
- Гваделупа - Кариб теңізіндегі Антиль аралдарының ең ірілерінің бірі. Гваделупаның территориясын екі арал алып жатыр.
- Мартиника Антиль аралдарында орналасқан. Мартиниканың ғажап табиғатының себебінен туристтер бұл аралда өте көп болады.
- Гвиана - ең ірі франциялық департамент және Оңтүстік Америкадағы жалғыз европалық меншік. Кайенна - департаменттің басты қаласы.
- Реюньон Үнді мұхитында Мадагаскар аралынан 800 км қашықтықта орналасқан және Маскарен аралдар тобына жатады. Реюньон - ең тығыз мекенделген - 590 мың адам құрайды.
- Жаңа Каледония - Меланезияның таулы территориясы Тынық мұхитта 400 км жерге созылып жатыр. Ол Белепа архипелагы, Пен аралдары, Луайоте аралы және т. б. ұсақ аралдардан тұрады. Қазіргі кезде белсенді түрде туризм дамуда.
- Француз Полинезиясы Тынық мұхиттың оңтүстігінде орналасқан және төрт архипелагтан тұрады - Қоғам, Маркиз, Туамоту және Оңтүстік аралдарынан тұрады. Туризмнан кейінгі табысты іс ретінде маржан өңдіру саласы саналады.
- Сен-Пьер және Микелон архипелагы Атлант мұхитының солтүстік-батыс бөлігінде Ньюфаундленд аралынан 25 км қашықтықта орналасқан. Ол үш аралдан тұрады: Сен-Пьер, Микелон және Ланглад.
- Оңтүстік және Антарктикалық жерлер Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде және Антарктидада орналасқан. Олардың құрамына Адели жері, Крозе және Амстердам аралы жатады.
- Майотт - Үнді мұхитында орналасқан Мозамбик бұғазының солтүстігіндегі Конф архипелагының төрт аралдарының бірі.
- Валлис-э-Футуна - Тынық мұхитта орналасқан, 14 мың тұрғыны бар екі архипелаг.
Францияның аудандары:
Париж және Париж аудандары -облыстың территориясы солтүстік француз жазықтығымен сай келіп, құрамына Иль-де-Франс, Нормандия, Пикардия, Шампань, Бургундия және Орлеан сияқты тарихи провинциялары жатады. Қазір Париж - дүние жүзінің ең ірі және ең әдемі қалаларының бірі (сурет 1) . Париж және қаламаңы аудандары Үлкен Парижді құрайды (сурет 2), оның аумағы 1, 7 мың км 2 , халық саны - 8, 2 млн-нан астам.
Сурет 1. Париждің әкімшілік картасы.
Париждің тұрғындар саны 1, 5 млн адам және оның құрамы алуан түрлі: халықтың жартысы - француздар емес, шетелдіктер, олардың арасында 67 мың алжирліктер, 100 мыңнан астам испандықтармен португалдықтар, мыңдаған марокандықтар, югославиялықтар және орыстар. Париж - Францяның саяси өмірінің орталығы болып саналады.
Сурет 2. Үлкен Париж картасы.
Өңдеу өнеркәсібінің басты саласы ретінде машина жасау саласы саналады, ал Париждің өзі Францияның сауда айналымының тең жартысын беріп отыр.
Париж - мемлекеттің ғылыми және мәдени өмірінің де орталығы.
Солтүстік аудан - Францияның солтүстігінде Бельгиямен шекаралас жерде орналасқа., ауданы бойынша үлкен емес және табиғатымен көзге түсе қоймайды. Климаты жағымды емес, бойлай жаңбыр жауады, орман мүлдем жоқ. Бұл тығыз қоныстанған аудан және өнеркәсіптік маңызы өте зор. Солтүстік аудан - текстилді өнеркәсіп жақсы дамыған көне индустриалды аудан. Өнеркәсіп және сауда орталығы ретінде Лилль-Рубе-Туркуэн агломерациясы саналады, осы жерлерге Францияның жүн және зығыр өнеркәсібінің негізгі бөлігі тиесілі. Экономикалық және мәдени орталық ретінде - Лилль қаласы, тұрғындар саны 200 мыңға жуық, көптеген текстиль және тігін фабрикалары, ірі машина жасау және химиялық зауыттар орналасқан.
Шығыс аудан - бұл ауданның құрамына келесі тарихи провинциялар жатады: Лотарингия, Эльзас және Франш-Конте. Осы үш провинция бір-бірінен ауыл шаруашылығының мамандануымен, тұрындарының құрамымен ерекшеленеді.
Лотарингия аттас үстіртін үстінде орналасқан. Тау өңдіру өнеркәсібінің және металлургияның ең маңызды ауданы. Осы жерде Батыс Европадағы ең ірі темір рудалық бассейн, қара көмір және калиялық тұз кең орындары орналасқан; ондаған металлургиялық зауыттар Мозель, Орн, Шьер өзендерінің жағасында орналасқан. Кейбір жерлерде олар нағыз «зауыттар көшесін» құрайды. Соған қарамастан Лотарингия депрессивті аудан саналады, өйткені оған өнеркәсіп деңгейінің төмендеуі және жұмыссыздықтың жоғары деңгейі тән болуда.
Эльзас Рейн өзенінің франциялық бөлігінде орналасқан. Жағымды климаттық жағдай және құнарлы топырақ Эльзас экономикасының дамуын анықтайды: бұл жерже ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібібасым келеді, сонымен қатар текстиль өнеркәсібі және машина жасау саласы да дамыған.
Молюз және оның маңы - Францияның мақта-қағаз ауданы саналады. Сонымен қатар Эльзаста жүзім, бидай, секер қамысы, көкөніс өсіріледі. Мал шаруашылығы дамыған. Аймақтың ірі орталығы ретінде Страсбург қаласы саналады, тұрғындар саны 300 мыңнан астам, осы жерде Европалық парламент орналасқан.
Франш-Конте Жоғары Сона және Юра тауларындағы аласа үстіртте орналасқан және орман жабылған. Топырағы құнарсыз, сондықтан ауыл шаруашылығы төмен дамыған. Бұл аймақта мал шаруашылығы, орман және қағаз өнеркәсібі, сонымен қатар машина жасау саласы дамыған.
Франш-Конте - таза франциялық аудан, бұл жердің тұрғындары тек қана француздар.
Лион ауданы - бұл ауданның бір бөлігін таулар алып жатыр: Савоя Альпілері - шығыста және Орталық массив (Овернь) - батыста.
Жергілікті экономиканың басты саласы - өнеркәсіп. Лион ауданы ГЭС қуаты бойынша, сапалы болат, алюминий, электрохимия бойынша бірінші орында. Ауданның орталығы ретінде Лион - Сент-Этьенн өнеркәсіп торабы саналады.
Ауыл шаруашылық салаларынан сүтті мал шаруашылығымен берілген. Көптеген жүзімдіктер бар. Тауларда сөнген жанартаулардың маңында халықаралық маңыздылығы бар курорттық жерлер өте көп - Виши, Ла -Барбуль, Сан - Неибар.
Батыс аудан - ауданның территориясында Бретань, Анжу және Пуату сияқты тарихи провинциялар орналасқан. Батыс ауданның жер бедері - төбелі, теңіз климаты басым келеді. Топырағы құнарсыз және пайдалы қазбалары жоқ болғандықтан, ауданның экономикалық шаруашылығы - мал шаруашылығы. Ұсақ шаруашылықтар және хуторлық орналасу басым келеді. Ауыл тұрғындарының тығыздығы жоғары және жұмыссыздық кең таралған, сонымен қатар орташа еңбек ақысы орта француз ақысынан да төмен.
Оңтүстік-Батыс аудан - бұл аудан Аквитан жазықтығында орналасқан. Климаттың ылғалды болуы ауыл шаруашылықтың дамуын анықтаған, соның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы, бидай, жүгері өсіру, жүзім және құс өсіру де бар. Энергетикалық ресурстар өте жоғары, өнеркәсіп шикізаты да бар - екі ірі индустриалды орталық бар: Бордо және Тулуза.
Бордоның халық саны 500 мыңнан астам - теңізден 100 км қашықтықта орналасқан теңіз порты. Бордо Францияны Батыс Африка және Латын Америкасымен байланыстырады. Сонымен қатар, Бордо дүние жүзіне әйгілі шарап жасау орталығы.
Тулуза Гароннаның шығысында пайда болған. Бұл ғылым және өнеркәсіп қаласы аталған. Тулузада авиациялық техника және космосты игеру саласындағы ғылыми зерттеу орталықтары орналасқан, сонымен қатар химиялық зауыттар және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары да бар.
Жерорта теңіз оңтүстік - бұл аудан Лион бұғазының жағасында амфитеатр түрі бойынша, екіге бөлініп орналасқан. Батыс бөлігі - Лангедок-Руссильон жағалау территориялары, шығыс бөлігі - Прованс - Көкшіл жаға.
Француз жерорта теңізмаңының орталығы - Марсель қаласы. Қазіргі кезде Марсельде шамамен 1 млн адам тұрады және бұл маңыздылығы жөнінен Париж және Лионнан кейінгі Францияның үшінші қаласы. Марсель - ең басты теңіз порттарының бірі.
Оның Алжир және Таяу Шығыспен байланысы өте маңызды (осы жерлерден мұнай тасымалдайды), сондықтан қаладағы өнеркәсіп салалары мұнайға сай: мұнай өңдеу, мұнайхимиясы, кеме жасау және тағам өнеркәсібі.
Марсель - Франциядағы ірі қалалардың ішіндегі ең көп ұлттысы саналады, өйткені тұрғындарының ¼ бөлігі шетелдіктер - итальяндықтар, алжирліктер, испандықтар және т. б.
Францияның ең оңтүстік бөлігінде - Корсика аралы орналасқан, ол жағалаудан 170 км қашықтықта орналасқан. Корсиканың тұрғындары негізінен қой және ешкі өсірумен айналысады, балық аулау және жай түрдегі жер шаруашылығымен де айналысқан, жүзім, цитрус өсіреді.
Кесте 1
Францияның басты аудандарының негізгі көрсеткіштері
ЭЖА саны
Жұмыссыздық, %
- Франция мемлекетінің саяси жүйесі.
Францияның саяси жүйесі көптеген жылдар және ғасырлар бойы қалыптасып келген. Франция республикалық ойлардың бесігі саналады. 1789 жылғы Ұлы Француз көтерілісі дүние жүзінің барлық түкпір-түкпірінде көтерілістерге бастама болды. Францияның өзі осы кезеңде республикалық, монархиялық және империялық басқару түрлерінен өткен.
Франция бөлінбейтін, зиялы, демократиялық және әлеуметтік Республика деп 1958 жылы Конституция белгілеген. Францияның қазіргі кезде басқару түрі - республикалық, оны Бесінші Республика деп атайды, сонымен қатар басқару жүйесінде президенттік республика ( мемлекет басшысы парламент қатысуысыз сайланады, үкіметті президент тағайындайды) және парлементтік республика қасиеттері байқалады (үкімет органы парламенттің төменгі палатасы алдында жауапты) .
Мемлекет президенті артынан Франциядағы әдеттетегі міндеттері де сақталады - министрлер кеңесіндегі төрағалалық міндеті, осы кеңесте қабылданған декреттер және ордонанстарға қол қою, жоғары әскери және азаматтық лауазымдарға тағайындау, кешірім жасау міндеттері. Франция президенті әскери күштердің басшысы, ұлттық қорғаныс комитеттерінің және жоғары кеңестерде төраға саналады.
Француз президентінің қолында басқа бірде бір демократиялық мемлекеттің президентінде жоқ билік шоғырланған. Басқа демократиялық мемлекеттердің президенттері 4-5 жылға сайланған кезде, француз елінің президенті 7 жылға сайланады. Президент парламент алдында ешқандай жауапкершілік артпайды және олар президент билігінде күдіктенбеу керек. Мысалы, АҚШ президенті конгресс алдында жауапты болмағанымен, оны таратуға құқы жоқ, ал Франция президенті парламентті қажет деген уақытта таратуға құқылы. Ал Ұлыбританияда премьер-министр парламентті тарата алады, бірақ парламентте оны қалаған кезінде орнынан түсіріп тастауға құқылы. Франция президенті оны осы билікке отырғызған партияға тәуелді емес, керісінше партия президентке тәуелді.
Францияда болып жатқан әлеуметтік және саяси үрдістерді түсіну үшін «президенттік режим эффекті» өте маңызды саналады. Билік құрылымында президент лауазымы маңызды саналғаннан бастап саяси партиялардың барлығы күресе бастады, соның нәтижесінде әр-бір паритияның көшбасшысы - президент болуға дайын үміткер «тұлға» пайда болады.
Франция - унитарлы мемлекет. Ол территориалды ұжым саналатын және өзін-өзі басқару сайлау органдары болатын аймақтарға, департаменттерге және коммуналарға бөлінеді. Сонымен қатар, өзін-өзі басқару ұйымдары жоқ әкімшілік аймақтар бар, оның басына жоғарыдан тағайындалған супрефект отырғызылады. Францияда тарихи-географиялық бірліктер бар - кантон деп аталады, олардың өздерінің өзін-өзі басқару және басқарма органдары жоқ, бірақ депертамент кеңестеріне сайлау үшін сайлау аймақтары бар. Кей кездері сол жердерде сот органдары - кіші инстанция трибуналдары құрылады. Саяси автономиясының түрі болатын - Корсика (Жерорта теңізіндегі арал) ерекше маңызды саналады (ол жерде шектелген компетенциялы жергілікті парламент бар) . Сонымен қатар, парламент жанынан: экономикалық, әлеуметтік, мәдени.
Жаңа Каледония (бұрынғы колония) қазіргі кезде «ассоциациялық мемлекет» атты статусына ие. Оның өзінің жергілікті парлементі бар.
Департаменттерде (Францияда олардың саны 96 және 3 теңіз департаменттері бар) 6 жылға генералды (департаменттік) кеңес сайланады. Ол коммуналды кеңес шешетін мәселелермен айналысады.
3-5 департаментті біріктіретін аймақтарда (метрополида 22 және теңіз аймақтарында 4 - Гваделупа, Гвиана, Мартиника, Реюньон) да аймақтық кеңес сайланады.
Франция мемлекетінің әкімшілік-территориялық бірліктерінде сайланған органдардан басқа жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер - мемлекет өкілдері. Аймақта ол республика комиссары аймақтық префект, департаментте де республика коммисары (префект), округте - су префект болады. Республика коммисары Министрлер кеңесімен тағайындалады.
Францияның қазіргі ішкі саяси жағдайы 1980-шы жылдарға қарағанда өте өзгерген жоқ. Мемлекеттің ішінде болып жатқан саяси үрдістерге Францияның Европалық Одаққа кіруі, Францияның саяси партияларының әр түрлі өкілдерінің Европарламенттке кіруі, Европалық Одактың басқа елдерімен экономикалық елдерін тереңдету, сонымен қатар Шығыс Европа елдерінің социалисттік жүйесінің ыдырауымен байланысты үрдістер де әсер етеді. Осы факторлардың барлығы Франциядағы демократиялық принциптерінің әрмен қарай дамуына әсер етеді.
Бөлім 2. Францияның табиғи жағдайы және табиғи ресурстары.
Франция түгелімен қоңыржай белдеуде орналасқан болса да, табиғи жағдайы өте алуан түрлі. Оның себебі теңіз желдеріне ашық орналасқан және солтістігінде және батысында жылы Гольфстрим ағысы әсер тигізеді. Сондықтан қар жамылып жатқан Альпіден алыс емес жерде Көкшіл жағада пальмаларды кездестіруге болады, ал қатал Бретань да - жерорта теңіз өсімдігін кездестіруге болады.
Мемлекеттің тең жартысын алып жатқан тау массивтері Франция территориясын шығысынан және оңтүстігінен қоршап жатыр. Ол ең алдымен, мемлекетті Италиядан және Швейцариядан бөліп жатқан Альпі ( ең жоғары нүктесі - Монблан тауы - 4807 м), және Пиренейлер (Франция территориясындағы ең биік нүктесі - Посетс шыңы - 2371 м) . Швейцариямен шекарада төменірек - Юра жоталары (1718 м дейін) орналасқан, одан солтүстікке қарай, Германия, Люксембург және Бельгиямен шекаралас жерде - Вогездер (1423 м дейін) және биік емес Ардендер (694 м дейін) . Францияның ішкі аудандарында орналасқан жалғыз таулар - кең Орталық массив ( биіктігі 1886 м дейін) . Севенна таулары Франция территориясын екі климаттық облысқа: жерорта теңіз және атланттық, және төрт климаттық зонаға бөледі: мұхиттық, қоңыржай континентті, жерорта теңіз және таулы.
Егер екі биік таулы массивтерді санамайтын болсақ, Франция төбелі ел, өйткені жазықтықтар өте көп кездеседі. Францияның солтүстік және батыс бөліктерінде жазықтар орналасқан, орталық және шығыс аудандарында ыдыраған орта биікті массивтер және үстірттер, ал оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста биік таулар орналасқан. Жазықтар үзіліссіз бельгиялық шекарасынан Пиреней таударына дейін созылып жатыр. Олардың ең үлкені - Солтүстік-Француз немесе Париж бассейні. Бұл ауданның өсі ретінде Сена өзенінің аңғары саналады. Екінші үлкен жазықтардың бірі - Гарон мемлекеттің оңтүстік-батысында Орталық Француз массиві және пиреней тауларының арасында орналасқан. Жазық
Сурет 3. Францияның физикалық-географиялық картасы.
үсті Гаронна өзенімен тілімделген, бұл жерде оңтүстік-батыс Францияның ең құнарлы жерлері орналасқан (сурет 3) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz