Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
РМҚК Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
Педагогика институты
Тарих және философия кафедрасы
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы
Киелі Маңғыстау өңіріндегі әулиелер мен зиярат ету орындары
Орындаған: Көңбаева Лиза Оралқызы
Тарих-06-01 тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: Сидешова Р.А.
аға оқытушы
Ақтау, 2009
Мазмұны
Кіріспе
3-5
Негізгі бөлім
6-41
І тарау. Маңғыстау өңіріндегі әулиелердің жер асты ғимараттары мен
кесенелері 6-16
1. Мыңкісі – Ата.
6-7
2. Қараман – Ата
8
3. Маңғыстау өңіріндегі жер асты ғимараттары.
9-16
ІІ тарау. Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия аудандары аумағындағы
және Ақтау қаласы маңындағы әулиелер және олардың зиярат ету орындары.
17-41
1. Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер 17-30
2. Үстірт – Бейнеу өңіріндегі әулиелер 31-34
3. Түпқараған елді-мекеніндегі әулиелер 35-36
4. Қарақия ауданындағы әулиелер 37-40
5. Ақтау қаласы маңындағы әулиелер 41
Қорытынды
42-43
Пайдаланылған әдебиеттер 44
Кіріспе
Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 - наурызында құрылды. Бұған дейін бұл
аймақ Атырау облысына қарады. 1988 ж. қайтадан Атырау обылысы аумағына
берілді. 1990 ж. Маңғыстау дербес облыс атанды. Тұрғылықты халқы қазақтар..
Маңғыстау обылысында қазақтармен қатар орыстар, украиндар, азербайжандар,
армяндар, татарлар, лезгиндер т.б.көптеген ұлт өкілдері мекендейді.
Жетібайда 1961 ж. 5 маусым мұнай фонтаны атып, Маңғыстау Алтын сандығының
ашылған күні болды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Мәдени мұра бағдарламасы – мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың
соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. 2004-2006 жылдар
аралығында Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Мәдени мұра мемлекеттік
бағдарламасы бойынша Маңғыстау өңірінде де біршама жұмыстар атқарылды. Адай
– Ата кесенесі тұрғызылып, Ел қорғаған Ер Қосай – Атаға ас берілді. Мәдени
мұра бағдарламасының жұмысын жалғастырып, тарихи – мәдени ескерткіштерді
жөндесе, қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде қолға алса, ғылыми –
тарихи жағынан зерттелсе Маңғыстау тарихына қосылған зор үлес болар еді..
Маңғыстау ойында 362 әулие бар деп айтылғанымен бұл өңірде 362
әулиеден бөлек, зерттелмеген ескерткіш-қорымдар көптеп табылады. Бұл
ғылыми жағынан зерттелмеген өзекті мәселелердің бірі. Мысалы, өзімнің
көргенім Ақшымырау ауылының оңтүстігінде 4-5 км жердегі Қошқартас (1-
сурет). Қошқартастың ешқандай міні кетпеген, бетінде түсініксіз жазулар,
суреттер шимайланған. Қаншама ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтпаған бұл
ескерткіштің астында, өз заманында қасиетті кісі болған әулиенің жерленуі
және қазақ ұлтынан болмауы да әбден мүмкін. Қошқартас Ақшымырау ауылының
солтүстік шығысында 4-5 км қашықтықта орналасқан. Ел ағасы Нәдіров
Қондыбайдың айтуы бойынша Қошқартас - киелі орын. Қошқартастың астында
белгілі әулие немесе қолбасшы кісі жерленген. Бұл оқиға қай кездері
болғаны белгісіз. Жау шапқанда осы белгісіз кісі мен оның 6000-ға жуық
жауынгерлері мерт болған. Қошқартастың басы Темірқазыққа қарап тұр. Жау
келсе Темірқазықтан келеді, басымды Темірқазыққа қаратып қойыңдар деген
екен. Сонымен Қошқартастың бас жағы Темірқазықта, ал арт жағы Батысқа қарап
тұр. Батыс жағындағы 6000 адам жерленген орын бүгінде көсек-көсек тастар
жатқан үйіндіге айналған. Қасиетті емші кісі руы Бөкен Жеменей Тасқара
әкеміз емделушілерінің кейбіреулерін Қошқартас қорымына түнеуге жіберетін
көрінеді. Ол кісінің айтуынша Қошқартас қорымының қасына түнеуге болмайды.
Себебі мұнда адам көп жерленген және қай жерлерде жатқаны белгісіз.
Құбылаға қарай 300 метр жүріп барып түнеу қажет көрінеді. Бұл зерттелмеген
киелі орындардың біреуі ғана. Маңғыстау, жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен
өлке. Бұл киелі Маңғыстаудың бір ғана жеріндегі Қошқартас. Малға жайлы,
маңғаз дала Маңғыстаудың ойларында мұндай Қошқартастар, ескі қорымдар,
көне ескерткіштердің әлі күнге дейін зерттелмегені қаншама. Маңғыстау
өңірінде зерттеуді қажет ететін мәдени ескерткіштер, киелі орындар жетіліп
артылады.
Қазіргі таңдағы тағы бір көкейкесті мәселелердің бірі - өз
қазағымыздың дінін, салт-дәстүрін құрметтемейтіні. Бекет-Ата басына зиярат
етіп барғанымда осы бір оқиғаның куәсі болдым. Бекет-Ата басында Алматыдан
келген қонақтар болды. Бұл кісілер әулие деген сөзге жеңіл-желпі қарап,
тіпті зиярат етудің не екенін де білмейді екен. Олар дүние жүзінің көптеген
қалаларында болған білімді азаматтар. Енді Қазақстанды араламақ ойы бар
екен. Бірінші өзіңді, тарихыңды таны, әулиеге тағызым ет, зиярат ет.
Себебі, өлі жебемей, тірі байымайды - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған.
Әулие көрсең зиярат етпей кетпейсің, кетсең дағы ұзаққа бірақ жетпейсің.
Осы бір астарлы сөздің мағынасын тереңірек түсінсе ғой! Бұл ол кісілердің
ғана қателігі емес, бүкіл қоғамның қателегі.
Осы кісілермен бірге Ата басында орыстар да болды. Олар мүлдем діні,
салт—дәстүрі, әдет-ғұрпы басқа халықтар. Сонда да Атаның құдіретіне бас
иіп, білмегенін сұрап, білгендерін қазекеңмен бөлісіп отырды. Осы екі
жайтты мысалға ала отырып, қазіргі жастарға, келер ұрпаққа әулиелер
тарихын, қалай зиярат ету керектігін үйретіп, оқыту керек. Бұл - тәрбие.
Тәрбие - отбасыдан, мектептен, қоғамнан басталады. Әкесі білмей отырған
әулиелер тарихын баласы қалай білсін немесе өзге ұлттар бас иіп, әулиелер
әруағына тағызым етіп отырғанда қазағымның білмегені тайға таңба
басқандай айқайлап көрініп тұрғанына қарның қалай ашпасын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Маңғыстау өңіріндегі әулиелер шежіресін
тарихи-этнографияляқ жағынан зерттеу және насихаттау. Әулиелер туралы киелі
өңірдің жұртшылығы ғана емес, Қазақстан аумағындағы Мен қазақпын,
өткенім-өмірім дейтін азаматтар мен азаматшалар әулиелер тарихын
білсе, оқыса, тоқыса деймін.
Зерттелу міндеттері:
1. Тарихи-этнографиялық орналасу аймағын анықтау;
2. Тарихи өлкетанушылардың, ақын-жазушылардың еңбектеріне сүйене отырып,
әулиелер культін зерттеу;
3. Көз көрген, естіген, білген кісілерден әулиелер туралы мәліметтер жинау;
4. Зерттеу барысында әулиелер басын суретке түсіру.
Тәжірибелік құндылығы: Маңғыстау өңіріндегі әулиелер тарихын білім
саласында қолданысқа енгізіп, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді
ояту, жүрегінде иманы бар жастарды тәрбиелеу.
Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттерді талдау, этнографиялық
мәліметтерді қолдану, салыстыру, қорытындылау.
Ғылыми жаңалығы: тақырып тарихи-этнографиялық тұрғыдан алғаш рет
зерттеліп отыр.

кесенелері
1. Мыңкісі Ата.
Мыңкісі - Ата (3-сурет). Шамамен 1793-1838 жылдар аралығында өмір
сүрген. Бозашы түбегі, Ақшымырау ауылынан 23 км жердегі Алатөбе (немесе
Мыңкісі) қорымында. Мырзаболаттың кенжесі Байсал 50-ден асқанша, әйелі 48-
ге келгенше балалы болмайды. Содан Байсал, бір жағынан әйелі де қаңқылдап,
Оғыландыда мешіт салып жатқан замандасы Бекет атаға барады. Көппен бірге
жұмыс істей береді. Жұмыс тік жар бетінен ақ тасты шауып, болашақ мешіт
құрлысын салу. Адамдар бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ал, аяғын сылтып
басатын 50-лер шамасындағы бір қайратты азамат кетпей жүре береді. Бірде
Бекет ата жаңағы жанның қасына келіп:
-Жарқыным, неғып жүрген жансың? Жұрт келеді, кетеді, ал сенің
келгеніңе көп болды. Үн-түн жоқ тасыңды шауып жатырсың. Не жайың бар?-депті
қасиет иесі. Сонда Байсал:
-Бекет-еке, жас елуден асқанша бір перзент көрмедім. Әйелім
Замандасымыз әруақты Бекет Оғыландыда мешіт салып жатыр дейді ғой. Соған
бар, жұмысына көмектес. Назары түсіп, сұрап жатса жайыңды айтдеп еді. Мен
сондай ниетпен жүрген жанмын, -дейді баяу үн қатып.
-Онда, замандасым, Байсал, ақ-адал ниетіңмен, біраз іс тындырдың.
Жұмысыңды көріп жүрмін. Замандас келін де егдеріп қалған екен. Бір бала
көрерсің. Ер бала болса атын Мыңкісіқоярсың. Алла қаласа, жалғыз да болса
көпке татитын бала болар, -депті мына пақыр пендеге жылы шырай бере,
мейіріммен қарап. Уақыт, шіркін, зырлап өте береді. Анамыздың іші білінеді.
Ер бала босанып, атын Мыңкісіқояды.
Байсалға әуелі Алла, қала-берді Пір Бекет берген жалғыз бала Мыңкісі
өсіп, жас жігіт кезінде (15-16-да) Мұз қырғыны аталған Адай-Әлім соғысына
және үш ана бас қосқан аста күреске қатысады. Атасы Қаралдамен де күш
сынасады.Мыңкісі атаның күресті құлықтамай кеткенінің де себебі барр.
Өйткені, Мыңкісі бойында палуандықтан ұлы күш – арғы түбі Алла, Пір Бекет
дарытқан ерен қасиет күн санап қуат алып, құнарлы топырақтан көктеп шығып
келе жатқан өскіндей өсіп келе жатыр еді.
Сол, қап ішінде болат кездік жатпас дегендей, ерен қасиет жарқ етіп,
жарыққа шығар сәтін күткен еді. Айтушылар мұны Ақбота Өтесұлы Бүркіт ата
есімімен байланыстырады. Бірде жасы 17-18-дегі Мыңкісі басы қатты ауырып,
жолдасымен серуендеп келе жатып Бүркіт ата ауылына келеді. Оқиға осыдан 170-
180 жылдар бұрын болған. Әңгіме былай өрбиді. Бүркіт атаның келіні
толғатып, бірнеше күн босана алмай жатуы, осы сәтке жас жігіт Мыңкісінің
тап болуы. Бұрын ем-дом жасап көрмеген Мыңкісінің әкесіндей Бүркіт атаның
рұқсатымен, сұрауымен босана алмай жатқан атаның келінінің белін ұстауы,
әйелдің аман-есен босануы.
Сонымен, онсыз да жанартаудай атылайын деп тұрған Мыңкісінің әруағы
Бүркіт атадан бастау алып, ел игілігііне асып жүре берді. Мыңкісі сынықшы,
көріпкел, құмалақшы жан болған, аты ел асып алысқа кеткен. Аяқ жеткен
жерден келген мұсылман баласының сынығы оның бір сипағанынан түсіп, науқасы
ем-домынан айығып, тән азабы Мыңкісіге бағыттап шыққаннан-ақ азая беретін
болған. Ол адамның күйін айттырмай білген, күн ілгері келерін сезіп
отырған. Осы қасиеттеріне қарай халқы оны әулие атаған. Бүгінде әруағын
сыйлаған халық басына келіп түнеп, дертіне дауа, жанына сая тауып кетіп
жатады.
Бүгінде басына Ата ұрпақтары кесене тұрғызып, түнемелік қонақ үй кешені
салынды.
Көп қырлы алмастай боп жарып түсер,
Байсалдың көкірегін жарыпты шер.
Бір балам болмады-ау деп Байсал бірде,
Бекеттің ауылына барып түсер.
Құдайым сонда Бекет берер дейді,
Тілегің көп ұзамай келер- дейді.
Қоярсың Мыңкісі деп есімін де
Көңілің әлденеге елеңдейді.
Сол Байсал ұлды болды Мыңкісі атты,
Көз-жасы қуаныштан тұңғыш ақты.
Мұрагер шаңырақтың иесі деп,
Ашыпты сәбиіне күн құшақты.
Халқына он саусағы дәрі болған,
Өзінен пәле-жәле әрі болған.
Алланың нұры жауып Мыңкісіге,
Адайдың бетке ұстары сәні болған6,112-113;234.
2. Қараман – Ата.
Қараман ата - Қараман кесенесі - Шетпеден 35 км жерде, Бекі елді
мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу жерде, Қандыбас
қыстағының батысында 5 км жерде орналасқан. Бұл Маңғыстаудың ежелгі киелі
орындарының бірі. Орыс әскери зерттеушілердің деректерінде сақталған
аңыздарға арқа сүйесек; Шопан атаның бір баласы – Эхсан (Исан ата), одан
бір бала- Қараман ата дүниеге келеді. Бала кезіндегі аты әлгі күнделікте
Кагерман (Қаһарман)деп жазылған. Ал аталып өткен кітапқа түспеген аңызда
Қараман мен Есен аталар Шопан атаның баласы делінеді, бұлардың қайсысы
дұрыс, қайсысы бұрыс екендігі ғылыми мәселе тарапынан маңызды емес, өйткені
екі шежірелік нұсқа да кейінірек туған діни-шежірелік дәстүрдің туындысы
болып табылады. Қараман ата кесенесінен Есен ата кесенесі 28 км жерде
орналасқан, аңыз бойынша осы екі нысанның арасын жалғастырған жер асты
жолы бар делінеді, бірақ оны анықтаған ешкім жоқ.
Қараман есімі - қазақ фольклорында біршама жиі кездеседі, бір аңызда
жалғызкөзді Қараман дәу бейнесі бар, ол Есім деген батырдың қолынан қаза
тапқан, ал маңғыстаулық түрікпендердің аңызында Қараман есімі Қожа Ахмет
Йассауи төңірегіне қатысты әңгімелерде айтылады.Мұнда Ақман мен Қараман
деген екі жігіттің Қожа Ахметке жала жауып, қараламақ болғаны, сол үшін
Ахметтің оларды итке айналдырып жібергені, екі иттің абдал руының
адамдарын Түркістаннан Маңғыстауға дейін қуып әкелгені туралы баяндалады.
Әрине, осы аңыздар мен нақты Қараман ата нысанының арасында абсолют
сәйкестік бар деуге болмас, тек белгілісі- Қараман ата оғыз-түрікмендердің
де, олармен замандас негізінен парсы текті діндәр уағызшылардың да,
тіпті оғыздарға дейінгі белгісіз маңғыстаулық тайпаның өкілі ьолуы әбден
мүмкіндігі 4, 85-86.

Шопан – Ата (5-сурет). Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының
бойына (түбектің Оңт.шығ. жағында) орналасқан ескілікті сәулет өнерінің
ескерткіші. Оның доғадай иіліп келген тау жынысының солт-батыс жағынан
тұрғызылған жер сты мешіттері бар. Бұл X-XIII ғ.ғ. озық үлгідегі ғимараттар
тобына жатады.
Шопан – Ата - әйгілі Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті. Ол XII ғ-дың 2-
жартысында өмір сүріп, ел ішінде мұсылман дінін уағыздаған әулие адам.
Шопан – Ата тұрғызған жер асты мешіт пен қорым ел ұғымында киелі, қасиетті
орын саналады3,166-167.
Бекет - Ата (4-сурет). Жер асты ғимараты ойпаңдағы шоқының шығыс
беткейінен кеулеп жасалған. Кірер аузында шағын есік. Содан ішке енгенде үш
қанат киіз үй көлеміндей дөңгелек бөлме. Одан үш жаққа үш есік тарайды.
Құбыла беттегісі таспен бекітілген. Бұрын ол есік екінші қабаттағы Бекет-
Атаның қызы жерленген бөлмеге апаратын деседі. Ол құжыраның терезесі
ғимарат сыртынан қарағанда биігіректен көрінеді. Екінші есік тағы бір
бөлмеге апарады.Ай жүзіндей дөңгеленген шағын құжыра. Онда Бекет-Ата
мүрдесі жатқан, бергі жағынан сансыз шымылдық ұсталған деседі. Мінажат
етушілер келген сайын шымылдықты жаңадан құра берсе керек, арғы жағын ашып
қарауға батылдары жетпеген көрінеді. Кейінгі жылдары Пір-Атаның ұрпақтары
сол көнерген шымылдықтарды жинап, тазартып, осы бөлменің ірге түсін ойып,
лақат жасап, Бекет-Ата мүрдесін соған орналастырып, таспен бекітіп,
тақтатас қойған. Тақтатаста: Мырзағұлұлы Бекет (1650-1713). Бәйтелі –
Құлмамбет – Самалық – Қойбағар – Көкен – Аяпберген – Мұңал – Адай. 1986 ж.
тас қойылды деген жазу бар. Оған таяу Құлмамбетұлы Мұрын деген Бекет-
Атаның шөбере баласы жерленген. Осы бөлме арқылы кіретін түпкі бөлмеде бір
әйел адам қойылған. Ол да Бекет-Атаның туысы дейді.
Кесене там іші қара көлеңке. Төбесіндегі жарық сәуле түсу үшін
қалдырылған тесікті шаң-тозаң, су құйылмасын деп бітеп қойған. Құжыра
қабырғалары май шам түтінінен әбден ыстанып, қоңырайған. Әулие бабамыз
жатқан бөлме төбесінде арқар мүйіздері ілінген.
Ғимарат орналасқан шоқының алды-артында, жан-жағында жыпырлаған қазақ
бейіттері. Олардың бәрі ақиретке сапар шегерлерінде Бекет-Ата қорымына
қөюды өздері өсиет еткендер деседі.
Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгіме желісіне қарағанда, Бекет
сыртқы жауларға қарсы ел тәуелсіздігі үшін жорыққа қатысып, қол бастаған,
ақыл-кеңесімен дем берген батыр. Екіншіден, қиындығы қат-қабат ғылым-білім
жолын қуып, Маңғыстау,Атырау, Үстірт аймағында шәкірттерге дәріс берген
ұстаз. Үшіншіден, ежелгі дәстүрмен медресе, мешітке қолайлы жер асты
ғимараттарын қашап жасаған сәулетші-шебер. Төртіншіден, алдағыны болжап,
айтқаны келген көреген абыз; тарыққан-қысылғанды жебеген, табиғат сирек
жаратқан жан.
Бекет-Атаның осы қасиеттері өзі өмір сүрген заманда ерекше танылған.
Сондықтан оны халқы қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі өзінің ұранына
айналдырған. Перзентіне деген ықылас-сүйіспеншілігін ел-жұрты аңыз етіп
айтқан. Әрине, ол аңыздарды нақты тарихи дерек деуге болмайды.Бірақ оларға
Бекет-Ата өмірінің шындығы арқау болғандығы сөзсіз. Буын-буын ұрпақтың
санасына ұялап, ұғымына орныққан Бекет-Ата есімін халықтың медет тұтуы –
бабалар рухын қастерлеудің жарқын кепілі.
Бекет-Ата туған, дүниеден өткен жылдары хақында ғылыми құнды деректер
аталған орыс зерттеушілерінің еңбектерінде ғана сақталған. Топограф
Алексеевтің көрсетуінше Бекет-Ата 1813 жылы қайтыс болған. Ел ішінде
айтылатын алпыс үш жасында дүние салыпты деген әңгімеге сүйенсек, ол 1750
жылдары өмірге келіп, 1813 жылдары ақиреттік болған. Ал енді Оғыландыдағы
тақтатаста туған , өлгені жүз жылға кейіншегерілген боп шығады. Бұдан жүз
қырық жыл бұрын қағазға түскен Ресей ғалымдарының пікірлері қисынға келеді.
Себебі, олар Бекет-Атаға уақыт жағынан неғұрлым жақын адамдардың дәлел-
айғақтарына табан тірегендіктен, пайымдауларын тарихи құжатқа пара-пар
санаймыз. Қысылғанға дем, жабыққанға жар болған қасиетті Бекет-Ата рухы кім-
кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі қаракеттерге қадам
басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін.
Бекет-Атаның бір бай құрдасы:
- Осы жұрттың есі ауысқан ғой деймін, сіңірі шыққан біреуді
Бекет! деп әз әулие тұтады, бізден несі артық оның?– деп
қызғаныш білдіреді.
Ел жайлаудан Маңғыстау ойпатына көшкенде бай үйі де бірге Үстірт
жолдарының бірімен төменге түспек болады. Емшектегі баласын текеметке орап,
алдына алған бай бәйбішесі отырған көш басындағы түйе құлама жолдан аяқтары
тайып, ұшып кетеді.
- Уа, Бекет! үш жүз бойдақ қой садақа, – деп қалады бай сасқанынан.
- Боталы іген садақа, - дейді бәйбішесі қорыққанынан.
Бәйбіше де бала да, түйе де мертігіп, өлген шығар?, - деп үмітін
үзіп, бай көштің өзге түйелерін қиялаптүсірсе, төмендегі жазықта бәйбішесі
түйесін шөгеріп қойып, баласын емізіп отырғанын көріп аң-таң қалады.
- Құрдастың шапағаты тиген болар, барып кел! – дейді бәйбішесі.
Бай Бекет-Атаға келеді. Бекет-Ата тау шоқысының жанында отыр екен.
Қасында жүрген адамдар сол шоқы қапталын ойып, мешіт жасап жатыр. Қайлалары
қара тасқа шақ-шақ етеді. Жігіттер түйедей-түйедей тастарды жан-жағынан
қопсытып алып, сыртқа қарай ырғап, ысырып жібереді. Кейде қайлалары моқап,
тас қыртыстары қозғалмай, жігіттерді діңкелетіп-ақ жіберді. Ондай мезетте
Бекет-Ата:
- Әуп, әуп! – деп, демеп жібереді. Сол сәтте тас уатылып, сіресіп
тұрғандары ыдырап жүре береді.
- Неге келдің? – дейді Бекет-Ата бай құрдасына қарап.
- Сенің кереметіңді көрейін деп келдім, - дейді бай. Болған оқиғаны қаз
қалпында баяндайды. Әлгі атаған боталы түйені бермек болады.
- Әй, сен бері қара, - дейді Бекет-Ата. – Мына арқама көз сал!
Құрдасы Бекет-Атаның жон арқасында түйенің төрт табанының ізі қалғанын
көреді. Тау баурайындағы құлама жолдан баласы мен бәйбішесі отырған түйе
тайып, төмен қарай ұшып бара жатырғанда арқасын тосып, аман алып қалған
Бекет-Ата екеніне көзі жеткен ол:
- Сорлы-ау, өзіңе де жан керек емес пе? – дейді.
- Сараң да болсаң, құрдассың ғой. Үй іші аман болсын деп, барымды
салдым, дейді Бекет-Ата.
- Бай Бекеттің құр адам еместігін мойындап, қайран қалады.
- Боталы түйені әкеліп берейін, - дейді.
- Сен ең әуелі, өзің айтқан үш жүз бойдақ қойыңды , сосын, боталы
түйеңді әкел! – деп күледі Бекет-Ата.
Бекет-Атаның бәрін біліп отырғанын түсінген бай құрдасы:
- Мына жұмыс жасап жатқан жігіттеріңнің азық-түлігі мен сауыны ендігі
жерде менен болады, - депті ұялғанынан.
Шаш ал десе, бас алдырған сайқал саясаттың сойылын соғып, шоқпарын
көтерген содыр белсенділер кешегі бір кейін кеткен кезеңдерде Бекет-Атаның
әруағына шек келтіріп, басына орнатылған ескерткішті балаларына бұзуға
бұйрық береді. Ата-бабасының ақырғы мекенін арамдап, ордасын бұзып, ойран
етуге кім көнсін?! Баба ұрпақтары бас тартады. Ақтың отын ақымақ
өшірмейтініне, Алланың өзі жар боларына сенген олар Ата әруағы ақыр
түбізауалын жіберіп, жаубын берер дейді бір ауыздан...
Әулие атаулыны әйкәпір санап, діннің дінгегіне балта шапқысы келген
басшылардың бірі машинасына мініп, Маңғыстаудың кіндігіндей болған
Оғландыны ойран етпеккке ниеттеніп, тауды бетке алып тартып отырады. Бір
сойқанның боларын біліп жатқан Ата әруағы әлгі әумесер басшыны тау
баурайына апатқа ұшыратып, тас-талқанын шығарыпты. Аса бір айуан болмасаң,
әруаққа тас атпа деген осы да.
Жақын жылдардың бірінде мұхит асып келген мұсылман балалары Маңғыстау
жерінде болып, мазар-ескерткіштерге зиярат етеді. Атамекенін аңсап келген
канадалық қазақтардың аз уақыты Атаның басына баруға жете қоймайды. Аттанар
алдында: Асығыс болсақ та, Бекет-Атаға соға кетелік, - деп түйген олар
Оғыланды тауының үстімен үшып бара жатып, жекеменшік ұшақтарын жерге
қондыруға әрекет жасайды. Алайда алапат дауыл тұрып, алай-дүлей құм бораны
көтеріліп, көз алдарын көрсетпей, көп әуреге түсіреді.
Арнайылап келмей, атүсті соқпақшы болған қандастарына назаланған әулие
қабылдамай тастапты. Қой, Бекет-Ата жаман ырым санап, жақтырмай жатыр
екен, келесі жолы келгенде бір реті болар деген канадалық қазақтар аман-
сауында аттарының басын алыстағы елдеріне бұрады. Сапарыңды оңдап, ниет
құлатып, арнайылап бармасаң, Бекет-Ата осылай етеді.
Бұл оқиға бұрыннан белгілі Атаға тек айдау соқпақпен ғана баруға
болады, басқалай жол жоқ. Не үстінен, не қапталынан қарекет жасағандарды
қасиет иесі қабылдай алмайды деген қағиданы растай түседі.
Туғанда қауіп-қатер, күн зымыстан
Немесе кездескенде қиын дұшпан,
Кезінде ер басына бұлт айналған
Бекетке ел тірісінде-ақ сыйынысқан.
Кісі екен сәлемінің өзі рахат,
Кететін кездескенде шерің тарқап,
Көзінде көкшіл жалын жанады екен
Қапыда қалса біреу атын атап.
Сондықтан оның атын көп айтпаған,
Күні жоқ қасиетін молайтпаған,
Алдында жатады екен жолбарысы
Ит-құсты маңайына жолатпаған.
Жалғыз-ақ бір құрдасы тиіп-қашып,
Онымен ойнайды екен иықтасып.
Ел айтқан әруағына сеніңкіремей,
Әр жерде көлденеңдеп жүріпті асып.
Ер Бекет оныменен сөзге ерінген,
Кезі жоқ бір қалыптан өзгерілген,
Өзгеге өзі түгіл, сәукеледей
Шалынған көлеңкесі көз көрімнен5,12-15;37-
39;59-40;71.
Шақпақ – Ата - Маңғыстау түбегіндегі ортағасырлық архитектураға аса
көрнекті тарихи – мәдени ескерткіштердің бірі. Ол оңтүстіктен солтүстік
батысқа қарай созылып жатқан Оңғазы жотасының теңізге таянған жеріндегі
Сартас айлағынынан бір шақырымдай жерде ғана. Ғылымй зерттелу мерзімі 1966
жылдан бастау алады. Алайда осы тарихи ғимарат жөнінде ғылыми негіздегі
нақты мәлімдемелер әлі күнге жоқтың қасы. Бұл жалпы түбек тарихи
зерттеудегі жұмыстардың осы кезге дейін назардан тыс қалғандығынан деп
ұғынуымыз қажет.
Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл өңірде шапқыншылық жорықтар үнемі
қайталанып тұрған. Сол кезде Шақпақ – Ата бастаған қорғанысшылар от
ұшатын қару қолданыпты. Ол шақпақ тасты бір – біріне соққан кезде шығатын
отқа ұқсас болған. Содан бастап оны қолданушы адамы Шақпақ – Ата деп
атаған.
Шақпақ – Атаның орналасқан жері Форттан 65 шақырым да, Таушық елді
мекенінен 25 шақырым шамасында. Әрі ежелден өмір тыныстамаған елді
мекндерге апаратын сан жолдардың түіскен жерінде.
Мешітке кіретін негізгі жол ғимараттың батыс жағында. Оған кіру үшін ең
алдымен қолдан қарапайым түрде жасалған баспалдақтармен көтерілу қажет.
Кірер есіктің оң жағында тау тасы шабылып, тегістелген. Онда тіке
ойықтармен қазылған лақаттар кездеседі.Олардың әр қайсысында өлген адамдар
жерленіпті. Түгелгі дерлік беті ашық. Іштеріне құмда түсіп жарытпаған, таза
күйінде.Босаған шөлмектер мен кейбіреулеріндеыз іздеген жыландар ғана
паналауда. Ал оның ішіндегі адам сүйектертері қайда кетті? Осы жердегі айта
кететін бір нәрсе, Маңғыстау өңірінде бұрын өліктерді жанамалап жерлеу кең
тараса, Шақпақ – Атадан ондай құбылыстар байқалмайды. Лақаттар терең етіп
қазылады да, беті әдейі жасалған қақпақшалармен жабылады. Тіпті таудың
үстінде бетінде тереңдігі 30-40 см етіліп қазылған немесе лақаттарды да
кездестірдік. Бұлардың ішінде адамдар сүйектері сақталмапты.Бүгінде Шопан –
Ата жер асты мешітінің күзетшісі әйгілі Қарағұл молданың қызы.
Мешіттің ішіне кірген жерде үлкен зал бар. Көлемі 4,5 х 3,5 метір
шамасында.Едені мен төбесі кірер есікке қарай еңкіш. Алайда бұл таудың
үстіңгі бетіндегі салмақтан емес, өзі әдейі солай жасалынған. Бұл жерде
мынаны да ескеруіміз қажет – тарихи орындардың бірқатарында құрылыстың
төбесі қаба – қабат құлап жатады. Мысалы, Шопан – Атаның құрлыстары қазір
осындай жағдайға ұшырауда. Ал, Шақпақ – Атадан мұндай мұндай құбылыстар
байқалмайды.
Мешіттің қабырғасында араб әріптерімен жазылған түрлі сөздер
жеткілікті – ақ. М. Меңдіқұловтың деректері байынша суфиндік (араб тілінен
аударғанда жүк шекпен мағынасын береді.Ал бағытты ұстаушылар дінді
уағыздау кезінде бір өңкей түйе жүн шекпен киіп жүрген. Аяттарының көбі
өлең түрінде келеді) өлең-аяттар. Қабырғаларда салынған малдың бейнелері де
көп-ақ.
Бір қабырғада Башим Мұхаммед Бахи-Хафиз деген жазу тұр. Мұндай
суреттер мен жазуларды Шақпақ-Ата шәкірттерге дәріс беру үшін әдейі жазуы
да мүмкін емес пе. Екінші жағынан алп қарағанда қабырғалардағы мұндай
жазуларды сол орынға жын-шайтан, су перісі өзге де жасырын күштердің
келмеуі үшін де жазуы ықтимал.
Осы Шақпақ-Атада адамдардың саусақтары да бейнеленген. Әр әйел адамның
саусағы тәріздес етіліп салынады. Солардың ішінде бағзы заман бейнесі бар
сияқты. Әсіресе, кіре берістің сол жағында салынған бес саусақ ерекше назар
аударғандай. Бұл – Мұхамбет пайғамбардың қызы, мұсылман дінін
таратушылардың бірі Кавказ жерінде мұсылман дінін таратушы қазіретті
Ғалидің әйелі Фатима ханымның қолтаңбасы. Ал мұндай таңба түбектегі ескі
мүрделік құрылыстарда жиі кездеседі. Шопан-Ата, Бекет-Ата, Қараман-Ата,
Ханға-баба қауымдықтарының бәрінде де бар. Тіпті сонау төбе басында да
Шопан-Атаның Күйеу тамында да салынған. Түркмения жеріндегі Ожабай
-тамды, Омар-ата қауымдықтарынан да көп кездеседі.
Мешіттің ішіне кіргенде балаларға дәріс беретін орынды төрт жерден
байқауға болады. Жағалай іргеде оқулықтар, құрал-жабдықтар қоятын орындар
жабдықталған. Азан шақыратын, шырағдан қоятын жер өз алдына.
Соған қарағанда бұл жердің бала оқыту үшін салынғандығына дау жоқ. Ал
батыс жақтан келіп, шығыс жақтан шығатын қосалқы есік неге қажет?
Біріншіден ішке жарық беру үшін берілген демекпіз. Екіншіден, екі есік
арқылы шілденің қапырық ыссылығында бөлмседе тұрақты ауаны сақтау үшін, ең
бастысы бұл ғимараттың стратегиялық мазмұнының ерекшелігінде. Қосалқы
есіктен шығатын биіктік бір кезде Қарауыл төбеге арналғаны да осының
куәсі.
Орталық бөлменің шетіне төрт бағана салыныпты. Бәрі де қабырғамен
жапсарлас. Әрі олар ежелгі Шығыстың, Грецияның портиктеріне өте ұқсас.
Соған қарағанда Шақпаақ-атаны ежелгі шығыстың архитектурасымен үндесіп
жатқандай деп айтуға әбден болады.
Енді Шақпақ-атаның салыну мезгілі қай кезеңге жатады, соған келелік.
А.Г.Медоевтың айтуы бойынша, Шақпақ-ата ІХ ғасырда салыныпты. Академик
В.В.Бартольд бір кезде Шақпақ-атаны Өзбекхан тұсында салынған деп
көрсетеді. Ол 1312-1342 жылдардың тұсы. Демек, шақпақ-ата ғимараты да осы
кезде дүниеге келген деп топшылауға болады. Ал, белгілі археолог
М.Меңдіқұлов та осы кезеңді топшыайды. Демек, бұл Маңғыстау түбегінде
мұсылман дінінің таралу кезеңімен орайласып жатыр.
Бір аңызда Шақпақ-ата қырық шәкіртіне дәрісберіп отырған кезінде
үстіне бір топ адам кіріп келеді де, қырық баланы да, дәріс берушіні де
өлтіреді (қанды қолдар кемемен келген болуы керек). Сол өлген қырық
шәкірттің жерленген жерлері төменгі қауымдықтың шетінде әлі сақталған (Егер
антропологтар сол лахаттардың бірнешеуін қазып қараса, аңыздың шындыққа
айналуына жол шылар еді). Ал атаның жатқан жері белгісіз. Сол ғимараттың
бір жерінде жерленуі мүмкін. Бұл әрекетке барып жүргендер-мұсылман дінін
таратуға қарсы шыққандар-деген пікір шындыққа өте жақын келетін сияқты.
Шақпақ-ата ғимаратында Шығыстың сәулет өнерінің жеткілікті екенін
ескерсек, сол Шақпақ-ата не Шығыстан, не араб жерінен келген дінді таратушы
болуы ықтимал. XIV ғасырда Ахмет Яссауи да осы мақсатта келген ғой. Бір
анығы-Шақпақ-ата ғимаратының құрылысы жерасты мешіттерінің ішіндегі өзіндік
ерекшлігі бар туынды болуында. Әрі дәл мұндай күрделі сәулет өнері бір
кезде түбек халқының Орта Азиямен, шығысымен байланыста болғандығын
дәлелдей түседі 11.
Ұштаған өңірінің Сазды деген жерінде Масат ата деген әулие бар.
Ол адайлардың да, олардан бұрынғы маңғыстаулық түрікпендердің де
шежіресіне кіргізілмеген, сірә, оларға дейінгі халықтардан қалған
аңыздық пенде. Мұсылман аңызы оны аса күшті діндар адам ретінде
суреттейді, ал түрікпен аңыздары оның отанын Ираннан шығарады, бұл
әрине, әуелгі мұсылман суфистерінің және кейінгі түрікпен
қожаларының өздерін дәстүрлі арабтан немесе парсы жұртынан тарату
үрдісінің мысалы болар деп есептейміз, ал Масат атаны Маңғыстаудың
басқа әулиелері сияқты тарихи тұлға деп есептеуге мүмкіндік беретін
көрсеткіші- Оның моласы жоқ.. Масат ата діндарлығымен бірге батыр
да кісі болған, оған жау қаруы дарымайды екен, оның осы құпиясын
білу жаулар үшін арман болыпты деседі, ақыры оны білудің жолын
тауыпты да, оның әйелін айналдырып, сыр білмек мақсатымен әдемі
жас жігітті Масаттың әйеліне жіберіпті. Сұрқия жоспар жүзеге асып, әйел
де бір күні күйеуінің сырын ретін тауып, сұрап, біліп алады да ашынасына
айтып береді. Масат ата таң намазыны отырғанда оның төңірегі қызып, топырақ-
тасы балқиды екен, осы сәтте Масаттың да өз бойы балқып жұмсарып, бей-жәй
күйге түседі, төңіректегі құм мен таста та еріп, балқығандай жұмсақ күйге
түседі екен. Міне, осы сәтте ғана қару оның денесіне өтеді екен. Міне, осы
сырды білген жаулар бір күні таң намазы кезінде Масаттың артынан келіп
басын шауып түсіреді. Шабылған бас жаюлы намазға түседі, Масат ата басын
жай намазға ораған күйде үйден шыға жүгірген, сонда үй қасындағы құлыны бар
сауын бие де артынан ерген екен. Әулиенің де, құлын мен биенің де іздері,
атаның мойнынан тамшылаған қанның ізі де жолдың құбыла тұсындағы көктасқа
айна - қатесіз түсіп қалған. Құлынды бие жан-тәсілім етеді, ал Масат пырақ
болып ұшып кетіпті, яғни ғайып болыпты (құлын да сүйткен). Сонымен Масат
атаның зираты жоқ, бірақ өлкедегі ең ескі, ежелгі кие орын саналатын орын
осылай аталады.
Міне, Масат атаның қабыры жоқ, тек тасқа түскен аяғының іздері
мен тастағы ойыққа шаншылған әулие ағашы бар, ол да көп әулиелі
Маңғыстаудың басты киелі орындарының бірі болып саналады.
Масат ата Ұштаған өңіріндегі Жарма ауылынан шығыста 10 км жерде
орналасқан.
Жалаңаш көк тас бетінде адам ізі, тамған қаны, тайлы биенің
іздері күні бүгінге дейін ап-анық күйінде жатыр. Осы жерде Масат
атаның намаз оқитын мешіті сақтаулы. Шыңылтыр көк шегем таулы
беткейдің екі жерңнде су жинақтайтын екі шағын құп бар, жаңбыр-қар
суымен толығып тұрады. Көк тасты бауырға шаншылған сырық осы әулиеге
мінәжәт ететін нысан. Ол да ғасырлар бойы өзгеріссіз сақтаулы 4,43-
46;3,170-173.

1. Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Бозашы өңіріндегі әулиелердің бірі Ақсейін әулие. Бүгінгі Қаражанбас
және Қаламқас, Бұрыншық мүйісінен оңтүстік батыста 3 км жерде орналасқан
әулиелі нысан (Шетпелік И. Әбіловтың дерегі) 8.
Ақбота Бүркіт - Бозашы түбегі, бұрынғы Ақшымырау ауылынан 80 км,
Каспий жағалауынан 18 км жердегі Тасорпа деген алқапта орналасқан әулиелі
қорым. Бүркіт Бәйкелдіұлы шамамен 18 ғасырдың аяғында дүниеге келген.
Адайдың Ақбота руының Бәйгелді тарауынан шыққан. Көріпкелділігі мен киелі
қасиеттерімен өз заманында да аты белгілі болып, өмірден өткен соң да
басына ел түнеп, зиярат ететін киелі әулиеге айналған. (Ақшымыраулық Ж.
Захановтың мәліметі бойынша) Бүркіт дүние салғаннан кейін ел ішінде оның
әруағына сыйыну, жалынып-жалбарыну жалғаса берген. Айтушылар әулиенің
шапағатын көргендер бұл өңірде жетерлік деп пайымдайды. 8;3,176.
Долы апа - Ақтау-Қаражанбас жолы бойындағы 95 келеметірлік белгіден
батысқа қарай 3 км жердегі нысан.Таушықтың оңтүстік-шығыс бағытындағы
Қаратау мен Оңтүстік Ақтау аралық аіғарындағы жер аты және мола.Ол туралы
аңыз былай дейді; Түрікпен Қосбармақ батырдың жан дегенде жалғыз қызы
болған екен,оның аты Бибі деп аталыпты.Ерекше сұлу болған.Бибінің басқа
қыздардан айырмашылығы жігіттермен тең дәрежеде әскери өнерді меңгергендігі
екен.Жаулармен болған соғыстарда Бибі-ару қорықпастан,қаһарлана соғысады
екен.Оның жауынгерлік ерлігіне өз елі тәнті болса,атағы көрші елдерге де
жайылыпты.Жаулары оны Долы апа деп атаған екендейді.Долы апа көп
қақтығыстың бірінде қаза тапқан,елі оның қабірінің басына кесене орнатқан
4,75.
Досалы әулие - Тұщықұдықтың Қаражанбас-Қаламқас жағындағы алқаптардың
бірінде осындай киелі нысанның бар екендігі айтылып жүр(Тұщықұдық ауылынан
Ж.Қалмырза қызының дерегі)8.
Бозашы түбегіндегі Қызан аулының қорымында жерленген Есенияз әулие.
Адайдың Мамыр руынан шыққан кісі(А.Төлешовтың мәліметі) 8.
Көккүмбе - Бозашы түпте, Тұщықұдық ауылынан шығыста 4км жердегі көне
көсене. Салыну әдісі мен формасыны қарап кесененің салыну уақыты 10-
12 ғғ делінеді. Көккүмбет батыр аңшылықты кәсіп еткен кісі болыпты.
Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді,
бірақ таба алмайды. Ақыры, бір күні ол сол қасиетті судан нәр алып
жүрген, қалай болғанда да сондай суы бар жер астындағы көлге апаратын
жолды білетін көк құс бар екендігін естіп, сәті түсіп, сол құсты қолға
түсіреді. Сол көлді іздемей-ақ әлгі құстың етін жесе мәңгі өмірге ие
болуға болады екен. Аңшы үйіне келсе, ел дүрлігіп, келіп қалған жауға
аттанғалы жатыр екен. Құсты үйіне тастай салыпта батыр да жасаққа ілесіп
кете барады. Күйеуі үйде жоқ кезде батырдың ійелі құсты пісіріп жеп,
сүйкгі батырдың көк тазысына бұйырыпты. Бірақ әйел құстың етінің
қандай қасиеті бар екендігін білмейді ғой. Сөйтіп жүргенде Көккүмбет те
соғыстан оралады, құс болса жоқ. Кейін Көккүмбет батыр өлгенде оны осы
жерге жерлепті. Ал әйелі мен көк тазысы мәңгі өмір сүріп қалыпты.
(Біз бұл аңызды Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштерінің мұражай-
қорындағы ескерткіштерге берілген аннотациялардың ішінен көшіріп
алдық, оны 1997 –жылдың қараша айында таушықтық ақсақал Төлесін Көшеков
айтып беріпті).(Олар әлі де жер бетін кезіп жүрген шығар). Аңыздың
басқа бір нұсқасында (тұщыбектік Бабышев Мұстахи деген кісінің
айтуынан) батырдың әйелі өзінің көңілдесімен келісіп күйеуін міңгі
қмір беретін құс әкелуге жұмсайды. Құсты алып келгенде алдынғыдағыдай
оқиға қайталанып, аңшы жау артынан кетіп құс етінен ауыз тие алмай
қалса, әйелі мен әйелінің көңілдесіне де бұйырмайды, өйткені пісіп
тұрған құсты аңшының бірінші әйелінен қалған екі баласы жеп
қойыпты. Ал әйел болса көңілдесі екеуі Кавказ жаққа кетіпті, олардың
ұрпағы сол жақта бір рулы ел болып кетіпті-мыс деген әңгіме болған
екен. Бұл аңыз желісі (құтың етін жеп қойған екі бала мен өгей шеше
турулы) кәдімгі ертегі ретінде де кездеседі, ал мынау нақты
географиялық нүктеге көгенделген бірінші ертегі де болар 4,78-79.
Бозашы түбегінде, Ақшымырау өңіріндегі Сарғат деген жердегі Көп
шейіт жаугершілік заманда жаулар келіп қырып кеткен молда мен
шәкірттері жерленген қорым. Түнеу-зиярат нысаны болып табылады.
(Е.Жаманбаев) 8.
Қайып қорымы - Бозашы түбегі, Ақшымырау кеңшары шаруашылық жерінің
аумағында Құты жайлауында орналасқан. Бұл әулиенің шарапатын көру үшін
құмалақ аштырып, соның жорылу бағдары негізінде қам-қарекет
жасалынады, яғни адамдар құмалақшының айтуымен ғана әулие басына барып
түнейді, шарапат күтеді (А.Төлешовтың мәліметі) 8. Қайып-ата деген әулие
Түрікменстанда да бар, онымен шатастырмаған жөн.
Бозашы түбегіндегі Қара әулие Беріш руынан шыққан кісі XVIII ғасырдың
екінші жартысында өмір сүрген. (А.Төлешовтың мәліметі) 8.
Қаламқас әулие: Бозашы түбегіндегі, бүгінгі Қаламқас атты ірі мұнай
кен-орнының атына негіз болған осы қыз әулие деп есептелінеді. Есенбай
деген кісінің үш балдасы (Бәйгел, Шағырбай, Қозыбақ) және Қаламқас деген
бір қызы болған. Қаламқас сұлу Қаражан деген өнерлі жігітпен сөз байласып,
жазда құда күтетін болады, құда келер алдында Қаламқас киік аулауға
арналған орға атымен құлап қаза болған. Міне, қыз Бәйгел төбеге
жерленген, ал сол алқап қыздың атымен аталып кеткен.
Қаламқас қауымдығында атақты сынықшы, емсек, адайбектемістен шыққан
әулие саналатын Несібек-Нұр Оразалыұлының (1780-1860) бейіті бар
(Ш.Әленұлы) 8.
Бозашы түбегіндегі Қапам әулие-1 Қияқты елді мекенінен 4км жердегі
бейіт. Адайдың бәйімбет-әтембек руынан шыққан. Қапамның перілермен
байланысы туралы әңгіме-аңыз бар. Перілер Қапамды жеңу үшін неше түрлі
амал ойластырған. Бірақ күштері жетпепті, сонда бір пері қыз айтыпты дейді;
Бізді сескендіретін түк негізінен малда – айғырда, үлекпен бурада,
қошқарда болады. Соның ішінде жылқыда шағыр тұқымында ұшырасатын еді. Әй,
Қапам, қанша мықты болсаң да атыңның көзі шығар, қолыңдағы қамшыңның сабы
тобылғыдан емес екен, күндердің күнінде қажарың қайтып, кәрілікке
еңкейгенде бізден қашып құтылмассың. Қартайғанда оны шынында да перінің
қыз келіншектері ортаға алып, ажалы солардан болыпты дейді.
Қапамды түрікпен деген де мәлімет бар. Бектұр Төлеуғалиев деген кісі
осы кісі туралы түрікпендер осы аймақтан көшіп кеткенде Қапам ермей жұртта
қалған дегенді айтады. Сондай-ақ ол осы қауымда бастарынан от шығып
тұратын Сармолда әулие (тастемір жарының баласы) мен оның немересі
Атанепестің бейіттері бар деген дерек айтқан. (Жалпы Маңғыстауда қапам
сөзімен аталған басқа да жерлер бар, сондай-ақ басқа бір Сармолда әулиенің
есімі де аталады. Олар бір адам ба, әлде әртүрлі адам ба? – айтушылардың
біліктілігі әр алуан болғандықтан тап баса айтуға мүмкіндік жоқ) 4,83.
Қараша қатын әулие - Бозашы түбегі, Қызан ауылының солт-шығысында 50км
жердегі әулиелі орын. Қараша қатын адайдың кешше руынан, оның Қожағұл
тарауынан шыққан. Осы кісінің ерекше қасиеті жөнінде мынадай әңгіме бар;
Бертінде дүниеден өткен Жаманбай деген кісі бала кезінде Қосшыбек деген
байдың малын баққан екен. Бір күні түнекте жатқанда Жаманбайды қайдағы бір
белгісіз күш көтеріп ала жөнеледі. Шырт ұйқыдан оянып кеткен оның кәлима
қайруға, білетін бір-жар дұғасын оқуға ғана шамасы келеді. Сол кезде алып
бара жатқан белгісіз күш мұны тастап жіберіпті. Сонымен пері соғып, бет-
аузы қисайып кеткен Жаманбай тек Қараша қатын (ол кезде тірі болған)
емінің арқасында ғана сауығып кеткен екен, содан бастап Қараша қатынның да
көріпкел, емсектігі жұртқа жайылыпты. Бүгінде оның басына түнеп, зиярат
ететіндер саны да аз емес 4,88;3,175.
Қоғам әулие - Бозашы түбегі, Қызан ауылының оңтүстік жағындағы әулиелі
орын. Қоғам-ертеде өмір сүрген қасиеті бар адам болған деседі.(Е.Жаманбаев)
8;3,175. Қызан әулие де Бозашы түбегіндегі Қызан ауылының жанында
орналасқан. Басқа мәлімет жоқ.
Құлмағанбет әулие - Тұщықұдық ауылынан Қаражанбас бағытындағы жол
бойында, Сартөбе деп аталған төбедегі қорымда. Түрікпенадай
Құлмағамбеи Малдыбайұлының 20-25 жасынан бастап зікір салып, сарнайтын,
аруақ шақырып емдеу жүргізетін белгілі бақсы, қалпе болады. Оның аруағы
түйе болып елестейтін болса керек. Ол әруақ шақырып сарнағанда Құбыладан
келген боз үлек, мойны ұзын, көзі көк, шөк, шөк жануар деп бастайтын
көрінеді4,89-90.
Әулие Балша Ана-Адай, қосқұлақтың қалпақ руынан Сүлеймен дегеннің қызы,
Есен Оразбайдың әйелі.Бүгінде 360 әулиенің біріне айналған Балша 1787-1860
жылдары шамасында Бозашыда өмір сүрген адам балса керек.
-Есен Кенжебектің айтуы бойынша,-дейтін 80-нің сеңгіріне шыққан Әзірбай
Махамбетов,-Бекет атаның Сүлеймен деген өзі молда, асырап алған баласы
болған.Айтылмыш әңгімеде оның ұлты қалпақ деседі (сірә,қарақалпақ болар).
Оны елінде құдды ишан деп те атайды екен. Асыранды дейсіз бе, өкіл бала
дейсіз бе, сол Сүлеймен ер жетіп, Атаның өзімен тетелес қызымен көңілі
жарасып, Пірдің келісімі мен батасын алып шаңырақ көтерген. Осы шаңырақтың
тұңғыш қыздары Балша, Науша болған. Бұл бұдан 220 жылдай бұрын болып
өткенге ұқсайды. Олай дейтініміз, ел аузында Балша анамыздың: он үш жасар
кезімде нағашым Бекетке шәй өұйып бергенмін, сол кезде ол елуге анық шыққан
кісі еді деп отыратындеген сөз қалған. О заманда Есендер Бозашының
шығысында Үлек, Қызық деген суы мол құдықтарды төңіректеп мекендеген. Балша
ана тұрмысқа шыққаннан кейін біраз жыл бала көтермейді. Содан абысындары
бедеу қатын, қу басдеп бопсалайтын көрінеді. Балша ана іулиеден әулие
қоймай жүріп, бірде жолына қошқар айтып, Қоғам деген әулиеге түнейді. Сонда
түсінде бір қыз, бір ұл сүйесің деп аян берсе керек. Содан бір ұл, бір
қызы болады. Қлының есімін Махамбет қояды.
Туа бітті әулиелігі бар Балша - ана тал бойына қасиет қонарда ауруға
шалдыққан деседі. Содан екі аяғынан кетпеген. Айырылып мешел болып қалған
деседі. Бірақ, әулиелігі-айтқаны келіп, айтқаны тиіп, қарғысы құр кетпеген.
Балша ананың жалғыз ұлы болғанын жағарыда айтылды. Бірде Махамбеттің екі
үйір жылқысы көрші ауылдың құдығынан, құйып қойған астауының суын сарқып
ішіп кетеді. Ауылдың малына құдық суы жетпей қалса керек. Бұған ашуланған
ауылдың ұрда жық жігіттері түзде жүрген жерінен Махамбеттің жылқыларын
айдап кетеді. Енесінен айырылған құлындар желіде шулап қала береді. Енесін
жоқтаған аш құлындарының шырқыраған үніне шыдай алмаған Балша ана мүгедекте
болса жаны ышқына ұмтылғанда төрден табалдырық алдынана бір-ақ шығады. Одан
өзгеге дәрмені келмеген ол: Құдайым-ай, тап осы құлындай шырқырап
қалыңдар-дейді. Жаны күйзеліп таусыла қамығып. Келесі күні құдық аршып
жатқан ауылдың бес жігіті құлаған құдық астында қалып, ауыл шулап қалады.
Сол жалғыз ұлы Махамбет өзінен бұрын қайтқан, өзі қасына жатамын деп бөлек
төбе басына қойдырып, кейін өз өсиетімен өзі де сонда жерленген. Басында
қой тасы, арқатасы, құлпытасы бар. Оң жағында Махамбеттің кемпірі жатыр.
Балшықтан тұрғызылған биік тамы бар. Қазір ол да биік үиінді болып
қалыпты7,179-181.
Бозашы түбегі, Ақшымырау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz